Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
 
 
 

23 
 
2 семинар: Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдыңғы 
философиясы. 
Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы. 
 
Қазақтардың алдыңғы философиясы. 
 
  Түркі  тілдес  халықтардың  мәдениетін  қарастырғанда,  біз  ата  тегіміздің 
философиясына,  дүниетанымына,  діни  сенімдер  мен  салт  дәстүрлеріне  көп 
көңіл  бөлуіміз  қажет.  Батыстағы  және  Шығыстағы  дамыған  елдер  Егеменді 
Қазақ елі атанғанымыздың 25 жылдығында да, кезінде '' Ұлы Дала  – Мәңгілік 
Ел  ''  өркениетін  бүгінде  әбден  мойындап  отыр.  Қазір  бұл  мәселе  әлемдік 
өркениеттерде  өз  желісін  таба  бастады.  Осы  өркениет  арқылы  қазақ  ұлтының 
ата тегінің болмыс дүниесін, сапаның, санның, кеңістік пен уақыттың, мөлшер 
мен форманың тікелей нұсқаларын мейілінше жақсы игергенін көреміз. Өзінің 
табиғатқа  көзқарасы  қалыптасқанынан  бастап  осы  күнге  дейін  түпкі  негізі 
ретінде қарайтын және болмысты біртұтас дүние деп тани отырып қазақ халқы 
өзінің  мәдени  мұрасына  қол  жеткізді.  Енді  қазақтың  ежелгі  дүниетанымына 
көшейік.      Көне  түрiктердiң  түсiнiгi  бойынша,  бұл  Дүние  жоқтан  пайда 
болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негiзiнен жер, су, от, 
ауадан  тұрады.  Ол  неше-түрлi  қайшылыққа  толы:  өмiр  мен  өлiм,  адам  мен 
табиғат,  жарық  пен  қараңғы,  зұлымдық  пен  ізгілік  т.с.с.  Осылардың  өзара 
әреттестігі дүниеде әр түрлі мәнді де және мәнсіз де құбылыстарды тудырады.  
Ежелгі  түріктердің  бір  аңызындағы  айтылым  бойынша,  алғаш  әлемді  қара 
түнек  жауып  бұлыңғыр  мұнар  басып  тұрған.  Ұзақ  уақыт  өткеннен  кейін  Жер 
мен  Аспанның жігі  ажырайды.  Содан әр  қайсысы өз  алдына бөлектеніп, бітім 
тұрпаттары  бірте  –  бірте  ұлғаяды  да,  екеуінің  арасынан  Күн  мен  Ай  пайда 
болып, шексіз бостықтан орын алады. Содан кейін барып дүние Қараңғы және 
Жарық  әлемге  бөлінеді.  Сол  Жарықтың  нұры  себілген  жерлерден  адам 
баласының, жан-жануарлардың тіршілігі басталған...   
Аңыздық сенім бойынша Жер- адам баласының, тіршіліктің, аң мен құстың, 
орман-тоғайдың,жеміс-жидектің,  балауса  шөптің  Анасы.  Аспан  –жарық 
сәуленің  су  себелейтін  жауын-шашын  бұлттарының  анасы.  Сондықтан  адам 
баласы  Көк  Тәңіріне,  Жер-Ана  тәңіріне  табынған.  Тәңір-ертедегі  Алтай 
шамандарының  нанымдық  тілі.  Бұл  сөз  құдіретті  кие,  аспан  және  шексіз 
кеңістік  деген  ұғымды  білдірген.  Кейін  келе  жаратушы  киенің  мағынасына 
ауысқан.  
Ежелгі түркілер сенімін 3 топқа бөлуге болады. 
1.
 
Көне  түркілер  табиғат  күштеріне  сенген.  Табиғаттың  құрамдас 
бөліктерінде:  аспанда,  жерде,  тауда,  орманда,  өзен-көлде  т.б  тылсым 
күштер бар деп сенетін еді. Бұл күштерді жансыз нәрсе деп емес, рухани 
қуаттардың бірі ретінде қаралған.  Ескі түркілер «Жер-суды» кие тұтқан, 
оларға табынған.  
2.
 
Дүниеден  өткен  бабалар  рухын  құрмет  ету,  оларға  сену,  сыйыну  -  көне 
түркілер сенімінің құрамдас бір бөлігі. Олар ата-бабалардан қалған түрлі 

24 
 
киімдерді,  қару-жарақтарды  т.б.  киелі  санап,  оларды  ұрпақтан-  ұрпаққа 
көздің қарашығындай сақтап, жасырып,  бірінен-біріне жеткізіп отырған. 
Сол  сияқты  бабалар  зираты  аса  қастерленіп  сақталған,  күтілген. Зиратты 
бүлдіру үлкен саналған.  
   Түркілерде  адамды  қорлау,  оны  құрбандыққа  шалу  деген  жабайы  салттар 
мүлде  болмаған,  мұндай  салты  бар  жерлерде  оларға  қатал  тиым  салынған. 
(Eberhard W. Gin tarihi. Ankara, 1974./35/.) Өлгендердiң паналайтын орны - ол 
Жер асты әлемi деп түсінген. 
3.Көне  түркілердің  негізгі  діні  –  Көк  Тәңірі  саналады.  Бұл  басқа  діндер 
ықпалына  түспеген,  ең  арғы  дәуірлердегі  саф  таза  сенім  болатын.  Көк 
Тәңірі  дүниені  тұтас  басқарып  отырған  бірден-бір  ұлы  қуат,  алып  күш 
есептелген.  Түркілер  оның  тұрағы  аспанда  деп  санап,  Көк  тәңірі  деп 
атаған.  Бұл  сенім  аңшылықпен  айналысатын,  үнемі  қозғалыста  жүретін, 
бағыт-бағдарды  күн,  ай,  жұлдыздар  арқылы  белгілейтін  көшпелі  елдерде 
туғандығы  дәлелденген.  Осы  ата  салт,  ата  дәстүр  көне  түркілердің 
тұрмыс-тіршілігінен, қоршаған ортамен байланысынан барып туған.   
  Көк  Тәңірі  сенімінде  космогониялық,  абстрактылық  ойлаудың  ғажайып 
үлгілері  бар.  Мұны  Орхон  ескерткіштерінен  аңғаруға  болады.  Әлемнің  төрт 
тарабын  анықтау,  күн,  ай,  жұлдыздар  қозғалысындағы  заңдылықты  білу,  жыл 
маусымдарының ауысуын қадағалау көне түркілерге осының бәрін біреу билеп, 
басқарып  отыр  деген  жалғыз  құдай  –  Көк  Тәңірі  идеясына  алып  келген.  Яғни 
нақты бір пұтқа табынбай, әлемдік мәні бар жалғыз тәңірді мойындаған. Оның 
әйелі,  баласы  деген  ұғымдар  жоқ.  Тәңірдің  түрі,  кескіні  жоқ.  Сондықтан 
түркілер  тәңірге  арнап  ғибадатхана,  пұтханалар  салмаған.  Отты,  суды,  жерді, 
аспанды киелі санай отырып, көне  түркілердің бірден-бір құдайы – Көк Тәңірі 
болған.  Бұл  ретте  көне  халықтар  құдайлары  Шамас  (Вавилонда),  Амонре 
(Мысырда), Ахура (Иранда), Варуна (Индияда), Митра (Римде) күн, ай, жұлдыз 
иелері болса, көне түркілердің Көк Тәңірі – бірден бір жалғыз құдай. Көк Тәңірі 
діні өзге діндерден осы қасиетімен ерекшеленеді. Ал көне түркілердің Ескі діні 
–  Көк  Тәңірлікпен  көп  ретте  үндес,  сарындас  ислам  діні  түркілерді  жойып 
жіберудің орнына олардың күшейіп, көркейуіне мүмкіндік жасады. 
Көк тәңірлерінің арасында аса мейірімді әйел тәңірлері бар, оның ішіндегі ең 
құдіреттісі  –  Ұмай  ана.  Әсіресе,    ұрпақ  өсіруде  Ұмай  ананың  қызметі  де, 
құдіреті  де  зор.  Махмуд  Қашғаридың  ''Түркі  тілдер  сөздігінде  ''  осы  нанымды 
растайтын әйелдер сөзі ’’Ұмайға сыйынсаң – ұл табасың ‘‘ дейтін мәтел бар.  
Алтай  түркілерінің  аңыздарындағы  құдіретті  тәңірлердің  бірі  –  Жер  тәңірі
Сондықтан  түріктер:  Жер  –  Отан,  жарылқаушы  мекен,  адам  баласының 
қорғанышы  деп,  қастерлеп  табынған.  Қазақ  баласы  үшін  де  Жердің  қадір-
қасиеті  өте  жоғары.  «Ата  жұрт,  ата  қоныс»  деп,  атадан  қалған  мұра  ретінде 
қастерлейді.  Бұл  –  қазақ  қанына  сіңген  ізгі  сенім.  Соған  орай  жерді  аялайды. 
Жерді албаты қазып бүлдірген әрекет – күнә, өйткені Жердің еркінен тысқары 
істелген іс оның жанын жаралайды. Бұл тәңірді күйіндіреді. 
Тәңірдің  мекені  –  Көк  (аспан)  –  шексіз  кеңістік.  Осы  кеңістік  ұғымы  ұлғая 
келе  құдіретті  күштің  иесі  деген  мәндегі    жаратушы,  құдай  мағынасына 

25 
 
ауысқан.  «Тәңір»  сөзі  түріктер  сенім-нанымымен  бірге  жаралған,  өте  ерте 
заманнан  қолданылып  келеді.  Тәңір  аталатын  ұлы  құдірет  иесінің  сипатын 
өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік ағымына бейімдеп, сол негізде 
өздері табынатын аруақтарды аялаған, Тәңір ретінде бас иген. Түрік халықтары 
бұдан  бес-алты  мын  жыл  бұрын  айды,  жұлдызды,  күнді  Тәңір  тұтқан.  Осы 
құдіреттердің  бәрі  аспанда  тұратындықтан  сол  шексіз  кеңістікті  де  Тәңір 
қатарында қадірлеп, Көк Тәңір деп сыйынған.  
«Тушо-құқ  мәңгі  тасы»  ескерткішіндегі  жазуда:  «Тәңір  Ұмай,  қасиетті  Жер 
мен  Су,  бізге  міндет  береді.  Біз  (тағы)  не  үшін  тозып  кетеміз»  деген  сөз  бар 
екен. Ал «Күлтегін» құлпытасындағы: «Ұмай анам жебеген елде інім Күлтегін 
ер атанды» деген сөз де, ерекше назар аударады. Түбінде Тәңірі мен Ұмай анаға 
деген ықылас пен сенім лебі есіп тұр. 
Осыларға  қарағанда  ежелгі  түрік  халықтары  ұрпақтарының  жебеушісі  де, 
демеушісі  де  Ұмай  ана  –  әйел.  Тәңірі  болғанын  аңғарамыз.  Бұл  наным 
халықтар жүрегінен өшпейстей орын алған. Монғол мен Саха (Якут) халықтары 
арасында  да  Ұмай  ана  тәңірге  табынушылар  күні  бүгінге  дейін  бар.  Өзіміздің 
қазағымыздың жақсы ниетті құптағанда, келін түскенде отқа май құятын әдеті, 
жаманшылықты  бездіру  үшін  науқас  адамды  сумен  ұшықтауы,  үйдің  ішін 
отпен  аластауы,  мал  сойып,  қан  шығарып,  көктен  жаңбыр  тілеуі  сияқты 
ырымдары да осы ежелгі сенімнің үзілмей келе жатқан жібінің жұрнағы секілді. 
Ұмай  ананың  құдіреті  –  адам  баласына  құнарлы  топырақ  пен  тұнық  су 
қайнарларын сыйлауы. Бұл екеуі де тіршіліктің көзі. Сондықтан Ұмай ана жер 
бетіндегі  күллі  өнімнің  де  Тәңірі  саналады.  Ол  адам  баласын  алаламайды, 
бәріне бірдей мейірім төгеді.    
Сондай халықтың нанымдағы мереке – Наурыз. Ұлы ниеттер тоғысқан бұл 
мерекені  бүкіл  халық  тойлаған,  тойлап  та  келеді  /22/.(Наурыз.  Жинақ.  А., 
1991,/255/; Наурызнама. А., 1993,/91/). 
Мерекенің  қандайы  болса  да  сенім  мен  нанымның  жанды  жадыратқан 
қуанышынан туған. Осы қуаныш адам санасында асыл ойлардың өрілуіне арқау 
болған. Рас, қазақтың мейрам-мерекесі наным-сенім қалпымен өтеді. Мезгілдің, 
күн  тізбегінің  есебін  бастауы  да  осы  негізде.  Түріктердің  он  екі  жылға  ат 
қойып,  сол  мүшел  бойынша  есеп  жүргізгені  жайлы  аңызды  Махмұд  Қашғари 
өзінің  «Түрік  тілдері  сөздігі»  кітабында  жазады  /23/.  (Қашғари  Махмұд. 
Аталған еңбек. /449/). Сол жыл есебінің қағидасы басқалардан гөрі қазақта сол 
қалпында сақталған. 
Басқа  түрік  халықтары  секілді  қазақтардың  да  ежелгі  ұғымында  дүниедегі 
барлық  жаратылыс  Оттан,  Ауадан,  Топырақтан  (жерден)    Судан,  жаралған. 
Бүкіл жан иелерінің өмір сүруі Жарық пен Қараңғылыққа байланысты. Ежелгі 
ұғым  бойынша,  Жарық  –  ыстықтық,  күн  сәулесінің,  өмірдің,  жақсылықтың, 
бақыттың нышаны. Мұның керісінше, Қараңғылық – суықтық, түннің, түнектің, 
өлімнің, жамандықтың, апаттың нышаны. Жарық пен қараңғылық – біріне-бірі 
қарама-қарсы  күш.  Ежелгі  нанымда  Адам  ата  –  Жерге,  Хауа  Ана  -  Ауаға 
теңестіріледі.  Тағы  бір  аңызда  Адам  баласы  етегін  кең  жайған  Аспан  аясына 
себілген сәуледен туған екен. Ежелгі ұғым бойынша, Жер – адам баласын, мал 

26 
 
мен  аңды,  ағаш  пен  бұтаны,  көк  майсаны,  баптап  өсіретін  Анасы.  Аспан  – 
жарық  сәуленің  қалың  бұлт  пен  жауын-шашының  мекені.  Сондықтан  қазақ 
қауымы да Көктегі Тәңірге, өзін асырып отырған Жер анаға тәу еткен. Сөйтіп, 
аспанды  адам  өміріне  пана  болған  Көк  күмбез  деп  білген.  Сондықтан  басына 
киген  тақиясын,  киіз  үйдің  шаңырағын  қасиет  белгісі  ретінде  ерекше 
қадірлеген.  Ежелгі  ұғым  бойынша,  аспанда  самсап  тұрған  жұлдыз  сол  Көк 
күмбезіне жағылған қасиетті шырақтар. Сол шырақтың әрқайсысы адам баласы 
өмірімен тікелей байланысты саналады. Аспанда әр адамның бір жұлдызы бар. 
Ол  сол  адамның  тағдырын  бағыттайды.  Жұлдызы  жоғары  өрлеген  адамның 
өмір  жасы  ұзақ  болады.  Ал  жұлдызы  оңынан  туғандардың  барлық  ісі  оңға 
басады. Егер жұлдызы ағып, жерге түссе ол адам дүниемен қоштасады. Бейне 
көкке тәу еткен секілді, Жерді қастерлеу де санаға сіңіп, салтқа айналған дағы, 
үзілмей келе жатқан дәстүр. Қазақта да топырақты қасиетті санайтын дағдылы 
дәстүр бар. Мәйітті жер қойнына көму әдеті де топырақты қасиетті деп білген 
ұғым арқылы тұрмысқа сіңген.   
       
Б.ж.б.  176.ж  Қытай  императорына  жазған  хатында  ғұн  қағаны  Мөде  өз 
жеңістерінің тікелей жебеушісі әрі қолдаушысы Көк Тәңірі деп көрсетеді. Және 
өзін таққа отырғызған да Көк Тәңірі деп санайды. (De Grot./76/.) Бiлге қаған мен 
Күлтегiннiң  ескерткiшінде  “ Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, 
екеуiнiң  арасынан  адам  баласы  жаратылған...түркі  баласының  басын  
біріктіруге  қолдаушы  болған  Көк Тәңірі  ” деп табынып, оған сыйынған т.б. 
көп мысалдар келтіруге болады.    
 Қазақ  топырағында  қалыптасқан  философиялық  ойлардың  құрамдас  бөлiгi 
ретiнде,  бұдан  1  мың  жыл  бұрын  Токсарис  Скифтік  (  Тоқарыс  )  грекия 
жерінде  ақылгөйлігімен  қатар,  тәуіптік  қасиетімен  көзге  түскен,  ал  кейін  
осыдан 2,5 мың жыл бұрын грекияда өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi 
(Анарыс) айтуға болады.  
Грек  философиясында  Анахарсистi  Скифтік  өздерiнiң  дана  жетi 
бабаларының бiреуi деп санайды. Анахарсис «Ең жаман не?»,- дегенге “Тiл”,- 
деп жауап берiптi.  
Анахарсис:  “Саудагерлер  халықты  ашықтан-ашық  алдап  жатқанда  қалайша 
өтiрiкке тиым салуға болады?” 
Философиялық  ой-пiкiр  бүкiл  дүниежүзiлiк  деңгейде  б.з.д.  VII-V  ғ.ғ.  пайда 
бола  бастаған  кезде,  бiздiң  бабаларымыз  да  аса  кемеңгер  дана  тұлғаны  - 
Анарысты тудырды.  
 

27 
 
Ежелгі  Қазақтың  дүниетанымы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
1.
 
Заростризм – (Зар) 
                                                                                      2.  Тотемизм – (Тот) 
                                                                                      3.  Анимизим– (Ани) 
                                                                                         4. Шаманизм – (Шам) 
                                                                                       5. Тәңіршілдік – (Тәң) 
                                                                                 6.   Ислам – (Исл) 
 
 
Діни  –  мифологиялық    тұжырымдар,  әдет  –  ғұрып  пен  пікір  –  сайыс  ретінде 
рационалды ойлауға, дүниені танып-білуге тырысады. 
Шам 
 
 
 
 
 
лорлорло 
 
 
 
 
 
 
Тот 
 
 
 
 
 
лорлорло 
 
 
Ани 
 
 
 
 
 
лорлорло 
 
 
 
 
 
 
Тәң 
 
 
 
 
лорлорло 
 
 
 
Исл 
 
 
 
Зар 
 
 
 

28 
 
Ежелгі  Шығыс философиясы 
 
 
1.
 
Шығыс  өркениеті  мен  мәдениетінің  ерекшеліктерi  туралы. 
Шығыстық ментальдықтың, өзiндiк ой-сананың өзгешелігі. 
2.
 
Ежелгі Үнді философиясы:  
а) Үнді мифологиясының ерекшелігі   в) Джайнизм және оның негізгі 
қағидалары (постулаты)    
с) Буддизм - Үндінің этикалық ілімі ретінде  
3.Ертедегі  Қытай  философиясы:  а)  конфуциандық  -  Ерте  Қытай 
қоғамының  моральдық  (өнеге-әдеп)  философиясы      в)  даосизм 
онтологиясы      с)  «Фа-цзя»  мектебі  –  Қытайдың  саяси-құқықтық 
философиясы.  
 
 
     Философия  тарихын  оқу  –  көне  Шығыс  философиясынан  басталады. 
Өйткені,  тарихи  алғашқы  өркениеттер  Шығыс  елдерінде  дүниеге  келген 
болатын. Олардың ерекшеліктері – алғашынан қауымдастықтың негізінде өмір 
сүру болатын. Мысалы, Қытай елінде мыңдаған жылдар бойы  халықтың басын 
қосып  алып  каналдарды  қазып  суармалы  егінге  жағдай  туғызу  –  негізгі  іске 
айналды.  Егер  Батыс  елдерінде  ежелден  жеке  адамның  іскерлігі  бағаланса 
(жұмсақ  табиғат,  судың  молдығы),  Шығыста  –  қауымдасып  өмір  сүру  ғана 
мүмкін болды. 
 
Үнді  мәдениеті  аясындағы  философия. 
 
Үнді  елінің  ғажап  ерекшелігі  –  оның  әлеуметтік  ұйымдастырылуында. 
Ондағы  адамдар  үлкен  жабық  әлеуметтік  топтардан  тұрады.  Оны  –  варна,  я 
болмаса каста дейді. 
Негізінен алғанда, Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:  
Брахмандар  (ақтар)  –  айналысатын  істері  –  ой  еңбегі,  негізінен  діни 
қызметкерлер, ел басқарушылар. 
Кшатрилер (қызылдар) – айналысатын істері – жауынгерлік істер. 
Вайшьилер  (сарылар)  –  еңбек  етеін  адамдар,  негізінен  егін  егу,  мал  бағу, 
қолөнермен айналысу т.с.с. 
Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар. 
Тарихи алғы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары Үнді еліне басқа жақтан келген 
арий  тайпалары.  Шудралар  –  жергілікті  сол  жерде  пайда  болған  аборигендер 
болып есептеледі.(ab orіgіne - латын сөзі, - басынан бастап). 
Үнді  халқының  тағы  бір  орасан-зор  ерекшелігі  –  оның  өте  бай 
мифологиясында.  Жер-бетіндегі  бірде-бір  халықтың  аңыздарын  Үнді 
аңыздарымен салыстыруға болмайды. 
Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық  Құдай кейіптері суреттелген! Олар да 
адамдар  сияқты  сүйінеді,  күйінеді,  туады,  кәртайады,  соғысады,  бір-біріне 
көмектеседі т.с.с. 

29 
 
Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар: 
Индра – найзағайдың, күн-күркіреудің Құдайы; 
Митра - күн Құдайы; 
Варуна – аспан Құдайы; 
Агни – от Құдайы; 
Яма - өлім Құдайы; 
Тапас – дене іңкәрі, жылылық; 
Рита - ғарыштағы тәртіп; 
Пуруша - ғарыш адамы, рух, жан; 
Карма – адамның тағдырын құрайтын жан-дүние; 
Сансара - ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі; 
Мокша  –  бұл  дүниедегі  азаптан  құтылып,  дүниежүзілік  рухқа  қосылуға 
мүмкіншілік алу; 
Дхарма – заң мен әділет Құдайы. 
Үнді  мифологиясындағы  негізгі  кітаптар:  Ригведа,  Упанишада, 
Махабхарата, Бхагавадгита т.с.с. 
Үнді  космогониясына  (Дүниенің  пайда  болуы)  келер  болсақ,  онда  ол 
Пуруша  -  ғарыш  адамымен  байланыстырылады.  Құдайлар  оны  құрбандыққа 
шалып, оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады. 
Ал, Упанишадаға келер болсақ, Дүниені жаратқан Брахман дейді. “Брахман 
ең  бірінші  Құдай,  бәрін  жаратқан,  бәрін  сақтайды.  Ол  –  Дүниенің  ең  басы, 
себебі,  байланыстырушы

.  Оны  қалай  танып-білуге  болады?,-  деген  сұраққа, 
“нети-нети

  (ол  емес,  ол  емес)  деген  жауап  береді.  “ол  танылмайды, 
бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды ... 

 
Үнді  мифологиясында  адам  –  табиғаттың  өсімдіктер  мен  жануарлары 
сияқты  ажырамас  бөлігі  ретінде  қаралады.  Адам  –  дене  мен  жаннан  тұрады. 
Адам  Дүниеге  келгенде  оның  бойына  жан  келіп  кіреді  және  ол  сол  адамның 
кармасын  анықтайды.  Мысалы,  егер  сәбидің  денесіне  қылмыскердің  жан-
дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс 
ұстап,  әрқашанда  өзінің  рухани  тазалығын  сақтаса,-  мокшаға  (құтылу)  – 
сансарадан  құтылу  дәрежесіне  көтеріліп,  бұрынғы  кармасынан  айырылып, 
аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін. 
 
Джайнизм философиясы. 
 
Джайнизм  (Джина  –  жеңіс)  философиясының  негізін  қалаған  Махавира 
(ұлы тұлға) ,  ал кейбір  деректерде Вардхамана деген ойшыл болған. 
Джайнизм 

жеңіс

  деген  сөзден  шыққан.  Адам  кімді  жеңу  керек? 
Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс – 
ол адамның өзін-өзі жеңуі
Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар – тірі (джива), өлі (аджива), 
ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік, 
карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау. 

30 
 
Джайнизм  философиясының  негізгі  ұғымдарының  бірі  –  святвада  (свят  – 
белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. 
Уақыттың  шеңберінде  олардың  бәрі  өзгеріп  отырады.  Сондықтан,  бірде-бір 
затты  толығынан  танып-білу  мүмкін  емес.  Зат  жөніндегі  біздің 
тұжырымдарымыз шектелген болу керек. 
Джайнизмнің  “үш  маржаны

,  -  ол  –  дұрыс  сенім,  дұрыс  білім,  дұрыс 
жүріс-тұрыс
Адам өз-өзін жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар: 
Апариграха – дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау; 
Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту
Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап 
қана алу; 
Ахимса  –  ешнәрсеге  зәбірлік  жасамау,  өйткені  барлық  тіршіліктің  жаны 
бар. 
Тарихта  мыңдаған  жылдар  өтсе  де,  джайнизмнің  адам  алдына  қойған 
талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ. 
 
Буддизм. 
 
Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия 
ілімі- ол буддизм.  
Буддизмнің  негізін  қалаған  Үнді  елінің  шакья  тайпасынан  шыққан 
Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.) , кейін Будда (ағарған, нұрланған) атауына 
ие болған. 
Будданың ашқан “Төрт ақиқаты


Бұл  Дүниедегі  өмір  зардапқа  толы.  Оның  көбін  ешбір  адам  аттап  өте 
алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып 
зардап  шегеді;  әке-шешесінен,  ағайын  туғанынан,  сүйген  жарынан,  жолдас-
жоралардан  айырылып  қайғырады.  Мұның  сыртында  өмірден  тілегеніне  жете 
алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын


Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның 
себептері  өмірге  деген  құштарлық,  өмірде  болуға  деген  іңкәрлік,  ләззатқа 
тоймаушылық.  “Құмарлықтан  күшті  от  жоқ;  жеккөруден  артық  пәле  жоқ; 
денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ

. “Ол мені 
аяғына  басты,  ол  мені  ұрды,  ол  мені  жеңді,  ол  мені  жалаңаш  қалдырды

,  - 
мұндай  ойларды  ішінде  сақтаған  адамның  жеккөруі  тоқталмайды.  “Адамдар 
дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр


Зардаптың  себебі  анықталғаннан  кейін  оны  тоқтатуға  болады.  Зардапты 
тоқтатын жол бар – ол сегіз қырлы. Олар: 
Дұрыс көзқараста 
Дұрыс сөйлеуде 
Дұрыс бағытта ойлауда 
Дұрыс өмір салтында 
Дұрыс жүріс-тұрыста 

31 
 
Дұрыс бетбұрыста 
Дұрыс күш салуда 
Дұрыс зейін қоюда 
Міне  осы  сегіздік  жолына  түскен  адам  толығынан  зардаптан  айырылып 
нирванаға жетеді. 
Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы, пайдасыз, 
дөрекі,  ал  денесімен  күресіп,  оны  қинаған  адамдар  зардаптан  шыға  алмайды. 
Тек  ортаңғы  жол,  дүниені  көрсетіп,  білім  әкеліп,  екі  жолдың  ортасымен  өтіп 
адамды тынышталуға, құдіретті білімге, даналыққа, нирванаға әкеледі. 
Буддизмнің айтуына қарағанда, бұл Дүниедегі заттар мен құбылыстардың 
бәрі де бір-бірімен байланысып, бір-бірінен туып, бір-бірін алмастырып жатыр. 
Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан ешнәрсеге тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар – ол 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет