4.2. Жерасты суларын өндіру
451. Өндіруге арналған жобалық құжат сәйкесінше және жерасты суы кен орындарын өңдеу
негізінде жүзеге асырылатын негізгі құжат болып табылады.
Жоба суды пайдалану объектісінің құрылысы және пайдалану үшін барлық қажетті
мағлұматтарды, сонымен қатар алып тасталатын сулардың сапалық көрсеткіштері (химиялық,
бактериологиялық, радиологиялық), санитарлық-қорғау және басқа белдеулер мен аймақтардың
өлшемдері және олардың құрамын айқындау шарттарды, учаскенің жалпы геологиялық-гидрогеологиялық
жағдайы, жерасты суларының шоғырлану тереңдіктері, жерүсті және жерасты суларының гидравликалық
байланыстары, аэрациялық белдеудің литологиялық-фациалдық құрамы туралы, сондай-ақ жерасты
суларының бекітілген қорлары мен құралу шарттары туралы мәліметтер, жер қойнауы және жерасты
сулары күйінің мониторингі.
452. Жерасты суларының кен орындарын өңдеу жобасы (орталықтандырылған ауыз су және
шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз ету су қақпаларының құрылысы және/немесе пайдалану):
жерасты сулары кен орнының қысқаша геологиялық-гидрогеологиялық сипаттамасын;
пайдалану және бақылау ұңғымаларын орналастыру орындарын белгілеуді;
пайдалану және бақылау ұңғымаларының құрастырылымына және аталған ұңғымалар оқпанымен
қиылысатын су тұтқыш қаттарды оқшаулау бойынша жұмыстарға талаптарды;
ұңғыма сүзгілерінің құрастырылымын сипаттау және ұңғымалар сүзгілік болған жағдайда оларды
орнату интервалын белгілеуі;
пайдалану және бақылау ұңғымаларының саға жабдықтарына қойылатын талаптарды;
пайдалану және бақылау ұңғымаларды бұрғылау технологиясына және бұрғылау жұмыстарын
жүргізу кезінде бақылауларға қойылатын талаптарды;
сынақ жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптарды;
су қақпасын санитарлық қорғау аймақ белдеулерін ұйымдастыру және құрастыруға және су
қақпасын санитарлық қорғау аймағында қорғау режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру
талаптарын;
су қақпасын санитарлық қорғау аймағының шекарасында жерасты суларының режиміне бақылау
ұйымдастыру және жүргізуге, әрбір пайдалану ұңғымасына алынған су есебін жүргізуге, ұңғымадағы
су деңгейлеріне, құрамы мен қасиеттеріне бақылау жүргізуге қойылатын талаптарды қамтуы тиіс.
453. Жерасты суларының су қақпалары жобаларында жерасты су деңгейлерін, шығымдарын,
температурасын және химиялық құрамын бақылау үшін бақылау ұңғымаларының режимді торы
қарастырлады.
Ұңғымалар жобаларында бұрғылау тәсілдері белгіленеді және олардың құрастырылымы анықталады
(тереңдігі, құбыр колонналарының диаметрлері, су қабылдау бөлімінің түрі, сукөтергіштер және
ұңғымалар оголовкалары), сонымен қатар оларды сынау тәртібі.
454. Жерасты суларын пайдалану кезінде келесі су қақпасы жабдықтары қолданылады: су
қақпалы ұңғымалар, шахталық құдықтар, құрамдастырылған су қақпалары, сәулелік су қақпалары,
кеніштер шегені.
455. Су қақпалы жабдықтар, су тасымалдауыштар және су дайындау станциялары тәулігіне
максималды суды пайдалануда орташа сағаттық шығынға жабдықталады.
456. Ұңғыма конструкциясы:
су шығымын, деңгейін өлшеу, су сынамасын алу мүмкіндігін;
ұңғымаларды пайдалану барысында регенерация өткізу кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді
қарастырады.
457. Минералды сулар кен орындарын өңдеудің технологиялық схемасы:
су қақпалы жабдықтарды пайдаланудың оңтайлы режимін және бекітілген пайдалану қорларының
шегінде минералды суларды таңдауды қамтамасыз ететін кен орынды өңдеу жүйесін;
пайдалану, резервтік және бақылау ұңғымаларының саны, олардың жұмысының технологиялық
режимін таңдау және негіздеу;
минералды суларды шегендеу тәсілі және минералды сулар сапасының сақталуын қамтамасыз
ететін су қақпалы жабдықтарды, айдау жүйелерін, тасымалдау, резервтеу және минералды суларды
алдын-ала өңдеу (тұрақтандыру, қайнату, суыту және тағы басқалар тәсілдер) тәсілдерін;
минералды су кен орындарына барлау бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
судың химиялық құрамының ерекшеліктеріне байланысты бальнеотехникалық жүйелерді жобалау
және пайдалану ерекшеліктері;
барлық тұтынушыларды минералды сулармен үздіксіз қамтамасыз ету және кен орындарды
пайдаланудың рационалды жүйесін құру бойынша іс-шаралар кешені;
кен орнын жайластыру схемасы;
минералды су кен орындарын өңдеуді бақылау жөнінде гидрогеологиялық қадағалаулар кешені
(жерасты суларының мониторингі) және оларды енгізу тәртібі;
минералды суларды таңдау, тасымалдау және пайдалану кезінде шығын нормативтері;
кен орнын бұзылудан және алдын-ала таусылудан сақтау шаралары;
ұңғымаларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша іс-шараларды белгілейді.
458. Жерасты суларын су және санитарлық заңнамада қарастырылған жағдайларды қоспағанда
табиғи емдік ресурстары бар шаруашылық қажеттіліктерге пайдалануға рұқсат етілмейді.
459. Ұңғыма құрылымы оның ұзақ уақытқа қызмет етуін, пайдаланудың тиімді тәртібін, түрлі
типтегі сорғыштың пайдаланылу тиімділігін және газлифтті (термогазлифтті, термолифтті,
парлифтті) күшейту мен қозғауға икемдеуді және тек тір түрдегі минералды суды шығаруды
қамтамасыз етуі қажет. Оның құрылымын қиындату және ол үшін трубаралық кеңістікті пайдалану
жолымен бір ұңғымадан құрамы жағынан әртүрлі минералды суларды шығаруға жол берілмейді.
460. Оң пьезометриялық деңгейдегі минералдық суларды тарту кезінде ұңғыма құрылымы егер
қордың есеп шартымен сәйкес келсе, пайдаланудың есептелген мерзімінде өзі ағатындай етіп
қамтамасыз етуі керек.
461. Әрбір тарту құрылғыларының барлық негізгі гидрогеологиялық және гидрохимиялық
мәліметтері, оның құрылымы және пайдаланылуы туралы нұсқаулықтары жайлы мәліметтер жазылған
төлқұжаты болады.
462. Жылы су көздерін жасау жобасында анықталған жылы суды кешендік пайдалану және барынша
тартумен байланысты негізгі технологиялық және технико-экономикалық мәселелердің және пайдалы
қазба мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын есепке ала отырып, оптималды технико-экономикалық
көрсеткіштер кезіндегі барлық бағалы сәйкес құрамдардың кешенді шешімі келтіріледі.
463. Жылы су көздерін әзірлеу жобасы мына бөлімдерді қамтиды:
ұңғыманы іздеу-барлау және дұрыс пайдалану кезінде алынған геологиялық-кәсіпшіліктік
бастапқы деректерді;
жасаудың таңдалған жүйесін, жылдық өндіру деңгейін негіздеу, ұңғыманың технологиялық жұмыс
тәртібі, пайдалану кезінде суды орнымен жұмсау және жобаны жасаудың тиімді мерзімі, қаттық
қысымын сақтау мақсаттылығын;
жүйе негіздемесін және пайдаланылған суды төгу орнын;
ұңғыманы зерттеу және жасалуын бақылау бойынша жұмыс көлемі және бағдарламасы;
кәсіпті орналастыру жобасын жасау үшін бастапқы деректер.
464. Жылы су көздерін орналастыру жобасы мақұлданған технологиялық сызбалар мен жасаудың
жобасына негізделеді. Жылы су кәсібін орналастыру жобасында мыналарға қатысты едәуір тиімді және
экономикалық жағынан мақсатты жағдайлар берілуі тиіс:
ішкі кәсіп көлігінің суды тарту (тереңнен немесе жоғарғы қаттан) және жылы суды тазалау
жүйесі;
технологиялық құрылғылар, суды өңдеуге арналған жабдықтар мен аппаратуралар (спарациялау,
дегазациялау, тазалау, тұздан тазартуға арналған техникалық шаралар);
тұтынушыларға (өңдеушілерге) пайдалану немесе тасымалдау үшін (олардың өнеркәсіптік
ерітіндісі кезінде) пайдалы құрамдарын өңдеу мен дайындау;
жабдықтың шіруімен күрес үшін жасалатын шаралар мен құралдары;
ұңғыманың жұмысын (пайдалану, бақылау, пьезометриялық) бақылау мен реттеуге, сондай-ақ су
орнын жасау кезеңіндегі ағымдық бақылауға қажетті шаралар мен құралдары;
жылы суды алудың үздіксіз және үнемі тұрақты берілуі мен тіркелу құралдары;
жылы сулардың кәсібінің механикалық-энергетикалық және жөндеу базасы;
тұтынушыларға су беруді (әрбір ұңғымада немесе топта) қамтамасыз ететін сорғыш
шаруашылығы;
су жабдығы және кәсіптік кәріз;
өндірістік, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар құрылысы.
465. Өнеркәсіптік су ірку құрылысы және пайдалануын жасау сәйкес жерасты суларының орнын
пайдалану учаскесін мұқият барлау мәліметтері немесе көмірқышқыл шикізат орнын барлау
мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
466. Өнеркәсіптік су ірку құрылысы және пайдалану жобасы мыналарды қамтиды:
пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың орналасу орнын көрсету;
пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың құрылымдарына және көрсетілген ұңғымалардың
ұңғысымен түйісетін су сақтағыш көкжиектерді бейтараптандыру жөніндегі жұмыстарға қойылатын
талаптар;
пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың сүзгілер құрылымын сипаттау және олардың
орналасу аралықтарын көрсету;
пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың аузындағы жабдықтарға қойылатын талаптар;
пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманы бұрғылау технологиясына және бұрғылау жұмыстары
кезінде бақылауға қойылатын талаптар;
тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар;
өнеркәсіптік су ірку құрылысының тәртібіне және оның күзетілуіне қойылатын талаптар;
өнеркәсіптік су орындарының шекараларындағы жерасты сулары тәртібін ұйымдастыру және
бақылау жүргізуге, алынатын судың есебін жүргізу, ұңғымадағы су құрамы мен қасиетінің деңгейін
бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар.
467. Жерасты суларының су ірку құрылыстарын су реттегіш қондырғылары, су есептегіш
құралдары болмаса, сондай-ақ санитарлық күзет орнатылмаса, жерасты сулары объектілерінің күйін
көрсететін бақылау пункттері құрылмаса, пайдалануға беруге рұқсат етілмейді.
468. Өнімді қатын пайдалану басқа өнімділік қатына зияны тимейтін барлық жағдайларда,
барлық талаптарын міндетті түрде сақтай отырып жүзеге асырылуы қажет.
469. Бір ұңғымада жерасты сулары бар бірнеше өнімді горизонттарды біріккен-бөлек
пайдалануға жол берілмейді.
470. Өнімді горизонттарды пайдалану кезінде пайдаланылушы көкжиектің суларын жоғары немесе
төмен су сорғыш көкжиектерде жатқан сулармен араластыруға жол берілмейді.
471. Жоғары газдалған суларды тартып, беруді қамтамасыз ететін тарту құрылғылары
газбөлгіштермен және газжинағыштармен жабдықталады. Газы көп су тарту құрылғыларын мәжбүрлі
түрде пайдалану газ фазасының үлкен айқындалу тереңдігіндегі сорғыштардың көмегімен жүзеге
асырылуы мүмкін.
472. Эрлифттік құрылғыларды (қысылған ауа көмегімен суды көтеру) күкіртті сутекті,
көмірқышқылды, радонды емдік сулар, сондай-ақ қиын газды құрамы бар және байытылған органикалық
суларды тарту үшін қолдануға жол берілмейді.
473. Жылы, өнеркәсіптік және емдік минералды жерасты суларының орны пайдаланылған суды
спорттық-сауықтыру мақсаттарына қолданылмайтын кәдімгі канализациялық желіге жерүсті су
қоймаларына немесе шаруашылыққа пайдаланылмайтын жабық жерасты тереңдіктеріне төгу тәрізді
арнайы су пайдалану мәселесі шешілгенде ғана игерілуге рұқсат етіледі.
474. Жерүсті және жерасты жабдықтары температураның қатуын, ұңғымадағы қысым мен дебитті,
ұңғыма ұңғысындағы тереңдік құралын түсіруді қамтамасыз ету үшін пайдалану, бақылау және зерттеу
кезінде, соның ішінде пайдалануға берілген кезінде де ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс.
475. Жылы суды, буды және минералды құрамдарды шығаруды есепке алу тұтынушыны қамтамасыз
ету және бекітілген технологиялық тәртіпті сақтау, су ірку құрылысының аймағының күйін, жерүсті
және ұңғымалық жабдықты бақылау, су шығару орнындағы жұмыстарды бақылауды қамтамасыз ету
мақсатында жүргізіледі.
476. Жерасты суларының орнындағы барлық ұңғыма құрылымдары бақылау-өлшеу жұмыстары үшін
тиісті жағдайларды қамтамасыз етуі қажет. Бірдей уақытта бірнеше қатарды пайдаланатын
ұңғымаларда әр қат бойынша жеке-жеке дебиті мен температурасын өлшеп, тексеру жүргізілуі қажет.
477. Жерасты суларының кенін есепке алу әр ұңғымадағы (сағасында немесе жинақтау
пунктінде) су шығынын қолданыстағы нормативтердің талаптарына жауап беретін өлшеу арқылы
жүргізіледі.
478. Автоматтандырылған су ірку құрылыстары мен кәсіптерінде су мен бу шығынын өлшеу
тіркелген жиі тексеріліп тұратын бақылау-өлшеу құралдары арқылы жүргізіледі.
479. Пайдалы құрамы бар жерасты және жылы сулардың құрамында осы суларды минералды шикізат
ретінде пайдалануда жоғары тиімділікке қол жеткізу мақсатында йод, бром, бор, магний, калий,
литий, рубидий, цезий, стронций, германий (мг/л) қаншалықты екендігі анықталады.
480. Шірудің даму қауіптілігі мен тұз бөліну қаупін анықтау кезінде жабдықтың бүкіл
жүйесін шіруден қорғаудың тиімді әдістерін таңдауды және жасауды, коррозиялық және тұнба
түзушілік кезеңдердің сипатын анықтау үшін жылдам түрде арнайы коррозиялық зерттеу жүргізуді
(ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып) ұйымдастыру қажет.
481. Ауыз су және тұрмыстық-шаруашылық үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін
жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында кендерді шоғырлап шаймалау орнын орналастыруға,
қалдықтарды көмуге, қоқыс, зират, мал өлігін тастау орындарына айналдыруға және басқа да жерасты
суына зияны тиетін объектілер салуға жол берілмейді.
482. Жерасты су объектілеріне зияны тиетін болса, жерді ағын сулармен суаруға жол
берілмейді.
483. Егер ұңғымалар жарамды немесе ішуге және тұрмыстық су жабдықтарына немесе емдік
мақсаттардағы су көкжиегін ластайтын ұңғыма болса, онда өнеркәсіптік, емдік минералдық және жылы
ағын суларды төгу үшін мұндай сіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға жол берілмейді.
484. Сіңіргіш ұңғымаларды, соның ішінде пайдалы қазбаларды шаймалайтын жерасты ұңғымаларын
бұрғылау пайдалы қазбалар мен қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік органдарымен, су ресурстары
және санитарлық бақылау басқармасымен осы ұңғымаларды бұрғылау ауданында арнайы зерттеулер
жүргізгеннен кейін берілетін оң қорытындының бар болған жағдайында ғана рұқсат етіледі.
485. Өзара байланысы бар ұңғымалардың бірінде дебиттің азаюы немесе су берілуі толық
тоқтап қалса, онда екі ұңғыманың бірі жабылуы немесе жойылуы керек.
486. Жер қойнауын пайдаланушы мынадай жағдайда ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізеді:
пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік бермейтін айналасындағы колонналардың зақымдалуы және
ұңғыманың техникалық жөнделуінің мүмкін емес жағдайында;
құмдалып кеткенде;
ұңғыма ұңғысында тұз жиналып қалғанда.
487. Ұңғыманың күрделі жөнделуіне байланысты барлық жұмыстарды техника қауіпсіздігін
сақтай отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарымен
келісім бойынша жер қойнауын пайдаланушылар жүргізеді.
488. Жерасты су объектілерін пайдаланумен байланысты су ірку құрылыстарын орналастыру,
жобалау, құрылысын салу, пайдалануға беру және пайдалану кезінде аумақты су алып кетуді, шөлге
айналуды, жердің батпақтануын, топырақтың көшіп кетуін болдырмау шаралары қарастырылады.
489. Сіңіргіш ұңғымалар мен құдықтарды су көздерін санитарлық күзету аймағының 1 және 2
белдемесінде орнатуға жол берілмейді.
490. Сіңіргіш ұңғымалар мен құдықтарға радиоактивті заттары бар пайдаланылған суды төгуге
жол берілмейді.
491. Пайдаланылған суды, сондай-ақ ұңғымалық шаймалаудың жұмыс ерітіндісін сіңіргіш
ұңғымаларға тарту жүргізілетін аудандарда қазбаны пайдаланушы жоспар бойынша жақын маңдағы
ұңғымаларға, су көздеріне, құдықтарға жүйелі зертханалық бақылауларды ұйымдастырады.
492. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған пайдаланылған су мен шаймалау ерітіндісін тарту
мәселесін шешу үшін ұңғымаларды бұрғылау және тиімді тарту енгізілген арнайы бағдарлама бойынша
зерттеу және тәжірибе жұмыстары жүргізіледі.
493. Пайдаланылған суды тарту көкжиегін таңдаудың негізгі шарты тартылатын суды күндізгі
кеңістіктен, бальнеологиялық немесе өнеркәсіптік маңыздағы ащы және минералды сулардан
алшақтатып тұратын сенімді су өткізбейтін қондырғы, және мынадай түрлердің болуы – тартылатын
суды қабылдауға және сыйдыруға қабілетті коллекторлар болып табылады.
494. Пайдалы қазбалар орнын жасау кезіндегі жерасты суларының дренажын жүзеге асыру мен
жобаны құрастыру кезінде бақылаудың ұсталуы мен әдістері таулы массивтің құрғау қарқыны туралы,
бұзылған гидродинамикалық тәртіптің барлық алаңындағы жерасты су деңгейінің жағдайы, деңгейдегі
құрғау (немесе суалу) әсерінің бағасы, жерасты суларының қоры мен сапасы және қоршаған орта
туралы мәліметтерді дәл әрі нақты алуды қамтамасыз етеді.
4.3. Жерасты суларын игеру кезіндегі авторлық қадағалау
495. Авторлық қадағалауды жылсайын қабылданған жобалық шешімдерді іске асыру үшін өндіруге
жобалау құжатын жасаған жобалық ұйым жүргізеді.
496. Авторлық қадағалау кезінде алынған ағымдағы ақпараттар пайдаланылады, ал қадағалау
нәтижелері жыл сайын есеп ретінде баяндалады.
497. Авторлық қадағалау бойынша жыл сайынғы есепте мынадай ережелер көрініс табады:
технологиялық параметрлердің нақты қол жеткен мәндерінің сәйкестігі (немесе сәйкес
еместігі) көрсетіледі;
нақты және жобалық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық және (немесе) жобалық
шешімдердің орындалмау себептері ашылады;
жобалық шешімдерге қол жеткізуге және әзірлеу жүйесін игеруде анықталған кемшіліктерді
жоюға бағытталған ұсынымдар беріледі;
жекелеген жобалық шешімдердің және көрсеткіштердің өзгеруі туралы өнеркәсіптік ұйымдардың
ұсыныстары (егер ондай бар болса) бойынша қорытындылар беріледі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |