«Абайтану»



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата01.01.2017
өлшемі0,81 Mb.
#941
1   2   3   4   5   6   7

 

Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, 



кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері; 

өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын 



сынауы; 

достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, 



өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы. 

Жиырма екінші қарасөзі: 

қарасөздегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге 



сыни көзқарасы; 

қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі; 



бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-

түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары;  

қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні. 





ІV 

1. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. 

 

 

 

 

3. 

 

 

 

«Абай – сатирик» тарауы 

«

Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері: 

өлеңдердегі билікке таласқан пенденің әлеуметтік-



психологиялық бейнесі; 

болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары;  



 - 

жағымпаз болыстың портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз 

атынан баяндау тәсілі; 

болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын, психологиясын бейнелеу 



шеберлігі; 

патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған 



дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі; 

өлеңдердің көркемдік-эстетикалық құрылымы; 



екі өлеңнің өзара үндестігі; 

ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі;  



ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, 

 

заманның кемшілік-қайшылықтары; 



өлеңдердегі улы мысқыл, сарказм. 



«Көзінен басқа ойы жоқ», «Бойы бұлғаң» өлеңдері: 

өлеңдегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық 



бағыттағы ойлары; 

дүмше молдаларды сынап-мінеуі;  



ой көзі, көңіл көзі, парасат көзі жайында ой қорытуы. 



«Менсінбеуші ем наданды» өлеңі: 

өлеңдегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері; 



ұлттың бойындағы мерез мінезбен күресуден қажыған 

ақынның қамығып, қынжылуы; 

ақынның қоғамдағы қайшылықтарға сыни көзқарасы;  



(4) 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 



 

 

32

 



 

3-

кестенің жалғасы 

 

 

 



 

4. 

өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы; - ақынның надандық 



пен қараңғылыққа қарсылық білдірген жан айқайы.  

Қырық бірінші қарасөзі: 

қарасөздегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі 



нәрсе керектігі туралы пікірлері; 

адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен 



байлықтың ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы. 





 

 

 

1. 

 

 

 

 

 

 

2. 

 

 

 

3. 

 

 

 

4. 

«Махаббатсыз дүние бос» тарауы 

Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік 

тақырыбы, махаббат лирикасына жататын өлеңдеріндегі 

философиялық ой толғамдары 



«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі 

жол» өлеңдері: 

ақын лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, 



сүйіспеншілік жайындағы ой- топшылаулары, ғашықтық, 

құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары; 

сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық 



тұжырымдары; 

«Сен мені не етесің» өлеңі: 

өлеңдегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері 



туралы түйінді ойлары мен пікірлері; - өлеңнің құрылымдық 

өлшемі, ерекшелігі.  



«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі: 

өлеңде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы; 



Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым 

түсініктер;- әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы. 

«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңі: 

лирикалық өлеңдегі қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті; 



сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке 

тәрбиелеу мұраты. 

«Қызарып, сұрланып» өлеңі: 

өлеңде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты 



кестелеуі,- Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы 

шеберлігі. 



(4) 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Шығармашылық жұмыс 



V

І 

 

 

 

1. 

 

«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауы 

Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы 

тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы: 

Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай: 

Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал 



ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы  

(7) 

 

 

 



 

33

 



 

3-

кестенің жалғасы

 

 

 



 

 

ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы; - «Хал 

ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін қамтитыны; - 

«Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін 

Йасауидің басшылыққа алуы; - Жәуанмәртілік – адамгершілік 

негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері 

негізінде. 

 

2. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайдың «Толық адам» философиясы: 

Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» 



өлеңінен бастау алатындығы; 

өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға 



негізделуі; 

Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын 



Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыруға 

ұмтылу мәселелері. 



«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі: 

қарасөздегі ақынның адамгершілік, имандылық, адалдық, 



парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі 

қасиеттер жайындағы ойлары; 

ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні. 



толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау 

керектігі; 

адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз 



мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірі; 

Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі «Лай суға май бітпес қой 

өткенге» өлеңі: 

өлеңде ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы; 



наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы; 

Абайдың исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы; 



Абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен 

іргелі ғылыми еңбектер; 

«Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңі: 

өлеңдегі ақынның табиғат пен адам турасындағы ой-



толғанысы; 

жаратылыс құбылыстары туралы тұжырымы. 



Жетінші қарасөзі: 

қарасөздегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар; 



бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары; 

ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген 



сырларын білу туралы ақынның кесімді пікірі. 

Отыз сегізінші қарасөзі: 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34

 



 

3-

кестенің жалғасы 

 

 

 



 

 

қарасөздің негізгі идеясы Алла, Адам хақында; 



Алла тағала болмысы, ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі 

мен өлшеусіздік ұғымы; 

пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер турасындағы ой 



толғамдары. 

 

4. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. 

Қырық үшінші қарасөзі: 

қарасөздегі жибили және кәсиби ұғым- түсініктері, жан 



қуатының үш элементі жайындағы философиялық 

көзқарастары; 

ақынның дүниені, болмысты тануы, Абайдың хауас 



туралы көзқарасы, хауас ұғымының Абай шығармаларындағы 

көрінісі, ішкі- сыртқы сезім түйсіктері; 

ақынның Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан 



екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа айналдырып, хауас 

ретінде тануы.  



«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі: 

Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей 



тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсетуі; 

ақынның ішкі нанымы, адамшылық жолындағы үгіт пен 



мораль философиясы жайлы танымы; 

Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» 



философиясының негізі болатындығы . 



 

 

 

 

 

 

 



VІІ 

1. 

 

 

2. 

 

 

 

 

3. 

 

 

 

 

«Қазақтың бас ақыны» тарауы 

Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу – абыройлы 

борыш, қасиетті парыз. А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас 

ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны. 



Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген 

жаңалығы: 

Абай туындыларының көркем тілі; - қазақ поэзиясына 



енгізген жаңалығы; - ақынның шеберлік тәсілдері; 

даралық ерекшеліктері; - Абай шығармаларының 



текстологиясы. 

Абайдың ақындық мектебі: 

Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, 



прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі; 

Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен 



байыптаулар; - М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, 

А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар 

еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі; 

Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, 



(5) 

 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

35

 



 

3-

кестенің жалғасы 

 

 

 





Орта  мектепте  «Абайтану»  курсын  оқыту  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдар 

 

Таңдау  курсының  әдістемесі  қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  оқушылар 



дайындығының негізінде Абай мұрасын тануды вариативтік оқыту кеңістігінде 

жүзеге  асыру  жолдарын  қарастырады.  «Абайтану»  курсы  бойынша 

дайындалған  әдістеме  мұғалімдердің  және  оқушылардың  шығармашылық 

мүмкіндіктеріне жол ашады.  

Таңдау  бойынша  курс  сабағы  пән  сабағынан  өзіндік  ерекшеліктерімен 

өзгешеленеді.  Бұл  екеуінің  мақсаттары  ортақ  болғанмен  (екеуі  де  оқушы 

тұлғасын  дамытуды  көздейді),  сол  мақсатқа  қол  жеткізу  тәсілдері  әр  түрлі. 

Таңдау  бойынша  курс  сабақтарының  құрылымында  үй  тапсырмасын  сұрау, 

өткенді  қайталау,  бес  балл  жүйесімен  бағалау  сияқты  компоненттер 

қолданылмайды. 

Таңдау  курсы  сабақтары  сан-алуан  шығармашылық  сипаттарда  түрліше 

құрылуы тиіс: мәтінді зерттеу – ізденіс сабағы, мәтін үзінділерінен белгілі бір 

түсінікті  құрастыру  сабағы,  философиялық  ойтолғау  сабағы,  семинар  сабақ, 

ақынмен  диалог  сабағы,  өзара  диалог  (пікірсайыс)  сабағы,  қиял  сабағы, 

конференция,  дебат,  қарама-қайшылықтар  сабағы,  демонстрация,  өлең  мен, 

қарасөздер мәтіндерін өзгерту сабағы, жағдаяттар құру сабағы, оқушы мұғалім 

ретінде  өтетін  бинарлы  сабақ,  әртүрлі  ойындар  сабағы,  шығармашылық 

жұмыстарды  қорғау  сабағы,  топтық  жұмыс  сабағы,  жоба  қорғау  сабағы, 

рефлексия сабақ, рецензиялау сабағы, өзара бақылау сабағы, спектакль сабақ, 

«дөңгелек стол» сабағы, шығармашылық есеп сабағы, панорама сабағы (шолу 

сабақтарының орнына өтіледі) т.б.  

Бұлардың  ішінде  көп  қолданылатыны  –  көркем  мәтінмен  жұмыс  сабағы. 

Себебі абайтанудың кілті – ақынның өз шығармаларында. Абайды, ұлы Абайды 

өзгелердің  пікірлері  арқылы  танып  сараптау  –  мектептен  кейінгі  ғылымның 

қызметі.  Ал  мектепте  Абайды  оқушылар  оның  шығармаларын  тікелей  оқи 

отырып,  өз  көзімен,  өз  ойымен  тануға  тиіс.  Сонда  ғана  мектептегі  абайтану 

курсының оқушы үшін пайдасы болмақ. 

Әдістеменің  мақсаты  –  жалпы  стандарттық  талаптардың  орындалуын 

кеңейте отырып, оқушылардың Абай мұрасы бойынша білімін тереңдетулеріне 

4. 

Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында. 



Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар: 

ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар 



А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев; - 

Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б. 





 

Шығармашылық жұмыс 



 

Қорытынды сабақ 

36

 



 

жағдай туғыза отырып, таңдалған оқу материалдарындағы рухани болмыс пен 

адамгершілік  бағдарларды,  тәрбиелік  әлеуеттерді  олардың  өз  беттерінше 

ізденіп 

тануына, 

сол 

құндылықтарға 



бағдарлануына 

мұғалімнің 

ұйымдастыратын оқу әрекеттерін педагогикалық және психологиялық жағынан 

негіздеу. 

Бұл  әдістемелік  құрал  Абайдың  әдеби  мұрасын  оқушы  бойындағы  ойлау, 

түсіну,  сезіну,  толғаныс,  эмоциялық  және  ақыл-ой  сапаларын  дамыту  құралы 

ретінде мұғалімнің пайдалана алуына да көмек болып табылады. Ол оқушының 

стандарттық  әдеби  біліміне,  білік-дағдыларына  негізделе  отырып,  оқушының 

талғау,  қабылдау  қабілеттерін,  талдау  мәдениетін  дамытуға  бағытталады. 

Әдістеме мұғалімге оқушының ізденіп, өз оқу әрекетін өзі ұйымдастырып, өзі 

мақсат  қойып,  өзі  орындап,  өзі  бақылап,  өзі  түзетіп,  өзі  бағалауға  және  осы 

үдерістер  барысында  өзіндік  рефлексияға  шығуына  бағыттау  жолдарын 

көрсетеді.  

Абайтану  материалдары  шеңберінде  оқушылардың  зерттеушілік 

әрекеттерге қабілеттерін дамыту да негізгі міндеттердің бірі. Мұнда мұғалім – 

оқушының  әрі  кеңесшісі,  әрі  зерттеушілік  ізденісінің  ынтымақтас  әрекетшісі. 

Ол оқушыға өз бетімен айқындалған тапсырманы шешу жобасын жасауға, оны 

нақты  өмір  жағдайларымен  байланыстыруға,  әр  түрлі  дереккөздерден  ізденіп 

білім  жинауға  (оқулықтан,  мұғалімнен,  құрбыларынан,  қосымша 

әдебиеттерден,  электрондық  оқу  құралдарынан  т.б.) бағыттайды.  Нәтижесінде 

оқушы Абайдың берілген белгілі бір көркем мәтінін түсіне отырып, ол туралы 

өз  түсініктерін  байыта  отырып,  өзіндік  тұжырымдарын  өзгертеді,  жаңартады, 

толықтырады, өмірдегі жағдаяттармен байланыстырады, нәтижесінде берілген 

мәтінді жаңа өнімге айналдырады. Сабақта өз бетінше жаңа бір нәрсені білуге 

ұмтылу бала үшін шаттық сезіміне айналады. Ал жаңа нәтижені білгені қуаныш 

пен мерей болмақ. 

Таңдау  курстарын  оқыту  стандарттық  оқуды  қайталамайтын  оқу  әрекеті 

болып  табылады.  Сондықтан  оның  әдістемесі  де  өзіндік  ерекшеліктерімен 

айшықталады. Мұнда оқушылар оқу материалын меңгеруді ғана емес, сол оқу 

материалдары  бойынша  өз  бетінше  оқу  әрекеттеріне  енуге,  ізденімпаздық 

қабілеттеріне  үйренуге  бағытталады.  Демек  оқу  материалдары  өмірге  керек 

ақпараттық,  коммуникативтік,  проблемаларды  шешу  сияқты  негізгі 

құзыреттерді қалыптастыру үшін де қолданылады. 

Осы  орайдан  «Абайтану»  таңдау  курсында  оқушылар  үшін  алдыңғы 

сыныптардан  қалыптасып  келе  жатқан  өз  бетінше  оқу,  өз  бетінше  іздену,  өз 

бетінше  шешім  табу,  өз  бетінше  сараптау,  өз  бетінше  бағамдау  сияқты  оқу 

әрекеттерін шыңдап, жетілдіріп ұйымдастыруға басымдық беріледі. Өз бетімен 

жұмыс істеу шарттарының оқушы бойында дағдыға айналуына қол жеткізсек – 

онда  тұлғаның  қалыптасуына,  тұлғаның  өзгеруіне,  тұлғаның  рефлексиясына 

қол жеткізгеніміз. 

«Өзін-өзі  өзгерту  және  рефлексивтік  түрде  өзін-өзі  ұйымдастыру 

үдерістерінде  шешімдерді  өз  бетінше  белгілеп  шешуге  қабілеттілікті 

қалыптастыруға бағытталған оқу әрекетінің негізгі үдерістері төмендегідей: 

37

 



 

 

оқушының  өзіне  қойылатын  нормативтік  талаптардың  жалпы  жүйесін 



түсінуіне мұғалім көмектеседі; 

 



бұл берілген талаптарға яғни оқу үдерісіне мотив пайда болады; 

 



қалыпты жолдармен алғашқы әрекет және оны орындауға мотивтілігінің 

болуы; 


 

алғашқы қалыптағы әрекетті орындау және қиындыққа кездесу; 



 

пайда болған қиындықты рефлексиялау; 



 

жаңа жағдайда оқу әрекетін қайта құру; 



 

пайда  болған  қиындықты  шешуде  өз  бойында  тиісті  білім,  білік, 



дағдылардың жетіспейтінін рефлексиялау; 

 



пайда  болған  қиындықтарды  шешу  үшін  сұрақтар  қою  арқылы, 

жоспарлау арқылы жобаны құру және мақсат түзеу; 

 

құрған жобаны жүзеге асыру; 



 

жобаның дұрыс шешілгенін тексеру; 



 

жобаны орындау және оны тексеру барысындағы рефлексия; 



 

оқу әрекетіне тұтастай рефлексия және бағалау;  



 

оқу әрекетінен шығу» [37].  



Жоғарыда  көрсетілген  оқу  әрекеттеріндегі  өзін-өзі  рефлексивтік 

ұйымдастыру  қабілеттерін  қалыптастыру  үшін  оқушылар  жеткілікті  түрде 

ұдайы және жүйелі рефлексиялық қабілетті қозғауға бағытталған арнаулы оқу 

тапсырмаларын  орындап  отыруы  қажет.  Оқу  әрекетінде  қалыптасқан  мұндай 

өзін-өзі  рефлексиялық  ұйымдастыру  қабілетін  оқушы  өмірдегі  басқа 

жағдайларда  қолдана  алатын  болады.  Бұл  –  оның  функционалдық 

сауаттылығының көрінісі. 

 

«Абайтану»  курсы  әдістемесі  мұғалімдерді  оқушылардың  адамгершілік 



сезімдері  мен  бағдарларын  Абай  шығармалары  арқылы  дамыту  жұмыстарын 

жүзеге  асыру  кілттерін,  тетіктерін  табуға  бағыттайды.  Ол  өз  негізінде  жас 

ұрпақты Отанды сүю, елжандылық, азаматтық рухтарында тәрбиелеу құралы да 

болып саналады. Бұл Абай мұрасы контексінде арнаулы этикалық адамгершілік 

әңгіме-сұхбаттарын, диологтар ұйымдастыру жолдарымен жүзеге аспақ. Мұнда 

әрбір  оқушы  адамгершілік  істі  таңдау,  бағалау  әрекетіне  тартылып, 

рефлексиялық күйге енеді. 

«Абайтану»  курсында  оқушылардың  шығармашылық-практикалық 

әрекеттерін  жобалар  қорғау,  тақырыптық  альманахтар  дайындау, 

конференциялар,  тренингтер,  дөңгелек  үстелдер,  сұқбаттар,  пікірталастар, 

дебаттар сияқты т.б. жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырудың тиімді екені осы 

құралда дәйектелген. 

Ғалымдар Жұмажанова Т.Қ., Дүйсебаев С.Р. «Абайтану» курсы сабақтарын 

өткізуде төмендегідей әдіс-тәсілдерді ұсынады:  

– 

оқушылардың жеке жазбаша шығармашылық жұмыстарының үзінділерін 



оқу; 

– 

жұптық пікірлесу мен топтық диспут, дискуссиялар; 



– 

кілт (таза тақтаға немесе парақ бетіне белгілі бір идеяның я тақырыптың 

өзегі болып табылатын кілт сөз немесе сөз тіркесі жазылады: оның айналасына 

38

 



 

сол идеяны (тақырыпты) ашатын соған қатысты деректер, мәліметтер, образдар, 

идеялар  айнала  бір-бірден  жазылады;  пайда  болған  сөздерді  кілт  сөзіне 

сызықтармен  жалғастырады;  сөйтіп  берілген  тақырыптың  ақпараттық  өрісі 

түзіледі); 

– 

қосарлы  күнделік  жазбалар:  Абай  сөздерін,  ойларын,  идеяларын, 



мазмұнын  оқушының  жеке  өмір  тәжірибесімен  салыстыру  (күнделіктің  бір 

бөлігіне  Абайдың  мейлінше  әсер  еткен  сөздері  жазылады,  екінші  бөлігіне 

оқушылар  оған  өздерінің  көзқарастарын,  пікірін,  ойын  жазады,  түсіндірмелер 

жасайды); 

– 

құндылықтарға  бағдарлану  шеберханасы.  Мұнда  өмірлік  мәні  аса  күшті 



мәтіндермен  табысу,  жекелеген  қызғылықты  адамдармен  кездесу 

ұйымдастырылып,  сұрақ-жауап  жүргізіледі,  шығармашылық,  жақсылыққа 

деген құштарлық, өзін және өзгені жаңаша түсіну жүзеге асырылады; 

– 

«Философиялық  стол».  Мұнда  мұғалім  алдын  ала  Абай  шығармалары 



бойынша  аса  қажет  деген  сұрақтар  дайындап,  оқушыларға  ұсынады.  Балалар 

оларға жауапты Абай шығармаларынан іздеп табады. Мысалы, «Адамға ар-ұят 

керек  пе?»  деген  сияқты  философиялық  мәнді  әрі  ойландырғыш  сұрақтар 

қойылады.  Жауапты  оқушылар  Абай  сөзімен  береді,  өзі  оған  толықтырулар, 

түзетпелер,  қоштаулар  қосуы  мүмкін.  Мұғалім  шебер  түрде  оқушының  жеке 

пікірімен  тез  арада  байланыс орнатып,  қолдау  көрсетеді  және  өз  сөзін  айтуға 

батпай  отырғандарды  сөзге  тартады.  «Философиялық  стол»  сабағы  өтетін 

бөлме  арнайы  түрде  ұсынылатын  мәтіндерге  лайық  суреттермен, 

портреттермен  безендіріледі,  столдар  дөңгеленіп  орналасады,  тәжірибелі 

мұғалімдер,  ата-аналар,  қайраткерлер,  белгілі  ақын-жазушылар  шақырылады. 

Оқушылардың  өз  бетінше  талдау,  талқылау  барысында  өмірдің  мәні  туралы 

сұрпақтарға жауап іздеуге ынталары артады. 

«Философиялық стол» сабақтары «Абайтану» курсында қол жететін нәтиже 

көрсеткіші  рөлін  де  атқара  алады.  Абай  шығармаларының  мәнін  ақындық 

көзқараспен  оқушының  диалогқа  түсіп,  пікірлесуі  арқылы  көрсетіп  отыру 

тәсілін қолдану аса қолайлы. Абай шығармалары негізінде оқушылар тұлғалық, 

ұлттық,  бүкіладамзаттық  құндылықтарды  анықтау,  олар  туралы  пікірлесу, 

оларды  сақтау  және  дамыту,  өз  бойларына  дарыту,  өзгелер  бойынан  танып 

құрметтеу  күйін,  танымдық-тәрбиелік-дамытушылық  мәнін  сезінуді,  түсінуді 

бастан кешіп, өткереді. 

 

Іскерлік  ойындар  да  таңдау  курсында  өзінің  тартымдылығымен, 



дамытушылығымен  ерекшеленеді.  Жағдаяттық  және  рөлдік  ойындарды  өзара 

үйлестіру  жолымен  «Альманах»  ойынын  ұйымдастырып  отыру  қызғылықты. 

Авторлар, 

редакторлар, 

бас 

редакторлар 



бірлесіп 

оқушылар 

шығармашылығымен (Абайтану бойынша) ауызша альманах құрастырады. Сол 

сияқты видеокино түсіру де «Абайтануға» қызығушылықты арттырады («Абай 

– 

өз сөзімен», «Абай – оқушы көзімен» т.б. тақырыптар). 



 

Адамгершілік  сабақтары  да  таңдау  курсындағы  негізгі  жұмыстардың 



бірінен  саналады,  Абай  көтерген  адамгершілік  проблемаларына  көзқарас, 

олардың  қазіргі  көріністері  сияқты  мәселелер  талдауға  арқау  болады. 

39

 

 



Оқушылар  өз  пікірлерін  Абай  сөздеріне  сілтеме  жасау  жолымен  бекітуге, 

керісінше  Абай  сөзінің  мағынасынан  өз  пікірін  туындатуға  т.б.  ой-сезім,  тіл 

әрекеттерін орындайды [37]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет