МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#836
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

р/с

Мемлекет атауы

Ұлттық валютасы

1.

Қазақстан Республикасы



теңге

2.

Қырғызстан Республикасы



сом

3.

Өзбекстан Республикасы



сум

4.

Ресей



рубль

5.

АҚШ



доллар

6.

Англия



фунт-стерлинг

7.

Япония



иен

8.

Германия



марка

9.

Қытай



юан

10.


Чехия

крон


11.

Кувейт


динар

12.


Франция

франк


13.

Түркия


лир

4 – бөлім: «Болашаққа жол сілте»  Егер сіз қаржы министрі болсаңыз нені өзгертер едіңіз?

Не өзгереді?

Қалай өзгереді?

1.

2.



3.

4.

5.



1.

2.

3.



4.

5.

V бөлім: Ұсыныс жаса, жаңалық аш! 2030 жылы Қазақстанда қандай валюта болады?

Не ұсынасың?

Не үшін ұсынасың?

1.

2.

3.



4.

5.

1.



2.

3.

4.



5.

Бұрышқа тұр  Есдаулетов Ұлықбек

                                            Көтере алмай келеңсіз еркелігін,

  Жазалады әкесі тентек ұлын:

-Тұр бұрышқа!-ақыды ашуланып,

Батырындай бағзы бір ертегіің.

Қорыққанан бұрышқа тұрды бала,

Құйттай болып дөңайбат түрді қара:

Анда-санда иығы селк-селк етіп,

Пырсылдайды әредік мұрны ғана.

Әр бөлмеде – төрт бұрыш, орайы кеп,

Тұрып шыққан тентек бұл талай рет.

Ол ойлайды: «Бұрышқа тұрмас ем-ау,

Тусам егер үй-күнсіз жабайы боп»...

Осы бала бұрышты жек көреді,

Осы бала бұрышқа кектенеді.

Анасына кей күні: «Мен өскенде,

Бұрышсыз үй тұрғызам!» деп келеді.

Сол тентекке жанымның қош келген,

Еркелігін мен болсам кешірер ем?

Шіркін оның бабасы бақытты ғой,

Бұрышы жоқ үйлеред өсіп - өнген!...

6-бөлім: Ғылыми жоба ұсын!   Қазақстанның әледегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру бағытында өз

жобаңызды ұсыныңыз.

Жетістіктері

Оны жүзеге асыру жолдары



1.

2.

3.



4.

5.

1.



2.

3.

4.



5.

Қорытынды: Ең сирек кездесетін ерлік – ой ерлігі    А. Франс



Сен ғалымға болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ,

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.

Білген елдің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,

Үйрененге қылма намыс, үйренуге болмакер!   Шәкәрім. 

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:  АҒАШ БҰЙЫМДАРЫН КӨРКЕМДЕП ӨҢДЕУ

 

Исабеев Әбіқалы. Технология пәні мұғалімі

№81 «Мақташы» жалпы орта мектебі ОҚО, Сарыағаш ауданы

Сабақтың тақырыбы:  Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс 

атқару жолдарымен  таныстыру.



Дамытушылық мақсаты:  Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін  қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:  Сарамандық сабақ. Сабақтың оқыту әдісі:  Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.

Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам.

Жоспары:             

                 1. Ұйымдастыру кезеңі.

                     а) Оқушыларды түгелдеу

                     ә) Жұмысты ұйымдастыру

                 2. Өткен материалды қайталау

                 3. Жаңа сабақ.  (ағашты көркемдеп өңдеу)

                 4. Сарамандық жұмыс

                 5. Бекіту

                 6. Бағалау

                 7. Үйге тапсырма



Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата –

бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда

да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып

білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. 

        Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті. 

Өкше   басар   ұрпаққа   әлеуметтік   мұра   болып   қалған   Түркістандағы   Қожа   Ахмет   Яссауи,   Жамбылдағы   Айша   бибі,

Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет

өнерінің   асқаншебері   бола   білгенін   дәлелдейтін   тарихи   айғақ.   Есіктегі   «Алтын   адам»   қаңқасы,   Түркістандағы

«Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті

күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер.

        Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі

салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ

сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік

өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың

бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық.

             Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын

ұлттық   бұйымдарымыздың   жасалу   технологиясы   мен   олардың   әшекейленуі   эстетикалық   тұрғыдан   алғанда   басқа

халықтардан кем түспейді. 

           Жанар Айжанованың 

 

 «Қобызым»



 

  әні (оқушыларға тыңдату).

        - Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД –

120 м   станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне  қарай ағаштың

механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 

Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін

көшіреді. 

Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 

Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу

жұмыстары. 

          Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін

жұмырлап ою дейді. 

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 

     -    Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.

Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау.



Өрнектерді кесу.

Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау.



Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында

композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 



Сергіту сәті.

С ө з ж ұ м б а қ.

Ағаштың қасиеті

Ағаш құрылысы



Ағаш бөлігі

Қолмен салынған зат бейнесі



Киіз үй сүйегін жасаушы шебер қолөнерші.

«АҒАШ» жасырын сөз                                

Нан да бар



Нән де жоқ

Ғасырда бар



Асырда жоқ

Санда бар 



Сәнде жоқ. 

Қашта бар



Қаста жоқ.

Ағаштан жасалатын заттар:

o

Бір құрсақты екі құлақты



Он екі белбеулі

Бір түймелі, екі желілі

Күйдің көрігі, әннің көлігі

o

Тыпырлаған сайын толысқан



Секеңдеген сайын семірген

o

Отыз омыртқа



Қырық қабыртқа

Бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа.



Сарамандық жұмыс:   Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. 

Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу 

үшін қауіпсіздік ережесін білу керек.

 1. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.



Жұмысқа дейін

Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)



Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін 

т.б)



Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.



Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.



Жұмыс кезінде

9.

Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.



10.

Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.

11.

Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. 



12.

Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

13.

Жұмыс кезінде алаңдама.



14.

Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.



Жұмыстан кейін

8.

Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.



9.

Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.

10.

Өзіңді ретке келтір.



11.

Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық.



2. Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

16.

Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;



17.

Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

18.

Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;



19.

Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы 

мүмкін, сондықтан:

Жұмысқа дейін

5.

Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат)



6.

Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты)

7.

Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.



8.

Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт.

9.

Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын.



10.

Жүзін тексер.

11.

Станокті бос айналдырып тексеріп көр.



12.

Көзге көзәйнек ки.



Жұмыс кезінде

Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста.



Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.)



Жарақат алмас үшін:

а) станокқа қатты басты еңкейтпе;

ә) станок үстінен алыс – беріс жасама;

б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында;


в) қолыңмен тоқтатушы болма;

г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.



Жұмыстан кейін

1.

Жұмыс орныңды ретке келтір.



2.

Станокті тазалап мұғалімге тапсыр.

3.

Өзіңді ретке келтір.



Бекіту.  Бағалау.

* * * * *



БАЛА МҰХТАР МЕН АБАЙ

 Мыңбаева Ғалия. Бастауыш сынып мұғалімі №81 «Мақташы» 



жалпы орта мектебі. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Мақташы ауылы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын игерту.Сол арқылы М.Әуезов өмірі туралы түсінік 

беру. Жаңа сөздермен таныстыру;



Дамытушылық:Жаңа технология стратегияларын пайдалана отырып,ой-өрісін шығармашылыққа баулу;

Тәрбиелік:Мұхтар бейнесі арқылы ұқыптылыққа,адамгершілікке,инабатты-лыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:оқулық,суреттер,буклет,интерактивті тақта,слайд.

Сабақ түрі:аралас сабақ  Сабақ әдісі:әңгімелесу,сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі  Үй тапсырмасын сұрау

-Біз өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық?

-Тұрсын Жұртбай «Қоңыр қозы»

-Бұл әңгімеде кім туралы айтылған?

-Неге «Қоңыр қозы» деп атады? 

(Мұхтарды сипаттайтын жерін оқыту)

Мұхтарды қандай көрініс қызықтырды?

Мына суретті сипаттайтын жерін тауып оқу.

-Ендеше,балалар, ой топтастыру стратегиясына көңіл бөлейік.

Ұялшақ                                                                    Момақан

                                                                                        

 Зерек,алғыр                                                                                        Салмақты

Ойынға онша                                                                     Қоңыр қозы

құмар емес

                                              

Мақсатын айту.

-Абай Құнанбаев кім?

-Мұхтар Әуезов ше?

-Ендеше,балалар Мұхтар Әуезов—қазақ халқының ұлы жазушысы.Ол Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді.

-Мұхтар аса білгір,шебер жазушы.Ол өзінің соңғы  жиырма жыл өмірін «Абай  жолы»романын жазуға арнаған.Бұл роман

ең ұлы шығарманың бірі.

  --Енді,балалар мен сендерге мәнерлеп оқып беремін,ал сендер мұқият тыңдаңдар.

Сөздік жұмыс.

Дәптерге жазу.

Сыз-дымқыл, ылғал, су.

Белдеу-киіз үйдің сыртынан байлайтын арқан.

Талтүс-дәл түс,шаңқай түс.

Өз бетімен дауыстап оқыту.



Сергіту сәті:

Тізбектей оқыту  5-6 оқушыға.



Бөлімге ат қою.

1.Абайдың Мұхтарды шақыруы.

2.Бата беруі.

Ендеше бүгін осы тақырыбымызды одан әрі жалғастырамыз.

Жаңа сабақ     Тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай

Абай туралы не білеміз?Оқушылардың жауабын тыңдап толықтыру.



Көрініс:

-Мен алдын ала үйге тапсырма бергенмін.Соны көріп тамашалайық.

Абай-Тілеуберген Ғаламат

Мұхтар-Әбдібек Тоқтар

Мағауия-Қанай Ерғали

Әуез қарт-Изтилеу Нұрислам

-Әуез қарт не деп сыбырлады?

Проблемалық сұрақ.

Абайдың арманы не?

-«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін сұрау.

Сабақты қорыту:

-Сонымен қандай әңгімемен таныстық?  Абай неліктен бала Мұхтарға көңіл бөлді? Мұхтар қандай бала?  Абай қандай 

бата берді?

-Сонымен, балалар, Абай да, Мұхтар да ұлы тұлға. Осы ұлы адамдардың өзіндік қасиетін сызба арқылы көрсетейік.

                                           Аудармашы

                         



       Философ                                                              Ұлы ақын

                                             

                                                   Сазгер

                                                               Қоғам қайраткері

Көрнекті жазушы                                                                  Профессор 

                                              Академик                            



Үй  тапсырмасы:  Мәнерлеп оқу,түсінік айту.Абайдың нақыл сөздерін дәптерге жазу.

Бірін-бірі бағалау.                                                           

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ДОС ЖӘНЕ ДОСТЫҚ 

Орынбаева Анар Құралқызы. Бастауыш сынып мұғалімі

№81 «Мақташы» жалпы орта мектебі ОҚО, Сарыағаш ауданы, Мақташы ауылы

Сабақтың тақырыбы: Дос және достық 

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дос,достық туралы әңгімелей отырып,олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

2.Оқушыларды адалдыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу,өзімшілдіктен,менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ 

жүруге үйрету

3.Оқушылардың адамгершілік қасиетін,бір-біріне деген достық сезімдерін  нығайту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ   Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ситуациялық жағдай 

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы адамдардың нақыл сөздері,дос туралы мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі   ІІ.Тақырыпты ашу сұрақтары

1.Дос деген кім?

Сыр бөлісетін адам

                Мені өте жақсы түсінетін адам

                Көмекке әрдайым дайын адам

                Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам 

                Сенімді адам

             2.Достық дегенді қалай түсінеміз? (Жауапты сурет арқылы бер Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша 

түсіндіреді)

1-жауап: Адамдар арасындағы байланыс

2-жауап:Достықты шеңберге теңедім

3-жауап: Жүрек    

  4-жауап: Гүл 

3.Досың бар ма? Ол кім?                       

4.Достық  шынайы сенім бе,әлде жай ұғым ба?

5.Достық  жасқа байланысты ма?

6.Қыз бала мен ер баланың арасында  достық бола ма?

7.Жақсы дос ,жаман дос қандай болады?

8.Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсің?

9.Дос қандай болуы керек?

ІІІ.Топтастыру 

Адал     Жомарт       адамгершілігі мол           қарапайым 

Мейірімді                                                              кешірімді

Төзімді                                                                  ашықтық

ақылды       салмақты                                                  сабырлы

ІҮ.Сөйлемді аяқта тренингі. Екі топқа сөйлемдер беремін.Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

Ә) Сыйластық  бар жерде  ...

Ү.Жағдаяттан шығу.

  «Достық» және «Сыйластық» топтары

31.


Сенің ең  жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны 

талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

32.

Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр.Сенің оларға шамаң жетпейді.Сен не істейсің? 



ҮІ. «Мінездеме беру»тренингі

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап  беремін.Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді бір-біріне көрсетпей 

мінездеме жазыңдар. 

  «Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді»дегендей бәріміз жұмыл бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік.

ҮІІ.Шығармашылық жұмыс (Оқушылар өз достарына арнап өлең шумақтарын оқыту,өздері достарына арнаған бейне 

сюжетті көрсету.  

Оқушылар арасында тренинг ойнату. Бағалау

Үйге тапсырма:Дос туралы эссе жазу

* * * * *

САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ – ТІЛДІК МАТЕРИАЛДЫ ОҚУШЫЛАРҒА

 ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ МЕНГЕРТУДІҢ БІР ЖОЛЫ

Өтемісова Батба. Бастауыш сынып мұғалімі. Директордың оқу-тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Мақташы ауылы

Адами ойлау, ізденімпаздық -   табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы.Бұл қабілет   барлық адам бойынан

табылатыны  сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне  бірдей  етіп бөлмей, біреуге  көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне

мүлдем жарытпай таратқаны да   анық. Қазір отандық   педагог ғалымдар   «Жаңа білім   мазмұнының   макромоделі



Мәдениет – Білім - Тарих  үштағанына  негізделуі  тиіс»  деген  тұжырымды ұсынып отыр.  Ендеше әдістемелік жүйенің

барлық бөлігін  сабақтастыратын ортақ тіл де осы болуы керек.

 Мектептің  негізі  сатысындағы  қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты -  оқушыға  тілдің  ғылыми  негіздері жөнінде

толық,   аяқталған   сипаттағы       тұтас   білім   беру,   әдеби   тіл   нормасын   меңгерту   ,   ең   бастысы,   теориялық   білімнің

практикалық дағдыларға база ретінде қолдануына басымдылық беріледі.

Орта  мектептерде  оқу  материалының әдістемелік жағына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбеуі танымдық қызмет

тәсілдерін үйретуде кері әсерін тигізеді. Оқу  бағдарламаларында оқушылар меңгеретін білімімен  дағдылар ғана емес,

сонымен   қатар   оқу   пәнінің     әдістемелік     міндеттері     де,   яғни   меңгерілген   білімді   дағдыға   іс-әрекет   тәсілдеріне

айналдыратын әдістер де қамтылғаны дұрыс.

Тілдік   талдау   -   оқушылардың   тілдік   материалды   теориялық   жолмен   жете   меңгеріп,   оны   саралауға,   білімді

тиянақтауға, білімгерлердің танымдық ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл.  Қазіргі  қазақ тілінде

тілдік талдаудың фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік түрлері жүргізіледі.Талдау

тапсырмаларын   бере   отырып,   оқушылардың   білімінде   тиянақсыздық   байқалып   жүрген   күрделі,   меңгеруде   қиындық

келтіретін тақырыптарға қоса көңіл бөлуге мүмкіндік мол.

Осы тұрғыдан алғанда соңғы жылдары мектептер мен жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен

енгізіле  бастаған оқытудың жаңа  технологиясы бойынша тілдік  материалдарды сатылай кешенді талдаудың маңызы

ерекше.Тілдің әр саласы оқулықта болсын, ғылыми еңбекте болсын белгілі   бір жүйемен беріледі.Тілдік талдау осы

жүйені игере ала отырып сатылы түрде жүргізіледі.

Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы. Бұл талдауда тілдік

материалды   белгілі   бір   жүйемен   орналастырған   сызба   басшылыққа   алынады.   Талдау   кезінде   дыбыстардың

ұқсастықтары  , өзара  жақындықтары айқындалады және   талдау  белгілі  бір  тәртіппен  жүргізіледі.    Талдауды  жақсы

меңгерген оқушылар қазақ тілінен грамматикалық ұғымдарды анық ажырата білуге дағдыланады . Мұндай талдаумен

жұмыс   істеген оқушыға  шығармашылық     дағдыны  қалыптастыру оңайға  түседі.   Мысалы,   өзім   сабақ   беретін  5  «ә»

сыныбында дыбыс түрлерін өту барысында оқушылар «Әріп жұмбақ» құрастыру ойынына белсене қатысып, шығарған

жұмбақтары   баспа   бетінде   жарияланды.   Ертегі   құрастыру,   жаңылтпаш   құрастыру   секілді   тапсырмаларды   балалар

белсене, ерекше ынтамен орындайды.

Мысалы:  Құдайберген Аққу деген оқушы «І» әрпіне былайша құрады: 

                 Ешкіде бар , 

                 Қойда жоқ.

                 Есікте бар ,

                 Тойда жоқ.   Шешуі: ( І әрпі )

Ал Төкен Аяжан былай деп жаңылтпаш құрайды:

Қара қарға қарда , 

Қарда жүр қарға.

Қар аппақ , қарға қара, 

Қара қарғаға қара. 

Немесе :  Қалада бар аққала ,

                Ауылда бар аққала.

  Аққала мен ақ  дала 

  Қосылса болар ақ қана.

Тіл дыбыстарының жасалуын, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың бір – бірінен айырмашылығы мен өзіне

тән ерекшеліктерін математикалық тәсілмен өрнектеудің ерекшелігі  зор.  Талдау кезінде дыбыстардың ұқсастықтары

өзара жақындықтары айқындалады және талдау белгілі бір тәртіппен жүргізіледі. 

Мысалы: «Ұстаздар» сөзінде қанша дыбыс бар , нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз дыбыс? Анықтау керек: «Ұстаздар» =

0  ? 

Шешуі: «Ұстаздар» сөзінде сегіз дыбыс бар , оның үшеуі дауысты , олар : ұ , 2 а  себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ауа



өкпеден ешқандай кедергіге ұшырамай шығады . 5 дауыссыз дыбыс бар. Олар: с , т , з , д , р : 

Математикалық тәсілмен төмендегідей өрнектеледі: 

ұстаздар: = 8 0 = 3    ( ұ , 2 а )    

                 5     ( с , т , д , з , р ) 

Тілдің қатысына қарай: 3      = 3      ( ұ , 2 а тіл арты немесе жуан 

 

       );



Жақтың қатысына қарай : 3     =  2    (2а) ашық 

 

                                      



 

 ;

                                                        1       (ұ) қысаң 



Ерін мен езудің қатысына қарай: 3     =    2     (2а) езулік  

 

                      



 

  ;


                                                                       1      (ұ)  еріндік

Үн мен салдырдың қатысына қарай: 5 дауыссыз дыбыс (с , т , з , д , р ,) ; 

                     5      =  2     ( с, т) қатаң     + 2      ( з , д  ) ұяң     ;

 

( р )  үнді 



Айтылу , жасалу тәсіліне қарай : 

                       5       =  2     ( т , д ) шырыл      + 2 ( с , з  ) ызың      ;

( р )  діріл



Жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай: 

5       =  2       ( с , з ) тіл , тіс дауыссыздары , Р        тіл алды        ;

            5   сынып   оқушыларына   дыбыс   түрлері,   олардың   толық   сипатын   математикалық   үлгіге   салып   талдау   жүргізу

оқушылардың дәл әрі тез ойлау жүйесін дамытуға септігін тигізері сөзсіз, ал сатылай кешенді талдау буын түрлерін,

тасымал, екпін және үндестік заңдарын жеңіл меңгертуге көмектеседі.

Мысалы: «Жаз» сөзіне   талдау  жасату  былайша  жүргізілді:

Бұл  сөз  айтылу, жасалу, жазылу  жолдарына  қарай жуан  буынды сөз себебі, сөздің  құрамындағы дауысты



дыбыс жуан  дауысты.

Бұл  сөз  «жаз» болып бір буыннан тұрады. Себебі, сөздің  құрамында бір  дауысты  дыбыс  бар. «Жаз» бітеу



буын, себебі, буын  дауыссыздан басталып дауыссызға  аяқталып тұр.

Бұл  сөз  тасымалданбайды. Себебі , бір  буынды  сөз



Бұл сөзде  екпін  (а) дыбысына  түсіп тұр

Сөзде  буын үндестігі жоқ . Себебі , түбір сөз



Сөзде дыбыс үндестігі жоқ.. Себебі, түбір сөз

           Сатылы   кешенді талдау оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып , тілдік талдауды жасауға көп

көмегін тигізеді, оқушылардың жылдам әрі жүйелі талдау дағдыларын қалыптастыруда, дыбыстарды математикалық

тәсілмен мінездеме беру кезінде оқушылар өз ойын жинақтап айтуға, математикалық бөлшек тәсілін дұрыс пайдалануға,

дәл, нақты жауап беруге, қандай орта болсын өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді. 

Бұл   технология дидактиканың табиғилық, түсініктілік, ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, көрнекілік, саналылық пен

белсенділік, жас ерекшеліктерін есепке алу, теорияның практикамен байланысы ұстанымдарын басшылыққа алады.

      Бастауыш сыныптарда қазақ тілін ғылыми негізде терең меңгермейінше, тілдің күрделі де қиын пән екендігін жете

сезіну   қиын.   Өз   ұрпақтарымыздың   оған   жүрдім   –   бардым,   ат   үсті   қарауға   болмайтындығын   сезініп,   тілімізді

қоғамымыздың барлық салаларында батыл енгізуге атсалысқанда ғана бүгінгі тіл мәселесі жайлы дау – дамайларға нүкте

қойылатындығына нақты көздерін жеткізу. Ол үшін көп жылғы нәтиже көрсетіп отырғанындай, қазақ тілін бүгінгі таңда

жаңа технологиялармен оқыту он нәтиже бермек. 

* * * * *



«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 

МАЗМҰНЫНЫҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Серікбаева Айсұлу. Бастауыш сынып мұғалімі. №81 «Мақташы» жалпы 

орта мектебі. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Мақташы ауылы

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие 

болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет 

кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың 

бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне 

сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты 

процесс. 

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- 

тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан 

белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген 

жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының 

мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу 

күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде

іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс 

әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер 

туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, 

ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған 

дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда 

ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру 

ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, 

оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.  

 «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың 

мектепке дайындығын қарастырады.   Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен 

отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да 

болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. 

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек 

сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, 

патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке 

тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер 

арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын 

адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын 

қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша 

мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса 

солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. 

     Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол 

жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты 

педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті 

нәрсенің бәрін де ертегіден алады.  Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат 

бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен. 

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-

ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-

адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас 

мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен 

іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы 

ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік 

қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай 

білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, 

жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік

тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет 

барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. 

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып 

табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып  табылады

     Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды 

қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі 

қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын 



мәселелері. . «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- 

балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де 

білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек 

жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол 

болмақ.. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек 

шынайы көру, сезім қатынасында ғана аладыАта-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді

сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар 

адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп 

құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, 

қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы 

үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.  

«Өзін-өзі тану» пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, 

мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, 

рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, 

құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» 

пәнінің үйлесіне тимек.Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және 

балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге

бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың 

негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, 

дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады. Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық 

қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттанды-руға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан 

түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы 

адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады. Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар 

педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры 

болып табылады. Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің 

отбасым»газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері 

жапсырылған. Бұл газеттер арқылы мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая 

түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста 

болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен тәрбиешінің  бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады. Ата-

аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған 

тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсыну қажет.

«Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру. Осы ойындарды ойната 

отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсы лыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, 

соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.Қазіргі таңда  мектепке дейінгі мекемелерде балалар 

еркін дем алып, рухани патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.  Мамандардың басты 

мақсаты баланы даму әлеміне енгізу, баланың денсаулығын сақтау, нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай 

жасау.Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер 

арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырым-дылық, 

мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен 

таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, 

үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетін-

дегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның 

рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда 

олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін 

балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып 

қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді 

екендігін атап көрсеткен. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні 

ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай 

баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал 

ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған 

орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ 

қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Қазіргі кезде Ұлттық ойындарды жанұя тәрбиесінен 

бастап балабақшада,мектептерде түрлі тәрбиелік шараларда қолданылып жүр.Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». 

Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады. Ойын ережесі : Бір бала ортаға 

шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді.

Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар 

тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен 

бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да 

жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын 

зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке 

таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты 

кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, 

қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді.

* * * * *

ҚЫСҚА  МЕРЗІМДІ  ЖОСПАРЛАУ

Смайлова Гулсара Мирзакуловна. Ағылшын пән мұғалімі

№81 «Мақташы» жалпы орта мектебі. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Мақташы ауылы

Күні:

Пән: ағылшын тілі 

Сынып: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Would you like some more tea?



Сабақтың  мақсаты:

Оқушыларға жаңа сөздіктерді түсіндіре отырып 

айтылуына назар аудару,

“ I would you like” грамматикасын  қолданылуын 

түсіндіру,оқушылардың 

сөйлеу,жазу,тыңдауқабілеттерін дамыту, диалог 

арқылы қарым-қатынасқа үйрету.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылар берілген кілтті сөздер бойынша әңгіме

құрай алады,және сөзжұмбақ шеше алады.

Негізгі дерек көздер

Сурет, стикер, ноутбук, маркер, оқулық ,слайд.



                          Сабақ  барысы: 

Сабақ бөлімдерінің

мақсаты

уақыты


Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңдері

2мин

    Оқушыларды түгелдеп, 

оқушылармен 

ынтымақтастық 

атмосферасын 

қалыптастыру.

  Оқушыларды топқа бөлу.

  Интерактивті әдіс

Смайликтер  арқылы топқа 

бөлінді


Үй тапсырмасын

сұраймын.

10мин


«ДЖИКСО» әдісі 

Оқушылар тапсырмаларға 

толығымен жауап береді және 

орындайды.



Қызығушылықты 

оятамын.

2мин


«Ой қозғау»

стратегиясы 

Оқушылар сұрақтарға жауап 

береді.


Жаңа материалдың 

таныстырылымы

15мин


«Диалогтік әдіс», «Екі 

минутты мемо» әдістері, 

сұрақ-жауап

Оқушылар тапсырмаларға 

толығымен жауап беріп 

дәптерлеріне жазады.



Сергіту сәті

2мин


Би « Қара жорға »

Оқушылар би билеу арқылы 

серігеді. 

Жаңа материалды қолдану

11мин


«Сөзжұмбақ» шешу

Оқушылар сөзжұмбақтарды 

шешу арқылы сөздік қорын 

дамытады.



Бағалау.      

   Кері байланыс: 

«Мадақтау сэндвичі» әдісі

2мин


Стикерлерді тарқату

Оқушы  бүгінгі сабақты қалай 

қабылдағанын жазады

Үйге тапсырма

1мин


Оқушылардың деңгейіне 

байланысты тапсырмалар 

беру.

Оқушылар үйге берілген 



тапсырманы күнделікке жазады

ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫЗ ЖІБЕК ЖЫРЫ

 

Сыдыкова Гулсанам Назаровна Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

  «Игілік»  жалпы орта мектебі ОҚО, Сарыағаш  ауданы   

Тақырыбы: Қыз Жібек жыры

Сабақтың мақсаты: жыр мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау, кейіпкерлер 

бейнесін ашу, әдет- ғұрып, салт-дәстүрді тапқызу; алған білімдерін жинақтау, ой -өрісін кеңейтіп, пікіралмасуда өз ойын 

ашық айтуға тәрбиелеу. Түрі: бекіту сабақ .

Әдісі: зерттеу, талдау, топтастыру, миға шабуыл, фишбоун т.б                                                                                                      

Пән аралық байланыс: тарих, география, ән- күй, сурет, өнер . Көрнекілігі: интербелсенді тақта, смайликтер, бағалау 

парақшасы, суреттер т.б.  Ұйымдастыру. "Шаттық шеңберін құру" оқушылар дөңгелене тұрып, "Қазақ қызы" әнін 

орындау. Оқушыларды топқа бөлу. "Жібек" , "Төлеген"," Шеге", "Бекежан"жазылған түстермен бөлінді.Тақырыпқа 

қандай қатысы бар екенін айтып кетті.     Сыни тұрғыдан ойлау бойынша 3 кезеңмен сабақты алып бару.                             

 І кезең: Қызығушылығын ояту кезеңі: (Үй тапсырмасын сұрау)                            "Миға шабуыл" әдісі.                      

1 Жырдың тақырыбы не?                                                                                                 2 Жырдағы кейіпкерлерді ата?               

3 Төлеген өмірге қалай келді?                                                                                          4 Төлегенді Ақжайық сұлуларына кім 

ынтық етеді?                                                          5 Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырады?                                                   



Жырға композициялық талдау жасау                                                                        Оқиғаның  басталуы                             

2  Оқиғаның дамуы                                                                                                              3  Оқиғаның байланысуы                     

4  Оқиғаның шиеленісуі                                                                                                                  5  Оқиғаның шарықтау шегі    

6  Оқиғаның шешімі                                               

                                        


ІІ кезең : "Мағынаны тану"  Кино фильмнен үзінді көру.                                                                                               

"Тұжырым " кестесі                                                                                                               Кейіпкерлерге мінездеме беріп, 

кестені толтыру.

Қыз Жібек

Төлеген


Бекежан

Постермен жұмыс. Оқушыларға әрбір топқа тапсырмалар беру.    І топ. Жырдағы үзіндіні суреттеп салу.                            

ІІ топ. "Төлеген мен Жібекті топтастыру.     ІІІ топ. Жырдың тақырыбын, себебін-салдарын, қортындысын балық        

қаңқасына жазу.   YІ топ." Жыр мен кинофильмді салыстыру.

  ІІІ кезең: "Ойтолғаныс".       "Сұрақ-жауап" әдісі                                                                                                                    



Төлегеннің сүйіспеншілігіне бөгет болған қара күш

Ата-ананың              Алыс жол            Жалғыздық            Бекежан                             

  теріс батасы                                                                       жауыздығы                                                                                          

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалау. Топ басшылары бағалау. Мұғалім бағасы

Үйге тапсырма: "Бекежан болсам мен егер.....".   Жырдан үзінді жаттау.

* * * * *



САБАҚТЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ:   САН ЕСІМ  (ҚАЙТАЛАУ  ЖАТТЫҒУЛАРЫ)

Таженова Лаззат Тезекбаевна. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

№81 «Мақташы» жалпы орта мектебі. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Мақташы ауылы

   Сабақтың  тақырыбы:   Сан есім  (қайталау  жаттығулары)

 Сабақтың  мақсаты:

     Білімділік:     сан есім туралы   түсініктерін   бекіту, еске түсіру,   сан   есімдерді   мағынасына   қарай   топтастыру

Дамытушылық:    оқушылардың  сауатты  жазуын, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін, шығармашылығын  дамыту.

  Тәрбиелік:  оқушыларды  әдептілікке, сыйластыққа  тәрбиелеу.

  Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, топтастыру, топпен  жұмыс

  Сабақтың  көрнекілігі:  сюжетті  суреттер, слайдтар, постермен   жұмыс

  Сабақтың  типі:  қайталау, пысықтау     Сабақтың  түрі:  аралас

  Пәнаралық  байланыс:  ана  тілі, математика

  Сабақтың  барысы:   1. Ұйымдастыру  кезеңі Психологиялық  дайындық  ( Слайд )

      Айналаға  алақанмен,

      Жылылықты  шашайық.

      Сәттілік  тілеп, күлімсіреп,

      Біз  сабақты  бастайық.

Үй  тапсырмасын  сұрау



Миға  шабуыл   ( өткен  тақырыптарды  қайталау)

     Оқушылар күннің  көзінен  бұлттарды  ала  отырып,      сұрақтарға  жауап  береді.

             Бұлттағы  сұрақтар:

Негізгі  және  туынды  зат  есім  дегеніміз  не?



Негізгі  және  туынды  етістік  дегеніміз  не?

Негізгі  және  туынды  сын  есім  дегеніміз  не ?



Етістік  дегеніміз  не ?

Сын  есім  дегеніміз  не ?



Сан  есім  дегеніміз  не ?

Жаңа  сабақ



33.

Балалар, ал  енді  дәптерлерімізді  ашып,  бүгінгі  күнді  жазайық.

Оқулықпен  жұмыс  51- жаттығу



15.

Ағайын – алтау, ана – біреу.

16.

Қол – қысқа,



Ой – ұзын,

Арман – биік 

   52- жаттығу     Берілген  сөздерді  тиісті  үйге  енгіз. 

     Сергіту  сәті            Жаңбырдың  музыкасы

             Топпен  жұмыс

        53 –жаттығу  Сан  есім  сұрақтарын  өзара  салыстырып, бір –бірінен  өзгешелігін  дәлелде.

                     Постермен  жұмыс

 Алманың  пайдасы, одан қандай  өнімдер  алуға  болады ?

Жүзімнің  пайдасы, одан  қандай  өнімдер  алуға  болады ?

Құлпынайдың  пайдасы,  одан  қандай  өнімдер алуға  болады? Оқушылар  топпен  жұмыс жасайды.  Өздерінің  

топтарына  түскен жеміс  немесе  жидектің  суретін  салады.  Одан  алынатын  өнімдерді жазады.  Ең  соңында  топ  

басшысы  ортаға  шығып, жұмыстарын қорғап  береді.

   Сабақты   қорытындылау

Балалар, бүгінгі  сабақ  сендерге  ұнады  ма ?



Сан  есім  дегеніміз  не ?

Есептік  және  реттік  сан  есім  дегеніміз не ?



Күнделікті  өмірді  сан есімдерсіз  елестетуге  болады  ма ?

   Өзін – өзі  бағалау     Топ  басшысы  өздерінің  тобындағы  оқушыларды  бағалайды.

    Үйге  тапсырма      54 -жаттығу



* * * * *

Document Outline

  • ОБОСНОВАНИЕ НЕОБХОДИМОСТИ ПРЕОБРАЗОВАНИЙ
  • САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ
  • Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
  • * * * * *
  • БАСТАУЫШПЕН ҚОШТАСУ МЕРЕКЕСІ
  • * * * * *
  • САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЕТІСТІК
  • Оңтүстік Қазақстан oблысы Мақтарал ауданы №8 Н. Оңдасынов
  • атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі пәні мұғалімі Бердалиева Ұлжалғас
    • ПРАКТИКО-ОРИЕНТИРОВАННЫЕ ЗАДАНИЯ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет