Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


күнтізбе – календарь; екісайыс



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата15.03.2017
өлшемі8,89 Mb.
#9289
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

күнтізбе – календарь; екісайыс – двоеборье; бессайыс – пятиборье; үшсайыс – 
троеборье; көпсайыс – многоборье; жекелей біріншілік – личное первенство; 
көптілдік терминжүйе – полилингвистическая терминосистема.
Ал  бірнеше  түбірден  тұратын  біріккен  туындылар  екінші  тілге  аударған 
кезде белгілі қиындықтар туғызатыны жасырын емес: әйткенмен – тем не ме-
нее, однако, несмотря на это, все же; жалғаншөлмасақ – лжепустынноколос-
ник; жертезек – торф; емдәм – диета; күйтабақ – грампластинка [6].
Лексикографиялық еңбектерде ерекше орын алатын ең көне әрі байырғы, 
құнарлы да жиі қолданылатын бай қазынаның бірі – қос сөздер. Жасалу амалы-
на байланысты олар қосарлама және қайталама қос сөздер болып жүйеленеді. 
Бұл тұлғалардың бойында тарих сыры мол, ғасырлар қойнауында қабат-қабат 
болып қалыптасқан, сөздік қорының төрінен орын алатын, көне болса да, үнемі 
жаңғырып, жаңаланып, толығып отыратын жанды құбылыс. Олардың бір жағы 
көнеріп,  күңгірттеніп,  жеке-дара  қолданыстан  шығып  қалып  жатса  (абысын-
ажын,  ұйқы-тұйқы,  жігіт-желең,  қатын-қалаш),  екінші  жағы  жаңаланып,  жаңа 
сөздермен толығып жататыны белгілі.
Қос сөздер категориясы тек қазақ тілінде ғана емес, барша түркі тілдеріне 
тән, тіпті жержүзі тілдерінің бәрінде де кездесетін әмбебап құбылыс болып са-
налады. Бұл категорияның осы бір ерекшелігі, тарихи-салыстырмалы зерттеудің 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

148
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
сыры  мол  нысанына  жатуымен  ғана  емес,  сонымен  қатар  бұл  құбылыстық 
жержүзі (үндіеуропа, иран, славян, түркі-моңғол және т.б.) тілдеріне ортақ болу-
ымен де қызықты. Ал қазақ тілінде қалыптасып, өзіндік қор болып жинақталған 
бес мыңнан арта қосарлама және қайталама қос сөздер монографиялық зерттеу 
мен  сөздік  арқылы  жүйелеу  тәжірибесі  алғашқы  рет  Ә.  Қайдардың  еңбегінде 
берілген [7].
Келесі кезекте қосарлама қос сөздерді мағыналық топтарына қарай ауда-
рып көрейік.
1 Екі сыңарының мағынасы айқын, бірыңғай, бір саладағы ұғым- түсінікті, 
біртектес заттар мен құбылысты білдіретін қосарлама қос сөздер: сана-сезім – 
1) сознание, соображение; 2) самосознание; ас-ауқат – (всякая) пища, еда во-
обще; ер-тұрман – верховая сбруя (седло со всеми принадлежностями); ынта-
жігер – все усердие, весь интерес.
2 Екі сыңары бір-бірімен мағыналас және сол мағыналарында жеке-дара 
қолданылып  жүрген  дербес  сөздерден  тұратын  мәндес  қосарлама  қос  сөздер: 
бет-жүз – все лицо; күш-қуат – сила-мощь, опора; құрбы-құрдас – сверстники-
одногодки, ровесники-однолетки, современники; күдік-күмән – множество со-
мнений.
3 Сыңарлары бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы (антонимдес) қос сөздер: 
асты-үсті – верх и низ; азды-көпті – мало ли, много ли; не много и не мало; ма-
лость, сколько-нибудь; и мало, и много; аш-тоқ – то голодный, то сытый; ірілі-
уақты – большой и малый, крупный и мелкий.
Қайталама қос сөздердің мағыналық-тұлғалық топтары:
1 Бір сөздің негізгі, туынды, не белгілі бір грамматикалық тұлғаларда тұ-
рып бірдей қайталануы арқылы жасалған қайталама қос сөздер: қора-қора –мно-
го; в несколько загонов (овец); қайта-қайта – несколько раз, повторно, много-
кратно, опять и опятьүйір-үйір – табун, табунами, стайкой.
2  Бір  сөздің  әртүрлі  өзгерістерге  (модификацияға)  түсіп,  қайталануы 
арқылы жасалған қайталама қос сөздер: апыр-топыр – все разом (оторопливом 
и беспорядочном действии); ырың-жырың – нелады, раздор, неполадки, скло-
ка; шай-пай – чай и что-либо к чаю; шым-шытырық – 1) непонятный, пута-
ный, сбивчивый; 2) неразбериха, путаница [8].
Қазақ  тіліндегі  бес  мыңнан  астам  қос  сөздердің  барлығы  да  жоғарыда 
жүйеленген  топтарға  жатып,  қалайда  әйтеуір,  екінші  тілге  мағынасы  толық 
жеткізіледі деп айта алмаймыз, өйткені олардың бірқатарында не бір сыңары, не 
сыңардың екеуі де күңгірттеніп ұмыт болған: қоқан-лоқы, талан-тараж, ұлан-
ғайыр,  шал-шауқат,  темір-терсек,  зым-зия,  тоқты-торым,  майда-шүйде, 
жүн-жұрқа, ырғалып-жырғалып, қыз-қырқын. Осы сияқты лексемалар ар-
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, Е.М. БЕКБОСЫНОВА

149
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
найы этимологиялық зерттеуді қажет етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Ахметжанова  Ф.Р.  Слово  в  системе  словарей  казахского  и  русского  языков  / 
Ф.Р. Ахметжанова, В.А. Кудрявцева. – Усть-Каменогорск, 1996. – С. 20.
2. Умберто Эко. Сказать почти то же самое. Опыты о переводе / Эко Умберто. – 
СПб., 2006. – С. 62.
3. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. М.: Слово, 2000. – 
С. 41.
4. Қайдар Ә. Бір мың әсерлі де бейнелі оралым (этнолингвистикалық түсініктеме 
берілген қазақша-орысша фразеологиялық сөздік) – Тысяча метких и образных выра-
жений (казахско-русский фразеологический словарь с этнолингвистическими поясне-
ниями).  –  Астана:  Білге,  2003.  –  368  б.  және  сол  автор  –  Қазақтар  ана  тілі  әлемінде 
(этнолингвистикалық сөздік). – Алматы: Сардар, 2013. – Б. 11, 38, 171, 728.
5. Ахметжанова Ф.Р. Сәрсен Аманжолов және терминшығармашылықтың кейбір 
мәселелері.  Монография  /  Ф.Р.  Ахметжанова.  –  Өскемен:  С.  Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ. «Берел» баспасы, 2014. – Б. 86, 282. 
6. Ахметжанова Ф.Р. Күрделі сөздердің қазақша-орысша сөздігі / Ф.Р. Ахметжано-
ва. – Өскемен: Кенді Алтай, 2009. – Б. 25, 248.
7. Қайдар Ә. Қазақ тіліндегі қос сөздер: зерттеу және сөздік / Ә. Қайдар. – Алма-
ты: Сардар, 2013. – 456 б. 
8. Ахметжанова Ф.Р. Қосарлы күрделі сөздердің қазақша-орысша сөздігі / Ф.Р. Ах-
метжанова. – Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2014. – Б. 109, 140.
REFERENCES
1. Ahmetzhanova F.R., Kudrjavceva V.A., Slovo v sisteme slovarej kazahskogo i russko-
go jazykov. Ust’-Kamenogorsk, 1996 (in Russ).
2. Umberto Jeko., Skazat’ pochti to zhe samoe. Opyty o perevode. 2006 (in Russ).
3. Ter-Minasova S.G., Jazyk i mezhkul’turnaja kommunikaciya. 2000 (in Russ).
4. Kaidar Ә., Bіr myn aserlі de beinelі oralym (jetnolingvistikalyk tysіnіkteme berіlgen 
kazaksha-oryssha frazeologiyalyk sozdіk). Tysjacha metkih i obraznyh vyrazhenii (kazahsko-
russkii frazeologicheskij slovar’ s jetnolingvisticheskimi pojasnenijami). Astana. Bіlge, 2003
368, zhane sol avtor. Kazaktar ana tіlі alemіnde jetnolingvistikalyk sozdіk. Almaty, Sardar, 
2013, 728 (in Kaz).
5.  Ahmetzhanova  F.R.,  Sarsen  Amanzholov  zhane  termin  shygarmashylyktyn  keibіr 
maselelerі. Monografija. Oskemen, S. Amanzholov atyndagy ShKMU. Berel baspasy, 2014
282 (in Kaz).
6. Ahmetzhanova  F.R.,  Kyrdelі  sozderdіn  kazaksha-oryssha  sozdіgі.  Oskemen  Kendі 
Altai, 2009, 248 (in Kaz).
7. Qajdar A., Qazak tіlіndegі kos sozder zertteu zhane sazdіk. Almaty, Sardar, 2013, 456 
(in Kaz).
8. Ahmetzhanova F.R., Kosarly kүrdelі sozderdіт kazaksha oryssha sozdіgі. Oskemen 
Shygys Akparat, 2014, 140 (in Kaz).
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

150
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
ӘОЖ 811.512.1
А.Ш. ЖИЛКУБАЕВА 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАРОВ – ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, БЕЛГІЛІ ТҮРКІТАНУШЫ
Мақалада  жетекші  түркітанушылардың  бірі,  Қазақстанның  этнологингвистика 
мектебінің негізін қалаушы, мемлекеттік тілдің дамуына зор үлес қосқан, Халықаралық 
«Қазақ  тілі»  қоғамының  Тұңғыш  Президенті,  академик  А.Т.  Қайдаровтың  көпқырлы 
ғылыми қызметі ашылады.
Түйін  сөздер:  этнолингвистика,  түркітанушы,  этимология,  мемлекеттік  тіл, 
ұйғыртану, түркі тілдері.
АБДУАЛИ КАЙДАРОВ – ВИДНЫЙ УЧЕНЫЙ, ИЗВЕСТНЫЙ ТЮРКОЛОГ
В статье раскрывается многогранная научная деятельность Кайдарова А.Т., Перво-
го Президента Международного общества «Қазақ тілі», академика, одного из ведущих 
тюркологов, основателя этнолингвистической школы в Казахстане, внесшего большой 
вклад в развитие государственного языка 
Ключевые  слова:  этнолингвистика,  тюрколог,  этимология,  государственный 
язык, уйгуроведение, тюркские языки.
ABDUALI KAIDAR – EMINENT SCIENTISTS FAMOUS TURKOLOGIST
This article is about scientific activity of A.T. Kaidarov, academician, First President of 
International society «Kazak tyli», one of the leading Turkiclogist, founder of ethnolinguistic 
school in Kazakhstan, made a great contribution in development of official language.
Keywords: ethnolinguistics, turcologist, etymology, the official language, the Uighur 
Studies, Turkic languages.
Әбдуәли Қайдаров – әйгілі түркітанушы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы-
ның  академигі,  Ш.  Уәлиханов  атындағы  сыйлықтың  иегері,  А.  Байтұрсынов 
атындағы Тіл білімі институтының Құрметті директоры, Ұлы Отан соғысының 
ардагері биылғы жылы үлкен мерейтой қарсаныңда.
Академик  Әбдуали  Туғанбайұлының  есімі  тек  республикада  ғана  емес, 
шетелде де танымал, себебі ол КСРО кезінде талай түркі тектес халықтардың 
ғылымының  дамуына  өз  үлесін  қосты.  Атап  айтар  болсақ,  оның  ғылыми 
жетекшілігімен хакас тілінен А. Кызласов, Т. Боргоякова, моңғол тілінен Б. Ба-
зылхан, алтай тілінен Э. Әзербаев, қырғыз тілінен Ч. Дыйхановалар докторлық 
және кандидаттық диссертациялар қорғады.
Оның зерттемеген тіл білімінің саласы жоқтың қасы деуге болады, сонда 
да  ауыз  толтырып  айтатын  салалар:  паремиология,  этимология,  лексикология 
және этнолингвистика, түркітану десек қателеспейтін шығармыз.
Әбдуали  Туғанбайұлы  қазақ  тіл  білімінде  этнолингвистика  бағытының 
А.Ш. ЖИЛКУБАЕВА

151
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
дамуына  мұрындық  болды.  Осы  сала  бойынша  оның  ғылыми  жетекшілігімен 
он  шақты  докторлық,  20-ға  жуық  кандидаттық  диссертация  қорғалды.  Ғалым 
этнолингвистиканың  зерттеу  нысанын,  мақсатын,  міндеттерін  айқындап  қана 
қоймай, сонымен қатар лингвистика мен этнографияның аражігін былай ашып 
береді:  «...под  одним  шаныраком  каждая  из  них  кроит  свою  шубу,  поет  свою 
песню». Әйгілі тілші-ғалым, профессор М.М. Копыленко өзінің «Основы этно-
лингвистики»  атты  монографиясында  оның  еңбегін  төмендегідей  бағалайды: 
«Центральное место в трудах академика А.Т. Кайдарова и его учеников и коллег 
занимает синхронное состояние языка, что однако не исключает обращение и к 
диахронии, к эпосу и другим фольклорным источникам с максимальным исполь-
зованием этимологического анализа, особенно в связи с глубоким проникнове-
нием в проблемы ономастики и этногенеза» [1].
Мұндай  зерттеулерді  ол  екі  жүйе  бойынша  жүргізу  керектігін  ұсынған: 
Макрожүйе «Табиғат», «Адам», «Қоғам», және микрожүйе: әртүрлі тематикалық 
топтар бойынша. Академиктің өзі мұндай зерттеулердің маңыздылығы туралы  
былай  деп  пайымдайды:  «Этнос  және  оның  тілін  біртұтас  өзара  тығыз 
байланыстағы  құбылыс  деп  қарасақ,  тіл  қоғамда  тек  сол  этностың  қарым-
қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар оның (этностың) бүкіл рухани, мәдени 
байлығының куәгері іспетті барлық болмысы мен өмір- тіршілігін, дүниетанымы 
мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп 
отыратын  қызметі  тағы  бар»  [2].  Ғалымның  жетекшілімен  осы  сала  бойынша 
Ж.  Манкеева,  С.  Сатенова,  Г.  Смағулова,  М.  Ескеева,  Ғ.  Әнес,  Р.  Шойбеков, 
Ш. Сейітова, А. Жылқыбаевалар докторлық, Қ. Ғабитқан, А. Мұқатаева, Р. Иман-
галиевалар және т.б. кандидаттық диссертация қорғады. 
Ғалымның  паремиология  саласындағы  еңбектерінің  маңыздылығы  да 
ерекше. Оның халықтың басынан өткен тарихы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, 
наным-сенімдері тілде сақталып ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретінде беріліп оты-
ратыны туралы ойлары өміршеңді екеніне көзіміз жетті. Бұл ойлардың дәлелі 
ретінде  оның  «Тысячи  метких  слов  и  выражений  казахского  языка»,  «Халық 
даналығы» және т.б. жұмыстарын келтіруге болады.
Академик А.Т. Қайдаров қазақ лингвистикасын жаңа логика-философия-
лық арнаға бағыттаумен қатар, тіл ғылымында ерекше танымдық үрдістің негізін 
қалаған. Ғалымның үкілі еңбектерінің бірі «Халық даналығы» атты моногра-
фиясы. Онда екі мыңдай қазақтың мақал-мәтелдері зерттеліп, оларға түсініктеме 
беріліп, жасалу жолдары айқындалады. Олардың ішінде жастарға тәлім-тәрбие 
беретіндері баршылық. Ғалымның пікірінше: «Үлкендердің жас ұрпаққа айтатын 
өнеге өсиеті, ғибрат сөздері, ақыл-кеңесі қанша ұзақ айтылса да, ұнамды, пай-
далы, әсерлі болса да, бәрі бірдей есте сақталып, жадыңда жатталмауы мүмкін. 
Сондықтан бұл кітаптың берері мол».
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

152
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
Қазақ лексикасындағы мақал-мәтелдер табиғатын зерделеу, оның шығу та-
рихын анықтау, сол арқылы халықтық танымның құрамдық бөліктерін сұрыптау, 
оларды «даналық қорға», ұрпақтан-ұрпаққа жетер рухани мирасқа айналу жол-
дарын, ұрпақ үшін құндылығын дәлелдеп көрсетті. Автор: «Халық даналығының» 
түп мақсаты – зердемізді ашып, ұлттық санамызды саралау, ментальді қасиетіміз 
бен ғасырлық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды терең біліп, дүниетанымызды ке-
нейте түсу», – деп атап өтті [3].
Академик  ағамызды  қазақ  жазуының  тарихы  да  толғандырады.  Латын 
әліпбиіне қөшу керектігін ол Елбасына жазған ашық хатында сонау 1993 жылы 
сөз  қозғаған  болатын.  «Ана  тілі»  газетінде  жарық  көрген  «Кемел  елге  кемел 
әліпби керек» атты мақаласында ол өзінің латын әліпбиінің жобасын жарияла-
ған болатын. Аталмыш мәселе бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.
Академик  А.Т.  Қайдаров  –  әйгілі  түркітанушы  К.  Юдахинның  шәкірті, 
Бішкек қаласында аспирантура тәмамдаса, Бакуде докторлық диссертация қор-
ғайды.  Кандидаттық  диссертациясы  ұйғыр  тіліндегі  қос  сөздердің  табиғатына 
арналған, сондықтан ол түркітануға да аз үлес қосқан жоқ. Ең алдымен жоғары 
оқу орындары студенттеріне арнап жазылған «Түркітануға кіріспе» (профессор 
М. Оразовпен бірлескен авторлықта) атты кітабының екі рет баспадан шыққанын 
айта кеткен жөн. Бұл еңбек студенттер үшін таптырмайтын оқу құралы екеніне 
көзіміз жетуде.
Қазақстанда  алғаш  рет  өткен  этимологияға  қатысты  Бүкілодақтық 
кеңейтілген  ғылыми-практикалық  конференция  да  академиктің  еншісі  екеніне 
сонау 1990 жылдары куә болдық. Бұл жиынға атақты түркітанушылар З. Ураксин. 
Б. Орузбаева және т.б. қатысты. Осы конференцияда оқыған А.Т. Қайдаровтың 
«Тюркская  этимология:  проблемы  и  задачи»  деген  тақырыптағы  баяндамасы 
көптің  көңілінен  шықты.  Конференция  материалдары  «Проблемы  этимологии 
тюркских языков» атты жинақ болып, 1990 жылы жарық көрді. Бұл жинақ жас 
түркітанушылар үшін баға жетпес мирас екені баршамызға мәлім.
А.Т. Қайдаровтың түркітануға қосқан еңбегі жоғары бағаланды. Мысалы, 
оның  «Развитие  современного  уйгурского  языка»  атты  еңбегіне  атақты  шетел 
түркітанушылары  өте  жоғары  баға  берді.  Г.  Дерфер:  «...глубокое  понимание 
предмета, ясное изложение и широкая эрудиция, сделали книгу шедевром в 
области тюркологии», – десе, «...многоплановое исследование А.Т. Кайдаро-
ва затрагивает круг наиболее актуальных вопросов современного уйгурове-
дения, дисскутировавшихся еще в 30-е и 50-е годы и сохранивших до наших 
дней свою теоретическую и практическую значимость», – дейді С.И. Нурса-
паева [5]. Ал Э.Р. Тэнишев: «Книга А.Т. Кайдарова серьезное, основательное 
исследование,  вносящее  определенный  вклад  в  развитие  уйгуроведения. 
Оставляет весьма приятное впечатление также литературное и полиграфи-
А.Ш. ЖИЛКУБАЕВА

153
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
ческое оформление издания», – деп пайымдайды. 
Академик  А.Т.  Қайдаров  ғылым  жолы  өте  күрделі  екенін  айта  келе 
төмендегідей  ой  қозғайды:  «Ғалымның  айтқан  пікірін  ұғатын,  бағалайтын, 
қозғаған  ойын  жалғастыратын,  дамытатын  пікірлес  шәкірттері,  қаламдас, 
кәсіптес замандастары болмаса, ол да бір қасірет... Ғылымның өз үрдісін тау-
ып, аясын кеңейтіп, ілгері дамуының басты шарты – оның жалғастығында бір 
ұрпақтан  екінші  ұрпаққа  асыл  мұра,  аманат  ретінде  ауысып  отыруында»  [6]. 
Менің ойымша, ғалымның үміті орындалған сияқты, себебі бүгінгі күні оның 
идеялары  шәкірттерінің  еңбектерінде  жалғасын  табуда.  Олардың  катарында 
еліміздің  алдыңғы  катарлы  азаматтары  мен  азаматшалары  Мәжіліс  депутаты, 
профессор А. Ахметов, Түркиядағы Қазақстанның елшісі Ж. Түймебаев, Ұлттық 
Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ф. Оразбаева, А. Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, профессор Ж. Манкеева, 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Г. Смағулова 
және тағы басқа еліміздің беткеұстар ғалымдары бар.
Академик алтайтану ғылымының дамуына да өз үлесін қосты десек артық 
кетпейміз,  себебі  оның  ғылыми  жетекшілігімен  бұл  сала  бойынша  бірнеше 
диссертациялар  қорғалды.  Атап  айтар  болсақ,  Ж.  Түймебаев  «Қазақ  тілі  сөз 
қорындағы  түркі-моңғол  тілдеріне  ортақ  лексиканың  қалыптасуы»,  Ж.  Ислам 
«Қазақ, иран тілдері арсындағы ауыс-түйіс процестердің тарихи, мәдени, тілдік 
негіздері», Е. Ауғали «Көне ұйғыр тіліндегі заң құжаттарының тілі» А. Нажимов 
«Способы образования парных и парноповторных слов в каракалпакском языке», 
С. Құдасов Армен, қыпшақ жазба ескерткіштері тілінен, З. Ысмайыл қазақ-түркі 
тілдерінен, Б. Базылхан моңғол тілінен, Чу Мин Хон корей тілінен диссертация 
қорғады.
Ғалымның  тағы  бір  ауыз  толтырып  айтарлық  еңбегі  «Структура  одно-
сложных корней и основ в казахском языке» атты монографиясы (1986 ж). 
«Наличие мертвых корней в тюркских языках по-разному признают почти все 
ученые-тюркологи,  которым  приходилось  изучать  структуру  тюркского  кор-
ня. В одном случае они считают мертвым, те корневые элементы, которые не 
употребляются в языковой практике самостоятельно, а в другом – те, которые 
не поддаются вычленению из состава производной основы» [4]. Бұл еңбек те 
белгілі  түркі  тілдерінің  майталмандары  тарапынан  жоғары  бағаланды.  Азер-
байджан  ғалымы  В.И.  Асланов  кітапқа  берген  пікірінде:  «...рецензируемая 
монография А.Т. Кайдарова представляет собой ценный вклад в тюрколо-
гическую науку и, несомненно станет настольной книгой многих тюрколо-
гов наряду с этимологическими словарями Э.В. Севортяна, М. Расянена и 
Дж.  Клоусена»,  –  деп  жазған  [6].  Академиктің  бұл  сала  бойынша  идеяларын 
оның шәкірттері жалғастырды. А. Кызласов «Односложные корни основы в ха-
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

154
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
касском языке», Ч. Дыйханова «Структурные типы односложных корней основ 
в киргизском языке», А. Нажимов «Способы образования парных и парнопов-
торных слов в каракалпакском языке», Ж. Манкеева «Реконструкция «мертвых» 
корней в структуре глагольных основ казахского языка», Е. Кажибеков «Тюрк-
ский  лексико-грамматический  синкретизм  односложных  корней  основ»  деген 
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
Әбдуәли Туғанбайұлы лексикограф-ғалым ретінде де танымал. Ол «Қазақ 
тілінің этимологиялық сөздігінің» авторларының бірі. Бұл сөздікпен танысқан 
К. Юдахин шәкіртіне жазған бір хатында: «Казахи люди очень решительные. Я с 
завистью читаю казахские этимологии. Завидую и «Краткому этимологическому 
словарю». Все это показывает интерес, пытливость, усидчивость. Завидую я и 
казахской возможности заниматься этим интересным и нужным делом», – деп 
жазады [6]. Расында да академиктің жарық көрген «Қазақтар: ана тілі әлемінде» 
атты  4  томдық  этнолингвистикалық  сөздігі,  «Тысячи  метких  слов  и  выраже-
ний  казахского  языка»,  «Ұйғырша-қазақша  қос  сөздер  сөздігі»  және  т.б.  осы 
саладағы еңбектері оның шын мәнінде лексикография маманы екенін дәлелдей-
ді. Әбекеңнің өзі: «Сөздікке деген бұл құмарлық маған ұстазым К.К. Юдахиннен 
жұққан болу керек», – дейді [6].
Академик А.Т. Қайдаровтың ойынан ешқашан ана тілінің тағдыры кеткен 
емес. Осы мәселеге арналған оның мақалалары да баршылық, ол көп жылдар 
бойы  Халықаралық  Қазақ  тілі  қоғамын  да  басқарып  келді,  бүгінде  аталмыш 
қоғамның Құрметті президенті, ҚР «Тілдер туралы» Заңының дүниеге келуіне 
атсалысқандардың  бірі  де  бірегейі.  Сондықтан  Әбдуәли  Қайдаровты  шын 
мәнінде  ана  тіліміздің  жанашыры  деп  айтуға  болады.  Ғалымның  бұл  еңбегі 
жоғары бағаланып, ол Елбасымыз Н. Назарбаевтың тарапынан бірнеше рет ма-
рапатталды.
Әбдуали Туғанбайұлы шәкіртке бай адам. Өзінің «Ғылымдағы ғұмыр» 
(2000  ж.)  деген  еңбегінде  ол  өз  шәкірттерін  үш  топқа  бөледі.  Мен  ол  кезде 
«докторлық диссертация жазып жүрген шәкірттер» қатарында болдым. Әртүрлі 
себептермен біраз уақытымды созып алдым. Әбдуәли Туғанбайұлы «Ғылымдағы 
ғұмыр»  атты  еңбегінің  бірінші  бетіне  «Бойжеткен,  ересек  шәкірттерімнің  бірі 
Амантайға» деп жазуының сыры осында. Әйтсе де, сәті түсіп 2013 жылы Бішкек 
қаласында докторлық диссертациямды сәтті қорғап, ұстазымның үмітін ақтап, 
«докторлық  диссертацияларын  қорғаған  шәкірттер»  қатарына  кірдім.  Бұған 
ұстазым балаша қуанды және де өзінің сол жақта аспирантура бітіргенін айтты. 
Бұл мен үшін үлкен жаңалық еді. Әбдуали ұстазымыз осы кітапта: «Шәкірт екі 
рет сыналады: бірінші рет диссертациясын қорғар алдында, екінші рет диссер-
тациясын қорғап, қолына сиырдың тіліндей қатырма қағазы түскеннен кейін», – 
деп жазады [6]. Мен өз басым осы екі сыннан да өткен сияқтымын. Ғылымдағы 
А.Ш. ЖИЛКУБАЕВА

155
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
ұстазымның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өзімнің шәкірттік парызымды 
өтеу мақсатында, қолыма қалам алып, биылғы жылдың мамыр айында Барна-
ул қаласына барып, үлкен Халықаралық жиында «Научная школа академика 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет