МАНСАП ПЕН МІНЕЗ
Мансапбек əкім боп сайланды,-
Мансапқа басы тым айналды:
Өзінен басқаны көрмеді,
Ешкімге сəлем де бермеді.
Ақыл-шың, ығында аласар:
Өр болмау мінезге жарасар.
ЕСЕЛДІҢ КЕСЕЛІ
Сөз қозғап ұсақ-түйектен,
Өткізіп Есел сүйектен,
Ашудың «уын» ішеді:
Ашынып, күйіп-піседі.
Адамға ашу-жау, қайғы,
Асқынса, өрттей қаулайды.
НАС
«
Ақшам жетпес газетке»,-
Деген делқұл Тұрəлі
Арақ үшін кезекке
Арланбастан тұрады.
Тəн азыққа тойған нас
Жан азығын ойламас.
ТҮЗЕУ МЕН КҮЗЕУ
Біреу менен мін тапты,
Біртіндеп мін түзелді.
Жамандап қырт «сын»тақты:
Жақсымды ол «күзеді».
Сын сау болса «айладан»,
Сындарлықпен пайдалан.
ҚАРАЛАУ-ҚАСІРЕТ
Достай ақты каралап,
Дос көңілін жаралап:
-
Сенде жоқ,-деп,- «жаналық!»
Айтты өзінше «даналық».
Қаралау сын-өртпен тең,
Қалған көңіл-дертпен тең.
ЖАНКЕШПЕ
-
Ел малын жемеймін, антым бар!
«
Жымқырма» жасасам, атыңдар!-
Деп, Делтай сендіріп халықты,-
Көп затты «көрсетпей»алыпты.
Өзгені, өзін де ұрлайды:
Жанкешпе сөзінде тұрмайды.
ЖАПАЛДЫҢ ДƏМЕСІ
Жалқау Жапал елін міндеп, даттайды:
-
Жас Қапалды жариялап, мақтайды...
Ер демейді ел ерлік еңбек етсем де,
Елемейді елу жасқа жетсем де!..
Еңбегіңде білмесең сен іс сазын,
Атақ болмас жаспен мансап, «стажың».
ТІРІ СҮЛДЕ
Əкпар «əккі» ананың тірісінде,
Атқармапты тапсырған бір ісін де.
Анасына тіл алмай, сорлатыпты,-
Ол өлген соң ескерткіш орнатыпты.
«
Тірі сүлде» өз тегін ойламайды:
Тірісінде анасын сыйламайды.
КЕКШІЛ КЕРБЕК
Жиында Бекен сөз ала,
Сынады досын өзара,-
Кербек «дос» əділ сын үшін
Іздеді оның «қылмысын».
Болса шын өткір, өктем де,-
Əділ сын үшін кектенбе.
ӨКПЕШІЛДЕР
Сүйекке таласқан иттей
Сүйбек пен Таласжан, биттей
Дүние үшін өкпелесті:
Өкпе өршіп, кекке көшті.
Құйтыланып құйттың пейлі,
Өкпе тағып, итшілейді.
ЗЕРІККЕН МЕН ЗЕРДЕЛІ
Қол қусырып Қорбан отыр ерігіп:
-
Қолайлы іс жоқ, өлер болдым зерігіп!..
Əбен аумас əрекетшіл салтынан:
-
Əр минутым қымбат,-дейді,-алтыннан...
Зеріккеннің сағаты тез өтпейді,-
Зерделінің уақыты жетпейді.
ЕСІРГЕН ƏЙЕЛ
Бар табысы-əйеліне тіс болды:
Барлыбайға бұл бір қиын іс болды.
Құны тектес қымбат екен сырғасы:
Пұлы жетпес жинаса да бір ғасыр.
Есірген жар өзін ғана сыйлайды,-
Ердің жанын езіп-жаншып,қинайды.
ƏЛЕН ƏЛЕККЕ ТҮСТІ
Əлен езге туған жері «жақпады»:
Əлем кезді,-жақсы бір жай таппады.
Əлем қуып, жат жерде қап, зарлады:
«
Əн мен күйін» енді еліне арнады.
Туған елден ажыраған-арманда:
Туған жерден ыстық не бар жалғанда?!
МАРЖАННЫҢ «СƏНІ»
Шашты қырқып «сəн» жасады ерінбей,
Басты құртып- қиқалады терідей.
Кез бойында Маржанның мəн қалған жоқ,
Өз ойында «салтанатты серідей».
Өңделем деп шашын сəнқой қырқады:
Өң берем деп, өз бейнесін құртады.
МАХАББАТ ЖАУЫ-ІШКІЛІК
Ішті де жігіт «өртенді»:
Ілезде беріп серт енді,
Жарына ақтық сөз айтты,-
Сертінен бірақ тез қайтты.
Марқайтпас қызба «күштілік»:
Махаббат жауы-ішкілік.
ЖАС АҚЫННЫҢ ЖАРИЯСЫ
«
Шырылдап» жүріп көлемді
Шығарды жинақ жас ақын,-
Менмен боп алды ол енді:
-
Менмін!-деп,- əзір Бас ақын!
Шын дарын кеуде қақпайды:
Шыңдарын ойдың баптайды.
ДАРЫНСЫЗДЫҢ ДАҚПЫРТЫ
Бастырды Судыр том кітап,-
Бағалап ешкім алмады.
Бастырды Судыр он кітап,-
Басында бір сөз қалмады.
Арсыздың атақ-қиялы,-
Даурықпас дарын-зиялы.
ТАСЖҮРЕК МЕН БЕЗБҮЙРЕК
Бір сөз үшін ата-анадан безінді:
Бірбек қырыс, тасжүрек не сезінді?!
Енді одан ұлы кергіп, безеді:
Келді өзіне кесірліктің кезегі.
Пасық тектен жаман тəлім көшеді:
Тасжүректен безбүйрек ұл өседі.
ЖОСПАР МЕН ЫҚЫЛАС
Жорабек бастық жаңаша
Жоспарын айтты тамаша:
-
Жасаймын жаңа бетбұрыс!..
Жанбады бірақ еш бір іс.
Жоспар мен үндеу «күш» болмас:
Ықылас оңбай, іс оңбас.
АРАМ ОЙЛЫ
«
Екі көздің бірі- -дұшпан,
Елде бар ғой небір мыстан!»-
Деп, Кер жұрттан «іш жияды»:
Тұйықтанып, тұштияды.
Арам ойлы дос бола ма?
Арамзадан қаш, жолама.
ЕКІ ТҮРЛІ ҚОЙШЫ
Қой сауды да, Сəн молайтты құрт-майын;
Қойшы ісіне риза болды жұрт дəйім;
Ажар қойшы үйренген тек дайынға:
Сатып алар тортасын да, майын да.
Аса кербез қой саууға ерінер:
Ас ішу де оған қиын көрінер.
ƏДЕПСІЗДІҢ ƏЛЕГІ
Оқушы Бек өзінше бір «өнер» деп,
Парталарға сурет салды, «мəнерлеп».
Əдеп сызды, əр партаны бүлдірді.
Əдепсіз қың топастығын білдірді.
Қоғам мүлкі-қарашығы көзіңнің,
Оған құлқы жау топастан безінгін.
ЗЕРІККЕН СТУДЕНТ
Лекция тыңдаудан зерігіп,
Ғылымды зерттеуге ерініп,
Кергіген студент Шетбекті
Ұстаздар оқудан шеттетті.
Ыждағат еткенге ғылым көп,-
Ықылас, ынтасыз білім жоқ.
ШЫЛТАЙДЫҢ ШАТАҒЫ
-
Күнбей сұм тұрмас сенің тырнағыңа,-
Білмейсің өшпенділік құрғанын да!
Деп Шалтай, шағыстырып, тайып тұрды:
Төбелес Төкен досын майып қалды.
Жеңілтек өсекшілдің дұшпандығын
Жеңер тек əділдік пен ұстамдығың.
ƏКІМНІҢ АЙЛАСЫ
Оран «шала» қылмысы шектет асты,
Оған «шара» қолданды Бектен басшы:
«
Он үшінші айлық» деп сыйлық жазды,
«
Ауыстыру керек» деп бұйрық жазды.
Парақорлық шындықпен қас қылады,
Алақолдық басшыны нас қылады.
БАТАН БАСШЫ
-
Несіне жағымпазды жақтадыңыз?
Кесір де, кербаққанды мақтадыңыз? –
Деп едік, Батан басшы күлімдеді,:
-
Демеубек – қадір білер інім! – деді.
Жəдігөй жалпы жұртқа бас бола ма?
Жақтаған жағымпазды басшы оңа ма?!
КЕСІРЛІ КЕШІРІМ
Жұрт Секеннің көп кінəсін кешірді, -
Кесірленіп, кербағып ол есірді.
Есер Секен содырланып, сотталды:
Ешкім енді кешіре алмас кесімді.
Жөндемейді жөнсіз əрбір «кешірім»:
Көбейтеді көргенсіздің кесірін.
ЖАЛҚАУ ЖАПАЛ
Омартадан қуылған,
Он ортадан қуылған –
Жалқау Жапал жұмысқа
«
Жарамсыз» боп туылған.
Жанасса, көп зияны,
Жалқау қайда сияды.
ҚЫРСЫҚ БАСШЫ
Жылбек – басшы «төреміз»,
Жылда дауыс береміз, -
Жыл сайын тек оны біз
Жиналыста көреміз.
Шеттеген паң, қырысқа
Шенді беру - қылмыс та?
ШОРДЫҢ СОРЫ
Досын: - «Күліс», «жиырма бір»...
Деп, ойынға қинап жүр.
Ұтылған соң Шор енді
Бөтелкені жинап жүр.
Құмар ойын – сор қайғы,
Құмарланған сорлайды.
ҚАСАН МЕН КҮСЕН
Қасан ішіп, «көңілін көтеріп» жүр,
Əр ішкені дерт болып, жөтеліп жүр.
Күсен достық өнерін ел де білген:
Үлкен бақыт тауып жүр еңбегімен.
Ала білсең төрт құт боп келер уақыт:
Ақыл, еңбек, білім мен өнер бақыт.
ЕРТАЙДЫҢ ЕРТЕҢІ
Ертай: «істі бітерм ертең», - дейді,-
Ертеңіне тағы да елпеңдейді:
«
Қалған іс жоқ былтырдан биыл», - дейді...
Толғаныс жоқ, іс «өлсе» күйінбейді.
Жалқау ықта бар ісін қалдырады:
Жалқаулыққа намысын алдырады.
ҚОЙБАЙ БАСШЫ
Қойбай – басшы, онда ар, намыс бар ма?
Тоймайды бір «көлденең» табыстарға:
«
Шығымсыз» деп, Бекенге нала тауып,
Шығарыпты жұмыстан жала жауып.
Обырланып, ойлайтын қара басын,
Опасызға күніңіз қарамасын.
ДƏРІПТЕУДІҢ КЕСІРІ
Сəтті Бекен жиында дəріптеді:
«
Сəт-сөз болса, басқалар - əріп!» - деді.
Ісініп ол соған-ақ тойып қалды,
Ісінің мол қарқынын жойып алды.
Дандайсыма мақтаса досың, халқың,
Игілікті ісіңде болсын қарқын.
КЕРДІҢ ҚУЛЫҒЫ
Кер жұмыстың «жеңіл жағын» іздейді,
Көргенімен жұрттан «қолын үзбейді»:
Үлгілі істі орындаса ұжымы,
«
Бұл жұмысты атқардық қой біз!» - дейді.
Көппен бірге іс жасамас адал қып,
Көпті алдаған сұмда болмас адамдық.
МІНШІЛ БЕК
Бек тарыдай мінің болса, жерлейді, -
Ал өзінің таудай мінін көрмейді.
Сынай қалсаң, «қастекісің сен» дейді,
Ақиқат пен əділ сынға сенбейді.
Өзіңе бақ сынау үшін теңіңді,
Сөзіңе шақ ісің болсын сенімді.
ЖЕГІШ ЖЕКЕН
«
Білдірмей алам, - деп, - есептеп»...
Жекен жеп ел мүлкін кесектеп.
Қайғы боп, «есептің» ақыры
Əйгі боп, сотталды ол, аһ ұрды.
Өсті кім «білдірмей сорғанда»?
Нəпсінің тілін ап, қор болма.
ДƏУДІҢ КӨЛЕҢКЕСІ
-
Ойпырмай-ай, мынау тентек қара бала,
Бисінді-ау ағайынға, аламанға!
-
Абайла жоғарыда көкесі бар...
Қалай да қағынар бұл, амал бар ма?
Кейбір «дəу» көлеңкесін өсіреді:
Көлеңке шектен шығып, есіреді.
ӨКЕННІҢ ӨСЕГІ
Өкеннің көп ақын жайлы өсегі:
«
Өлеңінің мəні жоқ!» - деп, еседі.
Өсек сөзі өзгелерге көшеді, -
Өнер бірақ өршеленіп өседі.
Сап алтынды мыс дегенге сенер кім?
Тап алтынын, бағасын біл өнердің.
КЕРБАҚАЙ КЕЙІП ОТЫР
«
Арақ пəле болмаса,
Аяғынан шалмаса
Деңдер ме еді қиындық?!» -
Деді Кербақ күйініп.
Айып аз ба құлқында:
Оның тегі – құлқыңда.
ҚҰМАРКҮЛДІҢ МАХАББАТЫ
Жігіттерге қылжаңдап,
«
Үміткерге» ыржаңдап.
Құмаркүл жүр құбылып,
Тұрақтамай бір жанға.
Тапса да «дос», мың «жолдас»,
Құбылмада құн болмас.
КҮНШІЛ ӨСКЕН
Сілекейі шұбырып,
Сілімтікше сұғынып.
Өсекшіге дем беріп,
Өскен отыр жұлынып.
Міншіл қыртты қолдайды,
Күншіл жұртты қорлайды.
ИТІНГЕН ИБЕК
Ибек ісі түскенге
Итінеді жалынып, -
Ісі бітсе, түс бермей,
«
Нем бар, - дейді, - жағынып?!»
Парықсыздың əдеті –
Парықтамас əдепті.
ЖƏКЕН СЕРІ
Көрінген қызға қызығып,
Көрген сайын қызынып.
Жанұясын ұмытты,
Жəкен сері «бұзылып».
Көрсеқызар желіккен,
Көрер соққы желіктен.
АЗАП ПЕН ТОЗАҚ
Айғаным күйеуін «кеще» деп,
Айғайын, гөйгейін салады, -
Айлығын ұнатар «өссе» тек:
Ай сайын есептеп алады.
Азап мол жар «соқса» ұрысын,
Тозақ мол – мінезі ... құрысын!
ҚИҚЫМНЫҢ ҚИЯЛЫ
«
Еңбексіз – ақ еселеп
Олжа тауып, жесем!» - деп.
Қиялдайды Қиқым да,
Ұялмайды жесе көп.
Құлқын тартып «олжадан»,
Құлық бұзса, сол - жаман.
КҮҢКІЛ – ШІҢКІЛ
Күбір-күбір күңкілдеп,
«
Күйіп кетіп», шіңкілдеп.
Көрпан отыр əркімді,
Бір жамандап, бір күндеп.
Ойлайтыны – жамандық:
Оңғақта жоқ адамдық.
ЕЛДЕН - БАСШЫ
«
Асып толсам, асыраймын жұратты» ...
«
Басшы болсам, елге орнатам жұмақты», -
деген Елден басшы болып аушарға,
Егеленген елдің ісін құлатты.
Ерді қақас суайттармен шатпаңыз:
Елді топас мəнсапқордан сақтаңыз.
АҚШАҚОР ҚЫҢ
Ақшақор Қың мамандығын тастады,
Адалдығын өзі жоя бастады:
«
Дүйім елден озу» дертін үзбеді,
Дүниеден «мол ақшаны» іздеді.
Құры сүлде – ақшақұмар, тоймайды:
Тірісінде тек ақшасын ойлайды.
БОКСТАСҚАН ƏЙЕЛ
Əйеліне Бек: - Бөспе босқа! – деді.
Əйелі де: - Аузымды тоспа! – деді.
Оқыс тасып, суық сөз азынады:
«
Бокстасып», екеуі ажырады.
Ашу айтқан еріне «бүлінбестен»,
Басу айтқан əйелді Күнім де сен.
ТЕЛЕУ ҚИҚАР
Теледидар көрсе, көңлі бұзылып,
Телеу – қиқар табылғандай керегі:
Жалаң мастар «қылығына» үңіліп,
Жалаңаштар «қызығын» да көреді.
Арбалмасын жылтыраққа жас ұлан:
Алданбасын арсыздыққа жасынан.
ҚОРҒАНБЕКТІҢ ХОРЛАНЫ
Қорғанбекті Хорланы «пешкі» деді,
Қорлап отты жүрегін кескіледі.
Баласы да əкеге құрысып жүр:
Анасына қосылып «ұрысып» жүр.
«
Əкең – милау!» деп бұзба жас баланы:
Əке сыйлау анадан басталады.
БИБАТЫР МЕН ТЕАТР
Кітап аша бастаса «миқысым» боп,
Жұтап жата қалады «ұйқысы кеп»,
Театрға баруға ерінеді:
Бибатырға бəрі «бос» көрінеді.
Рухани байлықтан мақұрым боп,
Мақтанбағын «жанмын, - деп, - ақылым көп».
ТАЛҒАМСЫЗДЫҚТЫҢ ТАҚСІРЕТІ
Ажар Бектің «əнін сүйіп» берілді,
Назарбектің сəнін «сүйіп» емінді...
Қызықпаған жігіттері қалмады:
Бұзық, жалған үміттері алдады.
Жалғаны көп, жалп етпе қыз арланбас:
Талғамы жоқ тасыр сұлу жар болмас.
ТҰРАШТЫҢ «БАЙЛЫҒЫ»
Тұраш мыңнан «ірілеп»,
Тыққан «үнем» ақшаны.
Ұрасынан біріндеп,
Тышқан қиып тастады.
Ұрлық ақша-сумен тең:
Арам байлық – умен тең.
АЛЖАСҚАН АБЫСЫНДАР
Қос абысын бірікті:
Табыс тапты, - дүрлікті.
Ақша бөлу – дау болды;
Бір-біріне – жау болды.
Тарпейілдер – татусыз:
Тапқандары татымсыз.
НАРЫҚ ПЕН ПАРЫҚ
Нарық баға көтеріп:
-
Жеттім, - деді, - мақсатқа!
Парық іспен өтеліп,
Ие болды жақсы атқа.
Базар болмас нарықсыз, -
Бұзар оны парықсыз.
ҚОС ДҰШПАН
Жігер – күшін жігіттің арақ алды,
Жүрек «ішін» темекі аралады:
Паң иесін жасытып, əлсіретіп,
Жан жүйесін қос дұшпан жаралады.
Алақтама, тыңда дос, мəңгі кеңес:
Арақ – тамақ, темекі – сəндік емес.
ІШУ МЕН ҚҰСУ
«
Қойып», - ішіп, қызметі жуылды,
Тойып ішіп, Кер жұмыстан қуылды.
«
Ой қып» ішіп от басынан суынды,
«
Той қып» ішіп, «өлемін!» - деп, буынды.
Жүз бұраңдап, масты құдай атады:
«
Жүз грамдап» бар бақытын сатады.
КЕРБАҚАЙ КЕЙІП ОТЫР
«
Арақ пəле болмаса,
Аяғымнан шалмаса,
Деңдер ме еді қиындық?!» -
Деді Кербақ күйініп.
Айып аз ба құлқында, -
Азап тегі – құлқында.
ҚЫРЫСБЕКТІҢ ҚЫЛЫҒЫ
Əкесіне ақырды,
Əпкесіне бақырды:
Сын сөз үшін Қырысбек
«
Жын перісін» шақырды.
Нөпір сының сөз емес:
Дөкір мінін түзелмес.
САРЖАН МЕН МАРЖАН
Зайыбы Маржан пасық боп,
Бағынбай қойды еріне.
Қайғылы Саржан жасып көп,
Азабын оның көруде.
Тірліксіз өмір болмайды, -
Бірліксіз тірлік оңбайды.
СҮРБОЙДАҚ
Төсегін жиі «жаңартып»,
Төрт əйел алған Нұр бейбақ,
Қыздардың көзін алартып,
Қырық жыл болды: «сүрбойдақ».
Үйлену, үйің – бір басқа, -
Үй болу қиын жылпосқа.
ЖАҒЫМПАЗДЫҢ ӨМІРІ
Əлде жұрттың өсегі,
Əлде мəлім кеселі:
«
Көзге түскіш жағымпаз
Көп өледі» деседі.
Жағымпаз сұм күнде өлер, -
Жанын жалдап күн көрер.
АУБЕКТІҢ «ӨНЕРІ»
Аузына тисе жүз грамм,
Аубекті сол да «қыздырған»:
Бақырып, «əн сап», өрлейді,
Басқаға кезек бермейді.
Өрөкпе масаң – сор, қайғы:
Өнерін елдің қорлайды.
СЫЛДЫРБАЙ
Өзінше іс тындырмай,
«
Шөптің басын сындырмай».
Бұйрықты ғана орындап,
Бұйығып отыр Сылдырбай.
Өрнегін таппай ақылмен
Өнбейді жұмыс «мақұлмен».
ТӨРКІНСІЗ ҚЫЗ
Байлыққа арын сатты да,
Байыпсыз қызы Еркіннің.
Тағыдай күйеу тапты да,
Танымай кетті төркінін.
Қайғыға салар дау артып,
Қайырымсыз қыздан жау артық.
БЕЙШАРА
Арақ ішсе удай боп,
Ардан безер «құдай» боп, -
Ішпей жүрсе, бейшара...
Ілестайға не шара?!
Арақ –шайтан несебі:
Ардың ауыр кеселі.
ОЙРАНБЕК
Сойталдай жігіт Ойранбек
Ойламай «қартын» аяуды:
-
Бала қамын ойла! – деп,
Алақанын жаяды.
Нақұрыс – масыл оңбайды:
Əкеге сол да мол қайғы.
АЯЛАУ МЕН АЯМАУ
Аялады жарын Бек «жүрегім!» деп,
Аянбады жасында «тірегім!» деп, -
Күндер өтіп, кəрілік таянғалы
Күнде зекіп, «кемпірін» аямады.
Қос жүректі мəңгіге қосқан арман:
«
Қосағыңмен, - шын бақыт, - қоса ағарған!».
КҮЙІК
Ез, паң Бекен ойлаумен өз басын тек
«
Озсам екен» деместен, «озбасын» деп.
Алға басқан досына қақпан құрды:
Арланбастан иттігін мақтан қылды.
Міншіл езбе жаласын жапқан ұдай:
Күншіл ездей «күйіктен» сақта, Құдай!
БЕКБАЙ ШАЛ
Ауылдағы Ақбай ойлы данадай:
Сөз бен ісі өнегелі, салмақты, -
Ауладағы Бекбай бəлду – баладай:
Сөзі – қылжақ, ар ұяты қалмапты.
Арттағыға бата, тəлім бере алған
Қарттарыма ар мен иман бер, Аллам!
ƏУМЕСЕРДІҢ ƏЛЕГІ
«
Нарық өсіп, кетті, балам, берекет,
Жұрт қатарлы жаса сен бір əрекет», -
Деді əкесі, - ал баласы құтырып,
Қару жұмсап, болды нағыз «рэкет».
«
Мал табам» деп, қан төгіп жүр əумесер:
Өксіп өлер ондай елге жау, есер.
АПАЙ ЖЫНДАНДЫ
Əшен апай жынданды да құрысты:
Əулетіне бұлданды да ұрысты.
Анайы тіл айтылып тым оқыста,
Ана тілі былғанды жым қоқысқа.
Кім сүймейді аялаған анасын, -
Əзіз ана бұзбасын тіл санасын.
БАЙЫҒАН КЕРІМ
«
Баймын!» - деп, Керім өрледі,
Менсінбей жұртты жерледі.
Кішіні көзі көрмеді,
Үлкенге сəлем бермеді.
Байыса есер «ноян-ды»,
Кісілік парқын жояды.
«
НАҚАЛДЫҢ» НАРҚЫ
Сауда десе «сайтан» жан –
Дауға нақал майталман:
«
Нарық түзіп» дауласты,
Парық бұзып, жауласты.
Қалып бұзып обыр, нас
«
Нарық түзіп» оңдырмас.
МҮЛГІГЕН СТУДЕНТ
Ес жия ма Итенбек,
Қаңғымайтын түні жоқ:
Лекцияда итеңдеп,
Қалғымайтын күні жоқ.
Ой мен ынта болмаса,
Оқу – зая, далбаса!
КЕРДІҢ АУЫЗЫ
Сөз мəнісін білмейді,
Өз намысын нілдейді:
Кер – Үнгеннің баласы,
Көрінгенді тілдейді.
Аз болса ой, ақыл, іс.
Ауыз – бейпіл, нақұрыс.
ЗЕЙТІНІҢ ЗЕРДЕСІ
Əменге «жасып» Зейті:
-
Əкеміз пасық! – дейді.
-
Анамды сыйлар едім, -
Апашқа – сасық! – дейді.
Анаңды сүймегенге
Басыңды име сен де.
Достарыңызбен бөлісу: |