Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Сарыбекова  Ж.Т.  Оқу  құралы.  –  Қыздар  тәрбиесі.  Алматы, 
2014. -273 стр. 
2.Мейірханова  З.  Қыз  өмірдің  қызғалдағы.  Алматы.  «Ол-Жас 
Баспасы» ЖШС, 2004. 96 бет.  
3.Қазақ  ойшылдарының  қыздарды  тәрбиелеудегі  көзқарастары. 
Ж.Т.Сарыбекова. – Тараз; 2009. 
4.Мейірханова  З.  Қыз  өмірдің  қызғалдағы.  Алматы.  «Ол-Жас 
Баспасы» ЖШС, 2004. 96 бет. 
5.Қазақ  ойшылдарының  қыздарды  тәрбиелеудегі  көзқарастары. 
Ж.Т.Сарыбекова. – Тараз; ЖГТУ, 2009. – 43 бет. 
 
 
 
 
 
 

44 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ДЕҢСАУЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
АРАЛБЕК І. 
«Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенті, 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,  
Семей қ. 
Ғылыми жетекшісі: ОРАЛКАНОВА И.А. 
PhD доктор, аға оқытушы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, Семей қ. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
«Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» 
атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Ұлт  денсаулығы  –  біздің 
жетістікті  болашағымыздың  негізі»  -  деп  ерекше  көрсетілген  [1].  Ал, 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  Жарғысындағы  кіріспе 
сөзбасында көрсетілген анықтамаға сәйкес, денсаулық – бұл тек аурулар 
мен  физикалық  кемшіліктердің  жоқтығы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ол 
адамның толық физикалық, жан саулығы және әлеуметтік сау күйі деп 
көрсетілген [2]. 
Психологиялық  денсаулық  мәселесіне  қазіргі  психологиялық 
өзекті  тәсілдердің  бірі  болып,  денсаулықты  қадірлеп  қараудың 
қалыптасуын  болжайтын  аксиологиялық  көзқарас  саналады.  Тұлғаның 
өз 
денсаулығына 
құндылық 
қатынасты 
қалыптастырудың 
психологиялық  тетігі болып, ынтагерлік  құндылық пен шынайы мінез-
құлық  арасындағы  қарама-қайшылықтарды  анықтап  алып  және  оның 
шешілуі саналады. 
Психологиялық-педагогикалық 
теория 
мен 
практикада 
«психологиялық 
денсаулық»  термині  бертін  ғана  енгізілген. 
«Психологиялық  денсаулық»  терминін  жақын,  бірақ  тең  келмейтін 
«психикалық 
денсаулық», 
«денсаулық 
психологиясы» 
сияқты 
категориялармен  саралаудың  маңызды  өлшемі  болып,  клиникалық 
психология  және  валеология  салаларына  қарағанда,  қарастырылатын 
ұғымның  тұлға  психологиясы  аясына,  оның  рухани  жағына,  өздігінен 
даму және өзіндік маңыздану жағына жататындығы саналады. Шетелдік 
және  отандық  ғылымдағы  психологиялық  денсаулықты  зерттеу 
мәселесін  қарастырып,  контент-талдау  негізінде  келесі  кестені  құрдық 
(кесте 1). 
 
 
 

45 
 
Кесте 1 – «Психологиялық деңсаулық» ұғымының аңықтамалары 
 
Ғалымдар 
Психологиялық денсаулық түсінігі 
А.Р. Ерментаева 
...  субъектілік  денсаулықты  нығайтып, 
арттырудың  әлеуметтік  сипатын  айқындайды. 
Өзінің 
денсаулығын 
сақтап, 
арттыруда 
субъектілік  танытатын  тұлғаның  «бейнеленуі», 
басқа 
адамдардың 
көзғарастарының, 
дүниетанымының, 
қатынастарының, 
ұстанымдарының  оңды  өзгерісіне  ықпал  етуі 
орын  алады.  Тұлғаның  денсаулық  деңгейіне 
субъектілік 
анықтауыш, 
психологиялық 
механизм және қажетті шарт болып табылады [3] 
Қ.Н. Нығыметова 
Кез-келген  адам  бір  этностың  өкілі 
ретінде  қарастырылынып,  соның  негізінде  адам 
тұлғасы  –  биоэтнопсихоәлеуметтік  бірлік  деген 
тұжырым жасалынған [4]. 
Н.Д.Унарбекова 
6-7 
жастағы 
қазақ 
балаларының 
психологиялық  денсаулығын  қамтамасыз  ету 
мен  жолдарын  зерттеуінде,  психологиялық 
денсаулықты  қамтамасыз  ету  жолдарының  бірі-
тренинг  әдісі,  ал  оны  ұйымдастыру-бірлескен-
диалогты  танымдық  іс-әрекетті  қалыптастыру 
амалы арқылы жүзеге асатындығын нақтылады. 
Автордың 
пікірінше, 
оқуға 
келген 
кезеңнен  бастап  балаларға  психологиялық 
денсаулығын  дамытуға  көмек  көрсетілмейтін 
болса, адаптациялық деңгейдегі балалардың одан 
төмен 
ассимиляциялық-аккомодациялық 
деңгейлерге ауысуы байқалады [5].  
И.В. Дубровина 
«Психологиялық  денсаулық»    –  тұлғаға 
тікелей  қатысты,  адам  жан  дүниесінің  жоғарғы 
құбылыстарымен тығыз байланыста болады және 
медициналық,  әлеуметтік,  философиялық  және 
т.б. 
аспектілерге 
қарағанда 
психикалық 
денсаулық  мәселелерінің  жеке  психологиялық 
аспектілерін шешуге мүмкіндік береді [6]. 
А.Маслоу 
Дені  сау  адам  –  ол  елгезек,  ашық,  үнемі 
қорғаныс  реакцияларын  қолданбайтын,  сыртқы 
ықпалдардан  тәуелсіз  және  өзіне  сенетін  адам. 
Өзін үнемі тиімді белсендендіре отырып, мұндай 
адам  өмірдің  әр  сәтімен  өмір  сүреді.  Ол  жігерлі 
және 
құбылмалы 
жағдайларға 
жақсы 

46 
 
бейімделеді, басқаларға шыдамды, эмоционалды 
және рефлексиялы. 
П.К. Анохин,  
И.В. Блауберг,  
Б.Ф. Ломов 
Психологиялық  денсаулық  –  бірыңғай 
тұтастықты білдіретін, көздеген мақсатқа жетуге 
бағытталған,  өзара  байланысқан  және  өзара 
шартталған 
құрылымдық-қызметтік 
компоненттердің  жиынтығы  деген  тұжырым 
жасаған [7]. 
В.Д. Шадриков 
Психологиялық  денсаулық  –  тұлғаның 
мотивациялық-құндылық  және  адамгершілік-
еріктік  қасиеттерінің  жиынтығы,  мұнда  тұлға 
қасиеттері  дербес  болмайды,  олар  күрделі  көп 
деңгейлі 
жүйеге 
сатылы 
түрде 
өзара 
байланысқан және біріккен [8]. 
А.А. Бодалев,  
А.А. Деркач 
Психологиялық денсаулық  –  ол тұлғаның 
өзін-өзі  реттеуінің,  оның  тіршілік  әрекетінің 
мақсаты  мен  нәтижесінің  дәрежесі  ғана  емес, 
сонымен қатар оған жетуге және оны жетілдіруге 
байланысты  мәселелерді  шешудің  барынша 
тиімді  жолдары.  Денсаулық  –  адамның  ең 
жоғарғы 
(«шың») 
мүмкіндіктерін 
белсендендірудің  негізгі  және  қажетті  жағдайы 
[9]. 
 
Жоғарыда  көрсетілген  ғалымдардың  анықтамалары  мен  ой 
тұжырымдарына  сүйенсек  психологиялық  денсаулық  -  толық 
қалыптасып, психологиялық жағынан толық жетіп, кемелденген, белгілі 
бейімдеушілігі байқалатын, өмірден тәжірибе ала отырып өсетін, өзіндік 
ұстанымы  толық  қалыптасқан,  өзіне  не  керек  екенін  білетін,  қуанада 
қайғырада алатын өзін-өзі басқару процессі. Дені сау адам - өз істеріне 
толық  жауапкершілікпен  қарайтын,  жігерлі,  шыдамды,  психикасы 
жақсы  жетілген  тұлға.  Психологиялық  денсаулық  тұлғаның  өзін-өзі 
реттеуінен,  мақсатқа  жете  білуінен,  мақсатқа  жетуде  тиімді  жол  таба 
білуінен көрінеді. 
Тұлға  денсаулығы    адамның  қоршаған  ортада  өзін-өзі  дұрыс 
ұстауы, көрсете білуі, өз ойын айта білуі, сонымен қатар өз эмоциясын 
көрсете алуы жәнеде өз ойын басқара алуынан көрініс табады. 
Психологиялық  денсаулық  –  бұл  жеке  өмір  аясында  субъектілі 
шынайылықтың қалыпты дамуының нәтижесі мен үрдісін сипаттайтын 
жағдай.  Егер  адам  өз  өмірінде  қандай  жағдайда  да  шыныайы 
болымысымен, өзінің ішкі әлемін толық түсініп, өз жан дүниесіне үңіле 
білсе,  бір  сәт  болсын  өз  сезімдерінің  дұрыс  не  бұрыстығын  анықтап, 

47 
 
өзінің  ішкі  әлемінің  негативті  жағын  жеңе  білетін  болса  онда  ол 
адамның психологиялық денсаулығы тұрақты деуге болады. 
Бұрынғы  кезде  психологиялық  денсаулық  мәселері  толық 
зерттеліп  қарастырылмаса,  қазіргі  күнде  бүл  өзекті  мәселеге  айналып 
отыр.  Психологиялық  денсаулық  ол  адамның  ішкі  жан  дүниесінің 
көрсеткіші.  Дені  сау  адам  болуы  мүмкін,  бірақ  жаны  ауру  адамда 
болады.  Жан  мен  тәннің  саулығы  екуі  екі  бөлек  ұғым.  Адам  жанының 
ерекше  бір  қозғалысы,  күйзелісі,  т.б.  жағдайлары  психологиялық 
денсаулықтан  көрініс  тауып  жатады.    Әрине,  дені  сау  адам  ол  барлық 
іске  қабілетті,  икемді,  ал  ішкі  жан  дүниесі  ауыратын,  өз-өзімен  күресе 
алмайтын 
адамдарда 
 
психологиялық 
денсаулығы 
жағынан 
ауытқушылықтар байқалады. Қандай жағдай да болмасын адам өз-өзіне 
психологиялық  қолдау,  көмек  көрсете  білуі  керек.  Өзіңмен  түскен 
күрес,  ең  ұлы  күрес  деп  неміс  ақыны  Логау  айтқандай,  адам  өзін-өзі, 
өзінің  ішкі  жан  дүниесімен  сырласа  білгенде  ғана  психологиялық 
денсаулығы мықты адам болып табылады. 
Қазақстандық ғалым Г.Б. Ниетбаева психологиялық денсаулықты 
зерттеуге  елеулі  үлес  қосқан  ғалым.  Психикалық  және  психологиялық 
денсаулық  арасындағы  айырмашылықты  көрсетіп,  психологиялық 
денсаулықтың  құрылымдық  компоненттерін  белгілеген.  Ғалымның 
пікірі бойынша психологиялық денсаулықтың негізгі 4 компоненті бар:   
Интегралды  -  тұлғалық  қасиеттер  компоненті.  Интегралды-
тұлғалық қасиеттер компоненті күрделі көрсеткіштердің жиынтығының 
және  жеке  дара  сипаттамалар  синтезінің  өнімін  білдіреді.  Жалпы 
алғанда  интегралдық  қасиеттер  психологиялық  денсаулықтың  мәнді 
ерекшеліктерін көрсетеді. Оларға невротизацияның, стресске төзімділік, 
бейімдік қабілеттерінің, мазасызданудың деңгейлері жатады.  
Рефлексиялық 
компонент. 
Психологиялық 
денсаулықтың 
рефлексиялық  құрамы  тұлғамен  өзін-өзі  бағалауынан  байқалады. 
Рефлексиялық механизм тұлғаның өзгеру негізінде жатыр. Алайда егер 
өз-өзіне деген қатынас өзгермесе, онда субъектінің іс-әрекетінде, мінез-
құлқында 
да 
өзгерістер 
болмайды. 
Рефлексияның 
тұлғалық 
механизмдері  өз  дамуының  нәтижесі  ретінде  субъектінің  өзін-өзі 
бағалауын  санайды.  Субъектінің  өзін-өзі  бағалауы  –  тұлғаның  өз-өзіне 
назар  аударғандығы  ретінде,  субъектінің  рефлексиялық  қабілеттерінің 
дамуындағы өлшенетін бір көрсеткіштері болып табылады. 
Құндылық-мағыналық  және  рухани-адамгершілік  компоненті. 
Адамның  құндылы-мағыналық  ортасы,  тұлғаның  өмірлік  маңызды 
тұжырымдамасын анықтайтын және оның барлық басқа да көріністерін 
өзіне 
бағындыратын 
жоғарғы 
инстанция 
болып 
табылады. 
Психологиялық 
денсаулықтың 
тұлғаның 
құндылық-мағыналық 

48 
 
ортасымен  байланысы  туралы,  құндылық  және  өмірлік  маңызды 
бағдарлар  жүйесіндегі  тұлғалық  денсаулық  жөнінде,  оның  өмірге  мән 
мен  құндылық  беретін  ішкі  қор  ретінде  айтылады.  Бұл  компонентке 
құндылық бағдарлар мен өзін-өзі белсендендіруді енгізеді.  
Эмоционалды  компонент.  Эмоция  (фр.  emotion,  лат.  enoveo  
толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер 
әсеріне  реакциясы;  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  негізінде  пайда 
болатын  көңіл-күй.  Эмоция  организмнің  әр  түрлі  қажетсінулерге 
қанағаттануына  (ұнамды  эмоция)  немесе  қанағаттанбауына  (ұнамсыз 
эмоция)  байланысты.  Адамның  жоғары  әлеуметтік  қажетсінулері 
негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның 
іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады [10].  
Біз  зерттеу  жұмысымызды  ұйымдастыруда  студенттердің 
психологиялық  денсаулығын  анықтауды  мақсат  еттік.  Психологиялық 
денсаулықтың  нашарлау  уақыты  1  курска  сәйкес  келеді,  себебі  жаңа 
ортаға  бейімделудегі  қиындықтар,  стресске,  невротизацияға  әкелері 
сөзсіз.  Сол  себепті,  біз  студенттердің  психологиялық  денсаулығына 
тәжірибелік-эксперименталды  зерттеу  жүргізу  кезеңінде,  интегралды-
тұлғалық  қасиеттер  компоненті  невротизацияны  және  стресске 
апаратын  себептердін  бірі  мазасыздануды  анықтауға  арналған 
әдістемелерді қолдандық:  
-  Л.И.  Вассерманның  невротизациялық  деңгейін  диагностикалау 
әдістемесі; 

Ч.Д.Спилберг 
және 
Ю.Л. 
Ханиннің 
мазасыдануды 
диагностикалау әдістемесі  бірінші және екінші бөлімі. 
Анықтаушы  экспериментке  1  курста  білім  алатын  58  студент 
қатысты. 
 
Л.И. 
Вассерманның 
невротизациялық 
деңгейін 
диагностикалау  әдістемесі  нәтижесінде  невротизацияның  жоғары 
деңгейі  студенттердің  17%    байқалса,  50%  орташа,  33%  төмен  деген 
нәтиже  алдык  (Кесте  2,  сурет  1).  Аландатын  жағдай,  ол  орташа 
денгейдегі  невротизация  50%  студенттерде  байқалады,  демек  олармен 
арнайы жұмыс жүргізу қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

49 
 
Кесте 2 – Студенттердің невротизация деңгейі 
 
Төмен 
Орташа 
Ж
оғ
ар
ы 
33% 
50% 
1
7

 
 
 
 
Сурет 1 - Студенттердің невротизация деңгейі 
 
Үрейленуді  зерттеуге  арналған  Ч.Д.  Спилбергер  және  Ю.Л. 
Ханин  әдістемесін  өткізу  нәтижесінде  студенттердің  89,6%  төмен,  ал 
10,3% орташа деңгей екенін білдік (кесте 3, сурет 2). 
   
Кесте 3 – Үрейлену деңгейі 
Төмен 
Орташа 
Жоғары 
90% 
10% 
0 % 
 
17% 
50% 
33% 
жоғары 
орташа 
төмен 

50 
 
 
Сурет 2 - Студенттердің үрейлену деңгейі 
   
Ситуативті  мазасыздануды  анықтауда,  ситуативті  мазасыздану 
стрестік жағдайға туындаған эмоциялды реакция ретінде көрініс беретін 
күй  екендігі  белгілі.  1  курс  студенттерінің  ситуативті  мазасыздануы 
төмен 90 % болды.  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.  Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера  нации 
Нурсултана  Назарбаева  народу  Казахстана  «Стратегия  «Казахстан 
2050»: новый политический курс состоявшегося государства. 17.01.2014 
// egov.kz. 
2.  Шувалов  А.В.  Психологическое  здоровье  человека  //  Вестник 
ПСТГУ: Педагогика. Психология, 2009. -  вып.4 (10). – С. 87- 93.  
3.  Ерментаева  А.Р.  Денсаулық  психологиясының  субъектілік 
негізі  //«Жаһандану  әлеміндегі  адамның  денсаулық  психологиясы» 
тақырыбындағы  халықаралық  ғылыми  конференцияның  материалдары, 
Гумилев атындағы ЕҰУ,Астана, 2013.-15-20 б.  
4.  Нығыметова  Қ.Н.  Балалардың  психикалық  денсаулығына 
экологиялық 
ортаның 
ықпалы. 
Қазақ 
мемлекеттік 
қыздар 
педагогикалық  университеті–  Психология  ғылымдарының  кандидаты 
ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертация.  Алматы,  2009.- 
56-67 б.  
5.  Унарбекова  Н.Д.  6-7  жастағы  қазақ  балаларының 
психологиялық  денсаулығын  қамтамасыз  ету  мен  жолдары.  әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті.  Психология  ғылымдарының 
кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертация. 
Алматы, 2005. - 98-115 б.  
0% 
10% 
90% 
жоғары 
орташа 
төмен 

51 
 
6.  Дубровина  И.В.,  Данилова  Е.Е.,  Прихожан  А.М.  Психология. 
М.: Академия, 2003. – 464 с. 
7.  Пахальян  В.Э.  Развитие  и  психологическое  здоровье. 
Дошкольный и младший школьный возраст. СПб.: Питер, 2006. – 240 с. 
8.  Шадриков  В.Д.  Психология  деятельности  и  способности 
человека:  Учебное  пособие,  2-е  изд,,  перераб.  и  доп.  М.;  Издательская 
корпорация «Логос», 1996. - 320 с.  
9.  Бодалев  А.А.  Психология  общения.  М.:  Издательство 
«Институт практической психологии», 1996. - 256 с.  
10.  Ниетбаева  Г.Б.  Диагностика  и  коррекция  психологического 
здоровья студентов. – Алматы, 2014. – 122 с. 
 
ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
АСАНХАНОВА Ж.Ж.  
Абай атындағы Қазақ Ұлтық педагогикалық университеті, 
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: ҚЫЯКБАЕВА Ұ.Қ.  
Абай атындағы Қазақ Ұлтық педагогикалық университеті, 
 «Мектепке дейінгі білім беру және  әлеуметтік  педагогика» 
кафедрасының  профессоры., п.ғ.к. 
  
Қазақстан 
Республикасының 
президенті 
Н. 
Әбішұлы 
Назарбаевтың: 
«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында 
еліміздің  дамуының  жаңа  кезеңінің  келесі  он  жылға  арналған  бағыт  - 
бағдарын  анықтап,  айқындап  берген  болатын.  Сондықтан  бала  бақша 
жасындағы  балаларды  жан  -  жақты  дамыған  тұлға  ретінде 
қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында 
үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Замана алға қойған бұл 
міндеттерді  өз  мәнінде  шешу  үшін  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім 
беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. 
Қазіргі  өмірдің  өзінен  туындап  отырған  талаптарды  орындау, 
жаңашылдыққа  жаршы  болу  үзіліссіз  тәрбие  негізінің  бастау  бұлағы  – 
мектепке  дейінгі  ұйымдардан  басталатыны  заңдылық.  Бала  тәрбиесі 
отбасынан  бастау  алды  десек  те,  ғылымға  негізделген  әдіс  –  тәсілмен 
берілетін  тәлім  –  тәрбие  ісі  көбінесе  балабақшадан  басталып,  жан  – 
жақты педагогикалық өрісін табады.Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала 
табиғатына  ерекше  әсер  етіп,  оған  өмір  бойы  ізгілікті  әсер  етіп, 

52 
 
мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз 
білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі 
болып саналады. 
Балабақша  жасындағы  балаларды  жан  -  жақты  дамыту  кезінде 
ұлттық  тәрбиенің  алатын  орны  ерекше.Қазақ  халқы  басқа  халықтар 
сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан - ақ өзінің жиып – терген бай, 
асыл  қазынасы,  мол  тәжірибесімен  көңіл  аударған.  Қазақ  атамыз 
келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған 
лайықты  ат  қойып,  бесікке  салып,  тұсау  кесер  рәсімдерін  жасап,  өсе 
келе  оған  қазақ  халқының  ұлттық  шежіресін,  өзінің  шыққан  тегін, 
халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. 
Демек,  жас  баланың  ойлау,  есту,  сөйлеу,  көру,  есте  сақтау 
қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын 
ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі ертегілер.  
Алдымен  «Ертегі  дегеніміз  не,  оның  құрылымы  қандай?»  -  деп, 
ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік. 
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры  – 
халық  прозасының  дамыған,  көркемделген  түрі,  яғни  фольклорлық 
көркем 
проза.  
Ертегі  жанрының  пайда  болып,  қалыптасу  тарихы  өте  ұзақ.  Солардың 
бірі  –  миф  жанры.  Мифтің  ертегіге  айналу    үдерісі  бірнеше  кезеңнен 
өткен. 
        Миф  –  алғашқы  рулық  қауымның  қасиетті  деп  саналған  құпия 
әңгімесі  мен  шежіресі.  Оны  ол  кезде  әркімге  және  әр  жерде  айта 
бермеген.  Мифте  қоршаған  ортаның,  дүниенің  жаратылуы  мен  аспан 
әлемі  жайында,  рудың  тотемдік  бабасы,  ілкі  атасы  мен  жасампаз 
қаһармандар  туралы,  олардың  іс-әрекеттері  жөнінде  фантастикалық 
түрде  баяндалған.  Алайда  ол  заманда  осының  бәрі  ақиқат  деп 
қабылданған,  мифке  жұрт  кәміл  сенген.  Бірақ  уақыт  өтіп,  адам  санасы 
мен  мүмкіндігі  жетілген  сайын  миф  өзгеріске  ұшырап,  бірте-бірте 
«қасиетті»  сипатынан  айрылған,  құпия  болудан  қалған.  Бірте-бірте 
мифтің  бұрынғы  масштабы  тарылып,  әңгіме  жеке  бір  адамның 
тағдырын  баяндайтын  жағдайға  келеді.  Сөйтіп,  миф  –  хикаяға,  содан 
соң ертегіге айналады. 
Т.Барласұлы  ертегінің  адам  баласына  тәлім-тәрбиелік,  рухани 
маңызы  жөнінде  айта  келіп:  «Ертегі  –  рухани  тәрбиенің  мәні  аса  зор, 
көзіміз  көріп,  құлағымыз  ести  алмайтын,  тек  ақылмен  ажыратып, 
жүрекпен  ғана  түйсіне  алатын  материалдық  әлеммен  бірге  шегі  жоқ 
рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі» - деп 
анықтама береді [2]. 

53 
 
Жалпы  құзыреттіліктердің  негізі  мектепке  дейінгі  жаста 
қалыптасатын  болғандықтан,  тәрбиешілердің  алдында  тұрған  басты 
міндеттерінің  бірі  –  тұлғаның  танымдылық  құзыреттіліктерін 
қалыптастырудың  теориялық,  практикалық  шарттарын  негіздеу  болып 
табылады. 
Танымдық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  басына  маңызы  бар  және 
әлеуметті қажетті танымдық мәселелерді шешудегі баланың өзі басқара 
алатын,  сол  мәселені  шешу  барысында  бала  белгілі  бір  білім,  білік 
дағдыларға ие болу. 
Танымдық  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда  ертегілердің 
алатын орны ерекше. 
Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір 
жүрегі.  Баланың  да  өзіндік  пікірі,  көзқарасы,  психологиялық 
ерекшеліктері  бар,  олар  педагогикалық  ықпалды  өзінше  қабылдайды. 
Сондықтан  да,  ертегілер  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
негізгі  құзыреттіліктерін  қалыптастыруда  жаңа  педагогикалық 
технологиялардың атқаратын орны бөлек.  
Ғалым  академик  В.М.Монаховтың  пікірінше  «Технология  – 
оқушы  мен  ұстазға  бірдей  қолайлы  жағдай  тудырушы  оқу  процесін 
ұйымдастыру  және  жүргізу,  бірлескен  педагогикалық  әрекетті 
жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі» [3].  
Педагогикалық  технология  –  педагогтің  кәсіби  қызметін 
жаңартушы  және  сатыланып  жоспарланған  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік 
беретін  іс-әрекеттер  жиынтығы.  Педагогикалық  технологиядағы  басты 
міндет  –  баланың  оқу-танымдық  әрекетін  жандандыра  отырып,  алға 
қойған мақсатқа толықтай жету.  
 «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясының 
мақсаты:  мектеп  жасындағы  балаларға  кез-келген  мазмұнға  сыни 
тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарымнан  бір  пікірдің  біреуін  таңдап,  саналы 
шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.  
Ертегілер  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі 
құзіреттіліктерін  қалыптастыру  бағытында  СТО  стратегияларына 
талдау жасайық.   
1.  Ертегілерді  іріктеу  және  айлық  оқу  іс-әрекеті  тақырыптарына 
сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау. 
Пәндік  дамытушы  ортаны  ұйымдастыру  талаптарында  орта  көп 
функционалды,  вариативті,  қарқынды,  жасына  сай  дамуының 
ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып 
отыратындығын  есепке  алып  құрылуға  тиіс.  Сондықтан  да,  дамытушы 
ортаны  ертегілер  кейіпкерлері  арқылы  жасақтау  балаларға  қуанышты 
көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді. 

54 
 
Дамытушы  ортаны  ұйымдастыруда  театр  түрлері  ерекше  рөл 
атқарады.  Театр  әр  балаға  қуаныш,  ұмтылмас  әсер  сыйлайды,  оның 
көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.  
2.  Ертегі  кейіпкерлерін  білім  салалары  мазмұнына  сай 
дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану.  
Көрнекілік  әдісі.  Әл-Фараби  «Оқытудың  негізгі  әдісі  – 
көрнекілік"» деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, 
есте  қалдыру)  ұсынады.  Көрнекілік  әдісі  оқытудың  сөздік  және 
тәжірибелік  әдістерімен  өзара  байланыста  қолданылады  және 
құбылыстармен,  ертегілермен  балаларды  таныстыру,  олардың  сезім 
мүшелеріне  әсер  етіп,  алуан  түрлі  ертегі  кейіпкерлерін  табиғи  күйінде 
қабылдайды.Сондықтан ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына 
сай  дидактикалық  көрнекіліктер  ретінде  пайдалануда  «Егер  де  мен…» 
стратегиясын  қолдаған  дұрыс.  Бұл  стратегия  бойынша  көрнекілік 
ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып «Егер де 
мен  «Алтын  балық  болсам  …»  деп,  ертегінің  соңын  өз  еркінше  аяқтау 
баланы  қиял  әлеміне  самғатып  ойлануына  мүмкіндік  береді, 
шығармашылыққа жетелейді. 
3.  Ертегіні  5  білім  беру  саласы  мазмұнына  сай  бөлімдерге  бөлу, 
балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою. 
Ертегінің  өзіндік  құрылысы,  көркемдік  ерекшелігі  бар.  Қандай 
ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің 
басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу 
басталып,  оқиға  желісі  күрделене  түседі.  Әсіресе  адам  өміріне 
байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт 
еткізіп,  күлкіге  мәз  етеді.  Бала  кейіпкердің  жағымсыз  әрекетінен  бой 
тартып,  жақсылыққа  құмартады.  Ертегінің  әр  жақты  сырын  қызықты, 
тартымды,  бала  санасына  лайықтай  жеткізу  тәрбиешінің  шынайы 
шеберлігіне тікелей байланысты. 
«Бауырсақ»  ертегісі  мазмұны  бойынша  бөлімдерге  бөліп, 
тақырыптар  қоюда  «Ой  шақыру»  стратегиясында  ертегі  мазмұны 
суреттері  бойынша  сұрақ-жауап  қолдану  арқылы  ертегінің  баяу 
басталып,  оқиға  желісі  күрделене  түсетінін,  яғни  ертегіде  оқиға 
желісінің  басталуы,  оқиғаның  өрбуі,  аяқталуы,  өзіндік  шешімі 
болатынын түсініп ажырата алады. 
4.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  ертегілерді  қолдану 
арқылы  пәндік  байланысты  іске  асыру.  Барлық  білім  салаларында 
ертегілерді  қолдану  арқылы  негізгі  педагогикалық  дәстүр  пәнаралық 
байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара байланыс деңгейі 
балалардың  білімін  зерттеу,  талдау,  жүйелеу  сияқты  негізгі 
дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. 

55 
 
Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  пәнаралық  байланыс  мәселесі 
барынша  терең  зерттеуді  ұсынған  Н.Н.Светловская.  Ол  өзінің  
зерттеулерінде  «Интеграция  –  іс-әрекеттің  кезектесуі,  балалар 
меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге 
ауысуы.  Балалардың  білімдерін  бекіту  үшін  оқыту  процесін 
шапшаңдау» 
деп 
есептейді. 
       Балабақшада  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың  бір  жолы  – 
білім  салалары  бойынша  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерін  бір 
тәрбиеші  арқылы  жүргізіп,  бірнеше  пәндер  бойынша  білімнің 
жинақталуы  яғни,  әр  түрлі  пәндерден  алған  білімдерін  синтездеу. 
Мысалы:  «Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар»  ертегісі  бойынша  білім 
салаларымен  байланыста  «ЖИГ  СО  –  ұжымдық  оқыту»  стратегиясын 
қолдануда  әртүрлі  пәндер  бойынша  алынған  білім,  біліктерді 
қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына  серпін тудырып, 
оқу-танымдық  іс-әрекеттеріне  шығармашылық  сипат  беріп,  барлық 
алынған білімдерін жүйелеуде маңызды болды.  
«ЖИГ  СО  –  ұжымдық  оқыту»  стратегиясы.  Мақсаты  жалпы 
мәселені  алдымен  жұпта,  сосын  ұжымда  талқылау.  Бұл  стратегияны 
қолдану  төмендегіше  ұйымдастырылды.  Балалар  5  баладан  тұратын  5 
топқа бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталды. Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-
ке  санау  арқылы  1-лер  бөлек,  2,  3,  4,  5-өз  алдына  «жұмыс»  тобы 
құрылады.  «Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар»  ертегісі  бойынша  5 
топқа  білім  салалары  бойынша  төмендегідей  тапсырмалар  берілді. 
Жұмысты  бастамас  бұрын  балаларға  «жұмыс  тобында»  тапсырманы 
жақсы  орындау  қажеттілігі  ескертіледі.  Келесі  кезекте  ұжым  мүшелері 
бастапқы  топтармен  қайта  табысып,  өздерінің  үйреніп  келген 
бөліктеріндегі  мазмұнды  ортаға  салады.  Осылайша  «жанұя» 
мүшелерінің  жұмысы  арқылы  білім  салаларының  өзара  байланыс 
орнайды.  
       ЖИГ СО стратегиясында балалардың тапсырманы орындауға деген 
қызығушылығы  артады,  ұжымда  жақсы  қарым-қатынас  қалыптасады, 
саналы тәртіп орнайды. 
 СТО  стратегияларын  қолдану  балалардың  білім  салалары 
бойынша  алынған  білім,  біліктерді  қабылдауы,  түсініп-білуі,  олардың 
жалпы  ақыл-ойына  серпін  тудырып,  оқу-танымдық  іс-әрекеттеріне 
шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді:  

қоршаған  әлемге  көзқарасы,  дүниетанымы  жеке-жеке 
бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады; 
-  пәнаралық  байланыс  нығайып,  уақытты  үнемдеу  арқылы 
практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді; 
- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды

56 
 
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді; 
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды. 
Пәнаралық  байланыс  арқылы  оқытудың  дамытушылық,  білім 
және  тәрбие  берушілік  қызметі  объективті  түрде  кеңейіп,  дамып 
отырады.        
Пәнаралық  байланыстың  мәні  мен  маңыздылығына,  оның  ең 
қажетті  педагогикалық  іс-әрекеттің  бірі  екендігін  айта  келе  мынадай 
қорытынды  жасауға  болады:  пәнаралық  байланыс  балабақшада  жан-
жақты  тәрбие  беруді  комплексті  түрде  жүзеге  асыра  отырып, 
педагогикалық  іс-әрекеттің,  еңбектің  ғылыми  негізінде  тиімді 
ұйымдастырылуына  көмектеседі.  Мектепке  дейінгі  ұйымда  пәндер 
арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру 
– балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім 
беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.  
Ертегілер  арқылы  балалардың  құзыреттілігін  қалыптастырудың 
білім салалары бойынша нәтижесі. 
Денсаулық білім саласы бойынша:  
•  Сабақтың  ұйымдастыру  бөліміндегі  аяқ-қол  жаттығуларына 
ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады. 
• Негізгі  қимыл жаттығуларында  берілген қимылға сәйкес аңдар 
тапсырмалары орындалады.  
•  Эстафеталық  ойындар  сайысын  өткізуде  аңдар  керуені 
ұйымдастырылады. 
Қатынас білім саласы бойынша: 
• Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-
ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады. 
•  Сюжеттік  суреттер  арқылы  ертегі  кейіпкерлеріне  мінездеме 
береді және ертегі мазмұнын құрастырады. 
•  Кейіпкерлендіретін  ертегінің  мазмұны  мен  мәтінін  толық 
меңгереді. 
Таным білім саласы бойынша: 
•  Ертегінің  кейіпкерлері  денелерінің  көлемін  салыстырып, 
«үлкен»,  «кіші»,  немесе  «биік»,  «аласа»  деген  ұғымдарды 
қалыптастырады. 
• Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды. 
• 
Әртүрлі 
геометриялық 
денелер 
бойынша 
ертегілер 
кейіпкерлерін құрастырады. 
Шығармашылық білім саласы: 
•  Жағымды  немесе  жағымсыз  кейіпкерлерді  жылы  және  суық 
түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді. 

57 
 
• 
Мүсіндеу 
арқылы 
ермексаздан 
ертегі 
кейіпкерлерін 
жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды. 
•  Музыка  іс-әрекетінде  ертегі  кейіпкерлерінің  көңіл-күйін, 
қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады. 
Әлеуметтік білім саласы: 
•  Ертегілер  мазмұны  арқылы  адамгершілікке,  имандылыққа 
тәрбиеленеді; 
•  Ертегі  кейіпкерлерінің  жан-жақты  мінез-құлықтарын  айыра 
біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады; 
• Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы  
байланысты ажыратады. 
Қорыта  айтатын  болсақ,  ертегілер  –  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың  ақыл-ойын,  адамгершілік  қасиеттерін,  сана-сезімін 
қалыптастырушы  құрал  болып  табылады.  К.Д.Ушинскийдің  сөзімен 
айтқанда,  ертегі  баланы  халық  қазынасына  ендіреді,  халық  рухымен 
араластырады  [4]. 
Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін 
үлкен  тәрбиелік  мәні  бар  рухани  қазына  жатыр.  Сондықтан  да  біз  сол 
бай  мұраны  пайдалана  отырып,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім 
мен  махаббатты,  сұлулық  пен  әсемдікті  адам  бойына  ұялататын  осы 
ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет