Ақаулықтарды жою туралы бақылау кестесі
1.
Өнімнің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
а.
Өнімді қосу үшін немесе Auto-Off (автоматты өшіру) режимін өшіру үшін қуат түймесін
басыңыз.
ә.
Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
б.
Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу талаптары
жөнінде өнімнің артқы жағындағы белгіден қараңыз.) Егер сіз қуат қалыбын қолданып,
оның кернеу талаптары ерекшеліктерге сай болмаса, өнімді тікелей қорек розеткасына
қосыңыз. Егер ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
в.
Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2.
Кабельді тексеріңіз.
а.
Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз
екеніне көз жеткізіңіз.
ә.
Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б.
Желілік байланысты тексеріңіз (тек M1210 сериясында): Желі шамының жанғанын
тексеріңіз. Желі шамы өнім артындағы желі портының қасында орналасқан.
Егер өнім желіге қосылмай қалса, өнімді жойып, қайта орнатыңыз. Қате қайталана берсе,
желі әкімшісіне хабарлаңыз.
3.
M1130 сериясы: Басқару тақтасындағы шамдардың жанғанын тексеріп алыңыз.
M1210 сериясы: басқару тақтасының дисплейінде басқа хабарлардың бар-жоғын қараңыз.
4.
Пайдаланылатын қағаздың сипаттамаларға сай екеніне көз жеткізіңіз.
5.
Қағаздың кіріс науасына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
6.
Өнімнің бағдарламалық құралының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
7.
Бұл өнім үшін принтер драйвері орнатылғанын және осы өнім бар принтерлер тізімінен
таңдалғанын тексеріңіз.
8.
Конфигурациялау бетін басып шығарыңыз.
а.
Егер бет басылып шықпаса, кіріс науасында қағаздың бар екенін тексеріңіз.
ә.
Баспа картриджінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
б.
Егер қағаз кептеліп қалса, кептелген жерді ашыңыз.
в.
Егер баспа сапасы қанағаттанарлық болмаса, мына қадамдарды аяқтаңыз:
196 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
●
Баспа параметрлерінің пайдаланылатын баспа құралына сәйкес келетінін тексеріңіз.
●
Басып шығару сапасының мәселелерін шешу.
9.
Бұрын жұмыс істеген басқа бағдарламадан кішкене құжатты басып шығарыңыз. Егер ол мәселені
шешіп берсе, пайдаланылып отырған бағдарлама дұрыс істемейді. Егер ол мәселені шешпесе
(құжат басылып шықпаса), мына қадамдарды аяқтаңыз:
а.
Тапсырманы өнімнің бағдарламалық жасақтамасы орнатылған басқа бір компьютерден
басып шығарып көріңіз.
ә.
Кабелдің жалғауын тексеріңіз. Өнімді дұрыс портқа тікелей жалғаңыз немесе
бағдарламалық құралды қайта орнатып, пайдаланылатын қосылым түрін таңдаңыз.
Өнімнің тиімділігіне әсер ететін жағдайлар
Тапсырманы басып шығару уақытына әсер ететін бірнеше жайт бар:
●
Арнайы қағаз пайдалану үшін (мысалы: диапозитив, қалын қағаз және өзгекртілмелі өлшемді
қағаз)
●
Өнімнің өңдеу және жүктеу уақыты
●
Графика құрамының күрделілігі мен көлемі
●
Пайдаланып отырған компьютеріңіздің жылдамдығы
●
USB немесе желіге қосылу
●
Өнімнің I/O конфигурациясы
Зауыттық стандартты параметрлерді қалпына келтіру (тек
M1210 сериясында)
зауыттық стандартты параметрлерді қалпына келтіру барлық параметрлерді зауыттық стандартты
мәндерге қайтарады, сонымен бірге ол өнімнің жадындағы факс тақырыбының атын, телефон нөмірін
және кез келген сақтаулы факс нөмірлерін өшіреді.
ЕСКЕРТУ:
Зауыттық стандартты параметрлерді қалпына келтіру барлық параметрлерді зауыттық
стандартты мәндерге қайтарады, сонымен бірге ол өнімнің жадындағы факс тақырыбының атын,
телефон нөмірін және кез келген сақтаулы факс нөмірлерін өшіреді. Бұл процедура факстің телефон
кітабын тазалайды және жадта сақталған кез келген беттерді өшіреді. Содан кейін процедура өнімді
автоматты түрде қайта іске қосады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы Орнату түймешігін басыңыз.
2.
Қызмет мәзірін таңдау үшін көрсеткіш түймешіктерді пайдаланып,
OK
түймешігін басыңыз.
3.
Әдепкі мәндерді қайтару опциясын таңдау үшін көрсеткіш түймешіктерін пайдаланып,
OK
түймешігін басыңыз.
Өнім автоматты түрде қайта іске қосады.
KKWW
Зауыттық стандартты параметрлерді қалпына келтіру (тек M1210 сериясында) 197
Басқару тақтасындағы шам үлгілерін түсіндіру (тек M1130
сериясында)
Өнім бұзылғанда, басқару тақтасының дисплейінде қате коды пайда болады.
Кесте 12-1
Жағдай жарығының түсіндірмесі
«жарық сөндірулі» белгісі
«жарық қосулы» белгісі
«жарық жыпылықтап тұр» белгісі
Кесте 12-2
Басқару тақтасындағы шамның үлгілері
Жарық жағдайы
Қате коды
Өнімнің статусы
Әрекет
Барлық шамдар өшірулі.
Өнім сөндірулі.
Өнімді қосу үшін қуат түймешігін
басыңыз.
Дайындық және ескерту шамдары
жыпылықтайды.
Пішімдеушінің басталу кезеңінде
немесе өнім бетті тазалауды өңдеу
кезінде статус шамдары қайталанады.
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
Басталу кезеңінінің аяқталуын күтіңіз.
Басталу кезеңі аяқталғанда, өнім
дайын күйіне кіруі керек.
Дайындық шамы жанып тұр
Өнім «дайын» күйінде тұр.
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
Өнім басып шығару тапсырмасын
қабылдауға дайын.
Дайындық шамғы жыпылықтап тұр.
Өнім деректерді қабылдауда немесе
өңдеуде.
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
Өнім басып шығару тапсырмасын
қабылдауда немесе өңдеуде.
198 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
Кесте 12-2
Басқару тақтасындағы шамның үлгілері (жалғасы)
Жарық жағдайы
Қате коды
Өнімнің статусы
Әрекет
Дайындық шамы жыпылықтап тұр.
Өнім төмен электр қуаты режимінде
тұр.
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
Ескерту шамы жыпылықтап тұр.
E0
Өнім ішінде қағаз кептеліп қалды.
Кептелген қағазды шығарып алыңыз.
E1
Кіріс науаны бос.
Науаны толтырыңыз.
E2
Есік ашық.
Баспа картриджі есігінің толық
жабылғанына көз жеткізіңіз.
E4
Өнім жады толық.
Бұл жұмысты басып шығару өнім үшін
тым күрделі. Жұмысты жеңілдетіңіз
немесе оны бірнеше файлдарға
бөліңіз.
E5
Өнім науадан қағаз тарта алмады.
Қабылдау шығыршығын ауыстыру
немесе тазарту қажет болуы мүмкін.
H0
Өнім қолмен беру режимінде тұр.
Кіріс науанына қағаздың дұрыс түрі
мен өлшемін салыңыз.
H1
Өнім қолмен дуплекстеу жұмысын
өңдеуде.
Екінші жақтарын басып шығару үшін
кіріс науанына парақтарды салыңыз.
Ескерту және тонер шамдары
жыпылықтап тұр.
E3
Баспа картриджі жоқ немесе дұрыс
орнатылмаған.
Баспа картриджін орнатыңыз.
Тонер шамы қосылып тұр.
Баспа картриджінің шамаланған
жұмыс істеу уақыты аяқталды.
Жабдық осындай күйге жеткенде оған
арналған HP бастапқы қорғау кепілдігі
аяқталады.
Баспаның сапасы төмен болмайынша,
баспа картриджін ауыстырудың
қажеті жоқ.
KKWW
Басқару тақтасындағы шам үлгілерін түсіндіру (тек M1130 сериясында) 199
Кесте 12-2
Басқару тақтасындағы шамның үлгілері (жалғасы)
Жарық жағдайы
Қате коды
Өнімнің статусы
Әрекет
«Назар аударыңыз» шамы
жыпылықтайды, ал «дайын» шамы
қосулы.
Өнім өздігінен дұрысталып кететін
қайталанбалы қатесіне тап болған.
Егер сәтті дұрысталса, өнім
деректерді өңдеу күйіне жалғасып,
тапсырманы аяқтайды.
Егер дұрысталу сәтсіз болса, өнім
қайталанбалы қате күйіне жалғасады.
Баспа құралын жолынан алып, өнімді
өшіріп, қайта қосып көріңіз.
«Назар аударыңыз» және «дайын»
шамдары қосулы.
E6
E7
E8
E9
Өнім қалпына келмейтін күрделі
қатеге тап болған.
1.
Өнімді өшіріңіз немесе электр
шнурын өнімнен ажыратыңыз.
2.
30 секунд күтіп, өнімді қосыңыз
немесе электр шнурын өнімге
қайта жалғаңыз.
3.
Өнімнің қосылуын күтіңіз.
Егер қате кетпесе, НР
тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
200 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
Басқару тақтасындағы хабарларды түсіндіру (тек M1210
сериясында)
Басқару тақтасындағы хабарлардың түрі
Сигналдық және ескерту хабарлары уақытша шығады және сізден тапсырманы қалпына келтіру үшін
OK
түймешігін басу арқылы немесе бас тарту үшін Болдырмау түймешігін басу арқылы растауды
талап етуі мүмкін. Белгілі бір ескертулер шыққанда, тапсырма бітпей қалуы мүмкін немесе басып
шығару сапасы төмендеуі мүмкін. Егер сигналдық немесе ескерту хабары басып шығаруға қатысты
болса, және автоматты жалғастыру функциясы қосылған болса, ескерту хабары 10 секундқа
шыққаннан кейін өнім басып шығару тапсырмасын растаусыз жалғастыруға әрекет жасайды.
Төтенше қателер туралы хабарлар ақаудың кейбір түрін көрсете алады. Қуат көзінен өшіру және қосу
мәселені анықтауы мүмкін. Егер төтенше қателер жойылмаса, өнімге жөндеу қажет етілуі мүмкін.
Басқару панелінің хабарлары
Басқару панелінің хабары
Сипаттамасы
Ұсынылатын әрекет
<Орны> ішіндегі кептелу
ауыстыру
Қақпақты ашып, кептелісті тазалау
Өнім хабарламада көрсетілген жерде
кептелудің бар екенін анықтады.
Хабарламада көрсетілген кептелуді жөндеп,
басқару тақтасындағы нұсқауларды
орындаңыз. Кейбір кептелулерді жөндеу
үшін жоғарғы қақпақты ашып, баспа
картриджін алып тастауыңыз қажет болады.
<ӨЛШЕМІ>, <ТҮРІ> қолдан беру
ауыстыру
Қолда бар баспа құралдары үшін [OK]
түймешігін басыңыз
Өнім қолмен беру режиміне орнатылған.
Науаға қағаздың дұрыс түрі мен өлшемін
салыңыз немесе науадағы қағазды қолдану
үшін
OK
түймешігін басыңыз.
<ТҮРІ> <ӨЛШЕМІ> науаны жүктеу
Науа бос.
Науаға қағаздың дұрыс түрі мен өлшемін
салыңыз.
1-қарапайым <ӨЛШЕМІ> науаны жүктеу
ауыстыру
Тазалау режимі
Өнім тазалау циклін орындауда.
Науаға көрсетілген өлшемдегі қарапайым
қағазды салыңыз.
OK
түймешігін басып,
тазалау циклін бастаңыз.
50.X термобекіткіш қатесі
Өшіріп, қайта қосыңыз
Өнімде ішкі енгізілген бағдарламалық
құралға қатысты қате пайда болды.
1.
Қоректік қосқыш арқылы қуат көзінен
өшіріңіз, содан кейін кем дегенде 30
секунд күтіңіз.
2.
Егер ток ауытқуларынан қорғағыш
пайдаланылса, оны алып тастаңыз.
Өнімді қабырғадағы розеткаға тікелей
қосыңыз.
3.
Қуат көзіне қосыңыз да өнімнің іске
қосылуын күтіңіз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз.
www.hp.com/support/
ljm1210series
немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
KKWW
Басқару тақтасындағы хабарларды түсіндіру (тек M1210 сериясында) 201
Басқару панелінің хабары
Сипаттамасы
Ұсынылатын әрекет
52 Сканер қатесі
Өшіріп, қайта қосыңыз
Өнімде сканер қателігі пайда болды.
Егер мәселе шешілмесе, қорек қосқышы
арқылы қуат көзінен өшіріңіз, 30 секунд
күтіңіз, содан кейін қуат көзіне қосып,
өнімнің іске қосылуын күтіңіз.
Егер ток ауытқуларынан қорғағыш
пайдаланылса, оны алып тастаңыз. Өнімді
қабырғадағы розеткаға тікелей қосыңыз.
Өнімді қосу үшін қорек қосқышын
пайдаланыңыз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз.
www.hp.com/support/
ljm1210series
немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
54.1C қатесі
Өшіріп, қайта қосыңыз
Өнімде ішкі енгізілген бағдарламалық
құралға қатысты қате пайда болды.
Егер мәселе шешілмесе, қорек қосқышы
арқылы қуат көзінен өшіріңіз, 30 секунд
күтіңіз, содан кейін қуат көзіне қосып,
өнімнің іске қосылуын күтіңіз.
Егер ток ауытқуларынан қорғағыш
пайдаланылса, оны алып тастаңыз. Өнімді
қабырғадағы розеткаға тікелей қосыңыз.
Өнімді қосу үшін қорек қосқышын
пайдаланыңыз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз.
www.hp.com/support/
ljm1210series
немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
Байланыс қатесі
Факсті жіберу немесе алу кезінде өнімде
байланыс қателігі пайда болды.
Факстің телефон желісі дұрыс жұмыс
атқаратынын растаңыз.
Факсті қайта жіберіп көріңіз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз.
www.hp.com/support/
ljm1210series
немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
Байланысу қатесі
Өнімде ішкі енгізілген бағдарламалық
құралға қатысты қате пайда болды.
1.
Қоректік қосқыш арқылы қуат көзінен
өшіріңіз, содан кейін кем дегенде 30
секунд күтіңіз.
2.
Егер ток ауытқуларынан қорғағыш
пайдаланылса, оны алып тастаңыз.
Өнімді қабырғадағы розеткаға тікелей
қосыңыз.
3.
Қуат көзіне қосыңыз да өнімнің іске
қосылуын күтіңіз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз.
www.hp.com/support/
ljm1210series
немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
Басып шығарғыш кептелісі, қағаз жолын
тазалау
Өнім кіріс науаларында кептелудің бар
екенін анықтады.
Хабарламада көрсетілген кептелуді жөндеп,
басқару тақтасындағы нұсқауларды
орындаңыз.
Есік ашық
Баспа картриджінің үстіндегі қақпақ ашық.
Қақпақты жабыңыз.
202 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
Басқару панелінің хабары
Сипаттамасы
Ұсынылатын әрекет
Ешқандай қағаз алынбаған
[OK] түймесін басыңыз
Өнімде ішкі енгізілген бағдарламалық
құралға қатысты қате пайда болды.
Жалғастыру үшін
OK
түймешігін басыңыз.
Тапсырманы шығаруға әсер беруі мүмкін.
Жад аз
[OK] түймесін басыңыз
Тапсырманы орындауға өнімнің жад көлемі
жеткіліксіз.
Өнім басқа тапсырмаларды орындап жатқан
болса, сол тапсырмалар біткеннен кейін
тапсырманы қайтадан жіберіңіз.
Ақаулық жойылмаса, электр қуаты қосқышы
арқылы қуат көзінен ажыратып, кем
дегенде 30 секунд күтіңіз. Қуат көзіне
қосыңыз да өнімнің іске қосылуын күтіңіз.
Қате басу
[OK] түймесін басыңыз
Өнімде ішкі енгізілген бағдарламалық
құралға қатысты қате пайда болды.
Жалғастыру үшін
OK
түймешігін басыңыз.
Тапсырманы шығаруға әсер беруі мүмкін.
Қолмен дуплекстеу
ауыстыру
1-науаны жүктеу
[OK] түймесін басыңыз
Өнім қолмен дуплекстеу жұмысын өңдеуде.
Екінші жағын басып шығару үшін беттерді
науаға төмен қаратып, жоғарғы жиегін
бірінші орнатыңыз.
Құрылғы қателігі
[OK] түймесін басыңыз
Өнім ішкі байланыс қателігіне кездесті.
Бұл ескерту хабары ғана. Тапсырманы
шығаруға әсер беруі мүмкін.
Параметрлер өшірілген
Өнім тапсырма параметрлерін өшірді.
Кез келген лайықты тапсырма
параметрлерін қайта енгізіңіз.
Тым күрделі бет
[OK] түймесін басыңыз
Күрделілігіне байланысты өнім ағымдағы
бетті басып шығара алмады.
Хабарды өшіру үшін
OK
түймешігін басыңыз.
Өнімге тапсырманы аяқтауға мүмкіндік
беріңіз немесе тапсырмадан бас тарту үшін
Болдырмау түймешігін басыңыз.
Факс жіберу қатесі
Өнім факсті жібере алмады.
Факсті кейінірек жіберіп көріңіз немесе
қабылдаушыдан факс машинасының дайын
екендігін растауын сұраңыз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз.
www.hp.com/support/
ljm1210series
немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
Факс қабылдау қатесі
Өнім кіріс факсын қабылдай алмады.
Факстің телефон желісі дұрыс жұмыс
атқаратынын растаңыз.
Факсті жіберген адамнан қайта жіберуін
сұраңыз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз.
www.hp.com/support/
ljm1210series
немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
KKWW
Басқару тақтасындағы хабарларды түсіндіру (тек M1210 сериясында) 203
Кептелістерді тазалау
Кептелу тазаланғанда, кептелген қағазды жыртып алмаңыз. Егер кішкентай қағаз бөлшегі өнімде
қалса, оның қосымша кептелуге себепші болуы мүмкін.
Кептелудің әдеттегі себептері
●
Кіріс науасы дұрыс салынбаған немесе тым толы.
ЕСКЕРТПЕ:
Баспа құралын қосқаныңызда, міндетті түрде беруші науадағы баспа
құралдарының барлығын алып шығып, жаңа баспа құралының дестесін туралаңыз. Ол
парақтардың көптеп әперілуін болдырмай, баспа құралдарының кептелуін азайтады.
●
Баспа құралдары HP компаниясының техникалық шарттарына сай келмейді.
●
Қағаздың қалдықтарын және басқа бөлшектерді қағаз жолынан алып тастау үшін өнімді тазалау
керек.
Бос тонер баспа құралы кептелгеннен кейін өнімде қалып кетеді. Бұл тонер біраз қағаз басылып
шыққанна кейін тазаланады.
ЕСКЕРТУ:
Егер тонер киіміңізге тисе, оны суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға
жабыстырады.
204 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
Кептелістердің орны
Өнімнің мына жерлерінде кептелу болуы мүмкін.
1
4
2
3
1
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (тек M1210 сериясында)
2
Шығыс науасы
3
Кіріс науасы
4
Ішкі аумақтар (баспа картриджінің қақпағын ашыңыз)
ЕСКЕРТПЕ:
Бірнеше жерде кептелуі мүмкін.
KKWW
Кептелістерді тазалау 205
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысындағы кептелулерді жөндеу
(тек M1210 сериясында)
1.
Құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысының қақпағын ашыңыз.
2.
Кептелген қағазды ақырын алып тастаңыз.
Бетті жыртпай, ақырын шығарып көріңіз.
3.
Құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысының қақпағын жабыңыз.
206 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
Шығару аумақтарын кептелуден тазалау
ЕСКЕРТУ:
Кептелгенді алу үшін пинцет немесе үшкір кемпірауыз сияқты үшкір заттарды
пайдаланбаңыз. Үшкір заттардан пайда болған зақым кепілдікте қамтылмаған.
1.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа
картриджінің қақпағын ашыңыз.
2.
Баспа картриджын алып тастаңыз
3.
Баспа картриджінің есігін екі қолыңызбен
ашыңыз, содан кейін кептелген баспа
құралының жақсы көрінетін (ортасынан)
жағынан ұстап, оны өнімнен абайлап
шығарып алыңыз.
KKWW
Кептелістерді тазалау 207
4.
Баспа картриджін орнатыңыз.
5.
Баспа картриджінің қақпағын және сканерлеу
құрылғысын жабыңыз.
208 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
Кіріс науасынан кептелістерді тазалау
1.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа
картриджінің қақпағын ашыңыз.
2.
Баспа картриджын алып тастаңыз
3.
Баспа құралының дестесін кіріс науасынан
шығарып алыңыз.
KKWW
Кептелістерді тазалау 209
4.
Екі қолыңызбен кептелген баспа құралының
көрініп тұрған жерінен (ортасынан да) ұстап,
өнімнен абайлап еркін тартыңыз.
5.
Баспа картриджін орнатыңыз.
6.
Баспа картриджінің қақпағын және сканерлеу
құрылғысын жабыңыз.
210 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
Өнімнің ішіндегі кептелістерді тазалау
1.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа
картриджінің қақпағын ашыңыз.
2.
Баспа картриджын алып тастаңыз
3.
Егер сіз кептелген қағазды көрсеңіз, кептелген
қағазды байқап ұстап, оны өнімнен абайлап
шығарып алыңыз.
KKWW
Кептелістерді тазалау 211
4.
Баспа картриджін қайта орнатыңыз.
5.
Баспа картриджінің қақпағын және сканерлеу
құрылғысын жабыңыз.
Кептелуді тазалау параметрін өзгерту
Кептелу орнын басу мүмкіндігі қосылғанда өнім кептелу барысында зақымдалған бетті қайта басады.
1.
Стандартты параметрлерді өзгерту үшін принтер драйверін пайдаланыңыз. Пайдаланып отырған
амалдық жүйеге қарай лайықты процедураны орындаңыз.
Windows XP, Windows Server 2003 және Windows Server 2008 (стандартты «Бастау» мәзірінің
көрінісін пайдалану)
а.
Бастау түймесін басып, Принтерлер және факстар параметрін таңдаңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
Windows XP, Windows Server 2003 және Windows Server 2008 («Классикалық Бастау» мәзірінің
көрінісін пайдалану):
212 12-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
а.
Бастау түймесін басып, Параметрлер опциясын таңдаңыз, содан кейін Принтерлер түймесін
басыңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
Windows Vista
а.
Бастау түймесін, сосын Басқару тақтасы түймесін басып, Аппараттық құрал және дыбыс
параметріне арналған санаттан Принтер түймесін басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |