Литература:
1.
Ермоленко В.А. Технология разработки блочно-модульных учебных
программ для учреждений профессионального образования.- М.: Ин-т развития
проф. образования Мин-ва образования РФ, 1996. – 172 с.
Хабаршы
№1- 2015ж.
42
2.
Новикова
Г.П.
Профессиональная
подготовка
студентов
педагогического ВУЗа в современных условиях. // Вестник КАЗНПУ им. Абая,
2012 – С. 5-10.
3.
Воронина М.Г. Блочно-модульная педагогическая технология обучения
в учреждениях начального профессионального образования – диссертация. – М.:
2002. -
http://www.dissercat.com/ content/
4.
Кудебаева Г.С. Влияние модульного обучения на формирование
педагогических знаний студентов – автореферат диссертации на соискание. –
Алматы, 2000. - http://www.dissercat.com/content/
5.
Галеева Н.И. Блочно-модульное обучение на уроках истории -
http://berikulschool.ucoz.ru/publ/5-1-0-3
6.
Никитина
Е.Г.
Блочно-модульное
обучение
как
фактор
совершенствования
иноязычной
подготовки
студентов
экономических
факультетов вузов. // Известия Российского государственного педагогического
университета им. А.И. Герцена. – 2008. - №7-1.
7.
Фадеева К.Н. Блочно-модульная технология подготовки специалистов в
вузе. - http://lib.rushkolnik.ru/text/32262/index-1.htlm
8.
Студеникин М.Т. Современные технологии преподавания истории в
школе. -http://www.plam.ru/hist/
9.
Смородина Е.В. Модульное обучение. // «История». – 2003. - №40.
(Приложение к газете «Первое сентября»).
10.
Бекишев Г.К. Теоретическое обоснование использования технологии
блочно-модульного обучения на уроках физики. - http://collegy.ucoz.ru/
11.
Гузеева В.В. Блочно-модульное обучение на уроках русского языка:
сущность проблемы и перспективы. Дидактический цикл.
12.
Кирилова Н.Н. Модульное обучение как способ повышения мотивации.
http://nsportal.ru/
13.
Карповская Н.О. Блочно-модульная технология как средство
повышения качества обучения. - http://festival.1september.ru/
Ломоносов И.М., Ускумбаева А.Б.
Жоғарғы оқу орындарындағы топтық-модульдік оқытуды ұйымдастыруға арналған
жаңа бейімдер
Бұл мақала топтық – модульдік оқыту мәселелерінің жоғарғы оқу орындарында
қолданылу тәртібі жайында. Мұнда топтық-модульдік оқыту мәселесі және оқытуда
қолданылатын топтық-модульдік оқытудың түрлі нұсқалары қарастырылған.
Кілт сөздер: модуль, топтық-модульдікоқыту, педагог, оқыту құралдары, оқытуда
қолданылатын технологиялар, оқушылар, оқуту барысында.
Lomonosov I.M., Uskumbaeva A.B.
Modern approaches to the organization of unit-modular training in the sytem of higher
education.
Article is dedicated to problems of using unit-modular training in system of high school
teaching pedagogical disciplines. There is considered the essence of unit-modular training, and
various options of its using in the course of teaching.
Keywords: module, unit-modular training, teacher, educational elements, educational
technologies studying educational process.
Хабаршы
№1- 2015ж.
43
ӘОЖ: 78.07
Нағымова М.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Габбасова М.Т. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail: meiramgul.gabbasova@mail.ru
МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация.
Мақалада
орындаушылық
шеберлікті
қалыптастырудың
ұйымдастырушылық және педагогикалық шарттары қарастырылған.
Кілт сөздер: музыкалық образ, орындаушылық шеберлік.
Бүгінгі музыкалық педагогиканың саласында балалардың бойында
имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру
мәселелеріне ерекше көңіл аударылған.
Ұрпақ тәрбиесі мәселесін халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру,
қазіргі педагогика ғылымының алдына тұрған ауқымды істердің бірі. Жас
ұрпақтың ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын
сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрбірінің жеке тұлғалық саналарын
жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.
Тәрбиенің аса маңызды құралы - өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы
ұғым – музыка өнері. Ол – адамның рухани азығы, жан серігі және тілмен жеткізе
алмайтын, ұшқыл қиялы, нәзік сезімі. Музыка - әлем тіршілік ететін адамзат
және әр түрлі құбылыстардың өз ара қарым-қатынасын, сырласа үндесуін
сезіммен жеткізіп отыратын құрал. Қандай музыкалық шығарма болмасын, оның
адам жанына әсері мол, эстетикалық талғамын дамытады.Оқушыларға
музыкалық білім беру, аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру – бұл күрделі,
жан-жақты әрі ұзақ үрдіс. Жалпы білім беретін мектептердегі жұмыс тәжірибесі
көрсеткендей, балалардың ойнайтын басты музыкалық аспаптары домбыра, баян,
фортепиано болып табылады. Мұның өзінде біздің бақылауларымыз бойынша,
осы аспаптардың арасында көп қолданылатыны – домбыра аспабы. Бұл аспаптың
кең танымалдылығы оның икемділігі, қозғалмалылығы ғана емес, сондай-ақ,
қысқа уақыт аралығында ойнау техникасы мен мәнерлі тиянақты орындаушылық
қасиеттерін меңгеру, тиісті оқыту жағдайында жақсы ойнай білуге және аспапта
сүйемелдеуді үйрену мүмкіндіктерімен де байланысты.
Домбыра аспабында ойнау дағдыларының педагогикалық және
орындаушылық мәселелеріне қомақты үлес қосқан педагогтар, орындаушылар Қ.
Ахмедияров, А. Тоқтағанов, Т. Шәмелов, А. Жайымов, Ж. Бекентуров, Ө.
Спанов, Ж. Еңсепов, Н. Адамқұлов т.б. Оқушылардың музыкаға
қызығушылықтарын, аспапта ойнау дағдырларын қалыптастыруда, оқу-тәрбие
үрдісіне ендірудің әдістерін қарастыру - өз алдына зерттеуді қажет тұтатын
проблема.
Музыкалық аспапта ойнаудағы орындаушылықтың маңыздылығы туралы
белгілі орындаушылар мен теоретиктер, педагогтар Б.В. Асафьев, Г.Г. Нейгауз,
Г.М. Коган, К.Н. Игумнов және т.б. бірқатар қомақты ізденімдік жұмыстар
қалдырды.
Музыкалық орындаушылықты дамыту мақсатында қазақ халқы аспаптық –
орындаушылық дәстүрлеріне сипаттама беру, музыкалық орындаушылық
дағдыларды қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, домбырада ойнаудың
Хабаршы
№1- 2015ж.
44
орындаушылық дағдыларын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық
шарттарды айқындау керек деп есетейміз.Музыкалық педагогикада аспаптық
орындаушылық мәселесіне көп көңіл бөлініп келген және қазіргі уақытта да
солай болып келеді.
Музыкалық аспапта үйрену әр уақытта мұғалім мен оқушының «бетпе-
бет» кездесу нәтижесінде болған. Қазіргі таңда, жалпы білім беретін
мектептерде, домбыра класы бойынша факультативтік сабақтары жеке-дара түрін
қолданып келеді. Музыкалық аспап класында орындаушылық мәселесі әр
қашанда өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. Нәтижесінде, музыкалық
орындаушылықтың қалыптасуының келесі міндеттерін көрсетуге болады:
жалпы мәдениетінің қалыптасуы;
музыкалық мәдениетін тәрбиелеу;
есту қабілетін дамыту;
музыканың эстетикалық және танымдық құндылықтарын түсіне білу;
аспаптық-орындаушылық шеберлігін дамыту, өз музыкалық аспабы
арқылы (ойындағысын) айтайын дегенін жеткізе білу;
өз бойында арнайы қасиеттерді тәрбиелеу;
тыңдап отырған тыңдаушының назарын аудару;
көрермендермен кездесуге тәрбиелеу т.с.с.
Орындаушылық өнердің өзін бірнеше салаға бөле отырып, Фараби былай
деп көрсетеді: «Музыкалық орындаушылық дарын екі түрлі болып келеді, бірі –
адам даусы арқылы естілетін кемел әуенді орындау, екіншісі – музыкалық
аспаптарда ойнау. Соңғысы аспаптардың түрі мен сипатына байланысты әр түрлі
болып келеді. Мысалы, лютня, тамбур (домбыра) және осы тектес дыбыс
шығаратын басқа да аспаптарда ойнау» [1].
Аспаптық музыканың қалыптасуы жайлы толғана келіп, Фараби оның
жолдарын көрсетеді. Ол туралы трактатта мынадай жолдар бар: «Музыка
зерттеушілері белгілі музыкалық аспаптарға тоқталып, олардан адам даусымен
салыстырғанда басқаша тондар мен дыбыстарды шығарып алуға болатынын
білген... Олар кейде ән салу ережелерінен шегініп, әлгі аспаптарды
мүмкіндігінше көмегі тиетіндей етіп пайдаланған. Осылайша дауыс еліктей
алмайтын таза аспаптық музыка туған», - дейді Фараби. Бұл тарау автордың
музыкалық аспаптар туралы тұжырымдарымен тұйықталады.
«Музыкалық шығарманы орындау үрдісі - ол орындалып жатқан
шығарманың терең мазмұны және қабылдау ерекшелігіне байланысты, ол тағы
арнайы орындаушылық қабілетті, аспапты еркін игеруді талап етеді», - деп Л.С.
Гинзбург атап көрсеткендей, орындаушылық үлкен өнер [2]
Орындаушылық өнер – көркемдік-шығармашылық іс-әрекетінің ерекше
саласы. Өз табиғаты бойынша, орындаушылық өнер көркемдік- шығармашылық
іс-әрекет болып, орындалатын шығарманың механикалық ойнауында емес, өз
орындаушының дүниетанымы мен эстетикалық көзқарасына сәйкес шығарманың
рухани ішкі мазмұнын түсіну, оған интерпретация жасау, көркемдік әдістерді
таңдау іс-әрекеттерде негізделеді. Музыкалық орындаушылық әрекетінде
музыкалық қабілетін белсенді дамытпай, ішкі музыкалық-естуді белсенді түрде
іске асырмай нағыз орындаушы болу мүмкін емес. Нақты музыкалық бейненің
белгілі бір музыкалық контексте пайда болатыны түсінікті. Шығарманы сезім
арқылы қабылдау, оның орындалуы белгілі бір эмоцияларды тудырады. Олар
сезіну арқылы санада дыбысталады. Оқытудың бұл кезеңінде аспапта ойнаудың
принциптерін бейнелік-ассоциативтік сезіну іске асырылады. Мұның мәні ішкі
бейнелік елес пен шынайы орындалған дыбысталуды естудің өзара байланысын
Хабаршы
№1- 2015ж.
45
дамытудан көрінеді. Бұл кезеңде шығарманың дыбысталуына ұқсас дыбыс
шығарудың технологиялық құралдарын таба білу біліктілігі қалыптасады.
Технологиялық құрал деп біздер музыкалық аспаптың өзіндік ерекшеліктерін
меңгеруді түсінеміз.
Оқытудың бұл кезеңінің ерекшелігі мынада: оқушы ассоциативтік-мәнерлі
ойлау деңгейіне біртіндеп көтеріледі. Дидактикалық жекелей ізденіс әдісі
негізінде (оның мәні мынадай: мұғалім баланың өз бетінше ізденіс шеңберін
әдейі тарылтады. Мұның өзі оқушының лайық міндетті орындаған соң ғана,
шектеулер біртіндеп алынады) біздер «музыкалық шығарманың дыбыстық күйде
іске асыру» әдісін әзірледік.
Мұның мәні сабақ барысында проблемалық жағдайлар тудыру және
аспапта ойнаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таба білуде. Сыныптағы
сабақтарда мұғалім тапсырманың бір бөлімін түсіндіреді (айталық, белгілі бір
музыка шығармасының көркемдік бейнесі ашылды), оқушы бұл бейнені жасау
үшін мәнерлеу құралдарын (штрихтар, нюанстар, динамика және т.б.) таба білуі
тиіс. Немесе, белгілісі – орындаушылық тәсілдерінің көрсеткішін құраса,
белгісізі – шығарманың музыкалық көркемдік бейнесін құрайды. Мұндай
тапсырманы орындау оқушылардың санасында қажет дыбысталуды еркін
шығара білу дағдысын қалыптастырады. Дыбыс шығару құралдары мен
музыкалық бейнені ассоциативтік түрде байланыстырады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, оқытудың осы кезеңінде
бағдарламалы музыкалық шығармаларды пайдалану тиімді болып табылады.
Музыкалық аспапта ойнау кезіндегі музыка шығармаларымен жұмыс істеудің
аяқтаушы кезеңі – шығармашылық кезеңінің сатыға өтуі. Оқытудың осы
кезеңінде оқытудың мақсаты туралы айқын түсінік басты рөл ойнайды, яғни,
аспапта ойнау кезінде музыкалық шығарманың көркем бейнесін жасау қажет.
Бұл кезеңінде оқушы, музыка шығармаларының аспапта ойнау әдістері мен
тәсілдерін саналы түрде қабылдаудан (шығарманы тыңдау кезінде, аспапта ойнау
әдістері санада қабылданады), аспапта дыбыс шығару бойынша нақты
әрекеттерді саналы түсінуден (музыкалық материалды орындау кезінде аспапта
дыбыс шығару үрдісі ұғынылады), орындау құралдары арқылы музыкалық
шығармалары сипатын беру тәжірибесін меңгеруден және фрагменттер,
музыкалық жеке құралдарды өз бетінше ойнау біліктілігі мен дағдыларды
қалыптастырудың жаңа сапалы деңгейіне өтеді.
Музыкалық шығармаларды игеру арқылы орындаушылық дағдыларын
қалыптастырудың осы деңгейінде, балалар бойында музыкалық шығарманың
дыбысталуын,
көркем
бейнені
ашатын
орындаушылық
құралдарын
пайдаланудың әдіс-тәсілдері білігі санада қалыптасады.
Оқытудың бұл кезеңі көбіне оқушылардың тұлғасына, оның білімділігне,
музыкаға ара қатынасына байланысты болады. Оқытудың осы кезеңінде пайда
болған мәселелерді шешу мұғалімнің оқу үрдісіне деген ұйымдастыру-
психологиялық еңбегіне байланысты болады. Ол сабақ кезінде дәстүрлі және
жаңа әдістерді тиімді үйлестіре білуі тиіс.Мақсат – оқушылардың бойында
музыка шығармаларына деген дұрыс қатынасын, шығармамен жұмыс істеуде
өзінің психикалық және дене күш-жігерін жұмсауын, шығарманы барынша
жетілген дәрежеге жеткізуін қалыптастыру. Ол үшін оқушы білімге, біліктілік
пен дағдыға ие болуы тиіс. Яғни, баланың бойында шығарманың дыбысталуы
туралы алдын-ала орындаушылық түсініктері қалыптасуы қажет.Осы
орындаушылық дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушы музыкалық бейне
бойынша өз бетінше жұмыс істей алады.
Хабаршы
№1- 2015ж.
46
Жұмыстың соңғы сатысында оқушылар бойында бүкіл музыкалық
шығарманың көркем бейнесі мен оны ойнау дағдылары (құралдары) туралы
түсініктер қалыптасады. Мұнда әрбір нақты музыкалық аспаптың (домбыра,
фортепиано) арнайы ерекшеліктерін, ол аспаптарда ойнау әдістері мен тәсілдерін
пайдалану біліктіліктері жетілдіріледі.
Олар музыкалық образ туралы алдын-ала сезу, алдын-ала елестету
индивид бойындағы көркем және орындаушылық дағдылары тәжірибесіне
негізделеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, музыкалық шығармамен ойлау
арқылы жұмыс істеу, пьесаның музыкалық құрылымына талдау жасауды қажет
етеді, өйткені нота мәтінін ой арқылы сезіну оны шынайы дыбысталу күйінде
естуге көмектеседі.Музыкалық дыбысталуды шынайы қабылдау, осы аспап
арқылы оның шығарылуы белгілі бір түсініктер мен эмоциялар тудырады. Олар
сезіну мен қайта өңдеу нәтижесінде музыкалық-көркем бейнеге айналады.
Мектеп оқушыларының домбыра аспабында ойнау дағдыларын
қалыптастыру барысын мынадай ережелерге негізделген жөн:
-
жеңілден қиынға көшу;
-
қарапайымдылықтан күрделілікке көшу;
-
белгіліден белгісізге көшу.
Ойнау дағдыларын қалыптастыру процесінде жүйелілік және бірізділік
принициптерін ескеру қажет.
Жүйелілік принципі аспапта ойнау логикасын көрсетеді. Мысалы,
домбыра класы дайындығында, алғашқы сабақтарды өткізе бастағанда
орындыққа қалай отыру, аспапты қалай ұстау керектігін үйрету қажет. Қай
қолмен пернелерді басу, қай саусақтармен домбыра ішектерін немесе
медиатормен шерту, қалай дыбыс шығару т.б. Келесі сабақтарда домбыраның
мойнындағы барлық позицияларды жазып көрсету керек. Алғашқы позициялар
игерілгеннен кейін, жаттығулардың мазмұндылығын арттырып, оларды ән мен
күйлердің сипатын беретіндей дәрежеге дейін күрделендіре түскен жөн.
Жүйелілік
принципі
кемелденген
ақыл-ойдың
ең
маңызды
сипаттамасымен-ойлаудың
жүйелілігімен
тығыз
байланысты.
Мұғалім
жұмысындағы жүйелілік деген бір ізден таймау, не аумастан бір қалыптан
шықпау деген сөз емес. Сабақты үнемі түрлендіріп, жаңартып, әр түрлі әдіс-
тәсілдері қолданып отыруға болады.
Орындаушылық дағдыларды қалаптастыру процесінде саналылық пен
белсенділік принципі үлкен роль атқарады. Сабақ үстінде берілген
тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы, олардың белсенділігін
арттырады. Әрбір іс-әрекетті орындауда оқушылар оның теориялық және
практикалық мәнін терең түсінуі қажет. Мысалы: домбыра класы сабақтарында
халық аспаптары туралы мәліметтерді теория – тұрғысынан терең ұғыну қажет
болса, сонымен бірге олардың (аспаптардың) дыбыс шығару тәсілдері,
позициялары, ойнаудың ерекше әдістерін оқушылар практика жағынан жақсы
білгені жөн.
Домбыра класында ойнау дағдыларын қалыптастыру барысында беріктік
принципін еске алу керек. Беріктік принципі дағдыны орнықты меңгеру деген
сөз. Атап айтқанда, өткен материалды қайталау және жүйеге келтіру кезінде,
детальдар мен бөлшектерден бүтіндей босатылған материалдардың босатылған
материалдардың осы бөлігіне назар аударылуға тиіс. Беріктік принципі оқудың
бір түрінен тыныс алу мен басқа түрдегі қызметке көшуді қамтамасыз етеді.
Жалпы дидактикалық принциптерімен қатар тағы да тек музыкалық
пәндерге тән принциптерді ескеру керек. Олар:
Хабаршы
№1- 2015ж.
47
-
өз техникалық қорын үнемі толықтырып отыру принципі;
-
музыкалық естуді дамыту принципі;
-
өз бетінше бағалау принципі.
Аспапта еркін ойнауды дағдыландыру – аспаптың барлық мүмкіншілігін
кешенді түрде пайдалану және домбыра класында ойнау дағдыларын музыкалық
шығармалар игеру арқылы қалыптастыру даярлығын жетілдіру болып табылады [3].
Қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір
ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген
жаңалықтармен сабақтастыра отырып байытады.Қазақ жанұясында ежелден-ақ
музыкалық аспапқа, музыкалық творчествоға ынталандырудың өзіндік
методикасы болған. Балалар сәби жастан музыкалық аспапта ойнауға үйретіліп,
оларға ата-аналары немесе өнерпаз дарынды адамдар үлгі-өнеге көрсетіп
отырған.
Қазақтарда музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету кезінде қолданылатын
халықтық тәрбие дәстүрлерінің әдістері алуан түрлі. Халқымыздың музыкаға
үйрету
мен
тәрбиелеудегі
өзіндік
ерекшелік
сауатты
адамдардың
тапшылығымен, музыкалық мәдениет жазуының болмауымен, арнаулы
музыкалық оқу орындарының жоқтығымен белгілі бір білім мөлшерін игеру
және өз шеберлігін үнемі жетілдіру үшін көрген-естігенін сақтай білу қабілетін
айырықша дамыту қажеттігімен, халықтың өмірімен тұрмысының өз
ерекшеліктерімен байланысты болды.
Музыканың көркемдік қуаты қандай жоғары болса, сол күшті бізге
жеткізуші – музыкалық аспап. Аспапта ойналған кез-келген музыкалық шығарма
адам санасына, жүрегіне үлкен әсер етеді.
Осындай сазды музыкаларды халыққа, болашақ ұрпаққа жеткізушілер
музыка мұғалімдері. Халық музыкасын балдырғандардың санасына сіңіру
арқылы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға болады. Ол үшін де әрине
мектепте өтілетін факультативтік домбыра класы сабағының қажеттілігі мол.
Сабақты қызықтыра өткізу үшін балаларға арналған шағын музыкалық
аспаптарды қолданған жөн. Бұл аспаптар балалардың музыкаға деген
қызығушылығын арттырады және бір аспапта үнемі ойнауға бой ұсынады.
Аспапта ойнап, көрсетіп қана қоймай, оның жасалуы, ойналу мүмкіндігі туралы,
бұрынғы таныстырылған аспаптармен ұқсастығы, айырмашылығы жөнінде
әңгімелеу, баланың аспапта ойнауға деген белсенділігін арттырады.
Домбыра класы бойынша сабақ үстінде музыкалық аспаппен таныстыру,
ойнау әдістерін меңгеру арқылы оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту –
педагогикалық шеберлікті, талмай ізнеуді қажет ететін күрделі жұмыс.Мектеп
оқушының дайындығы орындаушылық қызметінің дағдылары, сонымен қатар
музыкалық аспапта қалай ойнау методикасын игеруді сөзсіз енгізеді. Мұғалім
қызметіндегі осы түрінің өзгешелігі оның мектепте қолданудың формаларының
әртүрлілігімен анықталады.
Музыка мұғалімінің іскерліктерінің ішінде, ең алдымен аспапты меңгеру
іскерлігі басты болу керек деп Д.Б.Кабалевскийдің айтқаны кездейсоқ емес.
«Жалпы білім беретін мектептер үшін музыка Бағдарламасында» тыңдау
музыкасының әр жаттанды жазбасынан гөрі тірі орындау немесе ол тек
толықтырма түрінде болу керек деп белгіленді. Музыканың тірі орындауы
оқушыларға үлкен эмоцияналдық әсер етумен байланысты және ойнай алмайтын
мұғалімге қарағанда, аспапта ойнайтын мұғалім әр уақытта оқушылардың көз
алдында үлкен беделге ие болады [4].
Хабаршы
№1- 2015ж.
48
Жастардың музыкалық білім беру мен тәрбиесі саласында аспаптық
дайындық әр уақытта маңызды рөл атқару мен қатар әсіресе оқытудың жекеше
формасының басым болуы айқындалады. Домбыра класы сабағына қатысып
жүрген оқушыларға өз жұмысының нәтижесін сезінуге мүмкіншілік береді: ол –
сахнаға шығудың кең әлеуметтік-мәндік резонансы, сонымен бірге
тыңдаушылармен тікелей контакты үлкен педагогикалық құндылыққа айналады.
Осы көпшілік аудиторияның алдында шығудың бірінші табыстарының
арқасында оқушы өз жұмысының пайдасын одан да өткір сезе бастайды:
орындаушы шеберлікті игеру үшін еңбекке қабілеттілік пен мақсаткерлікті керек
етеді.
Музыка аспаптарын игерудің алғашқы кезеңі оқушылары үшін қызықсыз
болып, бірыңғай қайталаулар оларды тез жалықтырып жіберуі де мүмкін.
Сондықтан мұғалім алғашқы сабақтан бастап қол қойылымдарын және негізгі
ойын тәсілдерін игерумен қатар нота сауатын игеру, қарапайым әуендерді
нотамен айту, кіші-гірім әуенді есте сақтап, айтып беру сияқты музыкалық
қабілетті дамытумен де айналасқаны жөн. Мұндай сабақтар оқушыларды
қызықтыра түсіп, олардың музыкалық аспапты тезірек игерудегі ойнау
дағдыларын қалыптастыруына жағдай жасайды.
Оқушылар аспапты меңгеру барасындағы алғашқы сабақтардың өзінде-ақ
орындаушылық өнердің сан қилы қыры мен сыры жөнінде мағлұмат ала
бастайды. Қолды дұрыс қою және аспаптан дыбыс шығарып үйрену барысында
оқушы жақсы дыбыс, нашар дыбыс деген ұғымды түсінеді. Әдемі, жақсы дыбыс
шығарып үйренем деген талпыныс оны саналы түрде дайындалуға итермелейді.
Жүйелі тәртіптен сабақ жүргізу арқылы жетекші оқушылардың музыкаға деген
құштарлығын, ынта-ықыласын арттырады. Қоршаған әлемді көркем бейнемен
қабылдау, әсіресе, жастарға тән нәрсе. Сондықтан мұғалім домбыра аспабы
репертуарын жасағанда музыкалық шығармалардың мазмұндылық, мәнерлілік
жағына көбірек көңіл бөлгені жөн. Жеңіл, қолайлы шығармаларды алғаш рет өз
бетімен ойнап шығу оқушының өзіне деген сенімін шыңдап, аспапты меңгеруге
деген құлшынысын арттырады.
Әрбір мұғалім оқушылармен өткізілетін жұмыстарды төмендегідей
бағытта жоспарлап, сол бойынша жұмыс жүргізгені жөн.
Негізгі міндеттер:
-
қол қимылдарының қарапайым түрлерін игерту және оны дамыту;
-
ноталық жазбаларды оқытып және жеңіл музыкалық шығармаларды
талдатып үйрету;
-
жеңіл музыкалық шығармаларды мәнеріне келтіріп орындату;
-
оқушылардың музыкаға деген ынтасын арттырып, есту қабілетін дамыту.
Алғашқы дайындықты бастағанда орындыққа қалай отыру, аспапты қалай
ұстау керектігін үйреткен жөн. Мұғалім кластағы дайындықтың қызығылықты
да, әсерлі өтуіне баса көңіл аударғаны абзал. Позиция тақырыбын өту кезінде тек
қана арнайы жаттығулармен ғана шектеліп қалмай, оқушыға таныс әуеннен
үзіндіні жаттығу ретінде қолданса, бұл оқушының ынтасын арттырып, оның
жаттығуды саналы түрде өзі жасауына жол ашады. Класта қалай жұмыс істеу
керектігін үйренген оқушының үйдегі дайындығы да табысты өтері
сөзсіз.Оқушылардың әрқайсысы өз аспабын азды-көпті меңгеріп алған соң
бәрінің басын қосып, ансамбль дайындығын өткізуге болады.Мұғалім ойнау
дағдыларын қалыптастыру барысында оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие
және творчестволық жұмысты ұйымдастырады [5].
Хабаршы
№1- 2015ж.
49
Музыка пәнінің басқа сабақтардан спецификалық ерекшелігі - оның өнер
пәні болуында. Сабақта балалар ән салу, нотамен ән салу, аспаптарда ойнау,
хормен ән салу, дирижерлық қимыл жасау, музыка тыңдау, дауыс жаттықтыру,
ырғақты – би қимылдарын жасау, импровизация т.б. іс - әрекеттермен
айналысады. Бұндай іс-әрекетттерді музыка сабағында қолдану арқылы
балалардың музыкалық орындаушылық деңгейлері дамиды.
Домбырада ойнау дағдыларын қалыптастыру барысында тағы бір маңызды
мәселені ескеру керек. Егер оқушының домбыра аспабына, халық музыкасының
тарихына, музыкалық шығармаларының мазмұнына және олардың шығу
себебіне т.б. қызығушылығы болмаса, онда оқыту процесі ойнау дағдыларын
толығымен қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.
Домбыра сабағы кезінде оқушылардың танымдық маңызы байи түседі.
Оқушылар табиғатқа, адамға қатысты неше түрлі құбылыстарды музыка әуенінен
сезінетін болса, сол сезімнің, сол түсініктің танымдық деңгейде жүруіне әдеби
материалмен байланыстыра қабылдау қолайлы жағдай туғызып, елесті, фантазия
мен қиялды қозғап, дамытып, шығармашылық нышандар дәнін себетін болады.
Педагогтың осындай көмегі оқушы дағдыларын қалыптастырудың белсенділігін,
дамуын туғызады.
Оқыту үрдісінің табысты болуы:
-
біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық
дайындығына, оқу үрдісін ұйымдастыра және басқара білуіне;
-
екіншіден, ойнау дағысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника
жетістіктеріне пайдалана білуіне;
-
үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік өзара
қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту пәні бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы
жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген
жөн.Орындаушылық әрекеті нәтижесінде музыкалық туындыларды саналы түрде
өзінше түсіндіріп-жеткізу, талдай білу қабілеті арта түседі.Қай елдің болмасын
өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім
жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Музыкалық шығарманы орындау үрдісі – ол орындалып жатқан
шығарманың терең мазмұны және қабылдау ерекшелігіне байланысты, ол тағы
арнайы орындаушылық қабілетті, аспапты еркін игеруді талап етеді.
Оқушылар әр уақытта да, өзінің үйренгенін жұртшылыққа көрсетуге,
концертке шығуға талпынады. Олардың талпынысын қолдап отырудың маңызы
зор. Өйткені концертке, түрлі байқауларға, фестивальге қатысуы оқушылардың
орындаушылық дағдыларын, сонымен қатар жауапкершілік сезімін, музыкалық
қызығушылықтарының күшеюіне ықпалын тигізеді.
Әдебиеттер:
1.
Әл –Фараби Музыканың ұлы кітабы. – Алматы, 1996.
2.
Гинзбург Л.С. Заметкиомастерстве. // В сб. Вопросы фортепианного
исполнительства. Вып.2. М., 1968.
3.
Ғизатов Б. Казахская народная инструментальная музыка. – Алматы,
1988.
4.
Кабалевский Д.Б. Рассказы о музыке. – М.: Музыка, 1968.
5.
Жәкишева З. Аспаптану. / Монография. – Алматы: «Қазақтарихы»,
2012.
Хабаршы
№1- 2015ж.
50
Нагимова М.М., Габбасова М.Т.
Развитие музыкального исполнения
В этой статье рассматривается организационно- педагогические условия формирования
исполнительского мастерства.
Ключевые слова: музыкальный образ, исполнительское мастерство.
Nagimova M.M. Gabbassova М.Т.
The development of musical performance
This article discusses the organizational and pedagogical conditions of formation of mastery.
Key words: Musical image, mastery.
ӘОЖ: 371.13:37.46
Тұрабаева Г.Қ. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м. а.,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
(Шымкент қ., Қазақстан)
Е-mail: aaaaccc-t@inbox.ru
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУ
Аннотация. Мақалада ақпараттық технология әдістерін электронды оқулықтар,
көрнекі демонстрациялық құрылғылар, оқытудың техникалық құралдары сияқты тар
мағынасында ғана емес, сонымен қатар, іс-әрекет мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін
барлық құралдармен тығыз байланыста пайдалану тиімділігі қарастырылады.
Кілт сөздер: ақпараттық технологиялар, компьютер, анимация, электронды оқулық,
ақпараттық өңдеу әдістері.
Сабақтарда инновациялық технологияларды пайдалану білім сапасын
жоғарылату шарттарының бірі болып табылады.
Компьютер ақпаратты өңдеу, сақтау және ұсынудың әмбебап құралы
ретінде біздің күнделікті өмірімізге нық енді. Үдемелі ақпараттар ағыны
ақпаратты өңдеу мен талдап қорытудағы жаңа деңгейді, оны ұсынудың жылдам
және тиімді игерілуіндегі жаңа тәсілдерді талап етеді. Интернет-ресурстарды,
оқытатын компьютерлік бағдарламаларды және жеке электронды әдістемелік
әзірлемелерді:
презентация-сабақтарды,
сайт-сабақтарды
пайдалану
оқушылардың
айрықша
қызығушылығын
туындатады.
Ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын елеулі
жоғарылатуға, оқыту үдерісін барынша қызғылықты етуге, оқу уақытын
барынша тиімді пайдалануға болады. Оқытуда компьютерді пайдалану
оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың
мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып
болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің
жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың
білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді де тез
игеруге жағдай жасап отыр. Өз тәжірибемізде берілген тақырыпты оқытуда
төмендегідей оқыту технологияларын қолданып келеміз
1, 140 б.
.
Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу-тәрбие
үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа
Хабаршы
№1- 2015ж.
51
ақпараттық технология дегеніміз – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге
арналған есептеуіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны,
мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен
әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез келген тапсырманы
аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек
көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған
тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыналады.
Қарастырылып отырған мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің
ақыл-ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып,
нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс
көзқарас қалыптастырады
2
.
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың
атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен
беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі
әр түрлі суреттер, әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық
білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта
өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын
компьютерлік технологияларға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу,
т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте
тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
- жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,
электрондық оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
- гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге
келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық
оқулықтарды дайындаула мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік
тапсырмаларды орындауға арналған қосыша материалға қатысты анықтама,
библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау
сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған
әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
- электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын,
яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру;
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмау.
Компьютер сәулетіне оқытуды жетілдіру мақсатында оқу процесіне
«Ақпараттық жүйелердің аппараттық-бағдарламалық жабдықталуы» атты арнайы
курсты енгіздік.
- оқушылардың компьютерлік техника мен технологияларды ақпараттық
және бағдарламалық қамтамасыз етуде жоғары деңгейге жеткізу;
- компьютердің құрылғылары мен бағдарламалардың байланысын жоғары
меңгеру;
Хабаршы
№1- 2015ж.
52
- компьютердің аппараттық құрылғыларын бағдарламалық тілде тестілей
алу қабілеті;
- компьютердің құрылғыларын ақау болған жағдайда жөндей алу білігін
жетілдіру;
- компьютер құрылғыларының жұмыс істеу принциптерін тексеруге
бағдарлама құрғыза білу.
Ақпараттық жүйе және биология мамандықтары студенттері аппараттық-
бағдарламалық қамтамасыздандыру, компьютерлік техника және әр түрлі
қосымша жабдықтармен жұмыс істеу процесінде жалпы даярлықта білім мен
білік арқылы машықтанады, яғни алдын-ала ақпараттық даярлықты қажет етеді.
Бұл оқу барысында студенттерді даярлау, яғни компьютер сәулеті пәні бойынша
білімдерін жетілдірудің маңызды шарттарының бірі болып табылады
3
.
Сондықтан да оқушылар компьютер сәулетіне қатысты білімдерін
жетілдіру мақсатында арнайы курс келесі зертханалық жұмыстармен
толықтырылды:
- оқыту барысында монитор экранынан қате туралы хабар берген
жағдайда, сол хабарға қарап құрылғы ақауларын анықтау негіздері берілді;
- құрылғыларда ақау болған жағдайда құрылғылар сигнал береді, сол
сигнал арқылы оқушылар қай құрылғының бұзылып тұрғандығын анықтау
тәсілдері келтірілген;
Болжам мынаған негізделді, алғашқы үш тоқсанда оқушылар дәстүрлі
түрде оқыды. Әр түрлі цифрлық білімдік ресурстарды, оның ішінде электрондық
оқулықтарды, мұғалімдер дидактикалық материал ретінде, қосалқы қосымша
және техникалық құрал ретінде пайдаланды.
Эксперименттік
сыныптардың
мұғалімдерімен
арнайы
түрде
дайындалынған бағдарлама бойынша және мұғалімдерді тек компьютерлік
сауаттылыққа оқытуға, электрондық оқулықтардың мазмұнын оқып білуге ғана
емес, олардың электрондық оқулықтарды пайдаланудың әдістемелерін меңгеруге
бағытталған сертификатталған тренингтік курстар жүргізілді.
Барлық электрондық оқулықтар оқытудың модульдік технологиясына
сәйкес әзірленді және пәннен тәуелсіз, мақсаттан нәтижеге дейін
автоматтандырылған, оқыту үрдісінің біртұтас педагогикалық технологиясы
болып табылады: модуль – гипермәтін – интерактивтік тапсырмалар – оқу
жетістіктерін бағалау. Оқытудың барлық осы кезеңдерінде мұғалімдер мен
оқушылардың
өзара
әрекеттерін
міндетті
бағдарламалау
оқытудың
технологиясын қамтамасыз етеді, ал технология, өз кезегінде, мектеп
оқушыларының жетістігін қамтамасыз етеді.
«Ақпараттар базасы», «мәліметтер базасы», «білімдер базасы» ретінде
қалыптасатын электрондық оқулықтың гипермәтінінде мәтіндер, оқу
материалдарының
анимацияланған
түсініктемелері,
бейне
үзінділер,
анимацияланған дыбысталған биология материалдары, алғашқы ақпарат көздері
және т.б. бар. Теориялық материалдың анимацияланған ұсыныстары бейнелік
қабылдау мен әсерлік әрекет арқылы оны тым терең есте сақтауды қамтамасыз
етеді, ақыр соңында пәнге қызығушылығын арттыруға әкеледі.
Мұғалімдердің міндеті ақпараттық білімдік орта ретінде мектеп
оқушыларының гипермәтінмен жұмыс істеуін ұйымдастыруға, оларды осы
ортада бағдарлай білуді үйретуге саяды. Ақпаратты игеру оқытудың ұжымдық,
топтық және тұлғалық әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Оқушыларға тек білімдердің белгілі бір жинағын беру ғана маңызды емес, одан
да маңыздысы – қойылған оқу міндеттерін шешу үшін өз беттерімен қажетті
Хабаршы
№1- 2015ж.
53
ақпараттарды іріктеу, қайта өңдеу, талдау мен жинақтау біліктерін
қалыптастыру.
Электрондық оқулықтың интерактивтік тапсырмалары алынған білімдер
мен біліктерді бекіту мақсатымен әр түрлі бақыланатын жаттығу әрекеттері
есебінен оқу материалын бекіту мен қолдану үрдісін автоматтандыру мүмкіндігін
ұсынады. Интерактивтік – бұл электрондық оқулықтардың айтарлықтай
ерекшелігі: біз әрқашанда өмірде кері байланысты күтеміз, электрондық оқулық
бізге осыны ұсынады.
Биология пәні бойынша электрондық оқулықтарда интерактивтік режімде
компьютердің көмегімен табиғи ғылыми тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз
ететін виртуальдық зертханалық жұмыстар бар. Мұндай тәжірибелерді жүргізу
үшін мүмкіндік жоқ жағдайында табиғи ғылыми тәжірибелермен оқушыларды
таныстыруға мүмкіндік бере отырып, мұндай жұмыс сезінерлік пайда әкеледі.
Білімдерді тексеруге оқушылардың оқу табыстарын шынайы
бағалайтын автоматтандырылған тестілеу есебінен қол жеткізіледі. Бұл
компоненттің педагогикалық маңыздылығы ерекше көкейкесті. Ол мектеп
оқушысының барабар өзіндік бағалауын қалыптастырады
4
.
Білім
беру
ісінде
ақпараттық
технологиялардың
оқытудың
дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын
мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған сызба бойынша
тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу
мүмкіндігін бере алады.
- тапсырмалар; аудио бейнетаспалар, бейнефильмдер; компьютерлер;
теледидарлық телеоқулар; электронды оқулықтар; тест тапсырмалары; интернет
жүйесі; телефон т.б. құралдарды пайдалану арқылы іске асады;
- оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен
және ұсыныстармен бірге көреді;
- компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін
дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі ме,н ықыласын көтереді;
Ақпараттық оқыту технологиясы мынандай төрт мақсатты көздейді.
-білім деңгейін тексеру бағытында қолдану;
-оқытушылық мақсатта пайдалану;
-компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал
ретінде пайдалану;
-электрондық оқулықтар, интернетті пайдалану.
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану оқушының оқу
материалдарының мазмұн мағынасын толық түсінуге мүмкіндік береді.
Яғни, ақпараттық технология – белем беру мекемесі мамандарының
жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші
құралды 1-сызбанұсқадан көруге болады.
Оқытудың жаңа технологиялар құрылымын түсіндіру мен енгізуде
ауызша баяндау кезінде бір минутта ақпараттың бір мың шартты бірлігін,
ал көру мүшелерін «іске қосуын» қабылдауға қайта өңдеуге қабілетті
екендігі тәжірибе жүзінде анықталған.
Ақпараттық ресурстар (білім беру нысандары
)
Көрнекіліктер
Ақпарттық жасақтамалар.
Бағдарламалық жасақтамалар
Хабаршы
№1- 2015ж.
54
1-сурет. Ақпарттық ресуртар.
Осы аталған анимация жүйесінің құрамы туралы мәліметтердің ең
негізгісі оқулықтар мен әдебиеттерді әзірлеудің теориялық негіздерінің
құрамымен салыстырылады және белгілі бір қорытынды пайымдаулар жасауға
көмектеседі 2- сызбанұсқада берілген. Кеңістіктік түсініктерді дамыту үшін,
нақты шындыққа барынша жақындату жағдайында мектеп оқушыларының
жаттығуын ұйымдастыру үшін осы мультимедианы пайдалудың болашағы бар.
Виртуальдық шындық технологиясын пайдалану арқылы құрастырылған
мультимедиа құралдары оқу процесінде оқу материалдарын жақсы түсінумен
меңгеруді қамтамасыз етуге жарайды. Алайда виртуальдық шындықтын денгейі
неғұрлым жоғары болса оларды әзірлеуге соғұрлым көп еңбек сіңірлуі тиіс,
ақпараттандырудың техникалық құралдары соншалықты жетілдірілген,
мұғалімдер мен оқушыларға түсінікті болуы тиіс
2.б. 140
.
Жаңа технологияның басты ерекшелігі мақсатқа жетуге мүмкіндік
беруі ақпаратты қабылдауы әртүрлі: кейбіреулер тікелей оқығанда, енді бірі
тікелей тыңдағанда, ал үшіншісі бейнені қарағанды қаласа, кейбіреулері
тыңдау және көру арқылы қабылдайды. Анимациялық әдістермен заманауи
технологиялары көмегімен аудиокөріністік ақпаратты өңдеудің қазіргі
заманғы тәсілдерін қолдану арқылы білім алушылардың үйрену
құлшынысын арттыру мен оқыту қарқындығын күшейту мүмкіндігін
қамтамасыз етуге болатындығын 2- сызбанұсқадан көруге болады:
2-сурет. Ақпартты өндеу тәсілдері.
Анимациялық әдістердің заманауи ақпараттың технологияларды енгізумен
көптеген түрін мағыналы және үйлесімді түрде кіріктіруге мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық технология
Ақпараттық ерекше
қорытынды түрі
Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Имитация
Контоминация
Анимация
Ақпаратты
өзгерту
Ақпаратты
өзгерту
Ақпаратты
дискретті түрде
беру
Тонирлеу
(тұмшалау)
Ақпараттың
қажетті бөлігін
таңдау
Аудио-ақпартты
көптерезелік
көрсету
Хабаршы
№1- 2015ж.
55
Бұл компьютер көмегімен бірінші кезекте білім беру практикасында ақпаратты
мынадай әр түрлі формада ұсынуға мүмкіндік туғызады:
-сканерленген бейне суреттерді, сызбаларды, карталар мен слайдтарды
қамтитын кескіндер; дауыстың дыбыстың жазбалары, дыбыстық әсерлер мен
әуен; бейне, күрделі әсерлі бейне; анимация мен анимациялық имитация.
Жалпы электрондық оқыту анимациялық әдістерді оқу жүйесінің негізі
болып табылады. Биология пәнінде анимациялық оқыту жүйесінің негізгі
көрінісі мұғалім мен оқушы арасында қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың көмегімен тікелей қатынас орнатуы. Оқу үдерісінде
ақпарат қосарланған түрге көшеді: мазмұн ақпараты және басқару ақпараты.
Біріншісі, биологияның оқу пәнін құрайтын түрлі модельдерді түрлендіру
мен құрастыруды сипаттайтын құрал ретінде көруге болады. Анимациялық
әдістерді оқудың моделін құру кезінде бұл екі шартты бөлу оның
артықшылығын бейнелеуге мүмкіндік береді
3, 67 б.
.
Анимациялық әдістерді үйретудің дәстүрлі оқу түрінен айырмашылығына
келесі сипаттық белгілерді жатқызуға болады.
Анимациялық әдістерді оқыту оқытушының рөлін кеңейтеді және
жаңартады, яғни мұғалім танымдық үдерістердің биология пәнін оқыту
курстарын тұрақты түрде өңдеп отыру, шығармашылық белсенділікті көтеру
т.б. жұмыстарды жаңалықтарға байланысты түрлендіріп отыруы қажет. Ол
үшін ақпараттық технологияны меңгеру қажет.
Компьютерлік,
виртуалды
және
ақпараттық
технологиялар,
мультимедиялық оқу құралдары дамытылады. Бүгінгі күні білім беру
сапасын бағалайтын мемлекеттік білім беру стандарты оқытушылардың іс-
әрекетіндегі бірнеше анимациялық әдістерді пайдалану элементтердің міндетті
түрде болуы туралы талаптар қоюға тырысады.
Қазіргі оқыту мен оқу ойындары оқу үдерісінде компьютердің қолдануда
кеңейтетін мультимедия, бейне, графиктер мен текстерді қолдануға мүмкіндік
береді.
Мұғалім қызметінде компьютер:
- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық
алмастыра алады);
- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен
сапалы жаңа деңгейде);
- дербес ақпараттық кеңістік;
- диагностика және бақылау құралдары.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр
сатысында компьютерлік тесттер арқылы жекелей бақылауды, графикалық
бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің
бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану
ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың
артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен
оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық
оқулықтарды
пайдалану
оқушылардың,
танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім
беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі
Хабаршы
№1- 2015ж.
56
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес
4, 14 б.
.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту
процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде
компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына
байланысты тиімді қолданылуы қажет. Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке
тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай
қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін
тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін,
оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және
жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды
жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің
пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай
құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік
түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім
бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге
зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет
элементінің жанында жазуы болады. Бұл технологияның өзектілігі қоғамның
ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән
сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын
жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім
беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Оқытуда білім алуда танымдық белсенділікті қалыптастыруда мәтінді,
графикалық
кескіндер
мен
суреттерді,
рәсімді,
мультфильмдерді,
бейнефильмдерді қамтитын көру немесе көрініс ақпараты деп аталатын,
адамның көруімен қабылданатын ақпарат. Биология пәнін оқытудың
топтастырылған ақпарат, бұрын меңгерілген ақпараттың ықпалымен адамда
жаңа мәліметтер туындатты. Оқытудың мақсаты көзқарасы тұрғысынан тура
ақпарат нысаналарының маңызды қасиеттерін тікелей бағытталған қызықты
түрлерін жеткізеді.
Әдебиеттер:
1. Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л.Н., Әлдібаева Т.Ә..
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. – Алматы, 1999. – 306 б.
2. Мусина С. Оқыту технологияларын енгізу жолдары. – Алматы:
Бастауыш мектеп, 2004. – 256 б.
3. Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия. – Алматы, 1999.
– 230 с.
4. Молдагалиев Б. Оқыту технологиялары // Қазақстан мектебі. – 2004. –
№3. – Б. 236.
Турабаева Г.К.
Использование новых информационных технологии в обучении
В статье рассматриваются эффективность использования методов информационных
технологии в тесной связи со средствами обучения, которые понимаются не только в узком
смысле, как электронные учебники, наглядные демонстрационные устройства, технические
средства обучения, но и как все то, что способствует достижению цели деятельности.
Хабаршы
№1- 2015ж.
57
Ключевые слова: информационные технологии, компьютер, анимацмия, электроный
учебник, методы информационной обработки.
Turabaeva G.К
Use new information technologies when training
In article technologies in close connection with tutorials which are understood not only in
narrow sense, as electronic textbooks, evident demonstration devices, technical means of training but
also as all that promotes achievement of the purpose of activity are considered efficiency of use of
methods information.
Keywords: information technologies, computer, animatsmiya, electronic textbook, methods
of information processing.
ӘОЖ: 372.851
Мулдагалиев В.С. – физика-математика ғылымдарының кандидаты,
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Сергазиева Г.Б. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
(Орал қ., Қазақстан)
E-mail: daneka_89_89@mail.ru
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК 12-ШІ
СЫНЫБЫНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ТАҢДАУ КУРСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Аннотация. мақалада 12 жылдық мектепте математика пәні бойынша таңдау курсын
ұйымдастыру жолы қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ұсынылған «Сандар
теориясының элементтері» атты таңдаулы курстың бағдарламасы құрылып, мысал ретінде
кейбір дәрістері мен тапсырмалары ұсынылып, көрсетілген.
Кілт сөздер: 12 жылдық білім беру, сандар теориясы, бөлінгіштік, теорема, жаңа
формациядағы мұғалім.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында
жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке дара ерекшеліктеріне мейлінше мән
бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік
азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға
бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін
ауқымды мәселелер қатарында тұр. [3]
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігі
тарапынан 12 жылдық білім беру реформасына әртүрлі баға беріліп жатыр.
Себебі, мемлекеттік бағдарлама жобасы құрылып, эксперимент жүргізілуде,
жоспары дайын, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының зерттеу
орталығы осы бағытта жұмыс жасалынуда. Негізінен алғанда, 12 жылдық білім
беру моделі – әлемдік білім берудің іс-тәжірибесі.
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасына
сәйкес 2015 жылы 12 жылдық білім беруге көшу басталған болатын. Әрине 12
жылдық білім беру жобасының жетістігі мен кемшілік тұстары да бар. Мысалы,
оқушылардың оқу жүктемелерінің азаюы, балалық шақтарының ұзартылуы,
негізгі мектепке бейімделуінің жеңілдеуі, болашақ мамандығының алдын ала
анық
айқындалуы,
білім
беруде
инновациялық
ақпараттық
және
Хабаршы
№1- 2015ж.
58
коммуникациялық технологиялардың қолданылуы, оқу процесінің автоматтануы
– осының барлығы 12 жылдық білім беру жобасының жетістігі деп айтуға
болады. Ал кемшілігі қазіргі таңда еліміздің бұл жобаға түгел көшуі мүмкін емес,
себебі еліміздің барлық мектебін 12 жылдық мектепке көшіру үшін қомақты
қаражат пен кадрлар жетіспейді. 12 жылдық білім беруге көшкенде әр педагог
жаңа
формациядағы
мұғалім
мәртебесін
қабылдайды.
Қазақстан
Республикасының педагогикалық Концепциясының анықтамасы бойынша:
«Жаңа формациядағы мұғалім деп – рухани дамыған, рефлексияға қабілетті,
кәсіби шебер, жаңашылдыққа ұмтылған шығармашыл тұлға...» [4].
Батыс Қазақстан облысында 12 жылдық білім беру эксперименті –
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 8
тамыздағы «12 жылдық білім беру экспериментінің басталуы жөнінде» №538
және облыстық білім басқармасының 2003 жылғы 28 тамыздағы «12 жылдық
білім беруге көшудегі эксперимент жұмысының басталуы жөніндегі» №432
бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылуда. Облыста 4 эксперимент алаңы жұмыс
жасайды. Эксперименттік сыныптарға педагогикалық-психологиялық сараптама
жасап, зерттеу жүргізу барысында төмендегідей нәтиже анықталды [2]:
12 жылдықта оқитын оқушылардың қарқынды дамып келе жатқан ортада
өмір сүруге қабілеттіліктері жоғары;
өз ойын айта біледі;
өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
логикалық ойлау қабілеттері жоғары, шығармашыл.
2013-2014 оқу жылында эксперименттік 11-сыныптарды оқыту аяқталған
болатын. Олардың 84,5% жаратылыстану-математика бағытында және 15,5%-ы
қоғамдық-гуманитарлық бағытта бітірген орта мектептің түлектері. Эксперимент
барысында денсаулық сақтау бағдарламасына сәйкес 11-сыныптардың оқу
жүктемесінен 3 сағаттан азайтылып, аптасына 36 сағат қалдырылған болатын.
Білім берудің жаңа мазмұнының саларынан оқулықтар да жаңарды.
Сарапшылар олардың функционалды бағыттылығы, тереңдетілген кәсіби
мазмұнда құрастырылғандығын айтқан болатын. Өздеріне тән ерекшеліктері бар
математика мен химия пәндерінен басқа барлық пәндерде дәстүрлі орта
мектептің мазмұндары меңгерілен. Әрі қарай функционалдық сауаттылықпен
жұмыс жасау үшін 12-сыныпқа тереңдетілген мазмұнды құрастыру бағытында
жоғары оқу орнының бастапқы кезең бағдарламасын енгізуге барлық мүмкіндік
жасалынған.
Былдырғы 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша 11-
сыныптарда үлгерім көрсеткіштері 100%-ды, ал білім сапасы – 74 %-ды көрсетті.
Оның қазақ сыныптарда - 75,6%, ал орыс сыныптарда - 70,1%. Бұл көрсеткіштер
барлық дәстүрлі орта білімнің қамтылуына қарамастан өз деңгейінде екендігін
көрсетті. Бұл алты жасар балдардың сапалы іргелі білімнің ала алғандығының
белгісі деп білуге болады.
Жаңа заманғы білім берудегі 12 жылдық мектептің оқу тұжырымдамасы
білім беру процесінде пәндік, іс-әрекеттік және аксиологиялық аспектілерін
қамту үшін оңтайлы бағалау жүйесін талап етіп отырғандығы белгілі. Сондықтан
еліміздің эксперименттік 15 мектепке кредиттік технология элементтерін, 29
мектепке критериалды бағалау жүйесі енгізілді.
Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес қосымша пәндерге көп
көңіл бөліп жатыр. Соның ішінде, жаратылыстану-математика бағытында – 3
қолданбалы курс: «Графика және жобалау», «Қолданбалы экономика»,
«Экологиялық мәдениет» және 6 таңдаулы курс берілді:
1.
Генетикадан есептер шығару.
Хабаршы
№1- 2015ж.
59
2.
Физика пәнінен стандартты және стандартты емес есептерді шығару.
3.
Химиядан стандартты емес есептерді шығару.
4.
Сандар теориясының элементтері.
5.
Планиметрия мен стереометриядан практикалық тапсырмалар.
6.
Қазақстанның агроэколоиясы.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014
жылдың 29 сәуіріндегі №132 бұйрығы негізінде 2014-2015 оқу жылына алдын
ала құрастырылған мониторинг бойынша 10-шы эксперимент сыныптарында
1326 оқушы, ал 12-ші эксперимент сыныптарында 391 оқушы оқып жатыр [1].
Жоғарыда аталған мемлекеттік білім беру бағдарламасында берілген
таңдаулы курстардың тақырыптарына сәйкес 12-сыныптың математика пәніне
арналған «Сандар теориясының элементтері» атты таңдаулы курс
бағдарламасын құрастырып шығардық.
Сандар теориясы немесе жоғары арифметика – математиканың бүтін
сандар бөлімін зерттейді. Сандар теориясы ғылымында алгебралық және
трансценттік сандар кең көлемде қарастырылады.
Сандар теориясын зерттеу барысында элементарлық және алгебралық
әдістермен қоса, геометриялық және аналитикалық әдістер, ықтималдық теория
әдісі де қолданылады.
Элементарлы сандар теориясында бүтін сандар математиканың басқа
бөлімдерінде қолданылатын әдістерін қолданбай-ақ зерттелінеді. Бүтін сандар
бөлінгіштігі, ЕҮОБ пен ЕКОЕ табу үшін Евклид алгоритмі, сандарды жай
көбейткіштерге жіктеу, сандар арқылы құрастырылған сиқырлы квадраттар,
Фибоначчи сандары, Ферманың кіші теоремасы, Эйлер теоремасы – осы
тақырыптардың барлығында осы сандар теориясы бөлімінде қарастырылады.
Таңдаулы курстың мақсаты:
ЖОО-нда оқытылатын жоғары математикаға кіріспе негізінде
оқушылардың функциональдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі
құралдары ретінде пайдалана отырып, логикалық ойлауын дамыту.
Оқушылардың теориялық біліміннығайтып, олимпиада есептерін шығару
дағдыларын жетілдіру.
Міндеті:
Сандар теориясының элементтерімен таныстыру.
Сандар теориясына әр параграф бойынша есептер шығарту.
Олимпиада есептерін сандар теориясының элементтері арқылы шешу
жолдарын талдау.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар сандар теориясының элементтерімен танысып, есептер
шығара алады.
Қиындығы жоғары, логикалық есептердің шығару жолын біліп, талдай
алады.
ЖОО-ң жоғары математика курсында сандар теориясының элементтерін
алдын ала біліп, есеп шығара алады.
Таңдаулы курстың ұйымдастыру формасы: дәріс, есеп шығару.
Уақыт көлемі, сабақтың жиелігі: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
«Сандар теориясының элементтері» атты таңдаулы курстың тақырыптық-
күнтізбелік жоспары:
Сабақтың
рет №
Тақырыбы
Сағат
саны
1
Достарыңызбен бөлісу: |