Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Басып тұр, жеңге, сенi қара неден?
Басында ниетiңдi бұзған сайтан,
Бұл iске болар дейсiң шара неден?!
Сен едiң «ағам ғой» деп сенген жеңгем,
Бiр түсiп жау қолына келген жеңгем.
Бұзылып сегiз күннiң арасында,
Қалыпсың күдер үзiп елден, жеңгем.
Сен болсаң сенген жеңгем рақмет,
Ағамның дәл өзiндей көрген жеңгем.
Тiрi боп жау қолында жүргенiмше,
Мұнан да жақсы болар өлген, жеңгем.
Жөн болды, ниетiңнен алдым хабар,
Сендерден жақсылық жоқ маған табар.
Әр жұмыс бiр Алланың жазуында,
Пендеге әр жұмысты Құдай салар.
670
680
690

228
ТАРИХИ  ЖыРлАР
228
229
Қаным қас өлгенiмше қалмақпенен,
Ағам бар, өлсем, құнды бiзден алар.
Ары жоқ, адамшылық ниетi жоқ,
Өзiң-ақ бола бергiн көңiл бағар.
Қорлыға, ендi менен аулақ кеткiн,
Қанымды қыздырмағын, сол да жарар.
Қорлыға мұны есiтiп ашуланды:
—Қырам да, жоямын,—деп,—сендей қарды,
Батырға айтып, сенi мен өлтiртемiн.
Қасынан Қорлыға сұм кетiп қалды,
Шерденге сұм Қорлыға қайтып барды.
Тәсiлiн қыз сөзiнiң тартып барды,
Шақырды: «Сенi өлтiрмек боп жатыр»,—деп,
Шерденге шағыстырып алып барды,
«Қыз өлсе, Шерден маған қалады»,—деп,
Көңiлi қызуланып шалқып барды.
Шерденге айтты барып сөздi бастап,
Өзi айтып, айтқан сөзiн өзi растап.
Дедi барып: «Бишаның құлқы жаман,
Боқтады ердiң басын қатты ластап.
«Артымнан қуған адам тез тапсын» деп,
Келедi әрбiр жерге белгi тастап.
Қойнында тығып жүрген қанжары бар,
Өзiңдi өлтiрудiң ебiн таппақ.
Өзiңе қапылыста қанжар салып,
Сонан соң, ебiн тапса,—дедi,—қашпақ.
«Шерден өлсе, жұмысым бiттi,—дейдi,—
Өлтiрсе де ризамын жерге жаныштап».
Сұм Шерден мұны естiп ашуланды,
Қызарып екi көзi оттай жанды.
Ақырып түн iшiнде от жақтырып,
Шақырып тамам жұртты жиып алды.
700
710
720

228
228
229
МыРҚы  БАТыР
Бишаны алдырады көп қасына,
Төрт жiгiт ұстап тұрды от басына.
—Тастадың қандай белгi, шыныңды айт,—деп,
Қинады басып тұрып шоқ басына.
—Бiздерге қандай зиян келтiрмек ең,
Отырды, «рас па, деп, өлтiрмегiң?»
Қыз басың қойылуды былай қойып,
Сен өзi алмақпысың жұрттың кегiн?
ұстап тұр алты жiгiт шырылдатып,
Бетiне шоқ басады быжылдатып.
«Шыныңды айт» деп бiреуге таяқ берiп,
Түрткiзiп қойды тағы қыдыңдатып.
Бiр қызды алты палуан керiп тұрды,
Бiр жерiн қозғалтпастан қыбырлатып.
Бишаның тұр көзiнен жас төгiлiп,
Денесiн жиып алды бiр шегiнiп.
Қызарып көзi жайнап ернiн тiстеп,
Ашумен отыз тiсiн тұр кемiрiп.
Жабылып алты кiсi тұрды басып,
Бiр теуiп жiберiптi отты шашып.
Мөлдiреп қара көзден жас төгiлiп,
Ақырып жiбередi қаны қашып.
—Қаным қас өлгенiмше, қалмақ, саған,
Өлсем де, бағынбаспын жанталасып.
Дiнiң жоқ, ит қалмақсың, қаның қара,
Қолыңа түскен екен жалғыз бала.
Тез өлтiр, шамаң келсе, жанды қинап,
Бетiме таяқ ұрып, салма жара.
Ит Шерден, ыңғайыма келмейсiң-ау,
Қылар ем өлген иттей пара-пара.
Жазаңды жабылмасаң берер едiм,
Кездессең бiрмен бiрге жеке-дара.
730
740
750
760

230
ТАРИХИ  ЖыРлАР
230
231
Қарауға көзiммен де жасқанамын,
Аулақ жүр маңайымнан, жүзiқара.
Жетiп тұр осы күнi маған әлiң,
Саған қас өлгенiмше менiң қаным.
Мен емес сендей итке бас иетiн,
Үстiнде айтқан серттiң шықсын жаным.
Қанымды ағашым бар жоқтайтұғын,
Белгiлi болар доңыз сонда халiң».
Бұл сөзге қапа болып сонда Шерден,
Суырып ақ семсердi алды белден.
Құйқасын кесе-месе шашын кесiп,
Құйқасын тiлiп қойды екi жерден.
Жабылып тамам қалмақ сүйтiп жатыр,
Пенденiң жаны ашиды мұны көрген.
Көзiнiң Биша тұрды жасын iркiп,
Шама жоқ қарауға да қанын сүртiп.
Аузына аққан қанды тосып алып,
Шердендi жiбередi бетке бүркiп.
Жұрт қашты бастан қанның ағуынан,
Баланың жасқанады қалыбынан.
Бұлқынып, талғандай боп еңкейдi де,
Бiр тептi Шерденнiң кеп қарынынан.
Бар едi сонда бiр шал Бүшiр деген,
Қара қан қанжар тисе жосыр деген.
Тұр едi жүрегiнен салайын деп,
Батырдың екi көзi соқыр деген.
Шерденнiң Бүшiр қолын ұстай алып:
—Сабыр қыл ендi, батыр, отыр,—деген.
Отырды сонда Шерден демiн алып,
Жетектеп отырғызды төрге апарып.
Бүшiр шал Шерден ерге сөз сөйледi,
Отырды Шерден сонда құлақ салып.
770
780
790

230
230
231
МыРҚы  БАТыР
Қып-қызыл үстi-басы қан боп кеткен
ұстап тұр қызды керiп тамам халық.
Шерденге Бүшiр қария: «Отыр, деген,
Iсiң не сенiң мұндай топырменен?
Әл жетер отырсақ та бiр балаға,
Не таптың сабырсыздық осыңменен?!
Отырғын сабыр қылып сөздi тыңда,
Соншалық қылғандай не бар мұнда.
Итпенен ит болғаның келiсе ме,
Жете ме қызбен ұрсысып сөзiң құнға.
Отырып-ақ бiреуге «Өлтiр» десең,
Өлтiрiп тыға салар бiреу құмға.
Бұл сөзге Биша тұрды құлақ салып,
Болғандай көрiнiп тұр өлмегi анық.
Қансырап, басы айналып, қысылып тұр,
Басынан ыстық қаны тiке қарғып.
«Ендi менi қазiр-ақ өлтiрер» деп,
Бала емес пе ауытқып кеттi талып.
—Мен апарып бұл қызды жайғайын,—деп,
Жөнелдi Бүшiр қызды жұлып алып.
Қолтықтап Бүшiр қызды шықты тысқа,
Адам жоқ қасына ерген мұнан басқа.
Бүшiр шал осы қызды арқалап ап,
Ауылдан ұзақ шығып кеттi алысқа.
Бүшiр шал қызды арқалап кеттi алысқа,
Кiредi ұзап кеп бiр шоқ қамысқа.
Қол салып қыздың келiп өкпесiне,
Құлағын салып көрдi дем алысқа.
Бетiне бұл баланың суды бүркiп,
Бетiнiң тазалады қанын сүртiп.
«Тұр, балам, ендi өлмессiң, қорықпағың»,—деп,
Оятты жатқан қызды Бүшiр түртiп.
800
810
820

232
ТАРИХИ  ЖыРлАР
232
233
Байлады жарасына дәрi жағып,
Тыяды қанның бәрiн жатқан ағып.
Аузына жұдырықтай май асатып,
—Қарағым, жұтқын,—дедi,—дәмiн алып.
Есiн жиып Биша да түрегелiп,
Отырды шал сөзiне құлақ салып.
—Балам, сен ендi өлмессiң, жыламағын,
Уайым қып, көздiң жасын бұламағын.
«Құры етсiн тiрi еткендi» деген Алла,
Табылар, тiрi болсаң, бiр амалың.
Жан балам, менiң түбiм—қазақ, дедi,
Көргенiм туғаннан-ақ азап, дедi.
Қалмаққа он жасымда қолға түсiп,
Боп жүрмiн сонан берi мазақ,—дедi.
Балам, сен ендi тұрғын орыныңнан,
«Ер ғой» деп ойлап едiм порымыңнан.
Бел байлап тәуекелге жөнел, балам,
Пәленiң құтыларсың жорығынан.
Жан балам, сонау тұрған әуе жолы,
Анықтап байқап алғын, балам, соны.
Осынау сары жұлдызды байқап алғын,
Қозғалмас,—дейдi,—соның алтын нұры.
Алланың ырза бол дәулетiне,
Жастықта басқа берген нәубетiне.
Бет қойып сол жұлдызға жүре берсең,
Жетесiң он бес күнде ел шетiне.
Балам, сен менiң тiлiмдi алғын,
Iшiңнен бұл қанжарды тығып алғын.
Байқастап алды-артыңды байқап жүргiн,
Арасын Құдай бiлер жоқ пен бардың.
Елiңе аман-есен барсаң, балам,
Бошанға менен сәлем айта барғын.
830
840
850

232
232
233
МыРҚы  БАТыР
Жасырсын жерiң болса қара көрген,
Қол үзбе тақырламай таза жерден.
Талпынып, талаптанбай дәнеңе жоқ,
Жарамас жау маңында жата берген.
Күш болса, бұл қорлықты көрсетпес ем,
Қайратым осы, балам, қолдан келген.
Жылады бата берiп, бетiн сүйiп,
Аталық мейiрi түсiп, «емшегi» иiп.
Жанып тұр ыза болып екi көзi,
Қалмаққа қаны қайнап, iшi күйiп.
—Тоқтамай кеткiн, балам, осы жайдан,
Бiр құрық кесiп алғын бұл тоғайдан.
Қош, балам, пешенеңдi Құдай ашсын,
Тұрайын мен де тiлеп бiр Құдайдан.
Бүшiр шал балаға өстiп ақыл айтты,
Балаға шал көмегi тидi қатты.
Баланы бiраз жерге шығарып сап,
Қоштасып Бүшiр байғұс кейiн қайтты.
Бүшiрдiң мерзiмдеген бетiменен
Тоқтамай сорлы Биша ызғи тартты.
Жөнелдi ендi Биша зырғи тартып,
Көзiнiң тастай жасын домалатып.
Қансырап екi көзi шырайланып,
Сiресiп аққан қаны қалған қатып.
Жөнелдi Биша сөйтiп айдалаға,
Қырсық бiр iлiнген соң жай қала ма.
Елсiзге жалғыз бала қаңғып кеттi,
Жасаған осыдан да жан қала ма.
Жөнелдi Биша зарланып,
Басы айналып сандалып.
Шалдың айтқан мерзiмiн,
Байқауынша аңғарып.
860
870
880

234
ТАРИХИ  ЖыРлАР
234
235
Шошынған құлан секiлдi
Қамыстың iшiн қақ жарып.
Жығыла салып, тұрады,
Бар күшiмен қарманып.
Екi көзi алақтап,
Көзiнiң үстi жарланып.
Есi ауытқып, елбiреп,
Көзiнiң жасы парланып.
Тұра қалып жасағанға зарланып:
—Жаратқан Патша Құдай-ау,
Сақтамасаң пазылыңмен,
Өлермiн ендi сандалып.
Жаратқан Патша Иллаһи,
Бошаннан туған балалар
Таусылатын болды ма,
Қанжарменен қанданып?!
Ағамды көрер күн бар ма,
Осыдан да жан қалып?!
Жоқтан бар қып жаратқан,
Жылайын саған жалбарып.
Жүрерiм қайда белгiсiз,
Бастаған өзiм шам жағып.
Жастайымнан, Құдай-ай,
Бұл iске түстiм зар қағып.
Жас басыммен, Иллаһи,
Бұл iстi салдың басыма.
Рақымыңды салсаңшы
Көзiмнiң аққан жасына.
Ағашым үйде жоғында
Бұл iске түстiм қапыда.
Мен өлсем, ағам зар болар
Бишатай деген атыма.
Жас жүрегiм, Төлешiм
Пәниден көштi бақиға.
Бишатайың бүйтiп жүр,
Қайда жүрсiң, ағашым?
890
900
910
920

234
234
235
МыРҚы  БАТыР
Келсеңшi менiң қасыма.
Зар боларсың, ағашым,
Ардақтаған Бишаңның
Аты түгiл, затына.
Таласып емшек емiскен,
Еркелiкпен жетпеппiн,
Ағашым, сенiң парқыңа.
Ажалым жақын секiлдi,
Басқа түскен жұмыстың
Байқап тұрсам қалпына.
Iшi-бауыры елжiреп,
Ағатайым менi iздеп,
Түспедi ме екен артыма.
Төлешiм өлдi, ағам жоқ,
Бұл күйге түсiп бұл кезде,
ұқсап тұрмын жалқыға.
Үстiм-басым қан болып,
Көзiмнiң алды жар болып,
Жас шыбыным қоштасып,
Шыққалы тұр алқымға.
Мендей болған бар ма екен,
Бұрынғы-соңғы адамның
Iлгергi өткен салтында.
Тiрi көрiп ағамды,
Жаратқан Патша Құдай-а,
Шығар ма жүзiм жарыққа?!
Далада өлсем қаңғырып,
Ит пенен құсқа жем болып,
Сүйегiмнiң ағашым
Таба алмайды-ау тарпын да.
«Бишатайың сүйттi» деп,
Хабар айтып баратын
Жолдасым жоқ қасымда
Аңдамай түстiм бұл iске.
Қорлығаны «ағам» деп,
Сенiппiн бекер басында.
930
940
950
960

236
ТАРИХИ  ЖыРлАР
236
237
Осыны айтып жас Биша,
Айдалада зарлады.
Үрейi жоқ, жаны жоқ,
Тап-тағаты қалмады.
Жолбарыс, қабылан онда көп,
Қанжармен тiлген басы бар.
Денесiнiң қан бәрi
Сiресiп қатқан сауыс боп.
Басынан аққан қандары,
Таяқпен ұрып, шоқ басқан,
Көк ала жара сандары,
Бiр жерiнiң сауы жоқ,
Жаралы түгел тәндерi.
Екi өкпесi қабынып,
Қабынан шығып жүрегi,
Шығуға жақын жандары,
Iлгерi аяқ басуға,
Келмей де тұр халдерi.
«Осы көрген халiмдi
Көрсешi менiң ағам» деп
Ойлар көңiлiндегi арманы.
Қорлыға мен Шерденнен
Көрiп қайтқан қорлықтың
Көңiлiнен кетпей зардабы.
Бiр заманда сiресiп,
Қайрат кiрiп бойына,
Қолына ұстап қанжарды,
Деп ойлады: «Бұл дағы
Тiршiлiктiң қамдары».
Кездеспей пенде қалар ма,
Табандары ойылып,
Үстi-басы сойылып,
Жалғыз өзi шырылдап,
970
980
990

236
236
237
МыРҚы  БАТыР
Сегiз күн жүрдi арада.
Екi көзi жұмылып,
Аш күзендей бүгiлiп,
Шарасы жоқ, халi жоқ,
Кездесiп тұр қараға.
Демi құрып, шөлдеп тұр,
Iшетұғын су да жоқ,
Кез болды сондай жазаға.
Ендi жылжып жүруге
Табанында терi жоқ,
Ажалдан қашар жерi жоқ,
Келе алмай қалды шамаға.
Демi құрып жас Биша,
Отыра қалып еңiредi.
Ендi басып жүруге
Екi көзi көрмедi.
Алды тоғай, қара орман,
Жүрерге жол бермедi.
Қанжар тиген сорлы бас,
Жел тиiп, iсiп кернедi.
Қолыменен сипалап
Жауқазын болды тергенi.
Екi өкпесi қабынып,
Есалаңдау есi бар,
Мiнезi болды делбелi.
Он үштегi жас Биша
Бұрын, сiрә, бар ма едi
Мұндай iстi көргенi!
«Ғайып ерен қырық шiлтен,
Қайда жүрсiң, пiрiм?» деп,
Отыра қалып еңiредi.
—Фатима пiрiм, қайдасың,
Мен секiлдi ғарiптiң
Бiр жақсылық көре алмай,
Болды ма осы жер өлгенi.
Нәсiлiм әйел демесең,
Мына жүрген жүрiсiм
1000
1010
1020
1030

238
ТАРИХИ  ЖыРлАР
238
239
Бұрынғы өткен ерлердiң
Жүрiсiнен кем бе едi?!
Фатима мен Дариға,
Қолыңның ұшын берсеңшi,
Әйелдiң пiр қып сенгенi.
ыдырыс қызы Зағипа,
Алланың пiр қып бергенi.
Шәмсидiң қызы Зылиха,
Жүсiп үшiн қайғы жеп,
Аз ба едi менен көргенi?!
Жүсiптiң қызы Нұржамал,
Ағасы үшiн құрбан боп,
Тастан ұшып өлгенi.
Анамыз Хауа Нұрғайып,
Жетпiс жыл жылап қорлықтың
Бәрiн көрдiң жердегi.
Хауа анам, жәрдем етпесең,
Мұнан былай жүруге
Ендi халiм келмейдi.
Алдымда жатыр құла түз,
Қан басқан Жүсiп қызыл жүз.
Жаратқан Алла, жәрдем бер,
Ел-жұртынан айрылып,
Қорлық көрген сорлымыз.
Ендi ағамды көргенше,
Ағам келiп құшақтап:
«Бишатайым» дегенше,
Өлемiз ғой сорлы бiз.
Сақтамасаң, Жасаған,
Көре алмаспын оңды бiз.
Ғайып Ерен қолдаған,
Қастық қылған дұшпаннан
Қанатын жайып қорғаған
Мен секiлдi ғарiптi.
Қолдасаңшы Мұңлық қыз,
Құлазыған далада,
Ажал мен екi арада,
Үстi-басым жаралы,
Ғарiп болып тұрмыз бiз.
1040
1050
1060

238
238
239
МыРҚы  БАТыР
Табанымда терi жоқ,
Баса алмай тұрмын жорғалап.
Сүйегi қапты, етi жоқ,
Жүрсем дағы зорлап-ақ.
Ағашым болса қасымда,
Отырар едiм қорғалап.
Аштырмайды көзiмдi
Iсiп кеткен дөң қабақ.
Құла түзде қаңғырып,
Отырмын бүйтiп ғарiп боп,
Назарыңды салсаңшы,
Мақтымның қызы Домалақ.
Ел жөнiн де бiлмеймiн,
Жер жөнiн де бiлмеймiн.
Шалдың айтқан жөнiмен
Келiп едiм жобалап.
Ит пенен құсқа жем болып,
Өлмек болдым далада,
Ажал айдап осы жерге
Алып кептi туралап.
Атам мен анам не болды,
ұрып жығып жау қалмақ
Кетiп едi олжалап.
Ағашым қайда жүр екен,
Мен отырмын бұл жерде
Көтерiп сорды жобалап.
Жаратқан Патша Құдай-а,
Пазылыңменен рақым қып,
Жiберсеңшi оңдап-ақ.
Жаратқан Патша Құдай-а,
Пендеңнiң құртпа айласын.
Он екi-он үш жасымда
Қайғының еттiм пайдасын.
Жас қаныммен боядым,
Дұшпанның қамшы, найзасын.
Еш нәрсенi көрместен
Өскен екен жай басым.
Үстi-басы жара боп,
1070
1080
1090
1100

240
ТАРИХИ  ЖыРлАР
240
241
Екi бетi қара боп,
Бишатайың бүйтiп тұр,
Ағатайым қайдасың?!
Ғайып ерен қырық шiлтен,
Қанатыңды жайғайсың.
Бiз секiлдi ғарiпке
Назарыңды салғайсың.
Жiгiттiң пiрi Рүстем,
Ағамды қолдан алғайсың.
Арыстаны Алланың
Шерi құда ер Ғали,
Шапағатшы болғайсың.
Қазiретi Қызыр Iлияс,
Ғарiптi жолға салғайсың.
Ғаусы Ғиян әулие,
Қай уақытта қорғайсың?
Баба Түктi Шашты Әзiз,
Қарасақал әулие,
Қаратаудан қалықтап
Басыма неге қонбайсың?
Баһауаддин әулие,
Басқа келген пәленi
Қайтаруды рақым қып,
Қай уақытта ойлайсың?
Бақыттың құсы шарықтап,
Ғайып Ерен бастап кеп,
Басыма қашан орнайсың?
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Бiз секiлдi ғарiптiң
Мұңын қашан ойлайсың?
Жаратқан Патша Құдай-а,
Жаратып едiң жан қылып,
Жоқ едiм, жоқтан бар қылып,
Бошаннан үшеу туғызып,
Дәулетке серiк паң қылып,
Үш бала боп өсiп ек,
Оттың басын шаң қылып.
Ақырында, Құдай-а,
1110
1120
1130
1140

240
240
241
МыРҚы  БАТыР
Тауысатын болдың ба,
Әлемдерге таң қылып,
Бошаннан туған баланы.
Аларыңды, Құдай-а,
Алатұғын болдың ба?!
Қанжарменен қан қылып,
Басын қоспай өлерде,
Ата-ана, бала-бауырды
Бiр-бiрiне зар қылып.
Он үш жасқа келгенде
Оқ тиген құлан секiлдi
Далада өлдiм қаңғырып.
Мендей бала өзiнiң
От басында ойнап жүр.
Менi, Құдай, қойыпсың,
Оқтан қашқан аң қылып.
Жолдасым жоқ қасымда,
Отырмын бүйтiп далада.
Маған, Құдай, қойыпсың
Кең дүниеңдi тар қылып.
Баратұғын жерiм жоқ,
Алды-артымды жар қылып.
Күнәһар пенде қисайтпас
Құдiретiңдi кер қылып.
Бұл қорлықты басында
Көрсететiн болған соң,
Жараттың, Алла, не қылып,
Осынша сорлы жан қылып.
Ағатайым, қайдасың,
Бишатайың зарықты,
Дұшпаннан көрiп қорлықты.
Өзiң үйде жоғыңда
Артыңнан ерген қарашың
Бұл пәлеге жолықты.
Толқын қағып шығарды
Судағы сүйрiк борықты.
Жоғын бiлiп ағамның,
16-205*
1150
1160
1170
1180

242
ТАРИХИ  ЖыРлАР
242
243
Жау қалмақ елдi торыпты.
Бошаннан туған баланың
Ажалына, қайтейiн,
Қорлыға сұм боп жолықты.
Қайдасың, аға, келсеңшi,
Бишаныңа келмесең,
Қу дүниеден торықты.
Бишатайың бүйтiп тұр,
Қанжарменен жау қалмақ
Жон терiсiн жоныпты.
Адал жарың Қорлыға
Менi салып бұл күйге,
Қалмақпен тартты жорықты.
Кесiп алып шашымды,
Қанжармен тiлiп басымды,
Отқа салып қыздырып,
Бетiме басты тобықты.
Қолыммен ашып көрсем де,
Екi көзiм көрмейдi.
Көрмейтұғын көзiме
Жаман бiр сұмдық болыпты.
Қозғалуға шама жоқ,
Әл-дәрменiм құрыпты.
Ағатай-ау, келсеңшi,
Бишатайың қорлықпен
Өлiмге мойынсұныпты.
Тiршiлiктен үмiт жоқ,
Үстi-басы қан болып,
Құлазыған далада
Шырылдап Бишаң тұрыпты.
Қозғайын десем, жаны жоқ,
Табанында терi жоқ,
Екi аяғым сыныпты.
Ағатайым, келсеңшi,
Құшақтайын мойныңнан.
Қара болып бiр туып,
1190
1200
1210

242
242
243
МыРҚы  БАТыР
Ерiп едiм соңыңнан.
«Биша, саған мiне» деп,
Қалаға шығып келгенде,
Шекер мен өрiк берушi ең,
Суырып алып қойныңнан.
Мен садаға кетейiн,
Ағашым, сенiң жолыңнан.
Сен жоқта түстiм қалмаққа
Маңдайымның сорынан.
Қырсық келiп iлесiп,
Жас өмiрдi шолыған.
Әлi әзiр Алла құтқарды
Шерденнiң қанжар, оғынан.
Қашып шықтым қаңғырып,
Қалмақтың қалың тобынан.
Сегiз күн жүрiп қаңғырып,
Үстi-басты қан қылып,
Құтыла алмай отырмын
Ажалдың жайған торынан.
Ажалға, сiрә, амал жоқ,
Сүйегiмдi ағам кеп
Көмер ме екен қолынан.
Өлiгiмдi, Алла, кездестiр
Ағамның жүрер жолынан,
Сүйегiме кездестiр.
Өлсем де келiп құшақтар,
«Бишатайым, жаным» деп,
Сапарын берсiн оңынан.
Құла түзде қаңғырып,
Ит пенен құсқа жем болып,
Амалым бар ма, қайтейiн,
лажымның жоғынан.
Отырмын жалғыз далада,
Ағатайым, қайдасың,
Кiмге айтамын сөзiмдi?!
Шалажансар жаным бар,
Бiле алмай тұрмын өзiмдi.
1220
1230
1240
1250

244
ТАРИХИ  ЖыРлАР
244
245
Тұла денем күп болып,
Iшi-бауыры езiлген.
Ажалдың жақын екенi
Ғарiп басқа сезiлдi.
«Бишатайым, жаным» деп,
Көтерiп жерден алар ең,
Келтiрсе Құдай кезiңдi.
Ағатайым, қайдасың,
Бишатайың егiлдi.
Ардақтаған Бишаңның,
Қорлық көрiп қалмақтан,
Қабырғасы сөгiлдi.
Қанжармен қалмақ тiлгiлеп,
Қаныменен аралас
Көзiмнiң жасы төгiлдi.
Бiрге туған бауырың
Бишатайың зар қағып
Көре алмай өлдi өзiңдi.
Ағашым, жаудан өшiңдi ал,
Жас бауырың өрiм-дi.
Бiрге туған бауырыңды
Өз қолыңмен көмбедiң,
Қолыңмен орап кебiндi.
Жалғыз баурың жалтаңдап,
Бұл қайғыдан жеңiлдi.
Мен үшiн бауырың езiлiп,
Бетiме жасың төгiлiп,
Қазбадың өзiң көрiмдi.
Кебiнiм жоқ, көрiм жоқ,
Бишатайың далада
Қалатұғын көрiндi.
Ағашым сипап өсiрген,
Шамшырақ үшiн тесiлген
Шұқиды-ау қарға көзiмдi.
Амалым бар ма қайтейiн,
Маған түскен бұл iстен
1260
1270
1280
1290

244
244
245
МыРҚы  БАТыР
Ағатайым не бiлдi.
Мына бiр тұрған қуыс жар
Жататұғын жерiм-дi.
Ең болмаса паналап,
Тартайын соған себiмдi,
Қош, ағатай, аман бол,
Ендiгi досым өлiм-дi!
Дедi де Биша есi ауып,
Қасындағы үңгiрге
Артымен жылжып шегiндi.
Демi құрып шөлдеген
Ауыз-басын емiндi.
Анық жаны шыққан жоқ,
Халi кетiп барады,
Дем алуға ерiндi.
Есi ауытқып, жалындап,
Көзiне әр iс көрiндi.
«Атқа мiнiп жүрмiн» деп,
Екi аяғын тебiндi.
Онан соң есiн бiлмедi,
Сол үңгiрге кiрiп ап,
Жататұғын көрiндi.
Сонымен Биша жатсын осы арада,
Ол емес өлген өлiк босағада.
Биша өлдi, қалмақ кеттi қатынды алып,
Айтылмай қалды Мырқы екi арада.
Баяғы Мырқы, Шора жауға шапқан,
Жау қуған батырлар ғой, түспейдi аттан.
Қашырып қалмақтарды жер тазалап,
Бiр тарап жауды iздеп жүр әр тараптан.
Батырлар мiнген тұлпар қазанаттан,
Ерлер ғой жаудан басын таза баққан.
Қасында екеуiнiң жүз кiсi бар,
Бәрi де ел қорғайтын азаматтан.
1300
1310
1320

246
ТАРИХИ  ЖыРлАР
246
247
Саспады жау кезiнде қайрат күштеп,
Дұшпанның бәрi батыр қанын iшкен.
Солағай, Көкаралға Мырқы кеттi,
Дегенге қалмақ сонда туын тiккен.
Бөлiнiп Шора батыр қырық кiсiмен,
Iзiне қашқан жаудың бұ да түскен.
Бұлар жүр: «Жұртқа зақым салмасын, деп,
Жау қалмақ ел шетiне бармасын», деп.
Қарап жүр арал, қамыс тоғайларды,
«Жау бұғып, жасырынып қалмасын», деп.
Iзiмен қашқан жаудың Шора кеттi,
Қалдырмай таса жердi шола кеттi.
«Жау жоқ,—деп,—жасырынған бергi жақта»
Тұсынан Ақдаланың ар жаққа өттi.
Ар жақты аралады әрi-берi,
Белгiлi жаудың қашып жүрген жерi.
«Жау қалмай, бәрi қашып кетiптi» деп,
Шөлiмен Құландының қайтты керi.
Келедi қайта жүрiп елге қарай,
«Жау бар» деп таса жердi жүрер жанай.
Жау түгiл ол арада ұшқан құс жоқ,
Елсiзде жау жаңылып жүрсiн қалай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет