Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет51/56
Дата28.12.2016
өлшемі6,08 Mb.
#661
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

Бақан таңбасы 
Мен  Гансу  өлкесі  Сунан  ауданындағы  2008-жылғы  екі  жолғы  экспедициямда  негізінен 
батыстық  йұғырлардың  яғлақар, хораңгыд, сақыс руларының аталары  жөнінде мәлімет  топтадым. 
Бізді  рулар  мен  таңбалар  жөнінде  ең  көп  деректермен  қамдағандар  Хуңуансы  қалашығындағы 
Қарттар күтімханасында тұратын қарттар болды. 
Қазақтың найман руының бақан ( ) деп аталатын таңбасын Хамортан шешей тоқұс (тоғыз) 
деп  оқи  отырып,  алдыңғы  ғасырдың  қырқыншы  жылдарында  жылқыларға  осындай  таңбалар 
басылатынын  әңгімеледі.  Алайда  қайсы  руға  тән  екенін  тап  басып  айта  алмады.  Ескі  ханзуларда 
бірден онға дейінгі цифрлар ішінде тек тоғыздың ғана байырғы таңбасы жай таңбамен емес, күрделі 
иероглифтік тұлғамен жолығады (Оң жақтағы суретке қараңыз

Тоғызды синологтар шынтақ деген 
мағынадағы 肘 иероглифінің көне тұлғасынан жасалған деп есептейді. 
Алты  ескі  ханзу  иероглифінде 

  түрінде  де  жазылады.  Бұл  Кіші 
жүздегі қарасақалдың таңбасын еске салады. Араб цифрындағы тоғыз 
бен  алты  тек  қана  бағытындағы  өзгеріспен  өзгешеленген.  Қазақтың 
Кіші  жүзіндегі  алтын  руының  таңбасы    да  ескі  ханзу  тіліндегі 
алтының  жетілдірілген 
иероглифімен 
ұқсайды,  егер  қазақ 
шежіресіндегі “тоғыз таңбалы найман” атына зер салсақ, найманның 
ортақ  таңбасы  саналған  бақан  таңбаның  түп  тегінің  “тоғыз”  сан  есімімен  қатыстылығын  теріске 
шығармаймыз.  Бұл  қазақ  таңбаларының  тегінің  ескі  ханзу  иероглифінде  де  көрініс  беруімен 
қызықтырады. Бақан – бағана деп те аталады. Жұңгодағы Чин, Хән әулеттерінде патшаның қасында 
болып мемлекеттік жұмыстарды басқаратын уәзірлерді тоғыз дәреже бойынша тағайындап, оларды 
тоғыз мүшір (九卿) деп атау дағдысы болған. Ескі түрік-моңғол тайпалары да тоғызды аса киелі сан 
есебінде  бағалаған.  Ханзулар мемлекеттің шаңырағын  көтеріскен қайраткерлерін  柱国  (Жуго)  деп 
атаған. Оның баспа-бас аудармасы мемлекеттің тірегі, бақан дегенге келеді. Түрік Республикасында 
мемлекет басшысы Жұмһұрият бақаны деп аталатынына зер салсақ, бақан деген сөздің жалаң ғана 
“киіз  үйдің  шаңырағын  көтеруге,  үзіктер  мен 
түндіктерді  көтеріп  жабуға  керекті  ашалы 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
317 
тіреуіш” деген мағынаның аясымен шектелмейтінін аңғарамыз. Бақан сөзінен бағана сөзі жасалған. 
Бұлардың  түбірі  –  бақа  (қазақ  сөйленімдерінде  баспана  деген  мағынасы  да  бар).  Моңғолдар 
әкімшілік  бөліністің  ең  кіші  бірлігін  баг  (бақ)  деп  атаған.  Ерте  орта  ғасырлық  түрік  және  Жұңго 
деректерінде  түрік  билеушілерінің  лауазымы  ретінде  баға  сөзі  жиі-жиі  айтылады.  Мысалы,  Баға 
қаған, Баға тарқан, Құтлық баға тарқан, Бойла баға тарқан. Кей ғалымдар баға сөзін санскритшедегі 
маха  (патша)  сөзімен  қатысты  қарастырады.  Біздіңше,  бұл  атау  ескі  түрікшедегі  тәңірия  дінінің 
басшысы  деген  мағынадағы  бөг,  немесе  бөгү  (Боғда)  сөздерімен  қатысты.  Ол  –  адамның  рухани 
тірегі.  Бір  қызықты  жайт,  Америкадағы  сиу  үндістерінің  тілінде  “baha”  сөзі  қарт  адам  деген 
мағынада жұмсалып, түрік тілдеріндегі “баба”, “бабай” сөздерімен үндесім табады екен. Қарттар  – 
ауылдың басы, берекенің қаймағы. Қазақ сөйленімдерінде бақа сөзінің екінші бір мағынасы аласа, 
тапалтақ. Йұғырлар ұл баланы еркелеткенде баға (b

) деп атайды. Қазақта “барын киіп, бақанын 
қолға  алу”  деген  мақал  бар.  Мұндағы  “бақан”  үйдің  тіреуішін  емес,  кісінің  қолына  ұстаған 
асатаяғын  білдіруі  мүмкін.  Демек  баға  қағандардың  қолындағы  биліктің  символы  саналатын 
асатаяқтар да бақан аталуы мүмкін. Ескі түрік тілінде жүзік (сақина) сөзі де бақан аталған (алтұн 
бақан  –  алтын  жүзік).  Найманның  бақан  таңбасы  да  мемлекеттік  рәміз  болған  секілді.  Ал  осы 
мемлекетті  құраушы  тайпалар  бақан  таңба  негізінде  өздерінің  таңба  –  рәміздерін  жасаған.  Біздің 
төмендегі кестедегі таңбаларды бір негізден таратуымыз осыдан [22, 253 б.; 23, 293-296 б.; 24, 36-37 
б.; 25, 49 б.]. 
 
Қазақ руларындағы бақан таңбаның үлгілері 
ру аты 
таңбасы 
ру аты 
таңбас
ы 
ру аты 
таңб
асы 
найман 
 
шекті 
     
есентемір 
   
бағаналы 
 
   
алтын 
 
керей 
 
 
қаракесек 
 
жаныс 
 
уақ 
 
 
 
қарасақал 
  
жаппас 
  
телеу 
 
Йұғыр  наймандары  найман  сөзін  моңғол  тілдеріндегі  сегіз  сан  есімімен  түсіндіреді. 
Сондықтан да арнаймандар өздеріне сақыс (сегіз) атын қойған. Қазақтарда бақан таңбаның бірнеше 
үлгісі жасалған

Э.Р.  Тенишев  мырза  йұғырлардың  Пағана  (paghana)  руының  атын  жазған.  Палдақ  (палтақ) 
руы  Г.Н.  Потанин,  К.Г.Е.  Маннергейм,  Э.Р.  Тенишевтердің  еңбектерінде  patan  (патан)  түрінде 
хатталған. Бұл “балта” болуы да мүмкін. Ендеше қазақтағы балталы, бағаналы елінің бір бөлігі осы 
пагана, палтақтар болуы мүмкін. 
Сын  –  қазіргі  бірсыпыра  Алтай  түріктерінің  тілінде  бұғы  ұғымын  білдіреді.  Бұғыны  ескі 
түрікшеде сығұн деп те атайды. Сақа тілімізде асықтың ең үлкен ірісі деген мағына берумен бірге, 
диалектілерде үйдегі тіреу, бағана деген мағынаны білдіре береді (маңдайын сақаға соғып алғандай 
әсер етті). Сақа жолдас деген тіркесте сақа асық мағынасын білдірместен тіреу, бағана мағынасын 
аңғартып тұр. 
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының Абай атамыз ұсынған ескі нұсқасында Сарыбайдың елі 
балталы  мен  сақалы  делінеді.  Мысалы,  елімен  қоштасарда  Баян  сұлудың  апалары  Айтаңсық  пен 
Айғыз: . 
Балталы мен сақалы ел аман бол, 
Балдырғанды, бақалы көл аман бол. 
Ақылы жоқ қайнатаң сенен қашты, 
Жөргекте Қозы Көрпеш бала аман бол” 
деп  зарласа,  Айбас  ер  Баян  сұлуға:  “Сарыбайдың  жұрты деп естуші 
ме  ең,  балталы  мен  сақалы  елден  келдім”  дейді.  «Жырдың»  бізге  таныс 
басқа  нұсқаларында  сақалының  орнына  бағаналы  айтылады.  Бұл  туралы 
академик  Ә.  Марғұлан:  “Мұхтарға  айтушы  ақын  Уәйіс,  одан  бұрын 
Бейсенбай  екі  мотивті  өзгертіп  “балталы,  бағаналы  ел  аман  бол”  деп 
жаздырған, бірақ дұрысы Абайдың нұсқасы”
 
деп атап өткен-ді. 
Жазушы  Қойшығара  Салғараұлы  өзінің  «Қазақтың  қилы  тарихы» 
атты  роман-эссесінде  найман  атауының  шежірелік  мәліметтеріне 
байланысты  мынадай  пікірді  келтіреді:  “Кей  атаулар  жөнінде  ел  арасына 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
318 
тараған  ауыз-әңгімелер  бар  болғанымен,  дәл  осы  найман  жөнінде  ондай  ештеме  кездеспейді. 
Шежіреде найман Орта жүздің түп аталығы – Жанарыстың алты баласының бірі – Аққожадан туған 
баланың аты. Одан Кетбұға, Сарыжомарт, Төлегетай. Осының кейінгі ұрпағы таңбасын жылқының 
теріс  жағына  салғандықтан  Терістаңбалы  атанып  кеткен.  Кетбұғасынан  Мәмбет  пен  Ырысқұл; 
Сарыжомарттан  –  Бағаналы,  Балталы,  Көкжарлы,  Бура  деген  балалар  тарайды.  Халық 
Сарыжомарттың  балаларын  Ергенекті  найман  деп  те  атайды.  Төлегетайдан  Қаракерей,  Матай, 
Садыр. Осы Матайынан туған Қаптағай есімі бүкіл Найманның ұранына айналады”. 
Кей  шежіре  нұсқаларында  балталы,  бағаналы  рулары  найманның  Ұлытау  тармағына 
жатқызылады.  Даланың  шешен  шежірелері  мен  жез  таңдай  жыраулары  бір  тайпаны  екінші  бір 
тайпаға тектен тек тели бермеген. Егер жырдағы сақалы бағаналыға өзгертілсе, ол әсте жыраудың 
жырды  өз  тайпасына  бейімдеу  мақсатынан  тумаған.  Қайта  елдік  тарихты  түсіну  негізінде  сақалы 
мен бағаналының бір атаудың ұқсамаған екі түрі екендігін тұрақтандыра білуімен қабысып жатыр.  
Халық  санасында  тіреу,  бағана  мағынасындағы  сақа  сөзі  ұмыт  бола  бастап,  оның  орнын 
бағана (бақан – бақана – бағана) басуына байланысты сақалы этнонимі де бағаналыға өзгеруі ғажап 
емес. Бұған осы елдің елдік таңбасы (
 
  ) бағана болуы да себеп болса керек. Салыстырыңыз: 
найманның таңбасы бақан ( ) [26, 62 б.; 27, 161 б.]. 
Босаға таңбасы 
Іледегі уақтардың ұраны Жаубасар. Олар Іледе аз ру болғандықтан, алғашта “Сама” ұранына 
қосылып  келген.  1890-жылдары  уақ  азаматтары  “Бізде  бір  зәңгі  ел  болып  өсіп-өндік,  енді  өз 
ұранымызды  шақырсақ  десіп  жүр  еді,  сол  кездегі  тойларда,  аста  ат  бәйге  болғанда  Иман  мен 
Есбосынның  аты  бәйгеден  келе  береді.  Содан  бір  тойдағы  бәйге  де  уақтың  аттары  тағы  да  алда 
келгенде  уақтар  ‘Жаубасар,  Жаубасар’  деп  ашық  ұрандайды.  Міне,  осыдан  бастап  уақтың  ұраны 
жаубасар болып  келеді”.  Ал  Іле  уақтарының  таңбасы  босаға.  Мұны ең алғаш  Иман  Тоқтамысұлы 
қолданған екен. Іледе де ұрпағы Иман Есжанұлы бастап қолданып, содан жалпыласты. Бұл таңба ел 
ішінде  Иман  таңбасы  деп  те  аталады  (Оң  жақтағы  таңба  Іле  ҚАО  Нылқы  ауданы  Кілең  ауылы 
Қойтас  қыстағының  малшысы  Маман  Әбеуғалиұлы  сақтап  отырған  жылқыға  басатын  таңба).  Іле 
уақтарында Іле уақтарының босаға таңбасы Сама төренің тарақ таңбасынан өзгертіліп, ортадағы тік 
сызықты алып тастап ілгек таңба қолданудан қалыптасқан дейтін жаңсақ пікір де бар. 
Сары  ұйғыр  халқында  бақан  таңба,  тарақ  таңба,  тостаған  таңба,  ашамай  таңбалар  болған. 
Бірақ қазір ұмыт болған. 
2008-жылы 30-қыргүйекте  Сунан  аудандық Йұғыр мәдениетін  зерттеу  кеңсесінің жетекшісі, 
зерттеуші,  жазушы  Ежин  Темір  мырза  (оң  жақтағы  таңбаларды  осы  кісі  сызған)  мен  Қарттар 
күтімханасындағы  зейнеткер  Жолмарчіт  шешей  қазақтың 
төре, жалайыр, тарақты, табын руларының тарақ таңбасына 
және  бағаналы  наймандардың  бақан  таңбасына  ( )  аса 
назар аудара  отырып,  бұл  таңбаның  йұғырлардың семелері 
мен  обаларынан  жиі  ұшырайтынын  айтты.  Өкінерлігі  бұл 
таңбаның  қазіргі  иелері  жөнінде  тап  басып  ештеңе  айта 
алмады.  Әрине  оқырман  қауымға  ең  алдымен  Шыңғыс 
қағанның  алтын  ұрығынан  тарайтын  төре  әулетінің  тарақ 
таңбасы елестеуі  мүмкін.  Біздің  баса  назар аударатынымыз 
тарих  тасасында  қалған  жалайыр  қауымының  бір  кездегі 
Ұлы ұйғыр қағанатын билеген тұстағы салтанаты елестейді. 
Белгілі  шығыстанушы  Ю.А.  Зуев  өзінің  «Ранные  тюрки: 
очерки  истории  и  идеологии»    деген  еңбегінде  жалайырды 
байырғы  яғлақарлардың  бір  тармағы  ретінде  атап  өтеді. 
Ендеше  тарақ  таңбасы  да  йұғыр  яғлақарларының  атам 
заманғы еншісі болуға керек. 
Қазақ шежіресінде Жалайыр көбіне Үйсін Майқыдан таратылып, бер жағы Үйсіл – Жансақал 
(Тарақ) болып жалғасады. Ал кей нұсқаларда ол Мекіреден таратылады. 
Тарақтыларды  бірде  бүкіл  Орта  жүздің,  бірде  арғынның  “ноқта  ағасы”  деп  жатады. 
Көшпелілер  тіршілігінде  “ноқта  ағасы”  болған  елдерге  ерекше  құқық  берілген.  Жол-жоралғы, 
сыбағалы  тамақ  алдымен  соларға  ұсынылады,  билер  пәтуаға  келе  алмаған  даулардың  шешімді 
түйінін ноқта ағалары айтады (Тарақты Ақселеу). Ұлы жүзде бұл мәртебе жалайырға, Кіші жүзде 
тамаға  тиесілі.  Міне,  осы  жерден  қызық  бір  үйлесімділіктің  ортаға  тартылатыны  бар.  Ол 
жалайырдың да, тарақтының да таңбасы тарақ екендігіне қатысты. Тарақ – Кіші жүздің тамасы мен 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
319 
оның  інісі  боп  есептелетін  табынға  қатысты  таңбаларда  да  ұшырасады.  Бұл  жерде  тарақ 
таңбалылардың  тектес  болуы  ғажап  емес  дейтін  байымдаулар  да  бар.  Мәселен,  жалайыр 
шежірешілері  тарақтыны  бірманақтан  таратып,  “нағашысына  сіңген  өз  туысымыз”  дегенді  де 
айтады.  Тарақты  қарақалпақтың  қият  пен  кенегес  руларының  құрамында  да  кездеседі.  Сондай-ақ 
тағы да таңбаға көңіл аударар болсақ, қазақ хандары шыққан төрелердің таңбасы да – тарақ. 
Босаға  таңбасы  Кіші  жүздегі  керейттерде  де  бар.  Бұл  керейттер  мен  уақтардың 
байланысының тым арыдан басталатынын тағы бір қырынан дәлелдейді. Іле уақтарындағы Босаға 
таңбаның  қалыптасуы  төренің  тарақ  таңбасынан  емес,  қайта  төренің  тарақ  таңбасына  ұқсас 
жалайырлар  мен  табындардың,  сондай-ақ  тарақ  таңбалы  тарақты  елінің  таңбасынан  өзгеруі  де 
мүмкін. Мұндай таңба үлгілері Кіші жүздегі қаракесек руында да бар. Мойынтұрыққа ұқсайтын бұл 
таңба арбалы әскерлердің соғыс кезінде жегін атты тізгіндеуінде ерекше рөл атқаратын айылбастық 
қызметтер  атқаруы  мүмкін.  Сөйтіп  бір  кездері  арбалы  әскерлердің  тұтынатын  киелі  таңбасына 
айналған.  Шөмекей,  қаракесек  руларында  кезігетін  мойынтұрық,  мойынағаштарға  ұқсас  таңбалар 
туралы Алмас Ордабаевтың қола дәуіріндегі арбаны айылбасына
 
ұқсайтын таңбалар жөніндегі мына 
пікірі  көкейге  қонады:  “Бұл  таңба  Сібір,  Алтай  және  Моңғолияның  қола  дәуіріне  жататын 
бұғытастарында  да кездеседі...  Археологтар  осы  заттарға  ұқсас қоладан құйылған  заттарды  тауып 
келді  (оң  жақтағы  суретке  қараңыз)  және 
бір  жарым  ғасыр  болды,  олардың  қызметі 
не  екенін  таба  алмай  бас  қатыруда. 
Олардың  анық  сенетін  бір  жайы  – 
таңбалардың 
күймемен 
байланысты 
екендігі...  20-ғасырдың  80-жылдарында 
археологтар Қытайдағы және Минусин (Мыңсу) аңғарындағы қорымдардан бұл заттардың жанынан 
күйме бөліктерін тапты. А.В.Варенов бұл зат  – белдіктің бір бөлшегі, деталі, атап айтқанда, оның 
ортаңғы  айылбасы  деген  қорытынды  жасады...  Соғыс  кезінде  арбакеш  божыны  ұстаған  қолын 
босатып  алуы  керек  болды,  сонда  ол  шылбырды  доғаға  өз  айылбасымен  бекіткен.  Қолын 
босатып  алған  соң  арбакеш  аттарды  бақылауынан  шығармастан  садақ  не  найзамен  соғыса 
алатын  болған.  Арбакештердің  қола  дәуіріндегі  жоғарғы  әлеуметтік  рөлі  туралы  әңгімелеп 
жатудың өзі артық” [28, 175 б.]. 
Ергенек таңбасы 
Уақтар  мен  наймандардағы  ергенек  таңбаның  тегін  анықтауда  Ұлы  Моңғол  ұлысының 
қағандары Мөңке мен Арық Бөкенің атынан соғылған теңгелердегі ергенек таңбадан аттап өту мүмкін 
емес.  Мұндай  ергенек  таңбалар  түрікменнің  язир  руында 
тайпабасы  деген  мағына  аңғартуы  аса  қызықты  жайдан  хабар 
береді.  Түрік  қағанатының  билік  дәрежесі  жөнінде  жазылған 
«Таңнаманың»  194-бумасында:  “Қағанның  ұлдары  мен  інілері 
тегін,  өзге  ұлыстардың  әскербасылары  шад  деп  аталды.  Олардың  ең  ірі  ұлығы  –  құтлы  чор,  одан 
кейінгісі – аба, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдын, одан кейінгісі – іркін. Олар бұл шенге 
мұрагерлікпен  ие  болды,  алайда  ұлық  санына  шек  қойылмады”  делінген.  Бұдан  тайпабасылардың 
іркін аталатынын байқаймыз. Демек ергенек сөзі іркін шенімен қатысты жасалуы мүмкін. 
Алмас Ордабаевтың  пікірінше ергенек ескі түрікше тақ, биіктеу жер деген мағынадағы өргүн 
(ӧrgün) сөзімен қатысты. Ергенек – киіз үйдің есігіне көлденең қоя салатын тақтай; шөп шарбағының 
аузына арналған есік; сықырлауық есіктің көсігі, ал ергеншек 
– киіз үйдің киіз есігі [29]. 
Қосу таңба 
Қосу  (крест)  ╋  түріндегі  рулық  таңбалар  қазақтың 
төртқара,  телеу,  сіргелі,  керей,  адай  тәрізді  руларында 
кездеседі, 
оның 
жетілген 
түрін 
ботбай, 
сәмбет, 
сарыүйсіндерден  кезіктіреміз.  Бірсыпыра  ғалымдар  керей 
мен  уақтағы  қосу  (крест)  таңбасын  керейттер  мен 
оңғыттардың несторияншылдыққа табынуымен қатысты деп 
есептейді. 
Дегенмен 
несторияншылдықты 
керейт, 
оңғыттармен  қатар  қабылдаған  наймандарда  бұл  таңбаның 
кезікпеуі 
таңбаның 
тарихи 
қалыптасу 
кезеңінің 
несторияншылдықтан  арыда  жатқанын  сыпаттайды.  Сәрсен 
Аманжолов 
телеу, 
сіргелі, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
320 
ботбай,  құралас,  сәмбет,  сарыүйсіндер  мен  төртқаралар  арасында  христианшылдықтың  болғаны 
жөнінде мәліметтер жоғын атап өтеді. Алтай түріктерінің ежелгі тарихына белсенді қалам тартып 
жүрген  Мұрат  Аджи  қосынды  (крест)  белгісінің  тәңірге  табыну  кезеңінен  бастау  алатынын,  яғни 
б.з.д. 6-3 ғасырлардан б.з. 7 ғасырына дейін алтайлық түріктер арасында таралғанын, оны Еуропаға 
ғұндар  апарғанын  тәптіштеп  баяндайды.  Бұл  ботбай,  сәмбеттердегі  күн  мен  қосудан  құралған 
таңбаның  және  сарыүйсіндердегі  төртбұрыш  пен  қосудан  құралған  таңбаның  сырын  ашуға  негіз 
қалайды. 
Заратуштаршылдықтағы  қанатты  адам  бейнесі  (сол  жақтағы  суретке  қараңыз)  –  періште 
ұғымымен қатысты туындаған. Оның қалыптасуына құсты киетек санаушы байырғы халықтардың 
көптәңірлілік  діни  нанымдары  басты  себеп  болса  керек.  Қазіргі  таңдағы  христиандардың  крест 
таңбасы да осы құс таңба негізінде туындаған Заратуштрашылдық ұғымнан алыс емес. 
Гу  (古)  иероглифінің  басты құраушысы  –  кереш (крест,  немесе қазіргі  қосу  таңбасы). Тегін 
қусақ “мысырлықтар шыққан күнді бірінші болып көріп, айқайлаған қызыл құйрық павианды құдай 
санаса, үнді-еуропада қарапайым қораз мысыр павианындай құрметке бөленді, ол да шыққан күннің 
тәжісіне,  өмір  мен  тәнге  жан  бітірудің  символына  айналды.  Бұл  үрдіс ежелгі  қораз  –  күн  көзінен 
тұтанған  оттың  жаңа  белгісі  “ашамай”  (крест)  пайда  болғанға  дейін  жалғасты.  Сірә,  ежелгі  Ху 
иероглифінде байырғы солтүстік этностарына кең тараған құс (十) және 
ай  (月)  таңбалары  сақталуы  мүмкін.  Оның  жетілген  түрі  Ху  (胡) 
иероглифі.  Түрік  халықтарына  кең  тараған  құс  таңбасының  бүгінгі 
жетілген  тұлғасы  керіш  (крест)  таңба.  Оның  даму  басқыштары  әр 
дәуірде Ұлы даланың жартастарына қашалып қалдырылған (оң жақтағы 
суретке  қараңыз).  Бұдан  оңғыттар  мен  керейттер  несториандық 
бағытты ұстанудан бұрын-ақ ашамай таңбамен танысқанын байқаймыз. 
Ашамай  таңбаның  Несториандық  бағыттың  ықпалына  ұшырап,  крест 
(қосу)  таңбасына  айналып  кетпей  бүгінге  жетуі  де  осыны  растайды. 
Мұнда  тілге  тиек  болып  отырған  құс  –  алақарға  (оң  жақтағы  суретке 
қараңыз) немесе сауысқан болуы мүмкін. Қарғаны қастерлеу көптеген 
халыққа ортақ.  Алақарға  мен сауысқанның қастерленуінің  сыры  оның 
“ала” түсімен қатысты. Қарға – отаншылдығымен қастерлі. Ол қыстың 
қақаған  аязында  туған  жерін  тастап  жылы  мекенге  ауып  кетпейді. 
Қарғаға,  соның  ішінде  алақарғаға  табыну  –  Заратуштрашылдық  дәріптейтін 
ізгілік  пен  қараулықтың,  яғни  ақ  пен  қараның  диалектикалық  байланысынан 
туындаған.  Ханзу  халқы  сауысқанды  аса  жоғары  бағалайды.  Әбілез 
Қамзайұлы: “Шун патша өгей шешесі мен онан туған Шяңның өзіне жасаған 
екі реткі қастандығының бірінен сауысқан түстес, енді бірінен айдағар түстес 
киім киіп алып құтылып шыққандығын, Тоқымашы қыздың Сиыршы жігітпен 
некеленгеннен  кейін,  тоқымашылық  ісін  доғарып  қойғанына  кәрленген  көк 
тәңірі олардың арасын өткел бермес өзенмен бөліп тастағанда, олар сауысқанды көпір қылып, жыл 
сайын  7-айдың  7-күні  бір  рет  жолығып  тұратынын  сауысқанның  бойынан  көрініс  тапқан  “Ала” 
сөзінің  құдіреті”  деп  таниды.  Қазақтар  баласын  “күнім”,  “қарғам”  деп  еркелетеді.  Бұл  Күн 
құдайына,  ала  қарғаға  (Corvus  cornix)  немесе  ала  құмайға  (Gyps  himalyenis)  жасалған  құрметтен 
туған. Ешқашан баласын “жерім” немесе “сауысқаным” деп жатпайды. 
Қоңыраттардың  Көктің  құсы,  Көктің  ұлы  деген  рулық  тармақтары  олардың  құсқа 
табынуымен  тығыз  қатысты.  Сірә,  өзбек  қоңыраттарындағы  және  Кіші  жүздегі  жүзге  кірмейтін 
ноғай-қазақтар құрамындағы үйсін руының бір тарауы қостаңбалылардың есімін Құс таңбалы деп 
түсінген дұрыс шығар.  
Қазіргі ханзу тілінде он сан есімі қосу таңбасымен (十) бейнеленсе, ескі ханзу тілінде тік 
сызықпен (丨) бейнеленеді. 
Халық  арасында  аталған  дәстүрлі  таңбалардан  тыс,  әр  атаның  өзіне  ғана  тән  әріптік 
белгілерден  жасалған  таңбалар  да  кезігеді.  Мысалы,  Толы  ауданы  Өшеті  ауылында  тұратын 
шапанайдың Бейсеннен тарайтын Серікбол ауылында арабша “ەس” әріптері таңба ретінде алдыңғы 
ғасырдың бастарынан бері қолданылып келеді [30, 137 б.; 17; 19, 82 б.; 20; 21, 36-37 б.; 31; 32]. 
 
Әдебиеттер: 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
321 
1.
 
Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или  киргиз-кайсацких  орд  и  степей.  –  Алматы: 
«Санат», 1996. – 428 с. 
2.
 
Қазақ ру-тайпаларының тарихы.  Т. Х. Найман.1-кітап. – Алматы: Атамұра, 2008. – 456 б. 
3.
 
№ 801. Қазақ шежірелері. Дәптер № 2. Қазақтың ру таңбасы.  
4.
 
Нығымет Мыңжани және басқалар. Қазақтың қысқаша тарихыю. – Үрімші: ШХБ, 2009. 
– 160 б.  
5.
 
Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, Мектеп баспасы, 1986.  
6.
 
作者马克·奥康奈尔(Mark 
O’connell),拉杰·艾瑞(Raje 
Airey),译者余世燕:《象征和符号》  (The  illustrated  encyclopedia  of  sings  &  symbols), 
南方日报出版社,广州, 2014年8月,23页;«Kontakto».  
7.
 
Мұхамеджан  Т.  Материалы  к  историикиргиз-казакского  народа:  Восточное  отделение 
Киргизского государственного издательства. – Ташкент, 1925. – 46 с.  
8.
 
拉施特主编,余大钧  周建奇译:《史集》  (Рашид  әд-дин:  «Жылнамалар  жинағы»), 
第一卷第一分册,商务印书馆,1997,北京,142页。 
9.
 
林幹著:《匈奴史》,内蒙古人民出版社,呼和浩特,2007,153页,引自策·道尔吉苏荣
《北匈奴》一书第五章“匈奴的文化”。 
10.
 
Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. 8. – Алматы, 1976. – 439 б.  
11.
 
Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. 1. – Алматы, 1972. – 209 б.  
12.
 
Ғұндардың  Шофаңдағы  байырғы  иеліктері  Хынан  (Ордос,  Сары  өзеннің  оңтүстігіндегі) 
өңіріндегі билеушісін көрсетеді.  
13.
 
Шадыман А. Үйсін этнониміне талдау. // «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы 
мен ерекшенің «Мәңгілік ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік 
конференциясы материалдары. – Алматы: Елтаным баспасы, 2014. – Б. 19.  
14.
 
作者马克·奥康奈尔(Mark 
O’connell),拉杰·艾瑞(Raje 
Airey),译者余世燕:《象征和符号》  (The  illustrated  encyclopedia  of  sings  &  symbols), 
南方日报出版社,广州, 2014年8月,84页。 
15.
 
Маргулан  А.Х.  Сарарқа  петроглифтері,  бөрі  тотемі  бейнеленген  жартас  гравюралар. 
Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер. – Алматы: Дайк-Пресс баспасы, 2003.  
16.
 
王本兴编著:《甲骨文字典》,北京工艺美术出版社,北京,2010年; 
《古代汉语字典》,彩色版,商务印书馆,北京,2005年。 
17.
 
Ханзудың 
сауыт-сүйек 
жазуларының 
үлгілері 
көрсетілген 
суреттер 
王本兴编:《甲骨文小字典》,文物出版社,北京,2006年;《古代汉语字典》,彩色版,商务印
书馆,北京,2005年; 
崇羲 
王心怡编《商周图形文字编》,文物出版社; 
徐中舒主编:《甲骨文字典》,四川辞书出版社.  
18.
 
唐冶泽撰:《甲骨文字趣释》重庆出版社,重庆,2004年7月第2版第2次印刷,28页。  
19.
 
Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, 1969.  
20.
 
Мейірхан Ы. Шежіре: Қазақ руларының таңбалары – Алматы, 1992.  
21.
 
Жарылқап Б. Қазақ шежіресі. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994.  
22.
 
Қойшығара С. Қазақтың қилы тарихы. – Алматы: Роман-эссе, 1992. – 253 б.  
23.
 
Зуев Ю.А. Ранные тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы; Дайк-Пресс, 2002.  
24.
 
Жарылқап Б. Қазақ шежіресі. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994.  
25.
 
Зардыхан  Қ.  Моңғол  үстіртін  мекен  еткен  соңғы  түрік  тайпалары.  IX-XII-ғасыр.  – 
Астана: Елорда баспасы,  2001.  
26.
 
Ордабаев  А.  Қазақ  руларының  таңбалары  мен  ұрандарының  кестесі.  /,  Аударған  Ә. 
Бөлежанова, редакторы Э. Распутина. – Алматы: Номадтар кітабы.  
27.
 
Шадыман  А.  Ұлы  Түрік  қағанаты:  Қытай  деректері  мен  түсініктер.  –  Шинжяң: 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
322 
Жастар-өрендер баспасы, 2006. – 161 б.  
28.
 
Сүлейменов  О.О.  Атамзаманғы  түркілер  (Тарихқа  дейінгі  түркілер):  ежелгі  түркі  тілдері 
мен  жазуының  пайда  болуы  хақында  /  ауд.  М.  Қазыбек.  –  Алматы:  Библиотека  Олжас  Баспа  үйі, 
2011. – 352 б.  
29.
 
希罗多德:《历史》,徐松岩译注,上海三联书店2007, 202页。 
30.
 
Диалектологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 137 б.  
31.
 
钟进文主编:《国外裕固族研究文集》,中央民族大学出版社,2008年10月,捷尼舍夫著 
范丽君译:《裕固族族源和氏族部落构成》,196页;佐口透  著  章莹译:《裕固族集团组织  – 
鄂托克 (otok) 制》305-306页。 
32.
 
李丰楙:《山海经快读》, 海南出版社、三环出版社,2005年4月6 第一次印刷, 102页。 
33.
 
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – Алматы: Санат, 1997. 
– 550 с. 
34.
 
Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000. 
– 204 б. 
35.
 
Бернштам  А.Н.  Түргештік  монеттердің  жаңа  типі.  //  Түркология  жинағы.  –  Москва-
Ленинград, 1951. – Б. 68-72.  
36.
 
«Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме». – Алматы: Қазақ ССР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институты, 1986. 
37.
 
Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. 6. – Алматы, 1972. – 486 б. 
38.
 
Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы: Мектеп, 1988. – 135 б.  
39.
 
Шәкерім  Қ.  Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресі.  –  Алматы,  «Қазақстан»  және 
«Сана», 1991. 
40.
 
Дауытбаев М. Шежіре қазақтың ру-тайпалық құрылысы жинақтаған. – Шымкент: ЖК 
Байтасов Б.С. баспасы, 2012. 
41.
 
Маданов Х. Кішіжүз шежіресі. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1993. – 162 б. 
42.
 
《史记》 卷一百十 匈奴列传 第五十 
43.
 
Сүлейменов О.О. Аз и Я. – Алматы: Атамекен, 1992. – 288 б.  
44.
 
Черных  П.Я.  Историко-этимологический  словарь  современного  русского  языка.  /  4-е 
издание, стереотипное. – М.: Русский язык, 2001.  
45.
 
Бақыт  Әбжет.  Қазақ  ертегілерінде  кездесетін  фетиштер  мен  мифтік  кейіпкерлер.  // 
Түркология.  - №4, 5, 6.  
46.
 
Базылхан Б. Монгол-казах толь. – Өлгий, 1984. - 885 б. 
47.
 
Кәримуллин  А.  Прототюрки  и  индейцы  Америки.  По  следам  одной  гипотезы.  - 
http://kitap.net.ru/ Татарская электронная библиотека/тюркология. 
48.
 
Қалев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диялектологиясі. – Алматы, Мектеп, 1981. 
49.
 
Шалғын. – 1985. № 2. – Б. 86. 
50.
 
袁珂:《古神话选释》, 
牛郎织女,人民文学出版社, 
1982年8月,北京,第二次印刷,160页。 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет