Жазу дегеніміз ойдағы мазмұнды дыбыстық (фонемалық) код
арқылы (бұл жазар алдында ауызша айтып алумен немесе іштей,
дауыстамай сөйлеуден көрінеді) графикалық кодқа түсіру болып
табылады. Дыбыстық кодтың графикалық кодқа ай-
налуын фонема атқарады.
Жазу процесі жазатын ойды іштей жүйелеп алу; ішкі
сөйлеуден дыбыстық тілгеге ауысу, дыбыстық тілден
графикалық тілге ауысу; белгілі бір графикамен, керекті
каллиграфиямен, графикалық және орфографиялық
нормаларды сақтай отырып жазу сатыларынан тұрады.
Жазба тілде ойды білдіру ауызша тілге қарағанда 10 есе жай
жүреді деп айттық. Ол ойды эксплицитті түрде дәл, әрі нақты
берудің жолын іздеуден шығады. Жоғарыда жазу про-цесі
құрылған сөйлемді оқырман ретінде оқып, қайта жазу, не
түзету, артық элементтерді алып тастау сияқты сатылардан
тұратынын көрсеттік. Ойдың жазба тіл элементтері арқылы
белгілі мәтінге ұйымдасуының сыртында мәтіннің парақ бетін-
дегі, компьютер экранындағы орналасуы, әріп бейнесі, тарау,
бөлім аттарының берілуі сияқты жалпы графика ережесі, әріп
таңбалары, фонеманың негізгі реңкін табу, сөздердің бөлек,
бір-ге, дефис арқылы жазылуын, бас әріп, кіші әріп сияқты
графика, орфография ережелері және тасымал, пунктуация
сияқты тыныс белгілері ережелері бар.
Сонымен, жазуды өз алдына дербес жүйе деп тану, бірінші-ден,
жазба тілде ойды жарыққа шығарудың өзіндік категорияла-ры мен
бірліктері, тәсілдері болу керек. Екіншіден, жазба тіл өз
кеңістігінде, өз аудиториясы болу керек. Мәтін сол қалпында
ауызша тіл аудиториясына жетпеуі, түсініксіз қалуына орай өз
аудиториясының болуын, қалыптасуын қалайды. Жазба тілді ау-
54
55
диторияда түсіну үшін алдымен ауызша тілге кодтау қажеттілігі
шығады. Сонда екі жүйенің өзара кодталу процесінен кейін ғана
түсінікті болуы жазба тілдің дербес жүйелілігін танытады. Жазу
мен ауызша тілдің екі басқалығын “мойындатпай” отырған тілдің
лексикалық деңгейі. Алайда бұл заңды да. Өйткені лексикалық
деңгей тілдің мазмұнын көрсетеді, ал осы мазмұн бірліктерін тіл-
ді түрлі бағытта, мақсатта қолдануда өзіндік тәсіл, жүйе арқылы
жұмсау дербес тілдік таңбалар жүйесін жасайды. Бұл денотаты
біреу, бірақ әртүрлі атайтын ұлттық тілдер сипатындай. Ал тіл
білімінің зерттеу нысанына қай жүйенің бірлігі алыну керек?
Жазба тіл графемасы ма, әлде ауызша тілдің дыбыстық қоры ма?
Жазба тілдің морфологиялық көрсеткіштері ғана ма, әлде ауыз-ша
тілдің морфологиялық түрленімдері де ме? Лексикология мен
синтаксис деңгейлерінің қай жүйедегі элементтері зерттеу нысаны
бола алады? Әрине, бұл зерттеу нысанының шегарасын айқындап
алуға бастайды. Мұның бәрі жазу заманы, жазудың билігі келген
заман болғанын хабарлайды.
Бүгінгі атом дәуірінде, техникалық прогрестің шарықтау
ше-гінде жазба тіл өз функциясын заман талабына сай өтеу
үшін, ең алдымен, тұрақтылығын сақтауы қажет. Жазба дәстүрі
жоқ жазу коммуникация құралы болудан қалады. Адамның есте
сақтау қабілеті естуге (құлаққа) қарағанда көруге (көзге)
көбірек та-бан тірейді. Ал формасы тұрақты жазуды “бір көріп
алған көз” автоматты түрде таңбалай береді және санада
формасы бар сөзді оңай таниды. Коммуникация тәсілдері
автоматтанса, қарым-қатынас жасау жеңілдейді. Осыдан келіп,
жазудың болашақтағы бейнесін тануға болады.
3-семинар. Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі
Қазақ тіл білімінде жазба тіл мен ауызша тілдің шегарасы
ажыратылмағандықтан, лингвистиканың зерттеу нысаны ретін-де
жазба тілдің әліпбиі, графикасы, морфологиясы, лексикасы мен
синтаксисі танылып келеді. Қазақ тілінің дыбыс құрамы бо-лып
әріптер, грамматикалық формалары болып жазба тұлғалар,
синтаксистік құрылымы ретінде көркем әдебиет стиліндегі үлгілі
мәтіндердің (белгілі ақын-жазушылардың) синтаксисі, әдеби
стильдегі лексикалық қор негізге алынып жүр. Осыдан барып
сөйлегенде дәл қағаздағы тұрпатындай дыбыстау, жазба
тілдің синтаксистік құрылысын қолдану дегенді қатеге
(нормаға) санауға қақымыз болмайды.
Бүгінгі дәуірде әр тілде сөйлейтін адамның санасында нақты
бір айтылым және естілім базасы қалыптасып келеді. Егер сөз сол
базаға сәйкес келмесе, коммуникация мақсатына жетпейді.
Мысалы, орыстілді адамның естілімі сөз ішіндегі бір буынның
ерекше айтылуына, қазақтілді адамның естілімі сөз ішіндегі
дыбыстардың үндесімділігіне, қытай, кәрістілділердің естілімі сөз
тонына бағышталады. Осы естілім базасына сай келмеген
сөзқолданыстар санадағы дыбыстық елеске ассоциация бермей-ді,
сөз танылмайды: адам сөз мағынасын түсінбейді. Сол сияқты әр
жазба тілдің графикалық, орфографиялық ерекшеліктеріне сай сол
тілде жазатын, оқитын адамның санасында көзшалым базасы
болады. Егер жазба мәтін сол базаға сәйкес келмесе,
коммуникацияға кедергі келеді. Мысалы, ағылшынжазулы
адамның көзшалымы сөзді сурет ретінде көруге, қытайжазулы
адамның көзшалымы сөзді идеограмма ретінде көруге, ал орыс,
қазақжазулы адамның көзшалымы сөзді әріп тіркесі ретінде
көруге бағышталған. Егер көзшалым санадағы графикалық код-ты
тітіркендіретін реакцияны байқамаса, ассоциация туғызатын
форманы жазбаса, не көрмесе, жазба коммуникация жүзеге ас-
пайды. Естілім мен көзшалым, айтылым мен жазылым –
екі басқа жүйенің процестері, ауызша тіл мен жазба тілдің
катего-риялары.
Біз аузымыздан шыққан сөзді сол қалпы қағаз бетіне түсіре
алмаймыз және жазылған сөзді сол қалпы ауызша түрде
баяндап бере алмаймыз. Екі тілді өз адресаттарына жеткізетін
коммуни-кация тәсілдері бар. Әр жүйе өз әдіс-тәсілін
пайдаланып қана қарым-қатынасын жүргізе алады.
Қазақ жазуында түбір морфологиялық, қосымшалардың және
кейбір мағынасы көмескі қой/ғой, гөрі/көрі шылауларының және
мағынасы күңгірт деп танылатын түбір сөздердің фонетикалық
принциппен жазылуы ауызша тіл мен жазба тіл арасын айыруға
қиындық келтірді. Мектепте тілдің дыбыстық құрамы деп әріп
таңбалары, тілдің грамматикалық құрылысы деп жазу-да
таңбаланатын қосымшалар түсіндірілді. Орфоэпия жазба тілдің
фонетикасы толық оқытылғаннан кейін ғана 1-2 сағат көлеміне
сыйдырылып түсіндірілді. Одан кейінгі уақыттың бәрінде
қазақтілді адам санасында жазба тіл мен ауызша тіл арасы
айқындалмай, жазба тіл бірліктері басым сипат алды.
56
57
Сондықтан қалай жазылса, солай оқитын, қалай естісе, солай
жазатындар көбейді.
Жазудың кодтық сипаты. Біз ауызша тіл мен жазудың екі
басқа код екенін, сондықтан әр кодтың өз таңбалары мен
тәсілдері болатынын мойындағанда ғана екі коммуникацияны
өз мәнінде толық пайдалана аламыз. Ауызша тіл мен жазба
тілдің екі басқа “дүние” екенін көрсету мақсатында кодталу,
қайта кодталу, кодталу мүмкіндігі деген мәселелерді
қарастырудың қажеттілігі бар.
Біз проф. Ә.Жүнісбектің айтылым және естілім құрағы
деген ұғымдарына сай жазылым мен оқылым құрағы термин-
дерін ұсына отырып, екі тілдің құрақтарын алмастыру арқылы
ғана коммуникация жасау мүмкіндігі болатынын көрсеткіміз
ке-леді.
Жалпы, код, кодталу ұғымы әдебиеттерде “әртүрлі инфор-
мация беруге, өңдеуге, әрі сақтауға арналған шартты белгілер
жүйесі”, “кейбір объектілерді конструктивті жүйе объектілері-
не айналдыру”, өзара келісілген белгілі бір шартты таңбаларға
қандай да бір мағынаны сыйдыру деп түсіндіріледі. Сондықтан
кодтау алғашында криптографияда (жасырын хабарлар жібе-ру
теориясы) қолданылды, кейін ақпарат теориясына ауысты.
Қоғамдық өмірде де әртүрлі кодтар жүйесі пайда бола бастады.
Мысалы, 1872 жылы ең алғаш Ұлыбританияда пайда болған
телеграф коды аз таңбаға ұзақ сөйлемдерді сыйдырып, қарым-
қатынасты жеңілдетті. Код қандай жағдайда болсын таным
про-цесіне араласатындықтан түсінік, ой, ішкі ой, кодталу
туралы ғылыми әдебиетте айтылады. Мысалы, Н.И.Жинкин
адам ойы ішкі сөйлеуге ауысқанда “заттық-бейнелік” код пайда
болады, ал ол сыртқы сөйлеуге (экспресссивті сөйлеу)
ауысқанда ауыз қимылының коды болады. Сонда экспрессивті
сөйлеу – бірін-ші, ал тілдік, әріптік код – екінші деді. Сөйтіп,
жазу мен тіл бір деңгейдегі код түрі ретінде қарастырылды.
А.А.Залевская жазылған сөзді дыбыстап немесе іштей оқып,
мағынасын қабылдағанға дейін бірнеше код ауыстырылады,
мағынаға түсіну әр адамның ұлттық тілі арқылы жүрмейді,
саналы адамның өзі жасайтын ерекше бір тілде жүреді деді.
Сонымен, жазу тарихындағы идеограммалар мен логограм-
малар, силлабограммаларды, әріптерді кең мағынада алғанда
код жүйесі, қоғамдық ортақ шарттылық нәтижесі деуге тұрады.
Жазуды ауызша сөйленген сөзді кодтаушы, ал әліпбиді код-
ашқыш, әріптерді код символдары деп алу, жазудың өз алдына
дербес таңбалық жүйе, жеке тіл екенін білдіреді. Жазуды код
түрі етіп алу ең бірінші, бейтаныс графикамен жазылған
мәтінді оқу, бейтаныс алфавитті меңгеру барысында әріп
таңбалардың мазмұндық мәнін көрсету үшін керек. Және, ең
бастысы, адам санасындағы қарапайым түсініктен бастап,
ұғымға дейінгі, ұғымнан сана, ішкі ойлау (тіл) сыртқы ойлау,
сөйлеу, тілдік жүйеге дейінгі аралықтардың параллель жүйелер
екенін білдіру үшін қажет.
А.А.Реформатский жазба тілдегі азатжол, босаралық,
босаралықсыз, көп нүкте, қос нүкте, әріптің астын сызып, не
курсивпен беру, тырнақша ауызша тілге кодтауға келмейді және
керісінше ауызша тілдегі интонацияның жазба тілдегі таңбасы
жоқ, себебі мұнда өзара беттеспейтін, параллель жатқан екі
жүйе бар деген.
Ал жүйе дегеніміз – айналасындағы басқа бірліктер арқылы
жеке бірлік анықталатын бірліктер жиынтығы. Жүйе – бір-бірі-
мен байланыстағы, қатынастағы элементтердің жиналып келіп,
белгілі бір бүтінді, бірлікті құрауы. Жүйе болу үшін таңба
жиынтығы болу керек. Таңба болу үшін белгіленуші,
белгілеуші және оның арасында шартты байланыс болу керек.
Тіл – таңба. Таңба басқа бір белгілі заттың, ерекшеліктің
қатынастық өкілі ретінде көрінетін, сақтауға, қайта жасауға,
хабар беруге, қол жеткізуге арналған материалды құбылыс.
Осы таңбалардың жүйесі бір-біріне аударыла алатын болса, ол
кодталу дегенді білдіреді. Сонда адам ойы таңба бола алмай-ды,
өйткені оның екі жағы жоқ, тіл санадағы ойды өзіне кодтап, таңба
бола алады. Ішкі тіл сыртқа ойын шығарғанда, ол сыртқы тілдің
(белгілі бір тілдің біреуімен, мысалы, ағылшын тілі, қазақ тілі т.б.)
таңбалар жүйесіне кодталады. Ол процестің күрделігі сондай
кейде ішкі, табиғи тілдің (тілдік сананың) таңбасын сыртқы тіл
көбінесе дәл кодтай алмай жатады. Ал сыртқы тіл ауызша
сөйлеуге кодталғанда ішкі тілді дәл бере алмай жат-са, жазба тіл
сөйлеуді толық кодтамай өзге таңбалар жүйесін құрайды.
Сондықтан И.Жинкин “Ойды білдіру құралдарының бірін алып
тастау не қосу жаңа тіл жасайды ” дейді.
Екі тілдің кодталу процесі. Сонымен, ауызша тіл мен жазба
тіл ойды сыртқа шығарудың екі түрлі код жүйесі болып табы-
лады. Жалпы тіл білімінде жазу мен ауызша тілдің параллель
жатқан екі код жүйесі екенін А.Макинтош, В.Хаас, Л.Ельмслев,
58
59
А.Мартине, А.Е.Кашеварова, Л.Заводовский сынды зерттеу-
шілер айтты. А.Макинтош жазба тіл мен ауызша тіл бiр-бiрiне
қиыспайтын параллель жатқан жүйе және тiптi бiреуiнде бар
дүние екiншiсiнде қайталанбайтын ерекшелiгi бар параллель
деді. В.Хаас жазу мен сөйлеу арасын екі түрлі тіл арасы
іспеттес қарау керек. Біреуінен екіншісіне аударма жасағанда
барлық уақытта сәйкес түсе бермейді және кейде
аударылмайды деді. Л.Ельмслев тілді семиотика деп, басқа
семиотика сияқты ол да аударылады деді. А.Мартине,
А.Е.Кашеварова, Л.Заводовский жазу код, ол шартты,
конвенционалды жүйе оның қасында басқа код жоқ, тек тіл бар
деді. Ф.В. Хаусхальдер жазба тілді ауызша тілге айналдыру
керісінше айналдыруға қарағанда оңай және ережелерi аз
болып шығатынын айтты (Мәліметтер Т.А.Амированың “К
истории и теории графемики” атты кітабы-нан алынды).
Л.В.Зиндер: “Жазу акустикалық сигналды оптикалық
сигналға айналдыратын код түрі ” деген. Ғалымдар егер жазу
мен ауыз-ша тіл бір десек, олар пайда болу мерзімі мен
физиологиялық базасы жағынан өзгешеленеді, егер жазуды
сөйлегенді сол қалпында қағазға түсіру құралы десек, жазу
сөйлеудің барлық қалтарыстарын қайталай алмайтыны және
қайталауға көнбейтіні белгілі деді. Былайша айтқанда, адам
санасында туған ұғым, түсінік, ой, пайымдаулар – барлығы бір
мезгілде сол санадағы бейнесіндей сыртқа шығып, сөзге айнала
алмайды, сөзге айна-латындары сана мен тіл арасындағы
“өткізгіш-сүзекіден” өткен, дәлірек айтқанда, өте алған, сөзге
аударыла алған бейнелер бо-лады.
Сол сияқты ауызша тілден жазуға сатыланғанда сүзекі
жоғарыдан тарыла бастайды. Ішкі сөйлеудегі жүйесіз құрылым
қалыпқа түсіп, стандартталуы жазба тілде мықтап жүзеге асаты-
ны сондықтан. Бiр қарағанда ауызша сөйлеудi бiраз меңгерген
бала мектеп табалдырығын аттап, сауат ашқанда жазба тіл-ді
оңайлықпен игере қоймайды. Әрiптердi дыбысқа айнал-дырып,
буын құрай алмай, буынды сөзге “айналдыра алмай”, едәуiр
қиналады. Ал естiген сөздi әрiптер арқылы құрастырып,
таңбалауды сауатты түрде меңгеру ұзақ уақытқа созады. Сөздi
буынға жiктеп, тұтас оқу қиындығы белгілі. Былайша айтқанда, өз
тiлiнен басқа екiншi тiлдi үйренудiң қиындығы сияқты. Кезінде
Х.Досмұхамедұлы “нағыз орыс көбіне жасында үй ішінде
үйренген тілімен сөйлейді, оқыған түріктер орыстың әр
дыбысын ішкөлде үйренген қалпымен айтады. Сондықтан орыс
ішкөлде қатар оқыған орыс, қазақ балалары диктобке жазғанда
қазақтар хатасыз жазады, орыстар хатамен жазады” деген бола-
тын. Бұл ауызша тілді жасынан меңгерген бала сол тілдің жа-
зуын меңгергенше екінші тілді үйренгендей болады, ол тілдің
жазба формасын меңгеруге де көп уақыт керек болады дегені.
Сондықтан да шет тілін тілдік ортасыз, кітап оқу және жазу
арқылы үйреніп алдым деуге болады, бірақ тілдік ортаға
түскенде жазу мен ауызша сөйлеу арасында сәйкеспейтін
параллелдердің көптігіне көзің жетеді.
Жазуды меңгеру сауатты жазумен ғана шектелмейдi. Онымен
қоса ауызша сөйлеу мәнерiн де жазба мәтiнге лайық сөйлеу нор-
масына “айналдырып” үйрену керектiгi шығады. Ауызекi тiлде
толымсыз, жақсыз, жалаң сөйлемдер, қарабайыр сөздермен, экс-
прессивтi сөздермен, кинесикалық амал-тәсiлдермен ойын жет-
кiзiп, үйренiп калған бала жазба мәтiн арқылы ойын қалай бере-
рiн бiлмей қиналады. Жазба дәстүрдi игеруге уақыт көп кетедi.
Ауызша құрған ой жазба мәтiнге “аударылып”, мәтін сөзге ауда-
рылып қана түсiнiктi болады. Бұның ең қарапайым мысалы ретiн-
де бастауыш сыныпта оқитын баланың окулықтардағы мәтінді
қабылдай алмай үлкендерге түсiндiрiп беруiн сұрайтынын айтсақ
та жеткiлiктi. Л.В.Щерба: “Кез келген мәтінді түсіну үшін
алдымен оны сөйлеу тіліне аудару керек ” деген.
Қазақ тіл білімінде әр тілдің өз нормасы мен жүйесі бола-
тынын, сондықтан оларды бір-біріне айналдырып алып қолдану
керектігін ең алғаш айтқан ғалым – профессор Р.Сыздық бола-
ды. Ғалым жазба тіл мәтінін сол қалпы қайталамай, сөйлеу тезі-
не салып оқуды қадағалайды.
Жалпы, жазба тілді ауызша тілдің тезіне салу, жазба тілді
сөйлеуге кодтау дегеннің негізінде не жатыр? Кодталу
мүмкіндігі немесе кодталынбау деген ұғымдар нені білдіреді?
Біздіңше, бұл процестің теориялық та, практикалық та
қажеттілігі бола-ды. Теориялық маңызына екі тілдің форма не
норма емес, екі түрлі семиотикалық жүйе екенін,
әрқайсысының коммуника-ция жасауда өз әдіс-тәсілдері бар
екенін пайымдау жатады. Ал практикалық маңызына мәтінді
жазба тілдің тезіне салып оқу немесе жазба тілдің тезіне салып
құру, сөзді ауызша тілдің тезіне салып айту және сөйлеудің
тезінде қабылдау (есту) (нормасыздық деп танымау) жатады.
Ауызша тілдің жазба тілге кодталу сатылары. Сонымен,
60
61
ауызша айтылған белгілі бір ақпарат (ол не хабар, не ой болуы
мүмкін) жазба тілге қалай кодталады? Процесті түсіндіруді
оңайлату үшін дыбысталған мәтінді жазба мәтінге кодтау саты-
сын көрсетейік. Мұнда ауызша әңгімеленген оқиғаны тыңдап
алып, қағазға түсіру процесі негізге алынады.
І кезекте ауызша айтылған ойдың жалпы мазмұны, оқиға не
ақпараттың мәні екшеледі, яғни мәтіннің тілдік, грамматикалық
ерекшеліктері, ақпарат жеткізудегі тілдік тәсілдері назардан тыс
қалып, алдымен оқиғаның мазмұны туралы түсінік қалыптасады.
ІІ кезекте ауызша тілдің синтаксистік жүйесін жазба тілдің син-
таксистік жүйесіне айналдыру тұрады. Адам миына келіп түскен
ақпараттың оннан бірі ғана санаға қабылдануы мүмкін. Бірақ ол
тілге кодталғанда ақпарат көлемі ұлғайып кетеді екен. Себебі оған
ұғымдық жүйедегі ақпараттар қосылады, сондықтан адам ол
информация туралы анығырақ біледі. Ауызша тілдегі осы ұлғайып
баяндалған оқиға жазба тілге кодталғанда өзгеше син-таксистік
құрылымға ие болады: вербалды емес құралдар вербал-данады,
сөйленімдегі жасырын мазмұн тілдік тәсіл арқылы экс-
плициттенеді, сөйлем құрылысы негізгі мағынаны нақтылауға
ұйымдасады. Айтылымда сөйлеуші тура байланыстағы тыңдау-
шының қабылдау психикасы мен тезаурусына, перцепциялық
қабілетіне сүйеніп, алдыңғы орынға маңызды информацияны
алып, сөздің қалған бөлігін соған қызмет еткізсе, жазуда бұл
сөйлем соңында жүреді. Просодикалық құралдардың күрделі
жүйесі пайдаланылған ауызша тілдің мазмұны жазба тілде тіл-дік
тәсілдерге көшуіне тура келеді. Мысалы, [олгезде ғайда-а-
а-а] Сіздің бұл пікіріңізбен / мен қосұла алма-а-айм, себебі бұл
баяғы гезден, қазіргігез өзгеше, баяғы көшеге шығып, көрінген
тастың үстіне шығып айғайлап, немесе жаңағы байбалам
салатын уақыттан өттік. Қазіргі гезде заң талаптарын, заңды
түрде талап етіп, заңымыздың жүрмей жатқан жер-лерін
зерттей отырып / мына жер жүрмей отыр, мынадай жаңағы
құқықтық базасы жетілмеген деген сияқты нақты мысалдар
арқылы, нақты ұсұнұстар арқылы ғана қолымыз же-тет.
Бұрұңғыдай бос айғай бізге қазір ешқандай табыс әкеле қоймайд
деп ойлайм. (Қазақ радиосы. Сұқбат.) деген сөйленімде
қосыла алма-а-айм, ғайда-а-а-а, баяғы гезден, заң талаптарын,
заңды түрде, заңымыздың жүрмей жатқан жерлерін, нақты
мысалдар, нақты ұсұнұстар деген сөздер жоғары тонмен,
басыңқы дикциямен айтылған, бұл сөйленімдегі негізгі айтайын
деген ойдың акценттілігін танытқан. Алайда жазба тілде сөздің
бұл прагматикасын беру мүмкіндігі болмайды.
Жалпы, қазақ тіл білімінің басқа деңгейлеріне қарғанда
сөйлеу синтаксисі ғалымдар назарына көбірек ілінді. Ол
көркем әдебиет тілін зерделеу, шығарма кейіпкерлерінің
сомдалуын бажайлау, диалог сипатын анықтау сияқты әртүрлі
мақсатта қарастырылды. Және әдеби тілге оппозиция құрайтын
сөйлеу тілі ретінде зерттелді. Бұл бағытта профессор
Р.Әміровтың “Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшелігі”,
және “Қазақ әдеби тілінің мәселелері” атты авторлар
ұжымының еңбектері бар. Алдыңғы еңбекте зерттеу материалы
ретінде диалог мол ұшырасатын Б.Майлин шығармалары
көбірек пайдаланылса, соңғы еңбекте жазба тілге тән үйірлі
мүшелердің,
қыстырма
сөздердің,
оңашаланған
айқындауыштардың сипаты әңгіме болды. Біз құрмалас
сөйлемдердің шоғыры тек жазба тілде көп екенін білеміз.
Алайда жазылған мәтінге табан тіремей сөйленген шешендік
сөздерде де құрмалас сөйлемдер кездесетінін көруге болады.
Сонымен, жазба тілдің бір ерекшелігі және қиындығы ойды
сыртқа шығаруда, ақпарат беруде тілдік бірліктерді көп қолдану,
содан барып, мәтіннің үлкен, сөйлемдердің ұзақ болып кетуі бо-
лып отыр. Бұл берілген ой немесе ақпараттың тез ұғынылуын
қиындатады. Және уақытты алады. Сондықтан жазба тілдің осы
кемшілігін жоятын амал-тәсілдер пайда болуы мүмкін бе? Соңғы
уақытта графикалық кодты жетілдіру мақсатында жазуды
қысқарту, аз таңбаға көп мағына сыйдыру, жазу уақытын үнемдеу,
жазу биомеханикасы, буын арқылы жазу, стенографиялық жазу
туралы мәселелер көтеріліп жүр. Сондай-ақ, интернет кеңістігінде
хат жазысудың узуалды түрлері пайда бола баста-ды. Қалыпты
нормадан ауытқыған жазу нормасы, жазудың те-лефон қызметінде
жұмсалуы, ауызша тілге жақындауы, әсіресе ағылшын, француз
жазуымен берілген ақпарат алмасуларында көп екен. Мысалы,
француз тілінде 80%, ағылшын тілінде 70%, орыс тілінде 50%,
кездеседі екен.
Қалай сөйлесе солай жазылған мәтіндер, былайша айтқанда,
телефонның функциясын атқарады. Адам сөйлесіп отырған ада-
мын көрмесе де, дауысын естімесе де, оның қалай сөйлесе, со-лай
жазған мәтініне қарап дауысын естігендей болады. Сөйтіп, жаңа
қатынас жүйесінде ауызша тіл мен жазу өзара беттескен-дей
болады. Интернет арқылы коммуникация жасаушылар үшін
62
63
ой мен оның жазба көрінісі синхронды. Бүгінде мәтіннің
жалпы сипаты да өзгеру үстінде. Оған тағы ғылым мен техника
про-гресі, әсіресе интернет кеңістігі себепкер болып отыр.
Сөйтіп, ауызша тіл синтаксистік құрылымын, жазба тілдің
синтаксистік құрылымына көшіруде грамматикалық
тәсілдердің жүйеленуі; сөйлем мүшелері байланысының
жүйеленуі; басы артық, ақпарат бермейтін бірліктерді қысқарту
процестері орын алады.
ІІ кезекте сөйлемді таңбалау үшін дыбысты әріпке айнал-дыру
процесі жүреді. Ол үшін: І. 1) Дыбыстық құрақты әріп құрағына
айналдыру, айтылған дыбыс түрленімінің негізгі реңкін тану –
дыбысты фонемаға айналдыру, 2) фонеманың тіл-дік санадағы
графикалық ассоциациясын – графемасын табу, 3) графеманың
жазу контексіне сай әріп түрін жазу (баспа, жаз-ба әріп, бас әріп,
кіші әріп, идеографиялық сипат), 4) сөйлемнің прагматикалық
сипатына сай әріптің майлы, ашық, курсив, боя-улы түрін табу. ІІІ
кезекте ауызша тілдің лексикалық жүйесін жазба тілдің
лексикалық жүйесіне кодтау. Проф. Т.Әміров ауызекі сөйлеу
тілінің лексикасында өзгешелік барын айтқан. Ауызша тілдің
мағыналық құрылымын түсінуге жағдай, тілдік орта,
тілдесушілердің аялық білімі, танымы, ым-ишара, мими-ка,
интонациясы мүмкіндік жасап, диалог ішіндегі әрбір лек-сема
сөйлеушінің ұсынып отырған мағынасында (кейбір тілді дұрыс
білмейтіндердің арасында болатын ерекше жағдайларда болмаса)
ұғынылады, тыңдаушыға сол мағынасында жетеді. Сондықтан
ауызша тілде сөздер тура мағынасында қосымша
анықтауыштарсыз қолданылады. Ал жазба тілде әрбір жазылған
сөз көбінесе өз бойындағы бүкіл мағыналық белгілерімен қоса
ұғынылып отырады да, жазба тіл жайылма сөйлем, сабақтас
құрмалас, аралас құрмалас сөйлемдерге ұласып кетеді. Ауызша
тілдің сөздік қоры үнемі мағыналық жылжуда болады. Әр тіл-дік
жағдаятта белгілі бір лексеманың бойына жаңа мағыналық реңк
жамалуы мүмкін. Оны тілді тұтынушы да, сөйлеуші де байқамай
қалуы ғажап емес. Және оның тілдік жүйеге айналуы-на да ұзақ
мерзім керек болады. Бірақ бұл тұрғыдан жазба тіл-дегі
лексикалық бірліктердің мағынасы тілдік бірліктің өзімен
сәйкеседі де, екеуі бір бүтін болып, ауызша сөйлеу тіліне оппо-
зиция болады.
Ауызша тілді жазба тілге айналдырудың лексикалық дең-
гейінде 1) денотат, сигнификаттардың жазба тілдегі атаулық нор-
маларын екшеу; 2) жаргондық сөзқолданыстарды әдеби сөз ва-
риантына айналдыру; 3) жергілікті, қарапайым, ауызекі сөйлеу
элементтерін әдеби тілдегі баламасына көшіру; 4) ауызша тілде-гі
қысқа аталымдарды жазба тілдің тіркесті толымды аталымы-на
айналдыру (біздің гимн – ҚР гимні) процестері жүреді.
Ауызша тілде кенеттен пайда болатын формалар, жаңа
сөздер мен қолданыстар жазба тілде редукциялануы немесе
лексикалық нормаға сай берілуі мүмкін. Академик Л.В.Щерба
стандарт құрылымнан, әдеби сөздерден ауытқыған сөздер мен
құрылымдарды тыңдау керек, зерттеу керек, өйткені ол тілдің
даму бағытын көрсетеді деген. Күнделікті өмірдегі ауызша
сөйленістерден көптеген бейнормалықты көруге болады. Ол
нормасыздық деп тауып отырғанымыздың көбі кейде жазба тіл
үшін ғана болып шығады, ал ауызша тілдің сөйлеу нормасына
сәйкес келеді. Оны тыңдаушы да, сөйлеуші де қате деп таппай-
ды. Ондай жағдайлар, негізінен, ойды тезірек, асығыс сыртқа
шығаруға ұмтылудан туындап жатады. Ауызша тіл спонтанды
құбылыс, онда қарым-қатынасты қарапайымдандыру, жеңіл,
оңай ету жағы көбірек қарастырылады. Н.Хомский өлі тілдің
ғана жазуынан құрылым табуға болады, ал тірі тіл жанды сөз,
сондықтан тіл құрылымын табу қиын деген.
Не себептен жазба тіл әдеби норма элементтеріне сай болу
керек. Өйткені жазба тіл ауызша тілдің элементтерімен сөйлесе,
мәтіннің коммуникация жасау күші әлсірейді. Оны графикалық
ассоциацияда қабылдайтын сана жазба тіл ретінде танымайды.
IV кезекте ауызша тілдің морфологиялық жүйесін жазба
тілдің морфологиялық жүйесіне кодтау процесі жүреді.
1) ауызша тілде сөздер бір-бірімен семантикалық жағынан
күшті байланыста болады. Вербалды емес коммуникация
тәсілдері (мимика, жест, интонация, пауза, ситуация т.б.)
сөздердің грамматикалық формасыз байланысуына түрткі бо-
лады. Сондықтан ауызша тіл вербалды емес тәсілмен берілген
мазмұнды тілдік элементтермен бергенде сөздердің логикалық,
семантикалық, жасырын байланысы жазба тілде вербалдана-
ды. Ол грамматикалық формалардың кеңінен қолданылуына,
синекдохалық метонимиялық қолданыстардың грамматикала-
нуына бастайды (Алматыда – Алматы қаласында, бізде – біздің
елімізде, оларда – Қырғызстан жерінде). Ауызша тілде әсіресе
етіс формаларының, ілік септік пен табыс септік жалғауларының
жалған қолдануын байқауға болады. Бірақ сөйленім сонда
64
65
да коммуникантқа түсінікті болады. Алайда оны жазба тілге
грамматикалық формаларсыз немесе жалған нормамен қолдану
арқылы кодтау жазба тілдің мәтініне кедергі келтірері сөзсіз.
Сондай-ақ ауызша тіл жүйесінде жиі көрінетін формалардың
дыбыстық варианттары (мысалы, көптіктің - лар, -дар, -тар,
септіктің -нұң, -нүң, -дүң, -тұң), қысқарған формалар [барам],
[бересаш], [кетчей] жазба тілде инвариант формаларға айнала-ды.
Проф. Р.Әміров жазба тілге қарағанда ауызша тілде септік
жалғауы көп қолданылады деген тұжырым жасаған: берілген-
діктен – бергеннен соң, айтылғанмен – айтылса да. Сондай-ақ
М.Исаев апаларым деген қалыпты норманың орнына апамдар,
әкеңдер, жездемдер деген сөйлеу тілінің элементтері шыға бас-
тады деген. Ал ІІ жақ жалғауының бүгінде әдеби тіл нормасы
саналып жүрген -сың, -сің варианты сөйлеу тілінен енген фор-
малар болып шыққан.
Сонымен, ауызша тілдің барлық деңгейлері жазба тілге
кодталғаннан кейін, жазарман енді өзі құрған мәтінін оқып,
қайта өзіне қабылдау сатысына келеді. Өйткені қайта оқу
жазарманның мәтінді жазба тілдің тезіне салып қабылдауына,
графикалық мәтіннің орналасуынан бастап, азатжол, тыныс
белгі, қаріп түрлері, әріп таңбаларына дейін, енді оқырман
“рөлінде” жазба тілдің жүйесімен қабылдауына мүмкіндік бе-
реді. Бұл – жазба жүйеде ақпараттың дәл жетуін қалайтын жа-
зарман позициясын ескеруден шығатын соңғы акт. Ол стиль-дік
өңдеу, редакторлау, толықтыру, жөндеу жұмыстары дегенге
саяды. Стилге салу жазылған ойдың оқырманға тез, дәл, нақты
жету жолдарын қарастыру.
Сонымен, бұл ауызекі сөз ⇒ ауызша тіл ⇒ жазба сөз ⇒
жазба тіл бағытындағы кодталу сатылары болып табылады.
Көрсетілген процесті сауатты адамның барлығы жақсы меңгере
бермейді. Мұнда жазба тілдің нормасын меңгерген жазу ше-
берлігі қажет. Бұл деңгейдегілердің санасында ауызша тілге
қарағанда жазба тіл жүйесі басым орналасады.
Енді жазба тілдің ауызша тілге кодталу сатыларын
көрсетейік.
І. Мәтінді оқу. Ол екі түрлі болуы мүмкін: 1) Көзбен қармап
көру арқылы графикалық контексте түсіну, яғни іштей оқу. 2)
Дауыстап оқу. Мұнда әріп санадағы графема-фонема жүйесімен
ассоциацияланып, сыртқа дыбыс реңктері болып шығады. Әріп
дыбысқа айналады.
66
ІІ кезекте жазба тіл жүйесінде берілген ойдың мазмұндық
жағы екшеледі. Оқырман санасында ақпараттың негізгі мәні
түсінік ретінде қалыптасады. Түсінік ойлау және пайымдау
арқылы тілдік санаға елес болып түседі.
ІІІ кезекте осы ой мен пайымдау көрінісін сыртқа ауызша тіл
жүйесі мен тәсілдері, бірліктері арқылы шығару тұрады. Яғни
жазба тілдің графемдік жүйесі ауызша тілдің дыбыстық
жүйесіне, жазба тілдің синтаксистік, морфемдік, лексикалық
деңгейі ауызша тілдің өзіндік деңгейлері тәсілдеріне
кодталады. Мәтіндегі мазмұн ауызша сөзге әсерлі, дәл, нақты
болып кодта-лу прагматикасы қарастырылады.
ІV кезекте ауызша тіл жүйесімен дыбыстық тілге код-тау
орын алады. Ол екі түрлі болуы мүмкін: еркін және жаз-ба тіл
құрсауында баяндау. Біріншісінде ауызекі сөйлеу эле-менттері
көп, синтаксистік құрылым нормаға сай емес, тосын
құрылымдар болады, бірақ сөйленім аудиториясына түсінікті
келеді. Екіншісінде, жазба тіл жүйесі сақталады. Жазба тілдің
синтаксистік құрылымында баяндау лексикалық, морфемдік
деңгейін ауызша тілге кодтамау жаттанды әсер қалдырады:
ақпарат әсер етпейді. Өйткені, әріп фонема арқылы танылып,
дыбыс қорына айналғанмен, яғни ауызша тілдің орфоэпиялық
нормасы сақталғанмен, жазба тілдің басқа деңгейлері ауызша
тілдің тезіне салынған жоқ.
Сондықтан, әр тілдің өз жүйесі мен бірліктерінде, норма-сы
мен заңдылықтарында берілмеген ой адресатына жетпейді.
Ауызша тілде – дыбыс, дыбыс тіркесі үндесім, үйлесім заңы, тон,
екпін, интонация, мимика, кідіріс, логикалық екпін; жазба тілде
– әріп, бас әріп, кіші әріп, азатжол, босаралықсыз, босаралық,
қосаралық, тыныс белгілер графикалық, орфографиялық,
орфоэпиялық ережелер әр жүйенің өзіндік коммуникация
тәсілдері мен бірліктерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |