Абай институтының хабаршысы


Абай өлеңдерінің табиғаты һəм ішкі рухы



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата12.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#9211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Абай өлеңдерінің табиғаты һəм ішкі рухы 

жағы туралы

Біз  ақынның  шығарған  өлеңдерінің  нендей 

табиғатта, нендей рухта болғандығын жақсы тек-

серіп, бар сырын түгел ашып беру үшін ақынның 

өзінің  табиғаттағы  жайларын  жете-білу  керек 

болады. Мұны білу үшін бірінші кезекті нық та-

яныш  нəрсе – ақынның  өмір  тарихы  болмақшы. 

Міне, соның үшін біз Абай өлеңдерінің табиғатын 

һəм  рухы  жағын  тексерген  уақытта  Абайдың 

өмірімен таныс болмағанымыз үшін біздерге көп 

қиындықтар кездеседі.

Абайдың  өмірінің  жақсы  тексеріліп  жазыл-

маған дығы,  белгілі  бір  ғылым  жолына  салынып 

жазылған өмір тарихының болмауы Абай туралы 

жазушыларды аса зор ыңғайсыз халге түсіреді.

Абайдың  өлеңіне  қосылып,  басылған  өмір 

тарихы  Абайға  шын  мағынасында  сын  жаза-

мын  деген  жазушыларды  да  қанағаттандыра  ал-

майды.  Ең  соңғы  басылған  Абай  өлеңдерінде 

де  Абайдың  ескі  баспасында  басылған  əдебиет 

заңын  қолданбаған  алғашқы  жазылған  өмір  та-

рихын қайта басқан. Соңғы баспасын бастырушы 

жолдастар  Абайдың  өмір  тарихын  толықтырып, 

ғылыми бір жолға салып бастыруы керек еді. He 

үшін қазақтың қалам қайраткерлері Абайдың өмір 

тарихын толықтырып жазуға сараңдық қылуы аса 

түсініксіз аянышты нəрсе.

Абайдың өлеңдерінің табиғатын һəм ішкі ру-

хын ашық тексеру үшін демесін беретін нəрселер 

мыналар:


1)  Абайдың  өмірінде  басылған  өмір  тарихы-

ның көрсетуі бойынша, Абай 10 жасынан былай 

қырда  мұсылманша  оқи  бастаған. 13 жасына 

шейін  Семейдегі  медреседе  оқыған. 14 жасын-

да  оқудан  мүлде  тоқтаған.  Қысқасын  айтқанда, 

Абайдың  бар  оқыған  мұсылманша  оқуы  төрт 

жылдық  қана  болған.  Орысшаны  да  Семейде 

болған  шағында  бастауыш  орыс  мектебінен  үш 

ай ғана оқып шыққан. Абайдың орысша болсын, 

мұсылманша  болсын  мектептерден  алған  бұл 

мағұлматы  Абайдың  барлық  біліміне  жол  ашып 

берді деп айтуға бола ма?

Абай  үш  ай  ғана  оқыған  оқумен  орыстың 

ірі  ақындары  Пушкин,  Лермонтов,  Некрасов, 

Крыловтардың  түпкі  негізіне  қалай  түсінген. 

Олардың  өлеңдерінен  қалайша  түпкі  негізін 

бұлжытпай тəржіма қылуға күші жеткен.

Абайдың  орысшаны  жете  түсіне  білуі – 

Абай  орысшаны  үш  ай  ғана  оқыған  оқумен 

қанағаттанып  қоймағанын  көрсетеді.  Абай  мек-

тептен тыс орысшаны толық, түсінерлік дəрежеде 

оқығандығы  орысшадан  аударған  өлеңдерінде 

ашық  байқалады.  Я  болмаса  Абайдың  жанында 

дайын орысша ақындары, ашық түсіндіре білетін 

білімді  бір  адамның  серік  болғаны  байқалады. 

Егер  бұл  айтылғандай  болмаған  болса,  Абай-

ды  жай  жабайы  адамнан  оқшау,  өзіндік  бөлек 

нақ  данышпан  адамның  сыпаты  барлығы  ашық 

көрінеді.  Бұлай  болғанда  біз  Абайда  талассыз 

данышпандық  (гениальность)  белгі  бар  деп  айта 

аламыз.  Болмаса  Спенсер  кітаптарын  əм  «По-

зитив  философия»  турасындағы  кітаптарды, 

Дрепердің  «История  умственного  развития  Ев-

ропы»  деген  кітаптарын  анық  түсініп  білу  үшін, 

аз  қуат  керек  емес.  Абайдың  Кəкітай  Құнанбаев 

тарапынан  жазылған  өмір  тарихы  бізде  жоғары 

айтылғандарымыздың  бəріне  де  жауап  бермей 

қараңғы, күңгірт күйде қалдырып кетеді.

2)  Абайдың  өлеңдерімен  бірге  басылған 

өмір  тарихында  былайша  жазылған: «Абай 13 

жасында-ақ  балалық  қылмай  ел  ішінде  жұртты 

өзіне қаратқан, басшылыққа бұрынғы төрелермен 

талас  қылып  жүрген  əм  елдің  жақсылары  бала-

сынбай  аузына  қарай  бастаған».  Бұдан  көрінді, 

Абай жасынан-ақ ірі адамдардың қатарына кіріп, 

халыққа  басшылық,  қылу  үшін  билермен  тарты-

са  бастағандығы,  Абайдың  билікке,  халыққа  та-

ласуына,  туған-туысқандарының  да  атақты,  елге 

басшы адамдардан болғандығы да Абайды жастан 

ірілікке  жетектеген.  Туысқандарының  əм  өскен 

ортаның  мақсат  қылған  нəрселері  Абайды  билік 

үшін таласқа кіргізуге əбден мүмкіндігі болған.

Бірақ Абайдың өлеңдерінің көбінде елге бас-

шы боламын деген адамдарды кекеп, зарлы, улы 

тілмен шаншатындық бар. Абай жабайы ел адам-

дарындай  билікке  өзі  ынталы  адам  болғандай 

болса, зарлы тілін тап онша қадамас еді. Бұл ту-

ралы  Абайдың  билікке  көзқарасының  қандай 

болғандығын  өмір  тарихында  толық  ашып  айту 

керек еді. Жəне Абайдың өмір тарихында былай-

ша  жазылады: «Жиырма  жасында  Абай  маңдай 

алды  шешен  болды»  əм  «қазақтың  ескі  зама-

ны  болса,  бұрынғы  қазақтың  атақты  биінің  бірі 

болмағы  анық  еді», – дейді.  Міне,  бұл  сөздер 

Абайдың  табиғаты,  ішкі  рухы  билер  сықылды 

болғандығын  аңғартады.  Жалғыз-ақ,  Абайдың 

тілегіне  бөгет  болған – заман.  Заман  бөгет 


Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

19

болмағанда,  Абайдың  тұтынған  жолы  əкімшілік 



еді  дегенге  келтіреді.  Бұл  сөздер  сырт  қараған 

кісіге Абай өлеңдерінің табиғаты, ішкі рухы соңғы 

кезде мүлде үмітсіздікке айналып кетуі, сол өзінің 

тілекті мақсаты болмағандықтан да болған шығар 

деген шүбəлі ой тудырып та қалады. 

3) Абайдың шаһармен байланысы болған ба? 

Семей  қаласында 2 жыл  оқу  оқығаннан  кейін 

оқуды тастап елге қайтып кетеді дейді. Абайдың 

сол  кеткеннен  қаламен  қатынасы  мүлде  үзілді 

мe,  жоқ  болмаса  қаламен  қатынасы  жиі  болып, 

қаладағы  мұсылман  яки  орыс  мұғалімдерімен 

мəжілістес, пікірлес болып жүрді ме? 

Міне,  бұл  жағы  да  Абайдың  өмір  тарихында 

күңгірт, көмескі түрде айтылмай қалған. Абайдың 

өлеңін тексерушіге бұл да зор қиындық тудырады.

4)  Абай  орыс  əдебиетімен  əм  жазушылары-

мен 35 жасынан  былай  қарай  таныс  болып  еді. 

Абайды  бұлармен  таныс  қылуға  себеп  болған 

орыстың  атақты  білімділері  мен  Михаэльс  əм 

Гросс деген еді дейді. Абайды Пушкин, Лермон-

тов, Толстой, Некрасов, Достоевский, Белинский, 

Писарев  əм  бұлардан  басқа  да  ірі  ақындармен 

жоғарғы  айтылған  орыс  оқымыстылары  таныс 

қылған.


5) Абайдың тəржіма халінде: «Орыс əдебиеті-

мен  танысу  Абайдың  көңіліндегі  ақындығын 

қозғап, Абайдың өлең жазуына себеп болды», – 

дейді. Бұл айтылғандардың Абайдың 35 жасына 

шейін  ешбір  өлең  жазбағандығы  көрінеді.  Шы-

нында,  Абай  өлеңдерінің  бəрінде  де 1884 жыл-

дан бастап 1903 жыл арасында ғана жазған, яғни 

Абай 35 жасына  жеткеннен  кейін  өлең  жазуға 

кіріскен.  Хатта  Абайдың  ақындық  күшінің  жа-

рық қа шыққандығы 39 жасынан кейін басталды 

деп  айтуға  болады.  Бірақ  тəржіма  халінің  тағы 

бір  жерінде  былай  дейді: «Абай 14 жасында-ақ 

біреуді  мазақ  яки  қалжың  қылып  құрбылар  ор-

тасында  өлең  шығара  бастаған», – дейді.  Бұған 

қалайша  түсінуге  болады. 14 жасынан  былай 

қарай  жазған  өлеңдері  қайда?  Бірінші  баспа-

сы  басылғанша  не  үшін  жас  жігіт  шағындағы 

өлеңінің бір жолы болса да кітапқа кіргізілмеген. 

Əлде  жас  шағындағы  жазғандары  маңызсыз-

мағынасыз болғандықтан баспаға берілмеген бе? 

Міне, осы жоғарғы айтылғанның бəрі де Абайдың 

өмір  тарихы  толық  жазылмағандықтан,  Абайды 

басылып  шыққан  кітабына  қарап  тексерушіге 

аса зор жұмбақ болып шығады. 

Тексеруші 14 жасынан  бастап  жазған  бір 

ақынмен 39 жастан  бастап  жазған  ақынды  бір 

көзбен  айырып  баға  беруіне  болмайды  һəм 14 

жастан бастап жазған ақын мен 39 жастан бастап 

жазған ақын өлеңдерінің табиғаты, ішкі рухы еш 

уақытта бір түрлі болып келмейді.

6) Абайдың қазақ арасындағы ел ақындарымен 

қатысы болды ма, болған күнде олардың шығарған 

өлеңдеріне  еліктеді  ме?  Еліктеген  болса,  олар 

қандай ақындар еді? Қандай типтегі кісілер еді? 

7) Абайдың қазақ арасындағы дайым қатынас 

жасаған  ел  адамдары,  пікір  лес  замандастары 

кім дер болған? Олар қан дай табиғаттағы адамдар 

еді? Бұлардың Абайға қандай əсерлері болды?

8) Абайдың үй-жамағатымен, тұрмыс жүзінде 

əйелдермен қандай байланысы бар еді?

Міне,  Абай  өлеңдерін  тексеру  үшін  осы 

сұралған сөздердің бəріне де Абайдың өлең де рімен 

қосылып басылған тəржіма халінде жауап ашық бо-

луы керек еді. Бұл күнге дейін Абайдың басылған 

өлеңдерінде бұл кемшіліктер толықтырылмай келе 

жатыр. Əйтсе де біз Абайдың майданға түскен бар 

өлеңімен  əзірше  қанағаттанып,  Абай  өлеңдерінің 

табиғаты  əм  ішкі  рухын  шамамыз  келгенше 

тексеріп өтуге лайық деп табамыз.

VI

Абай  барлығы 5313 жол  шамасында  өлең 



жазған.  Бұлардың  ішінен  орысшадан  тəржіма 

қылғаны 1700 шамасында. Соңғыларын шығарып 

тастағанда, Абайдың нақ өз тарапынан шығарған 

өлеңі 3612 жол шамасында болады.

Абай өлеңдерін жыл тəртібімен қарағанда бір 

түрлі көрінетін нəрсе мынау:

Абай  кейбір  жылдары  аз  жазады.  Жазған 

өлеңдері жыл сайын я артылып, болмаса біркелкі 

болып  отырмайды.  Абайдың  жыл  сайын  жазған 

өлеңдерінің  жолдарының  санын  оқушыларға 

көрсетіп өтуді мақұл табамын.

Бұл  көрсетілген  цифрлардан  Абайдың 1898 

1884 жылы 38 жол

1894 жылы

148 жол

1885 жылы 14 жол



1895 жылы

138 жол


1886 жылы 701 жол

1896 жылы

336 жол

1887 жылы 202 жол



1897 жылы

390 жол


1888 жылы 64 жол

1898 жылы

64 жол

1889 жылы 1032 жол



1899 жылы

48 жол


1890 жылы 205 жол

1900 жылы

72 жол

1891 жылы 164 жол



1901 жылы

72 жол


1892 жылы 116 жол

1902 жылы

152 жол

1893 жылы 212 жол



1903 жылы

16 жол


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

20

жылдан кейін өлең жазуы кенет көп кемігендігі əм 



əр жылда біркелкі болмағандығы көрінеді.

Абайдың  былайша  өлең  жазуы  тексерушіге 

зор  жұмбақ  ретінде  болмақшы.  Бұл  жұмбақты 

шешу үшін, Абайдың толық жазылған өмір рухы 

болу керек.

VII


1898 жылдан кейін Абай өлеңдерінің табиғаты, 

ішкі  рухы  өзгере  бастайды.  Сонымен  бірге 

Абайдың  əуелгі  ақындық  күшінің  де  кеміңкіреп, 

жұмсарғандығы сезіледі.

Абайдың дүниеден безіп, өмірден үмітсіздену 

жолына кіргені 1892 жылдан бастап 1900 жылға 

шейін артықша күшейіп барады. 

Жүрегім менің қырық жамау 

Қиянатшыл дүниеден, –

деген  өлеңімен  хатта  адамзаттың  өзінен  тіпті 

безгендігін аңғартады.

Адам бір боқ көтерген боқтың қабы, –

деген  өлеңі  де 1899 жылы  айтылған.  Жəне  сол 

жылда:


Есіңде бар ма жас күнің,

Көкірегің толық, басың бос.

Қайғысыз, ойсыз, мас күнің

Кімді көрсең бəрі дос.

Міне,  бұл  өлеңдерден  аңдаспау  бойынша, 

əлі  де  шыңдап  та  Абайдың  қарттық  күнінде, 

яғни  өмір  бітуі  жақындағанда,  өлең  тудыратын 

сезімдерден Абай жүрегі босап, басына қайғы то-

лып, жас уақытта өлең шығаратын қуаты бүтіндей 

жоғалып, нашарлайтын халге жетті ме екен? Əлде 

Абайдың  өмірі  бітуге  жақындағанда,  Абайдың 

ілхамы (шабыты – М. М.) əм ақындық қуаты өз-

өзінен  жоғала  бастады  ма  екен?  Əлде  шынын-

да  да,  махаббат  қызықтың  мол  болған  жылдары 

ақырын-ақырын артқа шегініп, Абайдан алыстап 

кетіп, сондықтан Абайдың ақындығы нашарлады 

ма екен деген шүбəлі ойлар еске түседі. Яки сол 

жылдың өзінде:

Көзіме жас бер жылайын,

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер жамап сынайын, –

дегенінше  жаралы  жүрегін  жамайтын  дауасы 

бітіп  қалып,  соңғы  өлеңдері  əуелгідей  түр  таба 

алмай кетті ме? Əлде:

Күйесің, жүрек күйесің

Күйгеніңнен не пайда, –

деп  ақындық  қуаты  дəйім  күшті  болып  тұрған 

күйінде  де  Абай  өзінің  күйгендігінен  пайда 

болмағандығын  ойлап,  сол  себепті  өлең  жазудан 

өзі тілеп тоқталды ма екен? He болмаса:

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

Зия ғып өмірімді бос жүріппін (1901 ж.), – 

дегеніндей  Абайдың  өмірінің  ақырындағы  үміт-

сіз денуі оның ақындығын бүтіндей сөндіріп қой-

майды ма?

Шынында,  біз  Абайда  шын  ақындық  сыртқы 

тұрмыс сезімінің əм сыртқы тұрмыстың өзі үшін 

қайғыру  дегеннің 1898 ж.  кейін  біраз  күшсіз-

денгенін көреміз.

Абайдың  ең  бірінші  бастап  жазғаны 1884 ж. 

жазған «Сұлу қыз» туралы өлеңі. Бұл өлең Абай-

дың өлең шығара бастауында бірінші адым болса, 

мұнан соны аңғарамыз: Абайда бірінші адымнан-

ақ суреттеу қуаты өзгеше күшті болған екен. Əрі 

сыртқы  тұрмысқа  жақын  болған  яки  сонан  алы-

нып жазылған екен.

VIII

Бұл өлеңнің жазылуы Абайдың 39 жасындағы 



шағына  тура  келеді.  Бірақ  өлеңнің  қуатына 

қарағанда,  Абай  бұл  өлеңді  жасырақ  уақытта 

шығар мады  ма  екен  деп  ойлауға  жоқ  емес. 

Абайдың өзі шығарған өлеңдерінің бəрі маңызды, 

əдемі болып əрі көп шығарған жылы – 1886 жыл 

Абайдың табиғатты суреттеген ең жақсы өлеңдері 

жəне  сол  халде  шығарған.  Абайдың  жұрт  үшін 

қайғыруы да көбірек сол жылда болған. «Жаз» де-

ген ес кетірерлік ұсталықпен, тіпті жеңіл əм табиғи 

шығарылған  толық  көріністі  əм  шындықпен  су-

реттеген өлеңі мен «Аттың сыны» деген өлеңі де 

сол жылы жазылған.

«Өлең  туралы»  айтқан  қуатты  өлеңдерінің 

көбі əм «Сүю туралы» деген аса шебер өлеңдері 

1887-1897  жылдар  арасында  шығарылған. 1899 

жылдан  бастап, 1902 жылға  Абай  орысшадан 

тəржімамен барады. Абайдың соңғы өмірінің көбі 

тəржімамен өткендігі көрінеді.



Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

21

Жəне  əуелде  аллаға  онша  жақын  болмаған 



əм  көбірек  дүние  үшін,  халық  үшін  қайғырған 

Абай 1898 жылдан соң аллаға жақындап, алланы 

жат етеді. Алла туралы көбірек ойлап, сол ретте 

халыққа алла туралы пəлсапа сөздер сөйлеп, алла 

туралы діни үгіттер үйретеді.

1886 жылдарда Абайдың үгіті дүние, тұрмыс 

үшін  болса,  енді  алла  ахрет  үшін  болуға  айна-

лады.  Абайдың  бұл  жылдан  соңғы  өлеңдерінде 

Толстой сықылды адамдардың жазған сөздерінің 

ізі көріне бастайды. Абай өмірінің бұл бөлімінде, 

шынында,  қазақ  халқына  діни  жол  басшылық 

сипатын  көрсетеді. «Ой  туралы»  деген  өлеңдері 

бəрі  соған  куə.  Солай  қылып  Абай 1895 жылда 

«Халыққа


1

  махлұқ  ақылы  жете  алмайды,  Оймен 

білген нəрсеміз бəрі дəһрі

2

», – дейді.



Əм алла туралы: «Сонда да оны ойламай қоя 

алмаймын» əм «жəне оған қайтпақсың. Оны ойла-

май өзге мақсат ақылға тола ма екен», – деп, өзінің 

енді аллаға мықтап берілгендігін аңғартады.

IX

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», – деп Абай 



енді  дүниедегі  өмірден  соң  тағы  мəңгі  жасау 

жанның  мəңгілік  болуын  көксейді.  Сөйтіп  шын-

дап та ахретке, машһараға əзірлене бастайды:

Дүниеге ынтық, машһараға амалсыздың

Иманын түгел деуге аузым бармас, –

деген өлеңдері Абайдың сол сырын ашып береді. 

Абай 1897 жылда:

Алла деген сөз жеңіл

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл

Өзгесі хаққа қол емес, –

деген болса, 1902 жылда:

Алланың өзі де рас, сөзі де рас, –  

деп, ойы, пікірі аллаға, ахретке берілгендігін тағы 

мықтап айтып қояды. Сол жылда жəне: 

Махаббатпен жаратқан адамзатты 

Сен де сүй ол алланы жаннан тəтті. 

Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп 

Жəне хақ жолы осы деп əділетті. 

Осы үш сүю болды имани гүл 

һəм:

Дін де осы, дін ойлаған тағат та осы, –



 

дейді. 


1)  Абайдың 20 жылдық  əдеби  өмірі  бар.  Со-

ның əуелгі жартысында Абай күштілік көрсетеді. 

Соңғы жартысында əлсізденіп, өлеңнің табиғатын, 

ішкі рухын бүтіндей өзгертіп жібереді.

2)  Өмірінің  əуелгі  жартысында  Абайдың 

өлеңдері табиғат ішкі рухы мен тұрмысқа жақын 

дайым  тұрмыс  қайғыларын,  тіршілік  пікірлерін 

шешеді.


Соңғы  жартысында  (айрықша  соңғы 70–80 

жылдарында) алла əм ахрет туралы терең ойларға 

кетеді. Яғни, Абай өлеңдерінің табиғаты, үміттері 

тұрмыстың  түрлі  дерттерімен  суарылған  болса, 

соңғы жартысы діни пікірлер əм машһараға даяр-

лану атымен суарылады. Идеализм деген пəлсапа 

жолына бұрып тұйықтайды.

3)  Абай  өлеңдерінде  өзінің  ашық  сипатта-

рын өздігін көрсетеді. Абай кітабында түсірілген 

суретте  қандай  көрінсе,  өлеңдерінде  де  сондай 

көрінеді.

Абайдың  суретте  көрінген  маңдайы – өлең-

дерінде  көрінген  маңдайының  өзі.  Абайдың 

маңдайында  ойшылдық  пен  толқындаушылық 

бірлеседі. Бірақ кейіннен ойшылдық жеңіп кетеді.

4) Абай өлеңдері халықшылдық, қазақшылық 

рухымен шығарылған.

5)  Абай  өлеңдерінде  (əсіресе  əдеби  өмірінің 

соңғы жылында) шындық (реальность) күшті, хат-

та діни мəселелерге де шын ынтасымен қарайды.

6)  Абайға  мұсылманшылдық  дүниесіндегі 

сопылық  əсep  бермеген.  Абай – мұндай  сипат-

пен  уланбаған  кісі.  Оның  өлеңінен  сіздер  өтірік 

монтанылықты сезбейсіздер. Ол оны сезбейді де. 

Жалғыз-ақ  Абайдың  кемшілігі  өмірі  ақтығында 

дінге  берілгендігі.  Əм  машһар  қорқынышынан 

жеңілгендігі.

7)  Абайдың  кейбір  өлеңдерінің  бір  пікірден 

екінші  пікірге,  бір  сезімнен  жəне  басқа  сезімге 

бірден  секіргендігі,  асығыстықпен  көшкендігі 

көрінеді. Соның үстіне бағзы бір келіспегендіктер 

Халыққа, жаратушыға деген сөз, шахмұң – жарату-



шының жаратқан заттары деген сөз

Замана  туралы  заманға  қас  деген  сөз.  Ташкент 



баспасындағы  көрсету  бойынша  мəңгілік,  дінсіздік  деп 

ұғу қате (Ғ. С.).



Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

22

əм бір-біріне қарсы болған пікірлер де жоқ емес 



(Газет жүзінде орын аздықтан мысал келтіріп бол-

майды).


8)  Абайдың  əдеби  өмірінің  əуелгі  жарты-

сында  орыс  əдебиетінің  берген  əсері  сезілмейді. 

Абайдың  өзінен  өлең  шығарушылық  дəуірінде 

ешбір  халықтың  əдебиетіне  əм  ешбір  адамға 

еліктегендігі білінбейді.

X

Абайдың тілі һəм өлшеулері

Əр  халықтың  ақындары  сол  халықтың  сөй-

леген тілінің жемістері болады деген сөз бар. Біз 

де  сол  сөзге  қарай  Абайды  қазақ  тілінің  жемісі 

дейміз.  Абай  тілінің  кеңдігін,  өткірлігін  қазақ 

тілінің  кеңдігі,  өткірлігі  деп  аңлау  керек.  Бұл 

тілдің  байлығы,  əдемілігі  Абай  өлеңдері  арқылы 

ашық көрінеді.

Абай – қазақ тілінің кең, əдемі бір əдебиет тілі 

болуға лайықты екенін ашық көрсетіп кеткен бір 

ақын.


Бұл тілдің əдеби жақтан істелуіне де Абайдың 

көп  қызметі  тигендігі  Абай  өлеңдерінде  ашық 

көрініп тұр.

Абай  одағай  сөздерден  жасалған  етістіктерді 

көп  қолданады.  Яки  сондай  етістіктерді  көп  жа-

сайды əм бұл туралы шеберлігі таңданарлық.

Абай пəлсапа сөздерді, аса терең пікірлерді де 

еш  қиналмастан  жеңіл,  ашық  тілмен  аңдата  ала-

ды:

Ақыл мен жан – мен өзім, тек менікі



«Мені» мен «менікінің» мағынасы екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ əуел бастан

«Менікі» өлсе өлсін оған бекі.

Һəм:


«Мені» мен «менікінің» айрылғанын 

Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес, – 

деген өлеңдері соған дəлел.

Абайдың бұл алты жолдық өлеңдерімен идеа-

лизм пəлсапасын қандай ашық аңдатып бергендігін 

көріп  отырмыз.  Абай  жалпы  түрік  тілдерінің 

халық өлеңдерінде қолданған өлшеулерден басқа 

тағы өзінен шығарған жаңа өлшеулері жоқ емес.

Абайдың  жаңа  өлшеулерінің  əсерінен  жас 

қазақ  ақындарында  ғана  емес,  яки  жас  татар 

ақындарының бағзыларынан көріп отырмыз.

Абайда ескісі əм жаңасы бəрі сегіз түрлі өлшеу 

бар, бірақ оның бəрін көрсетуге газет бетінде орын 

аз  болғандықтан,  оларды  мысалдармен  келтіріп 

отырмаймыз.

Ташкент, «Ақжол», 1923 жыл. № 335, 356, 

359, 363, 369, 372.

* * *


Ғ. Тоғжанов

АБАЙДЫҢ ӨМІРІ, ӨСКЕН ОРТАСЫ, АЛҒАН ТƏРБИЕСІ

Аннотация. Мақалада қарастырылатын мəселелер. Абайдың өмірбаяны, өскен ортасы, тəрбиесі. 

Абайдың өмірбаянының зерттелуі. Абайдың ақындығы. 

Тірек сөздер: Абай, өмірбаян, ақындық. 

Г. Тогжанов

ЖИЗНЬ, СРЕДА И ВОСПИТАНИЕ АБАЯ

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Жизнь, среда и воспитание Абая. Исследование 

автобиографии Абая. Поэтика Абая. 

Ключевые слова: Абай, жизнь, поэтика.

G. Togzhanov 

ABAI’S LIFE, ENVIRONMENT AND EDUCATION 

Abstract. The issues dealt in this article. Abai’s life, environment and education. Study of Abai’s 

autobiography. The Poetics of Abai.

Keywords: Abai, life, poetics.

Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

23

Абайдың  өмір  баяны  Мұхтарда  өзгелеріне 



қарағанда,  толығырақ  жазылған.  Мұхтар  Абай-

дың  арғы  атасы  Ырғызбай,  онан  бергі  Өскен-

бай,  өз  əкесі  Құнанбай – осылардың  өмірінен 

де  едəуір  мағлұмат  береді.  Абайдың  өмірін  осы-

лай  əріден  бастап,  ата  заманымен  байланыс-

тыра,  бергі  балалық,  жігіттік,  онан  соңғы  ел 

адамы  Тобықтының  болған  заманынан  да  көп 

мағлұмат береді. Абай өмірі туралы ілгері-соңғы 

жазылған  мақалалардың  ішіндегі  көлемдісі,  та-

рихи  мағлұмат,  фактілердің  көбі  де  осы  Мұхтар 

мақаласы. Мұхтар мақаласы, əсіресе Абайдың ата 

тегін, өскен ортасын, алған тəрбиесін, Абайдың ел 

ісінде билік құрып, ел ақсақалы, болыс, би болған 

жөнінде  тарихшыларда  көп  жазады,  керекті  ма-

териал  береді.  Қазақстан  баспасынан  Мұхтар 

мақаласын қысқартпай, түгел басуының да үлкен 

бір себебі осы болуы керек.

Алайда  осы  толық  жазылды  деген  Мұхтар 

мақаласында  да  Абайдың  өмірбаяны  əлі  толық 

емес.  Əсіресе  өз  қолынан  болған,  өз  жазбасы 

сақталған документтер, тарихи материалдар жоқ. 

Абай – өз өмірінде өз əлінше көп жазған кісі. Абай 

өмірін  жазушылардың  айтуына  қарағанда,  Абай 

кез келген жағдайда өлеңін жазып тастай берген. 

Соларынан  əлі  күнге  ешбір  нұсқа  жоқ.  Абайдың 

өлеңдерінен де ешбір қолжазбасы қалмауы Абай 

өлеңінің  дұрыстығына,  түгелдігіне  де  үлкен 

дақ  салуы  мүмкін.  Көшірушісі,  жинаушысы 

басқалар болған. Абайдың осылай түрлі жылдар-

да  жазылған  өлеңдері  əркімнің  қолында,  аузын-

да  бытырап  жүрген.  Абай  өлеңдерінің  бірінші 

жинағы 1909 жылда ғана басылды. 20-25 жылдай 

Абай  өлеңдері  қолдан  қолға  көшіріліп,  ауызша 

айтылып  қана  жүрген.  Осы  жылдардың  ішінде 

Абай жазғаны түгел сақталды, түгел жазылды деп 

ойлау қиын-ақ. Бірден бірге көшіріліп жүргенде, 

ауызша айтылып жүргенде, азды-көпті өзгермеді, 

өзгертілмеді деу де қиын. Мұхтар əтейілеп Абай 

жазғандарын жинағанда, осы жағын да ескеруі ке-

рек  еді.  Абай  жазғандарының  осы  жағына  тиісті 

мағлұматтарды  да  жинап,  оқушыларға  танысты-

руы керек еді. Одан соң, Мұхтар мақаласындағы 

тағы бір кемшілік – Абайдың басқаға жазғандары 

не  Абайға  жазған  хаттар  жайында  түк  мағлұмат 

жоқ.  Əлихан  мақаласында  да,  Мұхтардың  өз 

мақаласында  да  (басқалардыкінен  де)  Абайдың 

орыстың  халықшылдары  (народниктері)  мен  та-

ныс болғанын, хат жазып тұрғанын, Абайға келіп 

үш-төрт айлап қонақ болып жатқандарын көп ай-

тады.  Бірақ  осы  жайында  да  түк  дерек  жоқ.  Не 

хат  нұсқаларынан  дəнеме  жоқ,  не  көрген-білген 

адамдардың  сөздері  жоқ.  Абаймен  жақындасқан 

орыс  халықшылдарынан  Абай  туралы  не  өлген 

соң,  не  тірі  күнінде  жазған  естеліктері  жоқ  па 

екен? Не хат есебінде, не мақала-əңгіме есебінде 

Абай  жөнінде  жазғандары  бар  шығар!  Бізде 

Абайдың өмірбаянында əлі күнге дейін осы жағы 

да қараңғы жатыр. Үшінші, Мұхтардың Семейдегі 

Абай туралы бар архивтарды (губернатор, началь-

ник, сезъд материалдарын) қарамауы да, Абайдың 

өмірін  толық  білуге  кемдік  қылмай  қоймады. 

Зерттеген кісіге бұл жағынан да Абай өмірбаянын 

толықтыруға материал табылар еді.

Абай  өміріне  тиісті  материалдарды  түгел 

жинау  жөнінде  Мұхтар  мақаласында  да  осы  сы-

қылды  кемшіліктері  бар.  Абайдың  өмірбаяны 

мен бұдан былай шұғылданған əдебиетшілеріміз 

осы  кемшіліктерді  ескерулері  керек.  Мүмкін 

болса  осы  жағын  да  толықтыруға  тырысу  ке-

рек.  Ал  Мұхтардың  Абайға  берген  сынына  кел-

сек, бұл жағында Мұхтар сыны – дұрыстығынан 

бұрыстығы  көп  сын.  Ілияс  Мұхтардың  негізді-

лерін  өз  мақаласында  ашып  айтқан.  Шынында, 

Мұхтардың  Абайға  берген  бағасы  марксшілдар 

сынына қабыспайды. Мұхтар Абайды ұлтшылдар, 

басшылдар  көзімен  көреді.  Сынағандағы  қол-

данатын əдісі – идеалистердің əдісі. Мұхтар осын-

ша  ағынды  заманымен,  өскен  ортасы,  шыққан 

табымен байланыстыра отырып сынағанда, Абай-

ды  ұғуға  болмайтын  сықылды.  Мұндай  пікірде 

отырған  кісі,  əрине,  Абайды  сынай  алмайды, 

Абайдың  қазақ  əдебиетіндегі  тарихи  намысын, 

орнын  да  біле  алмайды.  Кейін  реті  келген  кезде 

Мұхтардың  жəне  басқа  қазақ  ұлтшылдарының 

Абай  жөніндегі  теріс  пікірлеріне  тоқталмақпыз. 

Əзірге  біз  тек  Абайдың  өмірбаянын  өзгеден 

толық  жазған  Мұхтардың  негізді  пікірі,  əдісінің 

қателігін қана ескертіп отырмыз. 

Жоғарыда  Мұхтар  мақаласында  Абайдың 

арғы  атасы,  ата-тегі  жағында  көп  мағлұмат  бар 

дедік.  Бірақ  Мұхтар  сол  өзінің  жазып  отырған 

пəктілерінде  дұрыс  пайдалана  алмаған.  Толық 

пəктілерден  қорытынды  шығарады,  кейде  тіпті 

өзіне-өзі  қарсы  шығады.  Мəселен,  Мұхтар 

мақаласында  Өскенбай,  Құнанбайларға  баға 

береді,  сонда  Өскенбайды  «ел  ортасына  қадірлі, 

сыйлы  болуы,  мінез  қасиетінен  болса  ке-


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

24

рек.  Мінезі  кекшіл  емес,  көп  тілегін  тілескен 



болғанға  ұқсайды...»  Өскенбайдың  елге  мəлім 

мінезі  жоғарыдағы  айтылғандай  адал,  əділ,  кең 

болғандықтан,  Өскенбай  жалғыз  өз  еліне  ғана 

қадірлі  болмай,  маңайындағы  көрші  елдерге 

де  қадірлі  болғанға  ұқсайды (332-333 беттер-

де).  Қысқасы,  Мұхтардың  дəттеуінше  Өскенбай 

би  адал,  əділ,  көп  тілегін  тілегіш  болған?! 

Жəне  осы  мақаласында  Мұхтар  Өскенбайды 

Мəмбетай  деген  кісінің  мұрнын  кесіп  алғанын, 

Кеңгірбайдан  бата  алып,  Тобықтының  дуванға 

білікті биі болғанын айтады. Мұхтардың қай сөзін 

ұстанамыз?  Өскенбайды  адал,  əділ,  кең,  көпшіл 

болды  дейміз  бе,  жоқ,  не  Тобықтының  ел  жеген 

жуан биінің бірі болды дейміз бе? 

Мұхтар  Өскенбайды  мақтайды,  адалдығын 

көп  айтады.  Бірақ  Өскенбайдың  əділдігіне, 

адалдығына  біздің  сеңгіміз  бар.  Ауылға  кел-

ген  қонақтың  мұрнын  бейкүнə  кесіп  жүрген 

Өскенбайдан артықша адалдықты күтуге болмаса 

керек. Өскенбай – кəдімгі ел ісіндегі мықты рудың 

мықты  биі.  Елді  адалдығымен  қаратқан  жоқ, 

байлығымен,  жұдырығымен  қаратты.  Мəмбеттің 

мұрнын  кескені  Өскенбайдың  қандай  би  екенін 

анық  көрсетеді.  Мұхтарға  мұнысын  ақтаймын 

деп  əлектенудің  тіпті  ешбір  орны  жоқ.  Мұхтар 

Құнанбайға да ауылдың байларынша баға береді. 

Құнанбай бір мінезді, асқан ақылды, сопы діндар, 

кедейге тегін ат, киім үлестіріпті?! Осы да сын бо-

лып па? Құнанбайды білмейтін қазақ аз. Қазақ да-

ласы  Құнанбайдың  мықтылығын,  жуандылығын 

біледі. Құнанбайдың зорлық-зомбылығын біледі. 

Мұхтардың өзі де жазады – Құнанбай «жігітектер 

ісіне  көп  кісімен  аттанып  келіп,  Бөжейді  бастық 

қылып,  барлық  ірі  кісілерін  ұстатып,  байлатып 

алып тегіс дүре салғызады» (338-бет). «Құнанбай 

насыбай  атқан  кісілердің  тілдіруші  еді.  Сыбан 

ішінде  Барақ  деген  төреге  бір  жыйында  насы-

байды  тастасайшы  дегенде,  ол  «менің  насы-

байымды  көргенше,  еліндегі  келінімен  жүрген 

Қодарды  көрсейші»  депті.  Сонымен  Құнанбай 

еліне  қайтқанда  Тобықтының  басшы  кісілерін 

жинап  алып,  борсақ  ішіндегі  Қодарды  келінімен 

алғызып, «шариғат  жөнімен  үкім  қыламын»  деп 

мойындарынан  қосақтап  түйеге  асып  өлтіріпті» 

(337-бет).  Осындай  араны  ашылған,  үкімі  шек-

тен  тыс  болған  феодал  Құнанбайдың  кедейшіл, 

«сопы» болғанына да біз шектенеміз?! Құнанбай 

сықылды  елді  бір  шыбықпен  айдаған,  ұнамаған 

адамын тірілей жалмаған, жуандығы айуандыққа 

айналған  қазақтың  феодалы  кедейлерге  тегін  ат, 

киім  үлестірді  деу – бұл  əншейін  əңгіме.  Ешбір 

шындық  жоқ  əңгіме.  Мұхтардың  Абай  жай-

ында  жазған  мақаласында  айрықша  бір  көзге 

түсетін  мінезі – «ертегілерге»  көп  көңіл  бөледі. 

Көп  қорытындыларын  «ертегі  сөздерге»  сүйеніп 

жасайды...  Абайдың  ата-тегін,  өскен  ортасын 

анықтағанда,  бізге  Тобықтының  билері,  байла-

ры  жайындағы  өздерінің  қолдан  жасаған  ертегі, 

əңгімелері, өтірік, мақтандылар керек емес, мұндай 

мағлұматтармен тарих жасауға, тарихи адамдарды 

ұғуға  болмайды.  Бізге  керегі – солардың  шаруа-

сы, шаруасындағы өндіріс қатынасы, ел билеудегі 

істеген  істері,  таптың  тілектері,  алған  тəрбиесі, 

білігі.  Міне,  осы  сықылды  əлеуметтік  таптың 

бетін көрсететін мағлұматтар керек. Бізге белгілі 

мағлұматтарға  қарағанда,  Абайдың  арғы  атала-

ры Ырғызбай, Өскенбай, бергі өз əкесі Құнанбай 

–  бəрі  де  аты  шулы,  өз  заманында  Тобықтының 

ішінде  алдына  адам  салмаған,  мықтылығы, 

жуандығы  Тобықтыдан  асып,  дуанға  жайылған 

феодалдар еді. 

Малды алды, теріңді, кісіңді алды

Құнекем билемеген не ісің қалды?

Сасқан соң ұлды бердің, құлды бердің

Қай жерден қарсыласар күшін қалды?

Тартуға талай найман берді қызды

Көгендеп тентегіңді қойдай тізді, –

дегені  Құнанбайға  жапқан  жала  емес  еді, 

Құнанбайдың осындай істеріне мастанған Құнан-

байшыл ақынның шыны еді. Барды жырлағаны еді. 

Абайдың ата-тегі, өскен ортасы, алған тəрбиесін 

білеміз  дегенде,  Өскенбай,  Құнанбайлардың 

алды  мен  феодалдығына  байланысты  сипатта-

рын ашуды керек қылады. Бұларды өз тұсындағы 

қазақ  еліне  сіңірген  еңбегінің  пайда-зиянын  ай-

ыруды  керек  қылады.  Міне,  бұл  жағы  Мұхтар 

мақаласында тым аз, не екі ұшты болып, жұқалап 

қана айтылады.

Абайдың  əкесі  Құнанбай,  Құнанбай  əкесі 

Өскенбайлар  қазақтың  қандай  байлары  еді? 

Бұлардың  екеуі  де  қазақтың  қарадан  хандыққа 

таласқан,  орыс  патшасының  қазақ  даласын 

отарлауда  ең  сенімді  сүйеніші  болған  байлар. 

Құнанбайдың қарадан аға сұлтан болуы, шапқан 

елін, «ұлын  да,  құлын  да»  айдап  алуы,  өзіне 

қарсыласқан тентектерді қойдай тізіп, көгендеуі, 



Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

25

тегіндіктен біткен мықтылық емес. Осының бəрі, 



бір  жағынан,  Құнанбайдың  бұрынғы  Кеңгірбай, 

Ырғызбай,  Өскенбайлардан  бері  үзілмей  келе 

жатқан  ата  жуандығынан  болса,  екінші  жақтан, 

бұған  патша  үкіметінің  жуандығы  қосылып  еді. 

Патша  үкіметі  қазақ  даласын  тезірек  меңгеріп 

алуы  үшін,  Құнанбай  сықылды  ру  басындағы 

аталы жуандарын өзіне жақын тартты. Шен, шек-

пен берді. Бұрынғы ақсүйектермен теңеді. Қазақ 

тұсында  ру  жуандары  бұрын  хандыққа  сайлана 

алмаса,  сұлтан  бола  алмаса,  енді  орыс  патша-

сы  Құнанбай,  Мұса  сықылды  жуандарды  сұлтан 

қылды, «қарадан  хан»  жасады.  Қазақ  халқының 

орыс патшасымен күресінде мұндай байлар қазақ 

арасында  орыс  патшасының  қол  шоқпары  бол-

ды. Орыс əскеріне қосылып алып, елді «тыюшы» 

қырушы болды. 

Ілияс мақаласының бір жерінде Абай тұсында 

«қазақтың төресі де, төбесі де өзгерді» дейді. Бұл 

сөзді Ілияс қазақтың ескі, аталы байының орны-

на  ақшалы,  жаңа  бай  келді,  осылар  ел  билігін 

қолына  алды  деген  мағынада  айтқысы  келеді. 

Бұл  дұрыс  емес,  əсіресе  Абай  тұқымы  жайын-

да дұрыс емес. Абай тұқымы – өзі айырылмаған 

«жеті  атадан  бері»  қазақ  даласында  ел  болып 

келе  жатқан  аталы  жуандар.  Кеңгірбай  орта, 

ұлы  жүзге  орыс  патшасының  əмірі  толық  та-

рай  қоймаған  кезде  елде  ескі  бай  болып  қана 

Тобықтыны  билесе,  бертін  орыс  патшасы  қазақ 

даласын түгел бағындырғанда да сол ескі байдың 

тұқымы  Өскенбай,  Құнанбайлар  тағы  биледі. 

Кеңгірбай  аталығына,  жуандығына,  малдығына 

сүйеніп  елге  би  болса,  бертін  Құнанбайлар  да 

соған  сүйенеді.  Құнанбай  да  аталығына,  ежел-

ден  біткен  жуандығына,  малдығына  сенді.  Бұл 

жағынан  қарағанда,  Құнанбайдың  Кеңгірбайдан 

түк  айырмасы  жоқ.  Кеңгірбай  қандай  аталы 

феодал  болса,  Құнанбай  да  сондай  болды.  Бар 

айырма – бұрын  Кеңгірбайдың  аталары  ру  фе-

одалдары  ханға  бағынса,  соның  сүйеніші  бол-

са,  енді  Құнанбайлар  орыс  патшасына  бағынды, 

соның  сүйеніші  болды.  Тап  көзі  мен  қарағанда, 

ондай  айырмашылықтың  ешбір  маңызы  жоқ. 

Қазақтың ру ішіндегі бұрынғы билеп-төстеп кел-

ген ескі байлары, патша тұсында биліктен түскен 

жоқ. Қайта елге үкімін, əмірін күшейтті. Құнанбай 

қазақ арасында осындай бай еді. Жəне ана-мынау 

бай  емес,  байлығымен  зорлық-зомбылығымен 

жұрт  аузына  іліккен,  даңқы  жер  жарған,  аты 

шулы  Құнанбай  еді.  Құнанбайдың  істемегені 

жоқ.  Қазақ  феодалдығының  нағыз  жексұрын, 

айуандық жағын іздесең, бəрін осы Құнанбайдан 

табасың.  Мұхтар  Құнанбайдың  ақылдылығын 

көп айта береді. Əрине, Құнанбай ақылды болған. 

Ақылсыз  болса,  бай  да  болмас  еді.  Əсіресе  ел 

билей  алмас  еді.  Əңгіме  мұнда  емес  қой.  Бізге 

бүгін Құнанбайдың таптық беті, қандай жағдайда 

қандай  жұмыс  істеді,  қандай  із  қалдырды, 

міне,  осы  жағы  керек.  Бұл  жағынан  қарағанда, 

Құнанбайлар  қазақ  жұртшылығының  жауы 

еді,  қазақты  орыс  патшасынан  құтылуға  емес, 

тұтылуға,  орыс  патшасының  құлына,  талан-та-

ражына түсіруге себепші, көмекші болғандар еді. 

Құнанбайлар  шен,  шекпенге,  параға  ауызданып, 

патшаның  мықтылығына  ежелден  келе  жатқан 

өзінің  ата  жуандығын,  ескі  феодалдығын  қосты. 

Мұны  олар  бақыт,  жақсылық  деп  ұғындырды. 

Осылар бастаған қазақтың байшыл жұртшылығы 

да  осылай  ұқты.  Құнанбай  сықылды  тілі  өткір 

барды көргіш, сөз тапқыш ақындар Құнанбайдың 

жыршысы болды.

1845  жылы  Абай  (Ыбырай)  туды.  Абайдың 

ұяда көргені Құнанбай болды. «Ұша» көргені жəне 

Құнанбай болды. Абайды бала жасынан Құнанбай 

қасына алды, жанына ертіп жүріп, өз үлесін берді. 

Баланы жасынан арамдыққа, зорлыққа, қорлыққа 

баулыды. Құнанбайдың басқа үлесі жоқ. Басқаны 

одан  күтуге  де  болмайды.  Абай  ұяда  нені  көрсе, 

ұшқанда  соны  ілді.  Жұрт  аузында  жүрген  əкесі 

оған  арман  болды,  қайта,  мықтылығымды, 

жуандығымды  əкемнен  де  асырсам  деген  талап-

та болды. Абайдың 35-40 жасына дейін өлеңмен 

шұғылданбай,  қалса  Тобықтының,  асса  бір 

дуанның жуаны болып, ата жолын қуғанының түп 

тамыры  Абайдың  осы  өскен  ортасында,  шыққан 

тегінде  жатыр.  Мұндай  ортадан  шыққан  байдан, 

туғанынан бар өмірін (бала кезіндегі бір-екі жылы 

болмаса) қазақтың қараңғы ауылында, айуандығы 

азған  Құнанбайдың  бауырында  өскен  Абайдан 

басқаны күту де қиын. Абайдың балалық, жігіттік 

кезіндегі  үлгісі  Құнанбай  болғандықтан,  оның 

болыстыққа,  билікке  ұмтылғаны – табиғи  нəрсе. 

Анадан ешкім де дұшпан болып тумайды. Жүре, 

көре, өсе біледі. Абайдың көрген, білген тұрмысы 

болыстыққа, билікке тартты. Абайдың тұсындағы 

үстем  жұртшылықтың  Абайдан  күткені  өзімен 

тұстас  «жақсылардан»,  билерден  мықтылығы, 

ақылды,  білімді,  шешендігі  артса,  орыс  төресіне 


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

26

жақын болса, оның тіліне, заңына өзгеден жақсы 



түсінсе,  қысқасы,  осылай  ата  жуандығына 

орыстың  законшілдігін  қосса,  міне,  Құнанбай 

жұртшылдығының  Абайдан  тілегені  осы  ғана 

еді.  Абай  осы  жұртшылдықтың  тілегінде  өсті. 

Көпке  дейін  осы  жұртшылдыққа  «құл»  болды – 

айтқанына ерді, ата жолын қуды. 

Жоғарыда Абайдың заманын сөз қылғанда, біз 

XIX ғасырдың аяғында қазақтың феодал байлары 

капиталшылыққа бет бұрды, жаңа заман ыңғайына 

түсе  бастады  деп  едік.  Сол  байдың  бірі – Абай. 

Абай,  бір  жағынан,  елдің  партиясына  араласып, 

інілері  болыстыққа  ие  болып,  өзі  билікте  жүрсе, 

екінші жағынан, бұлар орыс қаласымен араласты. 

Өзгеден  бұрын  орыстың  мəдениетін,  базарын, 

төресін,  білікті  адамдарын  көрді.  Қазақ  даласына 

«жаңашылдықты» да осылар бастап кіргізе баста-

ды.  Құнанбайдың  балаларын  медреседе  оқытуы, 

Қарқаралыда мешіт салдыруы қазақ даласындағы 

«жаңашылдықтың» белгілері еді. Бертін, Абай зама-

нында бұл «жаңашылдықтар» елге тіпті көбірек та-

рай бастады. Абай Құнанбайдан да озды. Құнанбай 

көбіне аталығына, жұдырығына, ежелдегі байлық-

мықтылығына  сенсе,  Абай  бұлардың  үстіне 

законшілдігін,  білімділігін  қосты.  Құнанбай 

көбінесе  ескі  заманның  ғана  жол-жорасын  білсе, 

Абай  жаңа  заманның  да  законін  білді.  Құнанбай 

секілді ескі байдың салтымен ғана болмай, заман 

ыңғайына түсіп, жаңара-өзгере бастады. Абайдың 

ақындыққа көшкен кездегі өзгерісі жаңашылдығы 

осы би болып жүрген кезде-ақ бас талып еді. Абай 

тұсында законге өзге байлар да (бай, болыстық) қол 

созды,  жаңарғысы  келді.  Бірақ  солардың  ішінде 

үздік шыққаны, артық білгені Абай еді. Абай, бір 

жағынан,  естіп,  тоқып  білсе,  екінші  жақтан, (жас 

күніндегі екі-үш жыл оқығаны бар) оқып, ізденіп 

білді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет