сар балақай болып шықты.
үздік өлеңдерге байқау жарияланды.
көрсеткен шара болып шықты.
с ағаттан кейін дін-аман табылды.
біл діруде.
4 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
13
РЕСМИ БӨЛІМ
(Соңы 14-бетте).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2015 жылғы 22 желтоқсан №1029 Астана, Үкімет Үйі
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж.,
№ 15, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:
«Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
«Іске асыру мерзімдері және кезеңдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Іске асыру мерзімдері және кезеңдері 1-кезең – 2015 жыл
2-кезең – 2016 – 2019 жылдар»;
«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:
2-тармақтың он жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек
нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған
халықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен
қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған
оралмандар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына
тарту тетіктерін қамтиды.»;
«Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер
көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
4-тармақтың екінші бөлігіндегі 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар – 5,5 %-ы;
2) жұмыссыздар – 11,0 %-ы;»;
5-тармақтың екінші, төртінші, бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %;
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай – 44,6 %;
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 2020 жылға қарай – 43,5 %;»;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті
шаралар» деген 5-бөлімде:
7-тармақта:
бірінші бөліктің 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру;
3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және
қоныс аударуға жәрдемдесу.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тірек ауылдық елді мекендер инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты
дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз
ету бойынша мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.»;
«Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және
әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) –
фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жоба-
ларды және өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік атқарушы органымен келісілген Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын
инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы,
жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей
отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.»;
13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жобаларды қарау барысында Бағдарлама операторы жобалардың осы Бағдарламаның
8-тармағында көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге сәйкестігін тексереді.
14. Жобалар осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келмеген кезде Бағдарлама операторы
жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.
15. Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдар ұсынған құрылатын жұмыс орындары
санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып, жобаларды
қарайды және іріктейді.
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ
мерзімде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға
басымдық беріледі.»;
16. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша инфрақұрылымдық
жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға
қатысушыларға құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 30%-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу
және абаттандыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемле кет-
тік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды
іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша Бағдар ла ма-
ға қатысушыларға құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 10%-ын, күрделі, ағым дағы жөн-
деу және абаттандыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 15%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
16-2. Жоба іске асырылатын ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған кезде
аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда
оны сырттан тартуға жол беріледі.»;
17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражатының
үнемі қалыптасқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу
бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де
жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жұмсай алады.
18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі
айдың 10-күніне Бағдарлама операторына инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды
іске асыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбула-
ториялар салу бойынша:
1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың
көлемі;
2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жол-
дамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ
олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;
3) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, уақтылы игерілмеудің себептері және төмен
тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері;
4) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы
мәліметтер қамтылуы тиіс есептерді ұсынады.»;
19-тармақ алып тасталсын;
22, 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар
мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінде орналастырылады.
23. Бағдарлама операторы Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық
жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.»;
«Екінші бағыт: кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту»
деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші бағыт: кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды
және экономикалық белсенділікті арттыруды көздейді.
25. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті
орташа және жоғары ауылдарда, қалалық елді мекендерде жеке ісін ұйымдастыру немесе
кеңейту, сондай-ақ Бағдарлама қатысушыларының ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау және
өткізу пункттері кешенімен бірге ұсақ тауарлар өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы базасында
ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру жөніндегі шараларды қаржыландыру мынадай
қатынаста жүзеге асырылады: 80 % – ауылдық елді мекендерде, 20% – қалалық елді мекендерде.»;
30-тармақтың 2), 5), 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
Жеке ісін кеңейтуге микрокредит жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен
қамту орталықтары арқылы міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартында беріледі;»;
«5) микрокредит:
жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге 3 млн. теңгеге дейінгі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударғандарға 5 млн. теңгеге дейінгі;
жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн. теңгеге
дейінгі соманы құрайды.
Ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін 6 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер беру пилоттық
режимде 2016 жылы қабылданатын болады.»;
«12) соңғы қарыз алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған
қаражаты есебінен қайта кредит беруге жол беріледі.»;
32, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал
шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды
және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
33. Жергілікті атқарушы органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін
дамытуға және/немесе жетіспейтіндерін салу үшін және Бағдарламаға қатысушылар іске
асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар
сатып алуға арналған жергілікті бюджет қаражатын айқындалған техникалық шарттарға немесе
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама мен
бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.»;
35-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің
қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті дамыту картасын
әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі уәкілетті
органымен келісу бойынша бекітеді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беру ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түр ле рін
өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді маман дан дырудың
ұсынылатын схемасын ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит
беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес
жүзеге асырылады;»;
мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) Бағдарлама операторы өз құзыреті шегінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті
өңірлік ұйым, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген
кредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне
қабылдаған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.
Қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті, микрокредиттерді беру және өтеу, қатарынан 3
айдан астам микрокредиттерді өтеу бойынша қарыздары бар адамдар, негізгі қарыз және сыйақы
бойынша қарыздардың сомасы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын
өтеген адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген халықты жұмыспен қамту
орталығына әр айдың 5-күнiне дейін ұсынады;
7) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредит) ұйымдары
не микрокредиттік серіктестіктер «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік
тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес кредиттік бюроға микрокредиттерді мақсатсыз пайдалануға жол берген және кредиттерді
өтеу кестесін бұзған адамдарды қоса алғанда, микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылардың
тізімін ұсынады.»;
36-тармақтың 3), 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды Кәсіпкерлерге
қызмет көрсету орталығына немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығына (сервистік қызмет көрсету
жөніндегі ұйым) жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге
жәрдемдесу қамтамасыз етіледі;
4) микрокредиттер беру:
Бағдарламаға қатысушы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының немесе Кәсіпкерлікті
қолдау орталығының жәрдем көрсетуімен жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға
қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік
ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;
5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін Кәсіпкерлерге
қызмет көрсету орталығымен немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығымен бір жылға дейінгі мерзімге
жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа
да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.»;
«Тірек ауылдарды кешенді дамыту» деген бөлім алып тасталсын;
«Үшінші бағыт: жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» деген бөлімде:
53, 57, 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай
түрлері ұсынылады:
1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері
бойынша консультациялар, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызметтер;
2) біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына (бұдан
әрі – кәсіптік оқыту) жіберу;
3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017
халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді
тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;
4) практикалық дағдылар алу үшін қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, кәсіптік оқуға
материалдық көмек беру;
5) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орын-
дарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
6) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара
субсидиялау;
7) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу;
8) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен
екі бөлігін уақытша субсидиялау;
9) жұмыс берушілерге мемлекеттік грант беру арқылы біліктілік арттыруға және қайта даярлауға
жіберу.»;
«57. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «Еңбек нарығы»
автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады.»;
«59. Оқуға үміткерлерді жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да,
Бағдарламаның тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және
бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы өз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да
үміткерлер қатарынан да іріктейді.»;
Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен
бірлесіп айқындаған кадрларға қажеттілікке сәйкес кәсіптік оқу түрін және білім беретін ұйымды
таңдайды.
Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама операторының,
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының,
сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурсына орна-
ластырылған ұйымдардың және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:
«59-1. Қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде жұмыстан босатылған
қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-ден 24 жасқа
дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлерге басым құқық беріледі.
Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға
қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің
қатысуын талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.»;
60-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалдамалы қызметкерлерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастағы жастарды
өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға
қатысушының жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге
асырылады.»;
63-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарламаға қатысушы жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына орналасудан немесе жұмыс
беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, төленген мате-
риалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, оқыту шығыстары жұмыспен қамту мә-
селелері жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған шарттарға сәйкес бюджетке қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:
«64-1. Өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың білікті қызметкерлерін біліктілігін
арттыруға және қайта даярлауға жіберу үшін 2016 жылдан бастап жұмыс берушілерге мемлекеттік
грант беру көзделеді.
Гранттар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және
біліктілік деңгейіне қарай оқу процесі шығыстарын есептей келе білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы органдар белгілеген біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан жұмыс
берушілердің бір адамға кететін шығынының 80%-ы, бірақ 100 айлық есептік көрсеткіштен аспай-
тын мөлшерде беріледі.»;
Жұмыс берушілерге біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік гранттар беру
шарттары жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа
орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
«Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу» деген кіші бөлімнің
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс
орындарына жіберу және ішінара субсидиялауды ұйымдастыру тәртібі»;
65-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастырудың
белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, жұмыс берушілермен жасалған тиісті шарт олардың
Бағдарламаға қатысушыларға субсидиялар төлеуге кеткен мемлекеттің шығыстарын бюджетке
қайтаруы арқылы бұзылуға жатады.
Бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын және жас-
тар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен
әлеу меттік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыруға шарттар жасасуға жол
берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 65-1-тармақпен толықтырылсын:
«65-1. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі
кәсіпорындардың білікті қызметкерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша
субсидиялау олардың жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған
бөлігінің орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.
Республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті
қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау қызметкерлерінің
саны 250 адамнан кем емес өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың қызметкерлеріне
ғана жүргізіледі, өндіріс көлемі немесе бағалардың әлемдік конъюнктурасына байланысты өнім
бағасы төмендеген жағдайда және кәсіпорын мына шарттардың біріне сәйкес келген жағдайда:
1) моноқалаларда қала құраушы кәсіпорын болып табылады;
2) экспортқа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі осы кәсіпорын
өндіретін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемінің кемінде 30%-ын құрайды;
3) ішкі нарыққа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі облыстық көлемнің
кемінде 30%-ын немесе республика бойынша осы тауарлар (көрсетілетін қызметтер) көлемінің
кемінде 10%-ын құрайды.
Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бөлігін уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік шара қолданылған жағдайда, кәсіпорын
өндірістің тоқтатылуына жол бермейді және көрсетілген білікті қызметкерлердің қолданыстағы
жұмыс орындарын сақтайды.
Бұл ретте, өңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды уақытша субсидиялау шарты тиісті жергілікті
атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленеді.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау білікті
мамандар, қызметшілер және жұмысшылар (4-разрядты және одан жоғары) қатарындағы негізгі
өндірістерде (цехтарда) жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ғана жүзеге асырылады.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау 6 ай
ішінде, тағы 6 айға созу мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
Уақытша субсидиялаудың айлық мөлшері қысқартылған жұмыс уақыты үшін қызметкерлер
табысының үштен екі бөлігін құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды,
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып),
бірақ тиісті кезең үшін республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген 2 ең төменгі
жалақыдан аспайды.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін
республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін ВАК қарастырады және келіседі.
Бағдарлама операторы ВАК-та мақұлданған білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үш-
тен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін бекітеді.
Өңірлік комиссия уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін
қарастырады және келіседі.
Жергілікті атқарушы органдар уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың
тізбесін бекітеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен
екі бөлігін уақытша субсидиялауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының
үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды іріктеу, сондай-ақ қаржыландыру
тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа
орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;
«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» деген кіші бөлімде:
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту және/
немесе жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды өз бетінше не қолданыстағы мемлекеттік
сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаларға сәйкес жеке
жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың осал топтарына арнаулы әлеуметтік көмек
көрсету бойынша жұмыс орындарын кеңейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-
қимыл жасайды.»;
67-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кадрлар даярлау және жалдамалы
қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін қызмет көрсету саласында ұзақтығы екі айдан аспайтын
мерзімге оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.»;
69-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары әр
айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту орталықтарына шығарылған Бағдарламаға қатысушылар
туралы ақпаратты және оқитын Бағдарламаға қатысушылардың сабаққа келуін есепке алу
табелін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) халықты жұмыспен қамту орталықтары өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардан
білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екісін уақытша субсидиялауға өтініштер
жинауды және қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға мемлекеттік гранттар беруді жүзеге асырады
және Бағдарламаға қатысушылардың тиісті тізімдерін қалыптастырады.»;
«Аумақтық ұтқырлықты арттыру» деген кіші бөлімде:
70-тармақта:
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті
төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына;
2) 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының Калачи және Красногорский
елді мекендерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға;»;
мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Маңғыстау облысы Жаңаөзен
қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушы-
ларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандарға және
қоныс аударушыларға қатысты жүзеге асырылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс берушілер мен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден
өз еркімен қоныс аударатын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Респуб ликасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандардың және қоныс
аударушылардың Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттік қолдау алу тәртібі жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға
мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.»;
71-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді
мекендерден және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуы:»;
мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Оралмандар мен қоныс аударушылардың қоныс аударуы Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын өңірлерге жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандарға және қоныс
аударушыларға әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерге тұру қажеттілігі мен
қоныс аударуға жұмыс берушілердің қатысуы туралы талаптар қолданылмайды.»;
72, 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді
айқындау критерийлерін өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.
Жергілікті атқарушы органдар олардың негізінде өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісу бойынша
әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды
және оны Бағдарлама операторына жібереді.
73. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы қоныс аударатын Бағдарламаға
қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің
(жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.»;
74-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары да ұсынылады:»;
77-тармақтың бірінші абзацы және 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын қатысуға үміткерлер,
сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушылар көшуге арналған өтінішпен халықты жұмыспен
қамту орталығына жүгінеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган
бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың
ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету
қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді;
2) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін (оралмандарды және
қоныс аударушыларды қоспағанда) ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын
қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің
ықтимал нұсқаларын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық
(қалалық) комиссияға жолдайды;»;
«Бағдарламаға қатысушылар» деген кіші бөлімде:
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған
адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар мен
қоныс аударушылар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге
де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
«Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу жөніндегі шаралар» деген кіші
бөлімде:
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу үшін:
1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ
жеке сектордың бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар
бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қамтитын жалпыұлттық
дерекқорды (бұдан әрі – жалпыұлттық дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар
қабылданатын болады.
Жалпыұлттық дерекқор нақты кәсіпорындар мен мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс
орындарын қамтитын болады.
Ағымдағы бос жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерді ұсыну
нысандарын және Өңірлердің жұмыспен қамту картасын, Халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің кешенді жоспарын, сондай-ақ Жұмыстан босатылу және жұмыс орындарын құру
картасын қалыптастыру тәртібін Бағдарлама операторы мүдделі орталық мемлекеттік органдармен
келісу бойынша бекітеді.
Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберіндегі
жобаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компани-
ялар Бағдарлама операторына құрылыс кезеңінде және оларды пайдалануға бергеннен кейін
құрылатын жұмыс орындарының болжамды санын салалар, жобалар мен мамандықтар/лауа-
зымдар бөлінісінде ұсынады.»;
«Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру» деген кіші бөлімде:
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Бағдарлама бағыттары мен өңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және қаражаттың
бөлінуін келіседі;
2) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды, орталық және жергілікті
атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс
орындарын құру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағ-
дарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты
мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін, сондай-
ақ өңірлер бөлісінде қаржыландыру көлемін қарайды және келіседі.»;
85-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде ВАК-пен келісу
бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қаржыландыру лимиттерін белгілеу
және қаражаттарды бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Өңірлердің жұмыспен қамту картасын, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді
жоспарын, сондай-ақ Жұмыстан босатылу және жұмыс орындарын құру картасын құру тәртібін
әзірлейді және бекітеді.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Өңірлік комиссиялар:
1) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі;
2) Бағдарламаны бағыттары бойынша аудандар мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру
лимиттерін келіседі;
3) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік
серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін келіседі;
4) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді пайыздық
мөлшерлеменің мөлшерін келіседі;
5) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа
ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді;
6) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу
орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі;
7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың
Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;
8) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың
алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды;
9) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен
екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ
кәсіпорындар арасындағы қаржыландыруға қаражат бөлуді қарайды және келіседі.»;
87-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
88-тармақта:
1), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын
жобалар мен іс-шаралардың жоспарларын келіседі;
3) өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік атқарушы органымен келісу бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен,
орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды,
Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарына қоныс
аудару, тұрғын үй беру және мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.»;
89-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасуға жолдама беру.»;
«Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi» деген 6-бөлімде:
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2015 жыл, екінші
кезең – 2016 – 2019 жылдар.»;
94-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үміткерлерді кәсіптік бағдарлау тетіктері пысықталатын болады.»;
95-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«95. Екінші кезеңде: 2016 – 2019 жылдары – өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып,
Бағдарламаның негізгі құрамдас бөліктері әзірленетін, келісілетін болады және орындалуға
қабылданады; еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға
жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылады.»;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 7-бөлімде:
97-тармақтың алтыншы бөлігі алып тасталсын;
99-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғарыда көрсетілген рәсімдер сақталады,
бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді.»;
100-тармақтың 2), 4), 5), 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмысқа, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылғандардың
саны;»;
«4) атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік балалар жәрдемақысын еңбекке қабілетті алу-
шылар есебінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған адамдардың үлесін көбейту;
5) жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтуды кеңейту;
6) әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылған
Бағдарламаға қатысушылардың саны;
7) кәсіптік оқытудан өткендер қатарындағы жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға
қатысушылардың саны.»;
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген
8-бөлімде:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«орындау мерзімі «2015 – 2019»;
12-баған алып тасталсын;
«1-міндет. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына
кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту» деген бөлімде:
1), 2), 3) тармақшалардың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бағдарламаға қатысу мәселесі жөнінде өтініш білдіргендер қатарындағы оған
қатысушылардың құрамына енгізілген азаматтардың үлесі 2) Бағдарламаға қатысу мәселесі
жөнінде өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың құрамына енгізілген әйелдердің
үлесі 3) Бағдарламаға қатысу мәселесі жөнінде өтініш білдіргендер қатарындағы оған
қатысушылардың құрамына енгізілген 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі»;
«Іс-шаралардағы» 2) тармақшаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: