Аманжол:
Ынжықтың бірі емессің халық айтқан,
Ақынсың ақиқатты танып айтқан.
Сахнада көп сайрап не қыласың,
Көңілді атам қазақ барып айтқан.
Қосыңды артқанменен нарға бекем,
Соғылар, байқамасаң, жарға шекең.
143
«Аққайың» шипажайы тұрған жерді
Көршілес Қытай сатып алған екен.
Талғардан Кіші Пекин жасаймыз деп,
Бөгетін құрылысының салған екен.
Лай көшкіні болудың себебі сол,
Демессің бұл сөзімді жалған екен.
Ақырын Жетісуды жайлай беру
Болашақ бар қытайдың арманы екен.
Талапайға түспесе екен деймін
Сүйінбай, Жамбыл туған арда мекен.
Алматы – ақ ордасы сан дананың,
Жүзіне үрей кірмесін паң қаланың,
Сындырып үй тұрғызып жатырсыңдар
Аяулы Алматының алмаларын.
Ағашты кескен кезде ойлай ма екен
Сақалын Алатаудың қан жабарын.
«Бір жүз елу жыл депті» әкім жездең
Тарихын Алматыдай нар қаланың.
Казактар бекінісімен тұйықталып,
Көненің ескермейдіау арман әнін.
Желіккен мерейтойды тойлаймын деп,
Ойында не бар екен сары баланың?
Әзірге біздің қазақ саспай келед,
Күндестік бөлінуден аспай келед.
Ет жүрегі елжіреп Абай айтқан,
Баяғы бес дұшпаннан қашпай келед.
Базарға барған сайын үрейленем,
Күні ертең қара қытай қаптай ма деп.
Жылқы баққан жайлауға бұрыш егіп,
Қайыңды кетпеніне саптай ма деп.
Қара көз қыздарыңды әйел қылып,
Түркілік рухыңды таптай ма деп.
Атам Бұхар, Шортанбай айтқанындай,
Көрімізді қопарып жатпай ма деп.
Саясатпен басқалар будандасып,
Балтасын тамырыма шаппай ма деп.
144
Қазақтың қызын алып, Алматыға
Бір қытай әкім болып жатпай ма деп.
Түркінің оғланы едік тауға шығар,
Ұсақ мінез танытпас сауға сұрар.
Батырлардың ұрпағы емес пе едік,
Жеті жаста найза ұстап жауға шабар.
Үмітпен өсірген ұл ынжық болса,
Туырлықты тілгілеп жау басынар.
Сусынды шыңыраудан тартып ішкен,
Көп шенді су татырмас қауғасы бар.
Мысалы, Храпунов салған үйдің
Бес гектар қыдыратын «ауласы» бар.
Баспанасыз қазақ көп Алматыда,
Қолында ала дорба, арбасы бар.
Жерді сатып, тіліңе қарсы шығып,
Қазақ, қайда барасың, Алласы бар.
Рухымның ордасы Алматыға
Ұлтжанды әкім керек тәубәсі бар.
Ермек:
Ол рас, Алматы еді жапырақты,
Апорты таң қалдырған атырапты.
Бүгін сол алмалардың орындарын
Мықтылардың коттеджі басып апты.
Екі жаңа қазаққа бір казино,
Екі көне қазаққа бір заправка.
«Храпунов это дело храмает,
Когда будет этому поправка?»
Бүгін енді Алматыға қарап тұрсам,
Бұрын апорт өсті деген аты қапты.
Ал, Аманжол бауырым,
Алматыға кеп алып,
«Дом отдыхқа» демалып,
Араладың қаламды.
Асан қайғы секілді
Көрдің жақсыжаманды.
145
Екі аптаның ішінде
Сен көрмеген не қалды?
Алматыдан облыс
Орталығы көшкен соң,
Мен көрмеген не қалды?
Астанадай айбатты
Мәртебесі көшкен соң,
Ел көрмеген не қалды?
Соны айтып қайтесің,
Кел онан да айтайық
Мынау бүгін заманды.
Америкаға еліктеп,
Бұзылып жүрген қоғамды.
Той қылмадық кімдерге,
Той қылып біздер жүргенде,
Таңба басқан бабалар,
Таңбалы тастар жоғалды.
Мәдени мұра дейтіндер,
Бюджеттен ақша жейтіндер
Ұмытты ғой соларды.
Жазушыақын дегендер,
Шеттерінен кемеңгер
«Жай қарақшы» деп жазып
Шыңғыс хандай бабамды.
Құдай сүйіп жаратқан,
Аузына әлем қаратқан
Қорлағанды қояйық
Шыңғыс хандай бабаңды.
Асан қайғы, Шалкиіз,
Доспамбет пен Үмбетей,
Тірілту керек соларды.
Жырыменен солардың
Оқыту керек балаңды.
Түнгі клуб, дискотек,
Шошыту керек балаңды.
Жырауларша айтқанда,
Мен де солай шошимын
10302
146
Кейінгі өскен баладан,
Теледидар қараған.
Телемәңгүрт боп кетті,
Әкесі оның – «Караван».
Ойсыздық пен қамсыздық
Осылардан тараған.
Осылардың бәріне
Тыйым болар еді ғой
ҚұлМұхаммед Мұхтардай
Болса егер әр ағам.
Кел, осыны айтайық,
Құр ақындық не керек,
Домбырасын сабаған?
Аманжол:
Бұл сөзің ойландырар әр адамды,
Батыстан ойсанамыз жараланды.
Әрине, ұлт рухы оянбайды,
Оқыса жалғыз ғана «Караванды».
Ұлттық баспасөзбенен сусындасын,
Шығару үшін ертеңгі нар адамды.
Отырғың келсе дұрыс қатарыма,
Қол салма берік тұрған бақаныма.
Алматыда қаптаған түнгі клуб,
Айналған нашақордың апанына.
Казино, түнгі клубтың иелері
Тығылар бастықтардың шапанына.
Храпунов түнгі клубты жаптырса егер,
Жара шықпас еді ғой сақалына.
Біріміз толықтырып бірімізді,
Сыйлайық мынау азат күнімізді.
Ұлыстың ұлы күні, Ермек ақын,
Айтпасаң айып болар тілімізді.
Аспаннан айды әперем десін мейлі,
Алдыма басын иіп келсін мейлі.
147
Депутат қып сайласаң жамандарды,
Бәрібір ел мерейін өсірмейді.
Тіліме қарсы шыққан Парламентті
Күні ертең ата тарих кешірмейді.
Үкіметің қазақша сөйлемесе,
Ана тілдің тағдыры шешілмейді.
Ана тіл қасиетті, жаралысың,
Қазақ менсінбеген соң қаралысың.
Біздердей қарапайым халық үшін
Ананың ақ сүтіндей бағалысың.
Биліктегі шенділер шеттеткесін,
Әр күн сайын төмендеп барады ісің.
Тіліме қарсы шыққан депутаттың
Бағасы бірақ тиын қазақ үшін.
Соларға сенім арттың сен де талай,
Соларға үміт арттым мен де талай.
Сайласаңдар құлың боп өтейік деп,
Өтініп келмеп пе еді елге талай.
Ұн таратқан суайтты сайлап алып,
Отырмыз бармақ тістеп, жерге қарай.
Өңкей нөлден ештеңе шықпайды деп,
Ондайлардың бағасын берген Абай.
Ұлтын сүйген ерлерді сайлар болсаң,
Тасымыз домалар ед өрге қарай.
Таңғалам, тілді сатқан депутаттар
Ұялмай қарайды екен елге қалай?
Өз ұлың өз тіліңді қолдамады,
Баласына қолайлы жол қарады.
Тілге қарсы шыққаны Парламенттің –
Ұлтымның арнамысын қорлағаны.
Түбінде жақсылыққа апармайды
Ерлердің тілге қамқор болмағаны.
Өз қазағы табанға таптаған соң,
Ана тілдің көз жасы сорғалады.
148
Жалаң саясатшылар көбеюде
Өз пайдасын ойлаған дорбадағы.
Талайлар саясатқа араласты,
Көбі бірақ кәдеге жарамасты.
«Ауыл» патриясының көсемі де
Елді алдап, теріс жаққа ала қашты.
Ел билеген ағаларға сеніп едік,
Олары да шатасып, қара басты.
Тілге қарсы шыққаны ағалардың
Тырналап жүректегі жараны ашты.
Сенген депутаттарым осы болса,
Апырау, кім қорғайды нар алашты?
Ұлт едік арнамысы жығылмаған,
Өлеңсіз өмір сырын ұғынбаған.
Айталының баласы Амангелді,
Алатаудай асқақсың бүгін маған.
«Жас қазақ» газетіне мың рахмет,
Тілім деп бозторғайдай шырылдаған.
Ең соңғы Парламентің осы болсын,
Ұлтына тоңмойыны бұрылмаған.
Ермек:
Әңгімені әр жолы тың ғып айттық,
Дейсің бе, әй, Аманжол, тілді қайттік?
Біз осы егеменді ел болғанда,
Тіл жайлы бір адамдай сұмдық айттық.
Біреуге осы тілді мұң ғып айттық,
Біреуге осы тілді сыр ғып айттық.
Тұрып айттық, отырып, ырғып айттық,
Ымыртта айттық, түнде айттық, күндіз айттық.
Жеке айттық, бәріміз бірігіп айттық,
Бірігіп ап бұл тілді жүгіріп айттық.
Тілімізді бүлдірген жынды да айттық,
Су тасып Талғар жылжып жатсадағы,
Біздің тіл бір орнынан жылжымайды.
Ай, Аманжол, Аманжол,
Мықтыларға ұнайтын.
149
Ақын болып қалыпсың
Ел жағдайын сұрайтын.
Осы жолы, Аманжол,
Шындықты айтсаң ұнайсың.
Баяғыша айтқанда,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай
Ту астында тұр еді.
Оның рас, сол қазақ,
Әрқайсысы әр түрлі
Партияда жүреді.
Бірінбірі өсектеп,
Бірбіріне күледі.
Бірінбірі мінеді,
Бірінбірін іреді.
Бұл қазақтыі жері үшін
Осының бәрі сын енді.
Бұл партия бәрі емес,
Біреулерге жағады,
Біреулерді бағады.
Уәдені жаудырып,
Депутат болып алады.
Қалаулыны белгілі
Қайдан іздеп табады.
Қалаулылар қамалып,
Мәжілісте қалады.
Аманжол, бүгін сенің атан шағың,
Халыққа кең тараған мақамсазың.
Айтысқан жас қыздарға жол бересің,
Сенің де боп қалған ба батар шағың.
Ризамын бір қалыпты әнжырыңа,
Ризамын бір қалыпты тағдырыңа.
150
Запорожец айдаған шалдар құсап,
Жол бересің қыздардың барлығына.
Тоқсанында топ бастап, топқа түскен
Мен өзім ризамын Жамбылыма.
Отыздың ортасынан жаңа асқанда,
Бола ма енді осындай шалдығыңа.
Ал сөзімді тыңда енді,
Алматының қазағы.
Жекпежек деген бұл айтыс –
Айтыстардың ғажабы.
Жанжағыма қарасам,
Қаптап кеткен секілді
Машинаның базары.
Ақын үшін бұл өмір –
О дүниенің тозағы.
Аманжолға бәрібір,
Озам десе озады,
Алам десе алады.
Бата беріп байыппен,
Жолын да бере салады.
Аманжол, сенде сын бар ма,
Көрмей жүрміз соны әлі.
Аллада ғана бір мін жоқ,
Аманжол, сенде мін бар ма,
Өзің айтшы шамалы.
Аманжол:
Әлемнен абыройым асып тұрса,
Қазақ ұлты, несібең тасып тұрса,
Қазақтың кәріжасы, ұлқызына
Ғаламның адамзатын ғашық қылса.
Ана тіл қалай ғана жылжи берер,
Басқалар табанымен басып тұрса.
Көтердік ана тілді ұран қылып,
Тізесін көрген емес Тұран бүгіп.
151
Арқадан кеп отырған Аманжолға
Тіл жайын толғап айттың күмән қылып.
Құсбегі бастық керек бұл қазаққа,
Тілімді ұшыратын қыран қылып.
Замандас, дос па десем қолын берген,
Жан ба едің Бекежанның оғын көрген.
Серттескен кешегінің жігіттері
Қасындағы досына жоғын берген.
Сал Біржан бабалардың дәстүрі еді
Аруға мырзалықпен жолын берген.
Қалқытып ұшырайын ар құсымды,
Ұлтым үшін жұмсаймын бар күшімді.
Алаштың қоңыраулы сұңқарындай
Астыма тұғыр тұттым қарлы шыңды.
Қалайша батар шағың деп айтасың
Бүгінгі нұрын төккен тал түсімді?
Қазақтың ақын сүйген халқы емес пе,
Дөп сөйлеу жақсы ақынның шарты емес пе?!
Күлімдеген сұлуға жолды беру
Ақан сері атамның салты емес пе?!
Бұл Ермек қалай ғана басынады,
Басынса да Аманжол тасынады.
Жағына жара шыққан сендей жігіт
Өзі келіп қасыма қасынады.
Жолымды сұлуларға берген сайын
Ақ жолым қарсы алдымнан ашылады.
Ермек:
Сынаған аға құсап, суық қарап,
Аманжол, танытпашы суық қабақ.
Кең пейіл нұрлы күлкің болушы еді,
Осылай отырсаңшы күліп қарап.
Алматының алмасыз көшесіне,
Аманжол, кетпейсің бе шыбық қадап?
152
Баладай байқамаған басын жарып,
Аманжол, қалдың білем, ашуланып,
Көңіліңмен бір шыбық қадап кетсең,
Алматы кетер, бәлкім, жасылданып.
Осы рас, Алматы да кең сарайым,
Жетісу – жер жәннаты, жан сарайым.
Өзінің жиеніндей қарсы алады,
Арқадан ат терлетіп келсе ағайын.
Айтыстың жұпар иісі аңқылдасын
Алатауда өсетін аршадайын.
Аманжолға әзілім ұнап отырса,
Тағы да қорамсаққа қол салайын.
Атыңнан айналайын, Қарқаралым,
Сенен бұлт менен қайғы тарқамады.
Сол Арқа салсерінің отаны еді,
Жаңғырып қалып қойған Арқада әні.
Салсері сол Арқада қалмапты ғой,
Салсерінің отаны болсадағы.
Артта құмай, қолында қыраны жоқ,
Серілік деп біліп жүрсің қай саланы?
Қыздар күліп қарағанмен тәмам болса,
Серілік елге басқа ой салады.
Арқада салсері жоқ еркелеткен,
Артына аш тазысын ерте кеткен.
Қасқырдан қашқан киік осында жүр,
Жасырған бай малындай сельсоветтен.
Біреудің малын біреу аясын ба,
Біреулер қарық боп жүр вертолетпен.
Аманжол, айта берсем, жыртығың көп,
Қыран тұрмақ қолыңда шымшығың жоқ.
«Салсерінің ұрпағымын» деп айтасың,
Артта тазы, алдыңда түлкіңіз жоқ.
Салсерінің елінен келдім десең,
Біздің соған келеді күлкіміз кеп.
153
Қаршыға болмағасын, құмай тазы,
Аманжолды сері деп кім айтады.
Шапаны жылтыраққа батып қалған,
Басында бір тал үкі қатып қалған,
«Салсері ұрпағы ем» деп жыр айтады.
Бұл Аманжол өз мінін көрмей тұрып,
Ұялмай енді маған сын айтады.
«Құлаған сүрінгенге күледі» деп,
Баяғы біздің қазақ шын айтады.
Аманжол:
Ел сенер ұсақ сөзге бармасыма,
Жалған айтсаң, жетерсің жар қасына.
Ағаш ексем, бір көкең үй салам деп,
Кім кепіл ертең отап алмасына?!
Оң құлақты түргейсің, Ермек ақын,
Өзің айтқан сөздердің жалғасына.
Сарыарқаның киігін айтамын деп,
Өзің келіп түстің ғой жамбасыма.
Кезген киіктерімді сөз қылдыңау,
Алатау ие болмай алмасына.
Ермек те жөнсіз жерден ұрынады,
Көрсетіп жіберейін құбыланы.
Табиғат бүлінгенде сәні кетер,
Адамзат мұны қашан ұғынады?!
Арқаның алтын кеуде киіктері
Қытайдың даласында қырылады.
Ермекау, жылтыраған шырайың бар,
Жөнсіз жерден мін тақпақ сыңайың бар.
Серіліктің белгісі емес пе екен,
Үйімде жүйрік тұлпар, құмайым бар.
Басыңда үкі таққан бөрік дедің,
Алла ризық берген соң, көрікті едім.
Ардақты елге топырақ шашпай отыр,
Дәлелсіз көп көпірме, көріпкелім.
154
Серілік белгісі жоқ деп айтасың,
Арқаға барып, Ермек, көріп пе едің?
Біржанның болмасам да замандасы,
Қастерлі бабалардың маған басы.
Өзіңді жекпежекке шығарғанда,
Демеген шығар мені жамандашы.
Бөріктің қасиетін қайдан білсін
Алатаудың жалпақ бет жалаңбасы?
Жөн еді бұл сөзіңді бастамаған,
Жан едім тұнық ойды ластамаған.
Серіліктің қадірін түсінеді
Ақандай ғұмыр кешкен асқақ адам.
Тоқсан жасқа келсе де Жамбыл бабаң,
Басынан құндыз бөркін тастамаған.
Егерде жігіт болсаң серті берен,
Шалдықпа күндестіктің дертіменен.
Кешегі Шашубайдай атама ұқсап,
Айтайын толғаптолғап еркін өлең.
Сегіз қырлы,бір сырлы бауырыңды,
Төмендетпек ойың бар ерді неден?
Осы сөзді құйып ал құлағыңа,
Жігіт сұлу көрінер бөркіменен.
Кезім жоқ сол жағыңнан теріс келер,
Ғылым, білім ақынға жеміс берер.
Басыңда құндыз бөрік болмаса егер,
Төбеңе тұрақтамас періштелер.
Ермек:
Мақсатың баста үкің орнағасын,
Әсіре әңгімені қолданасың.
Жалаңбастар алдыға шыққан кезде,
Бөріктілер шаң қауып жолда қалсын.
Үш теңгеде Сүйінбайдың суреті бар,
Соны көріп, Аманжол, ойланарсың.
155
Мен де мынау қалпақты кимей шықтым,
Сүйінбай атам әуес болмағасын.
Қол соғып отырған ел бүгін залда,
Шал мен кемпір күнде өстіп жиылмайды.
Зейнеткермен сөйлесе қалсаң бүгін,
Айтады пенсия мен тиын жайлы,
Тиынына келмейтін бұйым жайлы.
Қарағұсова зейнетке шықпайынша,
Зейнеткердің көз жасы тиылмайды.
Аманжол, сен не деген көріпкел ең,
Айтыссам деп Ермекке сеніп келген.
Үкіңді үлбіреткен, айналайын,
Шаршамай Астанадан желіп келген.
Мен де сол шын жүйріктің біреуі едім,
Екі күн айтысса да демікпеген.
Шалбайды айтаайта қоймадың ғой,
Аманжол кімге осы еліктеген?
Еңбегін оныңдағы сыйлау керек,
Шет елден демалысын бөліп келген.
Әкімді мақтау білмес жігіт едім,
Сондықтан қызыл тілім байланып тұр.
Еңбегін ескерейік, Талдықорған
Оңтүстік Астанаға айналып тұр.
Осылай қызықтыра айналасын,
Құмайы, жүйрігі бар бай баласың.
Үйімде осы менің жүйрік бар деп,
Маңғазданып отырып жайланасың.
Арқада қанша жүйрік болғанменен,
Алматы, көріп жүрсің, бәйге алатын.
Орынтайдың аты ылғи бәйге алады,
Аманжолдың жүйрігі, қайда жүрсің?
Ай, ақылшым, ақылшым,
Халайық, менің ақылшым,
Алдыңнан ақ гүл ашылсын.
156
Аманжол мен Ермекке
Телефон шалып жатырсың.
Ақындардың барлығы
Бір анадан туғандай,
Барлығы оның бір адам.
Әкімдерді білмеймін,
Аңқылдаған тілегі,
Ақындар таза күнәдан.
Менің де сол тілегім,
Айналайын қазекем,
Қазағым болсын дін аман.
Коррупцияны айтайын,
Аманжол болсын сұраған.
Орыспенен ұрыспай,
Қытайменен қырқыспай,
Әркіммен жаға жыртыспай,
Бәріне соның шыдаған,
Ала менен құладан,
Ел сұраған Нұрағаң.
Нұрағам аман болсыншы
Он сегіз мың ғаламның
Елжұртына ұнаған.
Он екі жыл ішінде
Талай елді көрдік қой
Басына бомба құлаған.
Бейбіт өмір сүргендер,
Қадірін соның білсінші
Ниеті түзу шын адам.
Елбасы аман тұрғанда,
Елімнің тұрар туы аман!
Өмір берсін жалпыға,
Сабыр берсін патшаға.
Бізде осы жігіт көп
Айтқаны жүрген Алашқа.
Арғымаққа міндім деп,
Арттағы достан адаспа!
157
Кедей халық, бай халық,
Елдің қамын ойлайық,
Таласпайық Сенатқа.
Тоқтықта жеген етіңнен
Қарап тұрсаң жақсырақ,
Жетпейді аштықта ішкен шалапқа.
Елбасын біз де қолдайық,
Бағы ғой біткен басына.
Аллаһу акбар, әумин,
Арабша сөзді айтқанда.
Біраз үлгі айтайын
Кәріге де, жасқа да.
Ақылым жұрттан асты деп,
Кеңеспей сөзді бастама.
Өз патшаңды жамандап,
Жамандықты бастама.
Мен осыны айтар ем
Әр түрлі газетбаспаға.
Тамыры бір қазақсың,
Тамыр деген болмай ма
Тауда жатқан таста да?!
Өмір берсін халқыма,
Сабыр берсін патшаға.
Аманжол:
Шың басын көрік беріп жапқан шынар,
Дулығалы ер астында шапқан шұбар.
Кешегі Тезек төре ақынына
Құндыз бөрік, шапанын жапқан шығар.
Жалаң бас бейнелеген суретшіге
Сүйінбай да өкпелеп жатқан шығар.
Болғанда Жамбылдардың сен сынығы,
Бөрік кисең болмайды ерсілігі.
Сүйінбайды жалаң бас бейнелесе,
Ол дағы суретшінің кемшілігі.
158
Саңылақ Сарыарқадай алаптанмын,
Алатауға келгенде қанаттандым.
Аламанда бәйгеден озып жүрген,
Ермекау, жүйрігі ғой арабтардың.
Шыққанда арыстандай айға атыла,
Ерлердің ұлт сүйсінген айбатына.
Қазақтың ат өнерін өркендеткен
Мың алғыс Сатыбалды Қайратына.
Мұң кешіп жүрседағы жұрт қаңғырып,
Безбүйрек тұра берер мұрттан күліп.
Жанартау боп атылар төзім бітсе
Қазақтың қанындағы ұстамдылық.
Жемқорлық, сыбайластық жоғалмайды,
Шенділерде болмаса ұлтжандылық.
Турасын айта білсем тіліп тұрып,
Жібермес уақыт оны ұмыттырып.
Көк бөрілі түркінің тұқымымыз,
Керілген ай астында ұлып тұрып.
Қарақұс балапаны түлкі алмайды,
Тұғырдан ұшырсаң да шынықтырып.
Батысша білімділер көп болғанмен,
Болмай тұр көбісінде біліктілік.
Саусақпен санарлықтай асылдар бар,
Сақтаған арнамысын тұнық қылып.
Ұлтыменен мақтана білген ұлды
Қазағым топқа қосқан күлік қылып.
Ұлтжанды ерлер көбейсін елім үшін
Беретін бір бүйрегін жұлып тұрып.
Иманғали секілді халқын сүйген
Қазаққа керек боп тұр қырық жігіт.
Заманда маңдайыңнан жиі тепкен
Тарихқа көз салайық сыйы жеткен.
Хан Кене мен Махамбет халқы үшін
Бас тігіп, ғазиз жанын қиып өткен.
159
«Қалың елім, қазағым», – деп жырлаған
Ұлт үшін ұлы Абайдың түйіні өктем.
Алаштың көсемдері ұлтты ойлаған
Заманда алмағайып, құйыны өктем.
Қайран абыз қарттарай, ел қасиетін
Баланың құлағына құйып өткен.
Өткеннің өнегесін үйренсеңші,
Шенділер елдің құнын тиын еткен.
Ұлтын сүю арқылы атабабам
Бес күндік бұл өмірден биік өткен.
Ермек:
Ақын едің талмай сен шабатұғын,
Айтып жүрген талайға сан ақылын.
Шалбай мен Талғарды айтып қоймадың ғой,
Болмады ма басқаша табатының?
Көршінің үйі өртеніп жатқан кезде
Көршідей бас үйітіп алатұғын.
Аманжол, не күтесің осы менен,
Жігітсің Арқадағы қосы берен.
Екеуміз бір қазақтың баласымыз,
Айтысайық көңілдің қошыменен.
Қарасай атам жатыр Сарыарқада,
Ағынтай серт байласқан досыменен.
Мен де отырмын өзіме сенетіндей,
Сен де отырсың өзіңе сенетіндей.
«Жекпежек» деп атапты бұл айтысты,
Жекпежекте біреуіміз өлетіндей.
Сыйласып сен екеуміз елді айтайық,
Біздің ел ел біткенннің төресіндей.
Топан су қаптаса да тоқтамайтын
Кәдімгі Нұх пайғамбар кемесіндей.
Соны біліп жан сақтау үшін бізге,
Барлық әлем жиналып келетіндей.
Бұл елде талай нәсіл жамырап жүр,
Көмектес деп қазаққа аңырап жүр.
160
Басқаны бірбіріне айдап салып,
Ақылшы айла құйрық Абрам жүр.
Талайлар заңсыз келіп жырбыңдап жүр,
Өзім деп тұз бермейтін өзбек те жүр,
Суың көп деп су бермес қырғыз да жүр.
Аманжол:
Жан едім бұрын жеткен ұзап басып,
Сөйледім кеудемдегі бұлақты ашып.
Жақын кеп жөнін айтқан азаматпен
Жақсы жігіт жатпайды тұзақтасып.
Бар қазақ бірге жүрсін бұл өмірде,
Қарасай Ағынтайдай құшақтасып.
Ел едік күн астында көшіп өткен,
Билері даналықпен кесім еткен.
Жетім менен жесірлердің мәселесін
Бабалар мейіріммен шешіп өткен.
Тек біздің әділетсіз қоғам ғана
Шет елге бала сатып есі кеткен.
Апырау, түйе құрлы болмадық па
Ботасы үшін теңізді кешіп өткен?!
161
АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ МЕН
МҰХТАР ҚУАНДЫҚОВ
Жекпе-жек, Алматы қаласы, 2004 жыл
Аманжол:
Адамды құдіретімен жаратты Алла,
Жаһанға өркендетіп таратты Алла.
Мұхаммед ғали салам болмағанда,
Бақ құсы қонар ма еді арабтарға?!
Пайғамбар туған күні құтты болсын,
Басымызды идірген Жаратқанға.
Ақынға жырдай тәңір бақ береді,
Сөйле деп қызыл тіл мен жақ береді.
Ананың ақ сүтіндей дәмді болар
Шын дарынды ақынның тәтті өлеңі.
Жыраудың алдаспандай өткір сөзі
Сілтесе хан жүрегін қақ бөледі.
Бел буып жекпежекке шығып тұрған,
Армысың, Ақмешіттің ақ берені?!
Ұлтымыз тарих сырын бүгін ұқты,
Көтерген көшпелі елдің жүгі құтты.
Сыр бойынан таралған садақ тартып,
Жұртымның Сақ дейтұғын түбі мықты.
Жердің бетін жаулаған Ескендір де
Ұлы Сырдың бойында кідіріпті.
Қыпшақтың қаймықпаған үлын көріп,
Өр патшаның тізесі бүгіліпті.
Сейхундария бойында Томиристен
Кир патшаның басы да жұлыныпты.
11302
162
Қорқыт тартқан қобыздан атам қазақ
Фәни жалған екенін ұғыныпты.
Сырдағы иранбақты жүз шаһардың
Күмбезі күн астында құбылыпты.
Осындай киелі жер, ел аман ба
Әлемге мойындатқан ұлылықты?!
Қасиетті тегің бар Ер Түріктей,
Шабыт келсе көсілген өр күліктей.
Жанжағыңа жаутандап отырсың ғой,
Ақ қарды жаңа басқан бөлтіріктей.
Бұл дәурен көңілді ғой таңғы бақтай,
Басылма жігіт болсаң жамбыны атпай.
Жанымда қапталдассаң дұрыс болар,
Соңымнан еремін деп шаңды қаппай.
Тізгінімді босатып бір көрейін,
Ал көсіл бабы келген арғымақтай.
Достарыңызбен бөлісу: |