Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата28.12.2016
өлшемі13,26 Mb.
#599
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53

 

2008


2009

2010


2011

2012


Ұйымдар саны (кәсіпорындар), 

бірлік


35

35

34



33

36

Ғылыми-зерттеулер мен 



әзірлемелерді орындаған 

қызметкерлер саны, адам*

1 636

1 692


1 757

1 852


1857

Ғылыми-техникалық қызметтің 

негізгі құралдарының орташа 

жылдық құны, млн теңге

2 524,2 2 808,9 1 492,2

1 624,2


 

4 192,2


Ғылыми-техникалық жұмыстардың 

көлемі, млн теңге

6 309,6 7 749,4 10 524,2 11 992,0 11 217,0

Зерттеулер мен әзірлемелерге 

жұмсалған ішкі шығындар,

млн теңге

2 735,7 4 273,4 5 589,0

5 099,2


2679,3

Ғылыммен  айналысатын  ұйымдар  саны  2012  жылы  36-ға  тең  болды. 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


427

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Бұл  көрсеткіш  соңғы  рет  2006  жылы  болған,  содан  кейін  дағдарыс  жылда-

ры  әртүрлі  себептерге,  соның  ішінде  қаражаттың  жеткіліксіздігінен  болған 

жайттарға байланысты ғылымға көңіл бөлетін кәсіпорындар саны азая бастады. 

Ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны жылдан-

жылға көбейіп келеді, бұл Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық 

жүйесiн  қалыптастыру  және  дамыту  жөнiндегi  2005-2015  жылдарға  арналған 

бағдарламасының жүзеге асуына байланысты деп айтуға болады.

2012 жылы атқарылған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 11 217,0 

млн теңгені құраса, 2011 жылы 11 992,0 млн теңгеге тең. Яғни 2011 жылы зерт-

теулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар 5 099,2 млн теңгені құрап, 

атқарылған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 11 992,0 млн теңге бол-

са, 2012 жылы (2679,3 млн теңге) зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі 

шығындар 2 есе аз болып, атқарылған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 

11 217,0 млн теңгені құрады. Бұл жүзеге асып жатқан инновациялық жүйенің 

аймақтардағы тиімділігін көрсетеді.

Инновациялық  даму  елдiң  ғылыми-техникалық  әлеуетiмен  ажырағысыз 

байланысты. Экономикалық дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында 

ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру 

жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi. 

Ғылыми-техникалық  әлеуеттің  жай-күйi  бiрiншi  кезекте  ғылымды 

қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алын-

ған  нәтижелердiң  тиiмділiгiмен  айқындалады.  Соңғы  жылдары  Қазақстанда 

ғылымды мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi. Төменде 2-кестеде 

ғылымды  жылдар  бойынша  бюджеттiк  қаржыландырудың  деректерi 

келтiрiлген.

2-кесте − Ғылымды бюджеттiк қаржыландыру

2008

2009


2010

2011


2012

Қаржыландыру мөлшері, теңге

33685,9 38 538,0 40 414,5 44513,3 50928,4

Қаражаттың  көп  бөлiгі  (90%-дан  астамы)  ғылыми-технологиялық 

жұмыстарды жүргізуге бағытталған. 

Ғылымның  институционалдық  құрылымында  соңғы  жылдары  бо-

лып  жатқан  қайта  құрулар  ғылыми-зерттеу  институттарының  меншiк 

нысандарындағы  өзгерiстерге  қарамастан  жалпы  алғанда  инновациялық 

дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижеге өндiрiске 

жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге 

әлсiз бағдар сақталып отыр.

Н.К. СОЛТАНГАЗИНА. 2 (66) 2015. Б. 421-432 

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



428

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Бiрқатар  салалық  ұйымдар  өзiндiк  мәртебесi  бойынша  ғылыми  болып 

қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және 

тек шаруашылық құрылымға айналды. 

Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайда-

лану, нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн 

жеткiзу оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие.

Сондықтан аймақтағы ғылыми-техникалық қызметтің дұрыс және оңды 

жұмыс  атқарылуы  үшін,  ең  бірінші,  ғылыммен,  зерттеу  жұмыстарымен  ай-

налысатын  ұйымдардың  саны  мен  сапасын  салыстыру  керек.  Яғни  Шығыс 

Қазақстан облысында ғылыми-зерттеулермен айналысатын ұйымдар саны 2011 

жылы 36 болса, арнайы тәуелсіз орган құрып, сол ұйымдардың ғылыми айна-

лысу сапасы мен өндірістік потенциалын тексеру керек. Егер тексеру барысын-

да нормаларға немесе сол бағдарламаға сай емес, нәтижесіз істермен айналы-

сатын ұйымдардың жабуы туралы мәселе қойылуы жөн болар. Өйткені қазіргі 

таңда аймақтарды дамыту үшін бізге сан емес, сапалық нәтиже керек екендігіне 

жылдар көз жеткізіп отыр.

Жоғарыда айтылып кеткендей, Шығыс Қазақстан облысы инновациялық по-

тенциалы бар аймақтар қатарына жатқызылады. Шығыс Қазақстанның қойнауы 

толы қазына, қазба байлық. Басты байлығы-полиметалл кендері. Қорғасын, мы-

рыш, мыстан кадмий, висмут, алтын, күміс, сынап, селен, теллур, индий, күкірт 

алынады.  Сонымен  бірге  аса  сирек  кездесетін  металдар:  титан,  бериллий,  це-

рий,  ниобий,  самарий,  европий  және  олардың  қосылыстарын  өндірумен  де 

шұғылданады.

Облыс аумағында тас көмір мен қоңыр көмірдің үлкен кен орындары ашы-

лып, оларды қазбалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс материалда-

ры өндірісін дамытуға қажетті шикізаттың бай қоры бар. Гранит, мәрмәр, тағы 

да  басқа  өңдеу  тастары  өндіріледі.  Оған  қоса  минералды  сулар  мен  шипалы 

балшығы тағы бар. Мұнай барлау жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс  Қазақстан  облысы  «Қазақстан  Республикасында  инновациялар-

ды  дамыту  және  технологиялық  жаңғыртуға  жәрдемдесу  жөнiндегi  2010-2014 

жылдарға арналған бағдарламасы», сонымен қатар Қазақстан Республикасының 

инновациялық  бағытқа  арналған  басқа  да  бағдарламалар  мен  жоспарлардың 

жүзеге  асуы  тікелей  осы  аймаққа  байланысты  деп  айтсақ  қате  болмайды. 

Шығыс Қазақстан облысында инновациялық саламен айналысатын, яғни инно-

вациямен  айналысатын  кәсіпорындар,  мекемелер,  стартап  компаниялар,  жеке 

және  заңды  тұлғаларға  бастапқы  тірек,  көмек  ретінде  болатын  инновациялық 

ұйымдар  бар.  Ол  «Технологиялық  реттеу  жөніндегі  ұлттық  агенттігі»  АҚ 

тікелей  қарамағындағы  «Алтай»  Шығыс  Қазақстан  аймақтық  технопаркі 

ЖШС, «Тау-Кен металлургия жабдығы» конструкторлық бюросы АҚ аймақтың 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


429

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

инновациялық  белсенділігін  ынталандыратын  ұйымдар  болып  табылады.  Де-

генмен  Шығыс  Қазақстан  облысы  инновациялық  белсенді  аймақтар  қатарына 

жатса  да,  оның  бұл  салада  шешілмеген  мәселелері  көп.  Мәселен,  аймақтық 

технопарктер инновациялық жобалардың болмауынан немесе аз болуынан осы 

бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырумен емес, қарапайым дәстүрлі өндірістік 

жобаларды  орындаумен  шектеліп  жүр.  Оған  ғылыммен  айналысуға  талпыны-

сы  жоғары  білікті  маман  кадрлардың  тапшылығы,  технопарктерді  дамытуға 

жеке сектор тарапынан жұмсалатын қаражаттың жеткіліксіз деңгейі, венчурлық 

қорлардың  белсенділігінің  төмендігі,  жаңа  технологиялық  әзірлемелер 

нарығының  конъюнктурасы  жайлы  ақпараттың  болмауы,  қызметі  шикізатты 

өңдеуге  бағытталған  технопарктердің  қалыптаспауы,  зерттеушілерге  арнайы 

жасалған лабораториялық бөлімдер мен жабдықтардың болмауы немесе қазіргі 

талаптарға сай келмеуі сияқты мәселелер кері ықпал етуде. Шығыс Қазақстан 

облысының инновацияға деген икемділігін анықтау үшін оның Қазақстандағы 

инновациялық орнын анықтап көру жөн болар. Өйткені Қазақстанның басқа да 

аймақтарының  инновациялық  белсенділігінің  артпау  жөніндегі  себептері  бір-

біріне ұқсас болып келеді. Қазақстан аймақтарының инновациялық белсенділігі 

әр алуан болып отыр, өйткені ол қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек 

ресурстарға  және  оларды  пайдалану  мүмкіндіктеріне  байланысты.  Сондықтан 

аймақтардың инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне бай-

ланысты қалыптасуда және де әртүрлі деңгейді көрсетіп отыр.

1-сурет  −  Қазақстан  Республикасының  облыстары  бойынша  кәсіпорындардың 

инновациялық белсенділік деңгейі, %

6,5 6,4 6

4,9

4,3 4,1


3,6

3

2,7 2,5 2,4 2



1,9 1,9 1,8

1,2


0

1

2



3

4

5



6

7

Н.К. СОЛТАНГАЗИНА. 2 (66) 2015. Б. 421-432 



 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



430

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Төмендегі суреттің мәліметтеріне сүйене отырып, еліміздегі аймақтардың 

инновациялық белсенділіктері бойынша үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1)  төменгі  деңгей,  бұл  топқа  Алматы,  Ақмола,  Маңғыстау,  Қостанай, 

Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы жатады;

2)  орта  деңгей,  бұл  топқа  Атырау,  Қызылорда,  Павлодар,  Ақтөбе  және 

Шығыс Қазақстан облыстары кіреді;

3) жоғары деңгей, бұл топқа Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облы-

стары мен Алматы қаласы енеді.

Қазақстанның  инновациялық  инфрақұрылымы  мен  инновациялық  әлеу-

етінің  қазіргі  жағдайына  жүргізілген  зерттеулер  жасай  отырып,  төмендегі 

жағдайларды атап өтуге болады.

Біріншіден,  ғылыми-зерттеулер  мен  әзірлемелерге  жұмсалатын  шығын-

дардың көлемі әлі де мардымсыз. Қазақстанды инновация әлеміндегі көшбасшы 

мемлекеттердің қатарына кіргізуді қажет деп тапсақ, онда оның деңгейін эконо-

микасы дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу.

Екіншіден,  аймақтардың  ғылыми  белсенділігі  өте  төмен.  Оны  көтеру 

үшін  ғылыми  мақсаттарға  бағытталатын  мемлекеттік  қаражатты  еліміздегі 

аймақтардың ғылыми-инновациялық мүмкіндіктерін ескере отырып бөлу.

Үшіншіден,  ғылыми  мақсатта  пайдаланылатын  негізгі  капиталды 

толықтыруға  немесе  жаңартуға  қажетті  инвестициялардың  көлемін  көбейту 

қажет. Ол үшін ғылыми-зерттеулермен айналысуды тартымды ету және ол үшін 

барлық жеңілдіктер мен ынталандыру тетіктерін енгізу. 

Төртіншіден, Қазақстандағы даму институттарының ғылыми бағыттылы-

ғын арттыруды қолға алу. Ол үшін инновациялық және инвестициялық жобалар-

ды қаржыландыру үрдісіне міндетті ғылыми негіздеулер енгізу.

Бесіншіден, ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру. 

Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар жүйесін кеңейту және әкімшілік 

кедергілерді азайту.

Алтыншыдан,  Қазақстан  өңірлері  индустриялық-инновациялық  және 

ғылыми-технологиялық  даму  үшін  қажет  әртүрлі  бастапқы  шарттарға  ие 

және  ол  шарттар  біркелкі  емес.  Яғни,  еліміздің  барлық  аймақтарынан  бірдей 

индустриялық-инновациялық  даму  нәтижелерін  күту  орынсыз,  сондай-ақ  ол 

өңірлерді  түгелдей  инновациялық  бағытқа  салу  да  дұрыс  емес.  Әйтсе  де,  ҚР 

Үкіметі елдің барлық облыстарына индустриялық-инновациялық даму страте-

гиясын  жүзеге  асырумен  байланысты,  кей  жағдайларда  шынайылығы  жоқ  әрі 

қолға алуға тиімсіз жобаларды жүзеге асыруды міндеттеп отыр.

Жетіншіден, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды индустриялық 

және  инновациялық  деп  бөліп,  тиісінше  оларға  мемлекеттік  қолдау  көрсету 

(салықтық жеңілдіктер беру немесе салықтан босату, төмендетілген пайызбен 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


431

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

несие беру, гранттар тағайындау және т.б.) тетіктерін анықтау. Өйткені елімізде 

қолға алынған жобалар көбіне инновациялық бағыттан гөрі индустриялық бағытқа 

сәйкес  келеді.  Бұл  Қазақстан  мен  оның  өңірлерінің  шынайы  инновациялық 

әлеуеті мен инновациялық белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сегізіншіден, елімізде көрініс тапқан инновацияларды технологиялық және 

үрдістік деп бөліп, тиісінше өңірлерді де технологиялық инновацияларға икемді 

немесе үрдістік инновацияларға икемді деп бөлу. Яғни технологиялық иннова-

циялар  өндірістік  және  тауарлық  сипаты  бар  жаңа  немесе  жетілдірілген  өнім 

түрінде көрініс табады. Ал үрдістік инновациялар мемлекеттің, ынталы топтардың 

қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды жетілдіруімен, қоршаған ортаның тазалығын 

немесе  тиімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  атқаратын  шараларымен  бай-

ланысты. Тиісінше, өндірістік және инновациялық инфрақұрылымы мейлінше 

дамыған  және  ғылыми  әлеуеті  жоғары  өңірлерді  негізінен  технологиялық  ин-

новациялармен  шұғылдануға  жұмылдырып,  елдің  инновациялық  дамуын  сол 

өңірлердің белсенділігімен байланыстыру.

Тоғызыншыдан,  инновацияларды  шикізатты  өңдеу  және  дайын  өнім 

шығару  салаларында  дамытуды  шындап  қолға  алу.  Бұның  себебі  –  Қазақстан 

Республикасының  ұлттық  экономикасын  өркендетудің  басым  бағыттарының 

қатарында тамақ өнеркәсібі, металлургия сынды салалармен қатар құрылыс, ту-

ризм, көлік инфрақұрылымы сияқты салалар да бар. Осы басым бағыттардың өзін 

екіге бөліп, біріншілерінің инновациялық бастамаларына айрықша ынталанды-

рулар мен жеңілдіктер берілуі керек. Онсыз нақты өндірістердің инновациялық 

белсенділіктерін көтеру қиын. Өйткені өнім өндіруші салалар қызмет көрсету 

және  жұмыстар  орындау  салаларына  қарағанда  қашан  да  күрделі,  өндірістік 

циклы  мен  капиталдың  қайтарымы  ұзақ,  бәсекелік  ортасы  тығыз  кәсіпкерлік 

қызмет  түріне  жатады.  Бұларға  қоса,  өндірістік  сфера  бастапқы  капиталды 

көбірек қажетсінетін, әрдайым айналым құралдарының үздіксіздігі мен негізгі 

құралдардың жаңарып отыруын талап ететін шаруашылық түрі болып санала-

ды.

Оныншыдан,  отандық  инновациялық  инфрақұрылым  элементтерінің 



өндірістік  бағыттылығын  арттыру.  Оны  дәстүрлі  өндірісті  қолға  ала  отырып, 

кейіннен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  нәтижесінде  бірте-бірте  бұл 

өндірістік  жүйені  инновациялық  тұрғыдан  дамытуға  болады.  Яғни  технопар-

ктер мен технологиялық бизнес-инкубаторларда орналасатын кәсіпорындардың 

бастапқы қызметінің инновациялық болуы міндетті емес. Бірақ міндетті түрде 

оның  кейінгі  қызметі  инновациялануы  тиіс.  Бұл  қадам  арқылы  қазіргі  кезде 

жұмыссыз тұрған еліміздегі көптеген технопарктер мен технологиялық бизнес-

инкубаторлардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік туады. 

Н.К. СОЛТАНГАЗИНА. 2 (66) 2015. Б. 421-432 

 

 



 

 

                ISSN 1683-1667 



432

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Барлыбаева Н.А. Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: теория, методо-

логия, даму механизмі. − 2007. − 264 б.

2. ҚР «ТРЖҰА» АҚ ресми сайты.

3. www.nurotan.kz

4. Еримбетқызы А. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру

REFERENCES

1. Barlybaeva N.A., Qazaqstannyn ulttyq innovacijalyq zhujesі teorija, metodologija, 

damu mehanizmі. 2007, 264 (in Kaz).

2. QR TRZhUA AQ resmi sajty. (in Kaz).

3. www.nurotan.kz (in Kaz).

4. Erimbetqyzy A., Kasіpkerlіktіn innovacijalyq turlerіn zhetіldіru (in Kaz).

ӘОЖ 33:001.895

Қ.А. ТОБЫҚТИНА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫң ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ТУРИСТІК САЛАНЫң 

МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

Мақалада «Жасыл экономиканың» анықтамасы ұсынылған. Қазақстандағы «жа-

сыл экономиканы» дамытудың негізгі бағыттары мен туристік саланың мәселелеріне 

және даму мүмкіншіліктеріне талдау жасалған.

Түйін сөздер: «жасыл экономика», туризм, инфрақұрылым, жасыл көпір, пайда-

лы қазбалар, инвестор, инвестиция. 

ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ ТУРИСТИЧЕСКОЙ ОТРАСЛИ, 

КАК ЭЛЕМЕНТА «ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКИ»

В этой статье, рассмотрены основные направления развития «зеленой экономи-

ки» в Казахстане, анализ проблем и возможностей для развития индустрии туризма.



Ключевые слова: «зеленая экономика», туризм, инфраструктура, зеленый мост, 

минералы, инвестор, инвестиции. 

PROBLEMS AND PROSPECTS OF DEVELOPMENT OF TOURIST BRANCH, AS 

ELEMENT «GREEN ECONOMy»

In this article, «green» definition of economy. In Kazakhstan «Green» the main direc-

tions of development of economy and the analysis of problems and opportunities for develop-

ment of the industry of tourism. 

Keywords: «green economy», tourism, infrastructure, green bridge, minerals, investor, 

investments.

Туризм  –  мемлекет  жарнамасы.  Қазіргі  таңда  дүниежүзілік  мәнге  ие  бо-

лып  отырған  бұл  сала  тек  көркем  табиғатымен  ғана  шектелмей,  тарих  пен 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


433

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет 

пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің 

туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. 

Себебі әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі 

және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-

түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады.

Қазақстандық туризм саласы толық іске асырылмай отыр, өйткені туристік 

саланың дамуы туристік қызметтегі қазақстандық және шетелдік азаматтардың 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  көліктік-логистикалық  жүйенің  қажетті 

инфрақұрылымын,  оның  ішінде  мемлекеттік  шекарадан  өткізу  пункттерін 

(автомобильдік,  авиациялық,  теміржол)  қайта  жөндеуден  өткізуді  ескере  оты-

рып, кең мүмкіндікті қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті 

туристік кешенді құруға тікелей байланысты. Туристік кешенді құру еліміздің 

экономикасының  дамуына  бюджетке  салықтық  түсім  есебінен  едәуір  үлес 

қосады,  шетелдік  валютаның  құйылуы,  жұмыс  орындары  санының  артуы 

есебінен, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуын және оны тиімді 

пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді.

«Жасыл  экономика»  –  бұл  адамдардың  тұрақты  әл-ауқаты  ортасының 

жақсаруын көздейтін әлемдік экономиканың жаһандық даму үрдісі.

Қазіргі  кезде  қоғам  «жасыл  экономика»  сөзінің  мәнісін  әртүрлі  түсінеді. 

Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. 

Ал кейбіреулері табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа 

технологиялар  ретіндегі  экожүйенің  өзіндік  түрі  деп  есептейді.  Үшіншілері, 

бұл мақсатты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа 

кезеңіне ауысу деп есептейді.  

«Жасыл  экономика»  –  бұл  табиғи  қорларды  тиімді  пайдалану  есебінен 

қоғамның  әл-ауқатын  сақтауға  бағытталған,  сондай-ақ  соңғы  пайдалану 

өнімдерін  өндірістік  циклге  қайтаруды  қамтамасыз  ететін  экономика.  «Жасыл 

экономика»  бірінші  кезекте,  қазіргі  уақытта  сарқылуға  ұшыраған  (пайдалы 

қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресур-

старды тиімді пайдалануға бағытталған.

«Жасыл экономиканың» негізінде таза немесе «жасыл» технологиялар жа-

тыр.  Мамандардың  айтуы  бойынша,  «жасыл  экономиканы»  дамыту,  көптеген 

постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты 

біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен 

кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл экономикаға» ауысу бойынша стра-

тегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жа-

сыл  экономикаға»  ауысу  бойынша  тұжырымдама  әзірленді.  Тұжырымдамада 

бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға 

Қ.А. ТОБЫҚТИНА. 2 (66) 2015. Б. 432-436 

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



434

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.

«Жасыл экономикаға» ауысу аясында:

қорлардың тиімділігі арттырылады;

– 

қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіріледі;



– 

халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады.

– 

Іске асыру үш кезеңде жоспарланады:



бірінші  кезең  –  2013-2020  жж.  –  қорларды  пайдалануды  оңтайландыру 

және  табиғат  пайдалану  қызметінің  тиімділігі  арттыру,  сондай-ақ  «жасыл» 

инфрақұрылымды құру;

екінші кезең – 2020-2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары 

технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

үшінші  кезең  –  2030-2050  жж.  –  олардың  жаңартылуы  жағдайында 

негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші 

өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.



«Жасыл экономиканы» дамытудың жеті негізгі бағыттары 

Бірінші бағыт – жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие 

болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, 

газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде саналады, 

бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек, өмір үшін жаңа ресур-

стар табу қажет. Бұл ретте Қазақстанның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және 

орманға ие болу айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай 

арттырады.

Екінші  бағыт  –  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығындағы  энергия 

тиімділігі.

Қалалық  тұрғын  үй  қорының  маңызды  бөлігі  кеңестік  дәуірден  кейінгі 

уақытта  салынғандықтан,  тұрғын  үй  кешендерінің  көпшілігі  тиімсіз  жылу 

изоляциялық  құрылымдармен  және  жылумен  қамтамасыз  ету  жүйелерімен 

жабдықталған,  ол  маңызды  жылу  шығындарына  алып  келеді.  Қазіргі  уақытта 

Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы 

саласындағы  іс-шараларды  жүзеге  асыратын  энергия  сервистік  компаниялары 

әрекет етеді.

Үшінші  бағыт  –  ауыл  шаруашылығындағы  органикалық  егін 

шаруашылығы.

Бірінші  кезекте  бағыттың  аталмыш  түрі  әртүрлі  азық  қоспаларынан, 

синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. 

Дақылдық  өсімдіктердің  шығымдылығын,  өсуін  қамтамасыз  ету  үшін 

органикалық  тыңайтқыштарды  пайдалану  туралы  сөз  болып  отыр.  Ауыл 

шаруашылығын  «көгалдандыру»  табиғи  қорларға  зиян  келтірместен,  халыққа 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



435

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар 

бойынша әрекет етуді жоспарлайды:

жердің құнарлылығын басқару;

– 

суды тиімді пайдалану;



– 

өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;

– 

фермаларды механикаландыру.



– 

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.

Қалдықтарды  басқару  мәселесі  ерекше  танымалдылыққа  ие  болды.  Лас 

көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын 

жиі кездестіресіз. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндіріс-

тік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы, 

қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу 

технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру.

Су  адамзаттың  өмір  сүруін  және  экожүйелердің  тұтастығын  қамтамасыз 

етудің  шешуші  табиғи  құрылымы  болып  қала  береді.  Осыған  байланысты  су 

қорларын  тиімді  пайдалану  орасан  ауқымға  ие  болатын  мәселе  болып  қала 

береді.

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту.



Қазақстандағы  тасымалдардың  көпшілігі  дизелде/бензинде  жүргізіледі. 

Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге 

асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына 

жағдай жасайды.

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын 

сақтауға бағытталған. «Жасыл экономикаға» ауысу барынша үлкен танымалдық-

қа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл экономи-

ка» бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды 

қамтамасыз етеді:

ішкі жалпы өнімнің өсімі;

– 

елдің табыстарын ұлғайту;



– 

елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс 

– 

орындарын құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет