2 Кіші мектеп оқушыларының физиологиялық ерекшеліктері
XVII
ғасырдан бері физиология
ғылымының даму тарихында адам
ағзасының қызметтері туралы өз еңбектерін- Гиппократ, Аристотель, К.Гален,
А.Везалий, В.Гарвей, М.Мальпиги, Р.Декарт, И.М.Сеченов, И.П.Павлов т.б.
жазып, зерттеулер жүргізді. Физиология ғылымының бір саласы ретінде жас
ерекшелік
физиологиясы
ғылымы
–
ағзаның
бүкіл
өмір бойындағы
физиологиялық функцияларының қалыптасуы мен даму заңдылықтарын
зерттеп, сонымен қоса ұрпақтың денсаулығын қорғау және алдын- алуға
бағытталған гигиеналық шаралар жасау жағдайларын зерттейді.
Жас ерекшелік физиологиясы педагогика ғылымымен тығыз байланысты,
себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-
тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Бастауыш сынып оқушысын
оқытудың нәтижесі оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерінің
қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді,
сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен
тығыз байланысты.
Жалпы адамзат баласының биологиялық дамуында бастауыш мектеп
жасындағы оқушылардың анатомиялық- физиологиялық даму кезеңі өздік
ерекшелігімен сипатталады.
Бұл ерекшеліктер педагогикалық процесте ескеруді талап етіледі. Бұл
кезеңде оқушының физиологиялық дамуы мен психологиялық ерекшеліктері
тығыз байланыста болғандықтан, екеуі де түпкілікті өзгеріске ұшырайды.
Осыған байланысты бастауыш жастық кезеңінің жеті жастан он жасқа, он
жастан он екі жасқа тән негізгі белгілері бар. Бұл белгілер бала ағзасында
күрделі, кейде қайшылықты, бірақ үйлесімді түрдегі дамумен қатар жүреді.
Бастауыш
мектеп
шағы
физиологиялық,
психологиялық
даму
мүмкіндіктеріне бай кезең. Егер мүмкіндіктерді дер кезінде байқап, қолдаса
онда ішкі физиологиялық,
психологиялық
резервтердің
дамуы
мүмкін.
Сондықтан, қазіргі кезеңде физиолог ғалымдардың ерекше назары бастауыш
сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл
резервтерді пайдалану арқылы балаларды одан әрі оқу және еңбек қызметіне
неғұрлым табысты үйретуге мүмкіндіктер туындайды.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар физиологиялық дамуы. Баланың бойы
өседі, салмағы қосылады, сүт тістері түседі, жаңа тістер өседі, денесі
сүйектенеді, жыныстық жетіледі. Бастауыш сынып жасындағы баланың
салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жаска дейінгі аралықта бала
денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады.
Балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі.
Бұлшық еттерінің жетілуі. Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық
еттері мен сіңірлері жылдам қатайып, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық
ет күші артады. Ірі бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерінен ерте жетіледі. Соған
байланысты балалар күшті де кең құлашты қимылдар жасауға қабілетті бола
бастайды, алайда дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ
соғады. Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз
19
болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы
салмағының 27%-ын құрайды. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және
іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде
бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады.
Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері тез өседі және ол
қанмен қамтамасыз етіледі, салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Күре
тамырларының диаметрі үлкен болуына орай, ми жеткілікті түрде қанмен
қамтамасыз етіледі, бұл баланың жұмысқа қабілеттілігін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші
кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына
50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүрек бұлшық еттері әлсіздеу, созылмалы.
Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ
қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі
дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты дене
тәрбиесі сабағында ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты
жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет.
Жүйке жүйесінің жетілуі жалғасады. Жүйке жасаушалары арасында жаңа
байланыстар
түзіліп,
мидың
жарты
шарының
икемділігі
күшейеді.
7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және
олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке
жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің
іргетасы қалануының негізі болады. Осы жүйке қызметіндегі түрлі процестер
арқылы бастауыш сынып оқушысы мінез- құлқы мен әрекетін табиғи және
әлеуметтік ортамен сәйкестендіру жолдарын іздестіреді. Әсіресе, мандай
бөліктері баланың психикалық іс–әрекетінде күрделi функцияларын атқарудағы
рөлі ереше.
Баланың жоғарғы жүйке қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты
шарлары қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты.
Ми қабығының талдау және синтездеу әрекеті психологиялық дамуының негізгі
механизмі болады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Осы
жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, ол 5 жаста үлкен адам миының 90
пайызына, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Бала ағзасы мен жүйке жүйесінің даму негізінде оның психикалық
қызметінің (түйісік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.) дамуы
жетіле түседі. Психикалық қызметінің негізгі механизмі мидың үлкен жарты
шарлар қабығының әрекеті болады. Психиканы объективтік шындықтың біздің
жүйке жүйемізде бейнеленуі болады дейміз. Баланың әрбір даму кезеңінде жас
ерекшеліктің алатын орны ерекше.
Сүйектерінің жетілуі. Саусақ сүйектері мен білек сүйектерінің қатаюы
он-он екі жасқа карай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, бастауыш сынып
оқушысы неліктен жазба жұмыстарын орындау үшін үлкен күш жұмсап, тез
шаршайтынын түсіндіруге болады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына,
әсіресе I–II сыныпта жазба жұмыстарын көп беруге болмайды.
Ал, омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа
арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын
20
білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-12 жас арасында омыртқа денесі
мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады.
Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалары әлі де өсу
жағдайында болады. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып
кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары:
скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Оқу жағдайында партада дұрыс отыруы
үйретіледі.
Бұл жаста ағзадағы барлық ткандарында елеулі өзгерістер болады.
Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де
бала сүйектері қалыптасуы бастауыш кезеңде аяқталмайды. Сүйегін шеміршек
құраса, ол аса иілгіш және майысқақ келеді. Сондықтан дене бітімі дұрыс
қалыптасуы үшін оқыту процесінде дұрыс отыруға тәрбиеленуі, алдын- ала,
немесе түзету шарасы ретінде спорттың түрлерімен айналысу үшін ұсыныстар
берумен жүзеге асады.
Бастауыш сынып оқушыларының жиһаздары көлемінің сай болуы, стол
мен партаға дұрыс отырғызу – бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты
дамуының аса маңызды шарты болып табылады.
Бастауыш мектепте оқушы өзінің 4 жылын өткізеді. Оқушының
денсаулығы жақсы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуы шарт. Өйткені мектептегі
жетістіктері
дене
дамуының,
денсаулығының
мықтылығына
тікелей
байланысты.
Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын
арттыруда, денсаулық сақтауға бағытталған шаралардың орны ерекше.
Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және
психологиялық саулығын қамтамасыз етеді.
Оны келесі педагогикалық әрекеттер арқылы жүзеге асыруға болады:
– оқыту барысында денсаулық сақтау;
– дененің физиологиялық қалыпты дамуын қамтамасыз ету;
– санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;
– салауатты өмір салтын насихаттау т.б.
1-cурет ‒ Апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті
Баланың күнделікті сабақ оқуға жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға
болады:
21
– 1 сабақта – оқу жағдайына қалыптасу;
– 2,3 сабақта - ынтасы жоғары болады
– 4,5 сабақта - баланың ынтасы төмендейді.
Сондықтан мұғалім сабақ кестесін құрғанда осыған баса назар аудару керек.
2-сурет ‒ 1-4 сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті
Баланың сабақ барысындағы білім қабылдау қабілеті келесідей:
– 5-25мин - 80%;
– 25-30мин - 60-40%;
–35-45мин - 10%;
Сабақтағы әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету
нормасы 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар,
сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б).
Бағдарлы нормасы - 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік,
аудиовизуалды және т.б. Нормасы – 3-ден аз ауыспау керек. Ауысу нормасы -
10-15 минуттен кем емес.
Баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының
қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері
үлкен роль аткарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін
тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура
Сонымен бірге оқыту процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылы 9 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген санитарлық ережелерде
«Оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
ерекше басшылыққа алыну керек
(оқыту жағдайларына
қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қосымша Б көрсетілген) [14].
22
3
12 жылдық
мектептің
бастауыш
сыныптарында оқытудың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Жас ерекшелігі психологиясы ғылымында бастауыш сынып оқушыларының
психологиялық даму кезеңін ерекше кезең деп атайды.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық мүмкіндіктерін жан-жақты
зерттеуші
психологтар
Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев,
Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов, Л.И.Божович, т.б. Бастауыш сынып оқушысының психологиялық
дамуы физиологиялық және әлеуметтік дамуына тәуелді [8].
Бастауыш сынып оқушысының негізгі әрекеті – ойын. Ал оның білім
алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс – әрекеттері: манипуляциялық,
пәндік, ойын арқылы ғана қалыптасады. Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың
өзіне бағытталған іс – әрекеті болып табылады. Бала тек білім алуды ғана емес,
сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Оқу арқылы және тағы
қоғамдық қатынастарға түсу арқылы, қоғамдық әрекеттерді үйрену арқылы бала
өзін-өзі өзгертуге бағыт пен бағдар алады. Мектептегі негізгі әрекет оқу арқылы
ақыл-ойы дамып, мәдениетті меңгереді. Сондықтан бастауыш оқушысы үшін
мектеп – үлкен әлеуметтенетін орта. Осы әлеуметтік ортада ғана оның өздік
санасы қалыптасып, өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы
және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Мектеп жағдайында ғана өзіндік
өзгерістері мен бойындағы қалыптасқан сапалық қасиеттері, жетістіктері
қадағаланады және айқындалады. Мектепте ғана бала «Бұған дейін қолымнан
келмеді, енді келеді», «Бұған дейін жасай алмадым, енді жасаймын», «Бұрын
қандай болдым, қазір қандаймын» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өзін
өзінен кішілермен салыстыра алады,
өзін-өзі бағалай алады немесе
рефлексиялық қабілеті қалыптасады (рефлексия – психологиялық ұғым, өзіне,
өзінің іс-әрекетіне объективті баға беру қабілеті.)
Бастауыш сынып оқушысының өзін-өзі бағалай алуы: өзіндегі өзгеріс мәнін
ұғына алуын жүзеге асыру өте маңызды. Егер бала өзінің дамуынан, оқу іс-
әрекетінен қанағат алса, демек, оның психологиялық тұрғыда дамуы, оқу процесі
қалыпты жағдайда деген қорытынды бере аламыз [9].
Бастауыш сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттағаннан кейін оның
әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы бала қалпында
болады. Бастауыш сынып баласының негізгі әрекеті ойын болғандықтан, білімді
қабылдату, білімді бекіту, білімді қорытындылау кезінде ойын іс-әрекетімен
алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Баланы ойната отырып оқытып,
ойната отырып тәрбиелеу керек.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-
әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез
араласып кетуіне себеп болады. Бастауыш мектепте оқытудың тағы бір
ерекшелігі – баланы үнемі әр жетістігі, әр алға басқан қадамы үшін мақтап-
мадақтап отыру міндетті: егер баланың шамасы келмейтінін немесе оқу
тапсырмаларын білмейтінін бетіне басса, онда бірте – бірте өзіне деген сенімін
жоғалтады, оқуға кері реакция туып, жағымсыз сезімін оянады.
23
Бастауыш мектеп оқушысына оқу іс-әрекетінің маңыздылығын түсіндіруге
тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін –
өзі шынайы өзгертуге үйренеді.
Балаларға
берілетін
тапсырма
ойын
элементтерін
қамтыса,
оқу
тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да, оны қалайда орындауға тырысады.
Әдетте, бала әлеуметтік қарым – қатынастар жүйесіндегі өзінің жаңа орнында
ойынның мәнін бірте – бірте түсініп, оқуға аса бір құштарлықпен талпыныс
жасайды. Ойнай жүріп
бала
өзіне аса маңызды
әлеуметтік дағды
калыптастырады. «Балалар қоғамының» рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының
қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде
ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен
әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық,
адалдық,
сатқындық әрекеттері баланың
бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді
қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі – танып-білуге деген белсенділігі.
Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын
өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-
салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Бала ойлау
қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды.
Баланы қоршаған ортасы қызықтыруы мүмкін. Мысалы: Мұхиттың тереңдігі
қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі
неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білім «неге?»,
«қалай?», «неліктен?» деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенуге,
жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға
мәжбүр болады. Мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады,
әрине, ол оны тек сұрақтарына қанағаттанатын жауап алу арқылы шеше алады.
Бала болып жатқан жағдайды бағалайды және оған өзі араласып, ойлана отырып
іс-әрекет жасап, өзінше шешімін табады. Сол жағдайды шешу үшін бейнелермен
іштей әрекеттесуден туындаған ой – көрнекі ой, бейнелі ой деп аталады. Бейнелі
ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады
[10].
Бастауыш мектепте оқушының эгоцентризмі (эгоцентризм – айналадағы
болып жатқандарды ескермей, адамның зейіні мен ойлауын тек өзіне ғана
бағыттауы) басым болады. Сондықтан үнемі бастауыш сынып оқушысының
оқу әрекетін ұйымдастырып отыру керек.
Білімінде жүйеліліктің жоқтығы, түсініктерінің жеткіліксіздігі, тәжірибесінің
аздығы, ойлау жүйесінің даму дәрежесінің жас ерекшелігіне байланысты
төмендігі логикалық ойлауға әсер етеді. Сондықтан түрлі логикалық тапсырмалар
арқылы оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып отыру керек.
Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра
алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде абстрактылы
заттарды суреттей алатын деңгейде болады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі
зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол
оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді.
24
Егер 6–7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойынмен ойнап жатса, ол одан
екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс
жасауға да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті
бұйымдарды жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір
нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс–әрекетіне деген ерекше
ынтасын көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ
уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа
алаңдай береді. Сондықтан, білімнің маңыздылығы мен қажеттілігі үнемі
дәріптеліп отыруы керек.
Мұғалім, ата-анасы немесе өзге үлкен адам күнделікті сөз арқылы балаға
әсер етіп отыруы маңызды. Бұдан бала не жақсы, не жаман екенін үйренеді.
Жағымды нәрсеге назарын аударып, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеп,
барлық әрекетін ұйымдастырып отыру керек. Өйткені, бала төменгі сыныпта
өзінің мінез – құлқын өзі үйлестіре алмайды, сондықтан сыртқы әсерді қажет
етеді. Бастауыш сынып оқушысының мінез – құлқының қалыптасуына
үлкендердің ықпалы ететін (сөзі, жеке үлгісі арқылы) екенін баса айтып кету
керек.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын
жұмысын өзі жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және
неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да
байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, өзін–өзі
ұйымдастыруға үйретеді.
Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуалдық
тапсырмаларды
назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік – жігерді және үлкен
ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында
бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы
баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс–әрекетінің
жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз
күшімен әрекет етуге ұмтылдырады.
Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда
болу жағдайын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма берсе, бұл
талаптар бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы
құралдармен пысықтап отыруға тура келеді. Сондықтан, оқыту процесі
көрнекілікті пайдалану арқылы жүргізілуі керек. Бұл жағдай дидактиканың
көрнекілік принципіне жауап береді [9, 10].
Оқыту процесіндегі әртүрлі оқиғалар, өлеңдер ұйқастыру, ертегілер ойлап
табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу, т.с.с. тапсырмалар арқылы бала өзіне белгілі
оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді айта бастауы мүмкін.
Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір – біріне қосып, өз кейіпкерінің
сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Осы жұмыс
түрлері баланың сөйлеу және қиялдай алу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік
болады.
Егер бастауыш сынып оқушысы сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған
туындысына көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәнді, мазмұнды оқиғалар
25
айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық қабілетінен шабыт алып, мәтінге басқа
кейіпкерлерді қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады.
Аталған жұмыс түрлері оқушы ойын, ойлауын, қиялын дамытады.
Сонымен, баланың қиялын дамыту олардың қоршаған ортаны танып-білуіне
мүмкіндік
беретін,
ой-өрісін
кеңейтіп,
шығармашылық
әрекетке
қызығушылығын арттыратын маңызды жұмыс болып табылады.
Оқушының ақыл-ойының дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Ақыл –
педагогикалық категория, ой – психологиялық категория болғандықтан, ақыл –
ойды дамытудың бір жолы – ойландыруға үйрету арқылы оқушыны сөйлей
білуге үйрету болып табылады [11].
Оқу процесінде сөйлеу тілін дамытудың маңызы ерекше. Сөйлеу тілін
дамытудың мынадай түрлері болады: біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді
меңгерту, екіншіден, оқуға және жазуға үйрету. Оқуға және жаза білуге үйрету
барысында тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына,
грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру керек.
Психолог Н.И.Жинкин: «Сөйлеу – интеллект дамуының өзегі, тіл неғұрлым
ерте меңгерілсе, білім де соғұрлым оңай және толық меңгеріледі», – десе,
К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, геометрияны,
жаратылыс ғылымдарын және математиканы үйренген кезде, математикалық
есепті шығаруда өз сөзімен жеткізе алмайтын күйге ұшырайды. Сондықтан,
бастауыш сыныпта білім мазмұнын игертуде тілдің дамуына, қабылданған жаңа
білімді ұғына білуге жол ашылады».
Қазақ
зиялыларының
арасында психология-педагогика
ғылымдарына
қатысты еңбектерін арнаған М.Жұмабаев бастауыш сынып оқушысының тілін
дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін баса айтады: «Тіл – адамның
тілмашы. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың
жан сырын ұға алады. Тілі кем болса, адамдардың қор болғаны», – деген. Бұл өте
орынды, дұрыс айтылған пікір. Сонымен бірге, ол мектепте оқушылардың сөздік
қорын байыту ісін де дұрыс ұйымдастыруды міндеттейді.
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және
дәл қабылдау, өз бетінше оқып, тындау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз
әлеміне қиындықсыз араласып, онын мазмұнын түсіне алатын болады, яғни,
әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының
дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы
жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі
үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық
құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің
және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер болып табылады.
Тіл дамыту барысында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар
баланың ойлау жүйесін байытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге,
оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Психологтар бастауыш сыныптағы
балаларды ойлауға үйретудің маңыздылығын атап өтеді.
Бастауыш сыныпта ойлауды дамыту маңызды рөл атқарады. Ойлау процесі
бастауыш сыныптарда қалыптасады да, адамдардың бүкіл өмірі бойында
26
дамиды. Сөйтіп, тілді меңгерту, сөз байлығын арттыру және грамматикалық
ерекшеліктерді игерту ойлаудың дамуының алғы шарты болып саналады.
Оқушылардың сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын
толық, дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Міне, бұл лексиканы оқыту,
жаңа сөздерді меңгерту, оқушылардың сөздік қорын байыту мәселесінің
қаншалықты маңызды екенін көрсете алады. Оқушылардың сөздік қорын
байытудың жолдары мен амал-тәсілдерін белгілеу, сөздік қорларын анықтау,
күнделікті қарым-қатынасқа түскенде сөздік қорының белсенді қолданылуына
мән беру мұғалімнің басты назарында болуы тиіс [12].
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы, түсінігі олардың жас
ерекшеліктеріне байланысты. Күнделікті игерілетін ұғымдар мен білім мазмұны
жас ерекшелігіне сай болуы маңызды рөл атқарады. Сондықтан бастауыш сынып
оқушыларына берілетін білім түсінікті, қабылдауына сай болуы ескерілуі керек,
яғни дидактиканың түсініктілік принципі басшылыққа алыну тиіс.
Бастауыш мектеп жасындағылардың зейіні тұрақсыз. Олар оп – оңай және
тез алаңдайды, мұғалімнің нұсқауларын тыңдауды қояды, естігендерін ұмытып
қалады, өз жұмыстарында қатені көп жібереді және де бір тапсырманы орындап
отырып,
кенеттен басқа іске
ауысады. Олар тапсырылған жұмыстағы
дәйектіліктен айырылып қалады да, көпке дейін қайтадан зейінін тұрақтандыра
алмай отырады.
Балалар үшін қайсыбір нәрсеге ұзақ уақыт зейін қоюдың қаншалықты қиын
екенін бірден ұғыну үшін жоғары жүйке қызметінің кішкентай балаларға тән
ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Сабақта оқушылармен атқарылатын күнбе-
күнгі жұмысты зейіннің қай түріне негіздеп құру қажет?
Бастауыш мектеп оқушыларының зейіні шашыраңқы. Балалардың ерекшелігі
қызықты әрі өздеріне ұғымды әңгімені ұзақ уақыт, барынша зейінмен тыңдай
алатындығы мұғалімге мәлім. Балаларды бірсарынды, тез жалықтыратын немесе
қызықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады.
Бала зейінін шоғырландырып, бала әрекетіне назар аударып отыру оны тез
шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелікті басшылыққа алып, бала назарын үнемі
шоғырландырып отыру керек.
Қабылдау – қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары сезім мүшелеріне
тікелей әсер еткенде, сол заттар мен құбылыстарды бейнелеу процесі болып
табылады [13].
Баланың заттарды дұрыс қабылдауы үшін, байқампаздығын дамыту үшін
келесі жұмыстарды жүргізу ұсынылады:
– баланың зейінін үнемі шоғырландырып отыруға, қабылдау дағдыларын
қалыптастыруға арналған жаттығулар;
– қабылдау дағдыларын қалыптастыру үшін талдау (анализ) мен жинақтауға
(синтез) үйрететін тапсырмалар.
Бастауыш сынып оқушыларының ес пен ойлау процесінің ерекшеліктеріне
келер болсақ, олар кез келген материалды емес, тек өздерін қызықтыратын,
сезімдеріне дұрыс әсер ететін материалды ғана естерінде сақтайды. Сондықтан
оқу материалы қызықты болуы тиіс. Балалардың жасының есеюіне қарай үнемі
есі дамып отырады. Дегенмен, 1-4 сынып оқушылары оқу материалын сөзбен
27
түсіндіруден гөрі, көрнекілік арқылы жақсы қабылдап, есте сақтайтындығы
анықталды. Мұндай нәтижені Э.А.Фарапанов бірінші және екінші сигналдық
жүйенің бірігіп қызмет істеуінің, затты көзбен көру арқылы қабылдау мен бір
затты білдіретін сөздер арқылы қабылдаудың нәтижесі деп қарайды.
Ес. Еске сақтаудың ерікті және еріксіз түрлері бар. А.Н.Леонтьевтің және
П.П.Блонскийдің зерттеулері бойынша, еріксіз есте сақтау ең алдымен
субъективті себептерге байланысты екендігін көрсетеді. Зерттеулер балалардың
еріксіз есте сақтауы кейде тіпті әдейі ерікті есте сақтаудан әлдеқайда тиімді,
әсерлі болатынын көрсетті.
Берілген тапсырманың баланың есінде жақсы сақталуы үшін мынадай
әрекеттер мен тәсілдер қолдануға болады:
1) Көрнекі құралдарды қолдану. Баланың жасы неғұрлым кіші болса,
соғұрлым оның танымдық іс-әрекетінде сезімдік қабылдау үлкен рөл атқарады.
Сондықтан материалды есте
қалдыру
үшін де, мүмкіндігінше,
көрнекі
материалға сүйену өте маңызды.
2) Қайталау. Көптеген мұғалімдер оқу материалдарын есте берік сақтаудың
ең басты және тиімді құралы бірнеше рет қайталау деп есептейді. Балалар
қайталау арқылы ережелерді жаттап, теориялық білім негізін толықтырып
отырады.
3) Өзін – өзі бақылау. Адам өзі орындаған істі бекіту үшін жеткен нәтижені
білуі қажет. Кез келген дәрежедегі берілген материалды оқып игеруде жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін өзін-өзі бақылау үлкен рөл атқарады. Өзін-өзі
бақылау балаларды өзіне сын көзбен қарап, берілген тапсырманы орындауға
жауаптылығын арттыруға үйрететіндіктен, әсіресе, төменгі сынып оқушылары
үшін өте қажет.
4) Себептер мен нұсқау. Адамның кез келген басқа қызметі сияқты
мнемикалық қызметінің
жемістілігі де ізденулерге, яғни оны туғызған
себептерге, нұсқауда
берілген дәрежедегідей
оны орындау
әзірлігіне
байланысты. Бала материалды есте сақтап қалуы үшін есте сақтап қалуға тиісті
екенін білуі және оны есте сақтауға тырысуы тиіс.
5) Есте сақталған материалдың мағынасын ұғыну. Кішкентай балаларға
сөзбен немесе тіпті сезімге әсер етерліктей берілген материалдың мағынасын
ұғыну өте маңызды. Көптеген тәжірибелер барысында мағыналық жағынан
байланыстыруды қалыптастырған жағдайда, материалды еске түсіріп қайталауда
оқушылар үлкен жетістіктерге жетеді. Есте сақталғанды ұғыну үшін балаларға әр
сөздің, терминнің мән-мағынасы түсінікті болуы қажет.
6) Есте сақтау және ұмыту. Материалды жаттау және оны қайтадан еске
түсіру аралығында кететін уақыт жасырын немесе латентті кезең деп атайды.
7) Жаңғырту. Есте сақтау процесінің соңғы сатысы, қайталап еске түсірудің
ең жеңіл нысаны тану процесі болып табылады. Бұл арада қабылдау мен есте
сақтау процестерінің түйісуі жүзеге асады.
Біріншіден, бұрынғы кезде қажет болғандай ұзақ мерзім ішінде емес,
7-9 жастағы балаларға көлемі жағынан айтарлықтай үлкен материалдарды
барынша қысқа мерзімде-ақ есінде ұстау балалардан да, мұғалімдерден де
айрықша күш жұмсауды талап етеді.
28
Екіншіден,
төменгі
сынып
оқушыларының
барынша
күрделі
оқу
материалдарын игерудегі осы жетістігі балаларды оқытудың жаңа жүйесінің
нәтижесі болып табылады. Балалардың қабылдағандарын ұғынуға мүмкіндік
бере алатын ақыл-ой белсенділігі мен жатталынған мазмұнды түсінуге
негізделген оқыту есте сақталуға тиісті материалдардың барынша толық, ұзақ
сақталуына, оны қайталап еске түсірудің дәлдігі және әр түрлі жолдарын
барынша еркін пайдалана білуге жетелейді.
Үшіншіден, логикалық есте ұстау баланың жас шамасына қарай пісіп-
жетілуінің ғана нәтижесі емес, ең алдымен, оқыту жүйесі мен баланың қысқа
өмірінде жинақталған шамалы көрген-түйгенінің нәтижесі екендігін тәжірибе
көрсетіп от ыр [9].
Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Швейцария
ғалымы Ж.Пиаженің
генетикалық
психология теориясы
–
психология
ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала
отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші
әдіснамалық қағида дәрежесіне көтерді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар
аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан
басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге
болады деп пайымдайды.
Ж.Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді.
Осы құрылымды қарапайым эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп
білді, яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден
құралатынын дәлелдемекші болды. Ж.Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі –
баланың
біртұтас
дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын
интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол
қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады.
Ж.Пиаженің
теориялық
тұжырымдары
жоғары
деңгейдегі
ойлау
қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеді. Ой
қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның
адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты
дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін көре алмады.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен кемшілік: интеллект даму
деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай,
әлеуметтік – қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа
шығарылды.
Ж.Пиаже адам интеллектің даму кезеңдерін келесі деңгейлерде қарастырды:
1. Сенсомоторлы интеллект кезеңі (0-2 жас);
2. Нақты амалдар кезеңі (2-11\12 жас);
3. Амалға дейінгі деңгей (2-6\7 жас);
4. Нақтылы амалдар деңгейі (6\7-11\12 жас).
5. Формальды амалдар кезеңі (11\12-14\15 жас).
Жан Пиаже нақты амалдар кезеңін келесідей сипаттайды. Ол бастауыш
мектеп кезеңін өте еліктегіш кезең деп сипаттайды. Бұл кезеңде – интуитивті
29
ойлау нақты әрекет-амалдарды орындауға көшіп, нағыз ойлау – логикалық
ойлауға көшеді. Ал ойлау міндетті түрде эмоциялық күйге әсер етеді.
Бастауыш мектеп оқушылардың оқуға едәуір мүмкіншілігі бар, себебі
олардың
интеллектісі
қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі.
Ж.Пиаженің
пікірі дұрыс болғанымен
қазір мәдени-тарихи теорияны
жақтаушылардың бірі Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша оқымай келген бала
оқуға кірген соң, ойы мен интеллектісі үлкен өзгеріске ұшырайды. Бала
қарапайым, яғни табиғи ойдан мәдени ұғым арқылы ойлауға көшеді деген пікір
басшылыққа алынады.
Ж.Пиаже: «Баланың ересек адамдармен тіл табысуы «төменнен жоғарыға
қарай
құрылады»,
–
дейді. Сондықтан осындай тіл табысу баланың
интеллектуалды және моральды дамуынаәсер етеді. Теңқұқылы тілдесу жағдайы
шыдамдылықтың, сыншылдықтың, өзгенің көзқарасына тоқтай білу, өз пікірін
өзгенің пікірімен салыстыра білу дағдыларының дамуына септігін тигізеді.
Ересек адамдарды оқыту барысында топтасып әрекет ету серіктестік қарым-
қатынастың пайда болуына әсерін тигізеді. Осы жерде өзара пікір алмасу,
таластар пайда болады. Біршама мәселелерді шешу барысында осы жайлар жеке
әрекет етуден гөрі топтық жұмыс жасау тиімді екендігін байқатады.
Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы – мұғалім. Балаға
қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай
дейді: «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға
қарап жымию баламен
диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым
кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы
жүзіне баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-
қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді
жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да мұғалімнің
вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге
болады. Бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан
сайын қашықтатпақ».
Үлкендердің баламен әр түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін
бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін дамытады.
Бір жағдайда оның өзінің ақылды екендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда
өзінің көріксіз екенін немесе қателігін мойындайды. Үлкендердің тікелей әсер
етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне өзі баға беру қабілетінен
оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.
Мектеп оқушыларының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп
отырады. Баланың 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы қарым-қатынастары
негізінен ата-аналардың бақылауында болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі
аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым-қатынастары, негізінен,
қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі.
Ата-аналарымен арасындағы байланыстың бұрынғыға қарағанда босаңсығаны
себепті бала енді өзінің жора-жолдастарының қолдауына көбірек сүйенетін
болады. Сонымен бірге оған енді өзінің эмоционалдық қауіпсіздігін де
қамтамасыз етуіне тура келеді. Демек, бала үшін өз құрбы-құрдастары өзіндік бір
30
рөл атқара бастайды, яғни, ол соларға қарай отырып, бұдан әрі қарай ата-анасы
көрсеткен жолдың ішінен қайсысын алуы керек, ал қайсысынан бас тарту
қажеттігін таңдай бастайды. Мектеп жасындағы балалар әдетте жынысына, өз
отбасының әлеуметтік-экономикалық
мәртебесіне
қарай
өзіндік топтарға
бірігеді. Осылайша бастауыш сынып жасы маңызды жағдаймен, яғни баланың
мектепке баруымен айқындалады. Мектептегі жаңа әлеуметтік жағдай бала
өмірінің бұрынғы өзі үйренген қалыбынан гөрі тереңдеу әсер береді әрі баланың
жүйкесіне салмақ түсіреді.
Бастауыш сынып жасы айналадағы қоршаған әлемді баланың өз бойына
сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып
табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың
өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни
ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін
барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын
баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың
бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана
көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер
болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар
сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай
жағдайда балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне
қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың
танымдық мүмкіндіктеріне қарастырылып отырған осы ерекшеліктер зор ықпал
етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып
табылады.
Қорыта айтқанда,
бастауыш
сынып
оқушыларының
психологиялық
ерекшеліктерін және бастауыш білім берудің педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктерін сараптағанда 12 жылдық жалпы бастауыш мектеп оқушылары 6
жастан мектепке қабылдау қарастырылған. 12 жылдық жалпы бастауыш
мектептегі эксперимент барысында 6 жасқа толып келгенмен, не толмай
келгендерінің
арасын
білім
мазмұнын
игерудегі
психологиялық
айырмашылықтар бар екені анықталған. Сондықтан
бастауыш
мектеп
жасындағы кезеңі – ерекше кезең, себебі кез келген білім мазмұны бастауыш
сатыда қаланатынын ескеріп, жас ерекшелігі категориясына қатаң назар
аударылуы тиіс. Осы жағдайды ескеріп, 12 жылдық білім берудің бастауыш
мектебінде сауат ашу кезеңін жыл бойына созу қарастырылған.
Бастауыш сынып оқушының ана тілінде еркін сөйлеуді игерту арқылы ғана
өзге тілдерді үйреніп, ғылым негіздерін игеріп оқушы тұлғасын дамып, тиянақты
білім мазмұнын игеруге мүмкіндік туындайды. Бірақ, бастауыш сынып оқушысы
физиологиялық тұрғыда әлсіз, бірақ қабылдауы өте жоғары. Ендеше, осы
ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім мазмұнын игерту қажет.
|