Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


-Программы  электронной почты,  такая как Outlook



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68

-Программы 

электронной почты, 

такая как Outlook. 

 

 

Примечание: доступ, к 

дискуссионному 

форуму обычно 

осуществляется через 

браузер и, 

следовательно, не 

требует специального 

программного 

обеспечения. 

 

 



 

Системы  электронного  обучения  создаются  не  технологиями,  а  людьми. 

Отправной  точкой  при  любом  использовании  технологии  являются  люди, 

которым нужна эта технология. 



Участники и процессы 

77 

 

Чтобы информация об инструментах и технологиях, необходимых даже 



для  простого  проекта,  приобрела  смысл,  необходима  структура  или  список 

основных категорий необходимых технологий.  

Начнем  с  того,  что  рассмотрим  группы  людей,  вовлеченных  в 

рассмотренный процесс и технологии, который им необходимы для тех видов 

деятельности,  которыми  они  занимаются.  Это  разработчики  курсов 

электронного обучения, те, кто предлагают курс или  Web –сайт, а также сами 

учащиеся. 

 



Процесс  построения  курсов  электронного  обучения  называется 

Созданием и осуществляется Разработчиками.   

 

Следующий процесс – это Доставка, осуществляется Провайдером. 



 

Процесс получения электронного обучения называется Доступом и 



осуществляется Учащимися. 

Рассмотрим каждого участника и каждый процесс более подробно. 

Разработчики    –  это  дизайнеры,  авторы,  писатели,  иллюстраторы, 

фотографы,  аниматоры,  создатели  видеороликов  и  другие  люди  творческих 

профессий, совместными усилиями выпускающие электронный курс в жизнь. 

Учащиеся  –  имеют  множество  названий.  Обычно  их  называют 

Студентами. Если программа электронного обучения в виде онлайн - документа 

или  системы  управления  обучением,  они  называются  читателями  или 

пользователями.  

Провайдер  –  это  организация  которая  делает  систему  электронного 

обучения  доступной  сети,  так    что  содержащиеся  в  ней  курсы  становятся 

доступными учащимися и тем, кто должен её администрировать, поддерживать 

и обеспечивать нормальное функционирование.  

Резюмируем: 

 

Разработчики создают курсы ЭО. 



 

Провайдеры предлагают такие курсы. 



 

Учащиеся получают доступ курсам. 



 

Что им необходимо? 

 

Каждому  из  участников  –  разработчику,  провайдеру  и  учащемуся  – 



требуется  три  формы  технологий:  аппаратное  оборудование,  сетевое 

подключение  и  программное  обеспечение.  Учащемуся  вероятно  потребуется 

персональный  компьютер  для  доступа  к  программе  обучения  и  сетевое 

подключение, по крайней мере, со средней скоростью. В дополнение к базовой 

операционной  системе  персонального  компьютера  учащемуся  необходимы 

будут дополнительные программытакие как Web-браузеры и медиаплееры. 

Организации,  осуществляющей  предложение  курсов  ЭО,  требуется 

сетевой  сервер.  Вы  можете  представить  его  себе  как  супермощный 

персональный  компьютер,  оптимизированный  для  пересылки  информации  по 

сети.  Сервер  также  нуждается  в  высокоскоростном  сетевом  подключении  для 

того,  чтобы  он  мог  пересылать  информацию  одновременно  множеству 

учащихся.  Кроме  того,  необходимо  программное  обеспечение  Web-сервера 

(чтобы  воспользоваться  какой-то    из    служб    Интернета,  необходимо 


78 

 

установить  на  компьютере  программу,    способную  работать  по  протоколу 



данной  службы,  например,  чтобы  воспользоваться  электронной  почтой, 

необходимо соблюдать протоколы отправки и получения сообщении.  

Для этого, надо иметь программу (почтовый клиент) и установить связь 

с почтовым сервером.   

Разработчик  использует  мультимедийные  рабочие  станции  для 

подготовки графики, анимации, видеороликов, звуков и другого необходимого 

медиасодержимого.  Разработчику  также  необходимо  сетевое  подключение  со 

средней  скоростью.  В  действительности  будет  лучше,  если  подключение 

разработчика к сети будет не быстрее, если подключение разработчика к сети 

будет  не  быстрее,  чем  подключение  учащегося,  чтобы  разработчик  мог 

работать со своим продуктом на той же скорости, что и учащийся.  

Для  создания  и  редактирования  различных  медиакомпонентов 

необходимо специализированное программное обеспечение. 

 

Библиографические ссылки 



1. Дистанционные  образовательные  технологии:  проектирование  и 

реализация  учебных  курсов/  Лебедева  М.Б.,  Агапонов  С.В.,  Горюнова 

М.А.,  Костиков  А.Н.  Никитина  Л.Н.,  Соколова  И.И.,  Степаненко  Е.Б., 

Фрадкин  В.Е.,  Шилова  О.Н./Под  общ.ред.  М.Б.  Лебедевой-СПб.:  БХВ-

Петербург, 2015.-336с. 

2. Семсаев  И.М.,  Семченко  А.А.,  Мухамбетжанова  С.Т.,  Кыдырбек  О., 

Мелдебеков  Е.  Технология  создания  виртуальной  среды  для 

автоматизации  учебно-воспитательного  процесса  –  Алматы:  РИПК  СО, 

2011 – 80 С. 

3. Семченко  А.Е.,  Мухаметжанова  С.Т.,  Толкбаева  Г.Н.,  Жартынова 

Ж.А.,  Коровина  С.В.  Методическое  пособие  по  проведению 

мониторингового  исследования  электронного  обучения  –  Алматы: 

РИПК СО, 2011. -60с. 

 

 



Ләззат Әбдіхалықова 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы 

№96 орта мектептің қазақ тілі мен 

 әдебиеті пәні мұғалімі 

 

ОҚУШЫНЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ОҚЫТУДЫҢ 

ӘДІС



ТӘСІЛДЕРІ 

 

Бүгінгі заман талабының басты ұстанымдарының бірі білім  беруде жаңа 

технологияларға  сүйене  отырып,  оқытудың  ақыл

ой  тәрбиесіне  негізделген 

жаңаша  әдіс

тәсілдерін  тиімді  пайдалану.  Оқытудың  әлеуметтік  өзгерістеріне 

бейімделе  отырып,  әлемдік  өркениетке  қол  жеткізу  арқылы  оқушының  


79 

 

біліктілігін  қалыптастыру.  Қазіргі  қоғамның  дамуындағы  жаңа  педагогикалық 



технологиялардың  мақсаты 

заман  талабын  орынды  пайдалана  білетін 

зерттеулер  жүргізу,  әртүрлі  деңгейдегі  ғылыми

тәжірибелік  конференциялар, 

дөңгелек  үстелдер  өткізу,  оқушылардың  елге  деген  патриоттық  сана

сезімін 


толассыз  жетілдіру  кезінде  түпкі  нәтижеге  қол  жеткізе  алатын,  жас  буынның 

жеке қабілетін, белсенділігін дамыту және ой



өрісін кемелдендіру. 

Қазіргі  таңда  осы    айтылған  мәселелер  аясында  «Өрлеу»  БА  ҰО»  АҚ 

филиалы  Қызылорда  облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің 

біліктілігін  арттыру  институтында  әлемдік  тәжірибелердің  талаптары  ескеріле 

отырып,  педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқу курстары 

өткізіліп  келеді.  Соған  байланысты    Кембридж  университеті  (Ұлыбритания) 

мен  Назарбаев  зияткерлік  мектептері  арасындағы  жасасқан  бағдарламалар 

аясында  мектептерде  тәжірибе  кезеңі  жүргізілуде.  Жүріп  жатқан  іргелі 

өзгерістердің  мақсаты  жаңаша  оқытудың  төмендегі  әдіс



тәсілдерін  қолдана 

отырып оқушының қабілетін дамыту [4.3]. 

1. Оқыту жұмысын ұйымдастырудағы жаңа тәсілдерді 

білім беру мен 

білім  алу  барысында  оқушылардың  өзара  білім  алмасуы,  оқушы  мен 

оқытушыға  қолайлы  жағдайдағы  оқу  үрдісін  жоспарлау,  ұйымдастыру  және 

олардың  бірлескен  педагогикалық  іс

әрекеттерінің  ойластырылған  әдіс



тәсілдері  деп  қарастырамыз.  Бұл  тәсілдер  оқушылардың  бойындағы 

қабілеттерін  айқындау  бағытында  ерекшеленеді.  Атақты  ғалым  В.М.Шепель: 

«Технология»,  бұл



өнер,  шеберлік,  іскерлік,  әдістер  мен  жағдайдың  өзгеруі» 

деген  болжамдар  келтірген  екен.  Бүгінді  күні  мектептерде  бәсекелестікті 

дамыту,  білім  беру  сапасын  көтеру,  деңгейі  жоғары  әрі  білікті  мұғалімдермен 

қамтамасыз  ету  міндеттері  алға  қойылып  отыр.  Олай  дейтініміз,  бүгінгі 

оқытудағы  жаңа  технологияны  пайдалана  отырып  білім  беру  жүйесін 

қалыптастыру  оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  істеуге,  ізденіп  оқуға,  жүйелі 

білім  алу  жауапкершілігін  түсінуге  жетелейді.  Өйткені  сабақ 

– 

мұғалім  мен 

оқушының  өз  қажеттілігіне  орай  білімді  меңгертуі  мен  меңгеруі,  машық

дағдыны  қалыптастыруы,  ізденіске  баулуы,  шығармашылық  пен  талапты 

дамытуды  қажет  еткен  мақсат

міндеттер  тұрғысынан  бірлесе  жұмыс  істейтін 

ынтымақтастығы.  Осы  орайда    оқушылардың  білімін  бағалаудың  рейтингілік 

жүйесі қолданысқа енгізілуде. Ал мұғалімнің жаңа әдістерді қолданып өткізген 

сабағын оқушылардың  қызыға оқуы тәлім берушінің сабақты өткізуі деңгейіне 

тікелей байланысты [3]. 



2.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  мен  мұғалімдердің  сыни  тұрғыдан 

ойлауы 

маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді 

қамтиды. Бүгінгі заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру 

мұғалімдер  алдындағы  үлкен  міндет.  Оқушылар  арасындағы  өзара  сұхбаттасу 

және  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалогтың  шәкірттердің  өзіндік  ой 

пікірін  жүйелеуі  мен  дамуына,  білім  жинау  жауапкершілігін  түсінуіне 

көмектеседі.  Сыни  тұрғыдан  ойлауды  оқыту  көбінесе  оларды  өз  пікірлерін 

айтуға,  дәлелді  шешімдер  қабылдауда  оқушылардың  бойына  тұлғалық 

тұрғыдан  асыл  қасиеттерді  қалыптастыруда  атқаратын  рөлі  зор.  Шәкірттердің 


80 

 

бойындағы құндылықтарды айқындау мақсатында ой қозғау, ояту, ой жинақтау 



стратегияларын  жүзеге  асыру  жақсы  нәтиже  бермек.  Мұғалімнің  кәсіби 

біліктілік дәрежесі оқушының бойына жаңалыққа құштарлық сезімін ұялатып, 

білген үстіне біле түсуге, білімін тереңдете түсуге жетелейді. Сабақта игерілуге 

тиісті материалдарды өту кезінде әр оқушының жеке қабілетіне сүйенеді, ойын 

тұжырымдауға  ерік  береді,  сол  күнгі  сабақ  үстіндегі  жағдайды  ескеріп  жедел 

шешім  қабылдап,  қайта  қалыптастыра  біледі.  Сабаққа  барлық  оқушыларды 

қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде нәтижеге қол жеткізеді. 

3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау және оқуды бағалау–оқыту 

процесінде  оқушылардың  белсенділігін  арттыруға,  алға  қадам  басуына  және 

оған қолдау көрсету үшін әсер етеді. Егер мұғалім өз пәнін жақсы білсе, онда 

оны  оқушының  бойына  сіңірудің  дұрыс  әдіс–тәсілдерін  табады.  Қазақ 

зиялыларының  бірі  Ахмет  Байтұрсынов  кезінде  былай  депті:  «Бала  білімді 

тәжірибе  арқылы  алуы  керек.  Мұғалімнің  қызметі  балаға  орындалатын 

жұмыстың  түрін  шағындап  беру  және  қойылған  мақсатқа  жету  үшін 

бағыт бағдар беріп отыру». Мен өз сабағымда оқушыға бағалау парақтарын 

қолданамын.  Сол  себептен  әр  сабағым  түсінікті,  әрі  қызықты  өтеді.  Сабақ 

жүргізу кезіндегі мұғалімнің біліктілігі мен білімділігі, оның өз кәсібін меңгеру 

деңгейінің    жоғары  болуы  шәкірт  жүрегінен  орын  табуға  көмектеседі.  Егер 

оқушы,  мұғалімге  және  сыныптастарына  өзінің  дәлелді  ойларының 

дұрыстығын  жеткізе  алса,  онда  мұндай  баланың  бойында  өзін–өзі  бақылау 

қабілеті қалыптасқан деп айтуға толық мүмкіндік бар. Бұндай оқушы сабақтың 

сәтті өтуі үшін аса ынталы болады әрі өздерін соған жауапты сезінеді. Осындай 

қағидалармен  дайындығына  аса  жауапкершілікпен  қараған  мұғалімнің 

жүргізген сабағы күтілген нәтижеге қол жеткізеді [2]. 



4.  Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық–коммуникациялық  технологияларды 

пайдалану  –  соңғы  кезде  мұғалімдерге  сабақ  берудегі  көмекші  құрал  ретінде 

сәтті  жүргізіліп  келеді.  Мүмкін,  оқулық  көлемінде  ғана  шектелген  білім, 

оқушының теориялық білімін күнделікті өмірімен, тәжірибемен ұштастыру, өз 

бетімен  ойлану,  өздігінен  іздену  кезінде  мүмкіндігін  тежейтін  шығар.  Себебі, 

кәзіргі  заманғы  білім  үрдісі  күнделікті  өмірде  болып  жатқан  сан–алуан 

жаңалықтармен,  өзгерістермен,  адамзат  баласының  ақыл–ой  жетістіктерімен 

толықтырылып  жүзеге  асыруды  қажет  ететін  сияқты.  Сондықтан  білім  беру 

саласында  оқыту  мен  оқудың  жаңа  үлгісі  мен  жаңа  жетістіктері  жұмыс  істей 

бастады. Бүгінде еліміздегі ақпараттық алмасу дегеніміз–ақпарат, жаңалық, ал 

коммуникациялық  дегеніміз–байланыс,  қатынасты  білдірсе,  технология 

дегеніміз  –іскерлік  пен  шеберлік  екенін  жоғарыда  айтқанбыз.  Осылардың 

бірлескен  жұмысы  ақпарат  алмасу  тәсілдерін  желіде  орындау  –интернет 

желісінде  бірлескен  жұмысқа  қатысу  ұғымдарын  білдіреді  екен.  Ал  қазіргі 

уақыт  қоғамдағы  ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуымен 

ерекшеленеді.  Осыған  байланысты  өзгерістер  ақпараттық–коммуникациялық 

технологияларды  ескере  отырып  ақпаратты  таратудың  жаңа  құралдары  мен 

жүйелерін  пайдалануды  мақсат  етіп  қояды.  Осы  орайда  білім  саласына 

ғаламтор  желісі,  ноутбук,  интерактивті  құралдарды  қолдану,  электронды 



81 

 

оқулықтар  қолданысқа  келді.  Қазіргі  ғасырдағы  қойылып  отырған  ең  өткір 



мәселелердің бірі –бүгінгі ғасырдың оқушысын  қалай оқыту керек?. XXI ғасыр 

–ақпараттандыру ғасыры. Оқушылардың осы ақпарат жетістіктерін жан–жақты 

пайдалануды  игеріп  кетуі  қоғамдағы  өзгерістер  мен  процестерді  меңгеруді 

жеделдетеді  және  жеңілдетеді.    Ал  бүгінгі  жас  буын  қоғамда  жүріп  жатқан 

ақпаратты  техникалық  құралдардың  көмегімен  тез  қабылдайды.  Ендеше  бұл 

өзгеріс біздің оқыту жүйемізге тың серпін мен жаңа екпін береді. 



5.  Талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту  –барысында  олардың 

қабілеті мен талантын ашу өте маңызды. Дарындылық оқушының өз бейімділігі 

арқылы  қалыптасатын  қасиет.  Оқушының  дарындылығын  анықтап,  олармен 

жұмыс  жасау  қалай  жүзеге  асырылуы  керек?.  Ол  үшін  мұғалім  оқушыға  жан-

жақты  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  олардың  дарындылығын,  қабілет 

мүмкіндіктерін  айқындай  алады.    Біз  бұл  орайда  олардың  қажеттіліктерін 

түсінуге  қатысты  ой–пікірлерін  және  оқыту  мен  оқудың  сараланған 

стратегияларын  таңдау  жөніндегі  идеяларды  қамтимыз.  Дегенмен  дарынды 

оқушылардың  басқа  балалардан  ерекшеліктері  қандай?.    Оқушылар  өзін  еркін 

ұстайды, жүргізілген сабақтар арқылы сенімділікпен жұмыс атқарып көп сұрақ 

қояды, өзінің дәлелдеуі басқалардан басым болады, қарсы айтылған пікірлерді 

бағалап  өз  идеясымен  тұжырым  жасайды,    өз  ойын  ашық  айтады,  бір  сөзбен 

айтқанда  бар  ынтасымен  оқуға    беріледі.  Нәтижесінде  күрделі,  әрі  қиын 

сабақты  тез  түсінеді.  Дарынды  және  талантты  оқушы  сабақты  өзі  талдайды, 

мұғалім тек бағыттаушы қызметінде көрінеді. 

Альберт  Эйнштейн:  «Мен  ешуақытта  өз  оқушыларыма  еш  нәрсе 



үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» десе, Сенека: 

«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз», –демеп пе еді. Ал ұлы 

ойшыл  Плутарх  кезінде  былай  депті:  «Көптеген  табиғи  талант  дарынсыз 



ұстаздардың  кесірінен  жойылып  кетеді.  Сондықтан  әрбір  ұстаз  бұған  жол 

бермеуі керек». 

6.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқудың  – 

әлемдік  өркениетке  сай  сапалы  білім  беруді  көздеген  білім  беру  жүйесінде 

түрлі жастағы балалардың жас шамасына қарай бейімделген сындарлы диалог 

жүргізуді  қарастырамыз.  Диалог–  сөйлеудің  ең  негізгі  түрі  болып  саналады. 

Мұғалім  оқушымен  әңгімелесу  арқылы  оған  ойын  жинақтауға  көмек  береді. 

Сабақ тартысты өтеді. Оқытушылардың тақырып бойынша жинақтаған ойлары 

олардың  мүмкіндіктерін  анықтайды.  Әр  оқушының  сабаққа  қызығушылығы, 

дүниетанымы,  ойлау  қабілеті,  от  басындағы  даму  ерекшеліктері  әр  түрлі. 

Сондықтан  оқушыларға  әр түрлі талап қоюға тура келеді.  Олардың өлеңдерін, 

эсселерін,  шығармаларын    оқу  кезінде,  оқырманға  ой–пікірін  ашық,  ішкі 

дүниесін анық, еркін жеткізетінін  байқайсың. Бұл ерекшелік оқытудағы қазіргі 

заманғы әдіс–тәсілдерді қолдану негізінде қол жеткізген  мүмкіндіктер.  



7.  Оқытуды  басқару  мен  көшбасшылық  –мұғалім  енгізетін  өзгерістер 

тарапынан  қарастырылатын  білім  сапасын  арттырудың  бірден–бір  жолы. 

Бүгінде  мұғалімдердің  тәжірибесі  мен  біліктілігінің,  беделі  мен  абройының 

қоғамда  алар  орны  ерекше.  Американдық  психолог  Чарльз  Моррис  даналық 



82 

 

сөздерінің  бірінде  «Көре  біл».  Адамдар  қайда  баратынын  білетін  кісінің 



соңынан  ереді,  олар  неге  сол  жаққа  бара  жатқанын  білгісі  келеді.  «Сабырлы 

бол».  Дағдарысты  жағдайда  байсалдылық  таныт.  Бұл  басқалардың  көңілін 

тыншытып,  ойланып  қимылдауына  түрткі  болады.  «Тәуекел  етуден  қорықпа». 

Көш басшы өз бағыныштыларын тәуекелге баруға ғана емес, сондай-ақ жаңаны 

іздеу  кезінде  жіберілген  кәтеліктерді  ашық  мойындауға  үйретеді.  «Сарапшы 



бол».  Әркім  қызмет  сатысында  мынаған  сенімді  болуы  керек:  көшбасшы  ең 

болмағанда  өздерінің  білетініндей  біледі.  «Түрлі  ой-пікірлердің  болуын 



көтермеле». Егер сенің айналаңдағы адамдар саған тек «ия» дейтін болса, онда 

не  сен, не олар  өз орнында отырған жоқ» деп  ескертеді  табыс  формуласында. 

Ал Фирдоуси «Игі мақсатқа тура жүргендер жетеді» деп тоқсан ауыз сөздің 

тобықтай  түйінін  жасаған.  Бұл  ғұламалардың  біздің  пікірлерлерімізбен 

астасатын  тұсы  оқытудағы  құзіреттілік  пен  жаңаша  ізденістер  жасау  қасиетін 

білім  беру  үдерісіне  енгізе  отырып  білім  алушының  рухани  қасиетін  сақтап 

қалу. Қоғам жедел даму үстінде. Оқыту жүйесі өзгеруде. Қазіргі заманғы білім 

беруге  қойылатын  басты  талап–сапалық.  Сондықтан  мұғалім  көшбасшылығы 

оның  сыни  тұрғыдан  ойлана  білу  қабілетін  әр  қырынан  көрсетіп,  деңгейін 

танытады. 

Мен  жаңа  педагогикалық  технологиялармен  жұмыс  істегеннен  бері  оқу 

мен  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  сабақтарға  кіріктірудің  өте  тиімді  екеніне  көз 

жеткіздім.  Ал  сыни  ойлаудың  соңғы  кезде  жиі  келтірілетін  маңызды 

тәсілдерінің бірі адамдардың өз бойындағы қабілеттерін өзіндік ізденісі арқылы 

дамытуы.  Бұл  терең  мағыналы  идеяның  астары  «Әр  ісіңе  сыни  тұрғыдан 

ойланып яғни сын көзбен қарап мініңді түзеп, түбегейлі өзгеріс жаса» дегенді 

меңзейді.  Менің  сабақ  өткізу  мәнерімде  көп  өзгерістер  бар.  Оқушыларымның 

бойында шығармашылық пікір қалыптасты. Өз ойларын толық жеткізіп, өзгенің 

пікірін тыңдап, оған өз ойын қосып тұжырымдай алатын болды. Оқушыларыма 

сыни  тұрғыдан  ойлауды  оқыту  арқылы  халық  даналығы  мен  өсиеттерін 

үйретуге  көңіл  бөлдім.  Еліміздің  ертеңі–бүгінгі  жас  ұрпақ.  Туған  жердің 

тұғыры  биік,  босағасы  берік  болсын  деген  әрбір  саналы  азамат,  бүгінгі  жас 

ұрпақтың бойынан ел мен жерге, ұлт пен тілге деген сүйіспеншілікті байқаса, 

бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын  өзіндік  көзқарасы  бар  тұлға  болып 

қалыптасқанына көз жеткізгені болар еді. 

Әлемдік  дамушы  күш  біздің  қоғамда  бәсекелестікке  негізделген.  «Біз 

дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жаңа серпілістер жасауымыз керек. 

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім 

берудің барлық буынының сапасын  жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп 

тұр.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін, 

білікті  мамандар  ұсыну  маңызды»  –  деп  тапсырма  берді  Елбасымыз  кезекті 

жолдауында [1]. 

Елбасымыздың  бұл  тапсырмасы  жолдаудағы  басым  бағыттардың  бірі. 

Жолдаудағы  мәңгілік  ел  идеясы  осы  мақсатты  істерді  іске  асыру  барысында 

мұғалімдерге жаңа жауапкершілік артады. Білімі мен ғылымы дамыған ел ғана 


83 

 

өркениетті  ел  болуға  сенімділік  таныта  алады.  Ал  мәңгілік  ел  идеясы  ертеңге 



сенімділік. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Назарбаев.  Н.Ә.  Ел  Президентінің    Қазақстан    халқына    Жолдауы. 

//Егемен Қазақстан.–2014. 

2. «Қазақ  әдебиеті  және  мемлекеттік  тіл».//республикалық  ғылыми–

әдістемелік журнал.–Алматы.–2013.№1  

3. Тұрсынова.Г. Қазақ тілі әдістемелігі.–Астана:«Арман-ПВ» б–сы.–2012. 

4. Мұғалімдерге  арналған  Нұсқаулық.–Астана:«  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектебі» ДББҰ.–2012. 

 

 



Әлия Кәкімқызы Бакиева 

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 

техникалық университеті, 

Қазақстан, Өскемен 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  алғы 



шарттарына  талдау  жасалған.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі әдістері 

мен тәсілдері көрсетілген. 

 

Басты сөздер: тиімділік, оқу үрдісі, мультимедия, қашықтық, ақпарат. 

 

Ғылым  мен  техниканың  даму  қарқыны  білім  беру  саласында  оқыту 



үрдісіне  жаңа  технологиялық  әдістер,  оның  ішінде  интерактивті  құралдарды 

кең  көлемде  қолдануды  қажет  етеді.  “Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық 

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте 

қажет”  деп  Елбасымыз  атап  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында 

ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін 

арттырудың маңызы зор. 

Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін 

қажетті  шартқа  айналды.  Қазір  кез  келген  білім  беру  саласында 

мультимедиялық  электрондық  оқыту  құралдарын  барлық  пәндерді  оқытуға 

пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне қарқынды 

түрде  енгізу  бағытында  қолданылатын  құралдардың  бірі  -  бағдарламалық-

техникалық  кешен  болып  саналатын  интерактивті  тақтаны  тиімді  пайдалану 

арқылы берілетін білімнің сапасын арттыруға болатынына көз жетіп отыр. 

Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді оқыта білу үшін әр ұстаз өз пәніне 

сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сай сәйкес 


84 

 

компьютер  тілін  білуі  қажет.  Ақпараттық  технологияларды  игеру  қазіргі 



заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Компьютер қоғамның 

барлық саласын толық қамтып, әр адамның өміріндегі қажетті құралға айналды. 

Бүгінгі  таңда  сабақ  өткізу  барысында  компьютерді  пайдаланбайтын  пән  жоқ. 

Басқа  пәндер  сияқты  қазақ  тілі  сабағында  да  компьютерді  пайдалануға  толық 

мүмкіндік  бар.  Компьютерді  қолдана  отырып  білім  беру  қазақ  тілі  пәнінің 

оқытылуын  жаңаша  құруға  мүмкіндік  береді.  Пәнді  үйренудің  әдістемесі  әлі 

қалыптасу  үстінде.  Өйткені  ағылшын  тілін  үйрену  әдістемесінің  екі  жүз 

жылдық,  орыс  тілін  үйретудің  жетпіс-сексен  жылдық  тарихы  бар.  Пәнді 

компьютер  арқылы  оқыту  үшін  бізге  көп  ізденіс  керек.

 

Компьютер



 

арқылы


 

оқытуда  оқытушының  рөлі  ерекше.  Өйткені  ол  студенттерге  қажетті  білім 

береді, сол білімнің көмегімен студент өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде 

компьютерді  пайдалана  отырып,  өзін-өзі  дамыта  алады.  Бірақ  компьютер 

оқытушыны  толық  алмастыра  алмайды,  себебі  ол  оқу  үрдісінің  орталық 

тұлғасы  бола  тұра,  студентке  тек  бағыттаушы  ретінде  әсер  етеді,  оқу 

материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды. Компьютер тек қана 

ақпарат  беретін  құрылғы  ретінде  қызмет  атқарып  қоймайды,  оның  көмегімен 

бізге ақпаратты енгізуге, жүйелеуге, сақтауға және беруге болады [2]. 

Ақпараттық  технология  тек  жеке  даралықты  қарастырмайды,  ол  бірдей 

жастағы  балалардың  ортақ  қасиеттерін  жүйелей,  жинақтай  отырып,  оқу 

ақпаратын  меңгерудің  ортақ  жақтарын  да  қарастырады.  Себебі  әр  тіл 

үйренушінің материалды меңгеру деңгейлері әртүрлі, бірақ меңгеру талаптары 

барлығына  ортақ  болуы  тиіс.  Сондықтан  да  ақпараттық  технологияны 

меңгерудің  сатылап  жүру  кезеңдерінде  тұлғалық  бағдарлау,  модульдік  оқыту, 

даралық  және  топтық  оқыту  әдіс-тәсілдерін  интеграциялық  түрде  қолданудың 

маңызы зор. 

Ақпараттық  технологияны  қазіргі  заман  талабына  сай  пайдалану 

мүмкіндігі  мен  тиімділігі  білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетті 

дамытуға мүмкіндік береді. 

Оқытушылар үшін тиімділігі мынадай: 

а) студенттің өз бетімен жұмысына; 

ә) уақытын үнемдеуге; 

б) білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде. 

Ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндігі: 

Үшінші  мыңжылдық  кезінде  қоғамның  даму  көрсеткіші  ретінде 

ақпараттық  қоғамға  өту  ісі  алынады  да,  ал  оның  ең  анықтаушы  рөлін  ақпарат 

түсінігі  атқарады.  Ақпараттар  жинау,  сақтау,  өңдеу  және  тарату  тәсілдері  мен 

құралдары  динамикалық  түрде  өзгеріске  ұшырап,  солар  арқылы  қоғамның 

инфрақұрылымы қалыптаса бастайды. 

Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі: 

а) қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің болуы; 

ә) қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 

б)  экономикалық  тиімділігі  (бару,  келу,  т.с.с.  материалдық  шығынды 

қажет етпеуі); 


85 

 

в) білім сапасына әсері зор. 



Компьютерді  қолдану  негізінде  пәнді  оқыту  сапасын  арттырып,  білім 

беруді  ақпараттандыру  жүйелі  түрде  жүзеге  асады.  Компьютер  оқытушыға 

техникалық  және  технологиялық  жағынан  көмек  беріп,  тіл  үйренушімен 

байланысын  өзара  жақындастыратындай  жолдармен  жүргізуге  мүмкіндік 

береді. Яғни компьютер, тіл үйренушінің қателігіне оперативті реакция көрсете 

отырып, оның білімін бағалау функциясының көп бөлігін өзіне алады. Барлық 

көрсетілген  қателер  есепке  алынады.  Сондай-ақ  білімді  бағалау  көрсеткіштері 

нақты,  дәл болады.  Оқытушы  үшін  компьютердің  бұл  жерде  қызметі,  маңызы 

ерекше  екені  сөзсіз.  Компьютер  тіл  үйренушінің  өз  ритмінде,  өз  темпінде 

жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.  Ал  оқытушы  топтағы  оқушылардың 

материалды  меңгеру  деңгейін  көріп,  бағалап  әрбір  тіл  үйренушімен  оның 

қабілетіне  қарай  жеке  жұмыс  істеуге  мүмкіндігі  болады.  Компьютермен 

өткізілген  әрбір  сабақтан  соң  студент  тест,  бақылау  жұмыстары  арқылы  өз 

білімдерін  бекітеді.  Яғни  студент  өз  білімін  өзі  тексере  алады.  Бұдан  соң 

студенттің  өзінің  өз  бетінше  оқуға  қызығуы  артады,  өз  білімін  көтеруге 

тырысады [5]. 

Қазақ 

тілі 


сабағында 

компьютерді 

қолдану 

мәтіндер 

мен 

информацияларды білуге жол ашады. Бұрын адам ойында болмаған оқытудың 



жаңа  әдістерін  ұйымдастыруға  болады.  Әртүрлі  бағдарламалардың  көмегімен 

жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын 

үйренеді.  Студенттің  сабақ  барысында  алған  білімін  бағдарлама  тікелей 

тексеріп, оқу процесі барынша екі жақты жүреді. Бұл студенттердің өз бетінше 

жұмыс  істеу  дағдысын  және  олардың  танымдық  белсенділігін  арттырады, 

орфографиялық,  лексикалық,  грамматикалық  дағдыларды  қалыптастырады. 

Компьютерді  қолданудың  психологиялық  тұрғыда  тиімділігі  –  олар 

студенттердің  есту,  көру,  сөйлеу,  түрлі  ойындар  ойнау,  суреттер  салуына 

септігін тигізеді. 

Тестік  жүйе  арқылы  студенттің  білімін  объективті  тексеріп  отыруға 

болады.  Тестік  жүйе  білім  сапасын  арттырудың  бір  жолы  десе  де  болады. 

Үздіксіз,  әр  тарауды  біткен  соң  тест  арқылы  студент  білімін  тексеріп 

отырамын. Студент оқытушының үнемі назарында екенін сезінеді [1]. 

Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі 

факторлары болып табылады. Компьютер арқылы электрондық оқулықты орыс 

бөлімдерінде  қазақ  тілін  оқыту  үрдісінде  жандандырып,  сапасын  арттыра 

түседі.  Сондықтан  сабақта  электрондық  оқулықтарды  қолдану  арқылы 

монологтық  айтылым,  сұхбаттық  айтылым,  тыңдап  түсіну,  оқылым,  жазылым 

сияқты  айтылымның  барлық  түрін  қамтитын  жұмыстарды  жүргізуге  болады. 

Сонда  тіл  үйренуші  өтілген  материалдар  негізінде  белгілі  бір  лексикалық 

минимум  көлемінде  әңгіме  жүргізе  алуға  және    толыққанды  хабар  жасай  ала 

білуге үйренуі қажет. 

Электрондық оқулықтардың тиімділігі мынада: 

- студент арнайы бағдарламамен жұмыс істейді; 

- студенттің білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады; 


86 

 

- иллюстрациялық әдіс көп қолданылады; 



- ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады; 

- берілген тапсырмаға деген қызығушылығын артырады. 

Электрондық  оқулықты  университетте  қолдану  -  студенттердің  жоғары 

белсенді  дүниетанымын  және  өзіндік  жұмыс  аясын  кеңейтеді,  жан-жақты 

ақпараттандыруға мүмкіндік береді [4]. 

А.Қ.Омарова «Қазақ тілін оқытуда мультимедия технологиясын қолдану» 

атты  мақаласында  тіл  үйренушінің  компьютерлік  әдістемелік  қызметін  былай 

айқындап көрсетеді: 

«1. Көмекші қызметі: 

- қатысымдық – чат арқылы тілдесуге болады. 

-  ұйымдастырушылық-қызықтырушылық  –  қазіргі  уақытта  компьютер 

адамдарды қатты қызықтырады, осының өзі жағымды фактор болып саналады. 

2. Негізгі қызметі: 

-  ақпарат  берушілік  –  компьютердің  ең  тиімді  жағы  ақпаратты  сақтауға 

және  оны  өңдеуге  мүмкіндік  беруі.  Сондықтан  компьютер  тіл  үйренуде 

ақпараттық жүйе ретінде пайдаланылады. 

-  жаттықтырушы  –  компьютер  арқылы  тіл  үйренуде  студенттің  тілдік 

материалдары жаттап алуы үшін бірнеше рет қайталауына мүмкіндік болады. 

-  бақылаушылық  –  түзету  –  ағымдық  және  қорытынды  бақылау 

жұмыстарын  тексеруге,  тексерудің  объективті,  яғни  шынайы  болуына, 

оқытушының  бақылау  жұмысын  тексеруге  уақытын  бөлмеуге,  бақылау 

жұмысының қорытындысын жасауға тиімді» ,- дейді [3]. 

Сөзімді  түйіндей  келе,  ұстаз  ұтымды  әдістерді  пайдалану  арқылы 

оқушының  білімге  деген  ынтасын  ұштайды,  таным  көкжиегін  кеңейтеді. 

Оқушы  бірте-бірте  ұстаз  дәрісін  жалыға  тыңдаушыдан  белсенді  ойлаушы, 

ізденімпаз шәкіртке айналады. 

Олай  болса, білім беру  жүйесін  ақпараттандыру  -  жастардың  танымдық, 

шығармашылық,  саралау,  талдау,  жүйелей  білу  сияқты  қабілеттері  мен 

құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін  адам 

дүниетанымының  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  интеллектуалды  дамуды 

қалыптастырудың аса маңызды да тиімді жолы екені белгілі. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Байтасова  С.Қ.  Компьютер  технология  әдістерін  практикалық  сабақта 

қолдану\\ ҚазҰУ хабаршысы.Филология сериясы, № 1 (91).2006.- 87 б. 

2. Жақыпова Г. Қазақ тілін компьютер арқылы оқытудың психологиялық 

жай-күйі // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004.-№5. 

3. Омарова  А.Қ.  Қазақ  тілін  оқытуда  мультимедия  технологиясын 

қолдану\\ ҚазҰУ хабаршысы.Филология сериясы, № 1 (91).2006.- 117 б. 

4. Рысбаева Г. «Электрондық оқулықтардың қажеттілігі» //Қазақ тілі мен 

әдебиеті орыс мектебінде.- 2004.-№12. 



87 

 

5. Тілегенова  К.Ә.  Орыс  тілді  аудиторияда  қазақ  тілін  оқытуда 



компьютердің  алатын  орны  \\  Мемлекеттік  тілді  қолдану  іс  жүзінде  – 

Государственный язык в действии.- 183 б. 

 

 

Меруерт Зайнолдиновна Бакимбаева 



областная специализированная 

школа-гимназия-интернат 

для одаренных детей имени Жамбыла, 

учитeль pуccкoгo языкa и литepaтуpы 

Казахстан, Усть- Каменогорск 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет