Орфографиясы


 БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ
Сөздердің   бөлек,   бірге   таңбалануы  –  адамның   психофизиологиялық
табиғатына әсер ететін “көру-жазу тіліндегі”(Ф.Соссюр) ерекше құбылыс. Кейде
сөздердің бөлек, бірге таңбалануын этностық ерекшелікке балайтын көзқарастар
да табылады. “Проблема”национальная специфика словосложения” включает в
себя самые разнообразные вопросы, от мировоззренческих до вопросов конкрет-
ной словообразовательной техники” (67. 153).
Тіпті неміс оқымыстысы  Л.Вейсгербер  неміс тілінде сөздерді біріктірудің
өнімді   тәсіл   болуын   ұлттық   ойлаудың   абстракті   сипатының   күштілігіне
теңгереді.   Дискретті   емес   бірлікті   көру,   бейнелеу   адам   санасының
жоғарылауынан,   ой   тұтастығы   мен   ұғым   бірлігінен,   жалпылық   пен
абстрактіліктен өрбитіні рас. Алайда тіл мен ұлтты бұл тұрғыда байланыстыруға
тіптен болмайды. “Сөз жоқ, сөздерді біріктіру тілдің өзіне ғана тән айрықша
белгісін көрсететін және оны басқа тіл табиғатынан ерекшелей алатын тілдің
ұлттық сипаты болып табылады” (67. 11).
2.1. Біріккен сөз және оның құрылымдық мағыналық 
ерекшеліктері туралы
БС   проблемасы   тіл-тілдің   қайсысында   болмасын   күрделі   мәселеге
айналып   отыр.   А.А.Реформатскийдің   1937   жылы   “орфографияның   ешбір
проблемасы  сөздердің   бірге,   бөлек,   дефиспен   жазу   мәселесіндей   қиындық
тудырмайды” (68. 76) деген сөзін бүгін де қайталауға болады. Дегенмен, орыс,
батыс европа тіл біліміндегі зерттеулерге барлау жасап, БС- дердің шығу тегі,
өздеріне тән белгілері туралы айтылған көзқарастарға азды-көпті тоқталып өту
қажет.

Тілдің зерттелетін ауқьмы тереңдеп, оның микроқалтарыстарына дейін сөз
болып   жатқан   бүгінгі   орыс   тіл   білімінің   өзінде   орфографияның   бұл   өзекті
мәселесі әлі қүнге дейін шешімін таба қойған жоқ. 60-80 жылдардың арасында
бұл салада бірнеше іргелі зерттеулер жүргізіліп, еңбектер жарық көрді (69).
Алайда осы зерттеулердегі пікірлерді саралау барысында байқағанымыз -
кұрама сөздердің орфографиясы туралы пікір, ғылыми ұстанымдар әлі де болса
бір жерден танылып, бір арнаға сая қоймайтыны.
Орыс   орфографиясында   сөздердің   бір-бірінен   ажыратыла  таңбалануы
XVII ғасырдың аяғына қарай ғана түпкілікті шешілді, дейді А.Н.Гвоздев (70.
104). Олай болтын, "сөзді қабаттастырып айту арқылы сөз жасау  –  жаңа сөз
туғызудың ең ескі және бірден бір тәсілі” (71. 157) болуы да сондықтан. Және
осы тұста КС-дердің жасалу жолы да айқын көрініп тұр.
КС пайда болу процесін көрсеткеңде орыс тіл білімінде мынадай схема-
қайшы ұсынылады. КС сөйлемдегі алатын орнынан келіп шығады – КС-дердің
табиғатын түсіндіру үшін оны синтаксистік сөз тіркестерінен оқшау алып ажы-
ратып қарау керек (72). Және осы схема арқылы КС болмасын айқындап береді:
ең   алдымен,  КС  пайда  болу   үшін   оның   сыңарлары   зат  немесе   құбылысты
тусіндіру мақсатында, сөйлемде қатар келуі керек. Екіншіден, олар анықтауыш
-анықталғыш,   толықтауыш-толықталғыш,   пысықтауыш-   пысықталғыш
қатынаста тұруы тиіс. Үшіншіден, олар деректі және дерексіз заттың, мөлшер,
мезгіл,   көлем,  сын,  сан   атауларының   қажетін   тұрақты,   қайталап   айтқанда,
"тұрақты контекс” (73. 200) құрап, өтеп тұруы қажет. Осы тұрақтылық негізінде
“үлкен және кіші деңгейде “қолтықтасқан ” сөз тіркестері” (74.144) тіл тезінде
өнделіп, мүжіліп кеміп, өзгереді. Сөйтеді де, ол ұғымымызда бар бір ғана зат, я
құбылысқа   атау   болып   қалыптасады.   “Сөйлемнен  тыс,   тек  соған  керекті
құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да,
тілдің   номинативті   кұралдарының   саласына,   заттарды,   құбылыстарды,
процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді” (75. 3).
Енді   ол  –  белгілі   бір   денотатқа   атау   болғаннан   кейін   сыңарлары
арасындағы синтаксистік байланыс (анықтайтын–анықталатын, толықтайтын –
толықталатын, пысықтайтын – пысықталатын) әлсірей бастайды. Сөйлемнен сөз
тіркесі, сөз тіркесінен КС, одан БС, БС-ден сөз, сөзден түбір, түбірден морфема,
морфемадан дыбыс пайда болу ретімен енді синтаксистік  байланыс  орнына
мағыналық байланыс орнайды. Жоғарыдағы авторлардың КС-ді синтаксистік сөз
тіркесінен ажыратып алу керек, оларды « салыстыру дегеннің өзі артық дегендері
– КС сыңарлары арасында ешқандай синтаксистік қатынас қалмауы керек деген
сөз.
Орыс   тіліндегі   БС-дің   өзіндік   ерекшеліктеріне   келетін   болсақ,
әдебиеттерде   ең   бірінші   ауызға   алынатыны  –  БС-   дің  о,  е,  и  ұластырғыш
дауыстылармен келуі (76); екінші, табыс септігіндегі зат есім мен есімшенің
бірігуі  арқылы  (серусодержащий)  және  зат есім  мен  сын  есімнің  кері  бай-
ланыста   бірігуі   арқылы   (металлоорганический,   резусположителъный,

азотфиксирующий)  (77.   139);   жөне   бірінші   сыңары   үстеулерден  болған
көсемшелі,   есімшелі   оралымдар   (78.126):
 быстрорастворимый,
вышеупомянутый, густонаселенный, дав- нопроиіедщий, долгоиграющий; белгілі
бір приставкалармен (обер, уни, мини) келетін БС.
Жалпы орыс тілінде  КС пайда болуында сөз валентілігіне ерекше назар
аударады. “Күрделі сөз лексикалық, морфологиялық, синтаксистік валенттілігі
бар кем  дегенде екі сөзден тұрады. Осы валенттіктердің тұтасып жымдасуы
нәтижесінде күрделі сөз пайда болады” (79. 115). “Сөздің ішкі валенттілігі деп
күрделі   сөз   сыңарлары   семантикасында   өзара   ыңғайлас   элементтердің   болу
сипатын   атайды.   Валентгіліктің   формалды   (этимологиялық,   фонетикалық,
морфологиялық)   және   семантикалық   деген   екі   түрі  болады.  Соңғысы
құрастырушы   сыңарлардың   өзара   мағына   сәйкестігінен   шығады”   (70.151).
Сөздердің   валенттілігі   мағыналық   бірлікті   қалыптастырады.   “Күрделі   зат
есімдердің пайда болуы, негізінен құрастырушы компоненттердің бір- бірімен
тіркесе алу қабілетінен туындайды” (81. 121).
Әдебиеттерде   екі   сөз   бір   мағынаны  беру  үшін   композиттің   жалпы
мағынасы оның бөлшектерінің мағыналарының қосыңдысынан тұруы керек (82.
24), немесе бір сыңары жеке тұрып мағына беру дәрежесінен айырылған болуы
керек (73. 200), болмаса бір не, екі сыңары да ауыспалы мағынада қолданылуы
керек   (81.   119)   делінеді.   О.С.   Ахманова   БС-дің   жалпы   мағынасы   құраушы
сыңарларының   мағынасынан   өрбіп   шығады,   фразеологиялық   тұтастыққа
қарағанда  БС- ге идиомалану мүлде тән емес деп көрсетеді (82.18). Сөйтіп, автор
БС-дің мағынасы оны құраушы элементтердің мағынасынан  тумайды: БС-дің
мағынасы семантикалық оқшаулануға ұшырайды деген пікірге қарсы дау айтады.
Орыс   тіл   білімінде   компоненттердің   лексикалық   өлшемін  жоққа
шығаратын пікірлер де бар (83). Ғалымдар екі  компонент  бір-бірімен қандай
мағыналық қатынаста тұрғанын білу үшін  алдымен олардың негізгі белгілерін
анықтап алу керек болады, кейбір заттар мен кұбылыстардың негізі белгілерін
арнайы сала мамандарынан алу керек болады, алайда заттар мен құбылыстарды
талдау барысыңда бір саланың өз ішінде потенциалды белгі болып бірнеше белгі
танылуы   мүмкін,   ең   соңында   дұрыс   таңдау   дегеннің   өзі   дұрыс   емлені
шатастыруы  мүмкін  дейді.   Ал   атаудың   ғылыми   (потендиалды)   мағынасы
негізінде сыңарлардың бірге, бөлек тұлғалануы уәжделетін көбінесе өсімдіктану
терминдері екен (84. 41).
Сонымен,   орыс   тіліндегі   БС-дің   негізгі   өлшемі   болып,   біріншіден,
жоғарыда   аталған   олардың   морфологиялық   жағынан   өрнектелуі   болса,
екіншіден, ең сенімді белгісі болып, олардың тұтас тұлғалануы аталады (85. 301).
Мысалы:
 грубоотталкивающий,   грубоотталкивающего,   агитпункт,
агитпукта, космовидение, космовидением т. б .
Сонымен,   орыс  тілінде  БС-дер  тұтас   тұлғалану   үшін,   алдымен   екі
компонент ұластырғыш дауыстылармен, я болмаса, көсемшенің жұрнақтарымен
немесе буын санының шектеулігімен ерекшеленуі керек.

Орыс тілінде БС-ді айырудың енді бір өлшемі бар. Ол  –  компоненттер
арасындағы   қатынас:   сыңарлар   сабақтасып   тұрса   сөздер   бірігеді,   салаласып
тұрса   компоненттер   қосаралық   арқылы   бөлінеді   (82.   18;   76.   139;   74.   145).
Басқаша айтқанда, композиттің бір сыңары жартылай мағыналы сөз болса сөздер
бірігеді. БС жасалуының соңғы стадиясы ретінде орыс әдебиеттерінде БС-дің бір
екпінге байлаулы болуы көрсетіледі. Негізінен, БС бен сөз тіркесін ажыратудағы
екпіннің ролі неміс тілінде күшті: die Feststellung, feste stelle.
Тіпті орыс тілінде бір кездері біріктіру дегеннің өзіне қарсы пікірлер бой
көрсеткен. Сөздерді біріктіру олардың морфологиялық құрамын күңгірттендіріп,
дербес сөздердің мағынасын жұтандандырады, сөздер өз табиғи жолымен тұтас
тұлғалы бірлік болмай жатып, оларды біріктіру қиянат  (85. 298)  деуінен орыс
тіліндегі БС-дер жасалуының табиғаты түркі, оның ішінде, қазақ тілінен өзгеше
екенін аңғарамыз.
Ал неміс тілінің сөзжасамында аналитикалық тәсілдің, композиттердің
орны   ерекше   болғандықтан,   сөз   тіркестерінің   өзі   предикаттық   қатынастағы,
предикаттық емес қатынастағы құрылым және детерминативті композит болып
үшке бөлінеді (86. 100).
Бұл   формалардың   арасындағы   айналым   процесі   үнемі  композит
формасына, атаудың универб тұлғасына келіп ұласады. Мысалы: das Waldhaus>
das Haus im Walde >das Haus steht im Walde (87. 59).
БС-дің сөзжасамдағы маңызы, негізінен осыдан, композиттердің бойына
ұғым белгілерінің жинақтала орналасуынан шығып жатады. Сондықтан оларды
неміс тілінде дефинициялық сөзжасам деп те атайды. “Дефинициялық сөзжасам
дегеніміз  –  зат   пен   кұбылыс   белгілерінің   атауға  трансформация  жасауы:
Kindesliebe>Liebe   des   Kindes   zu   semen   Eltem.  Күрделі   сөздің   дефинициясы
ретінде лексеманы түсіндіретін сөйлем, сөз тіркесі құрылымдарын алуға болады.
Мұнда композит семантикасы мен оны түсіндіретін сөйлем семантикасы сәйкес
келеді” (88. 21,31).
Атаудың  универб   формасына  ұмтылу   уәждемесін   іздеген   неміс   тіл
білімінде бірнеше еңбектер бар (89).
Онда композит тууының мынадай қажеттіліктері аталады: атау қажеттілігі;
атауларды уәждендіру қажеттілігі мысалы, perron деген уәжсіз атауды Sahnsteiq
уәжді универбімен атау тиімді саналады; тілді үнемдеу қажеттілігі; омонимдерді
азайту қажеттілігі (86., 25).
Сөйтіп,   неміс   тілінде   предикаттық,   предикаттық   емес   қатынастағы
құрылымдар а) идиомалану дәрежесі жоғарылағанда, ә) зат есім-зат есім,  сын
есім-зат есім үлгілерінің атауыштық қызметі актуалданғанда, б) кумулятивтік ма-
ғыналары атау сипатына көшкенде, в) типтенгенде БС-ге айналады (86. 7-13; 90).
Неміс тіліндегі БС-дер қосымшалары редукцияланған негіздер қосылуы
арқылы   жүзеге   асады:  Geneimrat>   Geneimerat>der   Geneime   Rat,  яғни
“композитті біріктіруге қосымша грамматикалық мағынамен түрленбеген  сын
есімнің түбір формасы қатысады” (91. 18).

Және екі негіздің арасын  [s]  фонемасы ұластырып тұруы арқылы пайда
болады:  augenbliksbildung  т.б.  Және   екі   сыңардың  да  ауыспалы   мағынада
қолданылып,   бір   денотаттың   атауы   болуы   себепті   БС   туады:  Silberpappel
(серебристый тополь), Blindschus (холостой выстрел), Stattenante (задающаяся
тетка),  Graukopf  (седой   человек),  Grundschnabel  (Молокосос),  Schlafmutze
(человек в ночном колпаке) т.б.  Негізінен неміс тіліндегі БС-дердің басты айырма
белгісі лекеманың бір екпінге бағынуы болып отыр.
Сөзжасамдағы   композиттердің   өнімділігі   сонша,   кейде
оккозионализмдердің көбеюіне, нормасыздыққа әкеліп жүр. Неміс тілінде оларға
арнайы  термин  де   берілген:  Augenbliksbildung  (бір   сәттік   жасалым),
Einmalbildung  (бір   мезеттік   жасалым),  Gelegenheitsbildung  (кездейсоқ
жасалым).   Ал   нормаланған  композиттердің   өзі  узуалды,  жартылай   узуалды,
жартылай оккозионалды, окказионалды деп бөлінеді (86. 28-40).
Ал   француз  тілінде   КС-дер   анықтаушы-анықталушы   қатынаста   емес,
керісінше   орналасатындықтан  композит  құрайтын  жартылай  суффикстер
жартылай  префикске   қарағанда  көбірек.   Сондықтан   соңғы  компонент
эллипсиске ұшырамайды (92. 16).
Негізінен, француз тілінде сөздерді біріктіру тәсілінен гөрі суффикстердің
орны   айрықша.   Ағылшын   тіліндегі  КС   (словосложение,   сложное   слова)
О.Д.Мешков, А.М.Смирницкий,  М.В.Арнольд, П.В.Царев, Г.Марчанд, Ю.Найда,
И.В.Василенко,   А.   В.Кунин,   О.Есперсен   т.б.  ғалымдар  тарапынан  зерттелді.
Алайда  бірауызды   пікір   жоқтың   қасы   деп   айтуға  болады.   “Проблема
идентификации   сложного   слова   английского   языка   является   чрезвычайно
сложной и может, очевидно, “претендовать” “на звание” одной из сложнейших в
лингвистической науке” (67. 25).
КС-дің   негізгі   белгісі  деп  графикалық   белгісі,   яғни   тұтас   таңбалануы
аталады   (44.129).  Ал   тұтас  таңбалану   деп   ағылшын   тілінде   күрделі   сөз
компоненттерінің босаралықсыз, босаралықпен және қосаралықпен таңбалануы
танылады.  Соңдықтан  сөздердің бірге,  дефис,  бөлек  орфографиялануындағы
ала-құлалық өзекті мәселеге айнала қоймайтын сияқты. Ал тұтас тұлғаланудың
өзі фонетикалық (сөздер тіркесінің бір, не әлсіз екі екпінге бағынуы: һоеутооп,
bloodvessel),  морфологиялық  (o,   i,   s  жалғаулықтары   арқылы:  craftsman,
handiwork),  семантикалық   белгілерден   шығады   (44.   136).   Композиттердің
мағыналық   қатынасын   зерттеуде   семдік   таядау,   ішкі   валенттілік   теориясы
негізінде, трансформациялық әдіс, сөздердің алыс, жақын мағыналық деңгейлері
негізінде талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Алайда әдебиеттерде қолданылған
әдіс-тәсілдерден маңызды нәтиже шыға қоймағаны айтылады (93. 18, 30, 48, 54). 
“Противоречивость смысловой структуры сложного слова – обращенность
одновременно   к   миру   вещей   и   к   миру   слов,   а   также   имплицитная
мотивированность  –  и   делает   анализ   смысловой   структуры   сложного  слова
особа  трудной  проблемой”  (93.  80).  КС  үлгілері  деген  мәселеге  де  күмәнді
көзқарас  бар.  Ағылшын   тілінде   кейде   ешбір   БС   моделіне   сыймайтын
құрылымдар   пайда   болып   жатады.   Бұның   бір   себебі   ағылшын   тілінде

окказионалды композиттердің әдеби стильге ене беруіне  регламент  қоймаудан
шығады.
Сонымен,   сөздердің   бірге,  бөлек  тұлғалану   проблемасы   тілдік
универсалийге  айналып,  орфографияның   өзекті   меселелерінің   бірі   саналады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, тіл-тілде кұрама сөздерді бірге
тұлғалауда мына тілдік факторлардың әсері барын көреміз;
–тұлғалық фактор: кұрама сөз сыңарлары грамматикалық, формаларының
элизия,  редукциялануы,   екі   сыңар   ұластырғыш   жалғаулықтардың   болуы,
сыңарлардың фонетикалық контаминацияға ұшырауы, бір екпінге бағынуы;
–мағыналық  фактор:  сыңарлар   мағынасының   лексика-   семантикалық
контаминацияға түсуі, ортақ мағына беруі;
Сөйтіп, тіл-тілдің өз табиғатына сай  КС  жасалымдары болатынын айта
отырып,   ойымызды   О.С.Ахманованың   мына   сөзімен   қорытындылаймыз:
“реально разработать для разных языков классификации имеющихся в них “экзо-
центрических” “конструкций” и выяснить для разных языков реальные границы
“свободы” соединения тех или других элементов” (82. 21).
2.2.
Біріккен сез және оларды бірге тұлғалаудың 
формалды белгілері
Жоғарыда, біз қазақ тіл біліміндегі зерттеулер жайын сөз еткенде БС-дің
өзіндік белгілері мен өлшемдерінің саралануы бір арнаға сайғанын көрсеттік. Ол
–  қазақ тіліндегі БС-дің  -ар, -лар, -лық, -ғыш  қосымшаларымен келуі және
тану,   жанды,   құмар,   ақы,  ара,  жай,   хана  сияқты   кейбір   лексикалық
бірліктердің   грамматикалануы   негізінде   жасалуы.     Біз   БС-дердің   бұндай
тұлғалық ерекшеліктерін бірге тұлғалаудың формалды белгілері деп аламыз.
Және   БС   жасауда   қосымшалардың   сөз   ұластыратын   қызметі   оларды
ұл а с т ы р у ы ш т а р   деп,   ал   лексикалық   бірліктердің   сөз   жасау   қызметі
өздерін қ ұ р а с т ы р у ы ш т а р  деп формалды белгінің өзін екіге бөліп алуға
мүмкіндік береді.
Сонымен,   қазақ   тілінде   БС   жасаудың   мынадай  ұластыруыш
қосымшалары барын байқаймыз: -ар,- лар -лық, -ғыш,- ты, -ыс, -ма, -қ, -қы.
-ар, -ер қосымшасы негізінде біріккен сөздер. ҚТОС-індегі (1988) БС-
дердің бір алуаны есімшенің предикаттық мәнде болжалды келер шақ мәнін
беретін  -   ар,   -ер,   -р  жұрнағымен   келеді.   Бұл   қатардың   дені   салт-   дәстүрге
байланысты   атаулардан,   бірлі-жарым   қару-жарақ,   өсімдік   аттарынан   тұрады:
ауызашар, алтыбасар, атбайлар, атсоғар, атұстар, бесіккесалар, босағаттар,
бірасар,   бірбайлар,   біртартар,   біртүйер,   біркиер,   доланкесер,   езутартар,
есікашар, ешкіемер, желайдар, желімайлар, жембасар, жерсоғар, жертесер,
жолашар,   итырылдатар,   кекілбасар,   кертартар   (көне   қару),

көрпеқимылдатар,   көрсебасар,   күлшашар,   күнбағар,   күнқағар,   күншығар,
күнқабар,   кіндіккесер,   қазанбұзар,   қаптесер,   қолкесер,   қолтықсүйер,
қолұстатар,   қонысмайлар,   қосбасар,   құдатартар,  ұүсқонар,   қызқашар,
мойынтастар,   некеқияр,   оққағар,   отқасалар,   сауытбұзар,   суағар,
сутартар(құс),   сіргежияр,   сіргемөлдіретер,   тойбастар,  тоқымқағар,
тұсаукесер,   тілашар,   тілқияр,   тіскебасар,   үйқашар,   ұлтабар,   ұябасар,
үкітағар,   шаңбасар,   шашсипатар,  шөпжияр,   шыбынқағар,   шыңқетер,
бақанаттар,   беташар,   батаоқыр,   биебайлар  т.б.   және   адамға   қатысты
ұғымдардан   тұрады:  алаңғасар,   атшабар,   алыпсатар,   атқамінер,   басбұзар,
баскесер,   елкезер,   беткеұстар,   беткешығар,   естияр,   жайбасар,   жанашыр,
жанкүйер, жанқияр, жатыпатар, жолбасар, көлжұтар, таусоғар, тілазар,
ізашар, ізбасар, нақсүйер, нансоғар, қанішер, қаныпезер, орынбасар, тоқ етер
т.б. Мұндағы этнографиялық атаулар тұрақты түрде зат есім мен сабақты етістік
тіркесі болып келсе, адамға  қатыстылары атау, барыс  жалғаулы  субстантивтер
мен салт етістік бірігуінен, әрі етістіктердің тіркесуінен құралады. “Негізінде -ар,
-ер  жұрнағы заттың, құбылыстың бойында бар, соған тән, сондықтан үнемі
болып   тұратын,   іс-әрекетті,   қимыл-қозғалыс,   жай-күйді   білдіретін,   түркілік
дәуірден бар қосымша” (39. 128). Есімшенің жұрнағымен бұлардың бәрі зат есім
табына   өтеді,   заттанады   (тіскебасар,   ұйқыашар,   ізбасар,   оққағар,   біркиер,
атқамінер),  терминдік,   номенклатуралық   мәнде   жұмсалады   (алыпсатар,
алтатар, бесатар, кертартар, көлжұтар, таусоғар, нақсүйер, шыбынқағар).
Сонда “-ар аффиксімен келетін синтаксистік үлгінің қолданылу аясы тарыла
бастауы” (39. 129) оның сөзжасамдық қызметінің ауысуына байланысты екен.
Тілімізде осы типтес сөз тіркестері бар. Мысалы: мал сауар мезгіл, күн батар
уақыт, орманға барар жол, көлге түсер кез.  Мұнда алғашқы екі сыңар мен
соңғы сыңардың арасында анықталушы – анықтаушы қасиет бар, ал бірінші сөз
бен екінші сөз меңгеріле байланысады. Алғашқы екі сөз жеке қалып, толық
мағына бермейді, ал терминдік, номенклатуралық мәнге ие болған  алтатар,
бесатар, біркиер, ізбасар  атаулары  мылтық, киім, адам  деген соңғы сыңары
жасырын қалса  да,  алдыңғы екеуі бірге таңбаланып, бір заттың атауы болады.
Мұны есім сөздер мен етістіктердің қораланбай, жөнтектеліп жүрген дәуірінен
қалған қалдық болуы мүмкін дейді Г.Жәркешова (17. 42). Тұрақты қайталанатын
іс-әрекет субъектінің, объектінің дифференциалды бір семасына айналады. Ол
сема  субъектінің өзін белгілейді. Субъектінің іс-әрекетті “ішіне алып тұруы”,
яғни эндоцентрлеуі есімшенің -ар ,-ер ,-р жұрнағымен іске асады. Негізінен, бұл
процесс -қыш, -ғыш, -атын, -етін жұрнағымен де көріне береді. Алайда -ар, -ер
жұрнағының   ауыспалы   шақты  беру  мүмкінділігі   предикатық   қатынасты
заттандыруға бейім. Сонымен, субстантивтену үш алементтен тұрады десек,
босағаны аттау -тасымалданушы, әдісі – есімшенің жұрнағы және форманың
универбтенуі, нәтижесі, яғни транспозит – босағааттар.
-лық қосымшасы негізінде біріккен сөздер. Соңғы жылдары баспасөз,
ғылыми, көркем әдебиет беттерінде -лық тұлғасымен келетін КС-дерді біріктіріп
жазу   дағдыға   айналды,  емледе  орнықты.   Белгілі  терминолог  Ө.Айтбайұлы

"терминжасауда  -лық   жұрнағының   қызметі   ерекше.   Ол   терминдік   мәнге
икемделіп  тұрған  таза  қазақы  сөздерге  де  еркін жалғанып,  терминжасаудың
өнімді   бір   түріне   айналды”   дей   отырып,   бұл   жұрнақтың   терминжасауға
қатысының   біркелкі   болмағанын   айтады   (36.   143).   Біз   де   осы   негізде   –лық
қосымшалы   БС-дер   алғашында   қоғамдық-саяси,   әлеуметтік-экономикалық
терминдерді   құраса   (ауызбірлік,   ауылшаруашылық,   батысгерманиялық,
бесжылдық;   бүкіләлемдік,   бүкілқазақстандық,   бүкілодақтық,   бүкілресейлік,
бүкілхалыктық, дүниежандылық, дүниежүзілік, екітілділік, жалпақшешейлік,
жалпыеуропалық,   жалпыхалықтық,
 жартыжылдық,   жатжұрттық,
жетіжылдық,   жүзжылдық,  көптілділік,   қосазаматтық,   қосөкіметтілік,
құдайжасампаздық,   құдайіздемпаздық,   малшаруашшық,   мектепшілік,
онжылдық,   онкүндік,   ортағасырлық,   түраралық,   түрішілік,
халықшаруашылық),  кейін  жанкүйерлік,   жанқиярлық,   жантүршігерлік,
жаншошырлық,   жатбауырлық,   жүрекжұтқандық,   кеңпейілдік,
көзбайлаушылық, көзбояушылық, көңілжықпастық, көпсөзділік, көрсоқырлық,
көреалмаушылық,   кісіқызығарлық,   кішіпейілділік,құлиеленушілік,   тұқымқуа-
лаушылық;  шалаөткізгіштік,   шаласауаттылық  т.б.   сияқты   фразеологиялық
тіркестер негізінде пайда болған дерексіз атауларды жасауда активтенді дейміз.
50-70-жылдарда   функционалдық   стильдердің   барлығында  -лық
жұрнағының сөзжасамдық қызметі мейлінше артқаны белгілі (39. 80; 94. 49; 98.
9). Жұрнақ сөз таптарының барлық түріне жалғана беретін болды. Олар  “тек
лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз туғызып қоймай, олардың бәріне де бірдей
жалпы абстрактілі қасиеттерін анықтайтынын байқатты” (38. 220). Бұл үрдістің
негізсіз емесін ғалымдар  -лық  формасының түркі тілдерінің барлығына ортақ
аса  көне   жұрнақ   болғанымен,   әсіресе  КС  тіркестерінің   құрамында   жиі
қолданылғанымен   көрсетеді   (39.   83).   Осы   негізде  -лық  жұрнағының
номинациялық   тұтастықты   берік   қалыптастыратын   қасиеті  –  кұрама   сөз
сыңарларын   ұластыратын   қызметі  –  оның   полисемантикалық   қасиетіне
байланысты   ма   дейміз,   яғни  -лық  жұрнағында   меншіктілік,   арнау,  өлшем,
жинақылық, бір заттың бойында екінші заттың болуы (39. 80) және бес нақты
заттық ұғым білдіретін, әрі төрт сын есім тудыратын формасы бар (95. 260).
Сөздердің   бірігуі   әуелі   олардың   номинативті   тұлғада   көрінуіне
байланысты  емес.   Сонда  субстантивтенуі  аяқталмаған,  сөйлемде  анықтауыш
қызметінде жұмсалатын сөздердің бірігуіне не себеп болады? Бұл арада тағы да
қазақ  тілі   біріккен   құрама   атауларының   табиғи   (спецификалық)   ерекшелігі
көрініс береді, яғни компоненттер өзара мағыналық контаминацияға түсуі керек,
мағыналық бірлік шеңберіне топтастырылуы керек екен. Жоғарыдағы тіркес-
терде осы процесс қалай жүзеге асады?
КС-дің   екі   сыңары  да  кең   мағыналы   жалпы   есімдер,   әрі   олар   бір
макросемантикалық өріс лексемалары:  дүние, әлем, бүкіл, қос, жүз, екі, жыл,

өкімет, құдай, халық, еуропа т.б. Кең мағыналы екі жалпы есім сөйлеу үрдісінде
жиі   қайталана,   өзара   мағыналық   толықтырулар   жасайды.   Келе-келе   екінші
сыңарынсыз өзінің жалпы мағынасын беруден қалады. Мысалы:  дүние жүзі,
жүз жыл, бүкіл әлем,  жалпы халық.  Осы  кезде -лық формасының меншіктік
мағынасы сөз ұластырушылық (27. 65) қызметте көрініп, екі сыңардың бірігуіне
әкеледі. Сөйтіп, көп мағыналы қосымшалардың қосалқы қызметтері пайда бола
бастайды, яғни мұнда -лық жұрнағының бұрын ескерілмейтін сөз ұластырушы-
лық   қызметі   айқындалады.   Біріктіру   абстрактілік   тұтастықпен   астаса
номинациялық тұтастықтан шығады.  Дүниежандылық, екітілділік, көптілділік,
қосазаматтылық,   қосөкіметтілік  сөздерінің   заттық   ұғым   білдіруі  –  лық
жұрнағының -ды сын есім тудыратын қосымшадан кейін келуінен. Егер үстіне
тағы   бір   -лық   формасын   үстесек,   посесивтік   мағынасы   пайда   болады:
көптілділіктік   қөбімізге   тән,   яғни   бұл   жерде   “-лық”-тың   жасырын   қалған
посесивтік формасы сөздердің бірігуіне мүмкіндік берген.
Сонымен,   -лық   тұлғалы   қоғамдық-саяси,   әлеуметтік-   экономикалық
терминдердің бірігуіне тағы да мағыналық тұтастық негіз болған.
-лар  қосымшасы   негізінде   біріккен   сөздер.  Жануартану,  өсімдіктану
туыс   ахау   терминдерінің   жиынтық   ұғымын   бір   формаға   түсіруде   -лар
қосымшасы “маманданды” деуге бүгінде толық негіз бар. “Тіл өзінің барлық
қызметін  толыққанды  атқара  алу   үшін  оның дамуының  әр сатысында  жаңа
сөздер   мен   қолданыстарды   жасайтын   өнімді   тәсілдер  пайда  болып   отыруы
керек” (82. 12).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет