МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі


  Отбасымен  жүргізілетін жұмыс түрлері



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#836
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1.2.  Отбасымен  жүргізілетін жұмыс түрлері.

1.Баланың отбасына бару. Сынып жетекшісі отбасына бармас бұрын міндетті түрде мақсат қоюы керек, мысалы: 

отбасымен танысу.



2.Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу. Отбасы мүшелерінің араларындағы қарым-қатынасты зерттеу, 

сынып жетекші үшін өте маңызды. Отбасына бармас бұрын бұл жөнінде ескерту керек. 



3.Ата-ананы мектепке шақырту. Бұл тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда емес, ата-ананы мектепке 

шақыру бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Сондай-ақ ата-аналар түрлі шараларға, 

тәрбие сағаттарына  қатысуы үшін де шақырылады. Мектепте ата-аналарға арнап «ашық» есік күндері өткізіледі.

4.Ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында тәртіп пен үлгерім туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы 

белгілі бір тақырыппен пікір алмасу, тәжірибе алмасу тұғысында болуы керек. 



5.Педагогикалық білімдер университеті – бұл ата-аналарға педагогикалық, психологиялық білім берудің формасы. Ол 

ата-аналарды педагогикалық мәдениет негіздерімен, жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие мәселелерімен танысуға, 

мектеп, қоғамдық орындармен байланыс орнатуға, тәрбие жұмысында бірлесе әрекет етуге үйретеді. Университет 

бағдарламасын педагог құрастырады. Университеттегі сабақты ұйымдастыру формасы әртүрлі, баяндама, әңгіме, 

конференция, т.б. 

Баяндама – тәрбиенің кейбір мәселелерінің негізін анықтауға арналған педагогикалық, технологиялық білім беру 

формасы. Жақсы баяндамашы – ата-аналардың қызығушылықтарын, мәселелерін білетін мұғалім, тәрбиешінің өзі. 

Баяндамадағы басты нәрсе – тәрбие құбылыстарына, жағдаяттарға ғылыми талдау.



6. Ашық сабақтар. Ата-аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін 

ұйымдастырылады. Ашық сабақтар көбіне бастауыш мектептерде өткізіледі. Ата-аналарға тоқсанына 1-2 рет ашық 

сабақтарғақатысуға мүмкіндік беру керек. Бұл қазіргі мектептердегі оқу іс-әрекетінің барлық ерекшелігі мен күрделілігін

түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген мектептерде ата-аналар сыныптан тыс жұмыстарға жиі қонақ болады. Бұл спорттық 

шаралар «Әкем, шешем және мен» , «8наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған көгілдір от» , т.б. Мұндай шаралар 

ата-аналарға, өз балаларын жақынырақ білуге көмектеседі. 



7. Педагогикалық пікірталас. Педагогикалық мәдениетті көтерудің, ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды 

ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың табыстылығы оның 

әзірлік деңгейіне байланысты. Сондықтан тақырып, әдебиеттер бір ай бұрын берілуі керек. Пікірталастың маңызды 

бөлімі – талқы. Пікірталастың негізігі принципі, кез келген пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау. Пікірталас 

тақырыбы мектеп, отбасы тәрбиесіне байланысты болады. Мысалы: «Мамандық таңдауға кім жауапты?», «Жеке мектеп 

болуы дұрыс па?», т.б.



8.Рөлдік ойындар. Ата-аналардың педагогикалық біліктілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық 

шығармашылық іс-әрекет. Ата-аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыптары әр түрлі болады: « Таңертең сіздің 

үйде», «Бала мектептен келді», «Отбасы кеңесі», т.б

9.Ата-аналармен  өткізілетін конференциялар. Белгілі бір тақырыпқа орай ата-аналардың мұғалімдердің 

дайындалуымен өткізіледі.



10.Ата-аналар (комитеті) алқасы мектепішілік болып және әрбір сыныпта сайланады. Ата-аналар алқасы өзара 

мынадай міндеткерліктерді бөліп атқарады. 

1)Төраға

-Ата-аналар жиналысын ұйымдастыруға қатысады

2) Қазынашы (казначей)

- Ата –аналар алқасын ұйымдастырады, жоспар құрады.

- Сынып жетекшісімен біріге отырып шығын сметасын жасау

- Жұмсалған қаражат жөнінде ата-аналар алдында есеп беру. 

3)Оқу процесіне жауапты адам. Балалардың сабақтарына қатысу. Қажетті кітаптар мен көрнекіліктер алуға көмектесу. 

Үлгермеуші оқушыларға көмектесу. Сыныпта, сабақтан тыс уақыттарда саналы тәртіп орнату.

4) Шаруашылық жұмысқа жауапты адам. Сыныптың тазалығын сақтау. Сыныпқа қажетті шаруашылық заттарын алуға 

көмектесу.

5)Мәдени шараларға жауапты адам.  Экскурсия, жорық, саяхат, үйірмелер, кештер ұйымдастыру

Ата-аналар жиналысының тақырыптары:

Сынып жетекшісі оқу жылы бойына 4-реттен аса жиналыс өткізуі қажет. 1-ші ата-аналар жиналысы қыркүйек айының 

алғашқы жартысында өтеді. Бұл ұйымдастырушылық сипатта болады. 2-3 – ші жиналыстар белгілі тақырыппен 

өткізіледі. Мысалы, мынадай тақырыптарды алуға болады. 

-Оқушылардың жас ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесінде ескеру

-Отбасындағы қайшылықты жою жолдары 

-Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

-Баланы өмірге қалай дайындауға болады?

-Баланың кітап оқу мәдениетін жетілдіру.

-Ата-аналар жиналысы жыл қорытындысы бойынша да өткізіледі. Бұл ата-аналар жиналысын балалармен бірге мереке 

түрінде өткізуге болады. Балаларға мадақтау беріліп, ата-аналарға алғыс жарияланады.

Бірінші ата-аналарға жиналысын өткізушіге нұсқау:

Ата-аналар жиналысы болатынын күні бұрын ата-аналардың күнделігіне жазып, қол қойдырып  хабарлау.

Сыныпты жаңадан алған болсаңыз, ата-аналармен танысу, өзіңтуралы қысқаша айту

Сыныптың және мектептің жаңа оқу жылы алдындағы міндеттерімен таныстыру

Ата-аналармен қандай мәселені талқылағысы келетіндігі жөнінде кеңесу. 

Ата-аналарды сыныптың жұмыс жоспарымен таныстыру.

Ата-аналарға мектеп ережесін, сынып сағатының уақытын хабарлау

Ата-аналарға үйірмелер, факультативтер, секциялардың қашан жұмыс істейтіндігін хабарлау және балардың бір 

факультативке қатысуы керек екенін ескерту

Әр түрлі ұйымдастырушылық жұмыстарды талқылау. (Тамақ, 2-ші аяқ киім, күнделік, сынып қаражаты, т.б). Ата-аналар 

жиналысының, ашық есік күндерінің ай сайынғы уақытын беру. Ата-аналар жиналысына келмеген ата-аналармен 

міндетті түрде кездесу. Кез келген ата-аналар жиналысына қатыспаған адамды ескерусіз қалдырмау



Ата-аналарға арналған кеңес:

Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзің жақсы көру мен сыйлауды 

қалайды.


Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені

орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жек түрде мақтап, сынағанда елеусіз түрде сынауға 

тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазаланғанын түсінуі

тиіс. Көп жағадайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді.



Балаларға кеңес:

Ата-аналарыңызға сеніңіз. Олар сізге кеңес беретін, көмек беретін ең жақын адамдарыңыз.

Оларға өздеріңнің сәтсіздік, қиындықтарыңызды  айтыңыз.

Өз қуаныштарыңмен бөлісіңіз.

Ата-анаға көмектесе біліңіз.

Оларды тектен-тек ренжітпеңіз. Түсініңіз.



Отбасының төрт түрі:

1. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. 

Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты 

ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.

2. Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар . Балалар

ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым 

дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.

3. Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше 

алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі 

қажет және үнемі қадағалауы тиіс.

4. Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, 

әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, 

педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Жанұяның негізгі міндеттері:

Баланың үздіксіз дамуын қадағалау. Бала денсаулығына қамқорлық жасау. Еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және 

баланың жан-жақты дамуына көмектесу. Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту. Баланы 

өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға сонымен қатар болашақ өмірге дайындау.

Ата-ананың бала алдындағы парызы.

Адамның жеке қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілері отбасында 

қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы өзегінде көп жылдар бойы сақталып есінде жүреді.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, 

тұлға болып қалыптасады.

Ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары.



Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:

- ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;

- ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;

- топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;

- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;

- мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;

- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

 * * * * *



АШЫҚ САБАҚ «ҒАЖАЙЫП САНДАР ӘЛЕМІ» 2 КІШІ ҚАЗАҚ  ТОБЫ 

Ақтөбе қаласы. МКҚМ №26 «Үміт»МДҰ Тәрбиеші  Умбетова Айзада Бурибайқызы 

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып сандар әлемі 

Сабақтың мақсаты:Балалардың ой қиялын дамыту , олардың тілін сөздік қорын молайту. 

Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: Сандар, сенсорикалық кілемше. т.б

Сабақтың барысы :Балалар бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген оймен бір бірімізге жылы тілектер тілейік.   

Күлімде күн күлімде 

Жер жасарып көгерсін 

Кешегідей бүгінде 

Қанат қақсын көгершін 

-есікті қағып ішке дым білмес кіреді 

Дымбілмес: Саламатсыңдарма балалар мен дымбілмеспін 

Балалар: Саламатсызба 

 Дымбілмес: Балалар мен ғажайып сандар әлемінде сандарды жоғалтып алдым, сандарды табуға маған 

көмектесесіңдерме? 

Балалар :Иа көмектесеміз 

Дымбілмес:Менде ғажайып сандар әлеміне апаратын жол картасы бар . 

Біз сол карта арқылы ғажайым сандар әлеміне барамыз.

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы мына қоржынын ішінде сендерге тапсырма бар екен.

Тапсырма. Мына суретке қарап әнгиме құрастыр 

Балалар :Бұл жаз мезгілі Самат гүлге су құйып жүр Сания оған көмектесип жур. 

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы қоржынын астында сандар бар.

Қандай сандар ?

Балалар :Ноль ,бір.

Дымбілмес: Мәссаған мына сандармен жоғалтып алған сандарғой.

Тәрбиеші:Қане балалар картаға қарайық енди кайаққа жүреміз 


 Балалар :Оңға қарай жүреміз 

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы сандыша оныны ішінде не бар екен көреіконың ішінде сендерге тапсырма бар. 

Тапсырма:Біржылда қанша мезгіл бар жане қазір жылдың қай мезгілі 

Балалар :Бір жылда төрт мезгіл бар қыс көктем  жаз күз 

Қазіз жылдың көктем мезгілі.

Тәрбиеші :Көктемде күн қандай болады? 

Балалар: Көктемде күн жылы болады ,қар ериді, құстар ұшып келеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар қарандаршы мында сандар бар бұл қандай сан? 

Балалар :Екі .үш  

Дымбілмес :Жарайсыңдарбалалар 

Тәрбиеші Қане орнымыздан тұрып бір сегіп алайық 

Бір,екі ,үш қарлығаш боп ұш 

Төрт ,бес, алты қарлығаш боп қалқы 

Жеті ,сегіз,тоғыз, он

Орныңа барып қон.

Тәрбиеші :Енди қайжаққа қарай жүреміз? 

Балалар: Солға қарай жүреміз 

Тәрбиеші:Мына жерде қорапша бар оның ішінде сандар бар оны алу үшін сендерге бір сызықтын бойына шеңберді 

орналастыр диді.

Балалар тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші .Мынау қандай сан? 

Балалар :Төрт саны 

Тәрбиеші санды алып дым білмеске береді 

Тәрбиеші: Балалар енди қайжаққа жүреміз оңғама ?солғама?

 Балалар: Солға жүреміз 

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы мынау не? 

Балалар :Киіз үй 

Тәрбиеші: Оның ішінде не бар қарандаршы? 

Тапсырма кілемшеден өз орныңды тап . «Сенсорикалық кілемше» 

Тәрбиеші балаларға геометриялық фигураны үлестирип береді. 

Балар геометриялық фигуралар арқылы өз орындарын табады. 

Тәрбиеші:Балалар қарандаршы мынау қандай сан? 

Балалар :Бес саны. 

 Тәрбиеші: Балалар қарандаршы біз ғажайып сандвар әлеміне жетіп қалыппыз. 

Балалар ғажайып сандар әлеміне барып сандарды ретімен орналастырады.

Дымбілмес:Рахмет сендерге менин кишкентай достарым сауболындар 

Балалар : Сауболыңыз 

Тәрбиеші :Қане балалр енди топқа қайтайық. 

Балалар бүгін бізге кім келді? 

Балалар :Дымбілмес келді. 

Тәрбиеші: Біз қайда бардық? 

Балалар: Ғажайып сандар әлеміне.

Тәрбиеші:Біз кімге көмектестік? 

Балалар:Дымбілмеске.  

Жарайсыңдар балалар осымен біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды .

* * * * *



САБАҚТЫҢ   ТАҚЫРЫБЫ:  БЕСІК  ЖЫРЫ

Оңтүстік Қазақстан  облысы Ордабасы  ауданы «Төрткүл» жалпы

 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ес  Фарида

Сабақтың   тақырыбы:         Бесік  жыры

Сабақтың  мақсаты:  1.Мағжан  Жұмабаевтың     өлеңін   оқыта  отырып,  түсіндіру, ата-бабаларымыздың  мұрасын   

қастерлеуге, бағалауға  үйрету.

2.Халық  дәстүрін  насихаттау,  тіл  байлығын  дамыту, рухани  дамыту.

3.Салт  дәстүрді   құрметтеуге ,патриоттыққа  тәрбиелеу.



Түрі:    Оқыта  отырып, үйрену   ойыны.

Әдістері:  әңгіме,ойын, оқулықпен  жұмыс,ребус,сызба,қима   қағаз,  тест,  суреттер.

Пән  аралық  байланыс: музыка, 

Сабақтың   барысы: Дайындық  кезең. Ұйымдастыру  кезеңі. Сәлемдесу

Сиқырлы  сандық  ойыны. Шарты:  Үстел  үстіне   сандық  қойылады.

-Балалар  , не  көріп  отырсыңдар?     (сандық)

-Бұл  жәй  сандық   емес көнеден  келе  жатқан  киелі  сандық. Осы  сандықтың  ішінде  бізге  арналған  6 хат  бар.  Әр   

хаттың  ішінде  жауап  ретінде  әріп  жазылған.  Сол  хаттың  тапсырмасын  орындасақ  әріптерден  сөз құралады,  

жауабында  дүниедегі ең  асыл, ең  жақын адам  туралы  сөз   шығады  екен.

-Кәне,  хаттардың  сұрағына жауап  береміз  бе?



1- хаттың  тапсырмасы.  Дайындық  кезең.

а)  Өткен  сабақтарда  қандай бөлімді бастадық?

ә)Бұл  бөлімде  кімдер  жайлы  оқыдық?

б)  Кім  үлкенді  тыңдаса,

Кім  үлкенді  сыйласа,

Үлкен  болған  кезінде,

Сыйлы  болмақ өзіде.

-Бұл  өлеңнің  авторы  кім?  ( С. Мәуленов)



в)  Өлең  кім  туралы?  (Бала  туралы)

-Міне,  тапсырманы  дұрыс  орындадық.

(Хаттың  ішінен   А  әріпі  шықты.)

Ендеше  бүгінгі  сабағымызда  біз  бала, ана, салт-дәстүр   туралы  айтамыз  және  білетін

боламыз.

Ата-ана  туралы  қандай  мақал-мәтелдер  білеміз?



Жаңа  сабақ. 2- хаттың  тапсырмасы. Ыбырай  Алтынсарин  туралы  не  білеміз?

Балалар  Ыбырай  Алтынсариннің   өлеңін  түсініп, оқып  сұрағына  жауап  берейік.

-Оқыту. -Оқушыларға  анаға  деген  жылы  сөздерін  айтқызу.  (Ана  суретін  көрсету.)

Балалар  2  тапсырма  бойынша  ребусты  шешеміз.



Б

Е

С

І

К

Ж

Ы

Р

Ы

(Хат  ішінен  Н  әріпі  шықты.)

-Олай  болса  бүгінгі  сабағымыздың  аты – «Бесік  жыры»

Өлеңді  жазған  М.Жұмабаев,  ақынға  тірек   сызба  бойынша  мәліметтер  берсек.

Бесік  жыры- тұрмыс  салт  жырларының  көне  түрлерінің  бірі. Әлемде  бесік  жырын  

айтпайтын  халық  жоқ.  Бесік  жыры  баланың  сәби  кезінде  ,яғни 1-5 жас  аралығанда   бала

жасында  жағымды  әуенмен  айтылады.

Бесік- нәрестені  бөлеуге  арналған  ағаш  төсек.

Бесік  құралдарымен  таныстыру: құс  төсек,  жастық,  жөргек,қолбау,  тізебау, бесік  көрпе, 

шүмек,  түбек.  Қазақта  бесік  қасиетті  ,   киелі  құтты  мүлік.

(Әлди-әлди  бөпешім  әнінің  музыкасын  тыңдату.)

3-хаттың  тапсырмасы

1.Кітаппен ,  дәптермен  жұмыс

2.Оқушыларға  дауыстап  және  іштей  оқыту.

3. Бесік  жайлы   айтылатын  тыйым  сөздерді  кім  біледі? (Хат  ішінен  А  әріпі шығады.)



Сергіту  сәтін  жасау. М.Беспаевтың  Бесік  жырын  тыңдау.

                       Жалғасын  тап  ойыны.

Оқысаң                                    сусын  ішерсің

Бала   жыласа                          тербетеді      

Көп  ұйықтасаң                       қолыңмен  сүртпе

Шөлдесең                                басың  ауырады.

Көзің  ауырса                          бесікке  бөлейді   

Анасы                                       түсінесің



4-хаттың  тапсырмасы. Пікірлер  ағашын  толтыру.  Жырдың  авторы  туралы  не  білесің?

(Хаттың  жауабынан  Ш  әріпі  шығады)



5-хаттың  тапсырмасы. -Кішкене   кездеріңде  айтылған  , бесік  жыры  кімнің   есңнде  бар  екен.

  Бесік  жырын әндете  айту. 2-3  оқушыға айтқызу.

6-хаттың  тапсырмасының сұрақтарына  жауап  беру.         Жұмбақтарды  шешу

Сәбиге  сәнді  үй,



     Әжеге  ән  мен  күй.     ( Бесік)

2.Бесікке   іледі,

    Әнінде,

Дәмінде   сәбилер  біледі.     (Сылдырмақ)

Суретте  кім  бейнеленген?



  Ана  баласына   қандай  жылы  сөз айтады?

   Сурет  өлеңімен  байланысты  ма?

2.Анаң   сені  қалай  атайды?

3.Суретке  қарап  Алтынсаринның  жоғарыда  берілген  өлеңін  қара   

     сөзбен  әңгімеле?

-Балалар   әріптерден  қандай  сөз  шықты?

-Анашым

-Дұрыс,  дүниедегі  ең  асыл  жан-ана.  Анамызды  бүгін  жақсы  бағалармен   қуанту   үшін  тест  сұрақтарына  жауап  



берейік.

1.«Түн   ұйқысын  төрт  бөліп,

     Түнде  бесік   таянған »  деген   жолдардың  авторы  кім?  

А)  Жақан  Смақов

Б)  Спандияр   Көбеев

В ) Ыбырай  Алтынсарин

Г ) Фариза  Оңғарсынова

Әлди-әлди  бөпем  деген  сөздері  бар  өлең  жолдары?



а) Батырлар  жыры

б)Төрт  түлік  

в)   Бесік  жыры

г)  Наурыз  жыры

3. Сен- жұлдызым,

   Сен  көз- нұрым.

   Кір  тәтті   ұйқыға  ,- деген  жолдарын  кім  жазды?

А) Спандияр  Көбеев

Б )Ыбырай  Алтынсарин

в)Жақан  Смақов

Г) Мағжан  Жұмабаев


    Қортындылау.    Бағалау

   Үйге  тапсырма :  (Бесік  жырын жаттау), шығармашылық  жұмыс.

* * * * *



CLOTHES

 Ақтөбе қаласы. №26 «Үміт» МДҰ. Ағылшын тіл пәнінің мұғалімі Хайруллина Г А

Білім саласы: Қатынас                                                                                                                                                          

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың шет тілі арқылы тілін дамыту; балаларға табиғат және оның әсемдігі, 

жыл мезгілі туралы тісінік бере отырып сөздіктермен тіл байлығын дамыту, балалармен сұрақ-жауап арқылы диалог 

орнату, өлең, әндер арқылы ағылшын тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: әңгімелеу, суретпен жұмыс.   Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, сергіту.

Қажетті құралдар: жыл мезгілдерінің суреттері, боялар, жұлдызшалар. Билингвалдық сөздер: shorts, T-shirt, sweater, 

dress, skirt, jeans, shoes, socks, trousers, tights, jackets.

 Балалар, бүгін менің көңіл-күйім тамаша, ал көңілі көтеріңкі адамның қолынан бәрі келеді, сондықтан мен осы 

тамашакөңіл-күйімді сендермен, қонақтармен бөліскім келіп тұр. Ол үшін қолымыздан ұстап, шеңберге тұрып 

амандасайық. 

   I.  Good morning, boys and girls! 

-Good morning, good morning, 

  Good morning to you.

  Good morning dear guests,

  We are glad to see you.

26.


I am glad to see you too! Sit down, please. How are you?

27.


We are fine, thank you. And how are you?

- I am OK, thank you! Nice to see you. 

  Today we have a very interesting lesson – telling about body parts. And we have many guests at our lesson. Let’s greet them.

Today we shall have a final lesson according to our topic “Clothes”

Well, let’s start our work.

Балалар,мультхикаядағы кейіпкерлері Дора мен Ботиді білесіңдер. Бүгін Боти Дораның сәлемдемесімен біздің 

қонақта.Дора өзінің досы Ботидан өз тапсырмаларының жолсызбасын бізге жіберіпті, қазір сол тапсырмаларды дұрыс 

орындап Дора жіберген жұлдызшаларды жинайық! 

Жолсызбаның аялдамасы:

How many season in the year? What seasons?



- Four. Winter. Spring. Summer. Autumn. Fall.

- And what season is it now?

- It is winter.

2.   P


  oem about colors of the rainbow

Red and orange,

Green and blue,

Shiny yellow,

Purple too.

These are the colors that we know.

They live up in the rainbow

3. What colors is it? (grass, sun, sky)

- What color the sky? 

- The sky is blue. 

- What color the leaf?

- What color the snow?

- What color the grass?

- What color the sun

4. New words: “clothes”, shorts, T-shirt, sweater, dress, skirt, jeans, shoes, socks, trousers, tights, jackets.

  This is my  dress.    This is my T-shirt.

These are my jeans.       These are my shoes.

Listen to Boots, and repeat the words. Very good! Thank you! 



 II. Phonetic exercises.

28.


And now let’s say the chant 

I can jump, I can run,

    I can sing, I can dance,

    I can swim, I can’t fly            

   I can climb and say good bye!

5. Let’s play! “Dress the doll”

Балалар мына Дораны киіндіру үшін сұраққа жауап беріп тапсырманы орындайсыңдар.

  -Where is the T-shirt?                                  -Where is the boots?

-The T-shirt is on the box.                           –The boots is under the box.

-Where is the short?                                     - Where is the dress?

- The short is in the box.                               –The dress is on the box

6. Question and answer.

- What do you wear? (Сен қандай киім кидің?)

I wear    (Мен ............... кидім.) ………  . (shorts, T-shirt, sweater, dress, skirt, jeans.)

7. Sing a song: 

 

 “If you’re Happy and you know it”

If you’re Happy and you know it, clap your hands.

If you’re Happy and you know it, stamp your feet.

If you’re Happy and you know it, 

And you really want to show it,


If you’re Happy and you know it, say OK!

III. Conclusion.

a)What new English words have you learnt today?  Right, shorts, T-shirt, sweater, dress, skirt, jeans, shoes, socks, trousers, tights,

jackets.

b)For homework draw clown’s faces in your notebooks. 

c)Evaluation.

Our lesson is over. Good bye!

* * * * *

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА  ПАЙДАЛАНУ

ОҚО, Шымкент қаласы, №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінің

математика пәні мұғалімі  Ахметова Акбаян Аскаровна

«Оқыту үрдісінде – ақпараттық технологияларды білім беру сапасын 

жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек»  Н. Ә. Назарбаев

Ақпараттық технологияларды сабақта  пайдаланудың негізгі мақсаты: 

Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру; 



Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану;

Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру;



Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері: 

Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану;



Прақтикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

Ғылыми – ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстар жүргізу. 



Ақпараттық технологиялардың қағидалары:

Жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;



Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

Білім мен тәрбиенің бірізділігі;



Жалпы компьютерлік сауаттылық;

Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы. 



     «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»

Сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды 

мақсат етіп қойдым:

Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;



Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

Есеп шығару мен талдау жасау дағдыларын үйрету;



Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;



Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. 

     Тақырыбы: «Цилиндр - айналу денесі, Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы»

Сабақтың мақсаты:   1) Білімділік:«Цилиндр» элементтері, қималары, тақырыптарын қайталап, оның жазбасын және

беттерінің аудандарын үйрете отырып,есептер шығаруда қолдану;

2) Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту;

3) Тәрбиелік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,оқу – құралдарын тексеру,назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Сызбалар сөйлейді» ұяшықтағы тапсырмалар арқылы сұрақтарға жауап беру керек

ІV. Жаңа сабақты меңгерту: Өткен сабақпен байланыстыра 

                                                   отырып,түсіндіру 



V.Тақырып бойынша есептер шығару: №17, 27

VІ.Деңгейлік тапсырма: Оқулықпен жұмыс № 16, №18, №24                

VІІ.Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білім деңгейін ТЕСТ  

                                                      тапсырмасы арқылы анықтау.



VІІІ.Оқушыларды бағалау: Балдық жүйе бойынша бағалау.

ІХ.Үйге тапсырма: №19, №20, №25 

  Үй   тапсырмасын   сұрау:   «Сызбалар   сөйлейді»  төмендегі   ұяшықтарда   орналасқан   сызбаға   қарай   отырып   ондағы

сұраққа жауап беру әдісімен қайталаймыз.

10 -  Цилиндр дегеніміз? 

20 -    Цилиндрдің биіктігі? 

10 - Цилиндрдің радиусы дегеніміз? 

20 -     Цилиндрдің осьтік қимасы дегеніміз не?    

10 -  Цилиндрдің осііне параллель жазықтықпен қиғандағы қима дегеніміз? 

20 - Көлбеу цилиндр дегеніміз? 

10 -  Тік цилиндр дегеніміз не?

20 -Цилиндрді оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиғанда пайда болған қима? 

     Жаңа сабақты меңгерту: Өткен сабақпен байланыстыра отырып,түсіндіру 

       Цилиндрдің жазбасы арқылы оның бүйір және толық беттерінің аудандарының формулаларын қорытып шығарамыз:

     Теорема:Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы табан шеңберінің ұзындығын оның биіктігіне көбейткенге тең, яғни

      Цилиндрдің толық бетінің ауданы табу үшін оның бүйір бетінің ауданына табандарының аудандарын қосу керек:

       Жаңа тақырып бойынша оқушылардың ауызша есептей білу дағдысын дамыту мақсатында:

6.

Дөңгелектің ауданын табу формуласын еске түсіріп,радиусы 2-ге тең болатын цилиндрдің табанының 



ауданын табыңыздар. (4π)

7.

Радиусы мен биіктігі белгілі болған жағдайда, цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңыздар. (20)



8.

Цилиндрді оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиғанда , пайда болға қима дөңгелек. Осы дөңгелектің

ауданы 3π болса, онда цилиндр радиусын табыңыздар. ()

Тақырып бойынша есептер шығару:

№17 Цилиндрдің остік қимасы – квадрат, оның диагоналі 20 см тең.

 а) Цилиндрдің биіктігін

б) Цилиндрдің табанының ауданын табыңыз  

Шешуі:  1. АВСД қимасына АС диогоналін жүргізейік. 

2. DADC – тең бүйірлі,тікбұрышты үшбұрыш АD=DC, h = 2r, Þ ÐCAD = 

ÐACD=45°, сонда  

 3. Табан радиусын табайық: 

4. Табан ауданын табамыз:

Жауабы:  №27  АВ кесіндісінің ұштары әртүрлі  табандарының шеңберлерінде жатыр. Цилиндрдің радиусы – r,ал оның

биіктігі  –  h,  АВ   кесіндісі   мен цилиндр  осінің  арақашықтығы  –  d  болсын.  Егер  r  =   10,  d  =  8,  AB  =   13  деп алып,

цилиндрдің биіктігін табыңыздар.

Шешуі: 1. АВ кесіндісін салайық.

2.  АО радиусын жүргізейік.

3. d кесіндісін салайық.

4.ОК кесіндісі – ізделінді арақашықтық. 

5. DАОК тікбұрышты үшбұрышынан:

   сонда АС = 12

6. Тікбұрышты үшбұрыш DАВС -дан:

    Сонымен, = 5.



Жауабы: 5. 

      Деңгейлік тапсырма: Оқулықпен жұмыс № 16, №18, №24  тақтада осы есептердің сызбалары беріледі.

№24 – 10 ұпайдың тапсырмасы

№18 – 20 ұпайдың тапсырмасы

№16 – 30 ұпайдың тапсырмасы   



Сабақты қорытындылау:         

                                                           ТЕСТ

1.Биіктігі 9 см , табанының  диаметрі 10 см болатын цилиндірдің  осьтік  қимасының ауданын тап ?

a)90 см

2                    



б)80 см

2                       

в) 70см

2                  



г)60см

2               

2.Табанының  диаметрі 10 м болатын цилиндірдің табанының ауданын тап ?

 a)36 π м

2                  

б)45  π м

2                      

в) 25 π м

2             

г)60 π м


2                        

3.Цилиндірдің  табанының  радиусы 2 м, ал биіктігі 3 м . Осьтік  қимасының  диагоналін тап?

a)7 м

                             



б)5 м

 

                     в)9  м



                        

г)8 м


4. Цилиндір табанының  диаметрі 4 см ,ал биіктігі 3см. Осьтік қимасының  диагоналін табыңыз?

a) 2 см           б)5 см                      в)9  см

                       

г)2 см


5.   Биіктігі 3см-ге тең, ал осьтік қимасы шаршы болатын цилиндрді бүйір бетінің ауданын табыңыз

a)9 π


                              

б)5  π 


 

                    в) 2π 

                         

г)6 π


6. Биіктігі 4 см, ал диагоналі 10см  болатын цилиндірдің осьтік қимасының ауданын тап? 

a) 40 см


2

   


       

 б) 20 см

2                  

в) 81 см


2           

г)21 см


2

7. Цилиндр табанының  ауданы S

т

= 25  π  болатын цилиндрдің  радиусын тап?



a)7 

                                

 б)5 

                                       



в)9  

                              

г)8

8. Цилиндрдің диаметрі 6 см болатын цилиндрдің табанының ауданын тап?



a)9 π

                              

б)5  π                     в) 2π 

                               

г)6 π 

9. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 36 см², биіктігі 6 см болатын цилиндрдің табанының радиусын тап ?



a)9 см

                             

б)5  см                      в) 3см

                               

г)6 см 

10. Цилиндірдің осьтік қимасының ауданы 24 см², ал радиусы 3 см болатын цилиндірдің биіктігін тап?



a)9см 

                             

б)5см                       в) 4см

                                    

г)6см

 Оқушыларды бағалау:



Сабақ   барысында   сабаққа   белсене   қатысып,   жауап   беріп   отырғанына   және   жинаған   ұпайларына   қарай   отырып

салыстырмалы түрде бағалау.



Үйге тапсырма: №19, №20, №25 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР:

1. В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева «Геометрия» - 2011 ж

2. В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева «Геометрия» дидактикалық материалдар – 2007 ж

3. В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева «Геометрия» есептер жинағы – 2007 ж

4. Наурызбайқызы Ә «Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар» - Алматы,

«Рауан» баспасы

5. Интернет материалдары

* * * * *



ТАҚЫРЫБЫ:  ШЫЛАУ БОЙЫНША ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ

ШҚО  Аягөз  ауданы  Бозай ауылы«Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі А б а е в а  Гүлжазира  Төлеуғазықызы

Білімі: Жоғары.   Еңбек  өтілі: 24жыл.Пәні: Қазақ  тілі. Сынып:4

Тақырыбы:    Шылау бойынша өткенді қайталау.

Мақсаты:    1. Сөз табы – шылау бойынша алған білімдерін пысықтау. Шылаудың жазылу ерекшелігі мен емлесін дұрыс

қолдана  білуге   үйрету.

 2.  Оқушылардың шылау туралы алған білімдерін күнделікті өмірде   қолдана білуін және шығармашылық қабілеттерін 

                           дамыту.



                       3. Білімді,инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Оқулық, слайдтар, түймедақ күлтешелері, мақал-мәтелдер,  Жұмбақтар, Төле бидің портреті.

Әдіс-тәсілі:   Топпен жұмыс, сұрақ-жауап.   Сабақтың типі:   Қайталау сабағы.

Өтілу барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.    

1- слайд.  Ғажайып сәлемдесу. 

Мұғалім:   Мейірімді жүрекпен,

                   Ақ пейілді тілекпен,

                   Амандасып алайық,

                   Бір жадырап қалайық!



Оқушылар сәлемі:    Үлкенге де сіз,

                                    Кішіге де сіз.

                                    Сәлем бердік сіздерге,

                                    Құрметпенен біз.



ІІ. 2-слайд. «Сұрақтар түймедағы» стратегиясы бойынша пысықтау жүргізу. Сұрақтар қою.

3-слайд. Оқушыларды оқиғамен байланыстыру. Сабақтың тәрбиелік мақсатын баяндау.

4-слайд. Үй тапсырмасын сұрау. 75-жаттығу.

5-слайд. Төле бидің 1-ші жауабы:  Білім артық, себебі білім – ғалымдардан қалған мирас. 

6-слайд. 73-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қою. Топтық жұмыс.

7-слайд. Поэзия минуты. Ана тілінен жаттаған өлеңнің бір шумағын жатқа айту. Ішінде шылаулар болу керек.

8-слайд. Төле бидің 2-ші жауабы:  Білім  - сені асырайды,  дүниені сен асырайсың .

9-слайд. Әдемі жазу минуты.

10-слайд. 74-жаттығу. Ойдан бір мақал жазу. Ішінде шылау болу керек.

11-слайд. Төле бидің 3-ші жауабы:  Білімің көп болса – досың көп болады, ал дүниең көп болса – көре алмайтын 

дұшпаның да көп болады.



12-слайд. Жұмбақ жасыру.

13-слайд. Төле бидің 4-ші жауабы:  Білімді  іздей берсең, көбейе береді, ал дүниені жұмсай берсең, азайып, құриды.

14-слайд. Шығармашылық тапсырма: Үй жануарлары, аңдар немесе құстар туралы 4 жол өлең құрау. 

15-слайд. Төле бидің 5-ші жауабы:  Білімді болсаң – ел құрметтейді, сыйлайды, ал байлығың көп болса – қызғанышпен 

қарайды. 



16-слайд.  Қорытынды. Көрініс.  «Бала мен дәрігер».  Сұрақ: Осы көріністен қандай шылауларды естідіңдер?  

Бағалау.  Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.   «Құстарға көмек»  тақырыбында эссе жазу. Ішінде шылаулар болуы тиіс.

* * * * *



ЖАҢА  ӘЛЕМГЕ  – ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ҚАДАМ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы 

№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қазақ 

тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 

Торегелдиева Жанат Құралбекқызы 

     XXI - ғасыр қарыштап даму ғасыры . Елбасының 2010жылғы жолдауында  « Жаңа он жылдық -

Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ,  «Жоғары білім сапасы ең

жоғары  халықаралық талаптарға жауап  беруі тиіс »  - деген тұжырымы  бүгінгі мектептің ,

маманның жан- жақты дамуына қойылып отырған талап   қоғамдық сұраныс . Олай болса 2012

жылдан бастап педагог  қызметкерлердің  біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі өзгертуді

Назарбаев Зияткерлік  мектептері мен «Өрлеу»  ұлттық біліктілікті арттыру орталығы әлемдік тәжірбие негізінде жүзеге 

асыруды  қолға алып , деңгейлік курстар ашылып  , жұмыстар атқарылып жатқанының куәсіміз. Бұл жобаның 

қарастырып отырған мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен талаптарды насихаттап , педагогикалық қызметкерлердің 

құзырлылығын арттыру ,  рухани ,  мәдени және адамгершілік құндылықтарды дамытып ,  алған білімдерін  өмірде 

тиімді пайдаланып өзіне сенімді еліміздің ертеңін жалғастырар тұлға қалыптастыру болып отыр.

   Дүние жүзіндегі көптеген педагогтардың іс- тәжірибесінен тұрақты орын алған «Кембридж» тәсілінің  орны ерекше . 

Теория негізінде оқушының ойын дамыту , бұрынғы алынған білім мен  жаңаша технология арқылы алынған ,  

мұғалімнен , оқулықтан және өз ортасы мен басқа білім алушылар арасында өзара әрекеттесу жағдайында жүзеге асады ,

мұғалім емес бала өзін- өзі оқытады , түсіндіреді ,  өзін- өзі бағалайды .  Сындарлы оқыту  алған білімін сыни ойлау 

арқылы  өмірде тиімді қолдануды көздеп отыр.

    Білім жолы – қиын да қастерлі жол. Ұстаз алдында тұрған жауапты міндет- болашақ жастарды оқыту ,  саналы 

тәрбиелеп ,  қазіргі заман талабына сай бейімдеп , сапалы білім беру.

    К. Д.  Ушинский өз сөзінде: «Мұғалім – өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім ,  ал оқуды ,  ізденуді 

тоқтатса, оның мұғалімдігі де жойылады» деп ,  айтып өткендей . Мен де өз іс- тәжірбием барысында  жаңашылдыққа 

қадам басып ,  2013 жылдың 9- қыркүйегінде , Шымкент қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебі  мен  «Өрлеу» 

біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалында  «Кембридж» бағдарламасының 7 модуль аясында  білім алдым.

     Алдыма қойған мақсатым ,  жаңаша әдіс- тәсілдерді меңгеріп , сабақтарыма жүйелі түрде енгізіп , өз бойымдағы 

шығармашылығымды жаңа серпінмен дамыту болатын . 

   Курстан алған  әсеріммен бөлісер болсам ,  менің көзқарасымда ,  пікірімде , сабақ беру әдісімде өзгерді . Олай 

ойлауымның өзіндік сыры бар . Дәстүрлі оқытуда оқушылар жаттап алған білімдерін белгілі бір уақытқа дейін ғана есте 

сақтап , кез- келген жағдайда оны өмірде пайдалана алмайтынын түсіндім.

   Курсқа келген күннен бастап , тренеріміздің өзін еркін ұстап , тәсілдерді шебер , тиімді қолдануының арқасында мүлде

бейтаныс 28 ұстаз бейне таныс адамдарша сабақ қызықты басталғаны ұнады маған . Түрлі тақырыптағы тапсырмаларды 

сыни тұрғыда  ойлау арқылы талқылағанда әріптестерімнің шебер ойлары санамды толықтыра түсті , өзімнің қолданып 

жүрген әдіс - тәсілдеріме қосымша көптеген қажеттіліктерге қол жеткіздім . Курсқа дейін  АКТ- ны пайдалануда 

салғырттық танытсам ,  оқу барысындағы барлық тапсырмаларды  өзім жасап шықтым . Оңай болған жоқ . Сынала 

отырып шыңдалдым .



    Курс барысында алған білімімді іске асыруды мақсат етіп алып нәтижеге қол жеткізуге асықтым . Сабақтарымды жаңа

үлгіде жоспарлап ,  жаңа әдіс- тәсілдерді кіріктіре бастадым. Оқушылардың сабаққа көзқарастары өзгеріп , өздерін еркін 

ұстап, үндемей отыратын оқушының өзі сұрақ қоюға,  жауап беруге дағдыланды .  Жас ерекшеліктеріне сай  сергіту 

сәттері балаларға қатты ұнады . Сабақ барысында СТО ,  АКТ ,  модульдерін тиімді пайдаланып , ойдан - ой шығаратын 

сұрақтар арқылы танымдарын кеңейтсе ,  ментальды карта арқылы  білімдері тереңдеп , өздерін еркін ұстауға 

машықтанады.

     « Күн сәулесіндегі менің келбетім»  әдісі арқылы оқушылар өз бойындағы ұнамды ,  ұнамсыз әдеттерін саралап , 

қасындағы оқушының да мінезін саралай білді .  Жұптық жұмыс әділ, ұтымды ұйымдастырылды .   Диологтік әңгімені 

дамыту барысындағы  Мерсер(2000 ж) , Александр(2004 ж)  зерттеулеріне сүйене отырып , Мерсердің зерттеуіндегі 

әңгіменің үш түріне  әңгіме дебат , топтық әңгіме , зерттеушілік әңгімеге негіздеп  тапсырмалар бергенімде тапсырманы 

пікірталаса отырып тамаша орындалғанын байқадым. . Топқа киіз үйдің бөлшектері арқылы бөлініп , киіз үйдің тарихын

зерттеп , пікірлесе отырып ортақ ойға келіп танымдары кеңейді . Тез арада бірігп киіз үйдің макетін жасап шықты.

  Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында  «Миға шабуыл»,  «Джигсо», « Қызығушылығын ояту»,  «Венн» 

диограммасы т.б. әдістерді тиімді пайдалануға тырыстым . Бұл тапсырмаларды орындау барысында балалар 

ұйымшылдықпен бірлесе ,  өз ойларымен санаса отырып тұжырым шығарып ,  еркін сөйлеп ,  жасқанбай айтуға 

үйренетіндігіне көз жеткізе білдім . «Қызығушылығын ояту» әдісімен көне портрет беріліп , тұлға туралы ойларын 

ортаға салды. Біреулері Абай десе ,  дарынды оқушылар әл - Фараби екенін таныды. Ол кісіні басқа пәндерден де таныс 

екенін , еңбектеріне де шолу жасалды. Слайд арқылы берілген  көне картадан  Фараб қаласын табуға Кәрімді шығарсам 

таба алмады , Сүннет шығып көмектесті . Қазіргі кезде  атамыздың суреттерін қандай жағдайда пайдаланудамыз? деген 

сұраққа балалар пән дәптерлерінің сыртында  ,  ұлттық теңгемізде , оқу орындарының атауларына  ,  мүсіндері 

қалаларымызға сән беріп тұр деп жауап қатты . Слайд арқылы көне ,  жаңа үлгідегі суреттері берілді . Олардың 

айырмашылықтары баяндалды . Мұғалім қандай деген сұрақтар беру арқылы  тақырыпты сыни тұрғыда ойлауға ықпал 

етуде .  Музыка саласындағы атқарған еңбектеріне тоқталғанда саз аспабын тартып отырған суретін пайдалану арқылы   

«Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегі бар екенін білді .  Қазіргі эстрадада саз аспабын  пайдаланатын әнші барма? деген 

сұрағыма Астана қаласында Қарақат Әбділдинаның  музыка мектебі бар екенін ,  шәкірттерімен  сахнада саз аспабын 

пайдалана отырып халық әндерін орындап жүргенін білдік .  

    Жаңашылдықтың әсері ма?  Балалар ментальды картаны қорғағанда тақырыпты кезектесіп баяндады .

  Дарынды және талантты балаларға арнайы  деңгейлік тапсырмалар дайындалып сол бойынша жұмыс жүргіздім . Әдеби

қайраткерлердің шығармаларын меңгере отырып өз бойындағы  шығармашылық қасиеттерін дамыта алды .  Бұған дәлел 

оқушым Юсантаева Хуснара сабақ барысында шәкірттік жылы лебізін өлең жолдары арқылы білдіреді . Бұл жерде оның 

жұмысы бірден барлық талаптарға сай жасалды деп асыра сілтемей- ақ қояйын ,  кемшіл тұстары кездесіп жатты . Бұл 

арқылы бала бойындағы қабілетін ашып , дамытуға ықпал еттім .

    АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын ,  түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп ,  

мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр .  ( нұсқаулықтың 22- бетінде)  Сабақ барысында 

АКТ- ны тиімді пайдалануда білімім артып , слайд арқылы түрлі суреттерді жан бітіре ,  «Қызығушылығын ояту» ,  

«Миға шабуыл»  әдістері арқылы  сыни тұрғыдан ойлай отырып жан - жақты зерттедік . Түрлі бейнетаспа көру арқылы 

жағдаятты талқылап , үнтаспалар арқылы әндер тыңдаттым .

     « Қыз- Жібек» жырының мағынасын талдағанда  ,  қазіргі қарыштап дамыған Қазақстанның ер -  азаматы қандай болу

керек деген сұрағыма, Абдужаппарова Хуштари  «Өз Отаны үшін , отқа да , суға да түсу керек » десе , Хашимбеков 

Санжар  «Әрдайым өзіне сенімді болуы керек», Анарметова Ф  «Адал болып ,  білімге ұмтылу керек »  деген ойларын 

білдіріп өтті. 

   « А. Құнанбаевтың өмірбаяны»  тақырыбындағы ашық сабағымызда  балалар жағдаятты ыммен түсіндіру арқылы  

әрекеттер көрсете білді .  Шакирбековтың бойынан әртістік қабілетін байқадым .  Сабақ барысында қызықпай отыратын 

Рахматтулаев Ғұламды тұрғызып өлең жолдарының  мағынасын ашуды тапсырдым ,  жауап бере алған жоқ .  Жауабын 

Хашимбеков Санжар айтып берді .   Музыка саласындағы еңбегіне тоқталғанда  оның суреті арқылы қазіргі эстрада 

жұлдыздарының қайсысы осы «Сегіз аяқ»  әнін орындап жүр?  Деген сұрағыма  Б. Тілеухан домбырамен ,  А. Жорабаева

эстрадалық түрде орындап жүр деген тұшымды жауап ала білдім . 

  «Сегіз аяқ» өлеңі тақырыбындағы сабақта қазақтың ұлттық аспаптарына шолу жасалып , бейтаныс түрлерімен таныс  

болдық . «Нағыз қазақ қазақ емес ,  нағыз қазақ домбыра » деген ұстанымға тоқтадық .

  Абай аталарының отбасы туралы білген білімдерін саралай келе ,  өз отбасы мүшелері туралы  ойларын  «Отбасы бала 

көзқарасымен»  әдісі арқылы  ашық, еркін  жеткізе білді .  

    Бұл бағдарламадан түйгенім , мұғалімнің шығармашылық ізденісі артады. Оқушы өзіне мақсат қоя алады  , өзіне 

сенімділігі оянады , ой санасы дамиды, жеке көзқарас пікір орната алады , әлеуметтік ортада еркін бола алады . Сабақ 

барысында мұғалім өз ісіне талдау жасау арқылы , жіберген кемшіл тұстарын толықтырып ,  кездескен кемшіліктері мен 

сәтті өткен кезеңдеріне толығымен тоқтала алады . Бағдарламада ұсынылған ағылшын педагог - психологы , профессоры

Шульман Лидің  идеясын ұстана отырып ,  бас ,  қол , жүрекпен берілген білімнің оқушыларыма үлкен әсер қалдырары 

сөзсіз.   Алға қойған нәтижелеріме қол жеткізу үшін  Выготскийдің, Мерсер мен Литолтонның , Барнстың, Мерсер мен 

Ходжкинсонның ойларын басшылыққа ала отырып , сабақтарымда оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге мүмкіндік

бердім . Тәжірибием барысында тиімді деп танылған әдіс- тәсілдерім  зерттеушілік әңгіме түрлері, рөлдік ойындар , 

топтық жұмыстар және түрткі сұрақтар , қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы  олардың ойларын тыңдап  ,  жауап алу 

үшін түрлі бағыт – бағдар беріп үйрендім . Кез - келген жерде дұрыс сұрақ қоя  білудің орны ерекше екеніне көз жеткізе 

білдік .  Диалог арқылы оқушылармен мен де  келісілген нәтижеге жету үшін күш – жігерімді жұмсадым . Мерсер мырза 

сипаттағандай  білімді бірлесіп алуда оқушылармен тең құқылы серіктеске айналдым .

   Дәстүрлі сабақта оқушыларға білім бергенде  сыртқы уәж  көптеп орын алатын жағдайлар кездесіп жататын , ал  

«Кембридж»  бағдарламасының  әдіс - тәсілінен  кейін оқушылар сабаққа көзқарастары өзгеріп  ішкі уәжбен 

дайындалатын болды . Бұл да болса  жаңашыл тәсілдердің әсері барлығы , сабақ барысында бағыт  – бағдар беріп  

,көшбасшылық қызмет атқарған ұстаздарды  қуантары сөзсіз .  

           Қорыта келгенде айтарым , Бүгінгі бала - ертеңгі  жаңа әлем . Сондықтан ұстаздарымыз  оқушыларымызды 

жаңаша үлгідегі тұрмысқа, оқуға , жаңа әлемге бейімдеуі тиіс .  Осы үрдістен бәсекеге сай дамыған елдермен  иық тіресу

үшін ұстаздар қауымының арқалар жүгі жеңіл болмасы сөзсіз .   

       Елбасымыз өз сөзінде « Тек жоғары сауатты ,  дарынды ,  дана әрі Отансүйгіш мұғалім ғана  лайықты ұрпақ 

тәрбиелеп шығара алады . Бүгінгі мұғалім балаларға білім жиынтығын беріп қана қоймай , сонымен бірге ең бастысы - 

оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек» - деді .


     Олай болса , қиындығы мен қуанышы қатар жүрер білім жолында қызмет атқарып жүрген барша әріптестеріме  ,  

қанаттарың талмай ,биікке самғап білімнің түрлі белестерін бағындыра берулерін тілеймін.  Өз бойындағы білім нәрін  

жаңа әлем егелері жастарға шашып ,  нұрлы болшаққа нық қадаммен аяқ басайық дегім келеді!

* * * * *



БҮЛДІРШІНДЕРДІ БАЛАЛАР КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНЕ БАУЛУ (ЭССЕ)

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тоғыз бекеті  №7орта мектебінің мектепалды

даярлық тобының тәрбиешісі Ыбрай  Жайнагүл  Нағметұллақызы  

Бала кезімізде біздерді әке-аналарымыз, ата-әжелеріміз көркем әдебиетке баулып, ертегілер айтып, кейіпкерлерін

сипаттап жататын (ол уақытта ауылда балабақша да жоқ). Сол кейіпкердерді біразға дейін ұмытпай, жақсы кейіпкер

болса, соған еліктеп, соның әрекеттерін жасайтынбыз. Ал қорқынышты, жағымсыз кейіпкер болса, біразға дейін есімізді

жинай алмай, түнде ұйықтар алдында көз алдымызға елестетіп, сол жағымсыз бейнені іштей талқыға салатынбыз.

Ал, қазіргі уақытта бүлдіршіндерімізге ертегі тыңдағаннан гөрі  шетелдік түсініксіз мультфильмдер қарау қызықты

болып кеткен сияқты... Бұл жағдайға, мүмкін, өзіміз де кінәлі шығармыз... Алайда балаларды түрлі-түсті суреттерімен

еліктіріп, қызықтыратын қазақша кітаптар таба алмаймыз. Сондықтан орысша кітаптармен жұмыс жасауға мәжбүрміз.

Мысалы, орысша кітаптардың әрбір бетін ашқан сайын саз төгіледі. Әр беттің өз әуені бар, кітаптың суреттері теледидар

қарап отырғандай әсер қалдырады. Осындай кітапқа қызыққан бала міндетті түрде кітап оқиды деп ойлаймын. Қазақша

кітаптардан «Жеті лақ пен қасқыр», «Бауырсақ» сияқты театрланған көрініспен әдемі панорама кітаптар бірең-сараң

кездесіп жатады. 

Ақпараттық   технологиялар   қарыштап   дамып,   «компьютер   басты   адамдар»   пайда   болған   мына   заманда

қарадомалақтарымыз   кітапқа   қызыға   ма?   Олар   қандай   кітаптарға   қызығады?   Қаламгерлеріміз   біздің   «жас

шыбықтарымызды»   тереңнен   сусындататындай   дүние   тудырып   жатыр   ма?   Егер   солай   болса,   ол   кітаптар   өз

оқырмандарына жетіп жатыр ма? Осындай сұрақтарға жауап іздесек, өзіндік зерттеумен кітап дүкендеріне бас сұққанда,

құдды   Ресей   қаласында   жүргендей   сезінеміз.   Ат   төбеліндей   ғана   балаларға   арналған   қазақша   кітаптар   сөрелерде

жетімнің күйін кешуде. Бұған кім кінәлі?! Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал

миллиондаған  адамдар  кітап  оқымаса,   тұтас   бір  ұлттың   қасіреті»,   —  деген  екен.   Осы  тұрғыдан   келгенде,   қазақ   өз

қасіретін өзі жасап жатқандай көңілге күдік ұялады.

Өзіміздің «Ұр Тоқпақ», «Қыл кеңірдек», «Тазша бала» секілді ертегілерді шығарсақ, бүлдіршіндер суреттеріне

қарап, мазмұнын ұғынып, оларды тани бастайды. Менің жаныма  бататыны - бізде қазақ халық  ертегілерінің, мейлі

Алдар көсе болсын, Тазша бала болсын, олардың нақты кейіпкерлері, ортақ суреті жоқ. Балаларға бір суретті жұмбақтап

көрсетіп, «кім?» десек, тосылып қалады. Олар қазақ киімін кигеннің бәрін Алдар көсе деп түсінеді. Сонымен қатар

қазақша кітаптардың суреттері кітап мазмұнын ашпайды. Сурет басқаны, әңгімесі басқаны айтады. Айта берсек бұндай

кемшіліктер өте көп. Өте өзекті мәселе бар, ол — бізде баланың жанын түсінетін суретшілер аз. Суретшілердің дені

орыстар. Қазақ суретшілерінің өзі орыстілді. Олар қазақ ертегілерін түсінбейді. Кітаптарымызда қазақилықтың лебі

еспейтінін де содан іздеу керек.

Қазақстандағы балаларға арналған «Балапан» телеарнасы бүлдіршіндерімізге көп танымал. Осы телеарна арқылы

ой-танымдары кеңейіп, сөздік қорлары молая бастады. Ол - Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна. Ол

тек қазақ тілінде хабар таратады.

Қазақ   ертегілерін  жақсы   суреттеп,   баланы   қызықтырады.   Ертегі-мультфильмдері   ұлттық   құндылықтарымызды

насихаттап,  көркем әдебиетке баулиды. Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білімі мен білігі ұштасқан

«интеллектуалдық ұлт» болуға бет бұрған мемлекетпіз. «Балапан» арнасының алға қойған мақсаты да - осы келешек

ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі, білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер

жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш,

іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан бұл телеарнаны Қазақстанның барлық

жерлерінде еш кедергісіз көруге мүмкіндік берсе, ұрпақтарымыз үшін игі іс болар еді. 

Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз

тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Балалардың ой-өрісін дамытуға,

қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға  ауыз  әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық

ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті  үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен

оқытылатын   материалдың   көлемін,   мазмұнын   анықтап   алу   керек.   Материал   мәтінінің   мазмұны   балаларды

қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі

бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі

болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-

мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой

тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықты етіп жеткізу

айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан бүлдіршіндеріміз көркем әдебиетке қызығушылық

танытуы үшін қазіргі балалар көркем әдебиетін сапалы, қызықты етіп дамыту керек деп ойлаймын.

Балаларға арналған шығармалар жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, оларға заман талабына сай

тәлім-тәрбие   беруге   бағытталады.   Балалардың   ойлау,   түйсік,   түсіну   қабілеті   суреттеліп   отырған   оқиғаның,   көркем

образдың нақтылығы, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі

көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі, балалар әдебиеті - олардың сөздік

қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал. 

Балалар   көркем   әдебиеті   –   балалар   өмірінің   энциклопедиясы.   Ең   бастысы   –   балалардың   рухани   мәдениетін

байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.

* * * * *





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет