● Оймақтай ой Талпыныс тəжі – табандылық. Əбу Насыр Əл-фараби



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата01.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#889
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан». 

Рейтинг кґрсеткіші 

нені меѕзейді?

Бүкілəлемдік  экономикалық  форум 

аясында əзірленетін «The Human Capital 

Report», яғни «Адам капиталының есе-

бі»  деп  аталатын  бүкілəмдік  рейтинг 

жүйесі  бар.  Ол  адами  капиталдың  да-

муын  анықтауға  бағытталған.  46  көр-

сеткіш  бойынша  дайындалатын  бұл 

рейтинг  жүйесіне ұзын саны 124 мем-

лекет  қамтылыпты.  Яғни,  бұл  рейтинг 

мемлекетті  46  көрсеткіш  бойынша 

бағалау  арқылы  адам  капиталының 

жалпы  индексін  шығаруға  болатынын 

аңғартты.  Осылайша,  Бүкілəлемдік 

эконо микалық  форумның  сарапшыла-

ры XXI ғасырда елдің дамуы мен оның 

эконо микалық көрсеткішінің негізгі фак-

торы адам капиталы екеніне тағы да көз 

жеткізе түсті. 

Өткен жылы аталған рейтингтің көш 

басына  Финляндия  көтерілді.  Арнайы 

зерттеулер  фин  жұртының  жетістігін 

ондағы білім сапасымен жəне оның барлық 

жастағы  топтарға  қолжетімділігімен, 

тəжірибеге негізделген дайындық дең-

гейімен, сауаттылық дəрежесінің жоға-

рылығымен,  сонымен  қатар,  жұмыс 

берушінің  кəсіби  мамандарды  тез  та-

уып  алуымен  байланыстырып  отыр. 

Біріншіден,  бұл  елде  білім  саласын 

қадағалайтын, яғни бақылауда ұстайтын 

органдардың  жұмысы  тоқтатылған. 

Аттестаттау соңғы сыныпта, оның өзінде 

жоғары оқу орнына түскің келетін ойың 

болғанда ғана жүргізіледі. Колледжге түсу 

əңгімелесу сипатында өтеді. Екіншіден, 

жаңағы  қадағалаушы  шенеуніктердің 

еңбекақылары  тұтастай  мұғалімдерге 

аударылған. Қорытындысы – жоғары ақы 

төленетін терең шығармашылық жұмыс. 

Бұл елде, сондай-ақ, педагогикалық 

мамандықтың  магистратурасына  бір 

орынға 14 адамнан келеді екен. Үшін-

шіден, білімге бақылау жүргізуді ата-ана-

лар толықтай өз жауапкершілігіне алған. 

Оларда барлық нормативті құжатқа деген 

қолжетімділік бар. Нəтижесі – мектептер 

барлық заманауи талапқа сай келеді, ал 

сол мектептердің əрқайсысы бір-біріне 

ұқсамайды, яғни өзгеше. Міне, осындай 

себептерден болар, бүгінде фин жұрты 

Еуропа  елдерінің  арасынан  білім  беру 

саласы бойынша оқ бойы озық кеткен. 

Финляндияның білім саласындағы «таң-

ғажайыбының» бір сырын, міне, осын-

дай көрсеткіштерден-ақ іздеуге болатын 

секілді. 

Бұл рейтинг жүйесінде Финляндиядан 

кейінгі  орындарды  Норвегия,  Швей-

цария, Канада жəне Жапония мемлекет-

тері иеленіп отыр. Жалпы, рейтингтің көш 

басындағы  ондықта  тұрған  мемлекет-

тердің басым көпшілігі, негізінен, Еуропа 

мемлекеттері болып табылады. 

Адам капиталы – наєыз 

ќўндылыќ


Қазақстан  2014  жылы  аталған  рей-

тингте  45-ші  орында  болса,  ал  өткен 

жылы 37-інші орынға көтерілген. Яғни, 

соңғы екі жарым жылдың ішінде біздің 

еліміздің көрсеткіші «The Human Capital 

Report» рейтингі бойынша 8 позицияға 

жақсарған.  Сарапшылар  мұның  жақсы 

көрсеткіш екенін алға тартады. 

Ал алдағы уақытта Қазақстан – адам 

ка питалы  дамыған  ел  ретінде  мойын-

далуы  үшін  қандай  жобаларды  жү-

зеге асырған жөн? Адам капиталының 

«XXI  ғасыр  құндылығы»  екенін  ба-

рынша  түйсініп,  оның  экономиканы 

жандандыратын  басты  кепіл  екеніне 

көз  жеткізу  үшін  не  істелінуі  керек? 

Бұл «құндылықтың» дамуына қай сала 

анағұрлым оң əсер етеді? Əрине, ең əуе-

лі  білім  саласы  ойға  оралары  хақ.  Ал 

бұл саланың өзіне құйылатын инвести-

ция көлемі қандай болғаны жөн? Бізде 

бөлінетін  қаржы  көңіл  көншітерліктей 

ме, əлде жоқ па? 

Осыған  қатысты  кейбір  деректерге 

сүйенсек,  жалпы,  біздің  елімізде  білім 

саласына  ішкі  жалпы  өнімнің  шама-

мен 3,6 пайызы жұмсалады екен. Мұны 

соншалықты көп деуге де келмейді. Бірақ, 

соған қарамастан, арнайы көрсеткіш бо-

йын ша, біз сауатты елдердің қатарында 

екенбіз.  Мəселен,  шамамен  6  жылдай 

уақыт  бұрын  Қазақстанда  кəсіби  орта 

жəне  жоғары  білімді  азаматтар  саны 

халықтың  85  пайызына  жетіпті.  Егер, 

салыстырмалы түрде айтар болсақ, сол 

уақытта  Испаниядағы  көрсеткіш  50 

пайыз ды,  Германиядағы  көрсеткіш  78 

пайызды құраған. 

Алайда,  біз  сауатты  һəм  білімді 

ел дердің  жоғары  санатында  тұрға-

ны  мызбен,  жаңа  технологиялар  сала-

сында əлі де аса ілгерілей алмай отыр-

ғанымызды  мойындауымыз  керек. 

Неліктен? Осындайда «Біз сападан гөрі, 

сан қуып кетпедік пе, нағыз көрсеткіштен 

гөрі, имиджге мəн беріп жүрген жоқпыз 

ба?» деген сауал да туындайды. Əрине, 

елімізде үлкен идеялар негізінде жүзеге 

асы рылған  стратегиялық  жобалар 

жоқ  емес,  бар.  Солардың  бірегейі  – 

«Назарбаев Университет».

Жалпы, кез келген елде адам капи-

талының дамуы, ең алдымен, жас тарға 

бүлдіршін  кезінен  құйыла  бастайтын 

инвестицияға  тікелей  байланысты  бо-

латыны  белгілі.  Себебі,  жас  ұрпаққа 

құйылатын  инвестиция  –  құнды  əрі 

қайтарымы  бар  инвестиция.  Батыстың 

дамыған елдерінің балаларға ерте бас-

тан инвестиция құюының басты себебін 

осыдан іздеуіміз керек. Мəселен, кейбір 

дереккөздерге  қарасақ,  қазақстандық 

ата-аналардың  өз  балаларына  жұмсап 

отырған  қаржылай  «инвестициясы» 

шамамен  10  млрд.  АҚШ  долларына 

жуықтайтын көрінеді. Сарапшылардың 

айтуынша,  бұл  мемлекетіміздің  білім 

саласына  бөліп  отырған  қаржысынан 

əлденеше есе көп. Ал жоғары оқу орын-

дарында жүрген жастардың 18-20 пайы-

з ы  ғана  мемлекеттің  қаржысымен, 

қал ғаны  ата-аналардың  қаржысымен 

оқи ды  екен.  Бұл  болашақта  баласын 

биік шыңнан көргісі келетін, себебі ол 

бүгінгі  заманның  басты  талабы  екенін 

ұғынған ата-аналар санының артып келе 

жатқанын байқатады. Бұл, əрине, қуан-

тарлық жағдай. 

Мəселен, Америка ғалымдары адам 

капиталының  дамуы  үшін  сəбиге  4 

жасқа  дейінгі  жұмсалған  қаржы  ең 

тиімді  инвестиция  саналатынын  зерт-

теп білген. Əрине, оның нəтижесі бір-

ден көзге көрінбегенімен де, кейін қай-

тарымы 1 долларға – 5 доллар болаты-

ны  дəлелденген.  Яғни,  бұл  –  егер,  сіз 

балаңызға 10 мың доллар жұмсасаңыз, 

оның  қайтарымы  сəйкесінше,  50  мың 

доллар  болады  деген  сөз.  Ғалымдар 

«Баланың  екінші  даму  кезеңі  бар» 

дегенді  де  алға  тартып  отыр.  Ол  11 

жасқа дейінгі мерзімді көрсетеді. Осы 

кезде,  яғни  4  пен  11  жас  аралығында 

екінші  мəрте  үлкен  инвестиция  құю 

керек  екен.  Себебі,  11  жасқа  келген 

баланың  ертең  қандай  азамат  болаты-

ны, неге бейім екендігі біртіндеп біліне 

бастайды.  Бұл  –  мұндай  ерекшеліктер 

баланың бойында 11 жаста қалыптасып 

үлгереді деген сөз. 

Мəселен, ХІХ ғасырдың 70-ші жыл-

дарының аяғы мен 80-ші жылдарының 

басында Америка Құрама Штаттарында 

мектепке  дейінгі,  мектеп  жасындағы 

жəне  мектептен  кейінгі  бір  балаға  ол 

бой жəне ой түзеген азамат болып кет-

кенге  дейін  мемлекет  жəне  жеке  ата-

аналар «шығындайтын» қаржы-қаражат 

көлемі  бір  жылға  400  мың  долларды 

құраған  екен.  Яғни,  сол  400  мың  дол-

лар  жұмсалған  кезде  ол  бала  колледж 

бітіреді.  Мектепке  дейінгі  сатылардан 

өтеді.  Ал  ғалымдардың  пайымдауын-

ша, өз бойына 400  мың доллар қаржы 

жұмсалып, білім алған жас маман заман 

көшінен қалған ескі техникамен жұмыс 

жасамайды.  Егер,  жұмыс  берушінің 

талаптары  мен  өзі  жөн  деп  тапқан 

талаптар  бір-бірімен  үйлеспей  жəне 

сəйкес келмей жатса, онда өзін, білім-

білігін  бағалайтын  мемлекетті  іздейді. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  ол  өз  бақытын 

шетелден  табуға  ұмтылатын  болады. 

Мұны  америкалық  сарапшылар  жан-

жақты зерттеп білген. Бүгінгі күні жиі 

қолданылатын  «Ақыл-ойдың  сыртқа 

кетуі»  немесе  «Капиталдың  сыртқа 

кетуі» деген ұғымдардың пайда болуына, 

міне, осындай жайттар себеп болса керек.

Осы  орайда,  философия  ғылым-

дарының докторы Амангелді Айталының 

«Болашақ» бағдарламасымен білім алған 

жастарға  қатысты  айтқан  мына  сөзі 

еске түседі. Қоғам қайраткері бізбен бір 

əңгімесінде:  «Егер  де  біздің  мамандар 

шетелден өз бақытын тауып жатса, сол 

жерде  көп  қаражат  алып,  оны  маман 

ретінде сол ел бағалап жатса, ол жасты 

«патриот  емес,  Отанын  сатты»  деген 

сөзден аулақ болайық. Себебі, біз ол ма-

манды  өз  деңгейінде  бағалай  алмадық 

қой.  Ал  ол  жас  өсуі  керек.  Ол  жас  өз 

білі мін  одан  əрі  арттыруы  керек.  Егер 

өзінің  туған  елінде  жағдай  жасалмаса, 

ол ертең бара-бара өзіндегі барынан айы-

рылып қалмай ма?! Сондықтан, ол жас 

өзге елде қалып қойса, қателікті ең əуелі 

өзімізден іздейік. Біз көп жағдайда жас-

тарды кінəлаймыз. Шын мəнісінде, сол 

жастарды өсіруге, олардың бойындағы 

қабілеттерін дамытуға, еңбектерін баға-

лауға мемлекет жағдай жасады ма, əлде 

жасамады ма? Мəселе, міне, осында», – 

деген еді. 

Шынымен де, бұл – қазіргі жаһандану 

заманына  тəн  заңдылық,  я  болмаса, 

құбылыс болар. Ал біздің мемлекет оған 

елдік  тұрғыда  қаншалықты  мəн  беріп 

келеді? Бұл – ойланарлық жайт. 

Балаѕыздыѕ уаќытын 

баєалап жїрсіз бе?

Ақыл-ой капиталы – елді ілгерілетуші 

локомотив.  Десек  те,  елдің  имиджін 

қалып тастыра алатын кез келген сала мен 

сол салада жүрген азаматтар адам капи-

талының дамуына белгілі бір деңгейде 

ықпал ете алады. Спорт – сондай сала. 

Мəселен,  бүгінде  спорттың  мəнерлеп 

сырғанау  түрі  бойынша  өнер  көрсетіп 

жүрген  Денис  Теннің  кəсіби  спортшы 

ретінде  əлемге  танылуына  оның  отба-

сы  үлкен  еңбек  сіңірген.  Ал  сол  бала 

Денистің биік белестерді бағындыруына 

үлкен үлес қосқан басты адам – анасы 

Оксана Тен болғанын біреу білсе, біреу 

білмес. Ол – спортшының бас «бапкері», 

бас  менеджері,  бас  аспазшысы  жəне, 

əрине,  бас  жанкүйері.  Денис  спортта 

шынығу,  өмірде  ширығу  үшін  басқа 

мемлекетте тұруға мəжбүр болады. Сол 

кезде оның анасы Дениспен бірге кетіп, 

ал əжесі мен əкесі, інісі Алматыда, кіш-

кен тай спортшының тілеуін тілеп үйде 

қалады. 


Əрине,  кез  келген  отбасы  ерлікке 

пара-пар  мұндай  тəуекелшіл  қадамға 

бара  бермесі  анық.  Бұл  туралы  спорт-

шының  өзі  бір  сұхбатында:  «Біз,  яғни 

анам  екеуміз  10  жылдан  астам  уақыт 

бойы  отбасымыздан  жырақта  жүрдік. 

Сондықтан, өзімнің отбасыма, олардың 

төзімділігі  мен  сабырлылығына,  мен 

шұғылданып жүрген спорт түріне түсі-

ністік  танытқандары  жəне  шынайы 

тілеулестіктері үшін шексіз алғысымды 

білдіремін», – деп ағынан жарылғаны бар. 

Бұдан қарапайым ғана аксиома шығады. 

Ол – баланың өмірі мен уақытына ата-

ана  ретінде  жауапкершілікпен  қарап, 

көңіл  бөлу.  Үлкен  көрсеткішке  қол 

жеткізу жəне дені сау ұрпақ тəрбиелеу 

үшін  оған  капитал  құю.  Денис  Теннің 

спорттың биік шыңына көтерілуі – сол 

инвестицияның бір қайтарымы. Ал оған 

ұқсауға ұмтылып, мұз айдынына ағылған 

жасөспірімдер қатарының арта түсуі – 

капиталдың екінші қайтарымы. 

Ал  сіз  өз  балаңыздың  болашағына 

инвес тиция құя алып жүрсіз бе?



 Көкейкесті



 Талбесік



 Өнер

Адам 

капиталы


– ел дамуы мен оныѕ экономикалыќ 

кґрсеткішініѕ негізгі факторы



Адам капиталы... Бұл ұғым бұрын тек жеке адамның бойындағы 

бай рухани құндылықтармен бағаланып, өлшенді деп түсініп кел-

сек, бүгінде ол елдің жоғары экономикалық көрсеткіші ретінде 

бағалануда. Яғни, адам капиталы жеке бір адамның ғана емес, 

мемлекеттің азығына айналды. Ол – адамгершілік қасиеттің ғана 

емес, оқу-білімнің жəне кемелдік сананың да тоғысы. Ал бұлар ел 

экономикасына тиімді бағытталса, сөзсіз мемлекетті алға сүйрейді. 

Сол себептен де болар, 2011-2025 жылдар аралығын қамтитын 

мемлекеттік стратегияда Қазақстанның дамуы адам капиталына 

инвестиция құюмен тікелей байланысты екені атап айтылады. 

Осының  негізінде  2016  жылғы  2 

ақпаннан бастап МБЖЖ-ға қатысушы 

банктер білім беру жинақтау салымдары 

бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтерді. 

Осылайша,  бұдан  былай  ай  сайынғы 

сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-ды, ал 

мемлекеттік сыйлықақы 5 % немесе 7 %-ды 

(жеңілдікті санаттағылар үшін) құрады.

Мемлекеттік сыйлықақы мен банк-

тің сыйақысы капиталға айналып, білім 

беру  жинақтау  салымдары  бойынша 

табыстылық жылына 19%-ды құрайды, 

соның  есебінен  салымшы  білім  беру 

қыз меттерін сатып алу барысында шы-

ғыс тардан 30-40%-ға дейін үнемдейді.

МБЖЖ  жүйесі  Қазақстан  Респуб-

ликасының əрбір азаматына өзінің не бала-

сының атына білім беру жинақтау салы-

мын ашып, оны келешекте Қазақ станның 

жəне  шетел  колледждері  мен  ЖОО-

ларында оқудың ақысын төлеу үшін пай-

да лана алады, деп хабарлады Білім жəне 

ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.



Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы 

Назарбаев 2012 жылдың 21 желтоқса-

нында, өзі де ертегі Бурабайдың əсем 

қойнауында аталмыш ғажайып кешенді 

ашты.  Оның  алғашқы  қонақтары  – 

балаларға  құтты  болсын  айтып,  «Аяз 

Ата əлемінің» естелік кітабына «Жаңа 

Жылда жаңа бақытқа, жаңа қуаныштар 

мен  табыстарға  жетіңдер!»  деген 

ақжарқын  тілегін  жазды.  Салтанат 

үстінде  Президентіміз  бұл  нысанның 

Бурабайда орын тебуінің мағынасын да 

ашып көрсеткен еді. 

...Санта  Клаустың  Финляндияда 

«тұратыны»  жұрттың  бəріне  мəлім. 

Алайда, оның көптен бері өзінің сүйікті 

Лапландиясына  ұқсас  жерұйық  ме-

кен  іздеп  жүретіні  де  белгілі.  Өзінің 

кішкентай  қолғанаттары  –  эльфтер-

мен бірге Санта жер жүзін сан мəрте 

айналып,  ақыры,  осы  бір  жұмақ  ме-

кенді  біздің    Бурабайдан  тапқанына 

қалай  қуанбассыз.  Сезімтал  Санта 

бұл  жердегінің  барлығы  адамның  өз 

жүрегінің  тереңіне  үңіліп,  жаны  жай 

табуы  үшін  жасалғандай  екендігін 

білгендей.  Шындығында,  Бурабай  – 

тылсым  сырға  толы  тау  аңғарында 

орналасқан Еуразия кеңістігінің інжу-

маржаны.  Жасыл  желекті  ормандар 

мен мөлдір көлдер ғажайып қиюласып, 

көздің жауын алады. Саф ауамен ты-

ныстап,  көңіліңіз  көркейген  тұста, 

толқынды  бел-белестерден  ел  тари-

хы көлбеңдеп өтіп жататынын көрмеу 

мүмкін емес.

Өзіне тартып тұратын өлкеге келе 

бергің келеді. Сапарыңыз түскен сайы н 

сан құбылып тұратынын қайтер сіз. Санта 

Клаустың резиденциясынан, «шамандар» 

шатырынан, мұз қалашығынан, эльфтер 

мектебінен, мəдени-спорттық алаңдардан 

тұратын нысан жыл бойы жұмыс істейді 

дегенмен, қысқы қуанышы ерекше. Ертегі 

əлемінің əкімшісі Павел Горбачев биыл 

9 солтүстік бұғысы, шанаға жегілетін 

12 полярлық ит арнайы алдырылғанын 

айтады. Жергілікті кəсіпкер Жасқайрат 

Абдрахманов тоғыз квадрацикл мен мо-

торлы қар шанасын іске қосыпты. Мұнда 

ат-шанамен, салт атпен жəне жаяу саяхат 

жасауға да болады. Осыдан болса керек, 

Жаңа жыл мейрамы мен демалыс күндері 

келушілердің саны мыңнан асып түскенін 

білдік.


Қос  қабатты  «Аяз  Ата»  резиден-

циясын  аралап  шығу  танымдық 

көкжиегіңізді кеңіте түседі. Қонақтарға 

арнайы даярлықтан өткен 5 маман үш 

тілде  қызмет  көрсетуде.  Біздің  бұл 

жолғы гидіміз Самал Мейірманова бол-

ды.  Ол  Омбыдағы  Сібір  мемлекеттік 

университетінің дене шынықтыру, спорт 

жəне туризм факультетін бітіріпті. Самал 

жарқырай жүріп, бізді №1 бағыт бойын-

ша «Əлемнің жеті кереметіне» бастады. 

Бұл мейлінше түпнұсқаға келтірілген ма-

кет түріндегі Үндістан Тəж-Махалынан 

бастау алып, Египеттегі пирамидалармен 

жалғасады. Сириядағы Сұлтан Бейбарыс 

əз-Захиридің  кесенесіне  тамсанасыз. 

Атақты мавзолей Қазақстан Президенті 

Н.Назарбаевтың  ықпалымен  қайта 

жаңғыртудан өткізілгені туралы дерек 

тақтайшасы ілініпті. Одан кейін Сфинкс 

арқылы Еуропаға өтесіз. Англияның Биг-

Бені,  Францияның  Эйфель  мұнарасы, 

Римнің  Коллизейі  қолсозым  жерде 

тұр.  АҚШ-тағы  Бостандық  статуясы-

на  жапсарлас  шағын  Ниагара  сар қы-

рамасынан кəдімгідей су атқылап жа-

тыр.  Сөйтіп,  əлемді  шарлап-шарлап, 

«Мəңгілік  Ел»  қақпасы  арқылы  жер 

жəннаты  Қазақстанымызға  ораламыз. 

Ондағы бейнематериалдар мен əсем пан-

нолардан Тəуелсіздік Бəйтерегінің тəтті 

мəуесі төгіліп тұр.

Ертегі əлемінің қазақстандық Санта 

Клаусы  балаларды  да,  ересектерді  де 

өз үйінде əрқашан қуана мейман етеді. 

Біз аса таяқты Аяз Атаның (Дмитрий 

Линниктің) құлағына бір нəрселерді сы-

бырлап жатқан астаналық бүлдіршінді 

көріп  сүйіндік.  Жүзі  бал-бұл  жанған 

Дінмұхамет қандай тілегін айтты екен?.. 

Оның  жанындағы  Ақшақар  (Бекзат 

Олжанова) мен жақсылық шақырушы 

Шаманның  (Сергей  Цукунов)  біреуі 

кербез, біреуі ойнақы кейіппен барша-

мызды өзіне баурап барады. 

Біз  біраз  кісілермен  əңгімелестік. 

Ақтаудан  бала-шағасымен  келген 

теміржолшы  құрдас  Махмұт  Қисаме-

денов,  осы  өңірдегі  Сағыз  ауылының 

мұнайшысы  Сəкен  Мұқанбаев,  ақтө-

белік  кəсіпкерлер  Анар  Мəжитова 

мен Гүлназ Қалменова, қызылордалық 

Оразгелдиев  пен  Ердəулетов  отба-

сы  кəдімгідей  балалық  шаққа  саяхат 

жасағандай  күй  кешкенін  айтады.  Ал  

Мəскеудегі  мемлекеттік  туризм  жəне 

сервис университетінің студенті Юлия 

Лукинаның  осында  тағлымдамадан 

өтіп,  дипломдық  жұмысына  деректер 

жинап жүргеніне бəрекелді дедік.

Əкімші Павел Горбачев құлаш жет-

пес  «Тілек  кітапшасын»  алдымызға 

жайды. Ақ парағын тапқанша кəдімгідей 

əуреге түстік. Англиядан, Араб Əмір-

ліктерінен,  Франциядан,  Египеттен, 

Германиядан, Канададан, Америкадан, 

Австриядан, Венгриядан, өзіміздің ТМД 

мемлекеттерінің  барлығынан  дерлік 

тілектер легі толқындай төгіліпті. Ертегі 

əлемінің поштасына осында бұрын бо-

лып кеткен азаматтардан сағыныш хат-

тары да үзбей түсіп тұрады екен.

Осының  өзі  ертегідей  еліміздің 

мерейін асырады.



Ақмола облысы,

Бурабай ауданы.

––––––––––––



Суретте: ертегілер əлемінен кө-

рініс.

Бурабайдаєы 

ертегілер əлемі

Адам қиял қанатымен тіршілік 

кешіп, сан тарау армандарына са-

пар бастайды. Мұны өмірдің мəні 

десек те болғандай. Осынау қымбат 

қасиеттер жетегіндегі жанның 

шырағданы жарқырап, жүрегі 

ізгілік пен игілікке жақын тұрады. 

Сөйтіп, ертегіден өрілген ертеңгі 

өміріміз шырайлана түседі.

Ертегіге елікпеген халық жоқ. 

Біз ертегінің ішінде жүреміз. 

Бірақ, оны соншалықты сезіне де 

қоймаймыз. Қашанда қол жетпесті 

іздеп тұратын көңілдің сұранысы 

солай. Мына қызықты қараңыз, 

біздің Тəуелсіздігіміз бүкіл жер 

жүзіне таңсық, əфсана-аңыздардың 

бір бөлшегін тұтастай көшіріп 

алдымызға алып келіп отыр. Ол – 

«Санта Клаус əлемі».

Білім беру депозиттері 

бойынша табыстылыќ жоєарылады

Білім алу қолжетімдірек бола түсті. Мемлекеттік білім беру жинақтау 

жүйесінің (бұдан əрі – МБЖЖ) білім беру жинақтау салымдары бойын-

ша сыйақы мөлшерлемесі өзгертілді. Ақша-кредиттік саясат жөніндегі 

техникалық комитеттің 2016 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ағымдағы жылдың 2 

ақпанынан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша базалық 

мөлшерлемені 17 % деңгейінде белгіледі. 

Алматыда  ақпанның  алғашқы  күні 

«Мезет немесе жəй ғана өмір» атты жаңа 

көркем  фильмнің  БАҚ  өкілдері  мен 

шығармашылық қоғамдас тыққа арналған 

тұсаукесері өтті. Кинотеатрларда 4 ақ-

пан нан  бастап  көрсетіле  басталатын 

бұл  туындының  режиссері  –  Т.Жүр ге-

нов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер  уни-

верситетінің  студенті  Ақжол  Əбілов. 

Бұл оның алғашқы толық метражды ту-

ындысы.  Шынайы  өмір  жағдайларына 

негізделген фильм сценарийін ол Ардақ 

Қарықболовамен бірлесіп жазған көрінеді.

Ақжол Əбілов фильмде кəсіпқой не-

месе кемінде тəжірибесі бар актерлардың 

ойнауын басты назарда ұстағанын атап 

көрсетті. 

– Бұл картинаны түсіруге 3,5 ай уақыт 

жұмсадық. Мақсатымыз – адам өмірінің 

əр сəтін бағалай білуге шақыру. Қазақ, 

орыс тілдерінде түсірілген бұл фильмнің 

неге  екі  тілде  жасалғанын  көрермен 

көрген кезде өзі түсінеді. Ол жас та, ұлт 

та  талғамайтын  кино.  35-40  миллион 

теңге қаржы жұмсалған бұл туынды биыл 

өтетін бірқатар кинофестивальдарда бақ 

сынап  көрмек.  Ал  осы  айдың  аяғында 

көршілес  қырғыз  елінің  Бішкек  қала-

сында  прокатқа  шығады  деп  күтіліп 

отыр, – дейді Ақжол Əбілов. Жыл соңына 

дейін екінші үлкен туындысын жарыққа 

шығаруды жоспарлап жүрген ол өз кино-

сын көрерменді тəрбиелеу үшін, оларға 

ой салу үшін ғана түсіретінін айтты. 

Басты кейіпкерлерін Нұржан Сады-

беков,  Нұржан  Тұтов,  Гүлбахрам  Бай-

босынова, Алмат Сақатов, Ерден Теле-

місов, Азат Сейтметов секілді өнер иелері 

сомдаған туынды 2016 жылы тұсау кес-

кен алғашқы қазақ киносы болып отыр. 

Фильмнің  оқиғалар  желісі  тəкаппар, 

менмен  жəне  айналадағы  адамдардың 

пікірімен  санаспайтын  Асқар  (Нұржан 

Садыбеков) есімді бойдақ əрі табысты 

азаматтың бір мезеттік есін жоғалту кезінде 

басынан өткен оқиғаларына негізделген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет