Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

Мақта қалай өседі. Мақтаның көбі Орта Азияда өседі. 

Қазақстан жерінде Сырдария округінде, Ташқазақ ауданын-

да

139


, онан соң Қарақалпақ облысында өседі. Бұл аудандардың 

барлығы да Орта Азияда. Орта Азияда күн жылы, ыстық, 

ұзақ болады. Мақта ыстықты сүйеді. Сондықтан Америкада 


303

мақтаны “күн баласы” деп те атайды. Жаңбырлы, бұлыңғыр 

күндерде мақта өндімейді. Мақтаны еккен күннен бастап, 

күздігүні жиып алғанға шейін жаңбыр болмаса тіпті жақсы 

болады. Мақтаны сентябрь айынан бастап жинауға кіріседі. 

Олай болса, жиыны бес айдай жауынсыз, ашық, жылы күй 

болып тұру керек.

Сондайлық жаңбырсыз, ашық, ұзақ жаз Орта Азияда бо-

лады.

Еккеннен кейін 20 күннен соң әлгі ұрықтар жер жүзіне 



көктеп шыға бастайды. Содан ары өскенінде мақта түп болып 

ұлғая бастайды.

Мақта егіндігін суару қажет. Егілгеннен бастап, мақтаның 

өсуі тоқталғанша 3—5 рет суарылады. Мақтаны суарғанда 

арықтан суарады. Арық суы жалдап үйген топырақтардың 

арасымен жүреді.

Егер тұқым қалай болса солай шашылып тасталған болса, 

арық суы барлық егіндікті басады. Суарудан басқа, топырақты 

шауып  босату  керек.  Мақта  тамырының  айналасындағы 

топырақ бос, күпсек болу қажет. Шапқанда кетпенмен ша-

бады.

Және  мақтаның  арасына  шыққан  арам  шөптерді  жұлу 



керек. Арам шөп шабылмаса, суға ортақ болып, мақтаның 

өсуіне бөгет жасайды. Мақта июнь айынан бастап гүлденеді. 

Сентябрьде  бүрінің  аузы  ашылады.  Содан  кейін  мақтаны 

жинауға кірісу керек.



Мақта  қайда  өседі.  Март  басы  Семей  жақта  әлі  қыс. 

Үскіріп боран соғады. Даланы қалың қар басқан. Бұл кезде 

алыстағы  Өзбекстан  мен  Түрікменстанда  масайраған  жаз. 

Емге қар табылмайды. Жарқыраған жылы, ашық күн, көгерген 

дала, гүлденген ағаш.

Ол жақтарда сегіз ай ыстық болады. Ала жаздай аспанды 

теңгедей бұлт баспайды. Бір тамшы жаңбыр жаумайды десе 

болады.


Мақта үшін, міне, сол керек. Мақта ыстық жерді, құрғақ 

ауаны жақсы көреді.

Мақта март айының аяқ кезінде егіледі. Июньнің басында 

гүлденеді. Әуелі мақта жасыл шөп болып шығады. Артынан 

бүршік пайда болады. Бүршіктер гүл атады. Гүлі алғашқы 


304

күні ақ болады, ертеңіне қызарады. Біраздан соң гүл үгіліп 

түседі, мақтаның жалаңаштанып шоқпар бас көсегі қалады. 

Бұл көсектер — мақтаның жемісі болады. Көсек піскеннен 

кейін жарылады

140


. Ішінен жұмсақ ақ түбіт шығады. Мақта 

деп, міне, соны айтамыз.



Мақтаны суару. Мақтаның өсіп, жетілуі үшін 215 жылы, 

ашық күн керек. Жердің жеткілікті дымқылдығы болу керек. 

Түрікменстан мен Өзбекстанда жылы күн тіпті көп, бірақ су аз. 

Сондықтан бұл жерлерде мақта суару үшін арық жүргізіледі. 

Егін салынған даланың бәрі сала-сала арық болады. Арық 

үлкен өзендерден алынады.



Мақтаны өңдеу. Мақта теріліп біткеннен кейін, оны түйе 

мен арбаға артып заводқа апарады.

Завод  мақтаны  тазалап  шығарады:  ұрығын  бір  бөлек, 

мақтасын бір бөлек ажыратады. Артынан ұрығын жәншіп, 

онан май ағызады (зығыр майы). Жәншуден алған қабығын 

отқа жағады не даланы жаңарту үшін пайдаланады. Мақтасын 

бұл тоқитын фабрикаға жібереді. Ол фабрикада мақтадан ма-

шина үршықпен жіп иіріп, жіптен еңбекшілерге, диқандарға 

керекті бұл тоқылады.

Сұраулар:  Мақтаға  қандай  жағдай  керек?  Мақта  қалай 

өседі? Мақтадан не істеледі?



Жиналған мақта қайда барады. Оспан мақтасын заводқа 

апарып төгіп, көп ақша алып үйіне қайтты. Заводта мақтаны 

ұрықтап  және  басқа  шөп-шардан  аршып  тазалады.  Содан 

соң машинамен басып, үлкен-үлкен тең қылып буып, шойын 

жолға салып, Мәскеудің бұл тоқитын фабрикаларына жібереді. 

Тоқыма фабрикалары мақтадан әр түрлі, әр түсті бұлдар, ма-

талар тоқып шығарады.

Біздің жаз киетін киімдеріміз, ішкі киімдеріміз, барлығы 

да сол тоқыма фабрикаларында мақтадан істеліп шығады.

Орта Азияда жер сілкіну неден болады. Орта Азияда жер 

сілкіну көп болады. Бұның себебі: Орта Азияның таулары әлі 

әбден қалыптанып болмағандықтан. Бұрынғы ескі тауларға 

жаңадан шыққан таулар қосылады. Бұл жердің ішкі кіндігі 



305

салқындағандықтан болады. Жердің ішіндегі қызу бәсеңдеген 

сайын сыртқы қатпарлардың қабаттары өзгереді. Жаңа қабат 

пайда болады. Егер жаңа қабаттар жайлықпен жасалса, онда 

тау жыныстарының қозғалыстары байқалмай жәй болады. 

Бір адамның өмірінде таудың өзгерісі байқалмайды. Бірақ 

бірнеше мың жылдарда, я бірнеше жүз жылдарда жаңа бір 

биік пайда болады.

Бірақ жер ішінің өзгерісі үнемі жәй болып отырмайды. 

Кейде ішкі қызу әлсірегенде жердің қатпарлары шұғылынан 

толқынатыны  болады.  Сондайда  жердің  үстіңгі  қабаты 

дірілдеп қозғалады. Соны біз жер сілкіну дейміз. Осындай 

таудың жасалу ретінен барып болатын жер сілкінуі тектондық 

сілкіну деп аталады

141

. Бұдан басқа екінші түрлі сілкіну бар. 



Оны опырылма сілкіну дейді. Бұл жер астындағы қуыстардың 

төбесі  опырылып  құлаудан  болады.  Төбе  құлағанда  жер 

үстінен барған судың себебінен болады.

Біздің Орта Азияда болатын жер сілкінудің көбі — әуелгі 

түрлі сілкіну.

Ең күшті жер сілкіну 1887 жылы болды. Онда Алматы 

қаласы ойран болды.

1902  жылы  Ферғана  тауындағы  Әндіжан  қаласы  ойран 

болды

142


. Ферғана тауы да Алматы тауы сияқты бір Алатаудың 

сілемі болады. Қырылған адамның шығынына қарағанда, ең 

зор залал келтірген Қаратағ сілкінуі

143


. Бұл 1907 жылы болды. 

Жер сілкінуден күншығыс Бұқарадағы Қаратағ деген қала 

ойран болып, 5 мың адам қаза тапты. Бар ауданда өлген адам 

саны 10 мың болды. Адамнан басқа көп мал да қырылды.



Сұраулар:  Жер  сілкіну  неден  болады?  Орта  Азияда  ең 

күшті сілкінулер қашан, қайда болды?



306

КЕҢЕС  ОДАҒЫ

1-бөлім



ОДАҚТЫҢ  ӨНДІРІСІ,  ОДАҚТЫ  ИНДУСТРИЯЛАУ

Кеңес Одағына қандай республикалар кіреді. Социалдық 

негізіне құрылған Кеңес Республикалар Одағы (СССР) кеңесті 

республикалардың бірінші одақтық съезінде, 1922 жылы де-

кабрь айында құрылды.

Бұл Одаққа кіретін республикалар:

1. РСФСР — социалдық негізіне құрылған Ресейлік Кеңес 

республикалар құрамасы. Кіндік қаласы — Мәскеу. Бұған 

кіретін автономиялы республикалардың бірі — Қазақстан

144

.

2. УССР — социалдық негізіне құрылған Украина Кеңес 



республикасы. Кіндік қаласы — Харьков

145


.

3. БССР — социалдық негізіне құрылған Белорусс Кеңес 

республикасы. Кіндік қаласы — Минск

146


.

4. ЗСФСР — социалдық негізіне құрылған Закавказ респуб-

ликаларының құрамасы. Кіндік қаласы — Тифилис.

5. ӨзССР — социалдық негізіне құрылған Өзбек Кеңес 

республикасы. Кіндік қаласы — Самарқан.

6. ТССР — социалдық негізіне құрылған Түрікмен Кеңес 

республикасы. Кіндік қаласы — Полторацкий (Ашхабад)

147


.

7.  Соңғы  жылда  бұлардың  санына  қосылған  жетінші 

респуб лика — социалдық негізіне құрылған Тәжікстан Кеңес 

республикасы. Кіндік қаласы — Дүйшембі

148

.

Ресейлік  Кеңес  республикалар  құрамасы,  Закавказ 



Кеңес  республикаларының  құрамасы  деудің  себебі  бұл 

республикаларға бірнеше ұқсас республикалар, автономиялы 

облыстар кіреді.


307

Мәскеу.  Мәскеу  РСФСР-дің  астанасы.  Және  СССР-дің 

ша руашылық, саяси тіршілігінің кіндігі.

Мәскеу — 2 миллион халқы бар зор қала. Күніне әлденеше 

поездар мұнда талай мыңдаған адамдарды алып келіп, талай 

мың адамдарды алып кетіп жатады.

Қаланың ішіндегі қозғалыс күндіз-түні бірдей үзілмейді. 

Қаланың  үстінде  аэропландар  ұшып  жүреді.  Көшелерде 

автомобиль, трамвай, автобустар ағылып жатады. Үйлердің 

шатыр-шатырларының төбесінде радио ағаштары шаншылып 

тұрады.  Фабрика,  заводтардың  ұзын  мұржаларынан  түтін 

будақтап шығып жатады.

Мәскеуде сансыз көп мектептер, әжәйіпханалар, театрлар, 

кинолар бар.

Бұнда әкімшілік кеңселерінің ең үлкендері тұрады. СССР-

дің Кіндік Комитеті, Халық Комиссарлар Кеңесі де осында. 

Мәскеуде шет патшалықтардың елшілері де тұрады.

Қаланың дәл ортасында Қызыл майдан деген алаң бар. Сон-

да еңбекшілердің ұлы бастығы — Ленин жолдастың қабыры 

бар. Оны Мавзолей дейді. Мәскеу бүкіл дүние төңкерісінің 

кіндігі.  Жер  үстінің  еңбекшілі  Мәскеуді  барынша  жақсы 

көреді. Байлар өлердей жек көреді.

Кеңес Одағының халық шаруасы. Біздің мемлекетіміз 

барлық жердің алты бөлігінің біріне ие болып отыр.

СССР — негізінде екінші мемлекет деп саналады. Бұның 

егіндігі бүкіл жер жүзіндегі барлық егіндіктің үштен біріне 

барабар.

Бүкіл дүние шаруасы сияқты бізде де аудан-аудан, облыс-

облыс арасында еңбек бөлісу бар.

Өндіріс аудандары мен егінші аудандар арасында зат ай-

ырбасы жасалады.

Өндірістің екі үлкен кіндігі — Мәскеу мен терістік батыс 

аудандары.  Бұлар  қара  топырақты  түстіктен  астық  алады. 

Сібір мен Қазақстаннан май, ет алады. Донбасс пен Оралдан 

тас көмір, темір алады.

Баку ауданынан мұнай, Түркістаннан мақта алады.

Азық-түлік заттарын қала халқы ішіп-жейді. Отын мен 

шикізат фабрикаларға барады. Ол фабрикалар: бұл, темір сай-

мандар, аяқ киім, ауыл шаруа машиналарын жасап шығарады. 


308

Сол жасалған нәрселер СССР-дің барлық егінші аудандарына 

түгел тарайды.

Қазіргі күнде СССР үкіметі мемлекетті машиналандыру 

қамына кірісіп отыр. Мемлекетті электрлендіру жөнінде бұл 

күнде көп табыс бар. Волховстрой, Шатур сияқты үлкен электр 

станциялары салынып болды. Бұл күнде Днепрострой деген 

үлкен станция және салынып жатыр. Соның бәрі мемлекетті 

машиналандырудың қамы.

Кеңес Одағын электрлендіру. Өткен дағдарыс жылда-

рында біздің өндіріс кәсібіміз құлдырап, төмен түсіп кеткен 

еді. Азамат соғысы ауыл шаруашылығын да ойсыратқан еді.

Қазір біраз жылдың ішінде ол кемшіліктерді толықтыра 

бастадық.

Енді мұнан да ілгері басу керек. Өндіріс кәсібі мен ауыл 

шаруашылығын әлденеше рет жоғары көтеруіміз керек.

Бұл  мақсатқа  жеткізетін  бір  күш  бар.  Ол  электр  күші. 

Сондықтан біздің үкімет Кеңес Одағын электрлендіруге аян-

бай кірісіп отыр.

Электр күші бұдан арзан. Өндіріс орындары мен темір жол, 

пароходтарды электр күшімен жүргізсек, бумен жүргізуден 

әлденеше рет арзан түседі.

Электр  күшін  тілесек  қандай  жерде  пайдалануымыз 

мүмкін. Электр күшімен түрлі машиналарды жүргізуге бо-

лады.


Жүк көтеруге болады. Су тартуға болады.

Ауыл  шаруашылығында  электр  күшімен  соқа,  трактор 

жүргізуге, егін оруға, бастыруға, ұшыруға, тасуға болады.

1921 жылы бүкіл Кеңес Одағын электрлендіру жоспары 

жасалған еді.

Ол үшін 10—15 жылдың ішінде 30 үлкен электр станция-

ларын салу керек делінген еді.

Қазір 1929 жылы 13 ірі электр станциясы салынып бітіп, 

іске кірісті. Алдымыздағы бес жылдың ішінде жаңадан тағы 

42 электр станциясы салынып бітпек.

1927 жылы Волхов өзенінде Ленин атына арналған асқан 

күшті бір электр станциясы салынып бітіп, іске кірісті. Бұның 

күші бір миллион 200 мың аттың күшіне барабар келеді.


309

Қазіргі  уақытта  Днепр  өзенінің  бойында  Ленин  электр 

станциясынан әлденеше рет күшті бір электр станциясы салы-

нып жатыр. Мұнан басқа жаңадан салынып жатқан кіші-гірім 

станциялар әлденеше.

Есеп: 1926 жылы электр станцияларын салу үшін 72 мил-

лион сом, 1927 жылы онан екі есе артық сом ұсталды.

1928 жылы 1927 жылдан үш есе артық ұсталды.

1927 жылы, 1928 жылы қанша сом ұсталды?



Ақ  көмір  деген  не?  Ақ  көмірдің  не  екенін  жұрттың 

бәрі біледі. Ол сарқырап аққан өзеннің суы. Бірақ оның ақ 

көмір деп аталатынын бірқатар жұрттың білмеуі мүмкін — 

түсіндірелік:

Тас көмірмен әр түрлі машина жүргізіледі. Міне сол ма-

шиналарды ағынды сумен де жүргізуге болады.

Бұған мысал — жабайы су тиірмен.

Ағып  жатқан  суды  бөгеп,  оны  кемерінен  көтереді. 

Жоғарыдан төмен құлап түскен сумен тиірменнің дөңгелегі 

айналады.

Су неғұрлым жоғарыдан төгілсе, солғұрлым оның күші 

үлкен болады.

Біздің Отанымызда еркімен ағып жатқан өзен көп. Оның 

ағынымен пайдаланған жеріміз аз. Егер пайдалансақ, қандай 

көп, арзан күшке ие болған болар едік.

Біздің Одақтағы судың жалпы күші жылына 170 миллион 

тонна көмірге жауап беруге жарайды. Бұл сан Донбасс кенінен 

шығатын көмірден бес есе артық.

Осынша байлықпен неге біз осы күнге дейін толық пай-

даланбаймыз?

Себебі,  бұлармен  пайдалана  қою  сонша  оңай  емес. 

Кішкентай өзеншені бөгеп, су тиірмен орнату қиын жұмыс 

емес. Бірақ үлкен, ағынды өзенді бегеу оңай соқпайды.

Бірден үлкен өзеннің суын бөгеу қиын болса, екіншіден, 

бөгелген судың зор күшін қайда жұмсау керек?

Осы күнгі техника бұл жұмбақты шешіп отыр. Қазір суы 

бөгелген жерге электр станциясы салынады.

Өзендердің суы электр станциясының машиналарын ай-

налдырады. Машина айналғаннан электр пайда болады.


310

Ол электр түрлі сымдар арқылы жан-жаққа таралады. Со-

нымен фабрикалар, заводтар пайдаланады.

Сондықтан Ленин шаруашылықты көтерудің ең зор құралы 

электр станциялары деп білетін.

Сұраулар: Су тиірмендер қалай құрылады? Электр станция-

лары қалай құрылады? Көмірді үнемдеу үшін, шаруашылықты 

көтеру үшін электр станцияларының қандай маңызы бар?

“Қызыл  путиловшы”.  Ленинград  қаласының  шетінде 

түтін басып қап-қара болған, екі қатар тізілген ұзын үйлер 

бар. Бұлар “Қызыл путиловшы” заводының дүкендері.

“Қызыл путиловшы” заводы әр түрлі машина, трактор, 

отарба, вагон жасайды.

Оның  шойыннан  темір  мен  болат  жасайтын  бөлмесін 

заводтың соғып тұрған жүрегі десе болады. Даладай үлкен 

бір бөлмеде алты пеш бар. Заводтың кішкене отарбасы әлгі 

пештерге темірдің әр түрлі сынығын тасиды.

Асқар таудай зор пештердің әрқайсысы бірден 40 тонна 

шо йын жұтады (бір тонна — 71 пұт).

Заводтың  басқа  бөлмелеріне  (дүкендеріне)  керекті  сом 

темір осы арадан таралады. Ол темірлерден басқа бөлмелерде 

сым, қазан, машинаның әр түрлі бөлік-салақтары жасалады.

Еңбек ері, қызыл ұста Соколов:

—  Қазір,  соғыстан  бұрынғы  уақытқа  қарағанда  екі  есе 

артық сом темір жасайтын болдық. Бұрын 12 сағатта 45-тен 

50-ге дейін сом темір жасаушы едік, қазір 8 сағатта 90-ды, 

кейде 100-ді жасаймыз.

Өніміміз жылдан-жылға артып келеді. Қазір айына 200 

трактор жасап шығарамыз. Диқандар біздің тракторымызды 

мақтап, алғыс айтып хат жазады, — деді.



Сұраулар:  “Қызыл  путиловшы”  заводы  қай  жерде?  Ол 

заводта не нәрселер істеледі? Заводтың қандай жетістіктері 

бар? Заводтың кімге пайдасы бар?

Есеп. 1. “Қызыл путиловшы” заводы 1929 жылы 112 трам-

вай вагонын, 87 темір жол вагонын жасап шығарды.

Барлығы қанша вагон жасап шығарды?


311

Завод 1927 жылы 726 трактор, 1928 жылы 1253 трактор 

шығарды.

Екі жылда қанша трактор шығарды?



“Сельмаш” заводы. Дон өзенінің бойындағы Ростов қала-

сында ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын бір завод 

салынып жатыр. Оны қысқартып “Сельмаш” деп атайды.

“Сельмаш” жер дүниедегі ең ірі, асқар заводтың бірі бо-

лады.

“Сельмаш” заводы Кеңес Одағының ауыл шаруа машина-



лары турасындағы барлық мұқтажын жеткізе алатын болады.

Ол машина істеп шығара бастаса, шет жұрттан машина 

күтіп, қол созып отырмайтын боламыз. Осы күнгі Украинадағы 

17 заводтың істейтін машиналарын “Сельмаштың” бір өзі жа-

сап шығаратын болады.

Заводтың салынуы 45 миллион сомға түседі деп шамала-

нады. 1931 жылы салынып бітпек. Завод жұмысқа біртіндеп 

кіріспек.  1929  жылдан  бастап-ақ  қара  шаруаларға  керекті 

арзан машиналар жасала бастайды.

Завод салынарда жұмыскерлердің де қажеті еске алынбақ. 

Олар үшін айырым ас үй, қызыл бұрыштар, балалар үйлері 

салынбақ.  Заводтың  жанынан  екі  үлкен  қыстақ  салынбақ. 

Онда көпке ортақ асхана мен кір жуатын орындар болмақшы.

Сұраулар: “Сельмаш” заводы не істейді? Оның істеп шы-

ғарған  машиналарын  кім  пайдаланады?  Завод  салынғанда 

жұмыскерлердің мұқтаждары қалай еске алынады?

Жүнді іске жарату. Тоқыма өндірісінде жүннен бұл тоқып 

шығару үлкен орын алады. Жүннен тоқылатын мәуіті, тағы 

сондай бұлдардың көбі қойдың жүнінен істеледі. Қойдың екі 

тұқымы бар. Біреуі — меринос қойы, екіншісі — жәй қойлар.

Меринос қойының жүнінен қымбат бағалы бұлдар істеледі. 

Жәй қойдың жүнінен арзан бағалы бұлдар тоқылады.

Фабрикаға келіп түскен жүн әуелі сорт-сортқа бөлінеді. 

Содан кейін бәрі тегіс жуылып, кірден, шәйірден тазартылады. 

Содан соң жүн әр түрлі машинаға түсіп іс көреді.


312

Жүнді іске жарататын фабрикалардың көпшілігі РСФСР-

де, Мәскеу губерниясында.

Заводта

Қабат-қабат салынған

Бұлың-бұлың, болат үй.

Электр шамы жағылған,

“Түр, жұмысшы, киім ки!”

Деп көдегі гүрілдейд.

Үршықтар ойнап билеп би,

Дөңгелектер дүрілдейд.

Машинада қоңыр күй.

Арыстандай толғанып,

Жалын көкке бойлайды.

Жолбарыстай жонданып,

Темір қоз тербеп толғайды.

Толғатқандай отты пеш,

Салады бебеу, ойбайды.

Қолы-басы күйелеш

Онымен жұмысшы ойнайды.

Қара тұтқыш қаһарман,

Күйелі қара құмандай

Булыға буға қақалған.

Түнжырайд түтін тұмандай.

Қызыл темір қылмаңдап,

Орғиды ол оқ жыландай.

Жұмысшының жылдамдай

Қысқашы қысад қырандай.

Шүрқ-шүрқ еткен шойын шоқ,

Қазанда қайнап бітеді.

Бөренедей темір от

Тербеліп тесікті өтеді.

Сол бөрене ұзарып,

Жіптей ұзақ кетеді.

Машина — шеге шығарып,

Зырылдап зырқ-зырқ етеді.

Осыны көрген қазақтың

Ойын мына ой орады:

“Бәріне де жан-жақтың

Осындай оттар толады.

Тегістік деген ұлы үйге

Осылар шеге соғады.

Күндердің сондай күнінде

Біздің де ел сонда болады”


313

Баспаханада. а) А л ғ а ш қ ы  а д ы м. Петька деген бала 

кітап басуды үйренсем деп көп ойлаушы еді. Бір күні оны 

баспаханаға  шәкірт  қылып  алғанда,  Петьканың  қуанышы 

қойны-қонышына сыймады. Бұны бір ысылған наборщиктің 

қасына әкеп қосты.

Баспа теретін жәй үлкен бөлме екен. Бұның іші толған же-

ке-жеке төрт бұрышты жәшіктер. Оларды касса дейді. Жәшік 

іші бөлек-бөлек көз-көз екен. Әрбір көзінде бір ғана әріптер 

жатады. Біреуінде “а”, екіншісінде “б”, тағы сол сияқтылар. 

Әріптер қорғасыннан істелген.

Петька келе салысымен кітап басуға кірісетін шығармын 

деп ойлап еді.

Олай болмады. Бұны әуелі кассаның жанына әкеліп:

— Сен әуелі көзіңді жұмып тұрып, керекті әріпті тауып 

алатын болып машықтануың керек, — деді

Петька айналасына қарады. Әрбір кассаның жанында бір-

бір наборщик тұр.

Олардың  сол  қолдарында  ұзынша  тақтайшасы  бар.  Оң 

қолымен  кассаға  қарамастан  керек  әріптерін  сыпылдатып 

алып, сол қолындағы тақтайшаларына тізіп жатыр.

Петька бұршақ тергендей екен деп ойлады да, жұмысқа 

кірісті.


Бірақ жұмыс оңай емес екен. Ол қайта-қайта әріптерді 

ша тастыра  берді.  Шатасқан  сайын  ашуланып,  күйіп-пісті. 

Ақырында қатты шаршап, үйіне зорға жетті.

б) Г а з е т т е р   қ а л а й   б а с ы л а д ы. Бір күні Петька бір 

жолдасымен бірге газет бөліміне кірді.

Газеттің беттері терілген екен.

Бірақ  машинаны  жүргізуге  әлі  көп  уақыт  бар  екен. 

Сондықтан екі бала үйге қайтты. “Бүгін түнде не қылсам да 

келіп, машинаның жүргенін көремін” деді Петька.

Айтқанындай түнгі сағат екіде ол қайтадан баспаханаға 

келді. Машинашы машина жанында әр түрлі қам қылып жүр 

екен. Бұл машина тіпті үлкен. Бөлменің жартысына таяуын 

алып тұр. Машинаның ішіне шиыршықтап оралған үлкен бір 

тең қағазды кіргізіп қойыпты.

21–1248


314

— Бұл ротация машинасы. Сағатына 90 мың газет басып 

шығарады, — десті Петькаға.

— Ал, болды, — деп бір уақытта машинашы айғай салды.

— Бастаңдар, — деген бір дауыс тағы бір жерден шықты.

Машинашы өзінің машинасын тағы да анықтап бір қарап

шықты да, содан кейін машинаға электр күшін жіберді.

Үлкен алып сияқты машина:

— Бррррр, — деп дауысын шығарды.

Сол-ақ екен, барлық винт, барлық дөңгелектер, барлық 

біліктер қозғалып іске кірісті.

Бұрын  өлік  сияқты  болып  тұрған  машина  енді  жан 

біткендей болды.

Дүрсілдеп үлкен дөңгелектер айналды. Шиыршықталған 

қағаз жылдам-жылдам тарқатыла бастады.

Машинаның  ішінде  қағаз  би  билегендей.  Бір  кезде 

“ызың”... еткен дауыс шықты да, машинаның ішінен 25 газет 

шығып, жәшіктің ішіне кеп түсті.

“Ызың”, “ызың” етіп қоңырау үні шығады. Әрбір ызыңның 

артынан жаңа газет топ-топ болып жәшікке келіп түседі.

Машина бөлімінде тарс-түрс дырду бар. Сондықтан бұның 

қасындағы адамдар ылғи айғайлап сөйлейді.

Петька бұл жұмысқа таң қалып, ұзақ қарап түрды. Оның 

қиялы алға кетіп, бұл газеттердің сатушы балалар арқылы, 

Шойын  жолдар  арқылы,  талай-талай  адамдардың  қолына 

барып жатқанын көріп тұрғандай болды.

Талай миллион газет Мәскеу көшелеріне, барлық шо-

йын  жолдармен  бар  қалаларға,  ауылдарға  тарап  кетіп 

жатыр.

Барған жерлерінде жұрт газетке анталап, қадалып оқып 



жатыр. Жаңа хабарлар біледі, жанды сөзді естиді. Бір адам 

жазған сөз миллион адамға мәлім болады.

Соның бәрін таратып тұрған осы, мына ғажайып машина. 

Осы тас қабырғаның ішінде тарсылдап тұрған машина.



315


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет