ана» когнитивтік моделі аясына: Ана болған дана болады; Ананың алақаны –
балаға айдынды қоныс; Мылқаудың тілін анасы біледі. Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді; Ана жақсылығын ауырсаң білерсің; Ақ
жаулығы ананың – ақ көрпесі баланың; Ананың басқан жерінде пейіш бар;
Ана баласын арыстанның аузынан алады; Анасыз үй – панасыз; Ағайынның
алтын сарайынан, Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, Қарызынан да
құтыла алмайсың; Ананың жыртық лашығы артық; Алты жеңге бірігіп ана
болмас; Ағайын – алтау, Ана – біреу; Ана сүтін ақтамағанды ешкім
мақтамайды; Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа т.б. мақал-
мәтелдер енеді.
«Әйел – үйдің берекесі» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік
бейнесінде «жақсы әйел» ер адамның жақсы қасиеттерін асырып, жаман
қасиеттерін жасырып, отбасының түтінін түтетіп, үйдің берекесін, ырысын
молайтатын жан екені сипатталады. Әйел – үйдің көркі, Еркек – түздің көркі;
Әйел – үйдің ажары; Үйді қырық еркек толтыра алмайды, Бір әйел
толтырады; Әйел – үйдің ұйытқысы; Әйел – үйдің қазығы. Әйел өлсе, үйің
кетеді, басыңнан күйің кетеді; Еркек үйдің иманы, әйел үйдің жиғаны;
Жақсы әйел – үй дәулеті, Жақсы шапан – той дәулеті.
42
«Әйел – адал жар» когнитивтік моделі. Дүниенің гендерлік бейнесінде
әйелге отбасы ұйтқысы ретінде берілген ерекше орын паремиологиялық
бірліктерде жиі кездеседі. Ер адамды ер етіп, ел ішінде атағын асқақтатып,
оның отбасының түтінін түтетіп, жақсысын асырып, жаманын жасыратын да
әйел екені сипатталады. Төменде келтірілген мақал-мәтелдер «әйел»
концептісіне жағымды коннотация үстейтін ұғымдар әртүрлі тілдік
қолданыстар арқылы суреттелгенін көрсетеді. Жақсы әйел басындағы бағың,
астындағы тағың; Ер жолдасы – қатыны, Ақ жаулығы болмаса; Жақсы
әйел – теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас.
«Әйел – үлгі» когнитивтік моделі. Жақсы әйел жарының жақсысын
асырар, жаманын жасырар; Жақсы әйел – үй дәулеті, Жақсы шапан – той
дәулеті;
Дүниенің паремиологиялық бейнесінде әйел бейнесін сипаттайтын
жақсы-жаман қасиеттер қатар қолданылып, «әйел» концептісі төңірегінде
жүйеленген ассоциативтік өрісін көруге мүмкіндік береді: Жақсы әйел –
зейнет, жаман – әйел бейнет; Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді; Атың
жақсы болса – пырағың, Қатының жақсы болса – шырағың; Жақсы әйел
жаныңды марқайтады, Жаман әйел ерте қартайтады; Жақсы әйел жаман
еркектің басын хан қылады, Жаман әйел жақсы еркектің басын даң қылады;
Денің сау болса – бір бақыт, әйелің жақсы болса – мың бақыт; Жақсы әйел –
жігітке біткен бақ, Жақсы жер, жайлы қоныс – алтын тақ; Жақсы әйел
өміріңді ұзартады, Жаман әйел үстіңе тұз артады; Алған жарың жақсы
болса, ат үстінен дүбір ет, Алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр
ет; Жаман қатын төсегінен белгілі, Жаман жігіт есебінен белгілі; Жақсы
әйелдің қолы ұзын, Жаман әйелдің тілі ұзын.
«Жаман әйел» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік бейнесінде
«Жаман әйел» стереотиптік үлгісін беретін мақал-мәтелдер «әйелі жаман
болса еркектің қадірі кетіп, ел алдындағы абыройы түседі» деген ой
тұжырымдайды: Қатыны жаман – ер азар, Қарашасы жаман – хан азар;
Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа; Атың жаман болса, сатып
құтыларсың, Қатының жаман болса, қайтып құтыларсың?; Ер жігітті
қартайтатын үш нәрсе бар: шабан ат, жаман қатын, өтпес пышақ;
Қатының жаман болса, Арманың кетер. Қапа-қасіретпенен заманың кетер!
«Жаман әйел» стереотиптік үлгісін танытуда мынадай қасиеттер
айрықша сипатталады:
еріншектік: Еріншек қатынның етегі жыртық, Ерке қатынның еріні
тыртық; Еріншек әйел опа жағады, Ерінбес әйел еңбек табады;
салақтық: Салақ қатын тұтқышқа жарымас; Салақ қатынның
үйінен сабақты ине табылмас; Салақ қатынның етін құрт жейді,Терісін ит
жейді; Тазалығы қатынның тарағынан белгілі;
олақтық: Олақ қатын оймақшыл, салақ қатын сауықшыл; Олақ
қатынның пісірген сүті іріп кетер, илеген терісі шіріп кетер; Үш күндігін
ойламаған әйелден без; Жанбаса – отын жаман, Жаға алмаса – қатын
жаман;
43
ұрысқақтық, жеңіл ауыздық: Жақсы әйелдің қолы ұзын, Жаман
әйелдің тілі ұзын; Қатының шайпау болса, кісі алдында тіл қатпа;
айлакерлік: Әйелдің күші аз, айласы көп; Бұлт шығып жаңбыр
жаумай елді алдайды, Әйелдің айлакері ерді алдайды; Бір қу байтал, екі
айғырды аш қалдырады; Бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болған; Хан
жарлығынан қатын жарлығы күшті;
ұятсыздық: Ұятсыз әйел – тұзсыз ас; Шыққан даудың себебін
әйелден ізде;
арсыздық: Арсыз әйел зәрін шашады, Бәрін сатады. Абыройын ашады;
жеңіл жүріске салынуды: Опасыз қатыннан опалы ит артық; Күйеуі
өлген әйел келіншек болады, Күйі кеткен жігіт еріншек болады; Баусыз
оймақ қолда тұрмас, Байсыз қатын үйде тұрмас.
Қазақ дүниетанымында әйелдерді еркектерден бір саты төмен санаған.
Осыған орай шөпжелкен, шүйкебас, салпы етек, төмен етек сияқты
лексемалар да қалыптасқан.
«Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдер «Әйел-ана»,
«Әйел-шеше», «Әйел-қыз», «Әйел-келін», «Әйел-тоқал», «Әйел-жесір»,
«Әйел-қатын» образдарын топтай келіп, олардың әрқайсысына тән гендерлік
белгілерді жинақтап көрсетеді. «Әйел-жесір» когнитивтік моделі. Көптеген
мақал-мәтелдер жесір әйелдің гендерлік бейнесін сипаттайды. Қазақ халқы
жесірін жылатпаған, басқа руға, жерге көшуіне рұқсат бермеген. Осыдан
келіп, Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді; Жесір қатын – жел буаз;
Әйелдің ақылын жесірінде көр, баланың ақылын жетімінде көр деген сияқты
мақал-мәтелдер пайда болған.
Қорыта келгенде, тіл – этностың өмірінен, оның мәдениеті мен
тарихынан, дүниетанымынан, менталитетінен хабар беріп отырады. «Әйел»
концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдерден әйел бейнесінің ұлттық
табиғаты жан-жақты ашылады. Қазақ тіліндегі «Әйел» концептісін
қалыптастыратын мақал-мәтелдер образ жасауда, ұлттық танымның
ерекшелігін көрсетуде, ұлттық дүниетанымды беру мақсатында, этнос
болмысын, таным-түсінігін әр қырынан көрсетуде мол ақпарат береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б.С. Социологический словарь /
Пер. с англ. под ред. С.А. Ерофеева. -Казань. Изд-во Казан. ун-та, 1997. -420
с.
2. Кирилина А.В. Язык и гендер. - М.: Языки славянской культуры,
2005. -624 с.
3. Жұбанов Қ . Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . -Алматы: Ғылым, 1999.
–581б.
4. Смайлов А. «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты
тіркестердің лингвомәдени сипаты. Филол.ғыл,канд.дисс.автореф. –
Алматы,2008. -25 б.
5. Байғұтова А. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты.
Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2008. -143 б.
44
6. Әлімжанова А. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты
халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты. Филол.ғыл. канд. дисс. –
Алматы,2008.
Резюме
Важнейшее достижение современной когнитивной лингвистики
состоит в том, что язык уже не рассматривается «в самом себе и для себя», он
предстает в новой парадигме с позиции его участия в познавательной
деятельности человека. Такими проблемами, как хранение информации о
мире и их структурирование в языке в процессе коммуникации занимается
когнитивная лингвистика, совершенно новое и мало изученное направление.
Обьектом нашего статьи является - концепт. Концепты представляют собой
концентрат культуры и опыта народа. Данная статья посвящена
исследованию концепта «Женщина» в казахской речевой культуре согласно
представлению его в пословицах и поговорках.
Resume
The most important achievement of modern cognitive linguistics consists
that language isn't considered any more «in itself and for itself», it appears in a
new paradigm from a position of its participation in informative activity of the
person. Such problems as storage of information on the world and their structuring
in language in the course of communication is engaged the cognitive linguistics,
absolutely new and a little studied direction. Obyektom of ours of article is a
concept. Concepts represent a concentrate of culture and people experience. This
article is devoted to concept research «Woman» in the Kazakh speech culture
according to its representation in proverbs and sayings.
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қасенов Е.С. -
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты
Адам ойының үздіксіз дамуы күнделікті өмірде жаңа ұғымдардың пайда
болуына ықпал етіп, жалпы тіл білімінің терминдік жүйесін толықтыру
үстінде. Қазақ тіл біліміне байланысты терминдердің жасалуы, жалпы
терминдік жүйе ретінде қалыптасуы тілдің дамуымен және А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанов,
Қ.Кемеңгерұлы,
Х.Досмұхамедұлы
сынды
жекелеген
ғалымдардың еңбектерімен де тығыз байланысты. Әсіресе, ұлттық
терминологияның қалыптасуында А.Байтұрсынұлы еңбектерінің орны
өлшеусіз. Ғалымның «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл
жұмсар», т.б. еңбектерінде тіл біліміне қатысты терминдер мен термин
жөніндегі ойларды кездестіруге болады. Сондықтан ұлт терминологиясының
қалыптасуы мен дамуында ғалымның бұл еңбектерінің маңызы орасан зор.
45
Академик Р.Сыздық өзінің «Ғылыми таным үзіктері» атты еңбегінде:
«А.Байтұрсынұлының оқу-ағарту ісі мен білім-ғылым саласында істеген
қызметі теңдесі жоқ феномендік құбылыс болды дей аламыз. ...
А.Байтұрсынұлы
жасаған
терминдер
–
білім-ғылым
саласының
«бұйымдары», – деген құнды пікір айтады. Расында да, халық тілінің
ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, т.б. терминдерін тұңғыш рет дүниеге
келтіріп, тілдік бірліктерін жасау – қиын іс. Әлбетте, белгілі бір арнаулы
саланы құрайтын ұғымдар жүйесін тілде таңбалау белгілі бір сала
терминологиясын қалыптастыруда айрықша маңызға ие болып келеді. Ал
нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы
ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық
көруімен тығыз байланысты. Демек, А.Байтұрсынұлы оқулықтарынан орын
алған терминдер терминология саласының бастауы болғандығын дәлелдейді.
Бұған ғалым Р.Сыздықтың: «қазақтың білім-ғылымының ұлт тілінде көрінуі
мектеп оқулықтарынан басталады» - деген пікірі дәлел. [1, 254 б.].
А.Байтұрсынұлы білім-ғылымның кез келген саласы жалпы оқырманға,
оқушыға түсінікті болуы үшін бейтаныс ұғым атауларын қазақша ұсынуға
мәжбүр болды. Осы бағытта ғалым жан-жақты ізденді, барынша еңбектенді.
Термин, атау жасау мәселесіне үлкен ыждағаттылықпен қараған ғалым өз
еңбектерінде терминдердің қазақша баламаларын берген. Мысалы, «Тіл-
құрал» оқулығының «фонетика», «морфология», «синтаксис» тарауларын
«дыбыс жүйесі», «сөз жүйесі» деп атауды жөн санады. Осылай атады да.
Сондай-ақ ғалым бүкіл ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атаулар
жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасауда олардың оңтайлы
тәсілдері мен тиімді жолдарын анықтау керектігін сезіне келе,
терминжасамның негізгі жолы – ұлт тілінің өз мүмкіндіктерін пайдалану деп
таниды. «Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану салаларының терминдерін жасауда
«ұғым»-ды атау керектігін білген, өйткені, жоғарыда айттық, ғылыми
танымдар негізінен абстракт (дерексіз) ұғымдар болып келеді, сондықтан
термин болатын сөз алдымен сол «ұғымды» дұрыс айтатын (танытатын)
болуы шарт. Ахаң бұл принципті қатаң ұстаған. Тіл табиғатын танытуға
қажет белгілі бір терминге басқа сөз емес, нақ осы сөзді ұсынып отырғанын
көбінесе түсіндіріп кетеді. Мысалы, үстеу «үстеулер сөздің мағынасын
үстейді», одағай, «оңаша одағай айтылады», сын есім «заттың сынын
көрсетеді», етістік «заттардың өткен-өтпеген істерін көрсететін сөздер» деп
термин болып тұрған сөз мағыналарының белгілі «ұғымды» беруге
жақындайтынын қоса көрсетіп отырады, әсіресе етістік категорияларының
ұғымдарын терминдеуде «сөз» бен «ұғым» ара қатынасын жақсы
пайдаланған» - дейді академик Р.Сыздық[1, 255 б.]. Мұнда тілші-ғалым
Р.Сыздық А.Байтұрсынұлы ұсынған терминдердің «сөз» бен «ұғым»
арасындағы қатынасы тығыз байланыстағы мүлде жаңа терминдер екендігін
баса айтып өтеді.
А.Байтұрсынұлының фонетикалық, грамматикалық ұғымдарды орыс
тіліндегі атауларынан калька жолымен аударып алғандығы да байқалады.
Сонымен қатар ғалым жасаған тіл білімі терминдерінің көпшілігі араб, парсы
46
тілдеріне негізделгені де аңғарылады. Мәселен, бүгінгі таңда қолданылып
жүрген қате, әріп, әліппе, есеп т.б. сөздер араб тілі негізінде жасалған
терминдер деуге болады. Бұл ойымызды зерттеуші К.А.Қарабаева өзінің
«Авторлық терминдер: пәрменді, пәрменсіз қолданылу динамикасы
(А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев еңбектері
негізінде)» атты зерттеуінде: «А.Байтұрсынұлының алғашқыда кейбір тілдік
ұғымдар үшін термин ретінде парсы, араб сөздерін қолданғаны белгілі. Бір
кездері Еуропада ғылым латын тілі негізінде жасалса, Шығыс ренессансы
дәуірінде ғылым тілі араб тілінде жасалғаны, араб тілінің бірнеше ғасыр
бойы адамзат ғылымы дамуында прогрессивтік рөл атқарғаны – бүгінде
тарихи шындық» – деген пікірі қуаттайды [2, 63 б.].
А.Байтұрсынұлы: «біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт
өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана
тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра- араластыра ақырында ана тілінің
қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени
жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне
аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып
сөз табуымыз керек» – деген тұжырым жасайды[3]. Ғалымның бұл ойының
астарында ұлттық ғылым негіздерін қалыптастыру жатқандығы белгілі. Осы
ретте ғалым қазақ тілінің бұдан былайғы жерде негізгі жұмыс құралына
айналуға тиісті сөз, сөйлеу, сөйлем, буын, таңба, әріп, тұлға, жалғау,
жұрнақ, қосымша, тасымал тәрізді толып жатқан атауларды тауып, орын-
орнына қойып, қалыптастырды. Термин жасау принципінде ана тілдің ішкі
мүмкіндігін жақсы пайдаланды. Мәселен, сөздерді түбір сөз, туынды сөз,
қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар деп немесе зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау, одағай деп атаулары бүгінде
тілімізге сіңіп, қалыптасып кетті.
Ғалым Ж.Манкеева «А.Байтұрсынұлы терминдерінің танымдық
негіздері» деген мақаласында: «Терминнің шартты белгілерден айырмасы –
оның ұлттық танымға жақындығы, уәжділігі мен түсініктілігі, қызмет әлеуеті
т.б. негізінде тілдің бұзылмай, жаңаша дамуы. Міне, кезінде
А.Байтұрсынұлы шығармашылығындағы термин жасау ұстанымының да
негізгі арқауы – осы. Себебі, термин қалыптастырудағы ең негізгі талаптар:
ұлттық, қоғамдық, әлеуметтік мүдде тұрғысынан қойылар талаптарға сай
болу. Олай болса, қоғамдағы ғылыми қатынас құралы ретіңде жаңа, күрделі
ойды жеткізуші терминдер де сөздер секілді халықтың ақыл-ойын, адамдық
рухын, ғылыми «көкжиегін», білім аясын жаңа сапада өсіру мұратын есте
тұтады. Ол үшін термин маманға ғана таныс жасанды таңбалардан ғана
жасалмай, терминжасамда халықтың тарихи-мәдени кодтық жадын
жаңғырту да ескерілгені жөн екенін жалпы тіл табиғатын анықтауға негіз
ретіндегі когнитивтік лингвистика тұрғысынан дәлелдеудің мәні ерекше.
Осы жаңа ғылыми бағыттар (мысалы, психолингвистика) тұрғысынан
саралап қарасақ, осы қисынға сәйкес терминжасам А.Байтұрсынұлы бастаған
зиялылардың қазақ тілінде термин түзуді ұлттық тіл мүддесі мен таным
тұрғысынан, ана тілінің табиғатына сай жасауға ұмтылыстарынан
47
басталғанын байқаймыз» – деген пікір айтады[4, 16 б.]. Әлбетте, тіл білімі
саласындағы тілдік бірліктер білім-ғылымға ұмтылған өзге де адамдарға
мейлінше түсінікті болуы қажет. Сондықтан А.Байтұрсынұлы бастауыш
мектеп оқулықтарынан және осы мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік
құралдарынан өзге еңбектерінде жаңа сөздердің түсінікті болу жағын басты
назарда ұстап, терминдердің барлығында да ұғым дәлдігіне қатты назар
аударған. Мысалы, ғалымның морфология, лексика, синтаксис салаларына
қатысты ұсынған сөз тұлғасы, сөз мағынасы, ұғым, сөз жүйесі, түбір сөз,
туынды сөз, қосымша, қосалқы, жалғау, жалғаулық, септік жалғау, атау
тұлғасы, ілік септігі, барыс септігі, табыс септігі, жатыс септігі, шығыс
септігі, жұрнақ, сөз табы, атауыш сөздер, зат есім, деректі зат есім,
дерексіз зат есім, жалқы есім, жалпы есім, сын есім, жай шырай, сан есім,
реттік сан есім, есептік сан есім, есімдік, жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі,
сұрау есімдігі, етістік, көмекші етістік, туынды етістік, болымды
етістік, болымсыз етістік, үстеу, мекендік үстеу, шылау, одағай, емле,
демеу, сөйлем, сөйлем жүйесі, сөйлем түрлері, сөйлем мүшесі, тұрлаулы
мүше, тұрлаусыз мүше, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш,
т.б. терминдерін ұғымды дәл берген терминдер деп толық айта аламыз.
Ғалым дерексіз ұғымдарға атау ұсынуда тек ұғым дәлдігін ғана көздеп
қоймай, сипаттама компоненттің әсерлі, үнді, тұлғалас сөздер болып келуіне
де баса назар аударған. Мысалы, ғалым ұсынған тысқарғы жалғау, ішкергі
жалғау, жалқы есім, жалпы есім, т.б. терминдердің алдыңғы сипаттама
бөліктері тұлға жағынан біркелкі, яғни бір жұрнақпен жасалған немесе ұйқас
сөздер болып келеді. Күні бүгінге дейін ешбір өзгеріссіз пайдаланылып келе
жатқан бұл терминдер біріншіден, А.Байтұрсынов ұсынған алғашқы
терминдер болуымен, екіншіден, ғылымның тіл білімі саласындағы
қажеттілікті толық өтеуге алғандығымен құнды.
А.Байтұрсыновтың тіл мен жазуға қатысты терминдерінің келесі тобы -
тыныс белгілерінің атаулары болып табылады. «Айқап» журналы мен
«Қазақ» газетінде қазақ жазуы турасындағы мақалаларында А.Байтұрсынов
қазақ ұғымына әлі жат, бірақ тіліміздің ішкі жүйесін түсіндіруге қажет кейбір
сөздерді жаңаша қолдана бастайды. Олар: дыбыс, әріп, емле, белгі, ноқат
(нүкте), үтір, дәйекші деген сөздер. Ғалым пунктуацияның жазу
мәдениетінде мәні зор екендігін анықтай отырып, тыныс белгілері дегенді
тыныстар, «нүктені тыныс, үтірді жарты тыныс, сұрау белгісін – сұраған
жауаптын аяғына койылады деп түсіндірген. Пунктуацияның бүгінде
қолданылып жүрген атауларын (дефис деген бірер бөгде тілдік терминнен
басқаларын) түгелге жуық Ахмет Байтұрсынов жүйелеп ұсынды.
Терминолог-ғалым Ш.Құрманбайұлы А.Байтұрсынұлының терминология
саласындағы еңбегінің өлшеусіз екендігін айғақтайтын мынадай пікір
айтады: «А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым
салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге, көптеген
әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты терминдер
жасаған ғалым. Ғалымның термин шығармашылығындағы қызметінің бір
ғана
ғылым
саласымен
шектелмейтіндігі
оның
жалпы
қазақ
48
терминологиясын
қалыптастырудағы
орнының
айрықша
екендігін
көрсетеді». [5, 437 б.]. Мысалы, ғалымның мына терминдері жалқылау
(айырыңқы), жалпылау, әдістері, дыбыспен жаттығу, әдісқой (методист),
сауаттау әдісі, таңбаша жазу, әріпше жазу, дыбысты әдіс, тұтас сөз әдісі,
т.б. әдістеме терминдері болып табылады. А.Байтұрсынұлының «Баяншы»,
«Әліппе астары», «Ана тілінің әдісі», «Қай әдіс жақсы?» деген еңбектеріндегі
әдістемеге қатысты жоғарыда аталған терминдерінің бүгінгі таңда
ұшыраспайтындығы ол терминдердің сәтсіздігінен емес, оқыту әдістері
түрлерінің өзгергендігін танытса керек. Сондай-ақ ғалым А.Байтұрсынұлы
әдебиеттану терминдерін ұсынуда ана тілінің мүмкіндігіне сенім артқан,
мүмкіндігінше халықаралық терминдердің қазақша баламасын ұсынуды жөн
санаған. Мысалы, мәндес сөздер (синоним), айқындау (эпитет), т.б.
«Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде ғалым: «қазақ әдебиеті қатып-пісіп
жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз
екен деп, ол жағынан қатаң қарап, қашып тұрмаймыз, жалғыз-ақ біздің
мықтап қашатынымыз жатшылық (жат сөзділік)», – деген құнды пікір
айтады. Демек, ғалым А.Байтұрсынұлы ғылымның барлық саласындағы
ұғымдарды білдіруде ана тілінің сөз қазынасын негіз, ұйтқы ретінде алған.
Сондықтан А.Байтұрсынұлы ұсынған әр саладағы терминдер күні бүгінге
дейін қолданыстан түспей, өміршеңдігімен танылып отыр.
Түйіндей келгенде, А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің терминдерінің
жасалу жолдарын айқындап берген, қазақ терминологиясының пайда болуы
мен дамуында зор еңбек етіп, ғылыми ұстанымдарын қалыптастырған
ғалым. Ол – термин жасауда қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануды
негізгі шарт ретінде ұстанып, әр салаға қатысты ұғымдардың мағынасын
толық беретін сөздерді ана тілінің сөздік қорынан алу керектігін үлгі ете
білген дара тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |