кеңістік пен нирвана.
Сондықтан, құмартуды суытып, Дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-
бірте сөну, өшуді буддизм нирвана дейді. Яғни нирвана дегеніміз - өмірден
бас тарту, бейболмысқа өту. Сонымен, Қытай философиясы сияқты, буддизмде
де біз бейболмыс ұғымының іргетастылығын байқаймыз.
Сонымен қатар, буддизмнің гүманистік–адамгершілік жақтары – ой
тазалығы, іс-әрекет тазалығы, тіршілікті зәбірлемеу, зұлымдыққа
зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру,
т.с.с. – адамзат рухының әрі-қарай шыңдалуына зор әсерін тигізді.
Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
Ұлы Қытай елі - бүгінгі таңда заманның қойған Талабына сәйкес жақсы
Жауап тауып, өте тез дамып келе жатқан ел. Ғалымдардың айтуына қарағанда,
XX1 ғасырдың отызыншы жылдарында Қытай Дүниежүзіндегі ең дамыған елге,
Дүниежүзінің экономикалық орталығына айналмақ.
Қытай елінде болып жатқан жаңару үрдістері сол елдің терең түп-тамыры –
4-5 мың жылға кететін мәдениетімен, сол халықтың дүниетанымы мен
дүниесезімі (менталитеті), философиясымен байланысты. Синологтардың
(қытайтанушылар) айтуына қарағанда, Қытайдың моральдық философиясының
негізгі қағидалары бүгінгі заманның талабына сай келіп, реформаларды
жеделдетуге өзінің зор ықпалын тигізуде.
Ендеше сол халықтың тудырған философиясын зерттеп, өзімізге керек
жақтарын ойымызға түйейік.
Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы - ян - ол
жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы
түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы-
бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды.
Б.ғ.д. V1-V ғ.ғ. Қытай елінде мифологиялық дүниетанымнан философияға
қөшу үрдістері басталады. Сонау көне заманнан бастап Қытай философиясында
үш негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм – бұл ағымды Қытайдың
натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші ағым – Кон-фу-циандық - ол
32
Қытай халқының моралдық философиясы, үшінші – Фа-цзя мектебі –ол
Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманда
пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын
алады.
Даосизм ағымы
Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (кәрі ұстаз) (V1-Vғ.б.ғ.д.),
екінші атауы - Ли Эр: “ Даодецзин
деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын
оның оқушылары мен ізбасарлары 1V-б.з.д. ғ.ғ. жинақтаған.
Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері.
Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп
сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.
Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде
түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар
мен құбылыстар оған бағынышты.
Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз,
танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер
қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды
білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао - бүкіл өмірге
келетіннің терең қақпасы.
Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан-алуан
заттарға келер болсақ, олардың әр-қайсысының аты бар. Олардың бәрі де
қозғалыста, өзгерісте, олар- уақытпен шеңберленген - бұл Дүниеге келіп,
аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.
Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы “ Де
деген сөзбен береді.
Дао заттарды тудырса Де - оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін
құрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл
Дүниеде Даоны құрметтейді, Дені бағалайды.
Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.
Дао - мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра оны ешбір бұл Дүниедегі
нәрсе өзіне бағындыра алмайды.
Теңізге әр жерден келіп құйылып жатқан кіші-үлкен өзендер сияқты, Дао
өзінің бойына Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарды сіңіріп, қайтадан өз
бойынан оларды тудырып отырады.
Сонымен, Бейболмыс бірінші, нақтылы дүние, болмыс- екінші. Дүниедегі
барлық заттар болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан туады.
Қазақстанның философ-ғалымы Хамидов А.А. атап көрсеткендей “Шығыс
философиясында бейболмысқа креативтік (creatіo –лат сөзі – тудыру) күш
беріледі. Сондықтан Батыстағы белгілі тұжырым “Ex nіhіlo nіgіl fіt
(жоқтан
ешнәрсе тумайды
шығыс ой-пікіріне сәйкес келмейді. Шығыстың ой-пікірден
шығатын тұжырым “Ex nіhіlo totum fіt
,-лат. (жоқтан барлығы пайда болады).
33
Даосизмде дүниенің қайшылығы, қарама-қарсылықтың бір-біріне айналып
жатқаны айқын көрсетіліп, адам өзінің жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде оны
қалай ескеру керектігі айтылады. “Сұлудың сұлулығы білінген кезде, түрсіздік
те пайда болады. Жақсылықтың жақсылығы білінген уақытта жамандық-та
пайда болады... Сондықтан болмыс пен бейболмыс бірін-бірі тудырады, ұзын
мен қысқаны бір-бірімен салыстырап қана білеміз, биік пен аласа бір-бірімен
майысады, әр-түрлі дыбыстар бір-біріне қосылып гармонияны (harmonіa- грек
сөзі,-үйлесімді) тудырады. “Қарама-қарсылыққа айналу- даоның қозғалысы
.
“Мінді мінсіздікті сақтайды
- бұл бос сөз бе? Ол- адамның жетілуінің жолын
көрсететін қағида. Сондықтан қиындықтан өту үшін жеңілден бастау керек.,
ұлы нәрсе кішіден басталады, көп нәрсе аздан тұрады, бақытқа жету үшін
бақытсыздықтан өту керек… кім көп жинаса, соншалықты көп жоғалтады. Кім
өлшемді сақтаса- сәтсіздікке ұшырамайды. Кім өз шегін білсе - қауіптен
құтылады. Егер жеңілдікті іздесең, қиындықтар өз-өзінен пайда болады
.
Даосизмнің жоғарыда көрсетілген нақыл сөздері өзінің терең даналығымен
бізді таңғалдырады. Онда Дүниенің терең мәні, адамның өмір сүруіне қажетті
қасиеттер көрсетілген. Тек оқы да бойыңа тоқы. Аз күнде ұлылық дәрежеге
көтерілем деп, беліңді шойыртып алма, күнбе-күн аз-аздап шаршамай-талмай
еңбек ет, сонда ғана белгілі нәтижелерге жетуге болады.
Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер.
Даоны тану жолында сезімдік, іңкәрлік бізді оған ешқашанда жеткізбейді.
Адам сезімдік жолымен тек қана шектелген нақты заттарды ғана тани алады.
Сондықтан, адам іңкәрліктен арылып, тыныштық жағдайға келгенде ғана
Дүниеге тереңдей алады.
“Дүние әртүрлі заттардан тұрғанмен, олардың бәрі де гүлдейді де соңынан
тамырына қайтып оралады. Оны біз тыныштық дейміз, ол бізді мән-мағнаға
жеткізеді, мән-мағна тұрақтылыққа әкеледі. Тұрақтылықты білген адам
жетілудің шыңына жетеді. Жетілген адам – іңкәрліктен айырылады. іңкәрліктен
айырылған адам даоға жетеді. Даоға жеткен адам – мәңгілік. Даоны түсінген
адам қауіптен құтылады
.
Өзіңді танысаң басқаларды да білесің. Бір жан-ұядан басқалардың бәрін де
тануға болады. Бір елді танып білсең, бүкіл жер-бетіндегі елдерді білгенің, -
дейді даосизм.
Әсіресе, жастарға ой салатын мынандай нақыл сөзбен аяқтайық “Дана адам
білімі бола тұра, оны көрсетпейді, надан адам білмесе де, білімді сияқты болып
көрінгісі келеді
.
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары.
Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан
ондай адам – ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін
жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан, даостардың
34
ізгі адамы ешнәрсе жасамай жеңіске жетеді. “Күреспей-ақ жеңіске жетеді
–
дейді даостар.
Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам
өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, онда
олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне алыстан
қарап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін тыңдап өздерінің
кәртайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін айтады.
Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді
адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек,- деген пікір айтады.
Өйткені, әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты
өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.
Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше “ең
жақсы ел басын тек оның бар екенін ғана халық біледі. Ал халық сүйетін және
көтеретін ел басы – екінші дәрежеде. Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын
ел басы келеді. Егер халық ел басынан жиіркенсе – онда ол ең жаманы
.
Даосизм ел әділеттік арқылы басқарылады, соғыс қулық арқылы жүреді,-
дейді. Елді басқару дәрежесіне көтерілу ешнәрсе жасамау арқылы болмақ. (У-
Вей – заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау, артық іс – әрекетке бармау,
бәрінің жетілгендігіне әкеледі)
Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға
қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкәппарлықтың зияндылығын аса көрсетеді.
“Ең бақытсыздық - өз іңкәрінің шегін білмеуде, ең қауіптілік – асқан байлыққа
жетуге ұмтылуда
.
Кон-фу-цзы ілімі - Қытайдың моральдық философиясы.
Кон-фу-цзы (ұлы ұстаз) (551-479 б.ғ.д.) - Қытай халқының ұлы ойшылы,
саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе
жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізігі еңбегі “Лунь-уй
(әңгімелер мен пікірлер).
Моральдық мәселелер.
Кон-фу-цзыдың адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін
сақталуы – оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси
көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.
Кон-фу-цзы еңбектерінен біз “бес тұрақтылықты
(у-чан) табамыз. Олар
адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық,
ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы
адам дао жолына шыға алады.
35
Кон-фу-цзы моральдың “ алтын ережесін
алғаш көрсеткен деген пікір
әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: “Бір сөйлеммен сіздің моральдық ілміңізді
бізге жеткізе аласыз ба? , - деген сұрақ қойыпты. Оған ол “ Өзіңе тілемейтінді
басқаға да жасама
,- деген екен.
Кон-фу-цзы өзінің моральдық ілімінде “адамдардың өзаралықтығына
“алтын ортаңғылыққа
, әке-шеше мен аға-апаны сыйлауға, адамдарды сүюге
шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.
Біздің баса көрсеткіміз келетін “тұрақтылық
– ол
ли
(әдеттілік). Кон-фу-
цзыдың айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан
әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлау керек. Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап
кетеді,- деген ой айтады.
Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады.
Олар “ізгі адам
( цзюн-цзы) және “ұсақ адам
( сяо-жень).
“Ізгі адам
өз алдына үлкен талаптар қояды, ал “ұсақ адам
талапты
басқалардың алдына қояды.
Ізгі адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды.
Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. Ұсақ адам
басқа адамдармен бірге болғанымен ұрыс керіс тудырады. Ізгі адам
адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит
сияқты орда бітіреді.
Әлеуметтік-саяси көзқарастар.
Кон-фу-цзы өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи
қалыптасуында өз орны болуы керек және олардың арасындағы қарым-
қатынастары - әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті.
“Ел басы (әрқашанда болуы керек) ел басы орнында, қызметші - қызметші
орнында, әке - әке орнында, ұл - ұлдың орнында
– дейді ұлы ойшыл.
Сонау көне заманда Кон-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып,
өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды заңдардың талабын
орындауға мәжбүр еткеннен гөрі адамның сана-сезіміне ықпал жасап керекті
талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген
пікір айтты.
Кон-Фу-Цзыдың ілімін әрі қарай дамытқан Мен-Цзы болды.
Мен-Цзы адамдардың табиғи берілген басқа адамдарға деген аяныш,
көңілін жұбату сезімі, ұяттық және ызалану сезімі, силау және табыну сезімі,
шындық және жалғандық сезімдері бар деген пікір айтады. Осы сезімдердің
негізінде адамды сүю, әділеттілік, әдеттілік, тану-білу қабілеті
қалыптасады. Ал жамандық адамның табиғатынан, ия болмаса Аспанның
еркінен емес, өмірдегі тапшылықтан, аштық-жаңалаштықтан пайда болады,-
деген пікір айтады.
Мен-Цзы айтқан мына нақыл сөзге көңіл аударайық. “Мен өмірді
бағалаймын, бірақ одан да қымбат- әділеттілік. Егер мен осы екеуін бірдей
ұстай алмайтын жағдайда болсам,- онда мен әділеттілікті таңдар едім
.
36
Мен-Цзы Кон-фу-Цзыдың адамды сүю принципін әрі қарай дамытуға көп
көңіл бөледі. Біздің бүгінгі күннің ақуалына сай келетін мына нақыл сөздерді
ойымызға тоқиық. “Құрметті Ван! Біз неге тек қана пайда жөнінде сөйлесеміз.
Мен тек адамды сүю және парыз жөнінде айтқым келеді. Сондықтан, өкімет
басындағылар қандай болса, халық та сондай. “Басшылар жел сияқты, ал
қарапайым халық- шөпке ұқсайды. Қайда жел үрлесе, сол жаққа шөп
майысады˝,- дейді Мен-Цзы.
Фа-Цзя мектебі – көне Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы.
Көне Қытай философиясының тағы да бір ерекше ағымы,- ол фа-цзя
мектебі (“фа
- заң). Бұл ағым, негізінен алғанда, Конфуциандық ілімге қарсы
бағытталған (әсіресе, оның адам, мораль мәселелеріне) - ілім.
Фа-Цзя мектебінің негізін қалаушы Хань-Фэй-Цзы (280-233 б.ғ.д.). Ол
өзінің болмыс ілімінде Даоны бүкіл дүниедегі барлық нәрселердің табиғи заңы
ретінде қарады. “әрбір зат пен істің өзінің заңдары бар. Аспанның өз
заңдылықтығы, ал адамдарды алатын болсақ, олардың өздерінің орнатқан
заңдары бар
.
Дао – жалғыз және бөлінбейді,- деген пікір айтып, Хань-Фэй-Цзы
сондықтан елбасы да тек өзіне ғана сенуі керек. Даоның өзіне ұқсас басқа
ештеңе болмағаннан кейін, оны жалғыз дейміз. Сондықтан ақылды елбасы
Даоның іске асқанын бағалайды. Әрі қарай ел басын Даоның қасиеттерімен
салыстыра келе, оның қандай болу керектігін көрсетеді.
“Дао бос, қозғалмайды және жалғыздықта, сондықтан ел басы да бәрін
өзінің ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашылмағаны жөн. Ел
басы даосын ешкім көрмеуі керек, ал оны қолдануды басқалар түсінбеуі керек
,
- деген пікір айтады.
“Фа-цзя
мектебінің ел басқару мәселелеріне келетін болсақ, олар адамның
табиғатының өзімшілдігіне негіздеп, оны шешті. Мысалы, Хань-Фэй-Цзы,
халық тек қана пайда мен жалақыны жақсы көреді де, жаза мен дарға асуды жек
көреді. Ал оның бәрі ел басының қолында. Сондықтан, ел басы қоғамда тәртіп
орнатуы үшін бәрін заң арқылы ретке келтіруі керек. Заң қысқа, әрбір адамға
түсінікті болуы керек. Қоғамда жаза көп, құрметтеу аз болса – жақсы. Қайсыбір
заңды бұзушылық қатты жазалануы керек. Бірақ, кімнің заңды орындамағаны,
бұзғанын қалай білуге болады?, - деген сұраққа, фа-цзя мектебі өз айлаларын
алға салады. Ол үшін адамдар өзара бір-бірін бақылап жүрулері керек. Оны
қалай істеуге болады? Ол үшін адамдардың жүрегіне қорқыныш сезім кіргізу
керек. Заң бұзған адамды жазалағанда, оны халық алдында жасау керек. Сондай
жағдайда адамдардың өздері-ақ бір-бірін көрсете бастайды.
Фа-цзя мектебі заң мен басқару өнерін бір-бірінен айырып қарайды. Заңды
қалай шығарып орындату керектігін біз жоғарыда айтып кеттік. Ал басқару
өнері ше?
37
Басқару өнері ел басының жүрегінде өте терең тығылған. Ел басының ойын
оның жанындағы ешкімде білмей, сандалуы керек. Өйткені “Ел басының ізін
аңдып, арыстандар жүр
. Егер ол өзінің құпиялығын жоғалтса, онда арыстандар
(жанында жүрген басқа лауазым иелері) оны жеп қояды.
Ел басы бәріне самарқаулықпен қарап, ешнәрсе жасамауы керек. Оның
күші – ештеңені жасамауда. Сонда ғана ол өзінің жауларының пиғылын біледі.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
1.Қытай философиясындағы болмыс пен бейболмыстың арақатынасы қандай?
2. Даосизм мен конфуцизм этикасының айырмашылығын ата?
3. Үнді мифологиясының ерекшелігі неде?
4. Джайнизм ”3 маржанының” мағынасы неде жатыр?
5. Будданың ”4 ақиқаты” нені білдіреді?
Ойланыңыз:
1.’’...Елде тыйым салатын заңдар көбейсе, халық кедейлене түседі’’. ’’Заңдар
мен бұйрықтар көбейсе, ұрық-қарылар мен қарақшылар көбейеді’’-деп атап
көрсетті ойшыл. (Лао - цзы) Мұны қалай түсінесіз?
2.’’Егер Аспан астында жол көрінсе, қатардан қалма, жол болмаса-
жасырынып қал. Елінде көрініп тұрған жол болса, кедей және елеусіз болып
қалудан ұял, егер жол болмаса, онда бай әрі көрнекті болудан ұял. ’’(Лао - цзы)
Сен не істер едің?
3.’’Жеңіспен даңқыңды шығару – бұл адамдарды өлтіруге қуану деген сөз.
Адамдарды өлтіруге қуанатын адам елден тілектестік таба алмайды.’’ (Лао -
цзы) Не себепті?
4.’’-Жақсы жағдай құрметтеумен жасалады, ал бақытсыздық зорлық –
зомбылықтан шығады...’’ (Лао - цзы) Не үшін?
5.’’Тыныш нәрсені сақтау оңай. Әрекеті жоқ нәрсені бағыттау оңай. Әлсіз
нәрсені бөлу оңай. Ұсақ нәрсені шешу оңай. Әрекетті әлі жоқ нәрседен бастау
керек. Тәртіп орнатуды бүлік шықпай тұрғанда бастау керек.’’(Лао -цзы) Бұл
пікірге келісесіз бе?
6. Кун ұстаз туралы Янь Юань айтады:’’-Қараған сайын биіктейді, үңілген сайын
тереңін сеземін, түбіне жете алмаймын, бірде алдымда тұрғандай болып тұрып,
бірде артыма шыққандай, бірде жанымда сияқты, бірде ұзап кеткендей. Бәрін
бірден ашып көрсетпейді, адамды еліктіріп, көзімізді ашқандай, дәстүрлер мен
рәсімдерді сақтай біледі. Күшім азайып бара жаста, маған жақындағанын
сезінемін. Артынан көз жұмып ерейін десем ере алмаймын’’, - дейді. Бұл
тұжырым қазіргі өтпелі қоғамда қандай ойларды туғызуы мүмкін?
7.’’Аспанға қол жайып біреуді айыптамадым, төменгі істермен айналысып,
Жоғарға жеттім’’, - дейді данышпан. (Кун ұстаз) Бұны қалай түсінуге болады?
38
8. ’’Өзіңді таза қалпында сақтаймын деп өмірден алшақтама, ештеңемен
айналыспай ортаңнан қол үзіп қалма’’, - дейді. (Кун ұстаз) Бұған не дейсіз?
9.Даостар: ’’Аса білімді халықты басқару қиын. Сондықтан елді білімнің
көмегімен басқару- бақытсыздық, ал онсыз басқару – елді бақытқа жетелейді.’’-
дегенге қалай жауап бересіз?
10.’’...Елде тыйым салатын заңдар көбейсе, халық кедейлене түседі’’. ’’Заңдар
мен бұйрықтар көбейсе, ұры-қарылар мен қарақшылар көбейеді’’-деп атап
көрсетті ойшыл.(Лао-цзы) Оны сіз қалай түсінесіз?
11.’’Егер Аспан астында жол көрінсе, қатардан қалма, жол болмаса-жасырынып
қал. Елінде көрініп тұрған жол болса, кедей және елеусіз болып қалудан ұял,
егер жол болмаса, онда бай әрі көрнекті болудан ұял.’’ (Конфуций ілімі) Сіз
не істер едіңіз?
12.’’Жеңіспен даңқыңды шығару – бұл адамдарды өлтіруге қуану деген сөз.
Адамдарды өлтіруге қуанатын адам елден тілектесті таба алмайды.’’(Лао-цзы)
Оны қалай түсінесіз?
13.’’Жақсы жағдай құрметтеу мен жасалады, ал бақытсыздық зорлық –
зомбылықтан шығады...’’(Лао-цзы)
Оны қалай түсінесіз?
14. Джайнизмде : “Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола
аламыз ба, егер сені көрсек – Яма?” (Яма - өлім құдайы) Бұл сөздің астарында
не жатыр?
15. Джайнизмде : “Менің білетінім – байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені
мәңгілікке уақытшамен жетуге болмайды”, деген дана сөздерді үнді
мифологиясында табуға болады. Бұл ғибраттық ойдың мағынасы неде?
Реферат тақырыптары:
1.Конфуций іліміндегі ұжым (коллектив) және тұлға мәселелері.
2.Даосизмдегі адам мен космос.
3.Көне Қытайдың философиялық мектептері.
4.Даосизм мен конфуцийлік ілімдегі (конфуцианство) адам мәселесі.
5.Конфуцийдің кемелденген мемлекет жайлы ілім.
39
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |