МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі


ЭЕМ-НІҢ ДАМУ ТАРИХЫ. ЭЕМ-НІҢ



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#836
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЭЕМ-НІҢ ДАМУ ТАРИХЫ. ЭЕМ-НІҢ БУЫНДАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы №75 мектеп-гимназиясының

информитка пәнінің  мұғалімі Тугельбаева   Нурсулу  Карсыбаевна      

Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина XVII ғасырда пайда 

болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай, оларды кейде көбейтіп және бөле 

алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм Шиккард жасап шығарды.

1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез паскаль кеңсенің есептерін механикалық

тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады.

1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль машинасының

мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған "Лейбництің тісті дөңгелегі" деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, 

бөлу және түбір табу амалдарын орындайтын еді.

XIX ғасырда ағылшын математигі Ч.Бэббидж "Аналитикалық машина" деп аталатын программаланатын автоматты 

есептеу құрылғысының нұсқасын жасады. Программалар кодталып перфокарталарға түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж 

тоқыма станоктарындағы амалдарды бақылауға алғаш пайдаланған француз өнертапқышы Ж.Жаккардтан алды.

Бэббидждің ойынша бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын топтарын бірте-бірте енгізгенде автоматты 

түрде әр түрлі есептеулер орындауы тиіс еді. Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың келу ретін 

өзгертіп, есептеу ретін өзгертуге болатын еді (басқаруды шартты түрде беру идеясы!).

Жобаның меценаты (қамқоршысы) – белгілі ақын Джорж Байронның қызы графиня Ада Лавлейс (Ada Lovelace) осы 

"аналитикалық машинаның" программисті болды. Ондық жүйенің орнына екілік жүйені қолдану қажеттілігіне 

Бэббидждің көзін жеткізген сол Ада Лавлейс болды. Ол осы күнге дейін көкейтесті болып келетін программалаудың 

негізгі принциптерін жасады. Оның құрметіне 1979 жылы жасап шығарған алгоритмдік тіл Ada – деп аталды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Герман Холлерит перфокарталарды сұрыптауға және санауға арналған бірінші 

электромеханикалық машинаны жасап шығарды. Табулятор деп аталатын бұл машина реледен, санағыштан және 

сұрыптаушы жәшіктен тұрды. Бұл машина 1890 жылы Америкада тұрғындардың санағын өңдеуге қолданылды. 

Холлерит 1896 жылы әйгілі IBM фирмасының негізі болатын фирманы ашты.


Екінші дүниежүзілік соғыс есептеу құрылғыларын және оларды өндіру технологиясын жетілдіруге дем берді. 1944 

жылы Говард Айкен IBM-нің бір топ зерттеушілері релелік логикалық элементтерге негізделген электрлік есептеуіш 

машинасын жасады.

1943 жылдан 1946 жылға дейін Пенсильвания қаласындағы (АҚШ) университетте ENIAK деп аталатын түгелімен 

бірінші электронды – цифрлық ЭЕМ құрастырылды. Машина 30 тонна тартты, 200 кв.м. жерді алып жатты, 18 мың 

лампадан тұрды. Оның жұмыс істеуінде ондық жүйе қолданылды. Программадағы командалар қолмен енгізілді; 

программаны енгізгеннен кейін орындалу тәртібі тек бүкіл программа орындалып болғаннан кейін ғана өзгертуге 

болатын еді. Әрбір жаңа программа ажыратқыштарды және алынып-салынатын коммуникацияларды орнату арқылы 

жүзеге асатын жаңа сигналдар комбинациясын қажет етті. Нәтижесінде ең қарапайым программаны құрып, орындау 

үшін өте көп уақыт қажет болды.

ENIAK машинасында программалаудағы қиындықтар осы жобаның бұрынғы консультанты Джон фон Нейманның (1903-

1957) ЭЕМ архитектурасын жасаудың жаңа принциптерін жасауына түрткі болды. Ол программаны, басқару 

командаларының тізбегін ЭЕМ-нің жадысында сақтауды ұсынды. Өз баяндамасында фон Нейман компьютердің бес 

базалық элементін атап көрсетті: арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), есте сақтау 

құрылғысы (ЕСҚ), ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары. ЭЕМ-нің осы құрлысын фон Нейман архитектурасы деп

атау келісілген.

Бұл принциптер жаңа EDVAC ЭЕМ-де жасалды. Мұнда екілік арифметика қолданылды, негізгі жады 102444 - разрядты 

сөзді сақтай алатын болды. Бұл ЭЕМ 1951 жылы пайдалануға берілді.

ЭЕМ-нің буындары түсінігі есептеуіш машиналарының даму тарихымен тығыз байланысты, яғни қолданылатын 

элементтік базасы бойынша анықталады.

ЭЕМ-нің бірінші буынында элементтік база ретінде электрондық лампа мен реле қолданылды.

1948 жылы транзисторлар мен магниттік жүрекшелерге сақтау құрылғыларының ойлап табылуы есептеуіш техникасына 

үлкен әсерін тигізді. Катодты қыздыру үшін үлкен қуатты қажет ететін және сенімсіздеу болып келетін вакуумдық 

лампалар кішкене кремнилік транзистормен алмастырылды. Олар екінші буын машиналарының элементтік базасы 

ретінде қолданылды.

Компьютерлердің миниатюрасын және сенімділігін көтерудің революциялық кезеңі 1958 жылы болды. Американдық 

инженер Д.Килби бірінші интегралдық схеманы ойлап тапты. 60-шы жылдардың ортасынан бастап элементтік базасы 

интеграциясы кіші және орта дәрежедегі интегралдық схемалар болатын үшінші буын машиналары шыға бастады.

Тағы бір технологиялық революция микропроцессорларды жасауға алып келді. 1971 жылы американдық инженер 

М.Хофф бір кремнилік кристаллда –микропроцессорда – компьютердің негізгі элементтерін біріктірді.

ЭЕМ-нің төртінші буынында интеграция дәрежесі жоғарғы интегралдық схемалар – үлкен интегралдық схемалар (ҮИС) 

құрыла бастады. Үлкен интегралдық схеманың кристалында он мыңға дейін элементтер қамтылады. Қазіргі кездегі кең 

қолдау тапқан дербес компьютерлер төртінші буынға жатады.

Қазіргі уақытта ЭЕМ-нің бесінші буынын дайындау мәселесі қаралуда. Оның ерекшелігі дыбысты енгізіп және 

шығаруға қатысты өз бетінше оқып үйрену қабілеті болмақ.Сервер (server)– желіге қосылған және оның 

пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың 

қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды 

өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының 

қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.Ерекше көңілді сервер 

типтерінің ішіндегі – файлдық серверге (file server) (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-

сервер - желідегіпайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл -

үлкен сыйымдылықты оперативтік жады , қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар 

компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын 

қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды 

орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушыларменорындалатын мәліметтер 

өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып 

табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл -сервер ретінде мини – ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

Мәліметтер қоры сервері (database server) – мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын 

жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері

- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін қолдау;

- мәліметтер қорына сұраныстарды қабылдау және өңдеу, өңдеу нәтижелерін жұмыс станциясына қайтару;

- мәліметтер қорына авторланған қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды есепке алу және сүйемелдеу жүйесін 

қолдау, пайдаланушылардың қатынас құру мүмкіндіктерін шектеу;

- үлестірілген мәліметтерқорын қолдау, басқа жерлерде орналасқан мәліметтер қоры серверлерімен әрекеттесу 

функцияларын атқарады.

Қолданбалы программалар сервері (application server) – пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға 

қолданылатын компьютер.

Қатынастық сервер (communications server) – жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізу/шығару 

порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.

Қатынау сервері (access server) – тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс 

станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан 

пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері 

қайтарылады.

Факс-сервер (fax server) – жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды 

орындайтын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері (back up server)- файл-сервер және жұмыс станцияларында орналасқан 

мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. 

Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін.

Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер);

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер).


Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос 

өткізгіштің, т.б.) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі

пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы 

құрылғылар – қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі 

бөліктері желі сегменттері деп аталады.

Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен 

байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге 

асырылады.

Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі 

сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.

Маршруттауыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін 

құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.

Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында 

мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез келген желі пайдаланушысы 

үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты 

мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі 

көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері:

- өнімділік;

- сенімділік;

- басқарылымдық;

- кеңейтілімдік;

- айқындық;

- жинақталымдық.

Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне 

байланысты есептеу желілерінің түрлері:

- жергілікті желілер (LAN – Local Area Network);

- ауқымды желілер (WAN – Wide Area Network).

Желінің масштабына байланысты түрлері:

- жұмыс топтарының жергілікті желілері (бір ОЖ басқаруымен жұмы істейтін компьютерлердің кішігірім санын 

біріктіреді);

- бөлімдердің жергілікті желілері (бір бөлімнің компьютерлерін біріктіреді);

- кампустардың жергілікті желілері (бірнеше кіші желілерді біріктіреді);



бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекеме немесе корпорация көлеміндегі компьютерлер мен 



желілерді біріктіреді ).

* * * * *



БІР АЙНЫМАЛЫСЫ БАР  СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢСІЗДІК ШЕШУГЕ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ. 6-СЫНЫП

Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы №88 жалпы орта  мектебі 

математика пәні мұғалімі Тулебаева Айнур Нурдуллаевна 

Сабақтың тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік шешуге есептер шығару.

 Сабақтың мақсаты: Білімділік: бір айнымалысы бар сызықтық      теңсіздікті мәндес теңсіздікке түрлендіру;бір 

айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімдерін табуды, оны сан аралығымен немесе теңсіздікпен  жазуды.

Дамутушылық:оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру,тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Қажетті ресурстар:слайд,плакат,буклет,маркер,кеспе қағаздары,түрлі түсті қағаздар.

Сабақтың әдісі:іздендіру,топтастыру,сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру,назарларын сабаққа аудару.



Үй тапсырмасын тексеру.

«Сұрақтар сырын ашу» өткенді қайталау.



«Қай топ шапшаң» оқулықтан есептер шығару.

Пән аралық байланыс «Ұлы жеңіске -70 жыл».



Сабақты бекіту «Кім жылдам» арқылы.

Үйге тапсырма беру.



Бағалау жүргізу.

 

Үй тапсырмасын тексеру №1021 есеп.Теңдеуді шешіңдер



 = 2  (Е.)                   =-4,5  (Т.)    =5  (B.)                  =2  (И.)

Кестедегі берілген теңдеудің шешімімен бір бағанға сол теңдеудің тұсындағы әріпті қойыңдар.Сонда кестеден 

математикаға шартты белгілеулер жүйесін енгізген және санды әріппен белгілеуді енгізген француз математигінің

кім екенін білесіңдер.

  7


0,7

  9


 3

Сұрақтар сырын ашу  (оқушылармен смайлек доп арқылы сұрақ-жауап)

 1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?              



  2.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу   дегеніміз не?

  3.Егер а>0 болса,ах>b теңсіздігінен х-мәні және аралығы-?

  4.Егер а<0 болса,ах

  5.Егер а=0 және b>0, 0х>b теңсіздігінен х-мәні және аралығы-?



  6.Егер а=0 және b<0, 0х>b теңсіздігінен х-мәні және аралығы-?

   7.Теңсіздіктер мәндес теңсіздіктерге қалай түрлендіріледі?

₺Қай топ шапшаң? (Оқулықпен жұмыс) 

№ 1023 есепті шығарайық



1-топ   (1  ,4)

2-топ    (2 ,6)



3-топ   (3 ,5)   

№ 1024 Теңсіздіктерді шешіп, шешімдер жиынын координаталық түзуде кескіндеңдер:

1-топ                    2-топ                         3-топ



    1 ,3                       2, 5                             4, 6  

     есептерді шығарамыз

Сергіту сәті. 

₺Ұлы жеңіске – 70 жыл (слайд арқылы батырларымыздың суретін көрсетіп,қысқаша мағлұмат беру)

 «Бірліксіз тірлік жоқ» 



Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке 

полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. . Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. 

Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек 

армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек 

етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-

ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар.майдан объктілеріне тартылған.болды.

Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры 

атағын алуы

Сабақты бекіту:  Кім жылдам ойыны арқылы плакаттарды тақтаға іліп, берілгендерін жеке түрлі түсті қағаздарға 



түсіріп оқушыларға таратып беру. Шығарған оқушылар тақтадағы плакатқа кеспелерінің жауабының тұсына іледі.



             Үйге тапсырма  №1026 есеп шығару

* * * * *



ТАҚЫРЫБЫ: «ОТБАСЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ»

Атырау қаласы №35 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жанылсын Гинаятқызы

1.1.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы 

болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің 

нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – 

бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және

негізді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың 

бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ 

баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

ала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» –

деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана 

тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде 

әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне 

қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше 

жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата 

келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

  Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі 

бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде 

заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң 

талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: 

«Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.

Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги 

құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз 

балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» 

– делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-

ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім 

болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман 

әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, 

адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала 

тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық 

жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: 

«Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.

Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі

– әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны 

қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына 

арнаған бір өлеңінде:

«Отбасы –шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» – дегені бар.


Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны 

мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін 

бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі 

беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала 

дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала 

ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп 

қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, 

қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнермен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке 

ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.

Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе 

оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене 

бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра 

алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста 

әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете 

алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі 

отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.

Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. 

Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» Бұл ғажайып құдайшылдық анықтаманы жадыда ұстау 

былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен

бастап бақытты балалық шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын 

бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.

БАЛА, БАЛА, БОЛАШАҚ…

Жерінде – бабасының,

Елінде – атасының,

Көңілінде - әжесінің,

Қолында – анасының,

Жолында – ағасының,

Төсінде – даласының,

Тапқан өз жарасымын,

Мен – қазақ баласымын.

Е. Өтетілеуұлы.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, 

балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға

дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше 

құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды 

назарда берік ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есімнің ескі жолы» (1598-1628), Әз Тәукенің 

«Жеті Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнекті заңдардың өзі қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.

Ата-заңды аттаған азғындарды «етігін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған. Халқымыз ұл мен қыз 

тәрбиесіне ерекше мән берген. Бала тәрбиелей отырып, артына із, өшпес мұра қалдырған.

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Тәрбие 

жұмысы нәтижелі болуы үшін сынып жетекшісі отбасымен, яғни ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жүргізуі қажет. 

Отбасымен жұмыс жүргізбес бұрын оның жалпы тәрбиелік деңгейін анықтап, отбасына педагогикалық-психологиялық 

зерттеу жүргізіп, мынадай  5 топқа бөлген жөн.

Отбасында адамгершілік қарым-қатынас деңгейі жоғары. Жағымды моральдық ахуал қалыптасқан, балаларға өз 

қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалған.

Отбасындағы жағымды қарым-қатынас қалыптасқан, бірақ бала тәрбиесінде қателіктер жібереді, балаға шексіз 

қамқорлық нәтижесінде өзімшілдік қасиеттер қалыптасқан, олар мұғалімнің үнемі өзіне ғана зейін аударуын талап етеді. 

Қарама-қайшылықты отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналар балаларымен ісі болмайды, себебі өздерінің бір-бірімен 

қарым-қатынасын шеше алмайды. Бұл жерде дұрыс тәрбие туралы сөз де болуы мүмкін емес. Отбасындағы жағдайды 

өзгерту үшін белсенді педагогикалық ықпал ету қажет. 

«Сырттай дұрыс» отбасы, бірақ нағыз адамгершілік бағалықтар, үлкен-кіші арасында сыйластық сезімдері жоқ. Мұндай 

отбасымен жұмыс жүргізу өте қиын.

«Қиын» отбасылар, оларға дөрекілік, ұрыс-керіс тән. Балаларды қорғау үшін педагогтардың мұндай отбасыларына қоғам

зейінін аударуына тура келеді. 

Отбасы зерттеу бір жағынан дәстүрлі, бір жағынан өте күрделі,  себебі құрамы әр түрлі. Отбасымен жұмыс жүргізуде бір

әдісті қолдануға болмайды. Отбасы мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тек ғана жасы емес, жеке психологиялық 

ерекшеліктері, білімі, т.б. сынып жетекшісі отбасын зерттеу жұмысын педагогикалық бағытта жүргізе білмесе, бүкіл 

жұмысқа нұқсан келеді. Сынып жетекшісі ата-аналарды өзіне көмекші, кеңесшіге айналдыруы, яғни ынтымақтаса 

жұмыс жүргізуі қажет. Отбасының бала тәрбиесімен айналысу деңгейіне қарай оларды мынадай үш топқа да бөлуге 

болады. 

1 топ  - бала тәрбиесін білетін және онымен айналысатын ата-аналар. Сынып жетекшісі өз жұмысында бұл ата-аналарды 

өзіне сүйеніш етуі керек.

2 топ – бала тәрбиесімен айналысқысы келетін, бірақ дұрыс тәрбие беруге педагогикалық білімі жетпейтін ата-аналар. 

Сынып жетекшісі оларға ақыл кеңес беріп, педагогикалық насихат жүргізіп отыруы керек.


3 топ – бала тәрбиесімен мүлде айналыспайтын, айналысқысы да келмейтін ата-аналар. Бұлардың саны аз, олардың 

балалары мектептегі «қиын» балалардың санын құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет