Медешова айгүл бақТЫҒалиқызы бастауыш сынып


Оқыту технологиясын жетілдіру



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,23 Mb.
#9317
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Оқыту технологиясын жетілдіру
“Білім  алу-бүкіл  дүние  жүзіндегі  барлық  адамдардың  іргетас 
қүқығы.  Білім  неғүрлым  қауіпсіз,  салауатты,  гүлденген  эрі  экологиялық 
жағынан түрақты әлемді қамтамасыз  етуге көмектеседі.”
Ел  президент!  Н.  Назарбаевтың  "Қазақстан  -  2030"  атты  халыққа 
жолдауында  мемлекеттік  үзақ  мерзімді  басымдықтар  қатарында,  ерекше 
орында білімнің аталуы да сондықтан.
"Біз  бүгінгі  кезеңнің  міндеттерінен  өзге  біздің  ұрпақтың  келер 
үрпақтар  алдында  орасан  зор  жауапкершілік  жүгін  арқалайтынын:  әкелер 
мен  аналардың,  аталар  мен  әжелердің  өз  балалары  мен  немерелері 
алдындағы жауапкершілігін есте ұстауға тиіспіз.
...болашақтың  моделін  жалпыланған  түрде  және  жақты  қысқа 
мерзімді  мақсаттар  түрінде  ұдайы  көз  алдымызда  бағдар  етіп  ұстауға 
тиіспіз.  Мүның  өзі  қандай  да  бір  іс  әрекетке  кірісе  отырып-  біз  дұрыс 
бағытпен  жүріп  келеміз  бе;  элде  бағдардан  ауытқыдық  па?  оқиғалардан 
ілгеріге  оздық  па?  элде  табандап  қалып  келеміз  бе?-  үдайы  таразылап 
отыру үшін қажет.
...Өзімізді  элем  мен  бүкіл  планетаның  бір  бөлігі  ретінде  түйсІне 
отырып,  біз  жаңа  дәстүр  мен  жаңа  уақыттың  тынысын  және  олардың 
жуықтай түскенін сезінеміз.
...Біздің  жас  мемлекетіміз 
өсіп 
жетіліп, 
кемелденеді, 
біздің 
балаларымыз  бен  немерелеріміз  онымен  бірге  ер  жетеді.  Олар  өз 
үрпағының  жауапты  да  жігерлі,  білім  өресі  биік  өкілдері  болады.  Олар, 
бабаларының  игі  дәстүрлерін  сақтай  отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық 
экономика  жағдайында  жұмыс  істеуге  даяр  болады.  Олар  бейбіт,  абат, 
жылдам  өркендеу  үстіндегі,  күллі  элемге  әйгілі,  эрі  сыйлы  өз  елінің 
патриоттары болады.
...2030 жылы біздің үрпақтарымыз бүдан былай әлемдік оқиғалардың 
қалтарысында  қалып  қоймайтын  елде  өмір  сүретін  болады.  Олардың 
Қазақстаны  Еуразияның  орталығы  бола  отырып,  жедел  өркендеп  келе 
жатқан  үш  аймақтың  -  Қытайдың,  Ресейдің  жөне  Мүсылман  әлемінің 
арасындағы  экономика  мен  мәдениетті  байланыстырушы  буын  рөлін 
атқаратын болады,- деп көрсетілді Жолдауда.
Қоғамдағы  қазіргі  кездегі  қайта  қүрулар,  экономиканы  дамытудағы 
жаңа  стратегиялық  бағдарлар, 
қоғамның  ашықтығы, 
оның  жедел 
ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы  білім  беруге  қойылатын  талаптарды 
түбегейлі өзгертті.

Осыған  байланысты,  білім  беру  саласында  өзгерістер  бастауыш 
мектептен  бастап,  оқушының  қоғам  талабына  сай  біліммен  қарулануына, 
қазіргі  заманда  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  көтерілуіне  жол  ашатын 
белсенді азамат болуын көздейді.
Оқушылардың  білім  деңгейінің  барлық  кейінгі 
сатыларында 
нәтижелі  дамуын  анықтайтын  негіз  бастауышта  қаланатындығы  баршаға 
белгілі.
Қазақстан 
Республикасының 
орта 
білімді 
дамыту 
тұжырымдамасында  «бастауыш  мекгептің  негізгі  міндеттері  -  баланың 
жеке  басының  алғашқы  қалыптасуын  қамтамасыз  ету,  оның  қабілеттерін 
ашып,  дамыту,  оқуға деген ықыласын,  іскерлігін  қалыптастыру,  оқу,  жазу, 
санау,  қарым-қатынас  ынтымақтастық  тәжірибесінің  берік  дағдыларын 
меңгету,»  -  дей  келіп,  оқытудың  жаңа  мазмұны,  тиімді  әдістемелер  мен 
оқыту технологиялары мэселелерін жетілдіру, жаңарту міндетін қояды.
Республикамызда  соңғы  жылдары  оқыту  үрдісін  ізгілендіру,  оның 
практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Оқыту  -   білім  берудің  негізгі  жолы.  Оқыту  мұғалім  мен 
оқушылардың  біріккен  іс-әрекеттері,  сондықтан  да  ол  екі  жақты  біртекті 
үрдіс:  біріншіден,  мұғалім  оқушыларға  білім  беріп,  іскерлікке,  дағдыға 
үйретеді;  екіншіден,  оқушы  таным  міндеттерін  жете  түсініп,  дағдыны 
игереді жэне оларды өмірде қолданады.
Оқыту  үрдісін  жетілдіруге  қазақстандық  ағартушылар  А.Қүнанбаев, 
Ы.Алтынсарин, 
Ш.Уәлиханов, 
Ш.Қүдайбердиев, 
А.Байтүрсынов, 
М.Дулатов, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов, т.б.  көп үлес  қосқан.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  саладағы  ғалымдар  (Б.З.Ақназаров,
А.А.Бейсенбаева, 
К.К.Жэмпейісова, 
М.А.Құдайқұлов, 
С.Қожахметов, 
Р.Г.Лемберг,  Т.С.Сабыров,  Г.А.Уманов,  Н.Д.Хмель  жэне  т.б)  оқушының 
даму  үрдісін,  сабақты  ұйымдастыру,  мектептегі  оқу  пәндерді  оқыту 
әдістемесі  көптеген т.  б.  өзекті мәселелерді қарастыруда.
Бүгінгі  күні  оқыту  үрдісінде  орнықты  орын  алатын  дидактикалық 
теориялар  бар. 
Олар: 
оқыту  үрдісінің  мәні  (Амонашвили  Ш.А., 
Архангельский  С.И.,  Данилов  М.А.,  Загвязинский  В.И.),  оқу  үрдісін 
қиындықтың  жоғары  дейгейінде  қүру  жэне  ойлаудың  ортақ  көзқарасын 
қалыптастыру  (Брунер  Д.),  ойлау  әрекетін  қалыптастыру  дамыту 
(Гальперин  П.Я,  Игнатович  И.)  ойлау  қабілетін  кезеңмен  қалыптастыруды 
дамыту  (Талызина  Н.Ф.),  дамыта  проблемалық  оқыту  (Давыдов  В.В.), 
Эльконин  Д.В,  Занков  Л.В.),  проблемалық  оқыту  (Махмудов  М.И., 
Матюшкин А.М,  Скаткин М.Н.  т.б.), даралап  оқытудың  (Якиманская  И.Я.) 
т.б, деңгейліу саралап оқыту (Қараев Ж.А.), модульдік оқыту (Жанпейісова 
М.М),  үжымдық  танымдық  әрекет  (Тригубова  Н.Н.),  қарым-қатынас 
үрдісінде оқыту  (Горшкова В.В.),  компьютерлік  оқыту (Жүсібалиева Д.М.,
33

Нұрғалиева  Ғ.Қ.,  Құрманалина  Ш.Х.,  Халықова  К.З.,  Аганина  К., 
Мұханбетжанова С.), т.б.
Я.А.Коменский  оқыту  әдістеріне  байланысты  “Мұғалім  материалды 
қанша  білгенінше  үйретуі  қажет  емес,  оны  оқушылардың  меңгергенінше 
үйретуі  тиіс,”  -  деп түжырымдайды.  К.Д.Ушинский  “адамзат  мәдениетінің 
қазынасын  тиімді  пайдалануды”  оқу  үрдісін  сапалы  ұйымдастырудың 
басты  шарты-эдістемелік  шеберлікте,  ал  эдістемелік  шеберлік  эр  түрлі 
оқыту  эдістеріне  байланысты  деп  есептеді.  Сухомлинский  В.А.  “Адам 
білім арқылы жүмыс істеуге үйренуі-адамгершіліктің  ең жоғарғы мұраты”, 
ол  1)  оқушыларға білім  қорын жинақтауга мүмкіндік беру,  2)  оқушыларды 
үдайы,  барлық өмір  бойы  өз білімін толықтырып  отыруға,  әсіресе,  адамзат 
мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету деп тұжырымдады.
Оқыту 
үрдісі 
танымдық 
әрекеттің 
формасы 
мен 
әдістерін 
оқушылардың жас ерекшеліктерінІң сәйкестігіне орай өзгертіп отырады.
Оқыту  адам  қызметінің  бір  ғана  түрі,  ол  екі  жақты  сипатта  болады. 
Ол  мүғалім  мен  оқушылар  арасында  оқудың  мақсат-міндеттерін  жүзеге 
асыруға  байланысты  бір  мезгілде  өзара  қарым-қатынастары  мен  оқу 
әрекеттерінен  түрады.  Оқу  әрекеті  дегенде:  мүғалімдер  тапрапынан  білім 
беру  қызметіне  басшылық болса,  оқу-бұл  оқушылар тарапынан  білімдерді 
меңгеруі, 
танымдық 
эрекет. 
Мүғалім 
оқушыларға 
білім 
беруде 
қаншалықты  белсенділік  танытқанымен,  егер  де  ондай  эрекег  оқушылар 
тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды.
Мүғалімнің оқыту мақсаты былай анықталады:
оқушылардың дидактикалық,  психологиялық, физиологиялық жэне 
жеке түлғалық ерекшеліктерін оқып-үйрену,
оқушылардың оқу-танымдық эрекетін ақпараттық технология 
арқылы басқару жэне кемшіліктерді түзету;
оқыту технологиялары арқылы педагогикалық шеберлікті жетілдіру.
Осы мақсаттарға жету кезеңдері:
1. 
оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және 
оларды  әрекетке  бағыттайтын  мотивтерді  туғызу.  Осыған 
орай оку міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау.
2. 
оқышыға  жаңа  берілетін  білімді  баяндау  және  оны 
қабылдауға жағдай туғызу.
3. 
оқушының  білімді  қабылдауы  жэне  оның  санасында  жаңа 
білімнің  қорытылып,  ғылыми ұғымдар мен  тұжырымдардың 
қалыптасуына мүмкіндік беру.
4. 
берілген білімді  бекітуге басшылық ету.
5. 
оқушының  білімі  мен  дағдысының  сапасы  және  деңгейін 
есепке алу, тексеру,  бағалау.
Оқушы  білімді  ықшамдалған,  педагогикалық  түрғыдан  өзгертілген
34

жолмен мұғалімнің жэне оқулықтардың көмегіне сүйене отырып алады.
Оқыту  -  мұғалімнің  білім  берудегі  жетекші  әрекеті  болса,  оқу  - 
баланың  өзінің  танымдық,  практикалық  әрекеті.  Оқыту  қалай  болса  солай 
жүрмейді,  жоспарлы  үйымдасқан  түрде  жүзеге  асырылады.  Оқытудың 
мазмұны,  өзіне  тэн  әдістері,  үйымдастыру  формалары  мен  нәтижесі 
болады.  Ол  -  оқушыға  білім  беру  мен  дағдыны  меңгертуді,  танымдық 
әрекетін  қалыптастырып,  дамытуды  көздейді.  Л.В.Занковтың  пікірінше 
оқыту  оқушының  жалпы  рухани  дамуын  қамтамасыз  етуі,  балада  оқуға 
деген  белгілі  жағымды  бейім  -  оқу  әрекетінің  стилі  қалыптасуы  қажет. 
Мысалы, үздік оқитын бала мен үлгірмейтін баланың оку әрекетінде елеулі 
психологиялық  айырмашылықтар  бар. 
Үздік  оқитын 
балалар  оқу 
міндеттерін  шешуге  белсене  кірісіп,  қалай  да  мақсатқа  жетудің  тиімді 
тәсілдерін ізденуге тырысса, үлгірмейтін  балалар мұндай  жағдайда өздерін 
енжар  үстап,  қиындықтардан  жалтаруға даяр  түрады,  оларды  шешуге  күш 
жүмсамай,  жеңіл  қүтылғысы  келеді.  Оқуға  үлгірмейтіндердің  бэріне  тэн 
ортақ қасиеттер де  бар:  олар  өздігінен  оқу-танымдық әрекетін  жэне  жалгіы 
психикалық  үрдістерін  (зейін,  есте  қалдыру,  ойлау,  т.б.)  дұрыс  басқара 
алмайды.
Оқыту  ісінің  басталуымен  байланысты  төменгі  сынып  оқушысының 
өмірінде 
оқу 
әрекеті 
белең  ала  бастады.  Соған  байланысты  ата- 
аналарымен 
өзара 
қарым-қатынасы 
өзгереді 
жэне 
мұғалімдермен, 
сыныптастарымен қарым-қатынасы белгіленеді.
...Адамды  оқыту  -  екі  жақты  үрдіс.  Онда  мүғалім  мен  оқушының 
өзара  ынтымақтастық  іс-әрекеті  жүзеге  асады.  Бұл  сабақ  беру  және  оқу 
порцесі.  Осы  порцестерде  оқушылардың  ақыл-ойы,  танымы,  білігі  мен 
дағдысы  қалыптасады.  Оқытудың  білім  беру  негізі  білік  пен  дағдыны 
игерту 
үшін 
оқушы 
бойына 
жалпыадамзаттық, 
үлттық, 
рухани- 
адамгершілік  қүндылықтарды  жинақтаған  білімді  адам  дайындауға 
бағытталуы тиіс.
Педагогикада  «оқу  әрекеті»  үғымы  «оқыту  үрдісімен»  тығыз 
байланысты.  «Оқыту  -  жеке  дара  психикалық  дамуды  жеделдету  жэне 
танылатын дүниенің танылған заңдылықтарын  игеру  мақсатымен  жасанды 
үйымдастырылған әрекет».
Оқыту  мен  оқу әрекеті  көрсеткіштері  арасындағы  айырмашылықтың 
мәні  -  оқу  әрекеті  жемістілігін  талдауда  педагогикалық  үрдістің  берілген 
сипаттамаларының  оның  тиімділігінің  басқа  көрсеткіштерімен  қатынасын 
анықтауда.  Шубина  Л.Е.  еңбегінде  оқыту  мен  оқудың  бір-бірімен 
байланысты  екені,  бірақ  тең  мэндес  емес  болмайтындығынан,  оқу  әрекеті 
мен  оқытудың  жемістілігі  де  бір-бірімен  тең  мәндес  бола  алмайтыны 
дэлелденген.
35

Оқытуды  дамытудың  жаңа  бағыттарының  бірі  —  білім  мазмұнын 
оқушының  толық  меңгеруін  іске  асыратын  оқыту  технологиясын 
жетілдіру.
Оқыту  технологиясы  -  оқу  бағдарламаларында  алға  қойған  мақсатқа 
жетудің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  әдіс,  құрал  арқылы  білім  мазмұнын 
жүзеге асару, қысқаша айтқанда, оқу үрдісін жетілдіру жүйесі.
Оқыту  технологиясы  -  дидактикалық  жэне  әдістемелік  жүйенің 
қүрамды  бөлігі  болып  табылады.  Мәселен,  эдістемелік  жүйе  нені  оқыту 
керек?  қалай  оқыту  керек?  не  үшін  оқыту  керек?  деген  сұрақтарға жауап 
іздесе,  оқыту  технологиясы  қалай  нәтижелі  оқыту  керек?  деген  сүраққа 
жауап береді.
Оқытудың 
технологияларын 
пайдалану 
негізінде 
білім 
беру 
тұжырымдамасының алгоритмін төмендегідей  түрде үсынылады:
1.  білім беру жүйесінің түпкі мақсаттарын баяндау;
2.  аралық мақсаттардың болжамдық көрсеткіштерін баяндау;
3.  оқыту мазмүнына сүйену;
4.  көзделген мақсатқа жеткізетін және оқыту сапасын объективті 
тексеру эдістемесімен қамтамасыз ететін стандартты оқыту технологиясын 
үсыну;
5. 
оқытудың үйымдастырушылық формалары мен  шарттарын 
баяндау.
Оқыту  технологиясына  алғаш  рет  1970  жылы  Нью-Йоркте  жэне 
Лондонда  басылған  әйгіді  американдық  “To  Learning”  баяндамасында  екі 
түрлі 
анықтамалық 
көзқарас 
берілген. 
Біріншіде, 
дидактикада 
пайдаланылатын  қарым-қатынас  қүралы  мен  тәсілдердің  жиынтығы 
ретінде  берілсе,  екіншісінде  педагогикалық  тэсілдер  мен  қүралдар 
жиынтығынан да мэнді нәрсе ретінде қарастырылған.
Көптеген  зерттеушілер  “оқыту  технологиясы  -  оқыту  мақсаттарын 
ескере  отырып,  оқу  үрдісін  дүрыс  жоспарлап,  оны  жүзеге  асыру”  деген 
пікірмен  келіседі.  Мысалы,  В.П.Беспалько  оны “оқу-тәрбие үрдісін жүзеге 
асырудың  мазмүнды  техникасы”, 
ал  Н.Ф.Талызина  қазіргі 
оқыту 
технологиясы  көзделген  мақсатқа  жетудің  неғүрлым  тиімді  тэсілдерін 
анықтаудан  түрады  деп  есептейді.  Дж.Брунер  оқыту  технологиясын 
дидактикалық жүмыстың өзіндік ерекшелікті қүралы ретінде қарастырады.
Оқыту 
технологиясы 
мәселесіне 
белгілі 
педагогтардан
В.П.Беспалько,  А.Я.Савельев,  Н.Ф.Талызина,  О.П.Околелов,  Ю.Г.Татур,
Н.Ф.Маслова  жэне  т.б.  зор  үлес  қосты.  Біреулер  оқыту  технологиясын 
оқыту мақсатына кепілді жетудің қүралы ретінде  қарастырады жэне  ол кез 
келген  оқу-тәрбие  үрдісінде  өмір  сүріп,  классикалық  дидактиканы 
дамытады  деп  есептейді.  Басқа  зерттеушілер  оқыту  технологиясын  “алға 
қойылған  мақсатқа  жетудің  тиімді  жолын  қамтамасыз  ететін  оқыту

құралдары  мен  тәсілдері, 
формаларының  жүйесін  ұсынатын,  оқу 
бағдарламаларында  қарастырылатын  оқыту  мазмұнын  жүзеге  асырудың 
жолы”  ретінде  қарастырады.  Үшіншілері  оқыту  технологиясын  оқытудың 
мақсаттары  мен  мазмүнына  қатысты  оқушы  іс-әрекетінде  және  мінез- 
қүлық  формаларында  талап  етілетін  өзгерістерге  үмтылдырудың  әр  түрлі 
сипаттағы 
әрекеттердің 
(дидактикалық, 
психологиялық, 
жалпы 
педагогикалық,  т.б.)  түтасталған  жиынтығы  деп  түсінеді.  Оқытудың 
технологиялары  -   дидактикапық  жүйенің  қүрамдас,  процессуалдық  бөлігі 
(М.Чошанов)
Оқыту технологиясы  мектепте  оқу  үрдісіне  қажетті  әдіс,  тәсіл,  амал, 
дидактикалық  талап  сияқты  оқыту  мен  тәрбиенің  тиімділігін  қамтамасыз 
ететін 
психологиялық-педагогикалық  іс-әрекеттердің  жүйелі 
кешені 
ретінде пайдаланылады.
Қазіргі 
уақытта 
бастауыш 
сыныптарда 
қолданылатын
Ш.Амонашвилидің  баланың  жеке  қасиеттерін  ашу  арқылы  танымдық 
күшін  қалыптастыру,  дербес,  саралап-деңгейлеп,  дамыта,  иллюстрациялы 
түсіндірмелі,  ойын  арқылы,  жобалап,  үжымдық  тәсілмен,  проблемалық, 
түлғалық бағдарлы оқыту, оқу материалын схемалы және белгілеу үлгілері 
негізінде  оқытуды  жеделдету,  қарқындату,  программалық  оқыту  және 
оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологиялары,  т.б.  белгілі.  Мүндай  оқыту 
технологиялары  оқушы  әрекетін  жаңа  сапалық  деңгейге  көтеруге  ықпал 
етеді.
Кесте  1  -  Бастауыш  сыныптағы  математика  сабақтарында  қолданылатын 
оқыту технологиялары
Технологияның
аты,
Мақсаты
Тұжырымының
Мазмұны 
мен
авторы
ерекшелігі
әдістерінің
ерекшелігі
Дидактикалық
-математикалық
өзара 
байланысты
бір  мезгілде  тура
бірліктерді 
ірілендіру
білімнің
амал, 
операция,т.б.
жэне  кері  амалдар
технологиясы
оқушының
біріктіре 
жэне 
бір
мен
интелектісін
мезгілде қарастыру,
операцияларын
дамыту  мен  өзін-
-есеп  кздэастыру  және
меңгеру
өзі 
дамытуының
шығару 
үрдісінің
-өзара 
қарама-
басты 
шарты
бірлігін 
қамтамасыз
қарсы  ұғымдарды
ретіндегі
ету,
сэйкестендіру
тұтастығына 
қол
-деформацияланган
-жатығуларды
жеткізу;
жаттығулар әдісі
орындау,  есептср
-пэндердің
-тура 
есепті 
кері
шыгаруда
бірлестігі 
мен
есепке айналдыру
амалдардың
тұтастығын
-тапсырмалардың
орындалу тэртібін
қамтамасыз ететін
баланың 
ойлау 
операцияларын
реттеу
37

Кестенің жалғасы
тақырыптардың 
неғұрлым 
жетілген 
жұйесін 
жасау.
меңгеруін,  логикасын 
дамытуға 
әсерлі 
болуы
Математиканы 
оқытудың 
есеп 
шығаруға 
негізделген 
технологиясы
-барлық  оқушыға 
стандарт
деңгейінде 
білім 
беру;
-балалардың 
математикаға 
қызығын туғызу; 
-таланттарды 
тәрбиелеу.
-есеп 
шығаруға 
үйрету-типтік 
біліктерге, 
типтік 
есептерді' 
шығаруға 
үйрету
-қиын 
және 
дарындылармен  жеке 
жұмыстану
есеп 
шығарудың 
кілтін  табу,  яғни 
есепті 
эр 
түрлі 
эдіспен шығару 
-біріе-бірі  тексеру 
арқылы
дұрыстығына  көз 
жеткізу.
Сабақ,
консультация
алдын-ала
дайындалған
карточкалар
бойынша
өткізіледі
Есептер
мазмұнына,
шығарылу
эдісіне,
күрделілігіне
қарай іріктеледі.
Есеп-сабақ.
Сыныптан 
тыс
жұмыс.
Дамыта 
оқыту
технологиясы
(Л.С.Выготский,
Л.Г.Занков,
Д.Б.Эльконин,
В.  В. Давыдов)
-бала 
бойына 
еркіндік,
мақсаткерлік, 
ар- 
намыс,  мақтаныш 
сезім, 
дербестік 
адамгершілік, 
еңбексүйгіштік, 
белсенділік 
т.б. 
қасиеттерді 
дамыту;
-оқыта 
отырып, 
жалпы дамыту
оқыту 
дамыудың 
алдында жүруі  керек 
Дидактикалық 
құралдардың  дамуға 
эсері зор.
дамыта 
оқыту 
жеке 
тұлғаның 
барлық 
сапаларын 
сәйкестікте 
дамытуға 
бағытталған. 
Дамыта 
оқыту- 
дәстүрлі  оқытуға 
балама жүйе
Оқытудың 
модульдік 
технологиясы
-оқытудың 
тұтас 
технологиясын 
жобалау 
арқылы 
алға 
қойған 
мақсатқа 
жетуді 
көздейтін 
педагогикалық
технология
мұғалімнің  бүкіл  оқу
жылында
пайдаланатын
әдістемелерді
жоспарлауына
көмектеседі
технология 
оқу
үрдісінің
әдістемелік
мазмұнын
басқаруға
негізделген, 
оқу
үрдісін  неғұрлым
38

Кестенің жалғасы
үрдіс түзу; 
-қиындықтың 
алдын  алу  жэне 
түзету 
жұмысының 
жүйесін жасау;
Негізгі 
объект-оқу 
тақырыптары- 
дидактикалық модуль 
Әр  пакеттің  өзінше 
қамтитын 
нақты 
мәселелері болады
мақсатты 
жобалап, 
құру 
жүйесі. 
Бүл 
технология 
бес 
кезең 
арқылы 
жүзеге асады.
Проблемалық 
оқыту 
технологиясы
-білім, 
білік, 
дағдыға ие қылу 
-өз 
бетімен 
эрекеттену 
эдістерін меңгерту 
-танымдық 
жэне 
шығармашылық 
икемділікті 
дамыту
басқа 
материалды 
сезім 
мүшелері 
арқылы 
қабылдап 
қана 
коймайды, 
білімге 
деген 
қажеттілігін 
қанағаттандыру 
мақсатында 
меңгереді
-оқу 
материалында 
проблема туғызу
белгісіз 
х-ке 
байланысты 
х- 
мақсат, 
х-эрекет 
объектісі, 
х- 
қызмет  әдісі,  х-іс- 
әрекетті  орындау 
шарты 
Әдістердің 
ерекшелігі  алдын- 
ала  белгілебеген, 
кез-келген, 
проблемалық 
мазмұндау, 
эвристикалық
Тірек  сигналдры  арқылы 
оқыту 
технологиясы 
(В.Ф.Шаталов)
-білім, 
білік
қалыптастыру
-жеке
мэліметтеріне 
қарамастан 
барлық 
баланы 
оқыту
үнемі 
қайталау 
міндетті 
кезеңдік 
бақылау,  ірі  блоктап 
оқыту, 
жоғары 
деңгейдегі
қиыншылық,  тіректі 
қолдану
мазмүны:
материал 
ірі
молшерде
енгізіледі,
блоктау, 
топтау,
тірек-схема,  тірек
конспект
Әдістері:
теорияны
блоктау,
теориялық
материалды
сыныпта  меңгеру,
үйде  өз  бетімен
жүмыс істеу.

практиканы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет