ІІ. Ислам, зайырлы мемлекет және зайырлы қоғам
Мемлекет – жанымызды, дүние-мүлкімізді, дінімізді, ар-ождан мен қадір-қа-
сиетімізді ішкі және сыртқы дұшпандардан қорғайтын жоғарғы саяси институт.
Мемлекет болмаса жеке адам өзін дұшпандардан қорғай алмайды. Анархияға жол
беріліп, әділетсіздік орын алады. Ондай кезде адам құқығы аяққа тапталады. Мем-
лекетсіз ұлттың мәртебесі сақталмайды.
Зайырлы мемлекет ұғымы «дінсіз мемлекет» деген түсінікті білдірмейді.
9
Кез-келген зайырлы мемлекетте дін жоққа шығарылмайды. Керісінше, мемлекетті
мекен еткен азаматтардың діни ұстанымына еркіндік беріледі. Сенім бостандығына
нұқсан келтірілмейді. Азаматтардың таңдауына сәйкес, діни ұстанымдары заңмен
қорғалады. Зайырлы қоғамда ұлттар мен ұлыстардың діни сенімі бойынша бөлінуі-
не жол берілмейді.
Құранда да зайырлылықтың белгісі көрініс тапқан. «әл-Бақара» сүресінің
256-аятында: «(Пенде баласын) дінге мәжбүрлеп кіргізуге рұқсат жоқ...»,–деп бұй-
ырылған. Бұл аятта әрбір адам баласына ар-ождан бостандығы берілгені жайлы ба-
яндалады.
Дініміз мемлекет алдында өтелуге тиіс мына міндеттерді орындауға шақы-
рады: салық төлеу, заңдарға құрмет көрсету, халықтың амандығы үшін және бейбіт
(рахат) өмір сүруі үшін құзіретті органдар бекіткен қағидалар мен ережелерге мой-
ынұсыну, әскер қатарында борышын өтеу, міндетті зайырлы орта білім алу, қоғам
мүлкіне аманат ретінде қарау, адал еңбекпен мемлекетке қызмет ету.
Ислам түрлі ұлт пен дін өкілдерінің тұрағына айналған зайырлы қоғамдағы
азаматтардың әртүрлі діни сенімдеріне құрметпен қарауға үндейді және мұсылман
қауымын соған тәрбиелейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін өзге дін өкілдерінің сенімі мен ғибадатхана-
ларына құрмет көрсетуге шақырған.
ІІІ. Ислам, Отан және әскери қызмет
Ислам діні Отанды, туған жерді, халықты, мал-мүлікті қорғауды қасиетті бо-
рыш деп санайды. Дін және Отан – қасиетті ұғымдар. «Отанды сүю – иманнан»,
– деген қанатты сөз туған жерді аялауға, адам бойында отансүйгіштік сезімдерді
оятуға жетелейді.
Хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біз Ухуд-
ты жақсы көреміз, Ухуд та бізді жақсы көреді», – деген. Ислам діні адам баласын
туған елдің тауы мен тасына дейін жақсы көруге шақырады.
Мемлекет алдындағы маңызды міндетіміздің бірі – әскери борышымызды өтеу.
Әскерге бару – діни әрі ұлттық борыш. Әскер Отанымызды ішкі және сыртқы жау-
лардан қорғайды.
Тағы бір хадисте: «Екі түрлі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі–күнә-
сына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі–Отанды қорғап шека-
ра күзеткен көз», – делінген. Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол Отанды
қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, қоғамға пайдалы іс жасауға тәрбиелейді.
Туған жердің тұғырын биік ету – адамдық әрі мұсылмандық борыш.
ІV. Ислам және ұлт
Ислам діні әрбір ұлт өкіліне құрметпен қарап, адамзатты ұлтына, нәсіліне
және жынысына бөлмейді. Құдай Тағала адамзатты бірін-бірі тануы үшін түрлі
ұлттарға бөліп жаратқан. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз
сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-
біріңді тану үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Расында, Алла алдында ең абырой-
лыларың – ең тақуаларың (Алладан шынайы түрде қорыққандарың). Алла барлық
10
нәрсені толық білуші, барлығынан хабардар» («әл-Хужурат» сүресі, 13-аят), – деп
баяндалады.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
«Әй, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың – біреу, ешбір араб араб еместен,
араб емес арабтан діндарлығынан басқа ешбір артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Алла-
ның алдында ең мәртебелілерің – діндар болғандарың», – деп ескертілген.
Ислам діні өз ұлтын сүюді құптайды. Бірақ шектен тыс ұлтшылдыққа жол
бермейді. Адамдар қауымдасып өмір сүретіндіктен бір-бірімен тату-тәтті, жақсы
мәміледе болып, бір-бірінің құқықтарына құрметпен қарауы керек.
V. Ислам, дінаралық қарым-қатынас және толеранттылық
Мұсылмандар тек өз дініндегі бауырларымен ғана емес, басқа дін өкілдерімен
де жақсы қарым-қатынаста болған. Сондықтан, ойлары мен сенімдері бізден өзгеше
кісілерге толеранттылық танытылады.
Исламда дінаралық толеранттылықтың орны ерекше. Алла Елшісі (оған Ал-
ланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға һижрат еткеннен кейін де
ешбір адамды Ислам дінін қабылдауға мәжбүрлеген емес. Өзге дін өкілдерімен жақ-
сы мәміледе болуды насихаттаған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) көршілермен қандай мәміледе болу керектігі туралы өз хадисінде:
«Егер көршің өзге дін өкілдерінен болса, онда сенің мойныңда бір ақысы бар. Ол
сенің көршің болғаны үшін. Егер көршің мұсылман болса, екі міндетің бар. Ол –
бірінші көршің, екінші мұсылман болғаны үшін. Ал егер көршің мұсылман-туысқа-
ның болса, үш міндетің бар. Ол – көршің, мұсылман әрі туысқаның болғаны үшін»,
– деген. Осы хадиске назар аударсақ, қоғамда бізбен бірге өмір сүріп жатқан барлық
азаматтардың әр нәрседе өз құқықтары бар. Ол қандай дінде болсын, онымен жақсы
мәміледе болу керек. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзге
діндегілердің құқығын бұзбауды және олармен жақсы мәміледе болуды өсиет еткен.
VI. Ислам және салт-дәстүр
Ислам – тек араб халқына емес, жер жүзінің барлық халықтарына тұтастай
жіберілген, Бір Аллаға сеніп, құлшылық жасауды бұйыратын монотеистік дін. Ша-
риғат сан түрлі халықтардың ерекшеліктері мен қасиеттеріне құрмет көрсетеді. Ис-
лам ұлттық мәдениетті, ұлттық әдет-ғұрыптарды және дәстүрлерді жою, ұмыттыру
үшін емес, сақтау, дамытуды мақсат етеді.
Халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптар Ислам заңнамасындағы құқықтық нор-
малардың бастауларының бірі болып саналады. Алла Тағала «Ағраф» сүресінің
199-аятында: «Кешірімді бол, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», –
деп бұйырған.
Шариғат үкімдері басты қайнарын Құран Кәрім мен Пайғамбар (оған Алла-
ның салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінен алғандығы белгілі. Аталмыш мәндегі
ғұрыптар фиқһ ілімінде тармақты үкімдерді белгілеуде заңды дәлел ретінде алына-
ды. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалары белгілі
бір мәселеге үкім шығарғанда кейде халық арасында қалыптасқан ғұрыптарға да
11
сүйенген.
Фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламалар Құран Кәрімдегі «Кешірімді бол, ғұрып-
пен әмір ет және надандардан теріс айнал» деген аятты алға тартқан. Сондай-ақ, Аб-
дулла ибн Масғұдтан (оған Алла разы болсын) жеткен мына риуаятты дәлел етеді:
«Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар
жаман деп көрген нәрсе Алланың құзырында жаман».
VIІ. Исламның ғылым, білім және тәрбиеге қатысты ұстанымы
Білім алу – исламдағы басты парыз. Құран Кәрімнің алғашқы түскен аяты
«Оқы!» деген сөзден басталады. Ислам Құран мен сүннетке сүйенген ілімдермен
қатар зайырлы білім алуға да үндейді.
Мұсылмандар мемлекеттің білім беру саласындағы заң талаптарын орында-
уды өздерінің басты міндеттерінің бірі деп біліп, балаларының толық орта білім
алып, жан-жақты дамып-жетілуіне, өз білімін кәсіби орта және жоғары оқу орын-
дарында таңдаған мамандықтарына сәйкес жалғастыруға кедергі келтірмейді. Дін-
нің жеке адам мен қоғамды тәрбиелеудегі рөлін анық түсіне біліп, балаларының
діни-рухани білім алуына да жағдай жасайды.
Білім алу, сауат ашу – Ислам дінінің ең басты талабы. Алла Тағала Құран-
да: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» («әз-Зүмәр» сүресі, 9-аят), – дейді.
Құран Кәрімнің көптеген аяттарында білім жайлы айтылған. Алла Тағала: «Білме-
сеңдер, ілім иелерінен сұраңдар!», – деп бұйырады («Нахыл» сүресі, 43 аят). Пай-
ғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Ілім
алу – әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз», – деген.
Исламда отбасы тәрбиесі – аса маңызды игі амалдардың бірі. Ұрпақты иман-
дылыққа, ізгілікке, адамгершілікке баулу – қоғамдық тәрбие мәселесіне оң ықпал
етеді. Өйткені, қоғамның негізі отбасыдан құралады. Алла Елшісі (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Әке өз бала-шағасына жақсы тәрбие-
ден артық ештеңе қалдырмақ емес», – деген. Отбасына тек материалдық тұрғыдан
көңіл бөлумен шектелмейді. Отбасының рухани тәлім-тәрбиесіне жіті назар аудару
– аса маңызды іс. Кіші мемлекет саналған отбасының тәрбиесі, өмірге деген көзқа-
расы түзелсе, онда қоғам да түзеледі.
VIIІ. Ислам және медицина
Ислам дәстүрлі медицинаны қолдайды. Сонымен қатар, ислам Құран мен сүн-
нетке қайшы келмейтін емделу жолдарын қолдануға шақырады.
Имам әл-Бухари мынадай хадисті жеткізген: «Медицина–аурудан айығуға
көмектесер құрал». Тағы бір хадисте: «Ауруды жаратқан Алла сол ауруға емді де
қоса жаратқан. Әй, Алланың құлдары емделіңдер!», – делінген.
Медицина ғылымындағы соңғы жетістіктер – талай жылғы тәжірибенің арқа-
сы ғана емес, бұл Алланың өз құлдарына жасаған қамқорлығы. Имам Муслим
жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Барлық ауруға дәрі бар. Дәрі ауруға дәл келсе, Алла ол кісіні айықтырады», – деп
аурудан емделуге, дәріні қолдануға рұқсат берген.
Құран мен Пайғамбар сүннетінде аурудың алдын алуға қатты көңіл бөлген.
12
Сондықтан, бүгінгі күнгі заманауи екпелерді қолдану орынды. Усама ибн Зайд жет-
кізген хадисте: «Қандайда бір жерде жұқпалы ауру тарады дегенді естісеңдер, ол
жаққа бармаңдар. Егер оба ауруы сендер тұрған жерде тарай бастаса, ол жерден кет-
пеңдер», – деп баяндалған. Бұл хадисте аурудан абай бол және өршітпе деп ескертіл-
ген.
Тағы бір хадисте: «Кім таңғы аста әжуаның (құрма түрі) жетеуін жесе, оны
сол күні у алмайды әрі сиқырлық оған өтпейді», – деген. Бұл хадис аурудың алдын
алуға шақырады.
IX. Ислам және отбасы
Исламда некелесу, отбасын құру сүннет амалына жатады. Неке мәселесін ша-
риғат заңында (фиқһ) «әл-Ахуалуш-шахсия» отбасы құқығы нормативтик актісі рет-
тейді. Оған тұрмыс құру, ерлі-зайыпты арасындағы қатынасқа байланысты болған
бүкіл шариғат үкімдері, жар таңдау, құда түсу, неке, қалың мал, әйел мен ердің жеке
және ортақ міндеттері, үйленуге тыйым салынған туған-туыстар, тыйым салынған
неке түрлері, ажырасу, әйелі мен бала-шағасын, жақын туыстарын нәпақамен қамта-
масыз ету, ұл-қыздарына, ата-анасына және жақындарына мұрагерлік үлесін бөлу
үкімдері де жатады.
Қазіргі қалыптасып отырған жағдайды ескере келе, отбасын құратын қыз бала
ата-анасының келісімін алуы міндетті. Сонымен қатар, некені туған-туысқандар,
қоғам алдында жария ететін ұзату, үйлену той жасау құпталады.
X. Құмар ойындары, нашақорлық пен ішімдікке қатысты Исламның
ұстанымы
Ислам діні адамның санасын улайтын, ақыл-ойын аздыратын нәрселерге
тыйым салады. Мұсылманға денсаулығын, ақыл-ойын, болашақ ұрпағын қорғау-
ды міндеттейді. Ислам діні бар болмысымен нашақорлықты адамзат өркениетіне
қауіпті зұлымдық деп есептеп, жүйелі түрде қарсы шығады. Құранда: «Әй, мүмін-
дер! Хамр (мас қылатын заттар), құмар ойындар, тігілген тастар және бал ашатын
оқтар лас шайтанның істерінен. Олардан сақтаныңдар, құтыласыңдар. Шындығын-
да шайтан хамр, құмар ойындары арқылы араларыңа дұшпан кегін салып, Алланы
еске алуды және намаз оқуды қойғанды қалайды. Ал, сонда да тыйылмайсыңдар
ма?» («әл-Мәида» сүресі, 90,91-аяттар), – делінген.
XI. ҚМДБ-ның радикалды, теріс пиғылды және жалған діни ағымдарға
қатысты ұстанымы
ҚМДБ Қазақстан аумағында жария түрде немесе астыртын жұмыс
істейтін әр түрлі радикалды, теріс пиғылды, жалған діни деструктивті
ағымдардың ұстанымдарымен келіспейді. Ел мұсылмандарының бірлі-
гі үшін ықылым замандардан бері қазақ халқының діліне сіңісті болған
Ханафи мәзһабын ұстануға шақырады. Танымдық мәселелерде Матуриди
мектебінің ұстанымдары негізінде қалыптасқан таным тұғырын ұстануға
үндейді.
13
XІI. Ислам және жиһад
«Жиһад» сөзі араб тілінде тілдік тұрғыдан алғанда белгілі бір нәтижеге, мақ-
сатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді
жұмсау, тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді. Ал, бұл сөзді ислам дінімен
байланыстырып, діни сенім-наным тұрғысынан алғанда, жиһад адамға Алла Таға-
ланы тану үшін жол ашу дегенді білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, ке-
дейшілік, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер кедергі келтірсе, солармен күресу
үшін атқарылатын барлық іс-шара жиһад болып есептеледі. Алла разылығы үшін
істелген әрбір іс-әрекет «жиһад» болып саналады.
«Жиһад» сөзі мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімде отыз бес рет
әр сүреде әртүрлі мағынада айтылады. Осы аяттардың төртеуі ғана қолға қару-жа-
рақ алып, дін дұшпандарына қарсы тікелей соғысу мағынасында келген. Ал, қалған
аяттарда басқа мағыналарда қолданылған. Қарулы жиһад тек қорғаныс мақсатында
жүргізіледі.
Жиһад – мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі, ең әуелі өзін-өзі түзетуі.
Ішкі дүниені, жүректі тазарту. Пенде өз болмысын қызғаншақтық, қанағатсыздық,
сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі теріс қылықтардан арылтып,
олардың орнын көркем қасиеттермен толықтыруы керек.
Хазіреті Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
бірде Тәбук ғазауатынан шаршап-шалдығып келе жатқан сахабаларына: «Біз қазір
кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», – деген кезде, сахабалары: «Уа, Расулулла,
«үлкен жиһад» деген не?», – деп таңданып, сауал қояды. Пайғамбар (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын): «Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп қысқа да нұсқа жау-
ап қайырады.
Осы мағынадағы жиһад адамды ар тазалығына, жан тазалығына, жан тәрби-
есіне, рухани-өнегелік тәрбиеге жетелейді.
XIІІ. Ислам және біртұтас үмбет түсінігі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан Республикасының
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және басқа да қолданыстағы
нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Сонымен қатар, қазақ халқы-
ның сан ғасырлардан бері қалыптасқан діни дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін
ескере отырып жұмыс жүргізеді.
ҚМДБ өз жұмысын жергілікті жерде қалыптасқан мұсылмандық дәстүр-
лерінің негізінде жүргізіп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында
көрсетілгендей, Әбу Ханифа мәзһабының бағытына, ал діни сенім мәселесі бойын-
ша Матуридидің танымдық мектебіне толық басымдық береді.
Тарихта мұсылмандар бірліктің арқасында ірі-ірі табыстарға қол жеткізген.
Мұсылмандардың бірлігі бұзылып, бөліну орын алғанда, түрлі қиындықтарға тап
болып, өзге саяси күштердің отарына айналған.
Бірлік – қуаттың, күштің көзі, ал бөліну мен алауыздық әлсіздікке жол береді.
Біздің міндетіміз – мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау, жік-жікке бөлінуге
жол бермеу. Құранда: «Барлығың Алланың дініне жармасыңдар, бөлінбеңдер», –
делінген («Әли Имран» сүресі, 103-аят).
14
Ислам – бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағат, қайырым, мейірім діні.
Ол тек арабтарға немесе белгілі бір ру, тайпа, ұлт, нәсілге емес, бүкіл адамзатқа
жіберілген. Олар ынтымақта болсын, бірін-бірі танысын, достықта өмір сүрсін деп
түсірілген.
Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер
бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш.
Сондықтан, сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа және
мемлекетіміздің дамуына жұмсау қажет. Соның ішінде өзара келісім мен жарасым-
дылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз.
Қазақстан әлем алдында досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мей-
ірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Дана халқымыз: «Бірлік бар жерде–тірлік бар»,
– дейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осы тұғырнамасы еліміз-
дегі мұсылман үмбетінің түрлі діни пікіралуандығына байланысты бөлінуіне жол
бермеуді мақсат етеді. Мешіт жамағатының Құран Кәрім мен хазіреті Мұхаммед
пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсеткен дұрыс жолдан
таймауына, мәзһаб пен сенімге (ақидаға) байланысты жік-жікке бөлінбеуіне, Ислам
дінінің бейбітшілік пен бірлікке шақырған тура жолымен жүруге Тұғырнаманың
ықпалы болады деген сенімдеміз.
15
ДУХОВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА
У Т В Е Р Ж Д Е Н А
НА ФОРУМЕ ИМАМОВ
ДУХОВНОГО УПРАВЛЕНИЯ
МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА
ПЛАТФОРМА
МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА
Астана
19-февраля, 2015 г.
ВВЕДЕНИЕ
Духовное управление мусульман Казахстана (далее – ДУМК), на основе свое-
го Устава и с учетом светского характера государства, поддерживает отечественный
опыт мирного сосуществования мусульман страны с представителями других ре-
лигий и лицами, не являющимися последователями какой-либо религии, по сохра-
нению межэтнической и межконфессиональной стабильности. Также в своей по-
вседневной деятельности будет руководствоваться настоящей Платформой, которая
станет основой для дальнейшего укрепления этой традиции.
Платформа определяет основные религиозные убеждения мусульман, необхо-
димый объем знаний в религиозных вопросах и отношение к светскому обществу,
законодательству государства и установленному порядку в обществе, получению
образования, медицинской помощи, защите Родины, окружающей среде, труду и
уважению семейных ценностей, традиций и особенностей народов, проживающих
на территории нашей страны.
І. Основные религиозные убеждения
1.1 Основы Ислама
Ислам
Слово «Ислам» имеет значение «полное смирение перед Всевышним», «быть
мирным человеком». Основу Ислама составляют пять столпов: вера, пятикратная
молитва (намаз), пост, зякят и хадж. Ислам требует исполнения религиозных пред-
писаний на должном уровне.
ДУМК придерживается Ислама сунитского направления и следует мазхабу
Абу Ханифы. Проповедует общие для большинства последователей мусульманской
уммы религиозные убеждения и законы шариата. В вопросах вероубеждения следу-
ет пути Матуридитской догматической школы.
Основы веры (акида)
1. Иман – переводится как вера. Иман – это вера в Аллаха сердцем и произне-
сение языком, а деяния (амалы) – являются действиями, дополняющими веру.
Иман состоит из семи основополагающих постулатов:
1. Вера в существование Единого Всевышнего Аллаха;
2. Вера в Ангелов;
3. Вера в Священные писания;
4. Вера в пророков;
5. Вера в Судный день;
6. Вера в предопределение;
7. Вера в воскрешение после смерти.
Акида – это учение, которое рассматривает вопросы вероубеждения мусуль-
ман. Фундаментальная основа акиды мусульманина – Коран и Сунна. Каждый му-
сульманин должен принять следующее: «Верую во Всевышнего Аллаха, всем серд-
цем принимаю присущие Ему имена и свойства, полностью подчиняюсь всем Его
приказам».
17
Свойства, присущие Всевышнему Аллаху, делятся на «Сыфат-Затийя» и «Сы-
фат-Субутия».
А) «Сыфатов-Затийа» шесть:
1. аль-Вуджуд (существование);
2. аль-Кидам (предвечность, Его существованию не было начала);
3. аль-Бакаа (вечность);
4. Мухалафатуль лил-хаваадис (Его свойства не похожи на свойства других
творений);
5. Кыяму би-нафсихи (самодостаточность, ни в чем не нуждается);
6. аль-Вахданият (единственность);
Б) «Сыфатов-Субутия» восемь:
1. аль-Ильм (знающий);
2. аль-Калам (говорящий);
3. ас-Сам’ (слышащий);
4. аль-Басар (видящий);
5. аль-Хайат (живой);
6. аль-Ираада (обладающий волей);
7. аль-Кудра (всемогущий);
8. ат-Таквин (создающий).
Акида Имама Матуриди охватывает нижеследующие вопросы:
Вера в Аллаха
1. Всевышний Аллах существует. Он «Ваджибул-уджуд», то есть Его суще-
ствование обязательно. Все остальное «Мумкинул-уджуд», то есть существование
всего остального зависит от Аллаха.
2. Всевышний Аллах – один. У Него нет сотоварищей. Также Всевышний Ал-
лах один в своих свойствах, действиях и сущности. Ничто не похоже на Аллаха. Нет
свойств, подобных Его свойствам. Никто не может быть соучастником в Его делах.
Лишь Он Один – творец и управляющий.
3. Всевышний Аллах изначален. Его существованию нет начала. Имена и
свойства Аллаха изначальны, то есть у них нет начала и конца.
4. Всевышний Аллах ни в чем не нуждается, Он самодостаточен. Аллах су-
ществовал до создания мира. И после создания мира Аллах не изменился. Аллах не
нуждается в чем-то, во времени и в пространстве.
5. Всевышний Аллах – вечен. Все остальное кроме Него не вечно. Его веч-
ность ни от кого не зависит. Вечность остальных вещей зависит только от пожела-
ния Аллаха.
6. Всевышний Аллах ни на что не похож. Он бесподобен. Все творения не
похожи на Него.
7. Аллах не является ни жаухаром (неразделимой частью тела), ни джисмом
(физическое тело) и ни гаризом (случайное обличие, присутствующее в физическом
теле). Поскольку перечисленное является описанием творений, свойства, присущие
только творениям, нельзя относить к Всевышнему Аллаху.
18
8. Свойства Всевышнего Аллаха Зати и Субути являются истиной. Всевышне-
му Аллаху присущи такие свойства, как могущество, пожелание, знание, существо-
вание, умение говорить, умение видеть, умение слышать, творить и другие. Свой-
ства Аллаха не являются его основной сущностью. При этом нельзя рассматривать
их и вне его сущности.
9. У Всевышнего Аллаха нет недостатков. У Него нет детей, жен. Всевышне-
му Аллаху не свойственны такие понятия как внедряться, соединяться, разделяться,
прикрепляться к своим творениям.
10. Всевышнему Аллаху не свойственны известные нам понятия, как прихо-
дить, уходить, двигаться, обосновываться, располагаться, облик, глаза, руки и го-
лень. У этих слов есть особый смысл. Но мы вверяем их Аллаху, говоря «Аллах
знает лучше» (делаем тафуид). Иногда, при необходимости, делаются примерные
предположения (тауиил), достойные величия Аллаха и соответствующие практике
арабского языка.
11. Нельзя придавать Всевышнему Аллаху облик, изображение, объем, форму,
грань сторон. Всевышний Аллах чист от понятий, присущих творениям Аллаха.
12. Всевышний Аллах говорит. Он обладает качеством калям. Однако Его спо-
собность говорить отличается от нашего умения говорить и не состоит из голоса,
букв, звуков.
13. Нельзя отрицать истинные иллахи имена-свойства, упомянутые Все-
вышним Аллахом и Пророком Мухаммедом (да благословит его Аллах и привет-
ствует), все они истинны.
14. Все свойства Всевышнего Аллаха изначальны - кадим, то есть вечны. Так-
же у Всевышнего не появятся другие качества со временем. Поскольку Он не изме-
няется. Аллах был совершенен и до сотворения мира, Его совершенство не увели-
чится и не уменьшится с началом и наступлением конца света.
15. Обладатели Рая будут лицезреть Всевышнего Аллаха в Судный день. Од-
нако это будет происходить без образа, стороны и пространства. Нельзя отрицать то,
что Он предстанет перед нами в Судный день.
Достарыңызбен бөлісу: |