Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Көбеш:
—Тоқтай тұршы, ой, балам,
Емес мынау той, балам.
Өзің оқыс боласың,
Бар ма бұған, қой, балам.
Жәнібек:
—Садырменен алыспай,
Ақсүңгіні салыспай,
Іздеп келген жауменен
Бір шайқасып қалыспай,
Тұрғыны алып атыстай,
Тұрыстық бермес тақыстай,
Босқа қайтсам ұят қой,
Қызыл қанға батыспай!
Қылыш алды қынынан,
Ойын емес шынынан.
«Шу!» дегенде көк дөнен
Жұмырланды қырынан.
470
480
490

190
190
191
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Жанекеңнің мінгені
Бөктергілі көк дөнен.
Келе жатқан Садырға
Тұра қалды көлденең.
Ителгідей ілісті,
Түрікпендей түрісті.
Бурадайын шайнасты,
Бұқадайын тіресті.
Айғырдайын алысып,
Сарт-сұрт етіп қалысты.
Бірінші қару жұмсалып,
Шашақты найза салысты.
Дарытпай найза қағысып,
Аңдысты да алысты.
Жұлқысқан екі арыстан
Намысына қарасты.
Садыр сонда ілгізді,
Ерлігін елге білгізді.
Шауып келіп шанышқанда,
Көк дөненнің көтіне
Жәнібекті мінгізді.
Ерге мініп алады,
Ашумен қайраттанады.
Сұрқылтайың осы-ау деп,
Садырға найза салады.
Садырды жер құштырып,
Долан жиренді алады.
Айбаттанып аттанып,
Айғайлап ұран салады.
Өлтірдім деген Садырды
Дауысы жер жарады.
Долан жиренге мінген соң,
Қосынға таман қайтады.
Абылай жаяу жүргенін
500
510
520

192
ТАРИХИ  ЖыРлАР
192
193
Жәнекең көріп байқады.
Көк дөненді қосарлап,
Көлденең әкеп тартады.
Ханның алдын Жәнекең
Қосарымен орады.
Дөнен де болса мінің деп,
Ханға талап қояды.
Атынан түсіп құрметтеп,
Аттандырмақ болады.
Бірақ оған Абылай
Басын бір-ақ шайқайды.
Қараның атын мінбейтін,
Қараны теңі білмейтін
Төрені Жәкең байқайды.
Жол-жосын қуар шақ емес,
Елдің іші тағы емес.
Жау ішінде жүргенде
Бұлай кергу бап емес.
Мұны жауы сезгенде
Қаптап бәрі келмей ме.
Қазақтың ханы қолды боп,
Яки мерт боп өлді деп,
Қылмай ма елді шерменде.
Соны ойлаған Жәнекең,
Әмір қылды зәрі өктем
Абылай ханды жөндеуге.
—Мынау атқа мінбесең,
Менімен бірге жүрмесең,
Өлтіріп жауың кетед деп,
Қазақты сайқы өтед деп,
Мұндай қараң күн туса,
Сүйектен намыс өтед деп.
Бұл атаққа қалмайын,
Дауға сені салмаймын.
530
540
550

192
192
193
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Жауға сені бергенше,
Ондай қорлық көргенше,
Қылышымды қандаймын!
Деп Жәнібек шамданды,
Қылышына қамданды.
Сұрқын көрген батырдың
Ханда тақат қалмады.
«Сабыр, батыр, сабыр!» деп,
Дөненнің жалын тартты хан.
Астына ат тиген соң,
Қосқа таман тартты хан.
Жәнібек оны қорғаштап,
Жеткізіп салды қосына.
—Қауымың аман тұрғанда,
Деді ханға,—шошыма!
Соны айтып ер Жәнекең жүре берді,
Жауларын ысқыратып түре берді.
Аттан басқа олжадан оймақ алмай,
Қосқа кірді бел шешіп түнегелі.
Абылай қосқа келіп тыным алды,
Шақ қалды жан алуға мығым жауы.
Сол үшін өз адамы қылыш кезеп,
Қиюға да аз қалды шыбын жанды.
Әйтеуір, не болса да, болды амандық,
Сейілді басқа төнген бұл жамандық.
Ат беріп, арашалап алып шыққан
Ендігі кезек болды сол баланы ұқ.
Мінгені сол баланың Долан жирен,
Аты ғой ол кәдімгі Садыр мінген.
Садырды алып, өзімді құтқарған сол,
Оң болар сол баланың жөнін білген.
13-205*
560
570
580

194
ТАРИХИ  ЖыРлАР
194
195
—Ей, шабарман, сен қазір атыңа мін,
Саған бір ерек жұмыс тапсырамын.
Көк дөненді майданда берген біреу,
Кез келді тапсыратын ат-тұрманын.
Жетектеп көк дөненді барып келші,
Иесі балаң жігіт тауып келші.
Атыңды хан қолынан алыңыз деп,
Шақырып оны осында алып келші.
Жетектеп көк дөненді ол аралады,
Жылқыда мұндай тұлпар санамалы.
Аралап қос біткенді жүргенінде
Жәнібек атын танып жағалады.
—Танысаң, ханға барып атыңды ал,
Бұл жайлы ханның саған айтары бар.
—Ханға несін барамын бір тай үшін,
Келмеді деп ханыңа бар да айта сал.
Бармаймын шақырсаң да, ханнан не алам,
Не айтпақ шақыртқанда ханың маған?!
Дегеннен соң бар деп ел айтып еді,
Деді ол: «Оң тізесін берсе барам.
Хан менің елім үшін тізе берсін,
Әз басым бір құрбандық түзде өлетін.
Елімнің терезесі елмен тең боп,
Түтіні кез туса екен түзелетін».
Деген соң шабарманы кетті қайтып,
Батырдың ханға арнаған сөзін айтып.
Қалдырмай тілегенін сөйлей берді,
Бұлжытпай айтқанының өзін айтып.
Хан айтты: «Неге ертпей келдің мұнда,
Ерлігін көрсеткен ол осы сында.
Батырға кішілік қып ертіп әкел,
Сұраған оң тіземді бердім шында.
590
600
610
620

194
194
195
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Әуелі ол Садырды алды жекпе-жекте,
Онан соң ел қорғады шығып шетке.
Оны десең қауіптен мені ап шықты,
Оғаштау сөйлегені тұрса да есте.
Сол үшін өзім барсам керек еді,
Демесін батыр мені елемеді.
Орданың ісі мені бұрылтпады,
Ертеңгі жұмыстары жеребелі».
Шабарман жетті қайта желдей ұшып,
Тізе бүгіп тәлім қып жерді құшып.
—Хан өзі сізді келіп көрмек еді,
Бұрылтпады орданың ісі қысып.
Өзің жүр жолың кіші, батыр бала,
Талабың орындалды сәтін сала.
Хан сізге оң тізесін бермек болды,
Кеп тұрмын сол хабарды айтуға да.
—Тілегім орындалса, барайын деп,
Хан берсе, оң тізесін алайын деп.
Атына мінді дағы жүрді солай,
Кездесіп хан сыйына қалайын деп.
Ордаға таяу келіп аттан түсіп,
Ибамен ханның келіп қолын қысып.
Қисайып оң тізеге жата кетті,
Келгендей дымы құрып мұрттай ұшып.
Жатып ап енді жөнін баяндады,
Абақтың бар жайына аялдады.
Бірі деп алты арыстың түлеп өскен,
Сол орнын әпер деп тамамдады.
Абылай бұл сөздерге мақұл деді,
Бердім бұл тілегімді ақыр деді.
—Керейді өзің жиып басқара бер,
Ордаға сүйеніш боп, батыр,—деді.
630
640
650

196
ТАРИХИ  ЖыРлАР
196
197
Сол кезде ханға ақылшы
Тіленші деген би еді.
Бұл жұмыстың жөн жайын
Елден естіп біледі.
—Жерден шыққан жетіген,
Мынау неткен қу еді.
Шыға сап алса оң тізе,
Ертең бәрін түреді.
Керей деген аз ғана ел
Көш соңында жүр еді,
Етектен орда тігеді.
Бір қулығы болмаса,
Басқа жоқ па тілегі.
Бүйте берсе кәрібоздың
Шайылмай ма жүрегі.
Уығы жоқ орданың
Шаңырағын не тірейді?—
Деп кәрленіп Тіленші,
Абылай ханға кеп еді.
Есіктен кіре елеуреп:
—Абылай! Абылай!—деп еді,
Сұлап жатқан тізеңде
Мынауың кім?—деп сөгеді.
Абылай оны аңғарды,
Айтқанында мән бар-ды.
Батырға қылған сыйымды
Қызғанды деп таң қалды.
—Мұның өзі серім ғой,
Қамал бұзған ерім ғой.
Тіленші би, нең кетті,
Еркелеткен өзім ғой.
Қамал алған ерім ғой,
Мың кісілік перім ғой.
Тіленші би, нең кетті,
Еркелеткен өзім ғой.
Мұның өзі керейім,
660
670
680

196
196
197
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Жаңа туған мерейім.
Жас та болса бас болған
Жәнібек атты өренім.
Берерім бұған көп әлі,
Орны да мұның жоғары.
Бұзам деме, Тіленші,
Мен істеген жораны.
Тілегін бердім батырдың,
Майын берем атының.
Ақ ту бердім қолына
Елім деген қақыңның.
Өзіне бердім бес қару,
Дулыға, сауыт таңдап ал.
Адалдық үшін төс қағу,
Батырдың серті ханға адал.
Сыйларым бұған көп әлі,
Қызметі мұның жоғары,—
Деп Абылай батырды,
ұшпаққа бір шығарды.
Сол кезде тұрып Жәнібек,
Көтеріп басын алады.
Сөйлеуге жылдам оқталып,
Назарын ханға салады.
Қанға толып кеткендей
Жалын атқан жанары:
—Рұқсат берсең, хан тақсыр,
Бір тіл қатып қалайын.
Сөз кезегі көп еді,
Кезегімді алайын.
Өзіңіз берген орынмен
Бағаңызға болайын.
Елім үшін, сіз үшін
Есейейін салайын.
Қорлығы шер боп кетпесін
Тіленші деген томардың.
Деп батыр тіленгенде Абылайдан,
Тұтанып кетті батыр қоз боп жанған.
690
700
710
720

198
ТАРИХИ  ЖыРлАР
198
199
—Ал,—деді хан Абылай,—тілегіңді
Батырым, алдыңа әркез бөгеу салман.
Жәнібек:
—Ей, Тіленші, қу аршам,
Қайдасың жауға ту алсаң?!
Ер болсаң осы шайқаста
Қайдасың қайрат шығарсаң?!
Жауын жеңіп елімнің,
Бодауына төрімнің,
Тізесіне ханымның,
Нең кетті сенің құласам!
Жөнімді менің сұрасаң,
Он екі керей арыспын,
Аузым кере қарыспын.
Тезге салсаң, түзелмес,
Ағаштан шыққан шалыспын.
Жылқыдан туған мүкіспін,
Неге көп маған бітістің?
Пендеде жоқ өштігім,
Қойда қоңыр тоқтымын.
Елім үшін айқасқа
Құрбандық үшін көп тұрмын.
Ел иесі ханымнан
Жеңілді деп жауыңыз,
Қорғалды деп тауыңыз,
Қайтты деп елге малыңыз,
Қуанды деп кәріңіз,
Үлкен-кіші бәріңіз,
Шүйінші сұрап кеп тұрмын.
Пышақ салма жетесіз,
Қансырап онда кетерсіз.
Хан сөзіне таласпа,
Туылған жансың некесіз.
Өз әкеңді сұрасаң,
Бекболат деген құл еді.
730
740
750
760

198
198
199
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Шешеңді менен сұрасаң,
Сары үйсіннің күңі еді.
Олжалап әкеп Досымбек,
Шу аяқ күң қып жүр еді.
Теңім деп танып Бекболат
Нағашымнан тіленді.
Сауғаға сонда берген-ді
Туылған содан сен деді.
Сен маған мұнда сұстанар,
Хан алды қайран жер ме еді.
Бердәулет пен Досымбек
Бекболатпен тең бе еді?!
Жаныңды сақтап, Тіленші,
Қыздырмастан сен мені
Жоғал мына ордадан,
Тұрмасаң қазір өлгелі.
Сақалыңды демесем,
Сыбағаңды отырмын
Сілейтіп мен бергелі.
Бұл жолғы соғыс солай тынып еді,
Кек қуған қазақ жеңіп шығып еді.
Қайтарып шабындыда кеткен кегін,
Қазақтар олжаға мал жиып еді.
Олжалы қосын қайта кешіп еді,
Олжа мал жерге сыймай жосып еді.
Жәнібек аулақ жүрді мына олжадан,
Жүрегі бір себеппен шошып еді.
Жағалай бір өзенді ел кеп қонды,
Бірер күн сол арада еру болды.
Жәнекең өзен өрлеп жуынбаққа
Түбіне бір бәйтерек келіп тұрды.
Отырды беті-қолын жуайын деп,
Шомылып бір тынығып шығайын деп.
Қаруын шешіп ағаш басына ілсе,
Бір қыз отыр суға енді құлайын деп.
770
780
790

200
ТАРИХИ  ЖыРлАР
200
201
Ол қызға жалт қарады батыр сонда:
—Япыр-ау, қалай түстің мұндай торға.
Перизат секілдісің күн тимеген,
Жолықтың, қалқатайым, нендей зорға?
—Жау шапты елімізді жақын күнде,
Болмады сонан бері тыным бізге.
Жан тәтті, жан сауғалап жалғыз өзім
Келіп ем осы араға кеше түнде.
Жөн білмей, жол айтуға болмас еді,
Ағат сөздің орны толмас еді.
Жөніңізді білген соң жөнімді айтам
«Жаушылықта әйел—ер олжасы» еді.
—Бәрекелді, перизат, сөзі өктем,
Айтқыздың-ау, атыңды не бір күшпен.
Менің атым—Жәнібек, ұлтым—қазақ,
Сырласайық, перизат, жерге түссең.
—Жәнібек болсаң, саған айтарым бар,
Қылыш үсті серт берер жай шағым бар.
Алдымен уәде берсең, сөйлесемін,
Болмаса кезім емес ер сағынар.
—Уа, бәле, перизатым, тілегіңді ал,
Екі айтса, ердің жүзі болмай ма қар.
Өкінбен, не тілесең бердім саған
Қалмасын көңіліңде зәредей зар.
—Ендеше ер деп ұғып сырымды айтам,
Имандай өмірдегі шынымды айтам.
Өлімге бекініп ем неше күндей
Тіршілік қымбат екен соны байқайым.
Сүйгенім Садыр еді өмірлігім,
Серт еткен бір көтермек өмір жүгін.
Ол кетті елі үшін болып құрбан,
Мен қалдым тепкісінде шегір күннің.
800
810
820

200
200
201
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Сол үшін мен тірліктен көшіп келгем,
Не таппақ талайсыз жан нәсіп көрген.
Кезіктің бақ пен сордың бірі боп сен,
Әуелі тілегіме жосық берсең.
Соғыста әйел олжа жеңген үшін,
Кім бұзбақ жеңімпаздың мұндай күшін.
Болар ем елге серік, сөзге ақылшы,
Замандас, жүрек сезіммен түсін.
Қор қылма қорға теліп жанымды ұқсаң,
Болайын мәңгі адал жар мені құшсаң.
Қадір білмес түскенше жан қолына,
Ризамын, қара жер, қазір жұтсаң.
Зорласа атағы зор әлде кімдер,
Тілемен маған сәтке жақсы күн бер.
Басымды сол заматта шауып таста,
Салмай-ақ өміріңде қырсық шідер.
Өкінбен өз жолыңа жанды берсем,
Жасаман енді тірі қанды көрсем.
Қылыш жүзі серт болсын осы айтылған
Тірліктің неге сәні арды берсем.
Серттесті осы сөзге екеуі де,
Ағаштан қыз толықсып түсті жерге.
Жәнекең алақанмен қағып алып,
Сұлуды құшырлана құшты белге.
Екеуі қолтықтасып қосқа келді,
Бұларды қосын көрді, дос та көрді.
Деген соң «ер Жәнібек қыз әкелді»
Абылай көрейін деп қосқа кірді.
Сұлуды көрген жерден көзі тұнды,
Болғандай сәт сағатта өзі жынды.
«Сауға батыр, сауға бер,—деп,—біздерге»
Хан, төре қызды сұрап көп өтінді.
830
840
850

202
ТАРИХИ  ЖыРлАР
202
203
—Хан тақсыр, мыңы сіздің, бірі біздің
Серті бар қызға берген ініңіздің.
Беріп ем қылыш үсті қиын бір серт
Жанына рақым қыл сорлы қыздың.
—Ей, батыр, бізге сауға бермедің бе,
Жаныңды қыздан абзал көрмедің бе?
Мен оған берген үшін баста бір серт
Айтылған албырттықпен арашамыз. 
Дегенде «дат, тақсыр!» деп қыз жүгінді,
Сылдырап шолпылары тез бүгілді.
—Датыңды айт!—деп Абылай рұқсат берді,
Ел болмас қыздың сиқы тез білінді.
—Берсең айттым датымды,
Ел біліп қалсын затымды.
Олжа да болса әйел зат,
Додаға салма қатынды.
Суға да түсіп жоқ болмай,
Келіппін ер деп батырды.
Оның да күні дәл қазір
Қыз менен төмен пақыр-ды.
Сертінен тайып сағатта-ақ,
Салыны түсіп шатылды.
Мерт болып ерім сайыста,
Жеңіліп елім соғыста.
Басымнан бағым тайған соң
Барып ем бытқыл жынысқа.
Елімнен қалса бір тұғыр,
Қосылып саған бір ғұмыр.
Туайын бір ұл деп едім,
Әперер елдің кезегін.
Елімнің кегін алатын,
Табанға жауын салатын,
Бағайын деп ем бір ұлды
Садырдың жалғар санатын.
860
870
880
890

202
202
203
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Жеткізбей Құдай тілекке,
Қасірет салды жүрекке.
Қасірет табын байлатып
Жеткізді ғой сүйекке.
Тоғайға сонан кіргенмін,
Құтылмасымды білгенмін.
Жастығымды ала жатпаққа
Жанымды шытқа түйгенмін.
Сол кезде ерді Жәнібек,
Долан жирен танып ек.
Кек алар кезім келді деп,
Сол шақта ойлап тауып ек.
Батыр аңғал алдайын,
Кеш батқанша арбайын.
Түнгі тыныш төсекте
Қанжарымды қандайын.
Садырым үшін кек алсам,
Болмас еді арманым.
Деп түсіп ем сәтті кез,
Амалым қанша алдандым.
Берген өзің датымды,
Сөзімді айттым ақырғы.
Садыр ердің жоқтығын
Осындай ерлер ортасы
Жүрегіме батырды.
Елі үшін майданда
Жан берген Садыр батыр-ды.
Жоқтығың сенің осында
Кетірді-ау өзге хақыңды.
Найзаңның сабы сынбаса,
Жау мінер ме еді атыңды,
Құл қорлар ма еді затыңды?!
Деп зарланып тұрғанда
Абылай хан ақырды:
—Алдырып ердің бетінен
Қоймаңдар мына қатынды.
Сайысып жеңген Садырды
900
910
920

204
ТАРИХИ  ЖыРлАР
204
205
Қорлайсың неге батырды?!
Білетін болсаң ақылды,
Былғайсың неге атымды?!
Мынадай көңілі нәжіске
Былғатпаңдар шатырды.
Сұраған датын берер ем,
Сұрамады ақыры.
Қастыққа басып
Кек алам деп шатылды.
Кек алмақшы сылқымға
ұрыңдар қырық қамшыны.
Дегенде ер Жәнібек қылыш алды,
Тереңнен қыз да ышқына тыныс алды.
Жарқ етті қылыш жай отындай
Қыз басы босағаға түсіп қалды.
—Қосайын Садырыңа бара бергін,
Келмеді қыз жанына жаза бергім.
Егер сен жер бетінде тірі жүрсең,
Жоқ екен ер мен елге маза бергің.
Сұлу қыз осылайша қаза тапты,
Батыр да, хан да оған жаза арнапты.
Жәнекең Абылайдың қосына әкеп
Сауғаға беріп кетті Долан атты.
Осы екен Жәнекеңнің сапары алғы,
Ерлігі егер тапқан шатағы әлгі.
Шығыпты он екі рет зор шайқаста,
Бәрін де жаудан кегін қайтарады.
Жазбадым мұның бәрін қазір мақтап,
Жазғаным тек біреуі қазір нақтап.
Ол кезде сырда жүрген керей елін
Келіпті Жәкең кейін Алтай бастап.
Жәнекең сексен жастан асқан екен,
Жауға жебір, болыпты досқа бекем.
930
940
950
960

204
204
205
ЖӘНІБЕК  БАТыР
Ақ туы ұрпағына мұра боп жүр,
Тәуап қыл, елім онан нұсқа көрсең.
Атыңнан айналайын, әруақты ер,
Бір кеңес өзің жайлы жазып көрдім.
Күй болған дөненіңде көк тұлпарың
«Кәрібоз» боп келеді саңлап перім.
Қазаққа Қап тауындай қорған болдың,
Жауыңа жасыл түсер зордан болдың.
Шайқаста тізеңді имей, дауда бермей,
Еліңді Алтай бастап Ордан келді.
Бар қазақ қасиетіңді ұғар болды,
Атыңды атап жауға елің шығар болды.
Шешендігің, ерлігің сәйкес келіп,
Әруақты атың елге ұран болды.
Осымен тәмамдалды жазған хатым,
Қазаққа ұран болған ердің атын.
Дұға қыл мұны оқыған, жамағаттар,
Алтай керей ақыны—Ақыт атым.
970
980

206
207
Қолыма қалам алдым тербеткелi,
Бұл өзi бұрынғының өрнектерi.
Осындай үлгi сөздi әңгiме ғып,
Ермектеп жүрушi едiм ер жеткелi.
ұлы жүз—арғы нәсiлiм, үйсiн—елiм,
Төрт дулат атанады ата-тегiм.
Дулаттың iшiндегi Ботпайымыз,
Көлемi Алматының—өскен жерiм.
Нұрлыбай—әкем аты, атым—Әшiм
Затыңды қалай қылып жасырасың!
Басыңда бақыт, дәулет тұрған кезде,
Желiгiп, көтерiлiп, ашынасың.
Бiр күнi бақыт—дәулет тая кетсе,
Ерiксiз су сепкендей басыласың.
Бұрынғы теңдесетiн ерлерiңе
Ерiксiз күнiң түсiп, бас ұрасың.
Басыңнан бақ тайған соң, әлiң кетiп,
лажсыз көрiнгенге асыласың.
Өрнектi үлгiлi сөз жан тербетер,
Сөздi айтып мұңлы зарлы қан тербетер.
Әр адам бас ғұмырын пайдаланып,
Болғанмен жақсы-жаман ғұмыр өтер.
Бұл сөздiң бағытына қарағанда,
Iшiнде бiр нәрсе бар емес бекер.
Мырқы батыр
10
20

206
207
МыРҚы  БАТыР
Бұрынғы өтiп кеткен замандарда
Бар едi не бiлiмпаз адамдар да.
Адамға ата сөзi, ана тiлi,
Тиындай ұғымсызға бағаң бар ма.
Бұл кеңес көптен берi жүрдi ойымда,
Өсiптi қазақ халқы Сыр бойында.
Сонан соң бет-бетiмен қоныс апты,
Бұрылмас қазақ халқы бiр мойында.
Емеспiн көздi құмар парлатуға,
Көңiлiм сөздiң түбiн аңлатуда.
ұлы жүз орта жүзбен бiрге көшiп,
Барыпты тау көбелеп Алматыға.
Сенiп жүр рабат жоқ құр малына,
Пайда еттi малы қанша бiр жанына.
ұлы жүз Алатауды мекен еттi
Бір мың үш жүз бесінші жылдарында.
Мың-мыңдап бие туған байларынан,
Кемшiлiк мүлде шығып ойларынан.
Соларға есiрiктiк мiнез берген
Айтпақпын Алматының жайларынан.
Алатау қатар тұрған сегiз қабат,
Миуалы сөйлемекпiн сайларынан.
Алатау басың биiк көкке жеткен,
Басыңнан емес бiр күн қарың кеткен.
Бауырың күннiң ыстық нұрын тартып,
Басыңа өркеш-өркеш бұлт шөккен.
Өркеш тау, өркеш бұлт шымбаласып,
Секiлдi сөйлескендей бiр құрметпен.
Сай-сала, жыраларың түрленген шөп,
Ғаламға жел арқылы жұпар сепкен.
Сол иiсi түрленген шөп, ағашыңа
Сайрандап түрлi бұлбұл келер шеттен.
30
40
50

208
ТАРИХИ  ЖыРлАР
208
209
Түн болса, ай мен жұлдыз тамашалап,
Жарқырап жерге қарай нұрын төккен.
Сол жайды ұжмақтайын пайдаланып,
Iшiнде талай мақлұқ ғұмыр еткен.
Сай-сала, жыраларың түрлi жемiс,
Табылар iздемей-ақ бекер тектен.
Сыңқылдап неше түрлi құстар сайрап,
Самал жел хор қызындай бетiңдi өпкен.
Көк тұман бауырында бар шәрiлерiң
Ғаламға Алматы деп даңқы кеткен.
Дүниеге хор қызындай құшақ жайып,
Басып тұр Самарқанды сол жақ өкшең.
Бiр барып ләззатыңды татқан адам,
Өзiңдi шығарар ма өмiрде естен!
Есiрiп дәулет тепкен байлар болды
Сапырған сары қымыз саба-местен.
Алатау—басың биiк, бауырың жазық,
Алманың кестесiсiң алтын қазық.
Сипатың ұжмақтайын толып жатыр,
Халiм жоқ бiтiруге бәрiн жазып.
Көк тұман бауырында шәрiлер бар,
Боп жатқан өндiрiсi ғаламға азық.
Тянь-Шань, Талғар менен Iле өзен
Кетедi Балқаш жаққа етек жазып.
Шығады Қарасаздан ұзынағаш,
Қарғалы, Жиренайғыр оған жанас.
Қосылып үш-төрт өзен Күртi атанып,
Iлеге құмды жарып ұрады бас.
Бойында ол өзеннiң шоқысы көп,
Ақеркек, изен, жусан шығады шөп.
Өтеген, Қазыбек пен Ханның тауы
Қиғаштап қосылады мол құмға кеп.
60
70
80

208
208
209
МыРҚы  БАТыР
Өтеген, Қазыбектiң жыралары—
Әлi бар атамыздың мұралары:
Терең сай, ұзын қамыс, құлпырған тал,
Жерiне Қызыр шалған ұнағаны.
Тастардың қызыл қия текшесiнде
Көп болды сұлулардың жылағаны.
ұзын тал, қалың қамыс, терең өзен,
Қыздардың осы емес пе сұрағаны?
Ол жердiң аңдары көп: елiк, арқар,
Шөптерi күрең қызыл, түлкi жортар.
Көк бөрi, көкше қоян, күзен жорық,
Жолбарыс, қабыланы бар адам қорқар.
Бұрынғы ел жауынгер жылдарында,
Қыстаған Сарытаудың құмдарында.
Аққолтық, Қалбұлақты мекен етiп,
Сол жерде найман бiраз тұрғанында.
Ол кезде үйсiн түгел едi Шуда,
Қызулы қымыз iшкен қызық дуда.
Сұлутөр, Сұрат тауы, Iле өзенi
Шыңжандай қалмақ едi Жетiсуда.
Өкшелеп қалмақтарды найман барған,
Ойлары қалмақты әрi қашыруда.
Шуда едi сол уақытта үйсiн түгел,
Найман да сол жерде едi үйсiн түгiл.
Сұрат пен Сұлутөрдiң күнгей жағын
Қызай да албан менен жағалап жүр.
Ар жағы қырғыз едi қатар жатқан,
Шабысып бiрiн-бiрi, күнде шапқан.
Бауыры Талғар таудың Iле өзенi,
Шыңжанда қалмақ едi бықып жатқан.
Жауласу бiр-бiрiне болған кәсiп,
Жатпаған батырлары белiн шешiп.
14-205*
90
100
110
120

210
ТАРИХИ  ЖыРлАР
210
211
Қалмақ сырғып, біресе қазақ жылжып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет