Түйін сөздер: поэтика, құрылымдық сипат, көркемдік сипат, тілдік талдау.
ОБЩЕСТВЕННЫЕ И ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
385
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
ХУДОЖЕСТВЕННО-ЯЗЫКОВОЕ ОПИСАНИЕ ПОЭМЫ
«КОБЛАНДЫ БАТЫР»
В статье обращено внимание на новую информацию в исследованиях одной из
отраслей устной литературы базирующейся на героических поэмах. А также имеет-
ся художественно-идеологическое описание, уникальная особенность классификация
и героических поэм. Наряду с раскрытием основных особенностей поэтических тек-
стов, были проведены языковые, структурные и художественные анализы сочинений. За
основу взята поэма «Кобланды Батыр»
Ключевые слова: поэтика, структурное описание, языковой анализ, художе-
ственное описание.
ARTISTIC AND LINGUISTIC DESCRIPTION OF THE POEM
«KOByLANDy BATyR»
In the article the attention was paid on the new information in researches of one of the
branches of oral literature based on heroic poems. There are artistic and ideological descrip-
tion, unique features and classification of heroic poems. Along with the opening of the basic
features of heroic texts, linguistic, structural and artistic analysis of compositions were made.
With the poem «Kobylandy batyr» as the basis.
Keywords: poetic, structural description, linguistic analysis, artistic description.
Поэтикалық мәтін (өлең мәтіні) – басқа көркем әдеби шығарманың бірі
ретінде оқушы үшін арналған көркем дүние. Поэтика термині – гректің «poitik
fehne» – «шығармашылық өнер» деген сөздерінен пайда болған. Ол − көркем
шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттану
мен лингвистиканың тоғысындағы ең көне ғылым саласы. Кең мағынасында поэ-
тика әдебиет теориясымен үндесер ұғымды білдірсе, ал нақтылы кең мағынада сол
теориялық поэтиканың бір саласы ретінде қабылданады. Әдебиет теориясының
саласы ұғымдағы − әдебиеттегі тек пен түрдің, ағымдар мен бағыттардың, стиль-
дер мен әдістердің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ көркемдік тұтастықтың
әртүрлі денгейінің ішкі байланыс заңдылықтарын және олардың арақатынасын
зерттейді. Оның өзі мақсатты зерттеу аспектісіне байланысты [1].
Ауыз әдебиетінің бағзы заманнан ескірмей ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отырған күрделі де мол бір саласы − батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы-
жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен
айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты
қаһарман − елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты – халқын, Отанын
басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі
мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы
іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі де
айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, баста-
ушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан
қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында
С.Қ. ОРАЗАЛИН, Г.Т. БАКЕТАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 384-392
ISSN 1683-1667
386
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп
біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. «Алпамыс батыр»,
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» сықылды қазақ батырлар
жырларының мәтіндерінде қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баянда-
лып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы
мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине
батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады. Бір жыр
бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен,
онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында
«әр дәуірден құралған кезеңнен» алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады.
Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да
өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы
жүйелі дамып отырады. Батырлар жыры мәтіндерінің өлеңдік құрылысы көбіне
жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең
өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.
Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген
ғалымдар − В.В. Радлов, И.Е. Березин, Г.Н. Потанин, Ш.Ш. Уәлиханов, Н.И. Иль-
минский, А.Е. Алекторов, Ә.А. Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса
да, қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік
ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жаса-
ды. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үлгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр
нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып,
түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени
мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе
Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.
Қазақ эпосын жан-жақты зерттеу, оны жариялау ісі совет дәуірінде кеңінен
өріс алды. Эпикалық жырлар жөнінде арнайы мақалалар, ғылыми еңбектер
жазылады, батырлар жырының таңдаулы үлгілері жеке кітап болып басыл-
ды. «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», сияқты эпостық
жырлардың белгілі бір жүйеге түсірілген ғылыми басылымдары жарық көрді.
Орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, жекеле-
ген ғылыми еңбектерде, «Қазақ әдебиеті тарихының» 6 кітаптық басылымын да
батырлық жырлар жеке талдауға алынып зерттелді. 1953 жылы Алматыда болған
дискуссияда, 1956 жылы Ташкентте өткен республика аралық конференцияда
эпос мәселесі кеңінен сөз болды. Қазақ ғалымдары С. Сейфуллин, М. Әуезов,
Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин тағы
басқалары зерттеулерінде, сондай-ақ А.С. Орлов, В.М. Жирмунский, Н.С. Смир-
нова, Х.Т. Зарифов сияқты зерттеушілер еңбектерінде де қазақ эпосы жайында
айтылған бағалы пайымдаулар аз емес.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
387
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
«Қазақ эпосы бірнеше ғасырлардан бері жасалып келеді. Оның алғашқы
жасалу тарихы қазақ халқының шығу тарихымен байланысты. Қазақ халқы
ескідегі батыс түрік қағандар (V-VII ғғ.), Қыпшақ, Оғыз рулары (VIII-X ғғ.),
Ақ орда және Ноғайлы ордасының жұртшылығы, өзбек хандарының тайпала-
рына (XIII-XVI ғғ.) кірген рулардан таралады. Қазақ батырлық жырларының
ежелгі ескерткіштері осы тайпалар жөніндегі аңыз әңгімелерге байланысты».
«Қазақ халқы арасына ежелден бері кеңінен таралған және ертерек зерттеліп,
бүкіл дүниеге танылған батырлық жырларынан «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер
Тарғын», «Қамбар батыр» жырларын ерекше атауға болады». Оғыз тайпасына
(VIII-IX ғғ.) кіретін Қыпшақ руының «эпостық дәстүрі Ноғайлы руларының
арасында көбірек тарайды. Осыдан Ноғайлы, Қыпшақ руларына байланысты
қазақ батырлары жырының бірнешеуі шығады. Мысалы, «Қобыланды», «Ер
Тарғын», «Ер Сайын», «Қамбар» т.б. Бұл шығармалардың ең басты кейіпкерлері
де, олардың төңірегіндегілер де Ноғайлы мен Қыпшақ болып келеді».
Эпикалық жырларда қайталаудың жоқтау, монолог түрлері де көп. Жоқтау
жанрында эпитет, әсірелеу, теңеу, символ сияқты бейнелі сөз түрлері ескі
фольклорлық сарында айтылады. Онда мұсылманша жазылған кітап сөздері де
жиі ұшырайды. Діни ұғымдар, бір Аллаға жалбарыну, әулие, пірлерге табыну
шығыс аңыздары арқылы келгені де мәлім.
Қобыланды жырының композициясында монолог, диалогтар көп дедік.
Мұндай жыр тізбектерінде фразеологиялық, мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер де
мол орын алған. Онда ертедегі көшпелі халық тұрмысы еселей қайталанып от-
ырады. Бұл – жырдың әсерлілігін арттыратын элементтер. Эпостағы батырлар
мен басқа да кейіпкерлердің төрт жолды, үш жолды, екі жолды фразалары мына
түрде болып келеді:
Құлақ салып сөзіме
Бері таман кел, − дейді.
Тобылғы меңді торы атың
Жауға мініп шабуға
Жарамайды бұл, − дейді.
Немесе
Асқар төбе белсің, де -
Қатар көшкен елсің де -
Ағамызға сәлем де
Келінін алып келемін -
Көрімдігін берсін де -
Келінін келіп көрсін де.
Мына үзінділерден ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананың алуан түрлерін
көреміз.
С.Қ. ОРАЗАЛИН, Г.Т. БАКЕТАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 384-392
ISSN 1683-1667
388
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Қырық күн ұдай той қылып,
Қобыландыдай батырға
Құртқа сынды сұлудың
Осы жерде қиды некесін...
Тоқсан екі қатындар
Жал менен жая асады.
«Батырға жеңге болдым» деп
Қуанып судай тасады.
Бірін-бірі жұлмалап
Алдынан шашу шашады
Қатарлап қамқа басады.
Немесе:
Алпыс бие сойғызып,
Алты рулы ел шақырды.
Жетпіс бие сойғызып,
Жеті рулы ел шақырды...
Әртүрлі жағдайдағы оқиғаларды баяндауда қайталаулар жиі кездеседі.
Мәселен, Құртқа ару Қобыландының сәтсіздікке ұшырап, Алшағыр қолына
түсіп қалатынын алдын ала болжап сезеді. Осы жағдай кейін нақтылай болғанда
түгелдей қайталанады. Түсте, болған іс те бірінен соң бірі түгелдей қайта жырла-
нып шығады. Мұндай қайталау бір ғана қазақ эпостарында ғана емес, ол барлық
елдердің аңыз, эпостарында бола беретін жыр тәсілі.
«Қобыланды батыр» эпосын тереңірек зерттеген М. Әуезов өзінің зеттеу
еңбегінде қазақтың Қобыланды батыр туралы эпосы, көлемі жағынан, мазмұны,
қамтитын мезгілі жағынан орыстың «былинасына» жақындау. Бұл жыр көбінесе
жеті, сегіз өлең жолдарынан тұрады. «Тирада» сияқты онда төрттен он төрт жолға
дейін созылатын жолдар да жоқ емес. Бұл өлең жолдарының барлығы ондағы
логикалық ойдың сыйымдылығына байланысты. Тирада ішінде ұйқастар бір
орыннан табыла бермейді. Бірақ оның есесіне қайталау мен аллитерациядағы
және ассонанстағы әуезділік ұйқастан кем түспейді. Қазақ эпостарындағы өлең
техникасының өзіндік ерекшеліктері бар. Соңғы сөздерінің түгелдей немесе ара-
лас шалыс ұйқасуы, аллитерациясы, эпитеттері, теңеулері, метафоралары бәр-
бәрінің өзіндік заңдары үйлесімі бар. Онсыз эпоста көрік, көркемдік болмайты-
нын айтқан еді [2].
Өлең техникасының ерекшеліктерін сөз еткенде «Қобыланды батыр» жыры
айрықша орынға ие болады.
Жырау кейде басты кейіпкерінің диалогын не монологын баяндарда:
«Қобыланды сонда сөйледі, сөйлегенде бүй деді», − деп оның айтайын дегенін әрі
қарай өзі баяндап кетеді. Ал кейде жыршы «дейді», «деп», «деді» деген етістік
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
389
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
арқылы:
Бурылыңа мін, − дейді,
Қарыңа найза іл, − дейді,
Кешегі жатқан жылқыға
Тағы да барып ти, − дейді.
Тарлан қашар жылқыдан
Қумай-ақ қой сен, − дейді, −
деген үлгіде береді.
Осы «дейді» етістігі жыршы тілімен ғана емес, кейіпкерлер атынан да ай-
тылып, жақсы ұйқас құрайтынын байқаймыз.
Мысалы:
Атаңды сұрасам, кім деймін?
Анаңды сұрасам, кім деймін?
Батыр Қазан, мен – деймін,
Шын сөзіңмен кел – деймін.
Қазан батырдың осы диалогындағы ішкі сөз қайталауы, аллитерация,
ұйқастардың үлгісі өте қызықты.
Монолог, диалогтарда дәстүрлі қайталаулармен қатар, ұйқастардың өздері
әр алуан болып бірде лепті, енді бірде сұраулы сөйлемдер арқылы беріледі.
Мұның қай-қайсысы болса да кейіпкердің ойы, психологиялық жай-күйімен
тікелей байланысты. Мысалы, Қобыландының Құртқаға айтқан:
Бұлғай да, бұлғай, бұлғай ма?
Бұлғайдың түбі тынғай ма?
Өтірік айтқан оңғай ма?
Түлкі жиған тоңғай ма?
Бұл ақылың қыз Құртқа,
Патшаға бітсе болмай ма? −
деген диалогындағы ойдың ішкі болмысымен ұйқастардың жымдасып келуі
сәтті-ақ.
Ел иесіз дедің бе?
Жер иесіз дедің бе?
Мал иесіз дедің бе?
Жан иесіз дедің бе? −
деген шумақ та өте қызықты. «Иесіз дедің бе?» деген сұраулы сөздер бірыңғай
қайталанып, жол басындағы «ел», «жер», «мал» деген сөздер ұйқасып отырады.
Тұтас алғанда, өлең сөздің техникасын толық меңгергенге бұл да жақсы мысал.
Отарда жатқан жылқының
Отарын бұзған кім едің?
С.Қ. ОРАЗАЛИН, Г.Т. БАКЕТАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 384-392
ISSN 1683-1667
390
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Өрісте жатқан жылқының
Өрісін бұзған кім едің?
Тыныш жатқан жылқыма
Оқ тас атқан кім едің?
Көк орайлы шалғынға
Оқ тастатқан кім едің?
Міне, бұл да жоғарыдағы шумаққа жақын келеді. Сөйтсе де мұнда кейбір
өзгешеліктер де бар. «Отарда», «өрісте» деген сөздер қайталанады. Осы
шумақтардағы ұйқастар, сөз қайталаулары, сұраулы сөйлемдер Көбікті батырдың
ерлігін, өжет-өрлігін танытса, өлеңнің техникалық сипаттары да әрі құбылып,
жырдың жалпы болмысын байытып, әрлендіріп тұрады.
Екінші бір мысал:
Қылышпенен өлтірсем,
Қиқаладың дерсің сен.
Найзаменен өлтірсем,
Миқаладың дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем,
Қапыл қалдым дерсің сен
Мылтықпенен өлтірсем.
Жазым қалдым дерсің сен.
Осы шумақтағы ұйқастардың қайталануы жалпы өлең болмысы үлкен
шеберлікті танытатын айрықша құбылыстардың бірі «өлтірсем», «дерсің сен» де-
ген сөздер бір-бірімен іштей сайысқа түскендей кезектесіп отырса, «қиқаладың»,
«миқаладың» деген сөздер жол басында ұйқасады. «Қапыл қалдым», «жазым
қалдым» деген сөздер де мағыналық жағынан ғана емес, дыбыстық үндестік
жағынан да жақындық тауып, ұйқасып тұр.
Келуімен Біршымбай
Бөтен сөзге қарамай,
Қобландыны бір шаншып,
Қарлығаны бір шаншып,
Қараманды бір шаншып,
Ер Орақты бір шаншып,
Көк ала атпен Біршымбай
Сыдыртып өтіп жөнелді.
Және айналып толғанып,
Найза және қолға алып,
Ер Орақты бір шаншып,
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
391
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Қараманды бір шаншып,
Қарлығаны бір шаншып,
Қобыландыны бір шаншып
Сыпыртып өтіп жөнелді.
Бұл да қазақ эпостарында кездесе бермейтін, өзінше қызықты, тапқыр
көркем шумақ. Негізгі көңіл аударарлық жай, мұнда өлеңнің ұйқасы ғана емес,
Біршымбай қимылының көрінісі де өте әсерлі берілген. Бері қарай келе жатқан
Біршымбай Қобыланды, Қарлыға, Қараман, Ер Орақты бірінен кейін бірін
түйресе, қайрыла соққанда, сол батырлардың қатары бұзылмайды: енді екінші
жағынан, яғни Ер Орақтан бастап Қобыландымен аяқтайды.
«Қобыланды батыр» жырының көркемдік сипатын сөз еткенде оның бей-
нелеу − өрнек, нақыштарын да айрықша бағалауға тиістіміз. Жырды тудырған
халықтың образдық ойлау сипаты ұлттық негізге берік сүйенген.
Метафора, теңеу, эпитет т.б. барлығы да халық тұрмысынан алынып,
ұтымды, тапқыр түрінде берілгенін байқаймыз. Батыр ылғи да арыстан, жол-
барыс, бөрі сияқты қарулы, орасан күш иесі аңдармен салыстырылып, теңеліп
отырады. Батырдың ерлік көрсетер кезінде жыршы: «Арыстан туған Қобылан»,
− дейді. Кей кездерде Қобыланды «Шеріге» теңеледі, «шері» парсы тілінде − ол
да арыстан.
Ал Қобыландының ерлігін емес, серілігін бейнелеген тұстарда жыршы
оған «төре», «сұлтан», «сұңқар» деген эпитеттер берсе, ата-анасы оны «қалқам»,
«қозым», «құлыным», «ботам» дейді [3].
Мысалы, Қобыланды Тайбурылға:
Жылқыда тұлпар сен едің,
Жігітте сұңқар мен едім, −
десе, баласын сағынған ата-ананың көңіл күйін:
Уа! Қозым, деп зарлаған,
Жас қозыдай маңыраған,
Саулы інгендей аңыраған, −
деп бейнелейді. Кейіпкерлердің жасы, от басындағы орнына қарай кейіпкерлері:
бота, құлын, бұзау, қошқар, бура сияқты көшпелі халық ұғымына жақын, жылы,
халықтың мал төлдерімен теңеп, салыстырып отырады.
Жырдағы символика, әсірелеулер ертедегі көшпелі рулардың табиғатқа,
өмірге көзқарасынан туған. Мәселен, жіңішкелікті ырғайға («мойны ырғайдай»),
мықтылықты қайыңға («қайың садақ қолында»), батылдықты арыстан,
жолбарысқа («арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты»), жүйріктікті
құланға («жүйріктігі құландай»), қырағылықты қырғиға («қиядан шолған
қырғидай»), жұмсақтықты саз балшыққа («саз балшықтай иленген»), көтерілген
шаңды шапқан аттың жүйріктігіне («арт жағынан шаң шықты»), сылдырап
С.Қ. ОРАЗАЛИН, Г.Т. БАКЕТАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 384-392
ISSN 1683-1667
392
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
аққан бұлақты сықылықтап күлгенге теңеу. Түркі халық тұрмысынан шыққан
теңеу, символикалар да мол. Сұлу қызды – талдырмаш деу; сұлу қалындықты –
тоты құсқа; берекелі, бай елді – Қараспанға, Жиделі Байсынға теңеушілік бұған
дәлел.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Оразалин С. Поэтикалық мәтіндердің құрылымдық сипаты: монография /
С. Оразалин. – Өскемен, 2012. – Б. 15.
2. Әуезов м.о. Шығармалар / м.о. Әуезов. – Алматы, 1969. ІІ том. – Б. 87.
3. Қазақ фольклорының поэтикасы / құраст. Р. Бердібай. –Алматы, 2001. – Б. 112.
REFERENCES
1. Orazalin S., Poyetikalyk matinderdin kurylymdyk sipaty. Monografia. Oskemen, 2012,
15 (in Kaz).
2. Auezov M.O., Shygarmalar. Аlmaty, 1969. ІІ tom. 87 (in Kaz).
3. Kazak folklorynyn poyetikasy. Аlmaty, 2001, 112 (in Kaz).
ӘОЖ 338.2
З.Ж. РАМАЗАНОВ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫң ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мақалада инновация түсінігіне ғалымдардың көзқарасының салыстырмалы
теориялық талдауы жасалынған. Инновациялардың қолдану аясын анықтайтын белгілері
бойынша жіктемесі берілген. Инновация түсінігінің авторлық анықтамасы берілген.
Түйін сөздер: инновация, аймақ, капитал, тиімділік, экономика, технология.
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ИННОВАЦИОННОГО РАЗВИТИЯ
В статье рассмотрены теоретические основы инновационного развития. Сделан
теоретический анализ эволюции взглядов ученых экономистов. Рассмотрена классифи-
кация инноваций по признакам, определяющим область их применения. Дана авторская
трактовка понятия инноваций.
Ключевые слова: инновация, регион, капитал, эффективность, экономика, техноло-
гия.
THEORETICAL BASES OF INNOVATIVE DEVELOPMENT
In article theoretical basics of innovative development are covered. The theoretical analysis
of evolution of views of scientific economists is made. Classification of innovations by signs, their
applications defining area is considered. The author's interpretation of concept of innovations is
given.
Keywords: innovation, region, capital, efficiency, economy, technology.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
393
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
«Инновация» термині латынның «іnnovate» деген сөзінен бастау алады,
негізгі мағынасы жаңарту және жақсарту дегенді білдіреді. Бұл мағына алғаш
рет батыс мәдениеттанушыларының зерттеулерінде көрініс табады және бір
мәдениеттің элементтерінің екіншісіне енгізілуі деп түсіндіріледі [1].
Ал инновацияның бастапқы зерттелуі және қолданылуы ХХ ғасырдың ба-
сында көрініс тапты. Инновацияны экономикалық категория ретінде қарастырған
ғалым И.А. Шумпетер болатын. Ол өзінің «Экономикалық даму теориясы»
атты еңбегінде жаңашылдық экономикалық жүйені алға сүйреуші, оның бір
жағдайдан екінші жағдайға өтуіне ықпал етуші деп қарастырады. И. Шумпетер
инновацияның негізгі бес себебін атап көрсетеді: жаңа шикізат көздерін пай-
далану; жаңа техниканы, технологиялық үрдістерді немесе нарықтың жаңа та-
лаптарын пайдалану; өндіріс пен оның материалдық-техникалық қамсыздануын
ұйымдастырудағы өзгерістер; жаңа сипаттағы өнімдерді енгізу; жаңа өткізу
нарықтарының пайда болуы [1].
Кейіннен, инновацияның сипаты мен пайда болу себептерін зерттеуші
ғалымдар бұл тұрғыда көптеген еңбектер жазып, ғылыми зерттеулер жасады.
Мәселен, Т. Кун инновациялардың пайда болу себептеріне кәсіпкерлік ортаны
жатқызса, К. Маркс еңбек жағдайының сапасының артуы деп түсіндіреді, В. Рю-
гемер интеллектуалдық еңбекті пайдаланудың жоғары деңгейі десе, Б. Твисс,
В.Г. Медынский, Ю. Яковец нарықтың қажеттілігінен деп топшылайды, М. Пор-
тер бәсекенің жандануын көрсетсе, Г. Менш, С. Фрмен, А. Глубер экономикалық
ауытқулардың кезектілігі дегенді айтады, ал П. Друкер өндіріс пен тұтыну
құрылымындағы өзгерістерді негізгі себептер ретінде келтіреді [2].
Инновацияның экономикалық мағынасын зерттеуші ғалым Б. Сантоның
пікірінше, инновация – жаңа сипаттағы өнімдердің, технологиялардың келуіне,
ал егер инновация экономикалық тиімділікке немесе пайдаға бағытталса, онда
үстеме табысқа жеткізетін қоғамдық технико-экономикалық үрдіс [3].
Н.Н. Молчановтың пайымдауынша инновация ғылыми еңбектің нәтижесі
бола отырып, қоғамдық тәжірибені жетілдіруге бағытталады және дәл осы
қоғамдық өндірісте көрініс табады [4].
Американдық экономист Б. Твисс инновацияны «интеллектуалдық тау-
ар: жаңалық, ақпарат, ноу-хау немесе идея, экономикалық мазмұнға ие болатын
үрдіс» деп анықтайды [5].
Батыстың бірқатар ғалымдары «инновация – қарастырылып отырған
қоғамда белгілі бір деңгейде қолдау тапқан кез келген жаңалық» деген ой
білдіреді.
П.Н. Завлин «өндірістік қызмет үрдістерін, ғылым, мәдениет, білім беру
және қоғамның басқа да салаларында экономикалық, құқықтық және әлеуметтік
З.Ж. РАМАЗАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 392-399
ISSN 1683-1667
394
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қатынастарды жетілдіруге бағытталған ғылыми ізденістер мен дайындамалардың
нәтижелерін пайдалануды» инновация деп түсіндіреді [6].
Ресейлік бір топ ғалымдар инновацияға төмендегідей өз анықтамаларын
берген. Мәселен, С.Д. Ильенкова инновацияны «капиталды жаңа техни-
ка мен технологияға, өндірісті, еңбекті, қызмет көрсетуді және басқаруды
ұйымдастырудың жаңа әдістеріне, бақылаудың, есептеудің, жоспарлаудың,
талдаудың жаңа түрлері мен әдістеріне салу нәтижесінде алынған материалданған
нәтиже» деп түйіндесе, А.И. Николаев «пайдалану аясына байланыссыз
жүзеге асырылған жаңалық», «жан-жақты жаңалықтар негізінде әлеуметтік,
экономикалық, біліми, басқарушылық және басқа да салалардың дамуының сәтті
синонимі» деген пікір айтады, ал В.Г. Медынский «жаңалықтарды тәжірибеде
пайдалану нәтижесінде сипаты жақсарған тауарлар мен қызметтердің пайда бо-
луына алып келетін қоғамдық, техникалық, экономикалық үрдісті» инновация
деп анықтайды [7].
Жаңалықтың барлық уақытта инновацияға айнала беруі мүмкін емес.
Өйткені инновация – ол тәжірибеде көрініс тапқан нәтиже. Бұл орайда
И.Т. Балабановтың пікірін келтіре кеткен жөн. Оның пікірінше «жаңалық іргелі
ғылымдардың қызмет нәтижесінде пайда болады, ал инновациялар қолданбалы
немесе технологиялық сипатта орын алады; жаңалықты бір ғана ізденуші табуы
мүмкін, ал инновация топпен арнайы лабораторияларда, зертханаларда, ғылыми
орталықтарда инновациялық жоба ретінде дайындалады; жаңалық әрдайым пай-
да табуды көздей бермейді, ал инновация жаңа өнім ретінде, жаңа технология не-
месе техника, әлде өндірістегі еңбекті ұйымдастыру және басқа да экономикалық
қатынастар ретінде ылғи да пайда табуға бағытталады; жаңалық тосыннан пайда
болуы мүмкін, ал инновация терең ізденістің нәтижесінде қалыптасады және ар-
найы технико-экономикалық негіздеуді қажет етеді» [8].
«Қазіргі заманғы экономикалық сөздікте» инновация – техника, тех-
нология, еңбекті ұйымдастыру мен басқару аясында ғылым мен алдыңғы
қатарлы тәжірибеге негізделген жаңалықтар, сондай-ақ осы жаңалықтардың
әртүрлі тәжірибелік қызмет аясында және салаларында пайдаланылуы деп
түсіндіріледі.
Елімізде инновацияның мазмұнына қатысты экономикалық тұрғыда
анықтама берген ғалымдар бар. Атап айтқанда, Е.З. Сулейменов пен Н.В. Ва-
сильева: «Инновациялар – еңбекті ұйымдастыру мен экономиканы басқаруды
жақсарту және басқа да іс-әрекеттер нәтижесінде жаңа немесе жетілдірілген
бұйым, технология, құрал-жабдық, материал, энергия көздері ретінде көрініс та-
бады», – деп пайымдаса [8], Ф.М. Днишев инновацияның мағынасын «адамзат
ақыл-ойының жетістіктерін (жаңа идеяларды, жаңалықтарды, дайындамалар-
ды және т.б.) қандай да бір салада тиімділікке жету үшін пайдаланады, яғни:
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
395
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
жаңа еңбек құралдарын немесе өнімдерін дайындауда, тиімді технологияларды,
энергия көздерін пайдалануда, жаңа қару-жарақты дайындау мен одан қорғану
әдістерін ойлап табуда, еңбекті ұйымдастыру әдістерін жақсартуда, халықаралық
байланыстарды жетілдіруде, сауда, қаржы жүйелерін жақсартуда және т.б.
жағдайларда. Адамзат ақыл-ойынан туындаған жаңалықтар осы адамзаттың тау-
сылмас қажеттіліктері мен алуан түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға
бағытталып отырады» [9].
Инновация мен инновациялық инфрақұрылым төңірегінде біршама
ғылыми-зерттеу жасаған отандық ғалым С.В. Могильныйдың бұл тұрғыда өзін-
дік пікірі бар. Ол, ең алдымен, инновацияны – қандай да бір салада пайдалануына
байланыссыз ғылымның, техника мен шығармашыл жетістіктерінің тәжірибеде
қолданылуы арқылы көрініс тапқан интеллектуалдық қызметтің соңғы нәтижесі
деп түсінеді. Бұл нәтиже жаңа немесе жетілдірілген өнім, қызмет, үрдіс, белгілі
бір құбылыс, бұрын енгізілмеген тәсіл немесе басқа да сипатта болуы мүмкін.
Екіншіден, инновация ерекше тауар түрі болып табылады. Ол нарықта
әртүрлі қызмет аясына енгізілу арқылы өткізіледі. Бұл жерден шығатын ұғым,
инновацияға нарықтық ортаның негізгі заңдары қолданылады, яғни бағасы,
сапалық және тұтынушылық белгілері болады, тауар сипатында сұраныс пен
ұсыныс қалыптасады, бәсекеге түседі. Алайда бұл жердегі бір ерекшелік,
инновация тауарлық сипатқа тек салыстырмалы түрде басқа тауарлардан,
қызметтерден, өнімдерден артықшылығы болғанда, идеяның нәтиже алып
келетіні дәлелденгенде, оның қолданылу аясы нақтыланғанда ғана ие болады.
Инновацияның тауарлық сипаты патент, техниканың, технологияның жаңа түрі,
өнім немесе басқа да түрде болуы мүмкін.
Үшіншіден, инновация – бұл әлеуметтік құбылыс, яғни қандай да бір
қоғамның жаңалықтарға, қалыптасқан дәстүрлерді өзгертуге, бір кезеңнен
екіншісіне өтуін анықтайды. Басқаша айтқанда, инновация мәдениеттің
бөлшегі ретінде танылады, сондықтан да жаңалықтарға деген құлшынысты тек
экономикалық тұрғыда ынталандырып қана қоймай, оны тәрбиелеп отыру керек.
Мұның мысалы ретінде Азияның бірқатар елдерін келтіруге болады (Жапония,
Оңтүстік Корея, Сингапур және т.б.), оларда жаңалықтар ұлттық мәдениеттің
құраушы бөлігі ретінде қалыптасып, білім басты ресурсқа айналған. Аталған
мемлекеттердің басымдығы білімге, білікті еңбекке және алдыңғы қатарлы
технологияларға беріледі. Бұл құбылысқа қарама-қарсы жағдай Африка мен
Латын Америкасының бірқатар елдерінде байқалады, олар қазба байлықтарды
өндіру мен ауыл шаруашылығына иек артып, қалыптасқан дәстүр бойынша
шаруашылық жүргізуге ынталы.
ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында
инновацияның мағынасы кеңірек сипатталады. Заңға сәйкес «инновация –
З.Ж. РАМАЗАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 392-399
ISSN 1683-1667
396
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
өндiрiстiң және қоғамды басқарудың түрлi салаларына енгiзiлуi экономикалық
тұрғыдан тиiмдi және (немесе) әлеуметтiк, экологиялық тұрғыдан маңызды бо-
лып табылатын, зияткерлiк меншiк объектiсi болып табылатын ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi» деп түсіндіріледі.
Ғылыми жұмыс авторы инновацияның мағынасы туралы ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметті пайдалана отырып, бәсекелік ортада кәсіпкердің
табыс табуымен байланысты жаңа немесе жетілдірілген өнім шығарып, қызмет
көрсетіп, жұмыс орындауын, мемлекеттің немесе ынталы топтардың қоғамдық,
әлеуметтік қатынастарды жетілдіру, қоршаған ортаның тазалығын немесе
тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқаратын маңыздылығы жоғары және
ұтымды шараларын атқаруын жатқызуға болады деген пікірді ұстанады. Яғни
зияткерлік меншік объектісі нәтижеге айналған кезде ғана ол инновация бола-
ды.
Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялар негізгі төрт категорияға
бөлінеді:
базистік инновациялар – нарықта бұрын болмаған өнімдердің, қыз-
–
меттердің, жұмыстардың пайда болуына мүмкіндік береді;
жақсартылған инновациялар – нарықта бар тауарлардың, қызметтердің,
–
жұмыстардың параметрлерін жетілдіруге бағытталған;
кешенді инновациялар – әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен жетістіктер-
–
ді жинақтай отырып, әртүрлі салалар мен өндірістердің мүмкіндіктерін бірге
пайдалануға ықпал етеді (мәселен, ұялы телефондарды сөйлесу құралынан
басқа фотоаппарат, радио, есептегіш құрал, плеер және басқа да мақсаттарда
пайдалануға болады);
радикалды инновациялар – жаңа ғылыми идеялар мен ізденістерге
–
негізделеді, жаңа салалар мен бағыттардың қалыптасуына алып келеді
(ғылымдағы жаңа бағыттар – гендік инженерия, биотехнология, нанотехноло-
гия, жәндіктерді клондау және т.б.).
Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып
саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар
мен кешенді инновацияларға көбірек мән береді. Ал радикалды инновациялар
терең ғылыми-зерттеулерді қажет етеді және ол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді,
сонымен қатар бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханалардың, тәжірибелік,
өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір
нәтижеге жетуі мүмкін.
Инновациялар пайдалану аясына байланысты келесідей жіктеледі:
– ғылыми инновациялар – жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе
қандай да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар – ұйымда бұрыннан
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
397
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
қалыптасқан басқару әдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формала-
рын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;
– әлеуметтік инновациялар – әртүрлі әлеуметтік топтарда қарым-қатынасты
өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа әдістері мен
тәсілдерін қолданумен және осы бағыттағы басқа да іс-әрекеттерді жақсартумен
байланысты;
– технологиялық (өндірістік) – ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріс
пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны,
технологиялық әдістер мен тәсілдерді өзгертуге және жаңартуға бағытталады.
Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа,
жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен
инновациялық үрдіске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дай-
ындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;
– экологиялық – қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды
қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін
инновациялық үрдістерді қамтиды;
– саяси – мемлекеттің әлеуметтік, халықаралық, сыртқы, ішкі бағыттағы
іс-әрекеттерін жетілдірумен және оның халық үшін тиімділігін көтерумен бай-
ланысты;
– мемлекеттік-құқықтық – жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық
құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тәсілдері, әділетті сот жүйесі түрінде
көрініс табады;
– рухани саладағы инновациялар – білімде, мәдениетте, ғылымда жаңа
жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.
Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей жіктейді:
– жаһандық – бірнеше мемлекеттерде немесе әлем деңгейінде өзгерістердің
пайда болуына алып келетін инновациялар;
– ұлттық – бір мемлекет деңгейінде қолданысқа енгізілген, тиімділігі
негізделген жаңа жүйелер, үрдіс, құбылыс және т.б. инновациялар;
– аймақтық – белгілі бір аймақтың ерекшелігіне байланысты маңыздылығы
бар инновациялар;
– нақты – қандай да бір кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде қолданылатын
инновациялар.
Біздің ойымызша, инновацияларды белгілі бір деңгеймен байланыстырып,
оның ауқымын шектеп қоюға болмайды. Өйткені инновацияның тиімділігі кез
келген субъект немесе қоғам үшін дәлелденгенде, оны пайдаланушылар тобы
бірден кеңейеді. Әлемдік ортаның қазіргі байланысы, ақпараттық кеңістіктің
кеңеюі, мүдделі топтардың тарату аумағын ұлғайтуға деген ұмтылысы
инновациялардың жандануына себеп болады.
З.Ж. РАМАЗАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 392-399
ISSN 1683-1667
398
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Ең алдымен, ол экономикалық орта. Өнім өндірушілердің, қызмет
көрсетушілердің, жұмыс орындаушылардың табатын пайдаларын өсіруге
мүдделілігі. Бәсекелі нарықтың талабы да өндірушілерге неғұрлым тиімді түрде
қызмет етуін жүктейді.
Екіншіден, қоғамдағы қарама-қайшылықтар. Мәселен, белгілі бір топтың,
ұйымның қалыптасқан дәстүр мен құндылықтарға, ережелер мен тәртіптерге
қанағаттанбай немесе мойындамай, оны өзгертуге талпынысы. Бұл топ өзінше
жаңа құндылықтар мен тәртіптерді қалыптастырып, оған қалған көпшілікті
тартуға ынталанады.
Үшіншіден, табиғи ресурстардың азаюы. Бұл – тауарлық, өндірістік
инновациялардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі себеп. Бұл жерде дәстүрлі
өндірушілердің, яғни табиғи ресурстарға иелік етуші топтардың басқа мүдделі
топтарға осы бағытта жұмыс істеулерін шектеуі, олардың жаңа әдістер мен
тәсілдерді пайдалана отырып, дәстүрлі немесе табиғи өнімдерді алмастырғыш
тауарларды дайындауларына түрткі болады.
Төртіншіден, әлеуметтік орта немесе қоғамдық сана. Көп жағдайда бұл
орта инновацияларды жасаушыларға өздерінің талаптарын жүктейді. Яғни
олардың қалыптасқан көзқарастары, жаңалықтарды қабылдау деңгейі, білімі мен
мәдениеті осы деңгейге сай өнімдер мен қызметтердің пайда болуын қажетсінеді.
Сонымен қатар еңбек ету мәнері, біліктілік деңгейлері де инновацияларды бірден
қабылдауды немесе біртіндеп енгізілуді анықтап отырады.
Бесіншіден, алпауыттардың ойыны. Бұл жерде алпауыттар қатарына
нарықтағы ірі өнім, қызмет шығарушы компаниялар мен монополистерді
жатқызуға болады.
Олар, керісінше, нарыққа өздерінің талаптары мен ережелерін енгізеді.
Яғни дайындаған өнім мен қызметтерін кең көлемді жарнама, шаралар, ойындар
өткізу арқылы, қажет болса мемлекеттің ресурстарын қолдану арқылы нарыққа
өткізеді. Тұтынушылар өздерінің қажеттіліктеріне сай сұраныс жасаудан гөрі,
ұсынылған тауарларға ыңғайланып, бейімделеді. Бүгінгі жаһандық ортада инно-
вацияларды қалыптастырып отырған басты себеп – дәл осы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития: исследование предпринима-
тельской прибыли, капитала, кредита, процента и цикла конъюнктуры / Й.А. Шумпетер.
– М.: Прогресс, 1982. – Б. 14.
2. Медынский В.Г. Инновационное предпринимательство: учебное пособие /
В.Г. Медынский, Л.Г. Шаршукова. – М.: ИНФРА-М, 1997. – 240 с.
3. Санто Б. Инновация как средство экономического развития / Пер. с венг. /
Б. Санто. – М.: Прогресс, 1990. – С. 100.
4. Молчанов Н.Н. Формирование рынка инновационных ресурсов / Н.Н. Молча-
нов. – М.: Интерконтакт Наука, 2006. – 120 с.
5. Толыбаев А.Н. Повышение инновационной активности экономических систем:
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
399
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
приоритеты и механизм: дисс.... канд. экон. наук / А.Н. Толыбаев. – Алматы, 2006. – 135
с.
6. Завлин П.Н. Инновационное развитие и инновационная культура / П.Н. Завлин
// Наука и науковедение, 2001. – №2. – С. 54-63.
7. Николаев А.И. Экономическая теория технического развития / А.И. Николаев.
– М.: Наука, 2001. – 230 с.
8. Балабанов И.Т. Инновационный менеджмент / И.Т. Балабанов. – М.: ИНФРА-М,
2006.
9. Сулейменов Е.З. Инновационная деятельность в Республике Казахстан: Анали-
тический обзор / Е.З. Сулейменов, Н.В. Васильева. – Алматы: НЦ НТИ РК. – 2006.
10. Днишев Ф.М. Инновационный менеджмент / Ф.М. Днишев. – М.: Дашков,
2009.
REFERENCES
1. Shumpeter y.A., Theory of economic development: research of enterprise profit, cap-
ital, credit, percent and cycle of an environment. Progress, 1982, 455 (in Russ).
2. Medynsky V.G., Sharshukov L.G., Innovatsionna business manual. INFRA M, 1997,
240 (in Russ).
3. Santo B., Innovation as means of economic development. The lane with veng. Prog-
ress, 1990, 100 (in Russ).
4. Molchanov N.N., Formation of the market of innovative resources. Intercontact Sci-
ence, 2006, 120 (in Russ).
5. Tolybayev A.N., Increase of innovative activity of economic systems: priorities and
mechanism: yew.... edging. econ. sciences. Almaty, 2006, 135 (in Russ).
6. Zavlin P.N., Innovative development and innovative culture. Science and science of
science, 2001, 2, 54, 63 (in Russ).
7. Nikolaev A.I., Ekonomicheskaya theory of technical development. Science, 2001, 230
(in Russ).
8. Balabanov I.T., Innovative management. INFRA-M, 2006 (in Russ).
9. Suleymenov E.Z., Vasilyeva N.V., Innovative activity in the Republic of Kazakhstan:
State of the art review. Almaty, NTs NTI RK, 2006 (in Russ).
10. Dnishev F.M., Innovative management. M. Dashkov, 2009 (in Russ).
УДК 334.012 (574)
Достарыңызбен бөлісу: |