12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


«Көркем еңбек» пәнінің базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата02.01.2017
өлшемі1,5 Mb.
#969
1   2   3   4   5   6   7   8

«Көркем еңбек» пәнінің базалық білім мазмұны

Суретшілер нені және қалай қолданады?

Жұмыс  барысында қолданылатын  материалдардың ерекшеліктері  (бояу,

қылқалам, тушь, бор, әртүрлі қағаз, табиғи материалдар).

Акварель бояулары және гуашьпен жұмыс істеу ерекшеліктері.

Көркем өнердің түрлері мен жанрлары, олардың өмірмен байланысы.

Қазақ және  шетел  суретшілерінің жеке  шығармаларымен  танысу. Қазақ

және Қазақстанда  тұратын  халықтардың көркем өнерінің байлығы  мен

әртүрлілігі туралы түсінік.

Сурет,  кескіндеме – сәндік-қолданбалы өнердің негізі.  Бейнелеу  тілінің

негізі: сурет, түс, композиция, пропорция.

Сурет,  аппликация,  көркем  бұйымдарда өз  ойын  жүзеге  асыруда  көркем

тәсілдерді таңдау және қолдану.

Түс,  реңк,  композиция,  кеңістік,  сызық, штрих,  дақ, көлем,  материал,  ою-

өрнек, құрастыру көмегімен шығармашылық жұмыстарда (кескіндеме, графика,

мүсіндеме, сәндік-қолданбалы өнер) көңіл-күйді беру.

Негізгі үш түс. «Жылы», «суық» түстер туралы түсінік.

Адамды қоршаған тұрмыстық заттардың моделін құрастыру.

Түрлі  көркем  техниканы  және  материалдарды  (коллаж,  аппликация, қағаз,

гуашь, акварель, пастель, бор, қарындаш, фломастер, ермексаз, саз, табиғи және

қолда  бар  материалдар) қолдану. Қол  еңбегі құралдарымен  жұмыс  істеу

қауіпсіздігі. Өз жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.

Көркем өнердің музыка, әдебиет,  театр,  киномен өзара  байланысы.

Суретшілер туралы мәлімет.


67

Сурет салу, әшекейлеу, құрастыру, модельдеу

Сабақта  жұмыс  істеу  ережесі  және  көркем өнер  сабағына қажетті

материалдармен  танысу.  «Пішін»  түсінігімен  танысу.  Түс  туралы  алғашқы

түсінік.  Жақын  және қарама-қарсы  түстер  гамма.  Пішін  мен  бейненің

байланысы. Үйлесімділік.

Табиғаттағы  сызық. Жазықтықта  бейнелеу.  Жазықтықтағы  сызық. Түрлі

көркем техника мен тәсілдер.

Бояуларды қолдану. Оларды араластыру арқылы жаңа түстер алу жолдары.

Ермексаз, қағаз, қатырма қағаз,  саз,  гуашь  және  басқа  да  материалдармен

жұмыс  істеу  түрлері.  Сурет,  кескіндеме,  мүсін,  сәндік-қолданбалы өнердің

негізімен танысу, қысқаша мәлімет.

Архитектура  және  дизайн  туралы қысқаша  мәлімет.  Дизайнер  жұмысымен

танысу.

Қағаз, қатырма қағаз  және  басқа  да  материалдардан  табиғи  нысандарды



құрастыру және оны әшекейлеу.

Модельдеу. Ұжымдық модельдеу жұмысы.

Көрмеге

қойылатын  жұмысты  безендіру  тәсілімен  танысу.  Көрме,



мұражайларға топсеруен.

Түрлі  көркем  материалдар  мен  тәсілдерді қолдану.  Сурет  салу, әшекейлеу,

құрастыруға  арналған құрал-материалдарды  таңдау, қауіпсіздік  техникасы  мен

жеке гигиенаны сақтау ережелері. Жұмыс орнын ұйымдастыру.



Аппликация,  графикалық материалдар  мен қағаздың көркемдік

мүмкіндігі

Аппликация  туралы  мәлімет.  Аппликацияны құрастыруда  композиция

(ырғақ, тепе-теңдік,  түс,  сюжет)  тәсілін қолдану.  Дайын  трафарет  бойынша

аппликация құрастыру.

Аппликация  тәсілімен  түрлі  көркем  жұмыстар  орындау:  ою-өрнектер,

картиналар, тақырыптық, сюжеттік аппликациялар.

Графика  туралы  түсінік.  Көркемдеу құралдары  (қылқалам, қауырсын,

таяқша  және  т.б.),  көркем  тәсілдері  (сызық, штрих)  мен  техниканы  (бояу)

қолдану.

Мүсіндеу  материалдарымен  танысу.  Мүсіншінің

жұмыстары  туралы

мәлімет. Анималистік жанр туралы түсінік.

Халық кәсіпшілігі туралы қысқаша мағлұмат.

Үлгі тақырыптар:

1. Күзгі жапырақ. Күзгі бояу.

2. Туған өлке жануарлары.

3. Ертегілер кейіпкерлері.

4. Оригами техникасы негізінде жануарлар бейнесін құрастыру.

5. Хайуанаттар паркі.

6. Қала.

7. Бізді қоршаған әлем.

8. Ғажайып жануарлар мен құстар.

9. Көбелектер мен гүлдер.

10. Қиял-ғажайып қаласы.


68

11. Жағымды және жағымсыз ертегі кейіпкерлері.

12. Наурыз мерекесі.

13. Табиғаттағы құбылыстар.

14. Көктемгі күн.

15. Гүлдер әлемі және т.б.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Бастауыш сыныпты бітірген оқушы меңгеруі қажет:

– түрлі көркем материалдарды қолдану арқылы көркем іс-әрекетті;

– келесі

өнер 


түрлері: 

кескіндеме, 

графика, 

мүсіндеме, 

дизайн,

архитектура,  сәндік-қолданбалы  және  халық  өнері  туралы  алғашқы  көркем



еңбек дағдысын;

– көркем  материалдардың: гуашь,  акварель,  пастель,  бор, қарындаш,

ермексаз, қағаз, қатырма қағаздың мәнерлілік мүмкіндіктерін;

– өздігінен 

шығармашылық

іс-әрекет 

тәжірибесін,

ұжымдық


шығармашылық дағдысын;

– бұйымдарды

құрастыруды,  заттар,

өсімдіктер  мен  жануарларды

бейнелеуді,  кеңістікте  бейнелеу  жұмысын,  жазықтықта  адамды  бейнелеу

туралы алғашқы түсінік пен дағдыны білуі/меңгеруі қажет.



«Технология» білім саласы

«Технология» білім саласы «Технология» пәнінің мазмұнын қамтиды.



Технология

«Технология»  пәнін  оқытудың мақсаты – шығармашылық тұлғаны

қалыптастыру,  оқушылардың

еңбек  дағдысын  дамыту,  көркем  еңбекке

қызығушылықтарын арттыру.

«Технология» пәнін оқытудың міндеттері:

– еңбек әрекетін  жоспарлай  білу, өзінің және өзгенің ісін  бақылау,  баға

беру, түзету, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың қарапайым құралдармен және түрлі материалдармен жұмыс

істеу біліктіліктерін, пәндік-практикалық дағдыларын қалыптастыру.



Құзыреттіліктер. Бастауыш сыныптарда технология пәнінің базалық білім

мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.



Мәселені шешу құзыреттілігі:

– конструкторлық міндеттерді  шешу  кезеңдерін логикалық және  уақыттық

бірізділікте анықтап құрайды;

– өзінің әрекетінің нәтижесін бағалайды;

– нысананы  дайындау  барысында  технологиялық

нұсқауға  сәйкес

орындайды;

– өнімнің құрылымына, өзіне  тән қызметіне  және  оның сыртқы  түріне

сәйкес анықтайды;

– практикалық әрекеттің жақсы және әлсіз жағын анықтайды;

– конструкцияға өзгеріс  енгізуде өзінің ойлау әрекетін құрады  және

тұжырымдайды.



69

Технологиялық құзыреттілік:

– жұмысты техникалық қауіпсіздік ережелерге сүйеніп орындайды;

– материалды өңдеудің негізгі тәсілдерін біледі;

– құралдар мен қажетті материалдарды орынды, дұрыс пайдалана алады;

– қарапайым құрамақ кешенін өздігімен дайындай алады;

– технологиялық мәдениет негіздерін меңгереді;

– өзінің еңбек әрекетінің бірізділігін өздігінен жоспарлай алады;

– қозғалмалы элементтерімен түрлі құрамақтарды құрастыра алады;

– жоба құрып және оны қорғайды;

– мектеп ауласындағы  күз  және  көктем  мезгілінде  болатын  жұмыс

ерекшелігін біледі;

– көркем-графикалық әрекетті игереді;

– материалды және жұмыс уақытын үнемді пайдалана алады;

– мектеп үлескісіндегі күз және қыс мезгілінде болатын жұмыс ерекшелігін

біледі;

– заттық-практикалық әрекетті меңгереді.



Ақпараттық құзыреттілік:

бұйым  дайындау  технологиясына  сәйкес ұсынған  ақпаратты қолданады,

талдайды және оны тұжырымдайды;

белгілеу, бүктеу тәсілдерін қолданады;

нақты  тапсырманы  шешу  кезінде қажет  болатын  ақпаратты  бөліп  ала

алады;


берілген екі-үш негізгі ақпарат көздері бойынша мәліметтерді жүйелейді;

сызбаларды, қарапайым сызуларды оқиды;

дайын және дайындалатын бұйымдардың өлшемдерін есептейді;

өлшеулердің алуан түрлерін қолданады;

берілген тақырып бойынша мәліметтерді жинақтайды;

қолданбалы өнердің белгілік жүйесі оның мағынасы болып табылатынын

түсінеді;

анықтамалар мен энциклопедияларды қолдана алады.



Коммуникативтік құзыреттілік:

мәтінді  атап,  негізгі  ойын  тұжырымдайды;  мәтінді  мағынасына  және

композициясына қарай жіктей алады;

мәтінді байланыстырып оқиды;

сөйлеу  түрлеріне қарай  мәтін құрастырады:  сипаттау  (затты,  табиғатты,

өсімдікті, жануарды), хабарлау, талдау;

мәтінді  байланыстырып  оқиды,  оған  сұрақ  қойып  және  жауап  береді,

мәтіннен түйінді тірек сөздерді табады;

түйінді  сөздер  мен  иллюстративтік  материалдар  негізінде  (қысқаша,

нақты, таңдап) мәтінді қайталай алады;

оқушы тақырыптың және мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

тыңдағанына өзінің бағасын беріп, сезімін білдіреді;

сөйлеу және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игереді.


70

Экологиялық құзыреттілік:

адамның


технологиялық 

әрекетінің

сыртқы 

ортаға 


және 

адам


денсаулығына әсерімен танысады;

қолданылатын материалдың экологиялық жарамдылығын түсінеді;

құрастырылатын  бұйымның

экологиялық

жағынан  лайықтылығын

дәлелдей біледі;

жобалық тапсырманың экологиялық негіздемесін талдау.

«Технология» пәнінің базалық білім мазмұны

Табиғи материалдан құрастыру

Табиғи  материалдар  туралы  мәлімет. Қолданылатын  материалдардың

қасиеті. Табиғи  материалды  жинау  және  сақтау  (ағаштың жапырағы,  бүрi,

жаңғағы,  бұтағы,  майда  тас).  Тастан, ұлу қабыршағынан,  тұқымнан  мозаика

құрастыру.

Композиция  негіздері: өлшем үйлесiмi,  симметрия,  асимметрия, қимыл-

қозғалысты  бере  бiлу  (бейнелеу өнері  курсынан).  Ермексаз,  жіп  және  сым

көмегі арқылы бұйым бөлшектерін біріктіру.

Сабаннан,  кендiр  жiптен,  кепкен өсiмдiктен  ойыншық, заттар  жасау

технологиясы. 

Аппликация. 

Сюжетті 


аппликация. 

Симметриялы,

асимметриялы  бұйымдар  орындау  және  оларды әсемдеу.  Біріктіру  тәсілдері.

Бұйымдар бөлшектерін біріктіру түрлерін талдау және негіздеу.

Табиғи  материалдан құрастыру  кезiнде  еңбек қауiпсiздiгiн  және  жеке  бас

гигиенасын сақтау.



Қағаз және қатырма қағаздан құрастыру жұмысы

Қағазбен  жұмыс  түрлері  (бүктеу, қаттау,  ою, қию,  желiмдеу).  Зат

бөлшектерi  мен  бұйымдарды қалып-үлгi  және сызғыштың көмегiмен өлшеу.

Қағаз бұйым бөлшектерiн бiр-бiрiне желiмдеу. Қағазбен жұмыс жасауды ұжым

болып  жоспарлау. Өрнек  салу.  Жиек өрнек  түрлерi  («сынық»,  «толқынды»).

Геометриялық фигуралардан аппликация құрастыру.

Күнделiктi  және  мерекелік  бұйымдар.

Әдемi  заттардың

ерекшелiгi.

Қазақтың үй жиһаздары. Қолданбалы өнердегі белгілер. Сурет пен сызбаларды

пайдалану.  Шеңберде өрнек құру.  Шеберлердің  өрнектерді  пайдалануы.

Жолақтағы өрнектер.

Қозғалатын қуыршақтар. Қағаз  жолақшасы  мен  жалтырауық  қағаздан

ойыншықтар құрастыру. Қайық,  қатырма қағаз қорабын,  салпыншақ  үлгілеу.

Жаңа жылдық ойыншықтар құрастыру. Наурыз мерекесіне ұлттық өрнектермен

безендірілген бұйымдар дайындау.

Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс жасау кезiндегi еңбек қауiпсiздiгi және

оқушының жеке  бас  гигиенасы  ережелерiн  сақтау.  Жұмыс  орнын  дайындау.

Құралдар мен материалдарды пайдалану және оны күту ережесi.

Модельдеу және құрастыру

Сызық түрлерi  мен  олардың белгiленуi  (түзу,  толқынды-ирек,  сынық);

қағаздың түрлерi  және  оның  қолданылу  аясы;  желiмдi  пайдалану; қағазды

бүктеу (негiзгi тәсiл, қыр түсiру) және оны қию.

Модельдеу  және құрастыру  алгоритмi.  Пластмасса,  конструкторлар  және

«Лего».


71

Оригами. Қатырма қағаздан үлгілеу. Қағаз  жолақтарынан  композиция

құрастыру.

Құрастыру  және үлгiлеу  технологиясы.  Сызба-үлгiнi  оқу.  Модельдi  сызба

бойынша құрастыру  және  бөлшектеу.  Жылжымалы  және  жылжымайтын

бөлшектерді бiрiктіру. Қағаз және қатырма қағаздан шырша ойыншығын жасау.

Өз қиялы  бойынша  бұйымдардың  үлгісін құрастыру. Ұлттық бұйымдар үшін

ою-өрнектер құрастыру.

Мозаика құрастыру. Ұсақ тастардан мозаика құрастыру.

Қозғалмалы  бұйымдар құрастыру. Қозғалмайтын  бөлшектердi  бiрiктiру.

Әртүрлi материалдан үлгі құрастыру. Ғарышқа ұшу тарихынан мәлiмет.

Еңбек қауiпсiздiгi және оқушының жекебас гигиенасы ережелерiн сақтау.



Көркем бұйым туралы

Материал  түрлерi. Әртүрлi  материалдардың ерекшеліктерін  салыстыру

және өзiндiк қасиетiне қарай  пайдалану.  Материал  таңдау.  Олардың атауы

(қағаз,  мата,  ермексаз,  т.б.)  мен қолданылу  аясы.  Ермексаз,  желiм,  жiп  пен

сымның  құрамақ бөлшектерiн  бiрiктiру қасиетi. Үлгi  бойынша,  графикалық

сызба  белгi  және өз  ойынан  бұйым  жасау  технологиясы.  Жобалау әрекетіне

кіріспе.

Ермексазбен мүсіндеу технологиясы. Үлгi және сурет бойынша жануарлар

мен адам бейнесiн мүсiндеу техникасы. Жеке бөліктерді жапсырмалау.



Қазақ және Қазақстанда тұратын басқа ұлт қолөнерінің ерекшеліктері

мен  айырмашылығы.

Қазақ


және

Қазақстанда  тұратын  халықтардың

қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарымен таныстыру.

Тоқыма  және  басқа  материалдар  туралы  мәлімет. Қиял-ғажайып әлемiнiң

және  ертегі  кейiпкерлерiнің киімдерін қиялдау.  Көркем  бейне  жасау үшін

материалдарды үйлестіру.

Дөңгелек  пішіндегі  жұмсақ ойыншықтар  дайындау.  Жобаны ұжыммен

орындау.


Қазақ

және


Қазақстанда 

тұратын 


халықтардың

ою-өрнектерiнің

ерекшеліктері туралы мағлұмат.

Нобайды  және  схеманы  оқу  ережесі,  оларды  материалды

өңдеу

технологиясын жоспарлау кезінде пайдалану.



Мата, баутаспа, жiп, сым түрлерi және олардың қасиетi. Материалды үнемдi

пайдалану.  Белгiлеу,  пiшу,  тiгу,  кестелеу,  моншақ-маржан бастыру  арқылы

бұйымды әрлеу.  Шалма  тiгiс, қайып-тiгу.  Шашақ  (пайдаланылуы,  жасау

технологиясы).

Сым,  жалтырауық  қағаздан әсемдiк  бұйымдар  жасау. Үлгi, қиық,  өлшем

бойынша дайын бұйымдарды талдау. Қуыршақ театрымен танысу.



Матамен жұмыс. Маталардың өңi мен астарын, өлшемін анықтау. Әртүрлі

матаны пайдалана отырып, қиялы бойынша аппликация құрастыру. Әшекейлеу

үшін қарапайым ұлттық ою-өрнектерді пайдалану.

Сәндік өнер. Сәндiк өнер  технологиясы  туралы қысқаша  мәлімет.  Сызба

үлгi  бойынша  моншақ-маржан  тігу. Әшекейлеу үшін әртүрлі  моншақ-маржан

тастарын пайдалану. Дәстүрлі әшекейлеу. Қазақтың зергерлік бұйымдарындағы

түстердің үйлесімділігі. Аппликация-фантазия құрастыру.



72

Сымнан, таспадан бұйымдар жасау.



«Технология»  пәні  бойынша  оқушылардың

дайындық

деңгейіне

қойылатын талаптар

Бастауыш сыныпты аяқтаған оқушы:

– қолданылатын құралдар мен материалдардың атауын және қолдану аясын;

– қазақтың және Қазақстанда тұратын халықтардың ою-өрнектерiнiң өзiндiк

ерекшелiктерін;

– еңбек қауiпсiздiгi және жекебасның гигиенасы ережелерiн сақтауды білуі

тиіс.

Сонымен қатар:

– әртүрлі  материалдан  жасалған қозғалмалы  модельдерге  және  оларды

құрастыру кезеңдеріне талдау жүргізу;

– технологиялық процестегі  мәселелерді  анықтап  және  оны  шешуді

нақтылау;

– өзінің әрекетін және оның нәтижесін бағалау;

– мақсатқа жетуде өзінің әрекетін саналы құрау;

– жобаны орындау және оны қорғау білігін меңгеруі қажет.



«Дене шынықтыру» білім саласы

«Дене  шынықтыру»  білім  саласы  «Дене  шынықтыру»  пәнінің мазмұнын

қамтиды.

Дене шынықтыру

Дене 


шынықтыру 

пәнінің


мақсаты

қозғалыс 



белсенділігінің

заңдылықтары,  дене  дамуының, жеке  гигиенаның ережелері,  дене  және

психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету

жөніндегі білімге ие болу.

Оқу пәнінің жалпы міндеттері:

– денсаулықты  нығайту,  ағзаның  қызметтік  мүмкіндіктерін  арттыру  және

негізгі физикалық қасиеттерін дамыту;

– дене  шынықтыру,  оның адам өмірі,  денсаулығын  нығайту,  дамуы  мен

дайындығының маңыздылығы туралы жалпы түсінігін қалыптастыру;

– жүру,  жүгіру,  секіру,  жорғалау,  лақтыру және  жүзу  бойынша өмірлік-

маңызды дағдылары мен білігін жетілдіру;

– негізгі  физикалық  қасиеттерін:  күшін,  жылдамдығын,  төзімділігін,

үйлесімділігі мен ептілігін дамыту;

– дене  тәрбиесі  және  спорт  туралы,  олардың тарихы, қазіргі  дамуы  және

әлеуметтік  бағдарлау  мен  салауатты өмір  салтын қалыптастыру  туралы

білімдерді игеру.

Бастауыш білім беру сатысындағы «Дене шынықтыру» пәнінің міндеттері:

– бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы

және  олардың денсаулығын  нығайту,  күн  тәртібін ұйымдастыру,  ағзаны

шынықтыру,  жеке  гигиенаны  сақтаумен  байланысты қарапайым  білімдерді

қалыптастыру;


73

– гимнастика,  жеңіл  атлетика,  шаңғы  және қозғалыс  ойындарынан

жаттығуларды орындауға  және  спорттық ойындардың техникалық іс-әрекетіне

үйрету;


– қозғалыс дағдыларын меңгерту, жүйке жүйесі мен тұтас ағзаны дамытуға

көмектесу;

– қозғалыс қабілеттерін дамыту;

– дене шынықтыру және спорт саласы бойынша қажетті білімді меңгеру.



Құзыреттіліктер. Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәнінің базалық

білім  мазмұны  төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға  бағытталуы

тиіс.

Білімдік құзыреттілік – бағдарламалық материалдарда қарастырылған

білім, білік, дағдыны қалыптастыру.



Құндылық  құзыреттілігі – әлем, Қазақстан  және өзінің туған  жерінің  ұлы

спортшыларының жетістіктері туралы білім беру, салауатты өмір салты туралы

дағдысын қалыптастыру.

Ақпараттық  құзыреттілік – үйге  берілген  тапсырмаларды өз  бетімен

орындауға үйрету.



Коммуникативтік құзыреттілік – дене  шынықтыру  сабағында  спорттық

терминдерді қолдана білу.



Әлеуметтік құзыреттілік – өмірлік  маңызы  бар қасиеттерді  дамытуға

арналған жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды жеңе білу.



«Дене шынықтыру» пәнінің базалық білім мазмұны

Жеңіл атлетика

Жүру.  Жүгіру.  Жүгіріп  келіп ұзындыққа  және  биіктікке  секіру.  Лақтыру.

Жүгіру  техникасының элементтерімен  танысу.  Кішкене  допты  лақтыру

техникасының элементтерімен танысу.



Спорттық ойындар

Баскетбол.  Волейбол.  Футбол.  Ойын  техникасы  элементтерімен  танысу.

Доп ойнау дағдыларын меңгеру.

Гимнастика

Сапқа  арналған  жаттығулар.  Жалпы  дамыту  жаттығулары.  Бір қатардан

тұратын  саптан  екі қатардан  тұратын  сапқа  ауысу.  Еркін  орындалатын

жаттығулар  элементтері  бар  акробатика.  Гимнастикалық  қабырғада  тартылу.

Секіру техникасы элементтерімен танысу. Ырғақты қозғалыс элементтері.

Шаңғы дайындығы

Мектептің шаңғымен  жүруге  арналған  алаңында  жаттығулар  орындау.

Шаңғымен сырғанау техникасы элементтерімен танысу.

Жүзу

Суда  жүзуді  меңгеруге  арналған  жаттығулар  орындау.  Жүзу  техникасы

элементтерімен танысу. Су бетіндегі ойындар.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

Бастауыш сыныпты аяқтаған оқушы:

– күн тәртібі мен жеке гигиена туралы;



74

– дене  бітімін  дұрыс қалыптастыруға  арналған  жаттығулар  кешенін

орындауды;

– дене шынықтыру жаттығулардың түрлері туралы;

– футбол, баскетбол, волейбол ойындарының ерекшеліктері туралы;

– адам өміріндегі дене шынықтырудың рөлі мен маңызы туралы білуі тиіс.

Сонымен қатар:

– дене бітімінің дұрыс қалыптасуына арналған жаттығуларды орындауды;

– жүру, жүгіру, секіру, жорғалау, лақтыру және жүзу дағдыларын;

– күшін,  жылдамдығын,  төзімділігін, үйлесімділігі  мен  ептілігін  дамытуға

арналған жалпыдамытушылық жаттығулар кешенін орындауды;

– саптық жаттығуларды орындауды;

– жүру, жүгіру, секіруді әртүрлі тәсілдермен орындауды;

– қарапайым

акробатикалық

және  гимнастикалық

комбинацияларды

орындауды меңгеруі тиіс.



75

Қорытынды

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді

көздейтін  заман  талабынан  туындап  отырған  мәселе  болғандықтан, қазіргі

таңда білім беру ұйымдарының алдына дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге

икемді, қоғам  пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге  асыруға  дайын,  білімді,

шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру

мақсаты қойылады.

Қазақстандық білім  беру  жүйесінің  12 жылдық оқыту моделіне  көшуі  жас

ұрпақтың білім  алу  мүмкіндіктерін  кеңейту,  отандық білім  беру  жүйесін

әлемдік  білім  беру  жүйесіне  кіріктіру  мақсатынан  туындайды. Алдыңғы

қатарлы  дамыған  елдердің  (Финляндия,  Сингапур,  АҚШ)  12  жылдық білім

беруге  көшудегі  іс-тәжірибелері  еліміздің білім  беру  жүйесіне  сапалы

өзгерістер  енгізу қажеттігін  дәлелдеді. Мектеп түлегінің әлеуметтік  және

қоғамдық  өмірдегі өзгерістерге  икемделе  отырып,  мектепте  алған  білімдері

негізінде әрекет етуге қабілеттілігі мен дайындығын тың мазмұнды жаңа білім

беру  жүйесі ғана қамтамасыз  ететінін әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отыр. Бұл

оқушыларға берілетін білім мазмұнын қайта құруды талап етеді.

Осыған  орай

әдістемелік

құралда


ғылыми-зерттеу  еңбектері  мен

педагогикалық, психологиялық  әдебиеттерге,  бүгінгі  күнге  дейінгі әзірленген

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  орта  білім  беру  стандарттары мен оқу

бағдарламаларына талдау жасалып,  соның негізінде 12  жылдық мектептің

бастауыш  сатысында білім беру мазмұнын анықтауда ескерілуі  тиіс мынадай

талаптар айқындалды:

– білім беру мазмұнын ізгілендіру;

базалық



білім  мазмұнының  ғылымилық,

сабақтастық,

жүйелілік,

бірізділік, көрнекілік жəне түсініктілік принциптерін жүзеге асыру;

– базалық білім мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне және қабылдау

мүмкіндіктеріне сəйкес болуын ескеру;

– тұлғаның жан-жақты  дамуы  жəне  оның оқу әрекетінің  қалыптасуына

қажет білім, білік, дағдылардың қамтылуын қамтамасыз ету;

базалық


білім  мазмұнының

көлемі  санитарлық-эпидемиологиялық

нормалар  мен  ережелерде  бекітілген  оқу  жүктемесінің жоғары  шекті  көлеміне

сəйкес келуін қадағалау;

– базалық білім мазмұнын жасауда халықаралық тəжірибені ескеру;

білім  беру  мазмұнын



қоғамның  қазіргі

әлеуметтік-экономикалық

сұранысына сәйкестендіру;

– өздігінен  білім  алуға,  оны  практикада қолдана  білуге  тәрбиелеуге

бағытталған,  негізгі құзырлылықтар қалыптастыруға  ықпал  ететін  білім  беру

мазмұнымен қамтамасыз ету;

– білім  беру  мазмұнын  оқушының дүниені өздігінен ғылыми  тәсілмен

тануына, өздігінен ізденуіне бағдарлау;

– білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға

ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау;

– білім  мазмұнын  анықтау  немесе  іріктеу  барысында  кіріктіру,  талдау,


76

жинақтау,  салыстыру,  саралау,  спиральдық, аралас құрылымдық  әдістерге

сүйену.

Сонымен, қорыта келе, ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерді



талдау негізінде алға қойған міндеттерге сай мынадай тұжырымдар жасалды:

– білім мазмұны  оқушылардың  қазіргі  заманғы  білім  алу қажеттіліктерін

толығымен қанағаттандыруға бағытталуы тиіс;

– 12  жылдық білім  берудің стандарттары мен  оқу  бағдарламалары өмірлік

маңызды  дағдыларды  дамыту,  оқушының жеке  басының  қызығушылығы  мен

талғамдарын  ескеру,  дамыту,  олардың бойында  жалпы  оқу  іскерліктерін

қалыптастыру,  сондай-ақ  әр  оқушының

және


қоғамның

мүддесі  мен

қажеттіліктерін  ескеру,  жеке тұлғаны  жоғары  сапамен  оқыту,  тәрбиелеу

мақсаттарын жүзеге асыруға құрылуы тиіс;

– оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік  жағдайына,  жынысына,

ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделуі керек;

– жастардың күнделікті қоғам өмірінде  болып жатқан  жаңалықтар  мен

өзгерістерге тез бейімделуіне жағдай жасалғаны жөн;

– ақпараттарды өздігінен  табу  мен өңдеу  біліктілігін қалыптастыру,

ақпараттық технологияларды  тиімді  пайдалану, өздігінен  даму  және өзін-өзі

бағалау дағдыларын қалыптастыру мақсатымен байланыстырылуы тиіс.


77



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет