Вывод
Таким образом, система эколого-экономической оценки сельскохозяйственных земель
была сформирована с использованием теоретических и методических основ экономической
оценки стоимости земель. Для измерения экологических показателей земель, подверженных
воздействию разных типов природных или антропогенных деградаций был использован
нормативный метод экономической оценки природных ресурсов на основе такс возмещения
ущерба
по
законодательно
установленным
нормативам
стоимости
земель,
откорректированных с помощью поправочных коэффициентов, характеризующих тип или
степень воздействия [7].
Практическая реализация системы оценки на сельскохозяйственных землях
Маркакольского района, Восточно-Казахстанской области области позволила определить
стоимостное значение экологических факторов – типов деградации сельскохозяйственных
земель с применением автоматизированных систем, распространенных на территории
исследования. Наибольшее значение по итоговым результатам эколого-экономической
оценки получили два типа деградации – увеличение площади эродированных земель и
расчлененность территории оврагами, которые представляют главную проблему аграрного
землепользования в районе.
Литература
1. Земельный кодекс РК., 2003 г.
2. Комплексный подход к планированию и рациональному использованию земельных
ресурсов. Глава 10. [Электронный ресурс] // Повестка дня на XXI век / Конференция ООН
по окружающей среде и развитию, Рио-де-Жанейро, 3–14 июня 1992 года. – Режим доступа:
http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/agenda21_ch10.shtml. - Загл. с экрана.
3. Хрулева Т. Амбициозные планы выполнимы? [Текст] / Т. Хрулева // Экономика
сельского хозяйства России. - № 2. – 2013. – С. 34-37.
15
4. A framework for land evaluation [Электронныйресурс] : FAO Soils bulletin 32 / Soil
resources development and conservation service land and water development division. FAO UN. –
Rome, 1976. – Режим доступа: http://www.fao.org/docrep/X5310E/x5310e00.htm. – Загл. с
экрана.
5
. Электронный ресурс] / G. S. Rodrigues, I. A. Rodrigues, C. C. de Almeida Buschinelli, I.
de Barros // Environmental Impact Assessment Review. – 2010. –30, Issue 4. – P. 229–239. –
Режим доступа: http://dx.doi.org/10.1016/j.eiar.2009.10.002. – Загл. с экрана.
6. Лысенко Е.Г. Эколого-экономическая эффективность использования земли [Текст] :
(Теория, методол., практика) / Е. Г. Лысенко. - Ростов н/Д : Полиграф, 1994. – 199 с.
7.
Югай
А.М.
Методические
положения
рационального
использования
сельскохозяйственных земель с учетом агроэкологических, экономических и ресурсных
ограничений в регионах [Текст] / А.М. Югай, А.В. Колесников, М.П. Тушканов и др. – М.
Издательство ООО «НИПКЦ Восход-А», 2009. – 204 с.
Адилова А., Игембаева А., Пентаева С.Б., Молжигитова Д.К.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ
ЖЕРЛЕРДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
Жердің құнын экономикалық бағалаудың теориялық негізін жəне экологиялық
маңызды факторларын ескере отырып жасалған ауылшаруашылық жерлерін экологиялық-
экономикалық бағалаудың жалпы жүйесі келтірілген. Жерді экономикалық бағалаудың
экологиялық көрсеткіштерін өз алдына жеке критерилер есебінде бөліп көрсету мүкіндігіне
негізделген.
Ауылшаруашылық игерілудің жоғары дəрежесі мен эрозия процестерінің кеңінен
таралуын сипаттайтын бағалау жүйесі Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық
жерлерінде жүзеге асырылған.
Кілт
сөздер:
ауылшаруашылық
жерлер,
экология-экономикалық
бағалау,
дегредациялау типі, шығын, бағалау əдістері, экологиялық факторлар, экологиялық
көрсеткіштер, құндық бағалау жүйесі, автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Adilova A., Igembaeva A., Pentaeva S., Molzhigitova D.
EKOLOGO-EKONOMICS THE ASSESSMENT OF FARMLANDS WITH USE OF THE
AUTOMATED SYSTEMS
A general system of ecological and economic assessment of agricultural lands is introduced.
The system was developed taking theoretical basics of economic land evaluation and methods of
significant ecological factors cost estimation into account. A possibility of allotting of ecological
indicators as independent criteria for economic land evaluation is substantiated. The system of
assessment was realized in application to the Novosibirsk region agricultural lands, which are
actively used and subjected to erosion and ravine formation.
Key words: agricultural lands, ecological and economic assessment, types of degradation,
damage, methods of assessment, ecological factors, ecological indicators, cost estimation system.
16
ƏОЖ: 634.11:632.4.(574.51)
Айтенов А.А., Таранов Б.Т.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ЗАҚЫМДАЙТЫН
ЖАПЫРАҚШИРАТҚЫШТАРДЫҢ (INSECTA:LEPIDOPTERA, TORTICIDAE) ТҮР
ҚҰРАМЫ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ ЗИЯНКЕСТІЛІГІ
Андатпа
Бұл мақалада Алматы облысы жағдайында жеміс ағаштарының жапырақширатқыш
зиянкесінің биологиялық ерекшеліктері мен зиянкестілігі көрсетілген.
Кілт сөздер: Жапырақширатқыш, жеміс ағаштары, қабыршақ қанаттылар, жапырақ.
Кіріспе
Зиянкес – жапырақширатқыштарға қарсы күрес шараларын тиiмдi ұйымдастыру үшiн,
олардың түр құрамын, биологиялық жəне экологиялық ерекшелiктерiн жете бiлу қажет.
Алматы облысы жағдайында жапырақширатқыштардың (Lepidoptera, Torticidae) фаунасын
түгендеу, фенологиясы жəне биоэкологиясытуралы мəліметтер жеткіліксіз, сондықтан жаңа
деректермен толықтыру қажеттілігі əлі де болса өзінің қажеттілігін жойған жоқ.
Жапырақширатқыштардың (Torticidae) жұлдызқұрттары, көптеген өсімдіктердің
əртүрлі мүшелерімен қоректенеді жəне жаппай шамадан тыс көбейген кезде
ауылшаруашылығы дақылдары мен жеміс ағаштарының өсіп-өнуіне зиян келтіреді. Олар,
бөжектер табының (INSECTA) қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) тобын құрайтын негізгі
туыстас болып табылады.
Дүние жүзі бойынша жапырақширатқыштардың (Tortricidae немесе Olethreutidae) 1000
аса тұқымдасқа кіретін 10 мыңнан астам түрі бар [1]. Олардың басты морфологиялық
ерекшелігі ретінде: аналықтарының мұртшалары қылшықтəрізді, ал аталықтарының
мұртшалары жұқа кірпекшелі, тұмсығы қысқа дөңгелек ирек, кейде дамымаған,
қармалауышсыз (ExapateH
BN
.), жақ қарамалауыштары 3 буынды болып келетіндігін айтуға
болады. Көбелектердің тыныштық жағдайында қанаттары шатыртəрізді жиналған, ұзынша
ұшбұрышты, көп жағдайда қанатарының негізі жағы жалпақтау болған жағдайда, онда
қанаттары 12 тарамысты төртбұрышты болып келеді. Артқы қанаты жалпақ, ұшбұрышты,
ілгекшелері жəне 6-7 бойлық тарамыстары бар.
Жұлдызқұрттарының денесі көбінесе жалаңаштау (түктері, қылшықтары жоқ), кейде
қара төмпешіктерде орналасқан сирек түктері, бастары қара немесе қоңыр, желке жəне
құйрық қалқаншасы болады. Денесінің түстері сарғыш, ақшыл-күлгін немесе жасылдау.
Жапырақширатқыш көбелектердің жұлдызқұрттарының басым көпшілігі əртүрлі
өсімдіктердің бүрі, гүлі, өркені жəне жапырақтарымен қоректенеді. Желінген, жапырақтарды
жіңішке жібек жіптерімен торлап, ширатып түтікше немесе жапырақтың екі шетін біріктіріп
үйшікке айналдырып сол жерде қуыршаққа айналады (Сурет 1, 2, 3).
Қоректік байланысы бойынша олардың жұлдызқұрттары өсімдіктердің барлық
мүшелерімен, яғни гүлбүршігімен, гүлімен, жапырығымен, сабағымен, қабық сүрегімен, ең
аяғы тамырмен қоректенуге бейімделген. Мысалы: Paedisca bilunanaH
W
. - қайың
сырғаларымен, Paedisca tripunctana W.V. - раушангүлдің шанағымен (бутоны), Grapholitha
funebranaF
R
. - қараөріктің жемісімен, Steganoptycha acerianaD
P
. - теректің өркенімен,
Paedisca foenanaF
R
. - жусанның сабағы мен тамырымен, Grapholitha WoeberianaW.V. - жеміс
ағаштарның, Grapholitha argyrana Н. - еменнің, Grapholitha regiana Z
LL
. - үйеңкенің ағаш
қабығының сүрегімен қоректеніп тіршілік етеді.
17
1 Сурет Жапырақширатқыш жапырақтан жасаған ұяшығы (1ұрпақ). (Ориг.)
2 Сурет Жапырақширатқыштың ұяшықтағы жұлдызқұрты (Ориг.)
3 Сурет Жапырақширатқыштың жұлдызқұрттарының бірнеше алма
жапырағынан жасалған ұяшығы (Ориг.)
18
Біздің 2013-2014 жж жүргізілген зерттеу нəтижелерінің мəліметтеріне сүйенсек,
Аламаты облысы жағдайында тіршілік ететін жапырақширатқыштардың арасында
шаруашылық маңызы бар жəне зиянкестілігі жоғары түрлері өте көп деп айтуға болады.
Олар, шамадан тыс жаппай көбейгенде табиғаттағы өсімдіктерге, жеміс ағаштары мен
мəдени дақылдарға орасан зор зиянын тигізеді. Мысалы: раушан жапырақ ширатқышы -
Cocoecia rosana L., алма жемiрi - Laspeyreisa pomonella L., алмұрт жемірі - Laspeyreisa
pyrivora Danilevsky, шығыс жемірі - Grapholita molesta Busk, екіжылдық жапырақширатқыш
- Eupoecilia ambiguellla Hubn, алма, алмұрт, шабдал жəне қара өрік ағаштарының
жемістерінің 50%-ға,
кейде 60%-ға
дейін
зақымдайтыны
белгілі.
Жəне
жапырақширатқыштардың басым көпшілігі полифаг-көпқоректілер, сонымен қатар олар
бірнеше ұрпақ бере отырып өсімдіктің əртүрлі мүшелерімен қоректенуге бейімделген.
Алматы облысы жағдайында жапырақширатқыштардың 12 түрі кездесті (кесте 1).
Кесте 1 – Алматы облысы жағдайында жеміс ағаштарын зақымдайтын шаруашылық маңызы
бар шапырақширатқыштардың ( Lepidoptera, Torticidae) түр құрамы. Алматы облысы тау
етегі жəне жеміс ағаштары өсетін белдеулік (2013-214 жж.)
Рет
.
№
Зиянкестің атауы
Өсімдіктің
зақымдалатын
мүшесі
Ұрпақ
саны
Негізгі зақымдалатын
өсімдік
1 2
3
4
5
1
Cydia (=Laspeyreisa) pomonella
L, -Алма жемiрi
Жапырағы, гүлі,
гүлшоғыры,
жемісі
3-4
Жабайы жəне мəдени
жеміс ағаштары
2
Laspeyreisa pyrivora
Danilevsky. - Алмұрт жемірі
Жапырағы 1
Алма жəне алмұрт
3
Spilonota albicana Motsch. - Ақ
алмажемірі
Бүрі, жапырақ,
жеміс
2-3
Алма, алмұрт, шие,
қара өрік
4
Grapholita molesta Busk. -
Шығыс жемірі
Өркен, жеміс 2-3
Жабайы-мəдени жеміс
ағаштары
5
Siplonota ocellana Shiff. -
Бүршік жапырақширатқышы
Бүрі, гүл шоғыры,
шанақ, жапырақ
2
Жас алма, алмұрт,
шие, қара өрік
6
Enarmonia formosana Scop.-
Сүрек немесе шие
жапырақширатқышы
Қабық сүрегі 1 2-4
жастағы алма,
алмұрт, шие, қара өрік
ағаштары
7
Archips (=Cocoecia) rosana L. -
Раушан жапырақширатқышы
Бүрі, гүл шоғыры,
шанақ.
1
Жабайы, мəдени жеміс
жəне парк ағаштары
8
Archips crataegana Hbn. -
Долана жапырақширатқышы -
Бүрі, гүл жəне
жапырақ
1
Жабайы, мəдени жеміс
жəне орман ағаштары
Archips podana Scop.- Кең
қоректі жапырақширатқыш
Бүрі, өркен, гүл
шоғыры, шанақ,
жапырақ
3
Жабайы, мəдени жеміс
жəне орман ағаштары,
қылқан-
жапырақтыларды
9
Acleris variegana Shiff. -
Алуантүсті
жапырақширатқыш
Бүрі, өркен, гүл
шоғыры, шанақ,
жапырақ
1
Жабайы, мəдени
жеміс, орман жəне
парк ағаштары.
19
1-ші кестенің жалғасы
1 2
3
4
5
10
Argyrotaenia ljungiana
Tunberg – Көпқоректі
жапырақширатқыш
Бүрі, гүлшанағы
жəне жапырақ.
Жеміс.
3
Алма, алмұрт,
қараөрік, шие, алша,
абрикос, долана т.б.
11
Түтінтүсті
жапырақширатқыш -
Choristoneura diversana
Hubn.
Бүрі, гүлшанағы
жəне жапырақ.
Жеміс.
1
Алма, алмұрт,
қараөрік, шие, алша,
абрикос, долана,
таңқурай т.б.
12
Eupoecilia ambiguellla Hubn.,
- Жүзім жапырақширатқышы
Бүрі, гүлшанағы
жəне жапырақ.
Жеміс.
2
Жүзімнің негізгі
зиянкесі. Көптеген
өсімдіктер.
13
Hedyia nubiferana Hw. -
Өзгергіш жапырақширатқыш
Бүрі, гүлшанағы
жəне жапырақ
1
Алма, алмұрт,
қараөрік, шие, алша,
абрикос, долана,
таңқурай т.б.
14
Cocoecia (Archips) xylosteana
L. - Алтынжолақты
жапырақширатқыш
Бүрі, гүл жəне
жапырақ
1
Жабайы, мəдени
жеміс жəне парк
ағаштары, алма мен
алмұрттың негізгі
зиянкесі.
15
Adoxophyes orana F.R. -
Торлы жапырақширатқыш
Бүрі, гүл жəне
жапырақ
2
Су жағалауындағы
тал жəне басқада
өсімдіктер, жабайы,
мəдени жеміс жəне
парк ағаштары.
16
Acylis selenana Gn. -
Ораққанатты
жапырақширатқыш
Бүрі, гүл жəне
жапырақ
1
Жабайы, мəдени
жеміс жəне парк
ағаштары, тақурай,
қарақат.
17 Xroesia (Peronea) holmiana L.
- Ақжолақты Крезия
Жапырақ 1
Жабайы, мəдени
жеміс жəне парк
ағаштары, алма
ағашына зиян
келтіреді.
Біздің байқауларымыздың нəтижиесінде (1 кесте), зиянкес – жапырақширатқыштардың
жұлдызқұртарының қоректік байланысы жағынан негізінен ағаштектес, оның ішінде жеміс
ағаштарының бүрімен, гүлшанағымен, гүлімен, өркенімен, жапырағымен, қабық сүрегімен
жəне жемісімен қоректенуін атап өтуге болады. Тізімдегі жапырақширатқыштардың
қоректік байланысы жəне зиянкестілігі олардың ұрпақ санына да байланысты. Мысалы:
поливольтинді (3-4 ұрпақ беретіндер) - алма жемiрi (Cydia (=Laspeyreisa) pomonella L.) жəне
көпқоректі жапырақширатқыш (Argyrotaenia ljungiana Tunberg); бивольтинді (2-ұрпақ
беретіндер) - бүршік жапырақширатқышы (Siplonota ocellana Shiff.), жəне жүзім
жапырақширатқышы ( Eupoecilia ambiguellla Hubn.) зиянкестер тобының 1-ші ұрпағы алма,
алмұрт, т.б. жеміс ағаштарының бүршігімен, гүлжапырақтарымен жəне өркендерімен
қоректеніп, өсімдіктің гүлденуін жəне көктемгі өсуін тежейді, ал 2-3-ші ұрпақтары өсімдіктің
жемістерімен қоректеніп, олардың салмағы мен сапасын төмендетеді. Ал, моновольтинді
түрлерінің ішінде раушан жапырақширатқышын (Archips (=Cocoecia) rosana L.) атауға
болды. 2011-2013 жылдары осы зиянкестің əсерінен жеміс ағаштарынан алмұрт ағашы, алма
20
ағашы жəне қарағаш көп зиян шекті. 2011 жылы раушан жапырақширатқыштың алмұрт пен
алма ағашымен қоректенген популяциясының зиянкестілігі 80-ға жетіп, ағаштардың
генеративті мүшелері толықтай жойылды, ал қарағашта 50%-ға жетті. Кейбір алмұрт
ағаштары толықтай зиян шекті. Осы жылғы көктемнің ылғалды болғандықтан зақымдалған
алмұрт ағаштары қайта көктеп өсіп өнуін жалғастырды. Егерде көктем қуаңшылық болса
онда ағаштардың қуарып, көп зиян шегетіні белгілі.
Жапырақширатқыштардың негізгі зиянкес түрлерінің биологиялық ерекшелiктерi.
Раушан жапырақширатқышы (Archips (=Cocoecia) rosana L). Көктемде алма ағаштарының
гүл шоғырының жаңару мезгiлiнде жұмыртқалардан жұлдызқұрттар шыға бастайды, осы
кезден бастап олар бүршіктермен, өркендермен, гүлшоғырымен жəне гүлдермен қоректеніп,
30-40 күннен кейiн жұлдызқұрттар ширатылған жапырақтарда қуыршақтанып, 8-10 күннен
соң көбелектер ұша бастайды, яғни, бiр ұрпақ береді. Жұмыртқалары қыстайды [2].
Бүршік жапырақширатқышы (Siplonota ocellana Shiff.) – Зиянкестің жұлдызқұрттары
қабық астындағы штамба тарамдарында жəне қаңқа бұтақтарында қыстайды. Көктемде
жемісағаштары бүршiктене бастағанда, қыстап шыққан жұлдызқұрттар алма, алмұрт, шие,
қара өрік бүрі, гүл шоғыры, шанақ, жапырақ қоректене бастайды. Қоректену мерзiмi бiр айға
созылады, содан кейiн жұлдызқұрттар қуыршаққа айнала бастайды. Вегетация кезеңiнде екi
ұрпақ бередi.
Алма жемiрi (Cydia (=Laspeyreisa) pomonella L.). Жер жүзi бойынша алма ағашы өсетiн
аймақтардың барлығында тегiс таралған ең қауiптi зиянкес. Көбелектiң алдыңғы қанаттары
артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың
қабығына ұқсас қара сұр түстi болады. Қанаттарының ұшында қола түстi жылтыр 3 жолағы
бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерiнде ақшыл-сұр түстi
қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрiсi 20мм жетедi [3]. Күзде, жетілген жұлдызқұрттар
алма ағашының дiңi мен бұтақтарының өлi қабықтары астында, жарықтарында, кеуектерiнде
жерге түскен жапырақтардың жəне басқа өсiмдiк қалдықтарының арасында, сонымен қатар
жемiс сақтайтын орындарда қыстап шығады.
Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарда қуыршаққа айналады. 2-3 жетiден
соң қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Əдетте, олардың ұшу мерзiмiнiң басталуы
алма ағашының гүлдену кезеңiнiң аяқ кезiне тура келедi. Көктем кешiккен жылдары
көбелектiң жалпы ұшу мерзiмi бiр айға, ал жаппай ұшу кезеңi 7 күннен 14 күнге созылады.
Қуыршақтан шыққан соң, бiрнеше күннен кейiн көбелектер жұмыртқалауға кiрiседi.
Жұмыртқаларын бiр-бiрлеп алғашында жапыраққа, одан соң жемiс түйiндерiне салады.
Көбелектер кешкі уақыттан бастап түнгі мезгілде ұшады. Ауа райының жылылығы 16
С
төмен болтын салқындау күндерi көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады. Əрбiр ұрғашы
көбелек өз өмiрiнде 100 жəне одан да көп жұмырқа салады [4]. Оншақты күн өткен соң
жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1-2 сағаттан кейiн жемiстiң қабығын
кемiрiп, жұмсақ тканiне енедi де онда тұқым дəнегiне қарай жол салып, жемiстiң тұқымдары
мен қоректенедi. Одан соң келесi жемiске көшедi. Жұлдызқұрттардың қоректенуi 25-30 күнге
созылады. Осы мерзiм iшiнде əрбiр жұлдызқұрт 3-4 жемiстi зақымдайды [5]. Дамуы
аяқталған жұлдызқұрттар қоректенуiн тоқтатып, жемiстен шығады да, ағаштың өлi
қабықтарының астында, жарықтарында жəне басқа орындарда қуыршаққа айналады.
Оңтүстiк аудандарда бұл кезең мамырдың соңғы онкүдiгiнде, ал Алматы облысының тау
бөктерiндегi аудандарында маусымның екiншi жартысына немесе аяқ кезiне тура келедi.
Қуыршақтану кезеңi басталған соң, 10-15 күннен кейiн жаңа ұрпақтың көбелектерi ұшып
шығады. Олар жұмыртқаларын көбiнесе жемiстiң үстiне салады. Бұл ұрпақтың
жұлдызқұрттары да жемiстi кемiрiп, iшiне жол салып енедi де, оның тұқымдарымен
қоректенедi. Зақымдалған жемiс түйнектерi пiсiп-жетiлмей төгiлiп қалады, пiсуi жеткен
кезде зақымдалғандары сақтауға төзiмсiз келедi. Алма жемiрi республиканың оңтүстiгiне
жылына 3, оңтүстiк-шығысында 2, ал батыс, орталық жəне солтүстiк аймақтарда 1 ұрпақ
берiп дамиды.
21
Қараөрік жапырақширатқышы (Grapholita funebrana). Қанатының өрісі 10-15 мм.
Алдыңғы қанаты күлгін-қоңыр, артқы қанаты ашық-қоңыр түсті. Бірінші ұрпақтың
аналықтары жұмыртқаларын 40-50-ден жемістің үстіне, кейде жапырақ астына салады.
Екінші ұрпақтың аналықтары піскен жеміске салады. Жұмыртқа сатысы 7-11 күнде дамиды.
Жұлдызқұрттарының ұзындығы 12-15 мм. Түсі ақшылдау. Соңғы жастағыларының түсі арқа
жағы қызылдау, ал денесінің астыңғы жəне бүйірі ақшыл-қызғылт болып келеді.
Жұмыртқадан пайда болған жұлдызқұрттар жемісті үңгіп жейді. Жеміс тұғырына жеткен
кезде олар, өсімдіктің қорек жүретін түтікше жүйесін кесіп тастайды. Балғын жемістеріндегі
сүйегін кеміріп, оларды да зақымдайды. Жұлдызқұрттың дамуы 17 күннен 30 күнге дейін
созылады. Соңғы жастағы жұлдызқұрттар қыстайды. Қуыршағының ұзындығы 6-8 мм,
дамуы 15 күннен 33 күнге дейін созылады. Қазақстанда 2-3 ұрпақ береді. Көптеген жеміс
ағаштарын зақымдайды.
Қорытынды
2013-2014 жылдары Алматы облысының тау етегі жəне жеміс ағаштары өсетін тау
белдеуліктерінде жүргізілген зерттеулердің нəтижесінде, осы аймақта тіршілік ететін
жапырақширатқыш туыстасының 14 тұқымдасына жататын 17 түрі тіркеліп, олар туралы
биоэкологиялық
мəліметтер
алынды.
Зерттеудің
ғылыми
жаңалығы
ретінде
жапырақширатқыштардың түрлік құрамының аннотациялық тізімі, олардың биологиясы,
экологиясы жəне таралуы туралы мəліметтер алынды жəне алынған деректер келешекте,
олармен күресу шараларын ұйымдастыру үшін биологиялық негіздеме болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |