Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әлтаев А. Наркескен: айтыстар. Астана: Фолиант, 2014. 288 б



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,28 Mb.
#797
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Мұхтар:
Көрейін әңгімені желдіріп те,
Сахнада сөздің басын келтіріп те.
Ал ендеше тісіңді батырып көр,
Мықты болсаң жаңағы бөлтірікке.
Ақын келсе кеңге салып арқа­басын,
Қызықпен бойларыңа қан тарасын.
Жаныңның төккен терін садақа деп,
Ұл­қызым деп еңбек етіп, нан табасың.
Заманың зәрін шашып зәреңді алды­ау,
Күшейтіп жалғандағы жанталасың.
Міне, осыған қарамастан, бір Құдайға
Құлшылық етудесің, мәрт Алашым.
Жолында кедейшілік бөгет болмай,
Шайтанның жолын Құдай балталасын.
Ынтымақ, бірлік тілеп қазағыма,
Қыдыр назар салудан шаршамасын.
Келе жатқан жеңіс күні құтты болсын
Деп келдім, жырдың сыйлап марқабасын.

163
Ағайын, тойларыңыз тойға ұласып,
Қызығы базарыңның тарқамасын.
Алла деп жекпе­жекке жол бастадым,
Қолдаса қаны қызу қандастарым.
Жыр қазанын қайнатқан қара өлеңнің
Жолын қудым Нартай, Манап нар қасқаның.
Аман ба, Аманжолдай ардақты аға,
Айтыста жарқыраған алдаспаным,
Жіліктеп ұлы өнерге жамбастадың.
Өзіңді тұлға тұтқан ағам едің,
Жөн болмас балағыңнан жармасқаным.
Ақынның кездестім ғой қасқырына,
Жараспас ақыл­ойдан алжасқаным.
Сіз де бірақ кезіктіңіз оттысына,
Бекініп, дұрыс болар қамдасқаның.
Аманжол:
Кездестік жекпе­жекте, нар алаңда,
Ұқсайсың жаутаң қарап, сақ адамға.
Бөлтіріктің желкесін үзу оңай
Азу тісін ай сүйген абаданға.
Толғанып ақын ағаң сыр айтады,
Інісінің болмысын біле айтады.
Әніңде Қызылорданың иісі жоқ,
Сені Сырдан келді деп кім айтады?!
Сенімін ел­жұртыңның ақтадың ба, 
«Аллалап» алға қадам аттадың ба?
Дүбіріңнен танысын дүйім елің,
Аламанда көсіліп шапқаныңда.
Қайыңның қатты безіндей,
Шебердің құрған тезіндей,
Даланың ұлы жырауы – 
Қорқыт атаның көзіндей.
Көкірегін өлең кернеген,
Аралды жырмен тербеген,

164
Қоңыраулы сұңқардай 
Биікке қанат сермеген.
Сұңқылдап сөйлеп кеткенде,
Ешкімге кезек бермеген.
Базар жырау бабаңның
Мақамы қайда, бауырым?!
Сары ала қаздай самғаған,
Салмағын сөздің талғаған,
Қисынды дастан бастаса,
Таңды таңға жалғаған.
Иманды жырмен исінтіп,
Бастаған сөзің Алладан.
Алаштың болған ардағы,
Халқымның дара саңылағы.
Алпыс атанға жүк болған
Әр сөзінің салмағы.
Кете Жүсіп пен Оңғардың 
Дәстүрі қайда, бауырым?!
Аралдан келген өренім,
Сөзіңе көңіл бөлемін.
Етектен еңсе көтермей,
Басына шықшы төбенің.
Дұрыстап оқып көріп пе ең,
Тұрмағамбеттің өлеңін?!
Сырнайлатып ән салған,
Сөзіне халқым тамсанған,
Саусақпен мұртын тараған,
Аузына алаш қараған.
Аламан айтыс дегенде,
Арғымақ аттай жараған.
Нар тұлға ақын Нартайдың
Әуені қайда, қарағым?!
Мұхтар:
Бола ма дәл осылай зеріккенің,
Аталы сөз, ағасы, көріп пе едің?

165
Сыр бойының иісі жоқ деп айтасың,
Жараспайды дәл осылай желіккенің!
Ағасы, сөздеріме құлақ салғай,
Әуеннің жарысына келіп пе едің?
Аманжол:
Түн қараңғы көрінер ай болмаса,
Сөзің жеңіл болады ой болмаса.
Өңіріңнің иісі шыға қоймас,
Сөзің менен әуенің сай болмаса.
Көздеп келген жігітсің арманыңды,
Көрдің ғой қасыңдағы арланыңды.
Бабаларша өмірден сен де өтерсің,
Өлеңменен өрнектеп жалғаныңды.
Дүр сүлей шәйірлерің хатқа кірген,
Ұрпағысың мұрасын жатқа білген.
Қорқыт тартқан қобыздың қоңыр үні
Үндескен көкте биік хақ тәңірмен.
Ел білген, жер таныған елші дейді,
Әкімің құтты болсын атқа мінген.
Елдің бабын тапса екен сол басшыңыз,
Бағбандай барын сайлап баққа кірген.
Әкімің ғаділ жолды таңдаса екен,
Өмірін ел­жұртына арнаса екен.
Соңынан командасын ертіп келіп,
Ел ішін қырық бөліп жармаса екен.
Сыр бойына топан су қаптағанда,
Қамсыз болып қойнауға бармаса екен.
Оқушылар сарайын сатамын деп,
Ақша үшін арамза іске бармаса екен.
Әуелбеков секілді халық сүйген
Ағалардың ақ ісін жалғаса екен.
Мұхтар:
Әкім келді деп, ағасы,
Алтын жырыңды арнадың.

166
Әуеніңе де саласың,
Сыр жақты да айттың ғой,
Ал, ендеше құлақ сал,
Арқалансам Сырым деп,
Жоқ шығар оған таласың.
Арқаны қалмақ шапқанда,
Ел кеудесін мұң жапқанда,
Сырдан тапқан панасын.
Сырда туын көтеріп,
Бірігіп жауды жеңгенсің.
Содан қайтып, ағасы,
Жайлаған Арқа даласын.
Білесің бе осыны?
Білмесең егер, бұдан соң
Білетіндей боласың.
Қонақжайлығы жақсы үлгі,
Бұзылмаған дәстүрді
Сыр жаққа барсаң табасың.
«Табанынан Аралдың
Су кеткенмен, халықтың
Жүрегінен жыр кетпеген»,
Бекұзақ солай жырлаған,
Келтіріп жырдың сабасын.
Қармақшы деген бір ауыл,
Жүз жырау шыққан сол ауыл,
Оған да кайран қаласың.
Ғани туған Қазалы –
Ортаймаған қазаны.
«Сағым жыл» деп ән салған
Мәдина туған сол жақта,
Оны да қостай аласың.
Сырдария мен Жалағаш
Еңбекпен туын көтерген,
Түсінші ойдың шамасын.
Жаңақорған – Манап ауылы,
Ән кептерін ұшырған
Бексұлтанның да ауылы,
Балшығыменен емдеген,
Бармаған адам кемде­кем,

167
Оған да әлі барасың,
Басына барып қонасың.
Шежірелі Шиелім,
Жанымдай сені сүйемін.
«Мың бір түнді» аударған
Қалмақанға да иемін.
Түркінің алып көсемі –
Мұстафаға да иемін.
Шежірелі Шиелім,
Осындай менің Шиелім,
Ерекше маған дарасың.
Ол аз десең, ағасы,
Байқоңыр – жердің кіндігін
Біз жаққа барсаң табасың.
Талғат пенен Тоқтардың
Абройының алтын тұғыры,
Сырдан ұшып жалғаған
Жер менен көктің арасын.
Күңіренген Қорқыттың
Қобызын егер тыңдасаң,
Жаныңның жазад жарасын.
Ел біледі дәл осы
Астана болған алғашқы
Қазақтың дархан даласын.
Мына мендей танып ал
Сол дархан елдің баласын.
Нұрағам барып біз жаққа,
«Сыр – Алаштың анасы» деп,
Беріп кеткен бағасын.
Аманжол:
Бойыңда білім болса гүлденесің,
Дәстүрден ажырама, іргелесім!
Дұрыс жауап ағаң боп қайтарайын,
Сол жағымнан бауырым үндегесін.
Тарихын жырлағаның неге керек,
Жөні түзу бір әуенін білмегесін?!

168
Бұл менің сөзім емес қаралаған,
Жөн болар өз күшіңді шамалаған.
Сен де бір өлең төккен ұл екенсің,
Тарихтың әрбір күнін жағалаған.
Сен жалаңаш жүргенде, Мұхтар інім,
Сыр бойын ақын болып аралағам.
Шабатын тынысы бар інім дара,
Дұрыстап айналаңа  бүгін қара.
Алдымызда қол соғып халық отыр,
Болсын деп топқа түскен ұлым дара.
Жатыр ғой Сырды маған таныстырып,
Ағасына үйреткен түрін қара.
Жөн болар өнеріңмен байқалғаның,
Пайғамбар үлегіндей шайқалғаның.
Тоқтар жайлы бір сұрақ беріп едім,
Дұрыстап жауабын да қайтармадың.
Саясатпен сапырып әр істерді,
Даламды жайнатам деп орыс келді.
Кемелері ұшса да Байқоңырдан,
Жалғыз Мәскеу қыруар табыс көрді.
Жер бізден, ұшатұғын ер өзінен,
Қазақ ұлы ғарыштан қалыс келді.
Тоқсаныншы жылдардың таңы атқанда,
Тоқтардай бір ұл шықты барыс белді.
Бар қазақ абройыңды айға асыр деп,
Ұлтымның көкірегін намыс керді.
Бағалай алмай жүрміз бірақ қазір
Түркіден тұңғыш шыққан ғарышкерді. 
Күн туды тура сөйлеп, шын дейтұғын,
Көңілге бұғаулы ойлар түймейтұғын.
Сөзіме сенер ме едің, ау, ағайын,
Тоқтар ағам жұмыссыз жүр дейтұғын.
Бұл оның жауларының ісі ме екен
Балағынан тартқылап күндейтұғын?

169
Жоқ әлде қазекемнің мінезі ме
Түрткілеп, ши жүгіртпей жүрмейтұғын?
Жау келгенде батырын батырым деп,
Жау кеткен соң бағасын білмейтұғын.
Жеткізіп ұлтымыздың ғарышқа әнін,
Тоқтарым, дара шығып қарыштадың.
Протон құлап, көктен у төгілгенде,
Ашығын айтып едің, арыстаным.
Белгілі елім аман болсыншы деп
Ресейлік мамандармен алысқаның.
Өжеттігің жақпай қап жоғарыға,
Қолбасшылар сабынан алыстадың.
Елміз ғой тірісінде тас лақтырып,
Өлгеннен соң іздейтін арыстарын.
Тоқтардай батыр ұлың жұмыссыз жүр,
Қазағым, қайда кеткен намыстарың?!
Мұхтар:
Тоқтардың қанық болсаң атағына,
Ақын боп мен де келдім қатарыңа.
Өзің айтқан, ағасы, мен салайын,
Жалындатып Сыр бойының мақамына.
Қаншама түскенімен алаш отқа,
Жол алып келе жатыр парасатқа.
Жетім құны 25 мың доллар екен,
Десек те үкіметке бала сатпа.
Сыртта жүрген қазақтарды жинаудамыз,
Қалың ел боламыз деп болашақта.
Елімізге оралған қандастарға,
Екі мың доллар береді екен әр ошаққа.
Бірін әкеп, ал біреуін әрі сатқан
Түсінбедім алжып қалған саясатқа.
Жалғастырып жіберші ойымды алға,
Көргенсіздер кінәсін мойындар ма?
Болашағы жетімдердің қандай болмақ,
Ағасы, елге айтатын ойың бар ма?

170
Жетім жайлы кетсек егер жайды ақтарып,
Дөңбекшіп соны ойлап, жай жатпадық.
Ақшаға бағалап өз құлыныңды,
Жатырмыз өзімізді жайлап шалып.
Қандайлық көңілдері бөтен елде,
Мәпелеп жатқанымен майлап бағып.
Ол жақта өсіп­өніп ұлан болар,
Күш­қуаты бойында бар айбаттанып.
Сатқан деп туған жерің сені бізге,
Тынбасын жүрегіне қайрат салып.
Түбінде дұшпан қылып, қару ұстатып,
Өзімізге жүрмесін айдап салып.
Аманжол:
Ақырын аяғыңды майда басып,
Сандығыма қол салдың жайлап ашып.
Соңыңа бір түскен соң қуған жетер,
Бауырым, кетсең­дағы айға қашып!
Менің әнім кішкене басқашалау,
Барасың, ақын інім, қайда басып!?
Әніммен ел жүрегін емдейсің бе?
Мақамыма салам деп терлейсің бе?
Бойыңда рух пенен білім болса,
Талай ғасыр жарқырап, сөнбейсің де.
Бабалардың салтымен рұқсат сұрап,
Ағаңа, Сарыарқаға келмейсің бе?!
Алла дарын бермесе, қонбайды екен,
Тамыры таланттының солмайды екен.
Теңіздің толқынындай тербелмесең,
Ұлы өнердің арнасы толмайды екен.
Әніме алпыс ақын салса­дағы,
Өзімнің айтқанымдай болмайды екен.
Тіл қаттым оң жағыңнан құлағыңа,
Үңілдім, інім, сенің шырағыңа!

171
Тамсанып сусындайтын ағаң едім,
Кәусардай сарқыраған бұлағыңнан.
Іні болып бір сұрақ қойдың маған,
Ал енді жауап берем сұрағыңа.
Сәбиді шетке сатсаң жылатарсың,
Жаңа шыққан шыбықты құлатарсың.
Мұхиттың ар жағынан өксігенде,
Ботаңды қалай ғана жұбатарсың?
Періште сәбилерді шетке сатсаң,
Жаратқанның алдында күнәһарсың.
Түсінер халқым барда сөз бағасын,
Қалайша тереңнен ой қозғамасын.
Періште ұлтымыздың балалары
Жат жерде ақ ботадай боздамасын.
Бүгінгі шенеуніктер не істер еді,
Егерде сатар болса өз баласын?
Мұхтар:
Ағасы, айтар сөзің өндірілді,
Бабымыз, мінеки­ақ, енді кірді.
Мақамымды әркім салған деп қоясың,
Мұныңмен жарылқайсың енді кімді.
Анау салды, мынау салды дегеніңше,
Одан да көрсетсеңші кендігіңді.
Мін табу қиын сіздің сөзіңізден,
Жас орнына қан ақпасын көзімізден.
Жетім сатқан шенеуніктер арланбайды,
Әңгімені бастайық өзімізден.
Аманжол, жүрсің неге құмарланып,
Көзіңнің алды тұр ма тұманданып?! 
«Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөзді
Ақиқат жазылмап па ед Құранда анық.
Жетісіне жеті бәйге алып жүрген
Сәйгүліксің сыйлаған бір Алла құт.

172
Серімін деп жар саласың Арқадағы,
Құмай ертіп, тұлпар мініп тұмарланып.
Мұны айтып жүрген, аға, өзіңсің ғой,
Әзірге есімізден шығармадық.
Бір жетімді сіз алсаңыз қамқорлыққа,
Қасыңда біз жүрер ек сыңарланып.
Қос жетімді алсаң егер қамқорлыққа,
Серілігіңе тұрмас ем күмәнданып.
Аманжол:
Алаулап, шабыттанып, жанасыңдар,
Ағадан жақсы өнеге аласыңдар.
Кейінгі соңыман ерген інішектер,
Құбылтып қырық әнге саласыңдар!
Ақын болмай, айтыста әнші болып,
Бауырым, қайда кетіп барасыңдар?!
Өзіңнің тұғырыңда қалған жақсы,
Сексен сайға құйылмай арнаңда ақшы.
Құбылтып қырық әнге басқаныңша,
Нартайдың мақамына салған жақсы.
Өсер ел ұрпақтарын көктетеді,
Өмірден шора менен бек те өтеді.
Сатылып батыс жаққа кеткен сәби,
Шетелдің жоқтаушысы боп кетеді.
Ағаң да айтқаныңа көне қоймас,
Намысын қолдан саған бере қоймас.
Жасынан батыс жаққа кеткен ұлдың,
Ән салуға шамасы келе қоймас.
Ұрпақ деп жүрегімді қамықтырам,
Демеймін бәрін жалғыз қарық қылам.
Тағы да бір сұрақты бердің жаңа,
Ойыңды сұрағыңа қанықтырам.
Сен айтқан жетімдердің үйлеріне,
Мейіріммен қол созып барып тұрам.

173
Бойыма рухымды серік қылам,
Фәниде амалымды берік қылам.
Мұратты мұсылманның салтыменен,
Соларға көмегімді беріп тұрам.
Өзіме інілерді еліктетем,
Демеймін сені бірден жеңіп кетем.
Егер де ғаділ жүрек ақын болсаң,
Бауыр деп бағалаймын берік, бекем.
Нұртайдың осы жолғы бәйгесін де 
Сәбилердің үйіне беріп кетем.
Сыр елі, інім, сені даралапты,
Бойдағы өнеріңді бағалапты.
Ол рас, тарихымда ата­бабам
Киелі Сырдың бойын сағалапты.
Қолында базары бар сенің әкең
Соған көмек беруге жарамапты.
Адамзат білмеген соң бағаңды анық,
Тағдыры табиғаттың мазамды алып.
Жер­Ананың жарасы үлбірейді,
Кеткендей білегіңді қазан қарып.
Саздан сая таппайтын заман болар
Қара судың сырбазы сазан балық.
Сұлу көйлек кигенмен Самақова,
Табиғат кетпейді ғой ажарланып.
Мұхтар:
Сөздеріңнің болар ма екен шеті мықты,
Бұл Ақаң тағы мықты бекініпті.
«Әкең сенің базарком» деп айтады,
Аманжол, қою керек өтірікті.
Өзіңше бір тірлікті кәделейсің,
Бізден де бір нәрсені дәмелейсің.
«Әнші болып кетіпсің» деп қоясың,
Ағам болып неге мені жебемейсің?

174
Ал өзің қыздарменен айтысқанда
Әнші болып кеткенде бәледейсің.
Осындай кей тірліктер жат қалып жүр,
Кім осындай орта жолдан тоқталып жүр.
Әлеуметке көмекті көрсеттім деп,
Тақта отырған біреулер мақтанып жүр.
Кедейге таратқандай бұл үкімет
Қарынын ақ түйенің ақтарып жүр.
Беріп алып, артынан жүз тексеріп,
Халықтың басы дауға көп қалып жүр.
Қорасында үш тауығы бар үйлер де
Мынадай бір сұмдыққа тап болып жүр.
Үш тауығың үш жұмыртқа туса егер,
Қырғын пайда түседі екен деп қалып жүр.
Сондықтан да көмекке беріп қойған
Ақшаны қайтарсын деп оқталып жүр.
Жалған кұжатпен алған ірілері
Судан таза, сүттен ақ боп ақталып жүр.
Ал кедей байғұстардың шаңын қағып,
Қайтара алмағаны сотталып жүр.
Бұл не деген масқара, еліміздің
Абыройы табанда тапталып жүр.
Өз халқын өзі тонап бұл үкімет,
Осылайша тірліктерін атқарып жүр.
Аманжол:
Ежелден қазағымның халқы бекем,
Ана тілім аяулы алтын екен.
Өз тілінде сөйлесе менің ұлтым,
Қай кезде де дидары жарқын екен.
Толқынбыз өмір атты ағыстағы,
Жақсы ғой мол бақыттың табысқаны.
Осылай сөйлей білсе жөн болар ед,
Қазақтың көш бастаған арыстары.
Ана тілде сапалы заң шығарар,
Бар болса парламенттің намыстары.

175
Сыр елі өлкем еді атағы кең,
Кемшілік көңіліңе батады екен.
Ыбырай күрішімен даңқы шыққан,
Қасиетті Ақмешіт атамекен.
Бауырым, Қызылорданың базарында
Қытайдың күріштерін сатады екен.
Ал енді Сыр бойының ақ маржаны
Тау­тау болып үйіліп жатады екен.
Осындай сендердегі келеңсіздік
Жұртымның жүрегіне батады екен.
Киелі Ақмешіттей көне мекен,
Жаңа әкімің не істер деп елең етем.
Елші болып оралған жаңа әкімің
Жат жерде көргеніне сенеді екен.
Сырдағы малын баққан момын елді
Малайзия жасаймын деген екен.
Ол жақ пен біздің жақтың салты басқа,
Ниетке бұрылады неге бөтен?
Әр күн сайын тартылған Аралыма
Мұхиттың суын әкеп төге ме екен?
Мысалы, Малайзияда бақа жейді,
Елге бақа бақтырып көре ме екен.
Айтып­айтпай не керек, жаңа әкімің
Еліктеуге келгенде шебер екен.
Мұхтар:
Ағамда бар екен ғой жасқамақ ой,
Көңілдерді дәл осылай ластамақ ой.
Әкімімді жаңа келген жамандайсың,
Ол деген берекеге бастамақ ой.
Айтпақшы, ау, ағасы, сол әкімді
Біз жаққа сайлап кеткен Астана ғой.
Қалатын мықтылардан тұяқ болды­ау,
Көрінетін бөтенділеу қияқ болды­ау.
Қазақшалап сөйлеген шетел қыздан
Шенділерден, ойпырым­ау, ұят болды­ау.

176
Тұлпар тұлпар болар ма дүбір көрмей,
Ойдағысын өлең қылсын ұлың мендей.
Алаштың ордасы деп Астананы,
Сан қазақ санасына сіңіргендей.
Жаңадан бой көтерген ғимараттар
Түсініксіз атау алып бүлінгендей.
Синема, сити­мити қаптап кеткен,
Жалтақтап жат атауға жүгінгендей.
Ақ сарайға «Конгресс­Холл» деп ат қойыпты,
Қазақшаға қалды ма тілің келмей?
Мұның бәрі алдымыздан шығады деп,
Жоғарыға неге айтпадың тыным бермей?
«Аманжолдың оған тісі батпайды» деп,
Айтуы керек пе еді інің мендей?
Аманжол:
Басшысы болмаған соң мыңға жайлы,
Көңілін қалың елдің мұң қамайды.
Ақынның сахнада айтқан сөзін
Ұлықтардан дұрыс деп  кім санайды!?
Бауырым, бұл күнгінің әкімдері
Ақынның айтқан сөзін тыңдамайды.
Бұл айтқан әр сөзімнің жалғаны жоқ,
Төрелі жігіт едім талғамы тоқ.
Кезінде талай текті жырау өткен
Алпауыт заманының заңғары боп.
Заманы әрбір сөзін тыңдап өткен,
Кешегі Бұхарлардың арманы жоқ.
Көңілдің боздағанда жетігені,
Ақынның шерге толар көкірегі.
Тәуелсіздік алғанда Қазақ елі
Көңілге үлкен үміт бекіп еді.
Түркмен мен әзірбайжан, қырғыз, өзбек
Бұл күнге бізбен бірге жетіп еді.
Ал солар тілін қазір ту қып ұстап,
Дәстүрдің қамалына бекінеді.

177
Украина да орысқа қыр көрсетіп,
Керегін өз тілінде өтінеді.
Әлемдегі өркенді мемлекетке
Ана тіл азаттықтың кепілі еді.
Өзге түгіл, өзбектер қиналса да,
Өз елінде өзбекше «гәпіреді».
Ал біздің шұбар тілді шенеуніктер
Бәрінен біз оздық деп көпіреді.
Үлде менен бүлдеге оранса да,
Тілсіз ел кімнен озып кетіп еді?
Қалтасы қампайғанмен ұлдарыңның,
Не пайда қуыс болса көкірегі?
Ана тілін білмейтін дүбәралар
Осылай ұлт қадірін кетіреді.
Мұхтар:
Айтып жатқан әр сөзіңнің болар мәні,
Жақсы ғой ойларына оралғаны.
Мен жаңа тіл жайлы да айтып едім,
Тағы да кемшілікті қоғамдағы.
Есігінен кіргізбейді дегеніңше,
Кіре алмаймын деп айтсаңшы одан дағы. 
Ақындар айтатұғын ой қалдырсын,
Сахнада сауық, тағы сайран қылсын.
Салмақтың ең ауыры ауыл жақта,
Осы ой үкіметті ойландырсын.
Креслоға жабыспай, ауыл жаққа
Бір келіп, ел көңілін жайландырсын.
Қаламсапты уақытша айырменен
Айырбастап, еңбек көзін сайландырсын.
Оң қолын орақ қылып, сол қолымен
Соқа жегіп, қолын құрал­сайман қылсын.
Күн астында жер жыртып, егін егіп,
Диірменге дәнді салып ойландырсын.
Сезініп ауылдағы тіршілікті,
Жағдайы тереңінен ойландырсын.
12­302

178
Әйтпесе мұның бәрін көзбен көрмей,
Қай тірлікке қандай берік байлам қылсын.
Төбедегі билік қылған ақ саусақтар
Ауылдағы бейнетті қайдан білсін?!
Келеді жас шағымда жалындағым,
Байқадың ба сөздерімде дауыл барын?
Ағасы, білесің бе Астанада
Жалманқұлақтай қирап жатқан ауыл барын?
Жақсылап құлағыңды салсаң маған,
Жақсы ғой ойдан алшақ сандалмаған.
Жүз отбасы тұратын Жалманқұлақ
Келешегі қараң қалып, жанданбаған.
Әкімдерің сол ауылды инвестордың
Қолына тапсырыпты жалмаңдаған.
Елді тонап, тақырға отырғызып,
Пайдасын жеп кетуден арланбаған.
Халқы жүр тентіреп, моншасы жоқ,
Моншаға бір түсуді армандаған.
Бір телефон бар екен, оның өзі
Бірде істемейді, дұрыстап та жалғанбаған.
Үш шақырым жерден тасып ауыз суды,
Берекесі шайқалып қалған далам.
Тозығы шығып кеткен сол ауылдың
Кім отын жағады екен жанбай қалған?
Төбе жаққа қаншама хат жазса­дағы,
Басшылар тіл қатпапты соры қайнаған.
«Инвесторы» қашып кеткен бәрін сатып,
Жерді басып қалай жүр ондай надан?
Әкімнің жүзін әлі бір көрмепті,
Әкімдерің әкім бе арды ойлаған?
Астананың түбінде жетім құсап,
Қараусыз қап қойғаны қандай жаман. 
Келгем жоқ көңілдерді қарайтуға,
Ойларды келген кезде жаңартуға.
Бүгінгінің Бұхары сіз деп жүрміз,
Әншейінде данышпансың жөн айтуға.

179
Жаңағыдай құлазыған ауылдардың
Үнін жеткіз жоғарыға жөн айтуға.
Аманжол аға, қайда қарап жүрсің,
Маған мейлі олай тула, бұлай тула!
Немене құдіретің жетпей жүр ме
Нұрағаңның құлағына соны айтуға?!
Аманжол:
Болдыра бастадың ба, арғымағым,
Деп едің құрышыңды қандырамын.
Денсаулықты сұрап ем, оны айтпадың,
Байқалды үңірейіп арғы жағың. 
Көңілдің жүйткігенмен кер дөнені,
Ұлғайып бара жатыр шер көлемі.
Жоғарғы жақ жіберген қателіктің
Зардабын қарапайым ел көреді.
Сырдағы сәбилердің көпшілігін
Қасірет қой туберкулез меңдегені.
Жығылғанға жұдырық болды бүгін
Сапасыз вакцинамен емдегені.
Бір кезде шалқар теңіз кемердегі,
Боз дала, аққулы көл бедерлі еді.
Баянсыздау болып тұр «Ауыл жылы»
Денсаулықты жақсартам дегендері.
Періште сәбилердің тағдырына
Сарыарқадан көңілім елеңдеді.
Жаман дәрі, сапасыз вакцинамен
Министрдің баласын егер ме еді?
Сөз таппай отырғам жоқ ұрынуға,
Үңілдім ақиқатты ұғынуға.
Аждаһаның уындай вакцинадан
Сәбилер шақ қалды ғой қырылуға.
Бәрін сатып бітірген шенеуніктер
Дәрінің ақшасына сұғынуда.

180
Періште нәсібіне ортақтасып,
Мұншама бола ма екен құнығуға?
Лай түсті деген осы тұнығыңа,
Кұрт түсті деген осы жұлыныңа.
Министр етіп қойған Досаевтың
Дәрінің иісі бармас мұрынына.
Ел қырылып жатса да ештеңе емес
Безбүйрек бүгінгінің ұлығына.
Кінәлі адамдарды соттау керек
Шетелдің уын еккен құлыныңа! 
Шексіз ғой табиғаттың ғаламаты,
Одан биік тұрмайды адам аты.
Денсаулыққа бермесе, құны қанша
Үкіметтің жинаған қаражаты?..
Көрсек те замананың ақтабанын,
Белгілі алға қарай аттағаның.
Періште іңгәлаған сәбилерді
Киелі ақ бесікте баптағаның.
Сыр елінде кемшілік жіберсе де,
Есімде Нұрғисаевты мақтағаның.
Өзіңше қиялыңмен айға бардың,
Сөзіңді жүрегінде сайлап алдың.
Кемшілік жібергенде Нұрғисаев,
Барып өткір сөз айтсаң, қайда қалдың?!
Сүрінбей талай сыннан өтесіңдер,
Көсіліп мәреге де жетесіңдер.
Ақын боп шығып алып ең әуелі,
Сонан соң депутат боп кетесіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет