107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата28.12.2016
өлшемі9,17 Mb.
#649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

137
да болып келеді. Бұл ұлғайтылған секунда интервалы (азай-
тыл ған септиманың айналуынан пайда болған) мен кіші терция-
ның энгармониялық теңдігі нəтижесінде қозғалысқа келеді. Мі не, 
осыдан келіп азайтылған септаккорд пен оның айналулары 
құрылып шығады. Əсіресе, осы жағдайдың маңызды болатын 
себебі, алуан түрлі бірқатар тоналдықтарда азайтылған септак-
корд өзінің шешімін табуға мүмкіндік алады. Мысалға жүгінейік: 
Жоғарыда айтып өткен азайтылған септаккордтың қасиет-
тері музыка тəжірибесінде энгармонизмдік (немесе басқаша, 
тұтқиыл) модуляцияны іске асыруда кеңінен қолданылады. 
б)  Екінші  басқыштан  құрылған  субдоми нант сеп так кор-
дтың жəне оның айналу жүйелерінің шешілімдері
Субдоминанттық функцияның басты диссонанстық гар-
мониясы – ІІ басқыштан құрылған субдоминант 
септаккорд 
құрылымында екі түрлі болуы мүмкін: 1) кішіминорлық субдо-
минантсептаккорд (табиғи жай мажорда жəне əуендік минорда); 
2) азайтылған квинталы кіші субдоминантсептаккорд (табиғи 
жай жəне гармониялық минор мен гармониялық жəне əуендік ма-
жор түрлерінде).
Субдоминанттың гармония сияқты ІІ басқыштағы септак-
корд (субдоминантсептаккорд) тікелей тоникаға жəне оның ай-
налуларына жанама тəсілмен, яғни септиманы екі аккордтың 
арасындағы жалпы үн (тон) ретінде де орнында қалдыру 
арқылы шешілім табады. Қалған дыбыстары (SІІ7), оған кіретін 
басқыштардың лад жүйесінің тартылысына лайық, тониканың 
ең жақын дыбыстарына қарай бірте-бірте жылжып шешілім 
табады. Алайда, бұл жағдайда да, дауыстардың қатарласа па-
раллельдік квинтамен жылжымауын мұқият қадағалау шарт. Мы-
салы, SІІ7-тың примасы (егер басында тұрса) тоника терциясына 
қарай бір басқыш жоғары жылжиды, ал айналуларында жоғары 
қарай қозғалмайды, керісінше, бір басқыш төмен – тоника при-
масына немесе (көрші дауыспен унисонға қарай жылжыған 
қозғалысқа соқтықпай, секіріп) тоника квинтасына қарай бір 
кварта жоғары жылжиды. SІІ7-тың терциясы екі түрлі (нақты 
шаралар тəуелсіздігінде) амалмен шешілім табуы мүмкін: не 
10–937

138
(əдеттегідей) тоника терциясына қарай бір басқыш төмен жүреді; 
не тоника квинтасына қарай бір басқыш жоғары жүреді. 
Алайда, дауысында бас тұрса, тоника примасына қарай бір 
кварта төмен жанама секіріс жасауы əбден мүмкін. SІІ7- 
тың 
квинтасы əдеттегідей, əрқашан бір басқыш төмен сырғып, тоника 
квинтасына барады. Сонда да, кейде (шеткі дауыстардың бірінде 
тұрып-ақ) ол терцияға секіре отырып, тікелей тоника примасына 
жылжуы да мүмкін. 
Сонымен, ІІ басқыштағы субдоминантсептаккорд жəне оның 
айналулары тоникаға қарай мына жағдайда шешілулері мүмкін: 
ІІ басқыштағы субдоминантсептаккорд тоника мен доми-
нанта сияқты доминантамен кварта-квинталық байланыста 
(арақатынаста) болады, сол себепті дедоминантсептаккордтың 
тоникаға бару тəсілі сияқты SІІ консонанстық доминантаның сан 
алуан түрлеріне шешілім табуы мүмкін. Мысалға жүгінейік: 
Əрине, бұл жағдайда SІІ

ең дұрыс тəсілмен шешіледі.
Қорыта келгенде, жоғарыда көрсетілген тоникаға (плагалдық) 
жəне доминантаға (автентикалық) шешілу тəсілдерінен басқа 
SІІ
7
 
доминантсептаккорд жəне оның айналулары арқылы тони-
калық үшдыбыстыққа өтеді. Бұл жағдайда SІІ
7
-тың прима-
сы мен септимасын тиісті доминантсептаккордтың примасы 
мен терциясына бір басқыш төмен көшіріп, қалған дыбыста-
рын сол өз орнында қалдыра отырып апаруға тиіспіз. Соның 
нəтижесінде – SІІ

септаккордымен салыстырғанда бір айналу 
арқылы доминантсептаккордтың бір түрі пайда болады. Бұл бара 
-бара бізге белгілі ереже бойынша тоникаға шешіледі.
Сызба түрінде былай мазмұндалады: 

139
Кварталық септаккордтардың үндестік шешілімдері
Кварталық септаккордтар көп жағдайда өзінің негізгі түрін-
де қолданылады (яғни, оны құрайтын дыбыстар кварта бойымен 
орналасуға тиісті), олардың ішіндегі қолданысқең қажеттісі – 
кіші квартсептаккорд болып табылады. Басқа аккордтар сияқты 
бұл да өзінің айналу жүйесіне ие, бірақ квартсептаккордтың үш 
дыбысты болуына байланысты, жоғарыда айтып өткеніміздей, 
оның айналулары тек екеу болып келеді. Бұл жерде айта кету ке-
рек, квартсептаккорд 266 əртүрлі үлгілерде бо лады (кіші, үлкен, 
үштонмен – ұлғ.4 – төменде немесе жоғарыда). Міне, сол себепті 
де олардың айналуларының ішкі құрылыстары тиісті жағдайда 
өзгеріп отыруы заңды.
Мысалға жүгінейік:
Кіші квартсептаккорд табиғи жай ма-
жорда ІІ, ІІІ, V,VІ жəне VІІ бас қыштарда, 
ал табиғи жай минорда І, ІІ, ІV, V жəне 
VІІ басқыштарда құрылуы мүмкін (яғни, 
онда кіші сеп тималар кездесетін жағдай-
лар да).
Үш тондық (ұлғ.4) үлкен квартсеп таккорд табиғи жай минор-
дың VІ басқышында жəне табиғи жай мажордың ІV басқышының 
төменгі жағынан құрылса, ал үш тон жоғары үлкен квартсеп-
таккорд табиғи жай минордың ІІІ басқышынан (яғни, үлкен 
септиманың орналасқан жерінен) жəне де табиғи жай мажордың 
І басқышынан құрылады. 
Квартсептаккордтардың шешілулері (əдеттегідей) ладо функ-
ционалдық байланыс пен тартылыс негізінде жасалады. Мысалға 
жүгінейік:
Квартсептаккордтың айналулары едəуір сирек қолданылады, 
ал шешілуі негізгі түр бойынша жүзеге асады (нақтылы жағдай-

140
ларды есепке алуда ұғынылады). Қазіргі заманғы музыкада кварт-
септаккордтар басқаша да (мөлшерсіз) шешілуі мүмкін. 
Нонаккордтардың үндестік шешілімдері
Нонаккорд – диссонанстық бифункционалдық гармония бо-
лып есептелінеді. Бірақ оның диссонанстығы септаккордтар-
мен салыстырғанда екі жаңа интервалмен – нонамен жəне де 
аккордтың ішкі құрылымында құрылған тағы да бір септимамен 
күшейтілген. 
Кез келген нонаккорд толық (бес дыбысты, тонды) түрінде 
жəне толық емес (төрт дыбысты, тонды) түрінде де кездесуі əб-
ден мүмкін. Нонаккордтың толық емес түрінде, əдетте, квинта-
лық тон жоқ болады – ең ашық дыбыс. Өйткені ол нақ қазіргі 
гармония үшін анықтау негізі болып табылмайды. Сондықтан да 
жалпы біртұтас құрама түрінде бейнеленбейді: 
Əрбір тұрақсыз гармония сияқты нонаккорд та өзінің үндестік 
шешілімін табу жолына ұмтылады. Оның шешілімінің ең 
қарапайым түрлері мынадай болып келеді. 
1) Доминантнонаккорд (кез келген нонаккорд сияқты) өзі 
құрылым тапқан сол басқыштағы ішкі функционалдық бай-
ланыстың жəрдемімен шешілген септаккордқа үндестік шешім 
тауып көшуі мүмкін. Бұл үшін нона дыбысы доминантсептак-
кордтың примасына бір басқыш төмен түседі, ал қалған дыбыс-
тар сол өз орнында қалады. Бұл жағдайда толық нонаккорд то-
лық (бұл да бес дыбысты, тонды – приманың екі еселенуі есебін-
де) септаккордқа, ал толық емес нонаккорд – толық емес (квинта-
сыз) септаккордқа үндестік шешім тауып ауысады: 

141
Осының нəтижесінде алынған септаккорд бізге белгілі ереже-
лер бойынша шешіледі: 
2) Нонаккорд тікелей жоғарыда таза кварта болып жатқан 
үш  дыбысқа (немесе квинта төмен), үндестік шешілімін тапқан 
Д9-Т сияқты шешілім табуы керек. Бұл жағдайда толық нонак-
корд толық үш дыбысқа мынадай жолмен ауысады: үстіңгі төрт 
дауыс кіріспе септаккордтың үндестік шешілімін тапқандағыдай 
қозғалады, ал нонаккордтың бас дауысы (примасы) үшдыбыс тық 
примасынан секіріп, квинта төмен) немесе кварта жоғары бара-
ды. Жоғарыдағы мысалды тағы да бір қайталап көрейік: 
Содан келіп доминанталық үшдыбыстықта терция да, прима 
да екі еселеніп, нақты бес дауыс құрайды.
Толық емес нонаккорд та осындай жолмен шешіледі: септима 
мен нона бір басқыш төмен түседі, терция – бір басқыш жоғары 
көтеріледі, ал бас дауысы секіріп, кварта жоғары (немесе квин-
та төмен) қозғалады. Бірақ толық емес нонаккордта квинталық 
тонның жоқ болуына байланысты доминанталық үшдыбыста тек 
прима екі еселенуімен ғана шешімін табады. Міне, сол себепті де 
ол төрт дауыстабаяндалады: 
Тапсырма: 
Жоғарыда қаралған аккордтарды музыка шығармаларынан 
тауып (əсіресе, классикалық музыкадан), талдау керек. Оқытушы 
студенттермен бірге класта бірнеше классикалық шығармаларды 
қарап, талдаулары керек. 
Аккордтың құрамына енбейтін дыбыстар
Əуен мен оны сүйемелдеудің үйлесім табуы фактура жазуы-
ның тəуелділігімен əртүрлі болуы мүмкін. Гомофондық факту-
ра түрінде əуеннің ырғағы мен дауысы біртектес. Бұл жағдайда 

142
əуеннің əр дауысы өзінің аккордымен байланысты болып шығады. 
Басқаша айтқанда, əуендік бағыттың əрдыбысы аккордтың тап 
сол бір дыбыстарына тəндігін байқатады. 
Мысалы, Брусиловскийдің «Жалбыр» операсынан үзінді 
(«Елім-ай»).
Алайда əуеннің əр дыбысын жеке аккордпен үндестіру жиі 
кездесе бермейді. Анағұрлым ерекшелігі мол мұндай үндестік 
кезінде, аккордтар əуеннің бар дыбыстарына емес, аккордтың 
үн қосар құрамына кіретін тек сүйемел тірек болып келеді. Бұл 
жайда  əннің  басқа  дыбыстары  аккордтан  тысқары  болып  шыға       ды. 
Сонымен, əуенді құрайтын дыбыстар екі түрге, яғни – аккорд тың 
құрамына енетін дыбыстар (аккордтық дыбыстар) жəне аккорд-
тың құрамына енбейтін дыбыстар болып бөлінеді.
Аккордтық дыбыстар деп аккордтың примасы, терциясы, 
квинтасы, децимасы, нонасы, т.с.с. болып аккордтың құрамында 
тұрған дыбыстарды айтамыз. Ал аккордтың құрамына енбей-
тін дыбыстар дегеніміз – белгілі аккорд арқылы үн шығаратын, 
бірақ оның ішкі құрамына (яғни, оның терциялық құрылымына) 
кірмейтін дыбыстар.
Аккордтың құрамына енбейтін дыбыстардың төрт түрі бар: 1) 
бөгелген дыбыс, 2) өткінші дыбыс, 3) көмекші дыбыс, 4) алдын 
алу дыбысы. 
Бөгелген дыбыс деп алдыңғы берілген аккорд үндестігінде 
бөгеліп, келесі, жоғары немесе төмен жылжитын дыбыстың ак-
кордтық дыбысқа ойысуын айтамыз. 
Мысалы: 
Өткінші дыбыс дегеніміз – əлсіз үлесте пайда болып, 
біртіндеп қозғалып екі аккордтық дыбыстың аралығында туын-
дайтын, бірақ ол аккордтың құрамына енбейтін дыбыс.

143
Мысалы: 
Көмекші дыбыс – əлсіз үлесте пайда болып, екі бірдей ак-
кордтық дыбыстың аралығында не бір басқыш жоғары, не бір 
бас қыш төмен орналасатын, бірақ аккордтың құрамына кірмей-
тін дыбыс. 
Мысалы: 
Алдын алу дыбысы деп əлсіз үлесте, берілген аккордта 
келесі аккорд дыбысының алдын ала пайда болуын айтамыз.
Мысалы:
Аккордтың құрамына кірмейтін дыбыстар тек жоғары дауыс-
тарда ғана емес, орта дауыстарда, тіпті төменгі дауыстарда да (бас 
дауысында) пайда болуы мүмкін. Жалпы музыкада аккорд 
 
тың 
құрамына кірмейтін дыбыстар неғұрлымкөп болса, шығарма ның 
көркемдік деңгейі, əуені, оның құрамы соғұрлым жақсы дамыған 
болып келеді. 

144
VІІІ т а р а у
ХРОМАТИЗМ ЖƏНЕ МОДУЛЯЦИЯ. ХРОМАТИЗМ ЖƏНЕ 
ОНЫҢ МƏН-МАҒЫНАСЫ
Ладтың негізгі диатоникалық кез келген жеті басқышы ның 
биіктігін (яғни, альтерацияның кілтсіз, кездейсоқ белгісінің кө-
ме  
гімен олардың жарты тонға жоғарылауы не 
месе төмендеуі) 
өзгертудің негізі хроматикалық (сhroma – хрома – грек сөзінен, 
“түс”, “бояу” деген мағына береді) тəртіп құбылысын көрсетеді.
Хроматизм сөзінің дəл мағынасы кез келген ладты диа-
тоникалық басқыштарының жарты тонға жоғарылауын не 
месе 
төмендеуін білдіреді. 
Өз кезегінде əуендік қозғалыста хроматикалық дыбыстар 
өткінші жəне қосымшалы, яғни екі көрші диатоникалық ба 
с-
қыштар аралығындағы “өту жолында” тұрған немесе қан 
дай 
да болмасын диатоникалық дыбыс пен оның қайталануы ара-
лығындағы жоғарғы немесе төменгі жарты тон болуы да мүмкін. 
Мысалы: 
Дыбыстардың жарты тонының (дауыс ырғағына ілесіп отыру 
мағынасында) бүтін тонға қарағанда, əрқашан өткір естіліп оты-
ратыны бəрімізге мəлім. Сол себепті де хромати калық құбылысты 
əуендік жəне гармониялық тұрғыда пай далану, əдеттегідей тек 
фактураның үлкен үйлесімі ғана емес, қайта музыканың жалпы 
үн шығару шиеленісін едəуір көркемдік деңгейде айқындауға 
мүмкіндік береді: 
Гармониялық қатынаста аккорд құрамына кіретін ладтың хро-
матикалық  өзгерген  дыбыстарын  қолдану  аккордтық  комп  ле к с   -
ердің ашық та күшті тартылыс құруына əкеліп со ғады: 

145
Хроматизмнің альтерациялық түрі
Хроматикалық өзгерген дыбыстарды көп жағдайда альте-
рацияланған (“альтерация” сөзі “өзгеріс” деген мағына береді) 
дыбыстар деп те атайды. Алайда бұл шынында да сол жүйенің 
құбылысы, əйткенмен “альтерация” термині əдетте өте тар ұғы м да 
қолданылады. 
Альтерация дегеніміз – əрбір ладта кездесетін бүтін тонды 
тартылыстың жарты тонды шиелінісі деп бұрын айтқанбыз.
Олай болса, біріншіден, көршілес тұрған үлкен секунданың 
орнықты дыбыс интервалын сақтап қалған ладтың диатоникалық 
тұрақсыз басқыштары ғана альтерациялана алады, екіншіден, аль-
терацияланған басқыш (диатоникалықтан ерекшелігі) егер ол тіп ті 
екі тұрақты дыбыстың арасында тұрса да, əртүрлі бағыттағы тар-
тылысқа үстем бола алмайды.
Сонымен, мажорлық, минорлық ладтың тұрақсыз басқыш та-
рының мынадай альтерациялары болуы ықтимал. Мажорда – ІІ 
бас 
қыш жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін; ІV басқыш тек 
жоғарылауы ғана мүмкін; VІ басқыш тек төмендеуі мүмкін. Ми-
норда – ІІ басқыш тек төмендеуі мүмкін; ІV басқыш жоғарылауы 
да, төмендеуі де мүмкін; VІІ басқыш тек жоғарылауы мүмкін. 
Осы жоғарылаған немесе төмендеген басқыштардың əрқай-
сысы тек бір жағына – альтерация жасаған бағытына қарай ғана 
тартылады: 
Ескертпе: Мұнда келтірілген ноталы мысалда диатоникалық 
басқыштар тартылысы жақшаға алынып, сызықша тілімен, ал 
альтерацияланған басқыш жай белгілермен көрсетілген.
Мұндай альтерациялардың нəтижесінде жаңа хроматикалық 
интервалдардың: ұлғайтылған, азайтылған, екі мəрте азайтыл-
ған секілді бір топ қатары пайда болады. Хроматикалық ин-
тервалдар қатарына сонымен бірге гармониялық мажор мен 
гар 
мониялық минордың айрықша (характерлік) интервалда-
ры жатады. Хроматикалық интервалдардың шешілім табуы, 

146
ең алдымен, альтерацияның бағытына сəйкес жасалады. Бұл 
жағдайда кез келген ұлғайтылған (немесе екі есе ұлғайтылған) 
интервалдың əрқашан да кеңдікке жəне де міндетті түрде өзінен 
үлкен интервалға ұмтылатынын есте тұтқан жөн. Керісінше, кез 
келген азайтылған (екі есе азайтылған) интервал тарылуға бе йім 
келеді жəне ол сөзсіз өзінен кіші интервалда шешілім табады: 
Барлық хроматикалық интервалдар акустикалық диссонанс-
тар болып табылмайды. Егер оларды ладтан тысқары алып 
қарайтын болсақ, онда олар темперацияланған сапта кемеліне 
жет  пеген консонанспен энгармонизмдік тепе-теңдік болады: 
Туыс тоналдықтар
Тоналдық музыкада негізгілер (немесе бастылар) ретінде, 
өздеріңзге мəлім, көптеген əртүрлі тоналдықтар пайдаланыла-
ды жəне олар бір-бірімен тығыз арақатынаста немесе белгілі бір 
жүйелі байланыста болады. 
Оның жалпы дыбыс құрамында да, аккордикада да, ладтың 
ең басты тоникалық үшдыбыстық (тоникасында), тікелей ладо-
функционалдық қатар бағыну қатынасында да тоналдық ең үлкен 
рөл атқарады. Осының негізінде барлық тоналдық тар жақын туыс 
немесе туыстастықтың ең алыс дəрежесіне бөліне ді. Етене жақын 
немесе туыстастар (осы сөздің дəл мағынасында) қатарына тек 
бір-бірімен диатоникалық туыстықта (яғни, туыстықтың бірінші 
дəрежесінде) болатын тоналдықтар жатады. Басқа тоналдықтар 
туыстықтың алыс дəрежесіне, не азды, не көпті болып саналатын 
түріне жатады.
Əрбір мажор үшін туыстас болып, тоникалық үшдыбыстық 
берілген тап сол ладтың негізгі басқыштарында кездесетін алты 
тоналдықтар есептелінеді: 
1) берілген мажорлық тоналдықтың қатарласпалы минор лық то-
налдығы (яғни, VІ бас қыш тан);
2) доминанта тоналдығы (яғни, V басқыштан);

147
3) доминантаның парал-
лель   дік  тоналдығы  (яғни,  ІІІ 
бас қыш тан);
4) субдоминанта тонал-
дығы (ІV басқыштан);
5) субдоминантаның па-
рал ле льдік 
тоналдығы 
(ІІ 
басқыштан);
6) дəл сол мажордың гармониялық түріндегі – субдоминанта 
минорлық тоналдығы (VІ). 
Əрбір минор үшін де туыстас болып тоникалық үшдыбыстық 
берілген ладтың негізгі басқыштарында алтытоналдылық кез-
деседі. Олар мыналар:
1) берілген минордың 
параллельдік мажорлық 
тоналдығы (яғни, табиғи 
жай ІІІ басқыштан);
2) табиғи жай доминанта 
тоналдығы (V);
3) табиғи жай доминан-
таның параллельдік тонал ды ғы (VІІ);
4) субдоминанта тонал дығы (ІV);
5) субдоминантаның па рал лель дік тоналдығы (VІ бас қыш тан);
6) берілген минордың гармониялық түріндегі мажорлық до-
минанта (Д) тоналдығы; 
Сонымен, берілген мажордың диатоникалық туыстығы құра-
мында екі мажорлық жəне төрт минорлық тоналдықтар; беріл-
ген минор туыстығында – екі минорлық жəне төрт мажорлық 
тоналдықтар бар. 
Бұл жағдайда кілттік белгілердің айырмашылығы əртүрлі бо-
лады, міне сол себепті де бұл жай салыстырмалы тоналдықтар-
дың алыстағы немесе жақындықтың жалғыз сенімді белгісі бо-
лып қызмет ете алмайды. Параллельдік тоналдықтардың кілттік 
белгілері əрқашан да бірдей, өйткені олардың табиғи жай түрінің 
дыбыстық құрамы бір-біріне өте ұқсас. 
Доминанта мен субдоминантаның тоналдықтары мен олардың 
параллельдік тоналдықтары дəл сол, мажорлық жəне минорлық 
тоналдықтардан əрқашан да бір кілттік белгімен ерекшеленеді: 
доминанталар – диездің өсуі жағына, субдоминанталар – бемоль-

148
дің өсуі жағына. Ал мажор үшін субдоминанта гармониялық 
(минорлық) тоналдықтан, минор үшін гармониялық (мажорлық 
доминантасы) негізгі тоналдықтан бірден төрт кілттік белгіге 
айырмашылығы бар: біріншісі – бемольдердің өсуі жағына, 
екіншісі – диездердің өсуі жағына.Сонымен қатар, бұл жағдай 
алыс тоналдықтарға жылдамдатып көшу кезіндегі модуляциялық 
техникада кең пайдаланылады. 
Хроматикалық гамма жəне оның жазылу ережесі
Хроматикалық гамма дегеніміз – тек жарты тоннан құрылатын 
гамма, октава аралығында орналасқан дыбыстар тізбегі. Ладтың 
минорлық жəне мажорлық жеті басқыштық гаммаларының барлық 
үлкен секундалық арақатынасы хроматикалық жарты тонмен 
толығу нəтижесінде пайда болса да, өздігінен қандай да бір дербес 
ладтық жүйені білдіреді. Егер гармониялық əдіс-амал жолдарына 
сəйкес келетін хроматикалық гамманың ладотоналдық бастапқы 
негізіне немесе ладтың тірекші диатоникалық басқыштарының 
ырғақтық бөлінісіне ерекше көңіл аудармасақ, онда хроматиялық 
гамманың ладтық белгісі мен тоналдығын есту қабілеті арқылы 
ажырату тіпті де мүмкін емес. Оны тек мынадай жолдармен жаса-
латын нота жазу белгілері арқылы ғана істеуге болады:
1) хроматикалық гамма өзінің негізінде жатқан басқыштарын, 
өзінің орфографиясын əрқашан тұрақты жағдайда ұстайтын 
диатоникалық минор мен мажордың дыбыс қатарын есепке алу-
мен ноталанады;
2) өрлеп келе жатқан қозғалыста өзінің соңындағы басқыштан 
бүтіндей бір тонға қалыс қалған барлық диатоникалық басқыштар 
жарты тонға көтеріледі. Тек мажордың VІ басқышы мен минордың 
І басқышы ғана ерекшелік құрайды, жоғары көтерілудің орнына 
керісінше, мажордағы VІІ басқыш пен минордың ІІ басқышындағы 
хроматикалық жарты тонға сəйкес төмендейді;
3) мажордағы гамманың төмендейтін қозғалысында өзінен 
кейінгі басқышпен бүтіндей бір тон құрайтын диатоникалық 
басқыштар жарты тонға төмендейді; тек V басқыш қана ерекшелікте 
көрініп, төмендеудің орнына ІV басқыш жоғарылайды. 
Минордағы гамманың төмендейтін хроматикалық дыбыс 
қатарының орфографиясы (мұнда І жəне V басқыш төмендейді) 
мажордағы аттас дыбыс қатарының нотациясымен тектес болып 
шығады (əрине, альтерацияның кілтті белгілері есепке алынады): 

149
Жоғарыда келтірілген мысалдардан байқалатын жай, хрома тикалық 
гаммалардың мажорда жазылуларының айыр машылығы, ең алдымен, 
ладтың жеті басқыштық диатоникалық негізіне он екі дыбыстың нақ 
қайсысы алынаты ндығымен есептелінеді. Ал, содан соң осыған лайық 
басқа дыбыстары да ноталанады (немесе альтерацияның диатоникалық 
басқыштағы қажетті белгілері қосылады).
Өрлеп келе жатқан қозғалыста кез келген жоғары басқыш 
соңынан жалғасқан диатоникалық дыбысқа қарағанда, жарты тон 
жоғары шиеленіскен кіріспе тартылысы есебінде қабылданады 
(яғни, кіріспе септаккордтың примасы доминантсептаккордтың 
терциясы сияқты). Бұл жағдайда мажорлық немесе минорлық 
үшдыбыстық құрылым табуы мүмкін, яғни тоникалық негіз-
дер – қуатты болып табылатын аккорд. Нақ сол себепті де, 
мажордағы VІІ басқыш тұрақсыз аккорд болып саналатын 
азайтылған үшдыбыстықпен кездеседі, онда, əрине, VІ басқыш 
жоғарыламайды, мажорлық-хроматикалық гамманың тартылы сы 
болуы да мүмкін емес. Хроматикалық гамада V басқыш төмен-
демейді, қайта ІV басқыш жоғары көтеріледі. 
Музыкалық əдебиетте кейде хроматикалық гамма ережесі ба-
яндайтын қағидалардан ауытқушылықтар да кездесіп отырады. 
Музыкада хроматизмнің екі түрі кездеседі:
а) бүтіндей бүкіл музыкалық негіздердің «безендірілуіне» 
мүмкіндік беретін əуендік хроматизм (ең алдымен – қосымша не-
месе өткінші дыбыстардың сол немесе басқа хроматикалық дауы-
стары есебінде пайдаланылатын əуендік бағыт);
ə) қалыптасқан немесе жаңа құрылған ладофункционалдық 
тартылыстың шиеленісімен байланысты гармониялық хрома-
тизм, (онда, ең алдымен, гармонияда жəне аккорд құралдарының 
өткір бағытына лайықты нығаю байқалады). 

150
Əдеттегідей, гармониялық хроматизм жаңа ладотоналдық 
орталықтың құрылуына жəне де негіздердің алмасуына əкеліп 
соғады, музыканың тоналдық дамуына белсенді атсалысады.
Модуляция, ауытқу, салыстыру
Музыкада бір тоналдық шығармалар сирек кездеседі. Бір-
тоналдық шығармалар көп жағдайда халықтың жəне классикалық 
музыканың кіші формасында кездеседі. Бұлар – əндер немесе 
аспаптық пьесалар (миниатюрлар).
Əртүрлі жанрдағы көптеген шығармаларда тоналдық өзге-
ріс тер өзінің музыкалық тақырыптық материалының ішкі өсіп-
өрбу процесінде музыканың дамуына қатынасып, шығарманың 
мəн-мазмұнын байыта түседі. Бір тоналдықта басталып, аяқталса 
да, əлденеше рет аралық ретінде (яғни, тұрақсыз) əртүрлі то-
нал 
дықтар кездесіп, шығарманың ішкі бейнелерін кеңейтуге 
мүмкіндік туғызады.
Тоналдық қозғалыстың үш тəсілі бар: ауытқу, модуляция, са-
лыстыру. Осы үшеуі музыкалық қозғалыста “модуляция” деген 
жалпы ұғымға ие болады. Модуляция дегеніміз – бір тоналдықтан 
екінші тоналдыққа ауысу деген сөз. Жаңа тоналдықтың каданс-
тық бекітілуі жетілген модуляция құрайды.
Бірінші дəрежедегі туыс (диатоникалық туыс) тоналдықтағы 
модуляциялар əдетте қарапайым, жалпы түрде (немесе оның 
тоналдыққа ауытқуы жолымен) жасалады.
Ең алыс тоналдыққа көшерде екі тəсіл: біртіндеген жəне 
кенеттік модуляция пайдаланылады.
Біртіндеген модуляция жалпы (шеткі) тоналдықтар арқылы 
жетіледі. Сонымен, туыстастық ІІ жəне ІІІ басқышына көшкенде 
диатоникалық туыстықта негізгі жəне ақырғы тоналдықта тұр   ған 
жалпы бір тоналдық-ақ жеткілікті. Ал ең алыс тоналдық (тəжі-
рибе жүзінде туыстас емес) арақатынасының біртіндеген жəне 
кенеттік “тіректер” арасында аралық тоналдық, ең кем деген де, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет