В.А.Истрин сөйлеу тілді жарыққа шығаратын құрал болса,
жазу сөйлеуді таңбалайтын, есте қалдыратын көмекші құрал
болады деді. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктері ауызша
тілдің қашықтық пен уақыт жағынан шектеулігін, деректі аргу-
мент бола алмайтын, есте сақталынбайтын кемістіктерінің ор-
нын толтырып келе жатқанын айтады.
Сонымен, жазудың ауызша тілге қарағанда екіншілігі ту-
ралы пікір Л.В.Зиндер, И.Е. Гельб, В.А.Истрин еңбектерінде
айтылғанмен, ғалымдардың пайымдауларынан жазуды дербес
жүйе ретінде танығандарын аңғара аламыз.
Жазу пәніне қатысты тіл білімі тарихында жазудың
алғашқылығы туралы пiкiрлер бар. Мысалы, Н.Я.Марр мен
И.И.Мещанинов жазу ауызша тілмен бір мезгілде, тіпті одан
бұрын шыққан, оның себебі жазудың магиялылығынан,
жазудың қол қимылы, кинесикалық амал-тәсілдер арқылы пай-
да болғанынан деді. Яғни жазуды адамзаттың тіл арқылы емес,
ым-ишарат арқылы қарым-қатынас жасаған дәуіріне апарады.
Мұндай көзқарасты Ч.Лоукотка, Чжан Чжэн мин, Ван Гиннекан
жақтайды.
Жазу пәнін анықтаудағы келесі бағыт – жазуды өз алдына
дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан
көзқарас – әсіресе ХІХ ғасырдың ішінде жазба ескерткіштердің
табылып, оқылуы кезеңінде көтерілді.
Жазба ескерткіштердегі әріп таңбалар сол тілдің дыбыстық
құрамын нақты бейнелейді деп қабылданды. Сондықтан
ондағы графикалық элементтер абстракті әріп-фонема ретінде
ұғынылды.
XIXғ. аяғына дейін тіл біліміне қатысты зерттеулердің
барлығы жазба дүниені негізге алып жүргізді. Жазу ауызша
тілдің дәл өзі, бейнесі, дәлме-дәл көшірмесі болып қаралды.
Младограмматиктер тіпті жазба ескерткіш арқылы сол ұлттың
ертедегі дыбыстық құрамын анықтауға болады деген түсініктен
ажырамады. Якоб Гримм “Неміс грамматикасы” (1819)
кітабының бірінші тарауын “әріптер” туралы (Vоn den
Buchstaben) деп атаған.
Сондықтан ауызша тіл мен жазудың арақатынасы тура-лы
мәселе кеш көтерілді деуге болады. Тіл біліміне қатысты
алғашқы еңбектерде тіл мен жазу оппозициясы болмады.
Жазуды дербес тіл ретінде қарастыру А.Макинтош,
Дж.Маклохлина, Ф.Хаусхальдер сияқты ағылшын лингвистерінің
(40-60 ж. бермен қарай) еңбектерінде басталды. Олар ауызша тіл
ауызекі стиль, жазба тіл– әдеби стиль, белгілі бір тілдің жа-зуы
басқа әліпбимен жазылса, екі мәтінді бір тілдің материалы деуге
болмайды, ауызша тіл мен жазба тілдің өзіне тән мазмұн
34
35
және тұрпат межесі болатын болып шығады деді.
Ф.Хаусхальдер әрбір әдеби тілдің дамуына жазба тіл негіз
болады, көптеген сөз жазылған қалпында айтылады, кейбір
сөздер мәтін арқылы танылады, жазба тіл алғашқы, ол ауызша
тілге әсер ететін “ата-жазба” тіл деді.
Осындай көзқарастардың негізінде ХХғ. 30-40жж. жазу
зерттеу нысанына айнала бастайды. Дыбысжазу туралы ғылым
графикалық лингвистика деп аталды. А.А.Волков жалпы жа-
зуды грамматология зерттейді деді. Грамматология терминін
алғаш қолданған Дж.Гельб грамматологияның үш бөлімін
көрсетті: субграфемика, графемика, параграфемика. Автор
грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін айтты. Оның
ізімен А.М.Кондратьев грамматология ғылымы жазу тарихын,
жазу теориясын, жазу психологиясын, қолтаңбатану, жазу пато-
логиясын, палеография, эпиграфиканы қарастырады деді.
Жазба тілге байланысты кеңестік тіл білімінде
А.А.Волковтың “Грамматология” (1982) және Т.А.Амированың
мақалалары мен “К истории и теории графемики” (1977),
“Функциональная взаи-мосвязь письменного и звукового
языка” (1985) деген еңбектері бар.
Жазудың автономдығы туралы ғылыми көзқарасты қалып-
тастырған Прага лингвистикалық мектебінің өкілі Й.Вахек
болды. Автор Ф.де Соссюрдің тіл мен сөз тұжырымына сәйкес,
жазба тілмен жазба сөз болады. Жазба сөзде пайда болған бір-
ліктер мен құрылымдар қайталана келе жазба тілдің нормасына
айналады деді. Графиканы ауызша сөзді қағазға түсіруге
қажетті жазба таңбалардың инвентарі (terminustechnicus) десе,
орфогра-фияны жазба тіл мен ауызша тіл аралығындағы көпір,
екі жүйе элементтерінің сәйкестік жиынтығы деді.
Жазба тіл деп белгілі бір ұжым ішінде норма саналған
графикалық тәсілдер жүйесін түсінеміз. Ал жазба сөз деп осы
норманың жекелеген нақты реализациясын айтамыз, күнделікті
өмірде біз жазба сөзді кездестіреміз деді. Тілді әмбебап тілдік
норма деп атады да, оның ауызша және жазба нормасы бар деп
бөлді. Егер бір нормадан екінші нормаға ауысу оңай болса,
онда екі норма бір-біріне жақын, ондайда тілдің әмбебап
нормасын да жақсы байқауға болады деді.
Жазу ауызша тілге табан тірегенмен, дербестікке ұмтылумен
келеді, ол таңбалардың таңбасы емес, заттың таңбасы. Й.Вахек әр
адамның сөйлеу мәнері, сазы, тембрі болатыны сияқты әр
адамның жазуы да әр басқа, ал баспа тілі бұл жағынан бейтарап,
анық, толыққанды, онда ой ең соңғы нүктесіне дейін толымды
беріледі деп, жазба тілмен баспа тілінің арасын айырды және
жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетті. Жазба тіл-де
ойды беру үшін қосалқы тәсілдер қолданылады деп, оларға
жайлап, дауысын бәсеңдетіп айтты; дауысын көтеріп деген
суреттеулерді мысалға келтірді. Бұл жазба тәсілдің жетілме-
гендігін емес, дербестігін көрсетеді, ол ауызша нормада абзац
табиғатының беріле алмауымен бірдей деді. Қос нүкте орны-на
ауызша нормада “ол былай болады”, “ол мынау ғой” деген
сияқты сөздер керек. Сондықтан жазуы жоқ тілде акустикалық
субстанция көзге еленбейді, көлеңкеде қалады, ол жоқ сияқты
болады, егер сол тілде жазу пайда болса, осыған дейін білінбе-
ген тілдік субстанция белгілі дәрежеде байқала бастайды деді.
Ч.Лоукотка француз бен ағылшын тілдерінде жазу ауызша
тіл жүйесінің сызба нобайын ғана береді, екі тіл бір-біріне әсер
ете алмай келе жатыр деген.
Умберто Эко жазба тілдерді ауызша тілден бөлек, бейтаныс
азбукалармен, астыртын хабарлармен біріктіріп, бөлек қарау
ке-рек дейді.
Жазудың дербес жүйелілігін айқындаған кеңестік ғалымдар
ішінен Т.А.Амированы атай аламыз. Ғалым жазу туралы
ғылымды графикалық лингвистика деп атауды жөн санай-ды,
графикалық лингвистиканың табан тірейтін тұғыры жазба
тілдің дербестігін, жазу дыбыстық тілдің көшірмесі еместігін
мойындау дейді.
Ғалым жазудың нысандары ретінде жазу, жазба мәтін, жазба
тілді атады. Әліпби – жазба тілді жүзеге асыратын графикалық
таңбаның жиынтығы, жазу – жазба сөйлеуді, қарым-қатынасты
әліпбиді пайдалана отырып жүзеге асыратын таңба түрі, жазба
тіл– жазба қарым-қатынас, ауызша тілдің табан тірейтін жүйесі,
жазба сөз (жазба мәтін) – жазба тілдің жүзеге асырылуы, жазба
мәдениет – қағазға түскен мәтіндердің жиынтығы, жазба дәстүр
– жазудағы тұрақтылық деді.
Фонологияда фонеманың фоны, аллофондары болатыны
сияқты дыбысжазу – графемика, оның кіші бірлігі – графема,
графеманың омографтары, графы болады деді.
Графемалар арқылы графикалық морфема, графикалық сөз,
графикалық формалар құрылатынын айтады. Т.А.Амирова жазба
француз тiлiнде ауызша тілге карағанда зат есiм, сын
36
37
есiм, етiстiк категорияларының морфологиялық көрсеткiштерi
мейлiнше жетiлген, сондықтан органикалық жағынан әртүрлi
болып табылатын жазба тілмен ауызша тіл бiрiнен екiншiсiне
аударылатын тiл болып саналады дейді.
Және жазба тілөзіне қатысты да, өзге таңба жүйесіне қатысты
да метатіл болатынын, өркениет тарихында жазба тілқоғамның
мәдени нормасы мен білім қорын сақтайтын, жинайтын, жеткі-
зетін теңдесі жоқ тәсіл болып табылатынын айтады.
Т.Амирова жазу жазба тілме, әлде тiлдiң жазба формасы
бола ма деген сауалға тұрпат меженiң 1) ауыспалы немесе 2)
тұрақты болуына қарай жауап беруге болады дейді. Яғни 1)
мазмұн меженiң дамуына қарай жазу (кең мағынасында)
өзгерiп, ауыз-ша тілдің көшiрмесiне айналады, ауызша тіл мен
жазба тілбiр тiлдің екі формасы болып шығады. 2) тұрпат меже
тұрақты бо-лады: екі жүйеге айналады.
Бұл топтастыруға сайсақ, ағылшын, орыс тiлдерi өз iшiн-де
жазба тілмен ауызша тілге ажырайды. (Грамматология тек
ағылшын жазулы тілдерде қалыптасып, жетіле алады деген
пікір бар). Ал ауызша тілмен көп айырмасы бола бермейтiн не-
месе айырмашылығы жеткiлiктi түрде көрсетiлмей жүрген тiл-
дер үшiн жазу – тiлдiң өмiр сүруiнiң бiр формасы ғана.
Т.А.Амирова ағылшын жазуының қазіргі графикасы мен көне
графикасын нысанға ала отырып, жазу жүйесінің өзіне тән
бірқатар құрылымдық элементтері болатынын айтады. Ағылшын
жазуындағы диграф, триграфтардың санын, графемалық өріс
ұғымын сипаттады. Жазудың қандай ерекшелігі өзінің белгісі, ал
қайсысы дыбыстық тілдің көшірмесі ретіндегі белгісі болып
табылады соны білу керек деді автор.
Т.А.Амированың жазуды жеке семиотикалық код деп алғаны
соншалық зерттеулерінде жазу теориясын зерттеуде
қалыптасқан әдіс-тәсілдер, ұғым-түсініктер пайдаланылмайды.
Мысалы, Б. де Куртенэ, Л.В.Щерба негізін салған графиканың
фонологиялық негізін іздеу бағыттары жоқ: жазу ойды тікелей
жарыққа шығару тәсілі ретінде қаралған, тілмен теңестірілген.
Ғалымның осындай пайымдауларынан кейін орыс тіл
білімін-де графемаларды дыбыстық қорға байланыстырмай, өз
ішінде сипаттайтын зерттеулер шыға бастады.
Жазуды қысқарту, аз таңбаға көп мағына сыйдыру, жазуға
уақытты аз кетіру деген сияқты мәселелер, жазу биомеханика-
сы, әріп деформациясы, стенографиялық жазу, буын арқылы
жазу мәселелері көтерілді.
Жазу тарихына баратын еңбектерінде О.Сүлейменов те тіл
тарихына барған сайын, алғашында таңба болғанын сосын
оның ауызша түрі – сөз болғанына көзім жете түсті дейді: “И
мне было дано, наконец услышать и увидеть, как письмена
собранные со всех уголков старого и нового света, начинают
говорить друг с другом на понятном им языке образов”.
Ғалымдар жазудың ауызша тілдің көшірмесі емес, сондай-ақ
тіл өмір сүруінің бір формасы да емес, өз алдына дербес тілдік
жүйе екенін айқындап, ғылыми айналымда жазба тілұғым-тер-
минін қалыптастырды. Олар: А.А.Волков, А.В.Волков, Т.М.Ни-
колаева, Т.А.Амирова, И.Вахлк, Ф.Хаусхальдер, Макинтош, Б.де
Куртенэ, Н.Н.Соколов, З.Волоцкая, Т.Молошная, Жак Деррида,
В.Мотш, Умберто Эко, А.Н.Морозова, И.Е.Гельб, А.Артимович,
Ж.Ж.Руссо, Л.Ельмслев, А.Мартине, А.Кашеварова, Л.Заводов-
ский, В.Хаас, А.М.Кондратьев, О.Сүлейменов т.б.
Оқуға арналған материалдар
Төмендегі ғалымдардың ауызша тіл, жазба тіл
ұғымдарына қатысты айтқан пікірлерін түсініп оқып,
таратып айтып көріңіздер.
“Письменная речь – есть алгебра речи. Она вводит в са-мый
высокий абстрактный план речи, перестраивая тем самым
и прежде сложившуюся психическую систему устной речи”
(Л.С.Выготский).
“Санадағы ой сөйлеу арқылы жүзеге асады, ол сөздегі тал-
дау (анализ) жазу арқылы жүзеге асады, сөз шартты таңбалар
арқылы ойды сыртқа шығарады, ал жазу сөзді көрсетеді” (Жан-
Жак Руссо).
“Его наиболее общим значением является то, что оно фикси-
рует речь и этим делает возможным совсем иное размышление
о ней, чем отзвучавщее слово, которое только находит место в
памяти” (В.Гумбольд).
“Что касается звуковой речи, то при разграничение ее с языком
оно должна пониматься как использование средств данного язы-ка
для той или иной конкретной цели общения. Соответственно
и письмо по отношению к звуковой речи должно пониматься
как использование данной системы” (В.А.Истрин).
“Письменный язык – это весьма плодотворное понятие,
38
39
развитие которого дает возможность представить в новом све-
те целый ряд общетеоретических языковедческих проблем”
(И.Вахек).
“Итак, в тот, что обычно недифференцированно называют
письмом или письменным языком открыто три родственных, но
разных явления: письменная форма речи, или письменная речь, т.е.
акт писания и читания, письменный язык как некая система,
письменность которая является продуктом первых двух. Эти три
понятия являются параллелью к триаде Л.В.Щерба, различавще-го
языковую систему, речевую деятельность (процес говорения
и понимания) и языковой материал. Письменный язык соответс-
твует языковой системе, письменная речь – речевой деятельнос-ти,
письменность – языковому материалу” (Л.В.Зиндер).
“Жазудың жаңа мүмкіндіктері мен құрылымы бар
семиотикалық жүйенің пайда болуы өмірге тілдік емес жаңа
графикалық таңбалардың жасалуына әкелді (музыканың
ноталық жазу жүйесі, математикалық символика, графикалық
модел, кескіндер)” (Т. Амирова).
“Рассмотрение плана выражения письменного языка как
системы объясняет, почему довольно легко может быть осу-
ществление переход с одной системы графики на другие при их
значительном типологическом различии, и почему столь тру-ден и
практически невыполним переход с одной графической системы
на другую при типологической близости письменных языков. Во
ІІ случае, особенно в случае преобразования внутри одного и того
же письменного языка, возникает ситуация ломки
и нарушения освященных традицией закономерностей и норм и
опасность затруднения коммуникации. Письменный язык есть
исторически новая, генетически дополненная, функционально
достаточно автономная, вполне цельнооформленная и в этом
смысле относительно самовладеющая знаковая система. Это по
существу, только начало исследования внутренних проблем
письменной речи, таких, как композиция графического текста,
графическая стилистика, семантика письменной речи, характер-
ная только для нее и вытекающая из таких явлений, как верти-
кальный контекст, возможность повторного обращения к одно-му
и тому же высказыванию или отдельному слову в тексте, ти-
пология операций над письменной речью, синтаксис собствен-но
письменной речи, морфемика письменной речи, и наконец,
семиотика письменной речи, рассматривается как соотношения
40
письменного языка, с одной стороны, с устно-звуковой речью и
с другой – с иными семиотическими системами (Т. Амирова).
“Типичная социологическая особенность письма это меха-
низация, благодаря которой сохраняется устойчивость пись-
менной речи которая вместе с тем оказывает влияние на устную
речь, являясь основным фактором культурной эволюций речи”
(Ч.Лоукотка).
Тапсырма. Төмендегі Фердинанд де Соссюрдің пікірін
пайдалана отырып, «Жазу тілді өзгерте ме?» атты пікір-
сайысқа дайындалыңыздар.
“Сөйлеу мен жазу – бұлар екі түрлі таңбалар жүйесі:
соңғысы тек сөйлеуді бейнелеу мақсатында өмір сүреді....
Лингвистиканың пәні жазба сөз бен ауызша сөздің қосындысы
емес, ауызша сөз ғана лингвистиканың пәні болмақ....Біз тіл
тарихына барсақ та, тілдің қазіргі күйін зерттесек те, тілдің
қағазға түскен жаз-ба формасына қол созамыз, түптеп келгенде
жазуға ерекше мән береміз... “Жазу ауызша тілді нашар
бейнелеген сайын оның ауызша тілге табан тіреуі де күшейе
түседі…письмо скрывает язык от взоров, оно его не одевает, а
рядит”. “Для Соссюра пись-мо-это одеяние извращенности и
порока личные разложения и притворства, маска, из которой
хорошая речь должна изгнать злых духов”.
Жазбаша бақылау сұрақтары
1. ХХ ғ. аяғы стильаралық айырмашылықтардың азаюымен, әдеби
тілде қарапайым, ауызекі тіл элементтерінің көбеюімен ерекшеленді
деген пікір рас па?
2. Жазу – тiл өмiр сүруiнiң бiр формасы ма, әлде өз алдына дербес
тiлдiк жүйе ме деген сауалдар кімнің зерттеулерінен кейін пайда бол-
ды?
3. «Тіл (languа) – индивид санасында сақталған ғажайыптардың
қоры, көпшіліктің, тілдік ұжымның санасында орналасқан пас-сив
грамматикалық жүйе, сөз – (langage) жеке индивидтердің
қолдануындағы белсенді (актив) жүйе; сөйленістен екшелген,
сөйлеушілердің жанында қалатын тілдік әрекеттің бөлігі ғана тіл бо-
лып табылады» деген пікірдің авторы?
4. Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба тіла-
уызша тілге айнала алады деген пікірдің авторы?
41
5. Жазба тілдің дербестігін алғаш айтқан ғалым?
6.Әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы
бойынша қатаң айыруды талап еткен ғалым?
7. Тіл білімінің негізгі нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу ке-
рек деген кім?
8. Жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған ғалымдар?
9. И.Е.Гельб «жазудың о бастағы болмысы тілден өзгеше еді.
Адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға қарағанда жетіл-
ген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу өзінің дербес жүйелік
сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба орынбасары болып қалды»
деген пікірін қалай түсінесіз?
10. В.А.Истрин жазуды дербес жүей деді ме, әлде есте қалдыратын
көмекші құрал деді ме?
11. Жазуды өз алдына дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп,
мәртебесiн жоғарылатқан көзқарас не себептен пайда болды?
12. Графикалық лингвистика дегеніміз не?
13. А.А.Волков жалпы жазуды зерттейтін ғылымды қалай атады?
14. Грамматология терминін алғаш қолданған ғалым?
15. Прага лингвистикалық мектебінің өкілі Й.Вахектің жазу
теориясындағы қызмет калай бағалайсыз?
16. Жазба тілмен жазба сөз болады деген ойды алғаш айтқан
ғалым?
17. Т.А.Амированың жазу теориясына қатысты көзқарасын
айтыңыз.
18. Графикалық лингвистика деген терминді ұсынған ғалым?
19. О.Сүлейменовтің «тіл тарихына барған сайын, алғашында
таңба болғанын сосын оның ауызша түрі – сөз болғанына көзім жете
түсті» дегенін қалай түсінесіз?
3-дәріс. Жазба тіл және оның ауызша тілден ерекшеліктері
Біз жалпы тілді ауызша тіл және жазба тіл оппозициясында
таптастырамыз. Оның мынадай себебі бар: 1) қазіргі адам сана-
сында ойдың сыртқы тілге кодталуының екі түрі болады: гра-
фема арқылы сөздің графикалық портреті және фонема арқылы
сөздің негізгі дыбыстық реңкі, 2) адам санасында тіл екі түрлі
болып сақталады: ауызша және жазбаша, жазу
монополиясының күшеюі тілдік санада екі түрлі ойлау жүйесін
қалыптастырып отыр.
Кез келген сөзді естіген сауатты адамның санасында сөздің
фонетикалық бейнесімен қатар, графикалық портреті елес бе-
реді. Бұл – әдеби стиль түрін меңгермеген кез келген сауаты
бар адам санасында болатын код түрі.
Б.Куртенэ тек сөйлей ғана білетін адам мен сөйлей де жаза да
білетін адамның санасында айырмашылық барын айтқан. Стиль
түрлерінің ешқайсысымен машықтанбаған, сауатты адамның
санасында, сонымен, екі түрлі елес өмір сүреді. Бұның бірін-шісін
– ауызша тілді адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішін-де, ауыл,
аула айналасы, қоғамдық орындарда (көлік, дүкен, ас-хана т.б.)
меңгеріп, ал теледидар, радио, мәдени орындардағы
сөйленістерден бейтарап әдеби сөйлеуді естіп өседі. Ал мектеп-ке
барып, сауатын ашқаннан жазба тілді алдымен ауызша тілдің
деңгейінде (сөз тіркесін, сөйлем түрлерін құрап) қабылдайды.
Жазуды пайдаланып, біреуге білдіретін ойын хат, қолхат арқылы
шығарады. Немесе іштегі ойын сөйлем, мәтін (шығарма, әңгіме)
құрау арқылы білдіреді. 2-сыныптан басталатын жазба тілдің
жүйесін меңгерудің осындай сатылары адам санасында, жоғарыда
айтылғандай, жазба тілдің елесін қалыптастырады.
7-8 сыныпқа келгенге дейінгі бала белгілі авторлардың
көркем шығармаларын оқып, мазмұндап, ойды көркемдеп жет-
кізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесіне тоқып, сана-
сына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайда-
ланып, белгілі бір мотиві бар ойын сыртқа көркемдеп жеткізу
дәрежесіне жетеді (шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 сы-
ныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі
көрінеді. Оқушылар сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты
көркемдеп, әсірелеп жеткізуге төселе бастайды (көркем әдебиет
стилі). Жас кезеңінде балалардың көркемдік сезімін ояту не-
гізгі мақсат саналады. 9-11 сынып бағдарламасы шығарманың
авторы, кейіпкері, оқиғасының өту дәуіріне талдау жасауға ауы-
сады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді
емес, оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында
салқынқандылық, саналы ой көріне бастайды
(публицистикалық стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды
да, кейін ЖОО-нда дәріс, семинар есебінен өз мамандығының
терминологиясы-мен танысып, жеке салаға маманданады
(ғылыми стиль). Ал жұмысқа орналасқанда қызмет бабындағы
ресми сөйлеу, ресми ісқағаздар стилін меңгереді.
Бұл айтылғандардан, біздіңше, тілді таптастырудың мына-
42
43
дай жүйесін табуға болады: тіл ауызша және жазба тіл арқылы
көрінеді. Ауызша тіл ауызекі сөйлеу тілі (отбасы, аула т.б.),
бейтарап әдеби тіл (БАҚ тілі, шешендік сөз, дәріс, жиналыс),
ресми тіліне (мектеп бағдарламасы, ғылыми конференция,
жиналыс сөзі т.б.) бөлінеді. Жазба тіл жазба ауызекі тіл (хат,
қолхат, интернет тілі) және жазба әдеби тілге (көркем әдебиет,
публицистикалық, ғылыми, ресми ісқағаздар стилі) ажырайды.
Сонда кез келген сауаты бар адам алғашқы үш сатыны
меңгереді, санасында айту-есту, жазу-көру елесі тұрақты бо-
лады. Тілдің шығуының өзі бір нәрседен әсер алу және оны
сыртқа шығару мотивінен пайда болғандықтан, кез келген адам
табиғатына көркем әдебиет мәтіні жақын тиеді. Сондықтан
сауаты бар адам көркем әдебиет стилінде өзі жаза алмаса да,
сол стильде жазылған мәтінді қабылдап, түсіне алады, яғни
оның көркемдеп жеткізу және ойлау елесі толық болады.
Публицистикалық стиль туралы да осыны айтамыз.
Ал ғылыми мен ресми ісқағаз стилін кез келген адам түсіне
де, пайдалана да алмауы мүмкін. Өйткені ол ұғым, түсінік
пайымдау мен (ғылыми стиль), әлеуметтік, қоғамдық, саяси
жағдаятпен (ресми ісқағаздары) байланысты.
Сонымен, тілді меңгеру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба
әдеби тілге қарай (әсіресе ғылыми, ресми ісқағаздары) қиындай
түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады.
Ауызша тіл мен жазба тіл арасында бейтарап әдеби тілдің бо-
луы алдыңғысынан соңғысына көшуді жеңілдетеді, яғни
ауызша сөйлеу тілі мен әдеби тілді жазу арқылы қағазға түсіріп
үйренген адам, бірте-бірте жазу жүйесіне де ене бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |