ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚАРМАҚШЫ
таңы
№75
(9329)
Сәрсенбі
1 қазан
2014 жыл
ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ
12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ
Газет аптасына 2 рет шығады
E-mail: Karm_tany @ mail.ru
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Т.КӨМЕКБАЕВ АТЫНДАҒЫ
АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 50 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ
Жыраулар байқауына қатысатындар
Бидас Үрістембеков
Қармақшы ауданы
Серік Жақсығұлов
Қармақшы ауданы
Шолпан Биімбетова
Қызылорда қаласы
Қасарбек Кәрібаев
Қызылорда қаласы
Айдос Рахметов
Жалағаш ауданы
Арнұр Көшенеев
Қызылорда қаласы
Руслан Ахметов
Қызылорда қаласы
Айбек Тәңірбергенов
Қызылорда қаласы
Ақерке Өтепбергенова
Қазалы ауданы
Майра Сәрсенбаева
Қызылорда қаласы
Әйгерім Ешбаева
Қармақшы ауданы
Әзілхан Мақсатбаев
Қазалы ауданы
Күнсұлу Түрікпенова
Қызылорда қаласы
Ұзақбай жырау
Ақтау қаласы
Балтабай Бедебаев
Қармақшы ауданы
Болат Баймұратов
Қармақшы ауданы
Дінислам Тоқсанбаев
Қармақшы ауданы
Нұртілек Ақтаев
Қызылорда қаласы
Зәуре Кәрібаева
Қармақшы ауданы
Ақындар айтысына қатысатындар
Айбек Қалиев
Арқалық қаласы
Ержеңіс Әбдиев
Қызылорда қаласы
Мамыр Байдәулетов
Сырдария ауданы
Сара Тоқтамысова
Алматы қаласы
Балғынбек Имашев
Астана қаласы
Нұрмат Мансұров
Қызылорда облысы
Гала-концертте өнер көрсететін
эстрада жұлдыздары
«Нұр-Мұқасан» тобы
Ерболат Ержанбаев
Роза Әлқожа
Төреғали Төрәлі
Жеңіс Сейдоллаұлы
Еркін Нұржанов
Сыр тартқан жылдар сазынан,
Қарттарым – асыл қазынам.
Ақындар жырын арнаса,
Сазгерлер жүр ғой жазып ән.
Өмірдің сіздер заңғары,
Әулеттің асыл ардағы.
Отбасының сіздермен
Болады әркез бар мәні.
Қарияның төрде төсегі,
Батасын алған өседі.
Қарияларды сыйласақ,
Біз ел боламыз көшелі.
Ардақтап оны құрметте,
Өсиетін тыңда білмекке.
Тарихтың соқпақ сүрлеуі
Таңба боп әне тұр бетте.
Пиғылды жойып пенделік,
Өмір қызығын көр келіп.
Жұмақтан артық тіршілік,
Тал бесігінде тербеліп.
Жүрегіңде болсын от мейлі,
Қариясыз бақыт жоқ дейді.
Кеудеңе күлше піссе де,
Қария ықыласына жетпейді.
Өтепберген ПАНОВ.
ҚАРТТАРЫМ –
АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Қазақстанның барлық өңірлерінде қыр-
күйектің соңғы жексенбісінде тұңғыш рет Еңбек
күні аталып өтілді. Мерекенің негізгі мақсаты-
еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасын-
да жұмысшы мамандықтарын насихаттау және
жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін
нығайту болатын.
Қай заманда да адам баласы үшін ерен
еңбектің орны ерекше. Адал еңбек адамды ер
атандырады, ұрпаққа үлгі етеді, мерей-шаттыққа
бөлейді. Өмірдің өзі еңбектен тұрады. Шынайы
еңбек-шапағаты мол бірлік пен бағасы қымбат
бақытқа жетелейтіні ақиқат. Біздің ауданымызда
да еңбек етіп, ел құрметіне бөленген, мақтауға
лайық отбасылар жетерлік.
Осындай отбасыларды, еңбек ардагерлерін
құрметтеу, жастарға үлгі ету мақсатында 26
қыркүйек күні Орталық алаңда Еңбек күні
мерекесі тойланды. Аудандық білім бөлімінің
ұйымдастыруымен “Еңбегіне қарай құрмет, жа-
сына қарай ізет” деген тақырыппен мерекелік
кеш өтті. Орталық алаңда өткен салтанатты кеш-
ке аудан тұрғындары көп жиналды. Жосалы
кентінің әкімі Сақтапберген Медеуов құттықтау
сөз сөйлеп, аудан әкімінің атынан 70, 75, 80, 85,
90 жасқа толған еңбек ардагерлерін мерейтой-
ларымен құттықтап, Алғыс хат пен иықтарына
шапан жапты. Аудандық мәслихат хатшысы
Марат Наятұлы Қиясов, Шыңғысов, Жүнісов,
Жұматаев, Қойшыбаев, Ұзақбаев, Ахметов,
Байғараев, Қауысов, Шайменәлиев, Абауовтар
сынды ұстаздар әулетін, Нысанбаев, Қарғабаев,
Қаржаубаев сынды дәрігерлер отбасын, спорт-
шылар әулеті Төремахановтарды, темір жол
қызметкерлерінің әулеті Хамовтарды Алғыс хат
және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Еңбек
саласында елеулі із қалдырған, өздері сүйіп
таңдаған мамандықтарына балаларын баули
білген отбасы иелеріне ыстық ықыласын, жылы
лебізін жеткізді.
Ал, білім бөлімі қызметкерлері кәсіподақ
ұйымының төрайымы Жұлдызай Молдабаева
зейнетке шыққан бір топ ұстаздарға, денсаулық
сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподақ
ұйымының төрағасы Владимир Шерғазин
дәрігерлерге сый-сияпатын жасады. Шара
соңында аудан ардагерлерінің жас мамандарға:
-Жүрейік әркез өмірдің өзін бағалап,
Ардагерлерім біз үшін сынды дара бақ.
Аға ұрпақ салған еңбектің жолы еселі,
Жас ұрпақ, саған аманат!,-деп аманат тапсы-
ру, жас мамандардың АНТ қабылдау рәсімі бол-
ды. Өнерлі ұстаздар, “Әжелер” ансамблі ән мен
жырдан шашу шашса, ұстаздардан құралған би
топтары мың бұралған билерімен мерекенің
ажарын аша түсті.
Г.ДҮЗЕНОВА.
ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БАҚЫТ БАСЫН ИЕДІ
ҚАРТТАРЫМ, АМАН — САУ ЖҮРШІ
Еңбек күні мерек
есі
Жыр күмбезін биікке көтерген
Қармақшыдай киелі топырақта туы-
лып, қазақ қауымына – қазақ әдебиетінде
қарымды қолтаңбасымен ел есінде қалған
жауһар жырларымен танымал, орыстың
классик жазушылары С.Маршак, Э. Ме-
желайтис,
Г.Зеленский,
В.Федоров,
Ю.Тувимнің, тағы басқаларының қазақ
тіліндегі аудармалары әдеби ортада жоғары
бағаға ие болған Ұлы Отан соғысына
қатысушы, республикалық басылымдар
мен баспаларда жауапты қызмет атқарған
ақиық ақын, қарымды қаламгер, алымды
аудармашы, ауылда өсіп, қалада түлеген
жерлесіміз, Алдашбай ахун ауылының ту-
масы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
Әбдікәрім Ахметовтің туылғанына биыл
90 жыл толды.
Осы 90 жылдық мерейтойға байланыс-
ты жақында аудандық Мәдениет үйінде ау-
дан жұртшылығы қатысуымен еске алу
кеші болып өтті.
Кеште танымал тұлғаның өмірбаяны
және шығармашылығынан түсірілген бей-
не слайд көрсетілді.
Әбдікәрім Ахметов 1924 жылы дүниеге
келген. Орта мектептен кейін Жоса-
лы темір жол зауытында темір ұстасы,
аудандық қаржы бөлімінде есепші-
кассир қызметтерін атқарған. Лепсі
педагогикалық, кейіннен Алматыдағы
Жоғары партия мектебінде білім алған.
1943-1950 жылдар аралығында Кеңес
әскері қатарында борышын өтеген. Онда
алғашында қатардағы жауынгер, кейінірек
кіші командир болған.
1946 жылы Харьковтың әскери
медициналық училищесін бітірген соң
Германиядағы Кеңестік Қарулы Күштер
сапында, шекара шебінде офицерлік
қызмет
атқарған.
Елге
оралғасын
“Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”),
“Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен
Қазақстан”), Павлодар облыстық “Қызыл
ту” газеттерінде, Қазақстан Жазушылар
одағының Шығыс Қазақстан және Семей
облыстарындағы бөлімшелерінде, көркем
әдебиет баспасында істейді. Ұзақ жылдар
“Жазушы” баспасында аға редакторлық
қызметті абыроймен атқарған. “Құрметті
баспа озаты” белгісінің иегері. Бірнеше
әскери
жауынгерлік
медальдармен
марапатталған.
Еске алу кешті аудандық Мәслихат хат-
шысы Марат Наятұлы ашып, абыз ағаның
өмір өткелдері мен шығармашылығы
жөнінде әңгімеледі. Және сахна төріне
Әбдікәрім Ахметовтің зайыбы Рау-
за Омарбекқызын шақырып, сый-құрмет
көрсетті. Ардақты анаға шоқ гүлдер, ақ
жаулық, қырмызы қызыл қамзол ұсынды.
Мұнан кейінгі құттықтау сөзді “Нұр
Отан” партиясының аудандық филиа-
лы төрағасының бірінші орынбасары
Күлжауһар Раева, Алдашбай ахун ауылы
ардагері Зал Шаймерден, аудандық Арда-
герлер кеңесінің төрағасы Тұрсынбек Бек-
пановтар жалғастырды. Абыз ағаның зайы-
бы мен ұрпақтарына игі тілектерін білдіріп,
артына рухани мол мұра қалдырған қазақ
әдебиетінің көрнекті өкілі Әбдікәрім
Ахметовтің 100 жылдық мерейтойын
да туған халқымен кең көлемде аталып
өтілуіне жүрекжарды лебіздерін айтты.
Кеште Әбдікәрім Ахметовтің зайыбы
Рауза Омарбекқызы сөз сөйлеп, мәдени
шараға ақынның кенже қызы Ардақтың,
күйеубаласы Бауыржанның және немересі
Ұлжанның арнайы келіп отырғанын тілге
тиек етті. Сонымен қоса, өмірлік серігі
туралы өнегелі естеліктер айтып, шара-
ны ұйымдастыруға ұйытқы болған аудан
әкімдігіне, аудандық ішкі саясат, аудандық
Мәдениет үйі қызметкерлеріне риясыз
алғысын жеткізді.
Кеште белгілі әнші, термеші Не сі -
белі Нұралиева, жас өнерпаз Мер у ерт
Тұрлығұлова, халықаралық, рес пуб ли ка-
лық өнер байқауларының гран-при ие гері
Тоғжан Бақытова, республикалық Махам-
бет оқулары байқауының 1 орын иегері
Гүлфайруз Кеңшілікова, ақынның немересі
Ұлжан Сейітжанова және №105 орта мек-
теп тің бір топ оқушылары сахна көрігін
қыз дырып, көрерменге жоғары көңіл-күй
сыйлады.
Келешек ұрпаққа өнегелі ісімен, өрелі
шығармаларымен үлгі бола білген қаламы
жүйрік, ойы ұшқыр, таланты биік ақиық
ақынның 90 жылдық мерейтойы туған жер
жұртшылығымен жоғары деңгейде ата-
лып өтілді. Ақынын сыйлаған ел, елінің
атын паш еткен ер бақытты деген осы бо-
лар, сірә.
С.РАЙЫМБАЕВА.
АҚИЫҚ АҚЫН, ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР
Әбдікәрім Ахметовтің 90 жылдық мерейтойынан
Отбасы – “Нұр Отан” пар-
тиясы саяси Доктринасында қо-
ғамымыздың құндылықтарын
сақтаудың маңызды институты
деп атап көрсетілген. Отбасын-
да ұрпақтар сабақтастығы, аға
буынға деген құрмет, балаларға
қамқорлық, өзара қолдап-демеу
дәстүрлері, еңбексүйгіштік жә-
не білімге деген құштарлық
қалыптасады.
Отбасын нығайту, дәс -
түрлерді сақтау мемле кет-
ті лі гіміз
дамуының
басты
көрсеткiштерiнiң бірінен са-
налады. Келешек ұрпақты
отансүйгіштіктің негізі болып
табылатын осы құндылықтар
рухында тәрбиелеу әрдайым
Қазақстанның сәтті дамуы
мен гүлденуінің кепілі болып
табылмақ.
Жас ұрпақтың жақсы отба-
сында білім алып, тәрбиеленуі
рухани құндылықтармен қоса
материалдық құндылықтардың
бірге жүрері сөзсіз. Қазақ ата-
мыз “Үйі жоқтың – күйі жоқ”
дегенді бекерден-бекерге айтпа-
са керек.
Жақында “Нұр Отан” парт-
иясының аудандық филиалын-
да партияның “Бақытты отба-
сы” партиялық жобасы аясын-
да тұрғын үй мәселесіне байла-
нысты аудандық партия филиа-
лы мен тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық,
жолаушылар
кө лі гі және автомобиль жолда-
ры бөлімімен бірлесіп бірқатар
аудан тұрғындарына қабылдау
өткізді.
Шараға Жосалы кенті Ар-
дагерлер кеңесінің төрағасы
Жақсыбай Жәкеев қатысып,
ортақ мәселеде өз-ұсыныс
пікірлерімен бөлісті.
Қабылдауға келген көп ба-
лалы аналар, мүгедектер, мүм-
кіндігі шектеулі балалардың
ата-аналары тұрғын үй мәсе-
лесінде
өздерін
көптен
толғандырып жүрген сауалда-
рын ортаға салып, оның шешілу
жолдарын сұрады.
Қабылдауды жүргізген “Нұр
Отан” партиясы аудандық фи-
лиалы төрағасының бірінші
орынбасары Күлжауһар Рае-
ва көтерілген тақырыптың
өзектілігіне тоқталды.
Қабылдауда болған “Ал-
тын алқа” иегері, отбасында
екі бірдей мүмкіндігі шектеулі
бала тәрбиелеп отырған жалғыз
басты ана, кент тұрғыны
Гүл жаһан Отызбаева, 2 топ
мүгедегі,
асыраушысынан
ай рылған екі баланың ана-
сы Әлия Кішкентаева, екі ба-
ласы туабітті науқас, екеуі де
өздігінен жүріп- тұра алмайтын
мүмкіндігі шектеулі балалардың
анасы, кент тұрғыны Айман
Кірекесова, алты баланың ана-
сы, өзі де, күйеуі де жұмыссыз,
егіз қыздардың анасы Салта-
нат Таңатарова, үш баланың
анасы, оның ішінде бір бала-
сы тірек қимыл- қозғалысынан
айрылған кент тұрғыны Айнұр
Сұлтановалар
тұрғын
үй
кезегіне тұру, оған құжаттар
рәсімдеу жолдары, тұрғын
үй кезегінде қандай да бір
жеңілдіктер қарастырылған ба?
деген секілді сұрақтар қойды.
Қабылдауда қойылған сұ-
рақ-сауалдарға аудандық тұр-
ғын
үй-коммуналдық
ша-
руашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
бөлімінің жетекші маманы Ма-
рия Саршаева заңдық негізде
түсіндірмелер жасап, жан-
жақты жауаптар берді.
Қабылдауды “Нұр Отан”
партиясы аудандық филиа-
лы төрағасының бірінші орын-
басары
Күлжауһар
Раева
қорытындылады.
Сәрсенкүл
ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
“БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ”
ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ
Т.Көмекбаев
ауылдық
округінің
құрылғанына 50 жыл толуын мерекелеу-
ге орай Көмекбаев ауылына мерейтойға
қатысу үшін орталық алаңнан 2014 жылдың
4-5 қазан күндері таңертеңгі сағат 8.00-ден
бастап автобус көлігі қатынайтынын хабар-
лаймыз.
“Жосалы кенті әкімінің аппараты”
мемлекеттік мекемесі.
ҚҰРМЕТТІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді бүгінгі Қарттар күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпағы үлкенге құрмет, кішіге
қамқорлық көрсетіп, халқымыздың үлгі тұтар озық дәстүрлерін
бүгінге жеткізген аға буынды әрқашан ардақ тұтып, оларды
қолтығынан демеп, төрден орын беруді өзінің басты міндеті деп
санайды.
Достық пен татулығымыздың, бірлігіміз бен тірлігіміздің
тірегі, өмірден көргені мен түйгені мол ағалардан алар өнегеміз
бен тәлім-тәрбиеміз ұшан теңіз.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, ақсақалдарымыз
бен ел ағаларының төңірегіне топтасқан еліміз ауызбірлікпен іс
қылып, талай-талай асулардан асып келеді.
Осыны негізге алған Елбасымыздың бірлік идеясы қоғам
дамуында саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Тәуелсіз жас
мемлекетіміз туы тұғырлы, іргесі бекем елдердің қатарында
бейбіт өмір сүруде.
Ел іргесінің бүтін болуына, азаматтардың ауызбірлігі мен
сыйластығының берік болуына дұрыс бағыт беріп, бағдар
сілтеп отыратын дуалы ауыз ақсақалдарымыз бен батагөй
қарияларымызға бүгінгі мерекеде зор денсаулық, отбасына
амандық тілеймін.
Ұл, қыздарды өсіріп, өнеге берген асылдарымыз ендігі жер-
де немере, шөберелердің қызығын көріп, ортамызда ұзақ уақыт
жүре берсін.
Ізгі тілекпен,
Аудан әкімі Н.ШАМҰРАТОВ.
АРДАҚТЫ АРДАГЕР АҒАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ
ҚАРИЯЛАР!
ҚАРМАҚШЫ
таңы
2
1 қазан, 2014 жыл
Біздің халқымызда кездесе бермейтін
есімнің иесінің кім екенін баяндаудан
бұрын, әңгімені әріден бастаған жөн бо-
лар. Ұлы Отан соғысы басталғанда шақыру
қағазын алғандардың көпшілігі қан
майданға түссе, кейбіреулері еңбек майда-
нына алынған екен. Солардың қатарында
Ұзақбай баласы Жүндібай да бар еді. Ол
1942 жылы Магнитогорск қаласындағы
металлургиялық зауытқа жұмысқа тү
се ді. Осы жерде татар қызы Ғалибамен
кездеседі. 18 жастағы Ғалиба құрылыста
жұмыс істейді екен. Екеуі қосылуға сөз
байласады. Соғыс аяқталуға жақындағанда
еңбек майданындағы жұмысшыларды
елдеріне қайтара бастайды. 1944 жылдың
қысында Жүндібай жас келіншегімен
ауылға жетеді. Ұзақбай балалары Смағұл
мен Жүндібайдың үйі Сай көшесінде еді
(Қазіргі “Тоғжан” балабақшасының аула-
сы). Түннің бір уағында Жүндібай ағамыз
ағажеңгесімен кездесіп мәресәре боп жа-
тады. Басында малақайы бар Ғалиба есік
алдында тұрып қалған. Ибагүл жеңгесі
қайнысына “Мына баланы жоғары
шығарсайшы” дегенде, Жөкең: “Бұл бала
келініңіз болады” деп таныстырған екен.
Жүндібай ағай астық қабылдау қоймасына,
ал Ғалиба механикалық зауыттың наубай-
ханасына жұмысқа орналасады.
Қап арқалап жүк тиеп,
Атқардың қиын бейнетті.
Ұл мен қыз әкеп өмірге,
Көбейттің біздің әулетті.
Тұңғыш балалары Роза 1947 жылы
дүниеге келді. Екі жылдан кейін Иманғали
туған, оның атын “Иманалыда” жайлап
отырған үлкен әкесі Смағұл қойып еді.
Иманғалидан кейін Хамза, Құрманғали,
Серік жалғасты.
Роза Қызылорда педагогикалық инс
титутының филология факультетін бі
тіргеннен кейін, Ақтөбе ауылындағы №109
орта мектепте ұстаздық етті. Қазір Астана-
да тұрады.
Иманғали Қызылордадағы политех-
никумды бітіріп, еңбек жолын теміржол
электр стансасында электромеханик болып
бастады. Өндірістен қол үзбей жоғары оқу
орнын бітіріп, инженер, теміржол стансасы
электр басшысы қызметіне дейін көтерілді.
Хамза
Қызылорда
медициналық
училищесін фармацевт мамандығы бой-
ынша бітіріп, “Шипагер” дәріханасында
қызмет атқарып жүр. Құрманғали мен
Серік теміржол электр стансасында элек-
трик болып жұмыс атқарады. Жөкең мен
Ғалиба жеңгейдің немерелері де әртүрлі
мамандықтар бойынша қызмет етуде. Рус-
лан “Қазақ темір жолында” ревизор болып
жұмыс жасаса, Ғалымжан құқық қорғау ор-
ганында, Гүлжанат Астанада қаржы поли-
циясында еңбек етіп жүр. Ал, Ерлан мұнай
саласында қызмет істейді.
Халқымызда “Атадан ұл туса игі, ата
жолын қуса игі” деген ұлағатты сөз бар.
Сол сөздің дәлеліндей, Еркін еңбек жолын
теміржол электр стансасында жұмысшы
болып бастады. Қызмет ретімен сатылап
өсіп, қазір сол мекемені басқарып жүр.
Жалпы, Ұзақбаевтар отбасын энергетик-
тер отбасы деп айтуға болатындай. Рауза
Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы
университеттің студенті. Ал, Айжанар
Астанадағы Агротехникалық универси-
тетте білім алып жүр. Үлкен келіні Ал-
тын халық шаруашылығы институтын
экономист мамандығы бойынша бітіріп,
аудандық қаржы бөлімінде бөлім бас-
шысы, мекеме басшысының орынбаса-
ры қызметтерін абыроймен атқарды. Ал-
тын немерелерінің әжесі, шөберелерінің
алақанынан су ішуге дайындалып жүр.
Зина, Бақыт келіндері экономика, энергети-
ка салаларында өз мамандықтары бойынша
қызмет атқаруда.
1924 жылы Татарстанда Менилбай
абыздың отбасында дүние есігін ашқан
Ғалиба биыл 90 жасқа келді. Бұл күнде
немерелерінен тараған 12 шөберенің
қолынан су ішіп, бақытты ғұмыр кешуде.
Шөберелерінің қолынан су ішкен адамның
түпкі мекені пейіштің төрі болса, Алла
тағаладан Ғалиба жеңгемізге Жамбылдың
жасын беруді тілейміз.
Сәдуақас ТҰРСЫНБАЙ,
Ұлы Отан соғысының тыл ардагері.
БАҚЫТЫН ТАПҚАН
ҒАЛИБА
1 қазан-Қар
ттар күні
Біз, «Дін бірлігі – Тәуелсіздік тірегі»
аудандық форумына қатысушылар, жас
егеменді мемлекеттің тұғырлы жетістіктерін
ұғынудағы мемлекеттік, қоғамдық, діни,
ғылыми және басқа да Қазақстанның
әлеуметтік
маңызды
институттарының
бірігуі жолында форумның маңызды қадам
болғанына біркісідей сенім білдіреміз.
Біздің елімізде мұсылмандармен қатар
православтық, католиктік, протестанттық,
иудаизм, буддизм және басқа да кон фес сия
лардың өкілдері береке, бірлікте өмір сүруде.
Ғасырлар бойы бұл қасиетті өлкеде әртүрлі
ұлт пен ұлыстың өкілдері бірге өмір сүріп,
еңбек етті. Осылай бірінбірі байыта түсуге
және өркендеуге мүмкіндік берген тығыз
мәдени қарымқатынастар қалыптасты.
Қоғамның рухани өмірін арттыру адам
гершілікке баулитын, адалдық пен әділ
дікті насихаттайтын, өз еліне деген сүй
іспеншілікке, халықтың дәстүрлері мен әдет
– ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелейтін
шы найы құндылықтарды түсіндіру басты
міндетіміз.
Ғұламалардан қалған ғылыми, әдеби,
мәдени және руханиөнегелік мұра бүгінгі
күні де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Сондықтан еліміздің халықтарының өзара
өркендеуі үшін, ғылым мен мәдениетті
дамыту үшін атабабаларымыздың жо-
лын жалғастырып, мұсылман қауымының
прогрессивті интеллектуалды дамуы үшін
негізін қалауымыз керек.
Біз рухани тәжірибедегі, тарих пен
мәдениеттегі табиғи алуан түрлілікті баршаға
ортақ игілік пен ілгерішілдік жолында пайда-
лануымыз керек. Өзара түсіністік пен татулық
жолымен ғана жетістікке жетуге болады, осы
жол арқылы ғана қазақстандық қоғамның сан
айшықты келбетін құрайтын барлық діндер
мен мәдениеттердің бірегей ерекшеліктерін
сақтай отырып, қоғамдағы тұрақтылықты
нығайтып, жасампаздық рухын асқақтата ала-
мыз.
Дін атын жамылған сыңаржақ, радикалды,
экстремистік және террористік әрекеттердің
дінге ешқандай қатысы жоқ деп есептейміз.
Сондықтан да біз ХХІ ғасырдың індеті сана-
латын діни экстремизм мен терроризмді ай-
ыптап, бұл зұлымдықпен бүкіл қоғам бо-
лып бірлесе күресуге дайын екендігімізді
білдіреміз.