Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың инновациялық түрлері мен әдістемесі Алтыбаева Роза Бақытжанқызы



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі244,35 Kb.
#650

Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың инновациялық түрлері мен әдістемесі 

Алтыбаева Роза Бақытжанқызы 

А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова 

Kostanay State University named after A.Baitursynov 

 

Көркем  мәтін  көптеген  ғылымдардың  басын  біріктіреді,  дегенмен,  ол  ең  алдымен 



лингвистиканың  зерттеу  нысанын  құрайды.  Сол  себепті  ол  тіл  біліміні  салаларының 

барлық  жетістіктерін  пайдалануды  талап  етеді.  Жоғарыда  көрсетілген  көркем  мәтінді 

лингвистикалық  зерттеудің  негіздері  бойынша  оны  талдаудың  келесі  түрлері 

қарастырамыз:  

1.

 

Функционалдық талдау.  



2.

 

Құрылымдық талдау.  



3.

 

Қатысымдық талдау.  



4.

 

Концептуалдық-семантикалықталдау.  



Күні  бүгінге  дейін  бұл  бағытта  жинақталған  білім-тәжірибелер  көркем  мәтінді 

талдау түрлерін нақтылап, оның негізгі ұстанымдарын белгілеуге мүмкіндік береді.   



І.  Функционалдық  талдау  және  оның  әдістемесі.  Функционалдық  талдауда 

мәтіннің  жасалуына  тірек  болған:  -дыбыстардың;  -сөздердің;  -морфологиялық 

тұлғалардың;    -синтаксистік  бірліктердің    функционалдық  қызметі  мен  стильдік  сапа-

қасиеттері  талданады.  Функционалдық  талдаудың  жарқын  үлгісін  Ф.Мұсабекованың, 

М.Серғалиевтің  зерттеулерінен  көруге  болады.  Мұндай  талдау  тілдің  жүйенің  әр 

деңгейіне қатысты жүргізіледі.  

 

Тілдік деңгейлері   Талдау нысаны   Басшылыққа алынатын категориялар  

Фонетикалық 

деңгей  

Дыбыс  


Дыбыстық қайталаулар: аллитерация, ассонанс 

Лексикалық 

деңгей  

Сөз,  тұрақты 

тіркестер  

Синонимия,  антонимия,  омонимия,  коннотация, 

сөздің 

контекстегі 



қызметі, 

айрықша 


сөз 

қолданыстары,  семантикалық  жолмен  жасалған 

жаңа  сөз  қолданыстары  (метафора,  метонимия, 

теңеу, синекдоха т.б.)   

Морфологиялық 

деңгей  


Сөз тұлғалары   Жалғау,  жұрнақтардың  стильдік  қызметі,  сөз 

таптарының стилистикасы  

Синтаксистік 

деңгей  


Сөз  тіркестері, 

сөйлем 


Синтаксистік 

құрылымдардың 

тілдік-стильдік 

қызметі, синтаксистік құрылымдар арқылы жасалған 

айрықша 

сөз 


қолданыстары 

(параллелизм, 

парцеляция т.б.), синтаксистік стилистика  

 

Фонетикалық  бірліктердің  функционалдық  қызметі  дегенде  оның  мәтін 



конетексіндегі  қолданысы  басты  нысанға  алынады.  Бүгінде  дыбыс  тек  сөздің  әрі  қарай 

бөлшектеуге келмейтін бірлігі ғана емес, ол -социо, -психо, текстофонемалық қасиеттерге 

ие  арнайы  зерттеуді  қажет  ететін  тіл  бірлігі  болып  табылады  [1]  Ю.В.  Казарин  өз 

зерттеулерінде  дыбыстың  социофонема  екенін  басшылыққа  алады:  «Социофонема  – 

сөйлеудің  қандай  да  бір  формасы  арқылы  жүзеге  асқан  фонетикалық  бірлік.  Ол 

сөйлеушінің 

сөйлеген 

сөзі 


арқылы 

беріліп, 

тыңдаушы 

тарапынан 

ментальды/интеллектуалды  және  логикалық  тұрғыдан  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

психологиялық,  эмоционалды,  эстетикалық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  түсініліп,  

қабылданатын фонетикалық бірлік» [1] Оның зерттеулерінде нақты дыбыс ассоциативтік 

мағынаға,  белгілі  бір  психологиялық  мәнге  ие  болып  келеді.  Мысалы,  «А»  дыбысы  – 

күрең қызыл, «О» - ашық сары немесе ақ, «Э» - жасыл, «И» - көк, «У» - күрең көк, жасыл 

көк, «Ы» - қоңыр қара түс немесе қара түспен ассоциацияланатынын айтады. Осы сияқты 



бұл  дыбыстарды  қабылдауда  да  нақты  эмоционалдық  бояуға  ие  болатынын  айтады. 

Мысалы, «Ж» - жаман, күшті, «Ш» - баяу, «Н» - жақсы, «Р» - салқын, «Б» - күшті, «М» - 

нәзік,  «Г»  -  дыбыстары  тез  қабылданады,  әсер  етеді.  Социофонеманың  бір  түрі 

психофонеманың бұл қыры енді зерттеле бастады.  

Социофонеманың  статусын  анықтайтын  белгілерге  мыналар  жатады:  1) 

дыбыстардың психологиялық әсері және 2) оның психологиялық тұрғыдан бағалануы; 3) 

эмоционалды әсері; 4) эстетикалық әсері; 5) тіл иесінің дыбысқа ұлттық-мәдени қатынасы; 

6)  тіл  иесінің  дыбысқа  эмпирикалық  және  антропологиялық  қатынас  арқылы  көрінетін 

субъектитвілік;  7)  тұрмыс-салт,  дәстүріне  қарай  белгілі  бір  топ  адамдардың  (социум) 

дыбысқа  деген  қатынас-көзқарасы  .  Социофонема  ең  алдымен  эстетикалық,  икноикалық 

және  символдық  тұрғыдан  қабылданатын  бірлік.  Социофонеманың  фоносемантикалық 

табиғаты Э.Сепир, Р.Браун, Х.Вернер сияқты тәжірибеші психологтардың, А.А. Леонтьев, 

В.В.  Левицкий,  А.П. Журавлев,  И.Н.  Горелов,  А.С.  Штерн  сияқты психолингвистиердің, 

Б.В. Журковский, Т.А. Гридина, А.Н. Журинский, О.Есперсен, Р. Якобсон, Р. Уэскотт т.б. 

көптеген  лингвистердің  зерттеулерінде  сөз  болды.  Қазіргі  таңда  фоносемантика 

функционалды  фоносемантика,  тарихи  фоносемантика,  компаративтік  фоносемантика, 

социофоносемантика, 

психофоносемантика, 

текстофоносемантика, 

эстетикалық 

фоносемантика бөлімдерінен тұратын ғылым саласына айналды. 

Қазақ  тіліне  қатысты  зерттеулерде  дыбыс  дыбыстық  символизм,  фоникалық  

құрылымдағы дыбыстардың поэтикалық қызметі аясында қарастырылады. Тіл дыбыстары 

басқа  бірліктерге  қарағанда  стилистикалық  тұрғыдан  ең  аз  зерттелген  болып  табылады. 

Ол фонеманың физикалық  және артикуляциялық,  акустикалық  ерекшелігіне байланысты 

туындайтын  мазмұнына  қатысты  мәселе  ғана  емес.  Фонеманың  тұрпаты  мен  қызметі 

аясында дыбыстық таңбаның семантикасы ескерусіз қалып келеді. 

Академик  Ә.Т.  Қайдаров,  А.  Айғабылұлының  зерттеулерінде  қазақ  тіліндегі 

дыбыстардың  фонологиясы,  дыбыс  сәйкестігі,  дыбыстардың    алмасуы  және  т.б. 

фонетикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтар  жан-жақты  сөз  болды.  Бұлардан  басқа 

дыбыстар  айтылымындағы  эмоционалдық  пен  көркемдік  (выразительность),  олардағы 

ассоцияция  мәселесі,  олардың  қосымша  мағына  жасауға  қатысы  кейбір  еңбектерде 

айтылғанмен,  арнайы  зерттеу  нысанына  кейіннен  алынды  [2]  .  Жалпы  фонеманың  түрлі 

стильдердегі  қолданысы,  интонация  жасауға  қатысы,  суперсегментті  қасиеттері  бірқатар 

зерттеулерде арнайы қарастырылды.  

Қазақ 


тіліндегі 

дыбыстардың 

түр-түстік 

ассоцияциялану 

қасиетін 

цветофоносемантикалық,  психолингвистикалық,  эксперименталдық  тұрғыдан  талдауды, 

арнайы  және  жан-жақты  зерттеуді  қажет  етеді.  К.Ш.  Хұсайыновтың  пікірінше,  тілдегі 

мұндай  құбылысты  дыбыстық  символизммен  тікелей  байланыста  және  адам    миында 

жүріп жататын психофизологиялық процестер арқылы түсіндіруге болады. 

Дыбыстық 

символизм 

дыбыстың 

сөз 

мағынасымен 



метонимиялық 

ассоцияциялануына  негізделген  символизацияның  бір  түрі  .  Дыбыстық  ассоциацияның 

жасалуына сөздің мына бөліктері қатысады: 1) ұқсас дыбыстар; 2) екпін түскен буынның 

алдында тұратын дауыссыздар; 3) екпін түсетін дауыстылар; 4) қайталанатын дыбыстар.   

Дыбыстық ассоциациялану шартты түрде жүзеге асады, сол себепті оны анықтау да 

күрделі. Оның күрделілігі мынадан көрінеді:  

1.

 

Ұғымдар өзара синонимдік қатынаста болуы керек.  



2.

 

Ұғымдардың арасында тек пен түр қатынасы болуы керек.  



3.

 

Метонимиялық ассоцияцияның қосарланып келуі. 



4.

 

Графикалық  метафора, яғни жазылу формасы мен бейнелейтін ұғым 



арасындағы форма жақындығы.  

5.

 



Түр-түстік символдың болу.  

Дыбыстық  символизм  негізінен  көркем  мәтінге  тән,  себебі  көркем  мәтін  тілдің 

сапалы  ұйымдасқан  «ең  жоғары  формасы,  ...көркем  мәтінде  сөз  мағынасының  тереңдігі, 

ырғақ,  дыбыстардың  әуенділігі  өте  маңызды».  Адам  есіміндегі  дыбыстық  символизмнің 



ассоциациясы  арқылы  оның  тағдырын,  мінезін  сипаттауға  да  болады.  П.А.  Флоренский 

орыс  тіліндегі  адам  есімдерін  талдауда  дыбыстың  осындай  символдық  қасиетіне  көңіл 

бөледі. [3]. 

  Дыбыстық 

символдардың  ассоциациясын  зерттеу  әдістемесі  сөйлеушінің 

санасындағы  белгілі  бір  дыбысқа  байланысты  метонимиялық  байланыстарды  анықтауды 

мақсат етеді.  

Дыбыстың  символдық  қызмет  атқарып,  белгілі  бір  метонимиялық  байланысқа  ие 

болуы олардың сөз ішінде, сөз тіркестерінде қайталанып келуі арқылы көрінеді. 

Қазақ  тіліне  тән  дыбыстық  қайталауларды  зерттеу  олардың  стилистикада 

аллитерация  және  ассонанс  жасау  ерекшелігін  зерттеуден  аса  алмай  жатқаны  белгілі,  ал 

олардың  фоносемантикалық  мағынасы  және  осымен  байланыста  қарастырылатын 

экспрессивтік  мағына  жасау  қызметі  болашақтың  еншісіндегі  және  арнайы  зерттеуді 

қажет ететін күрделі мәселе болып табылады. Ол туралы белгілі ғалым Р.Сыздық текстің 

фоникалық  (музыкалық,  әуезділік)  құрылымын  (оркестровкасын)  зерттеу  қазақ 

ғылымында  әлі  бел  ала  қоймағанын,  бұл  жөнінде  ішінара  З.Ахметовтың  «Казахское 

стихосложение» және «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» деген монографиялық 

еңбектерде  сөз  болғанын  айтады.  Ғалым  ішінара  зерттелу  себебі  мынада  деп  көрсетеді: 

«текстің әуезділігі немесе дыбыстық эффект тек қатар келген сөздердің басқы дыбыстары, 

я болмаса өлең жолдарының бірінші сөзі біркелкі дауысты дыбыстан басталып, асснонанс, 

біркелкі дауыссыздан басталып, аллитерация құралуы арқылы ғана пайда болмайды. Өлең 

жолдарында не бір бір жолдың ішінде түбірлес сөздердің қатар келуі де өлең үнінің әсерін 

ерекше  етеді».  Ғалым  өлең  сөздің  әуезділігін  сөздің  бойындағы  қасиет-сапа  ретінде 

зерттейді.  «Сөз  құдіреті»  атты  соңғы  шыққан  зерттеуінде  ғалым  өзінің  ойын 

Ә.Кекілбайұлының,  Ш.Мұртаза  т.б.  қазақ  жазушыларының  көркем  проза  мәтіндері 

арқылы  дәлелдейді.  Ғалым  прозалық  мәтіндегі  дыбыстық  қайталауларға  ерекше  мән 

береді.  Қазіргі  кездегі  зерттеулерде  бұл  мәселе  дыбыстық  символизм  мәселесі  деңгейіне 

көтерілді.  Дыбыстық  қайталаулардың  мәтін  деңгейіндегі  қызметі,  сөз  тіркесі,  фразалық 

оралымдар,  қос  тағанды  фразеологизмдердегі  көрінісі,  ұқсас  дыбыс,  дыбыстық  топ 

арқылы қайталана келетін сөз тіркестерінің өзінен кейін де әлгі дыбыстардың жаңғырығы 

іспеттес  қайта-қайта  қолданыла  келіп,  өлеңде  (абзацта  немесе  мәтінде)  дыбыстық  фон 

құрау  мүмкіншілігі,  белгілі  бір  көңіл-күй  тудыру    немесе  ой  жетегін  нұсқауға  қызмет 

ететін  фонетикалық  құралдардың  шығарманың  идеялық  мазмұнын  ашудағы  қызметі 

қазіргі  зерттеулерде  сөз  бола  бастады.  Ассонанс,  аллитерация  дыбысты  лингвистикалық 

талдаудың  түрлері  болғанмен,  оның  себеп-салдарын  іздестіргенде  психофонеманың 

табиғатын  тану  қажеттілігі  туатыны  анық.  ЖОО-да  көркем  мәтінді  талдауда 

психофонеманы  арнайы  зерттеу  басты  назарға  алынбаса  да,  оның  осындай  табиғаты 

ескерілуі керек.  

Сөз  мағыналары  нақты  контексте  құбылып,  түрлі  эмоционалды-экспрессивтік 

реңкке  ие  болып,  сан  түрлі  стилистикалық  қызмет  атқаруы  мүмкін.  Мәтіннің  лесикалық 

деңгейінде сөздің нақты контекстегі «қылығы» танылады. 

Мәтін  талдауда  тіл  деңгейлеріндегі  тіл  бірліктерінің  қай-қайсысының  болсын 

коннотациясына  басты  назар  аударылады,  ол  лингвистикалық  негізгі  талдау  нысанына 

айналады.  Соның  ішінде  сөз  стилистикасының  маңызы  өте  зор.  Сөз  сөйлеуде  ғана 

белсенді  қолданысқа  ие  болып  өзінің  «тура  және  ауыспалы  мағынасынан  басқа  жанама 

ассоциациядағы  сезімдер  мен  бейнелердің  идеялардың  көрінуіне  қатысты  потенциалды 

энергиясын  да  жүзеге  асырады.  Ол  көптеген  орыс  ғалымдарының  зерттеулерінде 

қарастырылды  [4].   

Коннотативті  мағына  денотативті    мағынаға  қарама-қарсы  әмбебап  ұғым  ретінде 

алынады.  Сөздің  ақпараттылығы,  оның  тақырыптық  –  заттық  мағынасын  айқындайтын 

оъективтенген  мағынасы  ерекше  субстанционалды  мәнге  ие  болып,  ол  денотативтік 

мағына  ретінде  танылады.  Сөздің  және  өзге  де  тілдік  бірліктердің  денотаттан  тыс 

ақпараттық  мазмұны  оның  сөйлеудегі  қолданысының,  күтілетін  контекстер  типі  мен 


тақырыптық  ситуациялардың,  мәнерлі  –  мағыналық  әсерлер  тудыру  қабілетінің  алғы 

шартын  белгілейді.  Мұндай  сөздердің  сапалық  ерекшеліктері  тек  қана  сөйлеуде 

тақырыптық  –  номинативтік  мағынасы  бойынша  салыстыру  мен  қарама  қарсы  қою 

арқылы көрінеді.  

Коннотация  мәселесі  семасиологияда  арнайы  қарастырылғанмен,  мәтінді 

лингвистикалық  талдауда  ол  функционалды  маңыздылығы  жағынан  ерекше 

қызығушылық  тудырады,  олардың  әр  түрлі  типтегі,  соның  ішінде  көркем  мәтіндердегі 

коммуникативтік  –  экспрессивтік  рөлі  және  сөйлеу  процесінде  стилистикалық  боялған 

және  бейтарап  құралдардың  қолданылуында  болып  жататын  процестер  қырынан 

қарастрылады. 

Сөздің  заттық-тақырыптық,  ақпараттық  мағынасынан  тыс,  мәтіндік  ортада 

функционалдық  қызметі  арқылы  танылып,  сөйлеу  адресатына  эмоционалды  – 

экспрессивтік әсер ету, қызықтыру мақсатында пайда болатын мағыналар стилистикалық 

мағына  деп  атаймыз.  Бұл  кезде  сөздің  стилистикалық,  яки  коннотаттық  мағынасы 

денотаттық  мағынадан  алшақтамайды,  тек  соның  негізінде  жасалып,  контексте  жетіледі. 

Осыған  байланысты  стилистикалық  мағынаның  бар/жоқ  белгісіне  қарай  тілдік  құралдар 

стилистикалық 

белгіленген 

(боялған, 

белігленген 

(маркировкаланған) 

және 


стилистикалық  бейтарап  (боялмаған,  белгіленбеген  (маркировкаланбаған)  болып 

ажыратылады.  Тілдік  бірліктің  сөйлеуде  қолданылу  диапазоны  оның  маркировкаланған 

мөлшері  болып табылады: стилистикалық бояу  үдемелі  және әр түрі  болған  сайын оның 

қолданыс  саласы  тарылады.  Себебі  «стилистикалық  белгіленген  құралдар  –  шектелген 

саласы  бар  тілдік  элемент,  ал  стилистикалық  бейтарап  құралдар  –  барлық  салада 

қолданылатын  элементтер»  [5].  Коннотацияның  типологиясына  қатысты  С. 

Қоянбекованың  еңбегінде  коннотативтік  семантиканың  узуальды  және  окказиональды 

коннотациялар,  эмотивті  (эмотивті  коннотацияны  бөлшектеу  мына  жағдайларда  мүмкін: 

эмоциональды  күйлерде  (қуаныш,  ашу,  қуаныш,  қорқыныш,  түсінбеушілік  т.с.с.)  және 

бағалау  коннотациясы  (оң  –  бағалау  (мелиоративті),  теріс  –  бағалау  (пейоративті)  деген 

түрлері  көрсетіледі.  Қазақ  тілінің  экспрессивтік  стилистикасына  қатысты  зерттеулерде 

коннотация  мен  экспрессивтілік  екеуі  бір-біріне  жақын  ұғым  болғанмен,  бөлек 

қарастырылады.  Кез  келген  коннотация  эксперссия  туғызатыны  сияқты,  ғылыми 

терминдерге  қолдану  саласын  көрсетуші  функциональды  коннотация  тән.  Термин 

сөздерге  эксперссиялық  функция  жат  болып  саналады.  Сол  себепті  «экспрессивтілік  

ұғымы сөйлеу актісіндегі  тілдік белгінінің оның мақсатқа сай және ұтымды қолданылуы 

болып  табылады.  Эксперссия  көзі  ретінде  семантиткалық  емес  өлшемдер  алынады. 

Коннотация  және  экспрессивтітілік  бір-бірімен  себеп-салдарлық  қатынас  арқылы 

байланысқан.  Коннотация  экспрессивтіліктің  семантикалық  негізі  болып  табылып, 

экспрессияға  айналып,  экспрессияны  тудырады».  [6].  Осыған  байланысты  тілдік 

айтылымдардың  коннотацияланған  бірліктерінің  инвентаризациясын  жасап,  жүйелеу 

арқылы  арнайы  коннотациялық  сөздіктер  жасау  және  түрлі  типтегі,  жанрдағы 

мәтіндердегі  коннотациялардың  функционалды  рөлін  зерттеу  міндеті  бүгінде  күн 

тәртібінде тұрғанын айта кету керек (Сонда). Экспрессивтілік сөйлеу үдерісі кезінде пайда 

болатын фукнкциональды құбылыс болғандықтан, ол тек мәтін ішінде танылады.   

М.Н.Кожина да өз еңбектерінде: «Если традиционное – а в общем-то и современное 

языкознание – было сосредоточено на изучении денотативной (в широком смысле), чисто 

логико  –  понятийной  сферы  языка  (правда,  с  неизбежными,  но  побочными  выходами  в 

область коннотации), то теперь пришла пора специального изучения этой коннотативтной 

сферы  повсему  «разрезу»  языковых  уровней»  [7]  дегенді  айтады  Бұл  орайда  тіл 

бірліктерін  горизанталды  емес,  вертикалды  зерттеп,  мәтіндік  ортадаға  функционалдық 

қызметін  басты  талдау  нысаны  ету  аса  маңызды  болып  табылады.  Алайда  бұл  мәтінді 

лингвистикалық  талдаудың тек бір ғана қыры, бұл  жерде мәтін емес, мәтін құраушы тіл 

бірліктері лингвистикалық талдау назарына ілігіп отыр. Мұндай талдаудың басты мақсаты 

– мәтіннің «неден» жасалғанын анықтау. Мәтін талдаудың келесі маңызды сатысы мәтін 


«қалай» жасалған дегенге жауап беруі керек.  

 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 

Казарин  Ю.В.  Филологический  анализ  поэтического  текста.  М.:  Академический 



Проект; 

Екатеринбург.: Деловая книга, 2004. -432с. 

2.

 

Казарин Ю.В. Проблемы фоносемантики поэтического текста. Екатеринбург, 2000. 16-



б. 

3.

 



Хусаинов  К.Ш.  Звукоизобразительность  в  казахском  языке.  А:  Ғылым,  1958.; 

Айғабылов А. 

Морфонологиялық құбылыс сырлары. А, Қазақ университеті, 1998. 92б, 

4.Қайдаров Ә.Т. Структура односложных корней в кзахском языке. А, Ғылым, 1986. 388с.  

5.Розыева О. Д. Просодическая организация стилей произношения в тюркских языках (на 

матери.казахского, узбекского и туркменского языков. 



6.Флоренский П.А. Имена//Имя. Характер. Судьба. А, 1995. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет