Орфографиясы


тұратын, әр компонент өзінің дербес лексикалық, лексика-грамматикалық



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

тұратын, әр компонент өзінің дербес лексикалық, лексика-грамматикалық
мағыналарынан   айырылмаған,   алайда   компоненттері   бір   ғана   зат   пен
құбылыстың   атау  бірлігі  болатын,   сөйлемнің   бір   ғана   мүшесі   болатын,
жазуда бөлек тұлғаланатын құрама сөздер.

Бұл   анықтамадан   екі   нәрсе   айқын.   1.   Әр   компонент  өзінің   дербес
лексикалық, лексика-грамматикалық мағынасынан айырылмауы дегенде КС-дің
БС-ден арасы ажыратылады; 2. КС-дің өз сипаты дараланады: екі сыңар ортақ
мағына беріп, номинативтік бірлік ретінде жұмсалады. Мысалы,  қалың мал,
пәтір нан, саз бет, көк ала, қызыл қоңыр, он бір, он тоғыз, барып кел, am қора
т.б.
“Күрделі сөздер барлық басқа туынды сөздер сияқты сөзжасам әрекетінің
нәтижесіне жатады. Күрделі сөз мағынасы оның сыңарларының мағынасынан
шығады” (26).
Қорыта айтқанда, КС-дер  БС сатысының алдында тұрған кұрама сөздер,
орфографиялық   создікте   дау   туғызып   жүрген   бөлек   жазылатын   БС-дер,
М.Балақаевтың БС классификациясындағы “жайыла  БС-дер”.
3.2.
Күрделі сан есімдер
Бүгінде   күрделі   сан   есімдердің   компоненттері   бір   бірінен   бөлек
таңбаланады деген қағида емлемізде берік орнықты. Ал аналитикалық тәсіл сан
есім   сөзжасамында   басты   қызмет   атқаратыны   белгілі.   Н.Оралбаеваның
есептеуінше, “миллионға дейінгі күрделі сандар 999980 екені анықталып отыр”
(160. 20). Мысалы, он бір, он екі, тоқсан бір, жүз екі, бір мың алты жүз қырық
бес,  бес  миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың алты жүз жетпіс екі  т.с.с. Бір
ұғымды білдіріп, бір санның атауы болатын, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін
атқаратын осындай лексикалық бірліктердің бөлек жазылу тұрпатын тұрақты
иемдену себебі неде?
Кезінде   проф.   М.Балақаев   бұларды   “бөлек   жазылып   жүрген   біріккен
сөздер” деп сипаттаған. Ғалымның айтуынша, “компоненттері өзара мүшелік
қатынаста айтылмай,  мағыналык, тұтастығы болып, біріне-бірі көмекші, лек-
сика-грамматикалық   мағыналарын   толықтаушы,   айқындаушы   сөздер   болып,
олар   сол   түйдегін   жазбай,   белгілі   кұрамда   бірінсіз-бірінің   дербестігі
болмағандықтан бірге жазылуы тиіс”. Зерттеуші бір жүз, он мың дегенде ғана
бір – жүзді,  он  – мыңды  анықтайтынын, сол себепті бөлек жазылуы заңды
екенін  айтады.  Ал   енді  он  бір,  он  тоғыз,   жиырма   бес  деген   күрделі   сан
есімдерде екі сыңар “тұтас күйінде түйдегін жазбай” тұр дейді (20. 198).
Негізінен, түркі тілдерінің ішінде татар тілі орфографиясы жиырма санына
дейінгі күрделі есімдерді БС деп таниды (161. 66).
Біздіңше, күрделі сан есімдердің бөлек тұлғалануы орныққан қағидаға
айналуы тиіс. Жалпы орфографиялық сөздік, емле ережелерін түзуде, баспасөз,
көркем   әдебиет   беттерінде,   іс-қағаз   құжаттарын   толтыруда   күрделі   сан
есімдердің орфограммасы көп қиындық тудыра бермейтінін айта кеткен жөн.
Ендеше,   күрделі   сан   есімдердің   босаралықпен   таңбалануының   негізді
уәждемесі болуы мүмкін. Біздіңше, олар төмендегідей.

“Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография авторлары: “егер
тірек компоненттің доминанттылығы (мағына үстемділігі) берік болса, күрделі
сан есім бөлек жазылуы қажет”, деген кұнды пікір айтады (28. 97).
Күрделі сан есімдердің тірек компоненті, әдетте олардың ондық, жүздік,
мындық   бөлшектері   болып   келеді.   Бір   емес,   бірнеше   тіркесімділікте
қайталанатын он, жиырма, отыз, қырық, жүз сөздерінің мағына үстемділігінің
болуы оның алғашқы сыңар болуында деп ойлаймыз. Әйтпесе күрделі атаудың
алғашқы   сыңары   бүтіннің   мағынасын   бере   алатын   болса,   постпозициядағы
қайталана беретін сыңар дерексізденіп, стандарт тұлғадан аффиксоидталатынын
(аяққап, балақұмар), немесе эллипсиске ұшырайтынын (қарақұйрық (тышқан),
бұзаутіс (қамшы)) білеміз. Мұнда, сөйтіп, санның ондық мәні де актуалданады,
әрі бірлік бөлшегі де маңызға ие болып тұрғандықтан, құрамы қатар көрсетіледі:
он бір, он екі, тоқсан бір, жүз екі, бір мың алты жүз қырық, бес. Бұл бағытта
Н.Оралбаеваның мына сөзін келтіруіміз жөн: “ондық атаулар ондық + бірлік
моделімен жасалады да, мағына компоненттердің мағынасының қосындысынан
тұрады.   Ал   жүздік   атаулар   бірлік   жүздік   моделімен  жасалады   да,  мағына
компоненттердің мағынасының көбейтіндісінен туады”(160. 22). Бұл    күрделі
сан есімдердің экстралинтвистикалық мәнділікпен Д
1
Д
1
 қатынаста тұрғанының
дәлелі. Мысалы, он үш сөзі санның ондық бөлшегімен де, бірлік бөлшегімен де
тура  байланыс   жасай   атайды.   “Бірлік   пен   ондық   аралас   күрделі   сандардың
бәрінде   тірек   компоненттің   мағынасы   сақталып,   олардың   мағыналастығын
туғызып отырады” (160. 42).
Күрделі сан есімдердің босаралықпен таңбалануының енді бір себебі  
олардың иероглифтермен берілу тұрпатынан (11,12;  I,  V) туындайтын сияқты.
Мысалы, 11, 12, 13, 14, 109, 245 иероглифтерін дыбыстық жазуда белгілегенде,
олардың   ондық,   бірлік   бөлшектерінің   тұтас   таңбаланып   кетуі   (жиырмаүш,
қырықалты) таңбаның мазмұн межесін дәл бере алмайды, сөйтіп, жазу-көру
тілінің таңбалық сипаты айқын байқалады.
3.3. Күрделі сын есімдер
Қазақ тілінде бір сөзден тұратын түр-түс атаулары олардың жалпы санына
қарағанда өте аз. “Демек, түр-түс атауларының басқалары осы сөздердің басқа
түске катысты сөздермен өзара тіркесуі арқылы жасалады екен. Оның себебі 
спектр жүйесінде хроматты және ахроматты негізгі түр-түстерден басқа да сан
алуан   реңктердің   және   әртекті,   қосалқы,   күрделі   түстердің   көп   болуына
байланысты”(144. 45-47).
Бір түбірлі түс атауының (қара, қызыл) түр-түстің өзін білдірмесе де, оған
жақын, сипаттаушы касиеті бар, оны әр қырынан көрсете алатын сөздермен
тіркесуі өз алдына (ашаң қара, ашық қара, жылтыр қара, көмір қара, божбан
қара), қазіргі қазақ тілі сөздік қорында жалпылама қолданыстағы тура мағыналы
күрделі сын есімдер саны баршылық. Мысалы: көк ала, қызыл ала, ал қара, ал

қызыл, ал қара  көк, жасыл  ала,  сары  ала, қоңыр  ала, ақ ала, ақ сары, қызыл
қоңыр, қара көк, қара қоңыр т.б.
Біздіңше,   күрделі  сын  есімдер   компоненттері   ажыратыла   таңбалануы
уәжді   болмақ.   Біріншіден,   күрделі
 сын
 есім   компоненттері
экстралингвистикалық мәнділікпен  тура  байланыста тұрады.  Мысалы,  сары  –
“піскен егіннің  немесе жұмыртқаның сарысындай түсті” берсе,  ала –  “ақ пен
басқа түстің араласуы негізінде жасалған түсті” білдіреді,  сонда  сары  ала  
“сары мен ақ араласқан түсті” тура атайды. Көріп отырғанымыздай, күрделі сын
есімдердің тұрпат межесін негіздеуде  де  “жаймалау”  (трансформация) әдісін
қолдана аламыз.
Күрделі  сын  есімдердің босаралықпен таңбалануының екінші себебінде
адам санасының көру-бейнелеу, көру-жазу әрекеті алға тартылады, яғни әр түрлі
түр-түс реңқтерін көзбен көріп, оның суретін бейнелейтін суретшіде, сөзбен
сипаттайтын, жеткізетін жазушы  да,  ақын  да, я  болмаса, қалың көпшілік  те
нысандағы   түстің   реңктерін   көзбен   ажырата   алады.   Сондықтан   оны   сөзбен
атағанда лексемалар өзара мағыналық контаминацияға түсіп кетпеуін қалайды.
Мысалы,  сары ала  көйлектің сарысы мен аласы өзара комбинаторлы араласа
орналасуын,  сарала   көйлек  деп   тұлғаласақ,   түстің   реңкін   ашып   көрсету
мүмкіндігі төмендейді.
Күрделі  сын  есімдердің   босаралықпен   таңбалануының   үшінші   себебі
лингвистикалық   негіздерден   туындайды.  “Спектр  жүйесінде   хроматты   және
ахроматты негізгі түр- түстерден басқа  да сан  алуан реңктердің және әртекті,
қосалқы, күрделі түстердің көп болуына байланысты” (144. 45-47) тілімізде бір
сөзден   тұратын   түс   атауларына   қарағанда,   екі,   үш   сөзден   тұратын   түр-түс
атаулары көп. Сондықтан түс атауының  дара  тұлғасы  (ақ, қара, сары,  ала)  әр
текті тіркесімділіктерде жиі қолданылады  да,  тұрпаты  да  тұрақты  форма ала
алмайды:  сарала  сөзіңде   босаралықсыз,  қоңыр   ала  сөзінде   босаралықпен
таңбалау жүйелілік әкелмейді. Бір түстің екі-үш түрлі реңкін немесе әр түрлі үш
түсті   бірден   сипаттағанда   олардың   компоненттерін   жалғастыра,   ұластыра,
үстемелей айтса (сарғыш қоңыр ала) түстің керекті сипаты көрінеді. Мұндағы әр
сыңар   өзін   дербес   лексикалық   бірлік   екенін   көрсетіп   тұруды   “қалайды”.
Сондықтан дербес мағыналы түр-түс  атаулары  (ақ,  қара)  құрама есім сыңары
(қара көк, сары қызыл) болып жұмсалса, бөлек жазылуы орынды.
3.4.
Күрделі етістік
Тілде  дара  тұлғалы   етістікке   қарағанда   аналитикалық   тәсіл   арқылы
жасалған етістіктердің қолданылу жиілігі басым. Себебі  етістіктің атауыштық
қызметі дербес мағыналы етістік пен көмекші етістік тіркесі арқылы (шақырып
ал, айтып бақ, келе жатыр, айтып бер) және толық мағыналы екі немесе одан
да көп жалаң етістіктердің тіркесуі арқылы (апарып беру, оқып біту, ішіп болу)
жүзеге асып отырады.

Ал  қазақ  тіл  білімінде  соңғы  жылдарға  дейін  құрамы мен құрылысы
жағынан ұқсас етістік тіркестері бір категория ретінде қаралып, күрделі етістік
терминімен аталып келуі, аналитикалық етістік  те  ұзақ уақыт күрделі етістік
саналып келу себебін тілші-ғалым Б. Қасым, негізінен, түркі тілдеріндегі бұл сөз
табының   морфологиялық   және  синтаксистік  белгісі   жағынан   ғана   жіктеліп,
компоненттердің   лексика-семантикалық   байланыстары   назардан   тыс   қалып
отыруынан   көреді   (162.   101).  Автор  аналитикалық   тәсіл   арқылы   жасалған
етістіктерді күрделі етістік (еріп шықты), етістікті сөз тіркесі (наздана қарады),
аналитикалық формантты етістік (еніп алды) және кұранды етістік болып бөлініп
жүргенін   айтады.   “Жұрнақ   арқылы   етістік   тудыруға   негіз   болатын   есімдер
қатынасса, құранды етістік жасалады: құрметте – құрмет қыл, үлкейт –үлкен
ет....Құранды   етістіктің   ауыспалы   сыңары   көбінесе   зат   есімдер   болып,
морфологиялық   табиғаты   жағынан   әр   түрлі   формада   болады....Құранды
етістіктің   бәрі   де   етістіктің   түрлену   жүйесі   бойынша   формасын   өзгертеді,
мысалы,  жәрдем еткен, жәрдем етіп, жәрдем еткелі, жәрдем ете алады,
жәрдем етпей, жәрдем етті, жәрдем етер емес” (163. 49- 50) деп кұранды
етістіктің сипатын анықтайды.
Ал күрделі етістік жасауға тек қана толық мағыналы сыңарлар қатысады.
“Күрделі етістіктегі біртұтас  лексикалық  мағына оның құрамындағы алғашқы
дербес  мағыналы етістіктердің мағынасының кірігіп, жымдасуынан, абстрак-
цияланып, біртұтас лексикалық мағынаға көшуінен жасалады.  Алып бар  деген
күрделі   етістіктің   мағынасы   алудың  да,  барудың  да  мағынасын   қамтитын
біртұтас күрделі қимылдың аты...олардың әрқайсысынан кең мағына” (162. 106)
дейді Б.Қасым.
Ал етістіктің аналитикалық форманттары құрамындағы морфемалар бір-
бірімен жымдасып кетпей, қосымша негізгі етістікке қосылып, көмекші етістік
бөлек жазылатынын айтқан Н.Оралбаева “бірақ сыңардың тұтастығы  мағына-
сында, құрамының тұрақтылығында, орындарының беріктігіңде, сыңарларының
үнемі қатар қолданылуында" (164. 8) дейді. “Көсемше мен көмекші етістігінің
мағынасы   кіріккенімен,   тұлға   жағынан   жымдаспай   және   морфемалардың
арасына сөз ене алмауы, күрделенген аналитикалық формант құрамының толық
сақталып,   кірігуі   сирек   кездесуі    етістік   сыңарларының   көсемше   жұрнағы
арқылы байланысуына қатысты” екенін атап көрсетеді (164. 28).
Сөйтіп,   бұл   пікірлерден   күрделі   етістік   орфограммасының   негіздерін
көруге болады.
Кезінде   А.Байтұрсынұлы   күрделі   етістік  компоненттерінің   бөлек
жазылуын былай деп уәждеген: “онан басқа  тағы бір байқалып жүрген нәрсе 
сөздерді қосып жазуға құмарлық, бара алмайды дегенді баралмайды деп жазу
керек дейтін бар. Бұл    қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше
етістік, екіншісі көмекші етістік. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи
бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды. Онан көбірек болып бірлесетін
орындары   бар”   (6).   Сонда   аналитикалық   тәсіл   арқылы   жасалған   етістік
сыңарларының   бөлек   тұлғалануы   әр   компоненттің  дербес  түрлене   алуынан

шығады екен. “Түркі тілдеріндегі атауыш сөздердің ішінде тек етістікке жататын
түбір сөздер сөз тіркесін жасай  алмайды,  яғни түбір күйінде басқа сөздермен
байланысқа түспейді” (149. 8) деген Ы.Маманов.
Екі   морфемадан   тұратын   етістіктердің   бөлек   таңбалануының   тағы   бір
себебін бір көмекші етістіктен бірнеше аналитикалық формант жасалуынан да
іздеуге болады. Проф. Н.Оралбаева “аналитикалық форманттар құрамында  не
бәрі 70 көмекші етістік қолданылатынын” (164. 77)  айтады.  Б. Қасым күрделі
етістік   құрамында   қайталанатын   20   шақты   тірек  компонент  2000-ға   жуық
күрделі етістік жасайтынын, оның ішінде кел, кет, қайт, ал, бер етістіктері 230-
80 аралығында күрделі етістік туғызатынын көрсеткен.  Мысалы:  алып  келді,
айдап келді, айтып келді, байқап келді, беріп келді, керіп келді, еріп келді, көшіп
келді, қайтып келді, біліп келді  т.б. Етістік сыңарының өте көп тіркесімділікте
қайталанып,   грамматикалық   мағына   тудыруы   оларды   шылау   қызметіне
теңестіріп, бөлек жазылуын уәжді ететін сияқты.
Сонымен  катар   проф.  Н.Оралбаеваның   мына   пікірін   күрделі   етістік
сыңарларының  бөлек жазылуының жалпы негіздерін  ашуға тірек  етіп алуға
болатынын айтамыз: “Көмекші создер аналитикалық формантқа қатысты, сон-
дықтан аналитикалық форманттың сөзге тіркесуі де жалғамалылыққа қатысты.
Түркі   туыстас   тілдердің   грамматикалық   құрылысы   бойынша   грамматикалық
элементтің   сөзде   жігі   анық   көрініп   тұрады.   Осы   ерекшелік   грамматикалық
элементтің сөз құрамындағы өзіндік дербестігі деп саналады” (164. 93).
Негізінен, етістік түрлерінің ішінде құранды етістіктердің бірге тұлғалану
құбылысына ұшырайтындары бар. Мысалы: ержету, демалу, бойжету, бойұру.
Мұнда  есім  сыңардың  түбір   күйінде   жұмсалуы  және  осы  тіркестер   беретін
ұғымды тіл өзіне таңбалау қажеттілігі, алғашқы атау болып қалыптасуы тіркестің
универбтелуіне әкелген.
Құрама   сөздердің   ішінде   етістіктің   босаралықсыз   таңбалануы   сирек
құбылыс десек  те,  тіл тарихы  алып кел, алып  бар,  алып кет  сияқты күрделі
етістіктерінің (алу және бару, апару және беру, алу және кету) әкел, апар, әкет
болып қысқарып, кірігуінің куәсі болып отыр. Ал шындығында күрделі етістікке
қарағанда   аналитикалық   формантты   етістіктердің,   мысалы,  келе   жатыр   –
келатыр,  бара  жатыр – баратыр, ұйықтап жатыр – ұйықтабатыр  болып
кірігуі уәжді еді: мұнда екінші компонент тура мағынасында жұмсалып тұрған
жоқ. Бір сөзден тұратын күрделі қимыл атауы енді басқа күрделі етістік жасауға
қатынасады. Мысалы: әкеліп бер, апарып таста, апарып жаз т.б.
Сөйтіп,   жазба   тіл   нормаланып,   кодификацияланғанға   дейін   құрамы
кіріккен   етістіктер   ғана   бірігіп   жазылатын   болды  да,  қалған   жағдайда
аналитикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  етістік  сыңарларының  бөлек жазылуы
дәстүрге айналды.
* * *
Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі  бөлек жазылатын  құрама сөз күрделі сөз
терминімен аталып, олар номинативтік атау тұрғысында қаралады, сондықтан

сөздік бірліктері деп танылады. КС-дің жазуда босаралықпен тұлғалануы мазмұн
межесіндегі ерекшеліктерді бейнелейтіні айқындалды. Ол ерекшеліктер:
- құрама сөз сыңарларының дербес мағыналарынан айырылмауынан;
- сыңарлардың басқа тіркесімділіктерде еркін қолданылуынан;
- бір макросемантикалық өрістегі денотативтерді айырып көрсетуден;
- соңғы ортақ компоненттің эллипсистену мүмкіндігінен;
- күрделі   сан   есімдерде   иероглифтердің   екі   құрамы   ажырата   тұлғалау
жеткізу өресін қажет етуінен;
- күрделі  сын  есімдердің визуалды сипатына сай кұрамдары ажыратыла
беруінен көрінеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сөздердің   бөлек,   бірге   тұлғалануы  орфография  мәселелерінің   ішінде
шешуі қиын аса күрделі мәселе болып табылады. Әдетте сөздердің бірге, бөлек
тұлғалануы күрделі сөз, күрделі-құрама сөз, құрама сөз деп әр түрлі терминге ие
болып жүрген, кемінде екі сөзден тұрып, бір ғана зат не құбылыстың атау бірлігі
болып жұмсалатын сөздерге қатысты айтылады.
Сөздердің бұл тобы  морфология  саласында, сөздерді таптастыру аясында
мүмкіндігінше   зерттелді.   А.Байтұрсынұлының   жазуда   сингармонизмнің
лингвалдық түрін бейнелуі құрама сөздердің үндесу заңына  сәйкес  келгенін
бірге, сәйкес еместерін сызықша арқылы жазуға әкелген. Қ.Жұбанов кіріккен
сөздің   сипатын   айқындап,   КС-дің   мағыналық   тұтастық   белгісін,   А.Ысқақов
біріккен   сөз,   күрделі   сөз,   қос   сөз,   қысқарған   сөздің   айырмашылықтарын,
компоненттерінің арақатынасын көрсетеді. К.Аханов КС бен еркін сөз тіркесін
ажырататын   белгілерді,   М.Балақаев   біріккен   сөз   сыңарларының   мағыналық
жылжуға түсуін айқындайды. Біз бұларды құрама сөздердің мазмұн межесіне
қатысты зерттеулер деп атадық.
Ал құрама сөздердің тұрпат межесі орфографиялық сөздік, емле ережелері,
анықтағыштар   көлемінде   ғана   қаралып,   арнайы   зерттеу   нысанасына   алған
жұмыстар   (Г.Жәркешова,   Ә.Ермеков)   БС-дің   этимологиясына,   яғни   мазмұн
межесіне   көп   көңіл   бөлді.   Сондай-ақ   тұрпат  межесі   Р.Сыздықова,   Б.Қалиев,
Н.Уәлиұлы зерттеулерінде талданады.
Терминдерді реттеу мақсатында мынадай таптастыру жасауға тура келді. Сөз
құрамына қарай жалаң және құрама болып бөлінеді. Жалаң сөз түбірден, туынды
түбірден, кіріккен түбірден тұрады да, құрама сөз қос сөз, қысқарған сөз, біріккен
сөз, күрделі сөздер тобын құрайды.
Құрама сөздердің бірге, бөлек тұлғалану негіздерін іздеуде тілдік таңбаның
ассимметриялы екі жақты сипатына    тұрпат межесі  (план выражения) мен
мазмұн межесіне (план содержания)  сүйендік. Тілдік таңбаның жазба түрінің
мазмұн   межесі    фонема;   морфема;  морфемалардың   универб,   предикаттық
катынас формалары болса, тұрпат межесі    әріп, бас әріп, кіші әріп; олардың
босаралықпен, қосаралықпен, босаралықсыз таңбалануы болып шығады. 
Сөйтіп,   БС   бен   КС-ді   тұрпат   межесі   тұрғысынан  босаралықпен
таңбаланатыңдар, босаралықсыз таңбаланатындар деп екіге бөліп қарастырдық.
Босаралықсыз   таңбаланатындардың,   яғни   біріккен   сөздердің   негізгі
белгілерін айқындау тіл-тілдің қайсысында болмасын бір арнаға сайды деп айту
қиын. Орыс тіл білімінде сөздердің жұрнақ-жалғаумен тұтас түрленуі, ағылшын
тілінде семантикалық тұтастық, неміс тілінде қосымшалардың редукциялануы,
ұластырғыш жалғаулықтардың болуы және БС-дің ортақ бір екпінге ие болуы
осы тілдерде БС-дердің негізгі белгісі ретінде алынады.

Қазақ   тілінде  босаралықсыз жазылатындарды екі белгісіне    формалды
және   семантикалық   белгілеріне    қарай   топтастырдық.  Формалды   белгіні
ұластыруыштар көне құрастыруыштар деп бөлдік. Біріншісі,  -лық, -ар, -ғыш,
-ты,  -ыс, - қ,  -қы, -лар, -ма сөз ұластыратын қызметі бар қосымшалар болып
табылады. Құрастыруыштарды аффиксоид  (хана, жанды,  ара, аралық, кұмар,
жай,  тану),  стандарт  (көш,  басы,  шөп,  от, гүл, хат, той,  жегі,  ауру,  балық),
жинақтаушы (бас, тікен, тамыр, жапырақ, құрт, тасағаш, аяқ, сөз) тұлғалар деп
үшке бөлдік. Мұндағы аффиксоид кұрастыруыш соңғы екеуінен мағынасының
дерексіздігімен,   дербес   қолданысының   сиректігімен,  талғап  жалғануымен
(жұрнаққа  тән  сипаттың   болуы)   ерекшеленсе,  стандарт  құрастыруыш   соңғы
топтан  өзі кұрастырған БС-дің жалпысына ортақ  стандарт  мағына үстеуімен,
сандық жағынан көп БС бере алатындығымен өзгешеленді. Ал толық мағыналы
сөздің аффиксоидқа айналуына көп мағыналылық, сөз мағынасының кеңеюі,
жалнылануы себеп болады. Тірек компоненттің екі сөзден артық ретте алдыңғы
компонентпен   бірге   тұлғалануы  оны  аффиксоидқа   айналу   үрдісінде   екенін
байқатады. Сөйтіп, ҚТОС-іне енген БС-дердің 30 пайызы формалды белгілердің
үлесіне тиетіні анықталды.
Бұл   айтылған  формалды  белгілер   бәрін   қамти   алмайды.   Соңдықтан
семантикалық белгілерді айқындауға тырыстық. Бір зат  не  құбылыстың атауы
болатын БС-дерді семантикалық белгілерге топтастырдық. Мұнда фразеология-
дағы коннотат-денотат теориясын сөздердің бөлек, бірге жазылуына негіздеуге
қолданған әдіс басшылыққа  алынады. Осы  сөздерді уәжді-уәжсіз-идиомалану
сипатына қарай эндоцентрлі, экзоцентрлі БС-дер деп екіге бөліп алдық. Мұндағы
бірінші  топ  БС   мағынасы   құрастырушы   сыңарлардың   мағынасынан   шығу
сипатын   негізге   алады.   Бұл   топ   үшке   бөлінетіні   анықталды.   1-не
экстралингвистикалық  мәнділікпен Д
2

1
, қатынаста тұратын  сармай, құрбақа,
көлбақа, ақайрауық, жерошақ  сияқты сөздер жатқызылды. Д
2

1
, қатынас  КС
тобына тән болғанмен, бұл топтың универбтенуі олардың терминдік мән алуына
байланыстырылды.   2-топқа
 жертөле,   жертөсек,   қонақүй 
сияқты
экстралингвистикалық мәнділікпен Д
1
Д
2
 қатынастағы сөздер жатқызылды. Бұған
көз жеткізу мақсатында  трансформация  әдісі қолданылды. Ол әдіс универбті
ұғымға   “жаймалағанда”  композит  сыңарларының   біреуінің   сөйлем   мүшесі
болып жұмсалуына негізделді. Мысалы,  жертөле    “уақытша мекендеу үшін
жерден   қазылып,   төбесі   жабылған   баспана   немесе   ұрыс   даласындағы
әскерлердің уақытша баспанасы”, яғни соңғы сыңар сөйлемде қайталанбайды,
қатынас көрінеді. Сол сияқты  баспасөз    “баспадан шығатын  газет, журнал”
болып, Д
1

2
, катынаста тұрса, дәл  осы  үлгідегі  қаратпа сөз    “біреуді өзіне
қарату үшін айтылатын сөз” болып жаймаланғанда, Д
1
Д
1
 қатынас көрініс беріп,
босаралықпен таңбалану негізі ашылды.
Эндоцентрлі БС-дің 3-тобына  қосауыз, ақиық, дөңмаңдай  сияқты бүтіннің
орнына   бөлшек   жұмсалатын   синекдохалық   қолданыстың   атаулық   қызметі
негізінде   жасалған   БС-дер   жатады.   Гипер-гипонимдік   қатынастағы   бинарлы
атаудың   жалпы   мағынадағы   сыңарының   эллипсистенуі,   алдыңғы   екі   сөздің

универбтенуі Д
1

2
, Д
2

1
  қатынаста болуынан шығатыны айқындалды, яғни
қосауыз  сөзінің алғашқы компоненті Д
1  
-ді көрсетсе, соңғы сыңары ауыз емес
тесікті, яғни Д
2
-ні көрсетеді.
Экзоцентрлі  БС-дер  БС мағынасының компоненттер мағынасынан шықпау
сипатына   негізделіп,   олар   өз   ішінде   үш   топқа   бөлінді.   1-топ   Д
2

1
,   К
1

2
қатынаста тұрған метонимиялық қолданыстың атаулық қызметінің актуалдануы-
нан   пайда   болған  аюқұлақ,   қазтабан,   бұзаубас  сияқты   БС-   дерден   тұрады.
Мұнда бір заттың архисемасы келесі заттың дифференциалды семасына айналу
себебі  ұқсату негізінде болса, кейде уәжі көрінбейтін катынастардың болуы бұл
қатарды экзоцентрлі БС-ге жаткызуымызға себеп болды.
2-топ  ақсақал, ақ сүйек, бойкүйез, бақталас, төлтума, қолтаңба  сияқты
метафора  негізінде   пайда   болған   БС-дер-   ден   тұрады.   Бұлардың  универб
формасына көшу негізін іздеуде семалық талдау әдісі қолданылды. Семалық
талдау бір тіркесімділіктегі екі сөздің ортақ бір семасының болуына негізделеді.
Мысалы,  қолтаңба  сөзінің   алғашқы   компоненті   қол   сөзі    “адамның   дене
мүшесі”   деген   архисемасынан,   “ұстайтын”,   “көтеретін”,   “жазатын   саусағы”,
“алақаны” бар “дене мүшесі” деген дифференциалды семаларынан адамның
“жазуы”  ауыспалы мағынасында көрінеді. Оның “белгі, мөр” архисемасының
мағыналық   дамуға   түсіп,   “адамның   жазуы”   мағынасындағы   таңба   атауымен
тіркесуі қайталанған қатар семаның біреуінің жұтылуына апарады. Сөйтіп, тіркес
универбтелген. Экзоцентрлі БС-дердің бұл тобын К
1

1
, қатынасында көрсетуге
болады.   Келесі   топ  аққұс,   ақлақ,   ақжүрек,   ақбикеш,   далантопшы,   күлдәрі
(үлбіреген жібек мата)  итсабын(өс.), итсандық(өс.)  сияқты К
2

2
  қатынастағы
сөздерді қамтыды. Сонда бірге жазылатын сөздер Д
12

1
, қатынасынан бастап,
қатынасына дейінгі аралықтағы кұрама сөздерді қамтитыны белгілі болды.
Босаралықпен   таңбалануды   тілдік   бірліктің   дербес   сөз   екенін   білдіретін
синтаксистік кұрылымның ерекшелігі деп алып, бөлек түлғалануды бес сатыға
бөлдік: 1) сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы; 2) синтаксистік сөз тіркесі
деңгейіндегілердің бөлек тұлғалануы (алтын сағат,күміс қасық, кеңсе құралы,
сабақ   үлгірімі);  3)   түйдекті   тіркестердің   бөлек   тұлғалануы   (келе   жатыр,
сабақтан кейін, үйдің алды, егер де);  4) фразеологиялық тіркестердің бөлек
тұлғалануы  (ит әуре, мысық тілеу); 5) лексикалық синтагмалардың, яғни КС-
дердің бөлек тұлғалануы (тандыр нан, am қора).
Күрделі сөздердің босаралықпен таңбалану сипатын ашу үшін оларды сөз
таптары аясында қарастырдық.
Күрделі   зат   есімдердің   бөлек   жазылуының   екі   жағдайын   көрсеттік.
Біріншісінде күрделі сөз компоненттерінің заттық мәнділікпен К
1

1
, қатынаста
тұруы олардың бөлек жазылуына таяныш болды. Оған  трансформация  тәсілін
қолдану арқылы көз жеткіздік. Мысалы:  ортан жілік –  “жамбас пен асықты
жілікті ұштастыратын аралық жілік” т.б.
Ал   КС  компоненттерінің   бөлек   жазылуының   екінші   жағдайында   соңғы,
ортақ компоненттің эллипсистену мүмкіндігі негізге алынды. Мұнда пәтір нан –
пәтір, жаппа нан – жаппа, куәлік қағаз    куәлік, жолдама қағаз – жолдама,

қатынас қағаз – қатынас, мақтау қағаз – мақтау, шақыру қағаз – шақыру;
даңғыл жол – даңғыл, тастақ жол – тас- тақ, сокпақжол – соқпақ; шабақ
балық    шабақ  деп қолданылып, соңғы  компонент  жасырын қалса  да  атау
мағынасының өзгермеуі ескерілді. Бұны “тасалау” әдісі деп атадық.
Күрделі   сан   есімдердің   босаралықпен   таңбалануының   мынадай   негіздері
көрсетілді: ортақ сыңардың алғашқы  компонент  болуы универбтелуге кедергі
келтіреді   және   күрделі  сан  есімдер   экстралингвистикалық   мәңділікпен   Д
1
Д
1
қатынаста   тұрады;   үшіншіден,   күрделі   сан   есімдер   кемінде   екі   құрамды
иероглифтермен берілетіні (11,12) де дыбыстық жазуда ескерілуді керек етеді.
Күрделі  сын  есімдер компоненттері ажыратыла таңбалануы сыңарлардың
экстралингвистикалық   мәнділікпен  тура  байланыста   тұруынан   деп   табылды.
Мысалы, сары – “піскен егіннің немесе жұмыртқаның сарысындай” түсті берсе,
ала   “ақ пен басқа түстің араласуы” негізінде жасалған түсті білдіреді, сонда
сары ала “сары мен ақ араласқан түсті” тура атайды.
Күрделі етістік сыңарларының дербес тұлғалануы олардың морфологиялық
тұтастығына кедергі келтіреді. Ал қосымшаны тікелей қабылдай алу лексеманың
дербестігін көрсетеді.
Сөйтіп,   қорыта   келгенде,   зерттеу   нәтижесі   мынадай   тұжырым   жасауға
мүмкіндік беретінін айтамыз.
Тілдік бірліктердің бірге, бөлек жазылуы    адамның психо-физиологиялық
табиғатына әсер ететін “көру-жазу тіліндегі” ерекше құбылыс. Ол  графикалық
шарттылық емес, тілдің мазмұн межесіндегі мағыналық өзгерістерін көрсететін,
тілдік   бірліктердің   сөзайналымдағы   сипатын   айқындайтын   айрықша   белгі.
Сондықтан   емле   сөздіктері   сөздердің   бірге,   бөлек   жазылу   нормаларын
қаншалықты   кодификациялап   отырғанмен,   қазақ   жазу   тәжірибесінде
практикалық дағды сөздерді біріктіріп жазу ісінен алға озып отырды.
Тілдегі дыбыстар белгілі бір заңдылықпен біріккенде ғана мағыналы бірлік
құрайтыны сияқты, дербестігін жоғалтқан сыңар екінші сыңарға қосылып, басқа
мағынаға, жаңа қолданысқа көше алады.
Бір зат  не  кұбылыстың атауы болатын күрделі  лексема  атаулық жиілікке
түскен сайын бірге таңбалану үрдісіне ұшырай бастайды. Бұл    әсіресе соңғы
позициядағы ортақ компоненті бар КС-дерге қатысты. Оның бір себебі  тілдің
жалғамалылық сипатынан өрбісе, екінші себебі  көп денотатқа ортақ сыңардың
мағыналық   құрылымындағы   бірнеше   дифференциалды   семалардың  пассив
элементке   айналуына   баланысты.   Осыған   байланысты   мынадай   ерекшелікті
атауға болады. Ол  алдыңғы позициядағы ортақ сыңарлы құрама сөздер соңғы
позициядағы ортақ сыңарлы құрама сөздерге қарағанда бірігу құбылысына жиі
ұшырамайтындығы.
Сөздердің бірге тұлғалануы алдымен семантикалық тұтастықпен ұштасып
жатады.
Сөздер бірігуіне форма жағы да әсер етеді. Көп буынды сөздер бірігуін сана
“ауыр” қабылдайды. Сол себепті тілде қысқарту амалы пайда болған.

Қазақ тіліндегі жиі қолданылатын БС-дер 3000-дай болса, әр түрлі ғылым
салаларының біріккен тұлғалы терминдік атаулары 2000-нан асады. Бұл сандық
көрсеткіш жалпы сөздік қордағы БС үлесінің қомақты емес екенін көрсетеді.
Себебі   қазақ   тілі   орфографиялық   ережелері   мен   емле   сөздіктері   жазу
тәжірибесінде сөздердің ретсіз бірігуіне регламент қойып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет