АУДАРМА ЖƏНЕ ƏДЕБИ
КОМПАРАТИВИСТИКА
* * *
М. Жұмаділова
КƏСІБИ АУДАРМА МОДЕЛІ ЖƏНЕ АУДАРМАШЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Жазбаша жəне ауызша аударманың түрлі
модельдері. Кəсіби аудармашы деңгейін дамыту жолдары.
Тірек сөздер: ауызша аударма, жазбаша аударма, кəсіби аудармашы.
М. Жумадилова
МОДЕЛЬ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ПЕРЕВОДА И СОЦИАЛЬНЫЙ
СТАТУС ПЕРЕВОДЧИКА
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Модели письменного и устного перевода. Уров-
ни развития профессионального переводчика.
Ключевые слова: устный перевод, письменный перевод, профессиональный переводчик.
M. Zhumadilova
A MODEL OF PROFESSIONAL TRANSLATION AND SOCIAL STATUS
OF THE TRANSLATOR
Abstract. The issues dealt in this article. Models of translation and interpretation.
Levels of a professional translator.
Keywords: interpretation, translation, professional translator.
Қазіргі кезде жазбаша аударма мен ауызша ау-
дарма қызмет көрсету нарығында біркелкі талапқа
ие болған. Аударманың бұл екі түрі алуан түрлі
əдіс-тəсілдер арқылы, яғни мəтіннің (ауызша,
жазбаша) ақпараттық-стильдік ерекшелігіне орай
əртүрлі тəржімаланатыны аударманы үйренуші,
зерттеуші қауымға мəлім.
Дегенмен ауызша аударма кəсіби жазба-
ша тəржімаға машықтанған аудармашыларға
қарағанда көбірек кездеседі жəне кəсіби ауыз-
ша аудармашыны біздер жұмыс үстінде бақы-
лауымызға, оның іс-əрекетін зерттеп зерде-
леуімізге мол мүмкіндік бар. Ал жазбаша аударма-
шының ерекшелігін, жұмыс барысын, мəтін
аударылғаннан кейін ғана, сапасына қарай оқып-
білу арқылы тани аламыз.
Қызмет көрсету нарығында кəсіби аударма-
ның үш түрі ұсынылады: синхронды аударма,
ілеспе аударма жəне «сыбырлау» (нашептывание).
Кəсіби аудармашылардың жұмысын бақылай
отырып барлық ауызша аударма түрлеріне тəн
мынадай ерекше белгілерін атап көрсетуге бо-
лады: нақтылық, айқындылық (созылыңқы
сипатталатын сөз саптаулар, ұзақ кідірістер,
«сонда», «яғни», «немесе», «несі, несі-не» деп
тұрып алу болмауы шарт); аудармашының жыл-
Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011
76
дам əрекет етуі (реакциясы) (аудармашы шет
тіліндегі мəтінді бірден аударуға кірісіп, ойла-
нып немесе қайталап сұрауына болмайды); өз-
өзіне сенімділік (аудармашы өзінің тəржімасына
өте сенімді болуы қажет, таңдаған эквивалентіне
күмəнданып тұруына болмайды).
Осы ерекше белгілерімен қатар кəсіби син-
хронды жəне ілеспе аударманы бөліп қарас-
тыратын болсақ, синхронист баяндамашы сөзін
алдын ала болжап, «əзірлеме» дайындайды. Ал
ілеспе аудармашының көлемді мəтінді есте сақтау
қабілеті болуы шарт.
Кəсіби аудармашыға тəн аталмыш қасиет-
тердің барлығы тəржімашының жұмыс бары-
сында сөйлемдерді бөлшектеп, грамматикалық
құрылымдарға құрастырып тұрмастан, автоматты
түрде, яғни тез арада есіндегі дайын əзірлемені
(заготовканы) мəтіннің мазмұнына орай қолдана
беретіндігінен көрінеді.
Демек, ауызша кəсіби аудармадағы ең негізгі
шешуші сөз – автоматизм (жылдам əрекет ету),
екінші маңызды сөздің бірі – сана астары. Ауда-
рылатын мəтіннің эквивалентінің көп бөлігі тез
арада сана астарының деңгейінде қалыптасады.
Осы айтылғандарды ескере отырып ауызша кəсіби
аудармаға келесі анықтаманы беруге болады: ау-
ызша кəсіби аударма – қандай болсын ауызша
мəтінді сана астары деңгейінде автоматты түрде
өте жылдам аудару. Дегенмен мұндай анықтама
ауызша аударманың тек сырт келбетін ғана си-
паттап, тез арада аудару нəтижесіне жетудің
механизмін аша алмайды.
Кəсіби аударма деңгейіне жетуге мүмкіндік
тудыратын механизмнің қыр-сырын айқындау
үшін аталмыш тəржіма теориясын жетік меңгеру
маңызды. Аударма теориясы мен термино-
логияның алуантүрлілігіне қарамастан, аудар-
маны орындаудың екі негізгі əдісін бөліп қарауға
болады.
Трансформациялық – бір тілдегі мəтіннің
объектілері мен құрылымдары өзге тілге тиесілі
ережелер бойынша аударылады. Тəржімаланатын
объектілер мен құрылымдар жиі кездесетін
болғандықтан, бір аудармадан екіншісіне көшіп
жүреді. Трансформациялық əдіс түпнұсқа мен
аударма арасында тікелей сəйкестіктің болуын
қамтамасыз етеді.
Екінші – денотативті əдіс, бұл əдіс бойынша
аудару процесі үш кезеңнен тұрады:
1) аударылатын мəтінді қабылдау жəне тал-
дау;
2) мəтіндегі бейнені ойша қалыптастыру;
3) аударма тілінің құралдары арқылы
түпнұсқадағы бейнені түсіндіру, яғни интерпре-
тациялау.
Алдыңғы əдіспен салыстырғанда денотативті
тəсіл екі тілдегі сөздер мен сөз тіркестері
арасындағы тікелей байланысты көздемейді.
Денотативті механизм бойынша аударғанда
түпнұсқа мағынасын беруде тіл құралдарын
еркін таңдайды. Яғни, денотативті тəсілмен
аударғанда тəржімашы жеке сөздерге емес,
сөздердің мағынасына мəн береді. Аудармаға
деген осы екі тəсілдің қайсысы ауызша кəсіби
аудармада қолданылады? Ауызша кəсіби ау-
дармашы тəржіманы көп ойланбастан жасай-
тын болғандықтан, трансформациялық əдісті
қолданады. Дегенмен бұл əдіске маңызды бір
ерекшелік қосады.
Кəсіби аудармашы денотативті механизмді
қолданғанда жеке концептуалды элементтер-
ден тұратын ойдағы бейнесін құрастырғанмен,
оны түрлі синтаксистік, лексикалық форматтар
арқылы түсіндіріп тұрмайды. Аудармашы сана
астары деңгейінде оперативті есіндегі дайын
сөздік клишелер арқылы бейнені толықтырады.
Кəсіби аудармашыда өзі де түсініп болмаған
жəне қысқартылған түрде модельдеу кезеңі
болады. Осы бойынша кəсіби аудармашы
тəржімаланатын мəтіндегі кейбір концептілерді
ажыратып алады. Олар маркер-сөздер арқылы
аудармашының ойындағы дайын клишелер
жиынтығымен байланысты. Сонымен қатар ау-
дармашы мəтінде «бағдар жасайтын бірліктерді»,
яғни аударма əзірлемелерін ауызша айтуға жəне
тəржіма шешімін таңдау материалы ретінде
қызмет ететін синтаксистік-семантикалық жəне
коммуникативтік тұрғыдан жетілген мəтін
бөлшектерін бөліп қояды. Бағдар жасау бірліктерін
таңдау тілдің құрылымдық жəне фонетикалық
ерекшеліктеріне байланысты. Сол себепті мұндай
механизм жеткілікті тұрғыда өте жеке құбылыс
– бағдар жасау бірліктері ретінде ырғақтық топ,
синтагма, синтаксистік кешен, тақырып немесе
рема қызмет етеді.
Тіл қорының мүмкіндігіне орай бағдар
жасау бірліктері туралы түсініктер жəне
«бағдар жасаудың» басталуы мəтінді толық
қабылдамай-ақ сөйлеу бірліктерінің ең жоғары
ақпараттылығының негізінде іске асады. Ауызша
аудармашы əрекетінің схемасын (синхрондыққа
Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011
77
да, ілеспеге де қатысты) мынадай алгоритмде
сипаттауға болады:
1) айтылып тұрған мəтінді тыңдау. Егер мəтін-
нің фрагменті бағдар жасайтындай дерлік болса
(аударма варианттарын таңдауға);
2) оперативті есінде сақталған əзірлемеден ау-
дарма вариантын таңдау.
Негізінде кəсіби аударма маркер-сөздер
арқылы фрагментті бүтіндей қабылдап, жеке
сөздердің эквивалентін іздеп ойланып тұрмастан
вариантты түйсік деңгейіндегі дайын əзірлемеден
таңдайды.
Синхронист пен ілеспе аудармашы арасындағы
ерекшелік таңдап алынған вариантты «айту»
уақытымен ажыратылады. Синхронист вариант-
ты бірден айтса, ілеспе аудармашы таңдалған
нұсқаларды тіркеп шығып (ойша немесе қағаз
бетінде), түртіп қойғандарының негізінде ілестіре
айтады (ойша немесе қағазда).
Синхронды аудармада шешімдерді іздеу не-
месе таңдау «аударма əзірлемелерін» қолдану
арқылы іске асады. Кəсіби аудармашының мол
тəжірибесі мен асқан білімі шығармашылық
ізденісті қажет ететін түрлі шешімдерді қабылдау
əрекеттерін жеңілдетіп жібереді.
«Бағдар жасау бірліктерін» таңдауға аудар-
машының субъективті білімі, яғни оперативті
есіндегі əзірлемелер жəне объективті фактор
баяндамашының сөйлеу темпі маңызды рөл
атқарады (мəселен баяндамашы жылдам сөйлеген
уақытта бірнеше бірліктер бірігіп кетуі мүмкін).
Дегенмен осы айтылғандардың негізінде ау-
ызша аудармаға үйрету процесіне өте маңызды
мынадай қорытынды жасауға болады: бағдар жа-
сау бірлігі бір ғана сөз болмауы қажет. Бірақ осы
бірлікті таңдауда маркер қызметін атқаратын сөз,
яғни шешуші сөз біреу болғаны жөн. Сол себепті
аудармаға үйрену барысында бір тақырыптық
маркерге (сөзге) біріккен лексикалық түйіндіні
(ұяны) жаттау əдісі ұсынылады. Мəселен:
– благодарю за гостеприимство – қонақжайлы-
лығыңызға ризамыз;
– спасибо всем – барлықтарыңызға рақмет;
– спасибо, что пришли – келгендеріңізге рақ-
мет;
– спасибо за приглашение, т.б.
Бұл айтылған мəселелер, негізінен, кəсіби ау-
ызша аудармашыларды оқыту əдіс-тəсілдерінің
бір түрі.
Ендігі əңгіме Қазақстан нарығында аудар-
машылардың кəсіптік мінездемесі, яғни кəсіби
қызметінің моделі жəне аудармашының қарым-
қатынас аясы. Кəсіби аударма моделін құрастыру
негізінде тəржімашыға қойылатын талаптар
қандай, сол төңірегінде көптеген сұрақтар ту-
ындайды. Кəсіби аудармашы жұмысы қай
жағынан алып қарасаңыз да ауыр еңбектердің
бірі. Іссапармен жүріп-тұру, мерзімі бекітілмеген
жұмыс уақыты жəне психологиялық жағынан да,
яғни үлкен аудиториямен жұмыс істеу, стрестік
жағдайлар, осының барлығы аудармашының
жұмысына едəуір қиындықтар тудырады. Осын-
дай жағдайға қарамастан бұл салада əйелдер мен
ер адамдар тең жұмыс жасайды.
Кəсіби аудармашыға қойылар ендігі бір та-
лап, ол ірі қалада жұмыс істеуі керек. Себебі
қоғамдық, мəдени өмір қызу қайнасып жатқан
қалаларда ғана, яғни ондағы түрлі конферен-
цияларда, саяси, мəдени, ғылыми жиындарда
аудармашылық қызмет көрсетіп өзінің кəсіби
деңгейін жетілдіруге мүмкіндігі бар.
Аудармашы тіл үйрететін арнайы инсти-
тут немесе университеттің тіл факультетін та-
мамдап, кəсіби аудармашыларды əзірлейтін ар-
найы курстардан өтуі тиіс. Міндетті түрде оқып
жүрген тілінің елінде стажировкадан өтеді.
Академиялық білім, шет елдегі жетілдіру курста-
ры аудармашының жалпы ойлау өрісінің кеңеюіне,
тілдер арасындағы байланыс заңдылықтарын,
үйреніп жүрген тілде сөйлейтін халықтың пси-
хологиясын танып-білуге септігін тигізеді.
Кə сіби аударма бойынша арнайы курстарда
əртүрлі тақырыпты бірнеше жағдайларда аудару
əдістеріне үйретеді.
Əр кез түрлі саладағы терминологиялық
сөздіктерді игеруі шарт. Түрлі салалар бойынша
басып шығарылатын, баяндалатын мəтін сти-
лінің ерекшелігіне үйренеді. Кəсіби аударма-
шы бірнеше шет тілін үйренуге құқылы, бірақ
жұмыс тілі біреу ғана болғаны абзал. Шет тілін
үйрену, оны жетілдіру өмір бақи дамытылып,
жетілдіріліп отырады. Сондықтан 4-5 жылдық
курстарды аяқтап, кəсіби аудармашымын деп айту
жеткіліксіз. Түрлі тақырыптарға аударма жасау
маманнан аударманың бір ғана түрін таңдауды та-
лап етеді. Я ауызша, оның ішінде не синхронист,
не ілеспе аудармаға машықтануы керек. Жазба-
ша кəсіби аударманың жөні бөлек. Ең алдымен,
шығармашылықты талап етеді. Кəсіби аудармашы
тек шет тілінен өз тіліне ғана аударып үйренгені
дұрыс. Сонда аударма сапалы жəне толыққанды
болып шығады.
Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011
78
Əдебиет
1. Коммисаров В.Н. Современное переводоведение. –
М., 1999.
2. Коммисаров В.Н. Слово о переводе. – М., 1973.
3. Крупнов В.Н. Очерки по профессиональному пере-
воду. – М., 1976.
4. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с
русского языка на английский. – М., 1998.
5. Виноградов В.В. Введение в переводоведение
6. Михайлов М.М. Двуязычие в современном мире: уч.
пособие. Ч. 1988.
7. Мирам Г, Гон А. Профессиональный перевод. –
Киев, 2003.
8. Алимов В.В. Теория перевода. – М., 2004.
9. Латышев Л.К., Семенов А.Л. Перевод: теория,
практика и методика преподавания. – М., 2003.
10. Комиссаров В.Н. Общая теория перевода – М.,
2000.
* * *
А. Жапарова
А. С. ПУШКИННІҢ «ТАС МЕЙМАН» ПЬЕСАСЫ
Ж. АЙМАУЫТОВТЫҢ АУДАРМАСЫНДА
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. А.С. Пушкин пьесасы.
«Тас мейман» пьесасы аудармасының жариялануы. Пьесаның аударылу ерекшеліктері.
Аударманың еркін тəсілінің қолданылуы.
Тірек сөздер: аударма, түпнұсқа, еркін тəсіл, аударма шеберлігі.
А. Жапарова
ПЬЕСА А. С. ПУШКИНА «КАМЕННЫЙ ГОСТЬ»
В ПЕРЕВОДЕ Ж. АЙМАУЫТОВА
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Пьеса А.С. Пушкина. Опубликование перевода
пьесы «Каменный гость». Особенности перевода пьесы. Применение приемов свободного перевода.
Ключевые слова: перевод, первоисточник, свободный перевод, мастерство перевода.
A. Zhaparova
THE PLAY OF A. S. PUSHKIN «STONY GUEST»
IN ZH. AIMAUITOV’ S TRANSLATION
Abstract. The issues dealt in this article. The play of A.S.Pushkin. Publication of translation of the play
«Stony guest». Features of translation of the play. Application of a free way of transfer.
Keywords: transfer, the primary source, a free way, translation skill.
«Тас мейман» – А.С. Пушкиннен аударылған
төрт сахналы драма. Пьеса 1927 жылы Ташкент
қала сындағы «Күншығыс» баспасынан жеке
кітапша болып басылып шыққан. Ж. Аймауы-
товтың осы аудармасы шебер маманның қолтаң-
басын танытатын сəтті туынды болып табыла-
ды. 1927 жылы Қазақ театрының сахнасында
қойылды.
Пьеса 1935 жылы проф. Б. Кенжебаев құрас-
тырып бастырған А. С. Пушкин нің қазақша бір
томдық шығармалар жи на ғын да бар. 1990 жылы
проф. Б. Құндақ баев құрастырған «Шернияз»
кіта бында жария ланды.
Енді осы пьесаны аудару ерекшелігіне тоқта-
лайық. Біріншіден, «Каменный гость» пьесасын
«Тас мейман» деп дəл, нақты алған. Екіншіден,
көлемін тура сақтауға тырысқан. Түпнұсқа беті
– 30, аударма беті – 28. Үшіншіден, кейбір ау-
дару машығын қарастырамыз. Композициясы
жағынан, бұл драма – 4 сахналы.
Түпнұсқаның бірінші сахнасы – «Дон Гуан мен
Лепорелло», аудармасында да осы атау сақталған.
Екінші сахнасы – «Комната. Ужин у Лауры»,
аудармасы – «Бөлме. Зəуренікінде, кешкі тамақ».
Түпнұсқадағы Лаура атты кейіпкердің не
себепті аудармада Зəуре болғаны түсініксіз.
Үшінші сахнасы – «Памятник Командора», ау-
дармасы – «Командордың ескерткіші».
Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011
79
Төртінші сахнасы – «Комната Доны Анны»,
аудармасы – «Анна ханым бөлмесі».
Ұтымды шыққан əрі дəлдік бар.
Ж. Аймауытов осы пьесаны еркін тəсілмен
аударған.
Енді түпнұсқа жəне аударма нұсқаға назар
аударайық. Түпнұсқасы:
– Шутишь?
Да кто ж меня узнает?
– Қалжыңдаймысың?
Мені кім таниды?
Өте дəл аударма. Мазмұны да, сөйлем құры-
лысы мен пунктуациясы да сақталған.
– Что за беда, хоть и узнают. Только б
Не встретился мен сам король. А впрочем,
Я никого в Мадриде не боюсь
– Таныса қайтеді, тек маған
Корольдің өзі жалықпаса болғаны.
Олай десең, мен Мадриде
Тірі жаннан қорықпаймын.
Түпнұсқадағы «что за беда, хоть и узнают»
дегенді «таныса қайтеді» деп екі сөзбен қысқа
да нұсқа алған. «Я никого в Мадриде не боюсь»
сөйлемін былай деп тəржімалаған «мен Мадрид-
те тірі жаннан қорықпаймын». «Никаго» сөзі
«ешкімнен» деп аударылады. Ж. Аймауытовтың
варианты ұтымдырақ шыққан.
– Клянусь тебе, Лаура, никогда
С таким ты совершенством не играла,
Как роль свою ты верно поняла!
– Ант етемін, Зəуре, өмірі сондай
Тамаша ойнап көрген жоқсың!
Роліңді қалай дұрыс ұққансың!
Ж. Аймауытовтың екі пьесасын аудару дең гейін
салыстыру барысында, оның пьесаларды жақсы
аударғанын байқадық. Бұған осы үзінді дəлел
бола алады. Тамаша аударылған тіркестер деп
мынаны көрсетуге болады «Клянусь тебя» – «ант
етемін», « Как роль свою ты верно поняла!» –
«Роліңді қалай дұрыс ұққансың!» сөйлемінің дəл,
түсінікті аударылғаны соншалық түпнұсқаны
оқығандай əсерде қаласың.
Первый:
Благодарим, волшебница. Ты сердце
Чаруешь нам. Из наслаждений жизни
Одной любви музыка уступает;
Но и любовь – мелодия...взгляни:
Сам Карлос тронут, твой угрюмый гость
Бірінші:
Рахмет, сиқыршым! Сен біздің
Жүрегімізді елтітесің. Өмірдегі ляззатта,
Жалғыз махаббатта ғана əн...қарашы;
Түнерген қонағың Карлостың да жүйесі
Босады
Ж. Аймауытовтың сегіз қырлы, бір сырлы та-
лант екеніне көзіңіз əбден жетті. Шыңды шың ғана
түсінеді демекші, Ж. Аймауытов А. С. Пушкиннің
пьесаларындағы айтайын деген ойын терең
түсіне білген. Сондықтан да болар, Ж. Аймауы-
тов аудармасын оқығанда, оның бөгде елден кел-
ген тəржіма екенін ұмытып кетесің. Өте тамаша
аударылған сөздер мен сөз тіркестері: «Благода-
рим, волшебница!» – «рахмет, сиқыршым!». «Ты
сердце нам чаруешь» – «сен біздің жүрегімізді
елтітесің»; «из наслаждений жизни одной любви
музыка уступает» – «өмірдегі ляззатта жалғыз
махаббатқа ғана əн жол береді»; «Сам Кар-
лос тронут, твой угрюмый гость» – «түнерген
қонағың Карлостың да жүйесі басады».
– Скажи, Лаура,
Который год тебе?
– Айтшы, Зəуре,
Нешедесің?
Келтірілген үзінді еркін тəсілмен аударылған.
Солай болса да, аудармашы дəлділіктен еш
ауытқымаған.
Біздің ойлауымызша, Ж. Аймауытов А.С. Пуш -
киннің «Тас мейман» пьесасын өте жоғары дəре-
жеде аударған. Аудару барысында жазушы еркін
тəсілді қолданғандығы белгілі. Біздің ойымыз-
ша, пьесаның тек бір кемшілігі бар. Аудармашы
пьесадағы кейіпкерлер атын өзгерткен. Мысалы,
Дон Гуан – Дон Жуан, Лепорелло – Лафарель, Ла-
ура – Зəуре. Бұдан басқа шығармада еш кемшілік
жоқ.
Жүсіпбек пьесаларындағы идея тазалығы,
тап тық қайшылықты тарихи дəлділікпен терең
сурет теу шеберлігі – халқына қалтқысыз адал
қыз метінің айғағы. Ж. Аймауытов драматургия-
сы өзінің көркемдік деңгейі жағынан сол кезеңнің
мəдени талабына толық жауап берді.
Жоғарыда талданған А.С. Пушкиннің «Тас
мей ман» пьесасы аудармашылық шеберлігін то-
лық танытатын шығарма. Қаламгер драма лар-
дағы кейіпкерлердің психологиясын жақсы аша
білген. Ол еркін аударма тəсілін қолданып отыр-
са да, дəлділіктен ауытқымаған. Б. Құндақбаев
Ж. Аймауытовтың аудармасы туралы былай деп
айтқан: «Оқығанда айызың қанып, төл шығар-
маны оқығандай əсерде қаласың. Əлемдік əдебиет
пен орыс классикасынан ол аударған шығарма-
лардың ұзын-ырғасына көз жүгірткеннің өзінде
Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011
80
Ж. Аймауытовтың көркемдік білім шеңберінің
кеңдігіне таң қаласың».
Ж. Аймауытов – ірі тұлға, оның мол құпия
қыр-сыры уақыт озған сайын ашыла түспек.
Əдебиет
1. Алпысбаев Қ., Қазыбек Г. Қазақ аудармасының
тео риясы мен тəжірибесі. – Алматы: Қазақ универси-
теті, 2001. – 216 бет.
2. Əуезов М.О. Көркем аударманың кейбір мəселелері.
// Уақыт жəне қаламгер. – Алматы, 1962. – 430 б.
3. Талжанов С. Аударма жəне қазақ əдебиетінің
мəселелері. – Алматы: Ғылым, 1975. – 285 б.
4. Сагандыкова Н. Основы художественного перево-
да. – Алматы: Санат, 1996. – 206 б.
5. Əбдіманұлы Ө., А. Байтұрсынов жəне ХХ ғ.
басындағы көркем аударма тəжірибелері // Көркем
аудар ма теориясы мен тарихының өзекті мəселелері. –
Алматы, 2002. – 260 б.
* * *
В.Н. Комиссаров
Достарыңызбен бөлісу: |