№110/1 (2888/1)
6 қазан 2016
3
zangazet@mail.ru
қоғам
Бүгінгінің бас тақырыбы
Көкейкесті
азақстандағы «неке және отбасы туралы» заңының 1998 жылы 17 желтоқсанда
қабылданғаны белгілі. содан бері ерлі-зайыптылардың ортақ келісімдері, ана
мен баланың арақатынасы, некеге тұру, бала асырап алу мәселелері осы заңның
аясында шешімін тапқан болатын. дегенмен, уақыт озған сайын заң да ескіреді,
заман да өзгереді. тиісінше заңның толықтырылып, өзгертіліп отыруы қалыпты
жағдай. 2012 жылы 17 қаңтарда күшіне енген неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы
туралы кодексі сондай игі бастамамен өмірге жолдама алған еді. сонымен, жаңа
кодекс қазақстан халқына қандай жаңалық алып келді? әсіресе, бала асырап алу
бағытындағы басымдықтар қандай болмақ?
қ
Ақылы оқуғА
түсетіндер ҰБт-дан
БосАтылАды
Жетімін ЖылАтпАғАн
елміз
(Соңы. Басы 1-бетте)
Бір жағынан, бұл мүмкін де емес
шығар. Алайда, орта мектептердегі
оқыту бағдарламасына ағылшын тілін
енгіземіз дегелі бері қоғам ала жаздай
алашапқын болды. Білім және ғылым
министрлігі үштұғырлы тілді енгізудің
себептерін, оның артықшылықтарын
және басқасын айтып, ұстанымдарын
дәлелдеп бақты. қоғам қайраткерлері
мен белсенділер, азаматтық ұйым
өкілдері һәм зиялы қауым болса мұны
терістеуге тырысты. тек «бала баста-
уыш сыныпта ана тіліне қанығып өсуі
керек, өркениетті елдерде солай» деген
жанайқай министрлікті райынан қайтара
алмады. оған биыл ұл-қызы бастауыш
сыныпқа барған ата-аналар куә. Бірін-
ші сынып оқушылары ағылшын тілінің
әріптерін, түрлі заттардың сол тілдегі
атауын жаттай алмай ақылы айран, ойы
ойран болып жүр.
Бір анығы, жыл басында Білім және
ғылым министрі болып тағайындалған
ерлан сағадиев бұл өзгерісті өзімен
бірге ала келген жоқ. оған дейін-ақ
бағдарлама жасалып, талқыланып,
дайындалып қойған. Жаңа министрге
жүктелгені көптің арасында жақтаушы-
сынан даттаушысы көп болған жаңа
бағдарламаны білім беру жүйесіне ен-
гізу ғана еді. оқу жылы басталып, бір
айы өтіп те үлгергендіктен, ол жайлы
пәлен-түген деу қисынсыз. қалғаны
– нәтижесін күту. ертең жаңа жүйе
бойынша мектеп бітіргеннің барлығы
ағылшын тілінен алдына жан салмай,
ел көшін әлемдік көшке қосуға қомақты
үлес қосып жатса қуаныштымыз. егер,
керісінше, ұрпақ жат тілді игеремін деп
ана тілінен адасып, ұлттық құнарынан
айырылып жатса ше, онда сұрауы
кімнен болмақ?! ол жағы енді келешек-
тің еншісіндегі беймәлім дүние.
есесіне, мәлімі – ақылы жоғары оқу
орнына түсетіндер Ұлттық бірыңғай
тест тапсырмауы мүмкін. Бұл жақын бо-
лашақта болуы ғажап емес, тіпті, келер
жылы да. Өйткені, Білім және ғылым ми-
нистрлігі қазір осы бастаманы талқылап
жатыр. «ҰБт-ның нашарлығы бар деп
көп адам сынға алып жүрді. сондықтан
да, біздің министрліктен сұрап жүр-
геніміздің де себебі бар. ендігі жылдан
бастап ақылы бөлімге алатындарды
оқу орындары өздері қабылдасын. ға-
лымдар да, мамандар да жеткілікті. Өз-
дері де емтихан қабылдауға шамалары
жетеді деп ойлаймыз», – дейді ол жай-
лы қр жоғары оқу орындары қауымдас-
тығының президенті рахман Алшанов.
Яғни, өзгеріс мақұлданған жағдайда
Жоо-ның ақылы бөліміне түсетін та-
лапкерлер ҰБт-ның орнына универси-
теттің өзіне барып әдеттегідей емтихан
тапсырады. Баяғыдай. мұны белгілі бір
деңгейде талапкерлерге жасалатын
жеңілдікке балап отырған да сыңай-
лы. себебі, бұлай етудегі бір мақсат
шетелдік оқу орындарына ағылатын
абитуренттердің ағынын азайту екен.
Иә, аталмыш жаңашылдықтың қанша-
лықты дұрыс не бұрыстығын мамандар
айта жатар. Біздің қоспағымыз, түбі
осылай ететіні бар, онда неге мұны әу
баста ҰБт жүйесін енгізерде ескерме-
ген?! Әлде белгілі бір нәрсені біресе
олай, біресе бұлай өзгерту қалыпты
дүние ме?! Ал, жоғары оқу орнының
ақылы бөліміне түскісі келген талап-
керлерді ҰБт-дан босатудың бір себебі
– бірыңғай тестілеу министрліктің, яғни,
мемлекеттің шарасы және оны өткі-
зу, ұйымдастыру жұмыстарының бар
шығыны мемлекет мойнында, ендеше,
ол сынаққа тек мемлекеттің оқу гранты-
на үміттілер ғана қатысуы қажет деген
пайымнан шыққандай.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақта-
ры да аздап өзгерістерден сырт қал-
майтын сыңайлы. Бұған дейін мұны
Білім және ғылым министрі ерлан саға-
диевтің өзі мәлімдеген-ді. сөзін келтіре
кетсек. «қазір ҰБт бойынша түпкілікті
жоба жоқ. Әзірге дайын жоба педаго-
гикалық қауымдастыққа талқыға ұсы-
нылады. мектепте түлектер бірқатар
пән бойынша емтихан тапсырады. Ал,
Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғыша
өткізіле береді. тек сұрақтар құрылымы
өзгереді. Жоба бойынша 60 сұрақ стан-
дартты болады. 60 сұрақ 30-дан екіге
бөлінеді және олар мамандыққа байла-
нысты болады. мәселен, түлек меди-
циналық мамандықты таңдаса, 60 стан-
дартты сұраққа жауап береді. осыған
қоса, 60 сұрақ болады, оның 30-ы
биология, 30-ы химия бойынша. қалған
тәртіпке айтарлықтай өзгеріс енгізіл-
мейді». Бұл – өткен айдың соңындағы
министрдің мәлімдемесі. сондай-ақ,
ведомство басшысының сөзіне сүйен-
сек, ҰБт-ға өзгерістер енгізуді көздей-
тін аталмыш жоба 50-ге жуық орта және
жоғары білім ордалары басшыларының
талқысынан өтеді. сосын барып мини-
стрлік сайтында жарияланып, жалпы
көпшілік онымен танысуға мүмкіндік
алады-мыс. танысып қана қоймай, оған
пікір білдіруге әркім құқылы. Өйткені,
министр жоба аясында көптің пікірін де
назарға алатынына сендірген болатын.
Өзгеріс бір бұл ғана емес. Жоғары
оқу орындары жүйесін де бірқатар
жаңашылдықтар күтіп тұр. Әңгіме олар-
дың құрылымы хақында. министрлік
өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, уни-
верситеттер коммерциялық емес ак-
ционерлік қоғам ретінде жұмыс істеуі
ықтимал. ондай жағдайда нарық сұра-
нысына қарай өздерінің оқу жүйелерін
құруларына тура келеді. Аталмыш өз-
герісті жасаудағы бір мақсат – бәсекеге
қабілетті кадрлар даярлау мен сапалы
мамандар шығаруда жоғары оқу орын-
дарының арасында бәсекелестік орна-
ту. сөз етіп отырған өзгеріс жайында
«Белгілі бір деңгейде дербестік алатын
жоғары оқу орындарын біз үш санатқа
бөлуіміз керек. ол: академиялық дер-
бестік, басқарушылық және қаржылық.
Басқарушылық дербестігіне қатысты
айтарым, бұл еншілес компания ашуға
берілетін мүмкіндік. Жекелеген жағдай-
ларда ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижесін коммерцияландыру үшін. Бұл
шетелдік студенттерді қабылдайтын ор-
талық ашуға, сондай-ақ, бақылау кеңес-
тері арқылы дербес шешім қабылдауға
мүмкіндік береді», – деп түсіндірді қр
Білім және ғылым министрлігі Жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру департаментінің директоры дар-
хан Ахмед-заки.
Ақылы оқуға түскісі келетіндерді
ҰБт-дан босату мәселесіне қайта орал-
сақ. Жалпы, «өнерге әркімнің-ақ бар
таласы» демекші, мемлекеттік грантқа
ілініп, жоғары білімді тегін алудан әр-
бір талапкер дәмелі. Бағасы шарықтап
тұрған жоғары оқу орындарының ақылы
бөлімінде ұл-қызын оқытуды кез келген
ата-ананың қалтасы көтере бермейтіні
де хақ. сондықтан, қай талапкер болсын
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып,
бақ сынағанды қош көреді. сынақтан
сүрінбей өтіп мемлекеттік грантқа ілі-
нетін-ілінбейтіні өз алдына бөлек мәсе-
ле. Бұл арада әңгіме ҰБт-ға қатысу жай-
ында болып тұр және бұған әр талапкер
құқылы. оған ешкім шектеу қоя алмаса
керек. ендеше, министрлік ақылы оқуға
түскісі келетіндердің аражігін қалай
ажыратып, оны ҰБт-дан қандай негізде
босатпақ деген сауал туындайды. Әзір-
ге ол жағы белгісіз. министрлікте бұл
өзгеріс талқыланып жатқанын ескерсек,
демек, толық жүзеге асыру тетіктері
алдағы уақытта белгілі болып қалады
деген үміттеміз.
Ал, аталмыш жаңашылдықты талап-
керлерге жасалған жеңілдікке қанша-
лықты жатқызуға болатынын әркім ақыл
таразысына сала жатар. дегенмен,
ақылы жоғары оқу орындарындағы жыл-
дық төлемақының бағасын ауыздықта-
са, төмендетсе, сол әлдеқайда жеңілдік
болар еді. Өйткені, қазіргі жағдайда
талапкер үшін оқуға түсуден гөрі төрт
жыл бойы оқуының ақысын тауып беріп
отыру қиынға соғатыны жасырын емес.
Жаһанда дағдарыс орнап, оның қа-
зақстанға да оңайға соқпай тұрғаны
биік мінберден жиі айтылады. Жалпыға
жария болмаса да, ел арасында жұмыс
орындарының жабылуы, жұмысшының
қысқаруы, жалақының азаюы секілді
мәселелер бар. Бюджеттен төленетін
әлеуметтік төлемдер аздап өскенімен,
нарық пен базардағы баға екі есе-
ге өсіп, оны «жеп» қойды. елімізде
азық-түлік бағалары 200 пайызға дейін
өсіп кеткендігін жаңадан жасақталған
үкіметтің алғашқы отырысында Ұлттық
экономика министрі қуандық Бишім-
баевтың өзі мәлімдеді. Яғни, бүгінгі күні
елдің төлем қабілеті едәуір төмендеп
кетті. осындай жағдайда ақылы оқуға
түскісі келетін түлектерді ҰБт-дан боса-
тудан бұрын, оқу орындарының ақысын
ақылға сыятындай межеге келтіргені
әлдеқайда абзал еді. себебі, біздегі кей
оқу орындарының төлемақысы әлемнің
алдыңғы қатарлы университеттеріне
жетеқабыл. Білім беру сапасының соған
сай не сай еместігі бөлек мәселе. оқуға
түсудің өзі қияметке айналып кететін
жағдайлар кездеседі. тіпті, қазақстанда
тұрып ілім-білім іздеген қаракөздеріміз
үшін түркияның бакалаврына, маги-
стратурасына түсу оңайырақ болып
жатады. «Арқа жайлы болса, арқар ауып
несі бар» демекші, елімізде жоғары
білім алу қолжетімді болса, жастарымыз
түркияға тентіреп несі бар?!
Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
«Заң газеті»
отбасы құқығын реттейтін ескі заң өзінің дәр-
менсіздігін, осалдығын көрсетіп алды. олай дей-
тініміз, соңғы жылдары еліміздегі әрбір төртінші
неке бұзылып, ол толық емес отбасында өсіп
жатқан балалар санының көбеюіне мұрындық
болды. Әсіресе, біздің еліміздегі бала асырап
алудың жеңілдігіне байланысты шетел асқан қа-
ракөздердің артуы жаңа кодекстің өмірге келуі не
түрткі болғандай. статистикалық мәліметтерге
сү йенсек, «неке және отбасы туралы» заңы қа-
былданғаннан бері елімізден 7500 баланы шетел-
діктер асырап алған екен.
қазақстандық отбасылар да 25 785 баланы
бағып алған. Әрине, балалардың жан жылуын
сезініп, ата-ананың мейірімін көріп өскені жақ-
сы-ақ. Бірақ, баланы асырап алғанымен, жау-
апкершілігін ұмытып, асыранды ұл-қызынан бас
тартатын ата-аналар да жеткілікті. еліміздегі жағ-
дай осындай болғанда, шетел асқан жетімдердің
жағдайы қандай болмақ? Баладан бас тартқан 182
отбасы өздерінің бала тәрбиесіне дайын еместі-
гін, қаржы жағдайының нашарлап кеткенін айтып
ақталыпты. сонда олар жетім балаға үміт сыйлап
үйіне апарғанда соңының не болатынын болжа-
маған ба? түсініксіз.
Жылдар бойы қордаланған кемшіліктерді елек-
тен өткізе келе, жаңа кодексте бала асырап алу
шарты қатайтылғанын байқадық. егер бұрын бала
асырап алуға ниетті шетелдіктер сәбиді ешкімнің
көмегінсіз тікелей асырап ала беретін болса, жаңа
кодекс бойынша қазір асырап алу мәселелері тек
заңды тұлғалар – агенттіктер арқылы іске асы-
рылатын болды. Өз жұмыстарының тиімділігін,
жа уапкершіліктерінің жоғарылығын дәлелдеген,
10 жылға жуық жұмыс тәжірибесі бар агенттіктер
ғана бала асырап алушыларға көмектесе алады.
Бұл дұрыс та. қалай болғанда да, бала деген еш
тексеріссіз ақшасы барлар саудалайтын зат емес.
ол – қазақстанның бір бөлшегі. тастанды болға-
нымен, байлығы көп, бағысын әлем танып жатқан
еліміз ешбір азаматын далаға сұраусыз тастай
алмайды. Бұл заң соған меңзейді.
Бала асырап алуға ниетті шетелдіктер біздің
ел аумағында өздерінің филиалдары мен өкіл-
діктерін ашып, арнайы тіркеуден өткен агенттік-
термен жұмыс істемек. Агенттіктер қазақстанда
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
саласындағы уәкілетті орган – Білім және ғылым
министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жө-
ніндегі комитетінде аккредиттеу рәсімінен өтуі
қажет. міне, бұл – жаңа кодекстің ұтқаны, жетім-
дерге жасаған қамқорлығының көрінісі. тағы
бір айта кетерлігі, енді бала асырап алушылар
шетелдік болсын, қазақстандық болсын – бәріне
қойылатын талап бір. олар бала кәмелеттік жасқа
толғанша жыл сайын өздерінің өмір сүру жағдай-
ларын, отбасында баланың қалай тәрбиеленіп
жатқаны туралы есеп беріп отыруы шарт. Бала
асырап алуға лайықты емес тұлғалардың тізімі де
жасалып, енді жетімдердің көрінгеннің жетегінде
кетпеуіне жағдай жасалғаны да көңілді көншітеді.
Жетімін жылатпаған ел емеспіз бе?! Жаңа кодекс
жаңа ата-ана тауып, отбасы бақытына ие болам
деген сәбилерге қолдау көрсетіп, қамқоршы бо-
ларына сенейік.
КереК дереК
Соңғы 10 жылда Қаза
қстан бойынша 37 45
0 бала асырап алынд
ы. Оның
ішінде қазақстандық азаматтар
– 28 мыңнан астам (77
пайыз), баланың ше-
телдік туысқандары
– 500-ге жуық (1,2 пайыз),
шетелдік азаматтар
8 мыңға
жуық баланы асырап
алған. Америка Құра
ма Штаттарының аз
аматтары
қазақстандық балаларды
асырап алудан көш бастап
тұр. Осы жылдар ішін
-
де 6406 отбасы сәбилі
болған. Одан кейінгі орында
– Испания. 600 отбасы
қаракөздерді апарып т
олыққанды отбасыға
айналған. Бельгия – 343,
Герма-
ния – 173, Канада – 167,
Ирландия – 140, Франция
131 бала асырап алып
отыр.
Бала асырап алуға кімдердің
мүмкіндігі жоқ?
Біз мақаламыздың басында бала асырап алуда
шектеу қойылатын жандардың тізімі қалыптасқа-
нын айтқан болатынбыз. заң талаптары бойын-
ша қанша жерден сәбилі болғысы келгенімен,
төмендегі тұлғаларға бала асырап алуға рұқсат
етілмейді. олар:
- соттылығы бар жандар;
- жазылмайтын немесе жұқпалы ауруға шал-
дыққандар;
- отбасылық жағдайы төмендер;
- өзін қоғамда жағымсыз жағынан танытқандар,
- бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі
жандар;
-психикалық ауруға шалдыққандар;
- маскүнемдік дертіне шалдыққандар;
- нашақорлар.
ҚАжет ҚҰжАттАР
Бұрынғыдай емес, қазір бала асырап алатын
ата-ана агенттік тарапынан жіті тексеріліп, оның
өмір жолы қатаң бақылаудан өтеді. одан бөлек,
ата-ана болудан үміттілер агенттік талап еткен
барлық құжаттарды дер кезінде өткізуі керек.
сонымен, қазақстан республикасындағы қол-
даныстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, ел
азаматтары уәкілетті органдарға, ал, шетелдіктер
қр дипломатиялық және консулдық мекемелері
арқылы өтініштерін білдіре алады. Және:
• баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша
өтініш;
• қаржылық жағдайы туралы анықтама;
• отбасылық жағдайы туралы анықтама;
• денсаулық жағдайы туралы анықтама;
• қамқоршылық және қорғаншылық органдары
немесе мемлекеттік лицензия негізінде осындай
қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер
беретін, ықтимал асырап алушылардың жеке
адамгершілік сапалары туралы есепті бірге өткі-
зеді. қолдаухат материалдарын қарау барысында
басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін. Барлық құ-
жаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған,
апостильденген болуы қажет.
қр азаматы болып табылатын балаларды (ұл
немесе қыз баланы) асырап алуға ниет білдіруші
шетел азаматтарын есепке алу туралы ережеге
сәйкес, шетелдердегі қр консулдық мекемелерін-
де шетел азаматтарын арнайы есепке тұрғызу
жүргізіледі. Баланы асырап алуға ниет білдірген
тұлғалардың өтініштері бойынша асырап алу сот
арқылы қаралады. Бала асырап алу жөніндегі
істердің қаралуын сот ерекше өндіріс тәртібінде,
қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу
заңнамасында көзделген ережелер бойынша жүр-
гізеді. соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін
қазақстанның АХАт және көші-қон органдарында
асырап алынған балаға асырап алу және туу тура-
лы куәліктер, сонымен бірге қр ұлттық паспорты
ресімделеді.
сондай-ақ, жаңа кодекстің тағы бір ерекшелігі
– шетел азаматтары асырап алған бала қр заңна-
масына сәйкес, 18 жасқа толғанға дейін қр аза-
маттығын сақтайды. Кәмелеттік жасқа толғаннан
кейін қай елдің азаматтығын алғысы келсе ерік
өзіне беріледі.
жадыра ҚҰдАйБеРгеНОвА
4
№110/1 (2888/1)
6 қазан 2016
zangazet@maiI.ru
СЪЕЗД ҚАРСАҢЫНДА
Айта кету керек, сот жүйесін
жетілдіру мақсатында Қазақстан
Р е с п у б л и к а с ы П р е з и д е н т і н і ң
Жарлығымен мамандандырылған
ауданаралық экономикалық және
әкімшілік соттар, Алматы қаласында
мамандандырылған қаржылық сот
және кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттар құрылды.
2006 жылы 16 қаңтарда «Алқа
билер туралы» және «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне алқабилердің қатысуымен
қылмыстық сот ісін жүргізу мәсе
лелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» заң
дар қабылданды және аса ауыр
қылмыстар туралы істер бойынша
қылмыстық істерді қарауға алқабилер
қатыстырылды.
2007 жылдың 21 мамырында
Қазақстан Республикасының Консти
туциясына түзетулер енгізудің
нәтижесінде сот жүйесі қамауға
алуға санкция беру құқығына ие
болды. Ал, 2008 жылдың 5 шілдесінде
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне
өзгерістер енгізіліп, қамауға алуды
санкциялау соттың ерекше құзыретіне
берілді.
Барлық деңгейдегі соттарда
электрондық терминалдар мен
бейнебайланыс жүйелері, басқа
да ғылым мен техниканың соңғы
жетістіктері енгізілді. Қазіргі заман
талабына сәйкес, сот отырыстарын
дыбысбейнетаспаға түсіру енгізілді.
Сот жүйесі қызметінің қолайлылығын
қамтамасыз ету мақсатында соттарда
ақпараттық бюро қызметінің мүмкін
шіліктері кеңейтілді. Яғни, азаматтар
мен сотқа қатысушылар қажетті
мәліметтер алу үшін сот кеңсесі
м е н с о т т а р ғ а б а р м а й , қ а ж е т т і
қарауға тағайындалған істер тізімі
мен олардың шешімдері, сонымен
қатар, басқа да керекті мәліметтерді
санаулы уақыттарда тиісті сайттарға
кіріп еркін алуға мүмкіндік бар.
Бұл жүйе ел азаматтарының, жеке,
заңды тұлғалардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғауға,
ақпараттар алмасуды жеңілдетуге
қызмет етуде.
Соңғы жүргізілген реформалардың
нәтижесінде соттар балама жаза
түрлері мен бітімгершілік рәсімдерін
қолдана алатын болды. Елбасының
2010 жылғы 18 тамыздағы «Қазақстан
Республикасының құқық қорғау
қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін
арттыру жөніндегі шаралар туралы»
Жарлығында, «Қылмыстық сот ісін
жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді
кеңейтуге, оның ішінде медиация
институтын дамытуға, жеке ашық
айыптау қылмыстық істерінің санатын
кеңейтуге» тапсырма берді.
Қазақстан Республикасы Прези
дентінің 2011 жылғы 5 тамызда
күшіне енген «Медиация туралы»
заң елдегі құқық институттарының
бірі ретінде даулардың баламалы
түрде шешілуіне, тараптардың бітімге
келу жолын тиімді реттеуде ықпал
ететіндігі көрсетілді.
Елбасы Н.Назарбаевтың рес
публика Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
1996 жылдан бері Қазақстан
Судьялар одағының алты съезі өтті.
Осы айтулы басқосулардың сот
тарихындағы маңыздылығы ерекше
болғаны анық. Қазылар съезіне
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың
қатысып, судьялар қауымдастығын
қолдауының нәтижесінде биік мінбер
ден айтылған маңызды мәселе лердің
барлығы да ретретімен жүзеге
асырылып келді.
Мәселен, 2013 жылы 20 қара
шада Астана қаласында өткен VІ
съезде Елбасымыз: «Судьялардың
халықаралық қауымдас тығының
Қазақстан Судьялар одағын то
лыққанды мүшелікке қабылдауы біздің
сот жүйесін реформалауда жеткен
жетістіктеріміздің мойындалуының
белгісі. Бұл – біздің сот жүйеміздің
қызметін мойындау және отандық
сот төрелігін халықаралық сот
қоғамдастығына кіріктіру ісіндегі
маңызды қадам. Жалпы, қазақстандық
Фемида біртұтас мемлекеттік биліктің
толысқан, жауапты және пәрменді
тармағына айналды. Барлық деңгейдегі
судьялардың орасан еңбегін мен
осыдан көремін! Мен сіздердің заң
алдындағы қызметтеріңізге, сот
мантиясы мәртебесіне адалдық
тарыңызға, елімізде әділдік пен
құқық тәртібі салтанат құруы үшін
атқарып жүрген күнделікті лайықты
еңбектеріңізге ризамын», – деген
болатын. Президентіміздің осы сөзі
біздің күшімізге күш, жігерімізге жігер
қосып, жұмысымызға жаңа серпін
берген еді.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы
Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы
қатарда болуы қажеттігін айтып: «біз
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын
темірқазық ете отырып, сот жүйесін
жетілдіруді жалғастыра беруіміз
қажет» дей келе Үкімет пен Жоғарғы
Сотқа бірлесіп жаңа Азаматтық іс
жүргізу кодексінің жобасын әзірлеуді
қадап тапсырғаны белгілі. Мемлекет
басшысы берген осы тапсырманы
және азаматтық істерді қарау тәртібі
процестің тараптары үшін ыңғайлы
және тез, оларды бітістіруге және
заманауи технологияны кең қолдануға
бағытталған болуға тиіс екендігін
ескерткен өзге де тапсырмалардың
бәрін Жоғарғы Сот екі жылдың ішінде
толығымен жүзеге асырғаны туралы
БАҚта айтылып, жазылып жатыр.
Жақында Қазақстан Республика
сы Жоғарғы Сотының төрағасы
Қайрат Мәмиді Елбасы қабылдады.
Әңгімелесу барысында «100 нақты
қадам» – Ұлт жоспарының іске
асырылу мәселелері мен Қазақстан
судья ларының кезектен тыс VІІ съезіне
дайындық барысы талқыланған
еді. Осы кездесуде Жоғарғы Сот
т ө р а ғ а с ы Ұ л т ж о с п а р ы н ы ң с о т
жүйесіне қатысты барлық он бір
қадамы орын далғанын, сонымен
бірге, Ұлт жоспарында көзделген
реформалар республиканың сот
құрылымын және сот ісін жүргізуді
одан әрі жетілдіруге зор серпін
берілгенін айтқан болатын.
Бәрімізге белгілі, былтыр еліміз
де жаңа құқықтық ортаны қалып
тастыртын 59 заң қабылданып,
көп теген заңдарға түзетулер мен
өзгерістер енгізілді. Мұның ішінде
жаңа Азаматтық процестік кодекс
пен «Жоғары сот кеңесі туралы»
заңдардың орны айрықша.
2 0 1 6 ж ы л д а н б а с т а п к ү ш і н е
енген Азаматтық процестік кодекс
құқық саласын түбегейлі жақсартуға
ықпалын тигізуде. Сонымен қатар,
биылғы жыл басынан соттар бес
сатылықтан жүйеден үш сатылық
сот төрелігі жүйесіне көшті. Бұл
бірінші (аудандық соттар) және екінші
апелляциялық (облыстық сот) сот
сатыларының рөлін айтарлықтай
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан республикасының Заңы
нәтижесінде 1997 жылғы 16 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Қыл
мыстық кодексіне, 1997 жылғы 13
желтоқсандағы Қазақстан Респуб
ликасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне, 1997 жылғы 13 желтоқ
сандағы Қазақстан Респуб ликасының
Қылмыстық атқару кодексіне, 2001
жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексіне өзгер
тулер мен толықтырулар енгізілді.
Заңдардан сотталуға жататын ұсақ
түйек қылмыстар алынып тасталып,
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы
кодексі толықтырылды.
Сонымен бірге, сотталушы мен
жәбірленуші өзара татуласқан жағ
д а й д а а й ы п т а л у ш ы қ ы л м ы с т ы қ
жауап кершіліктен босатылады және
тұлға өз еркімен келтірген шығынды
толық орнына толтырып, айып
пұлды, өсімақыны төлегені қылмыс
тық жауапкершіліктен босатуға
негіз болып саналады. Бірқатар
қылмыстық құрамдар бойынша бас
бостандығынан айыру мерзімдері
азайтылды.
Сот билігі халықтың Консти
туциядағы, заңнамалар мен өзге
де нормативтік құқықтық актілерде
көрсетілген азаматтардың және
заңды тұлғалардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауда, заңды
тұлғалар мен басқа да ұйымдардың
жұмыстарында заң үстемдігін қамта
масыз етуде басты рөл атқарып,
өзінің әділдігін көрсетті. Сонымен
қатар, сот саласының өркендеуіне
және халықтың сотқа деген сенімін
арттыру мақсатында, сот саласы өз
жұмысын ашық жариялап, ақпарат
құралдарымен тығыз жұмыс істеу
қолға алынды, ай сайын аудан дық
сотта «Ашық есік» күні ісшарасы,
жұмыс қорытындыларына байла
ныстыбаспасөз конференциясы,
қаралған істер бойынша брифингтер
өткізілетін болды.
Атырау облысының соттарында
жемқорлықпен ымырасыз күрес
жүргізуде, соттардың материалдық
техникалық базасын жаңартып,
судьялар мен сот қызметкерлерінің
әлеуметтіктұрмыстық жағдайларын
жақсарту бағытында өзгелерге
үлгі боларлық ауқымды істер тын
дырылғандығын айта кеткен жөн.
Қ а ш ы қ а у д а н д а р д а ғ ы ш а ғ ы м
данушыларды әрліберлі жүргізбей,
бейнеконференц байланыс жүйесі
арқылы қабылдау жүзеге асырылуда.
Соның арқасында барлық соттар
мен тікелей байланысқа шығып,
түрлі жиналыстар мен «дөңгелек
үстелдерге», семинар сабақтар
мен тренингтерге қатысып, сот
процестерін бақылауға мүмкіндік
туды. Қысқаша айтқанда, ашық,
әділсот қағидасын дұрыс деңгейде
жүргізді.
Қазір ел азаматтарының сот
жүйесіне деген сенімін арттыруға,
сот өндірісін жаңарту және жеңіл дету,
судьялардың сотта қателік жібер
меуіне және заңбұзушылыққа жол
бермеуіне, сот өндірісін жүргізуде
үздік инновациялық технологияларды
пайдалануға, сөйтіп толықтай «Элек
тронды үкімет» жүйесі бойынша
жұмыс жасауға көшкенімізді көріп
отырмыз.
2014 жылдан бастап аудандық
сотта электронды сот өндірісін
енгізу жұмыстары қолға алынды.
«Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен
танысу» сервисі, сот процестерін
дыбыс және бейнетіркеу жүйесі,
СМС және электронды хабарламалар
тарату жүйелері жүзеге асырылды.
Мемлекет тарапынан сот саласына
соттардың материалдықтехникалық
жабдықтармен қаржыландырылуына,
судьялар мен сот қызметкерлерінің
ж ұ м ы с і с т е у і н е о р а с а н ж а ғ д а й
жасалды.
«Сот кабинеті» – бұл сот орган
дарының онлайн сервистері мен
қызметтерін қолдануға мүмкіндік
беретін біртұтас терезе, ол арқылы
азаматтар, олардың өкілдері немесе
адвокаттары ғаламтордың көмегімен
өтініштері мен арыздарын электронды
түрде жібере алады. Сонымен бірге,
мемлекеттік бажды онлайн режимінде
төлеу, сот құжаттарын қарау, істің
тарихымен танысу мүмкіндіктері де
қарастырылған. Жаңадан енгізілген
аталмыш қызмет түрлері мүдделі
тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін
бақылап отыруға пайдасын тигізеді.
Заманауи ақпараттық технологияларды
қолдану сот қызметінің қолжетімділігі,
ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің
бірі болып табылады. Сондайақ,
ақпараттық сервистерді қолдану
сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана
емес, сотқа жүгінетін адамдардың
да уақытын үнемдейді. Азаматтар
үйлерінен шықпайақ сотқа жүгініп,
Ж о ғ а р ғ ы С о т т ы ң р е с м и с а й т ы
арқылы өз құжаттарын бере алады.
Бұл жаңа технология арқылы жеке
тұлғалар және олардың өкілдері,
заңды тұлғалардың өкілдері «Сот
кабинетінде» орналастырылған
электрондық нысандарды толтыру
арқылы электрондық құжаттарды
сотқа ұсынуға құқылы.
Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар
мұнымен шектеліп қойған жоқ, Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы
6 мамырда Астана қаласында өткен
Үкіметтің кеңейтілген отырысында
бес институттық реформаны жүзеге
асырудың 100 нақты қадамын белгілеп
берді, оның бірі – заң үстемдігін
қамтамасыз ету. Осы орайда, жаңа
тарихи жағдайда дамыған отыз
мемлекеттің құрамына кірудің ұлттық
жоспары болып табылатын бес
институционалдық бағдарламаны
жүзеге асыруда соттардың жауап
кершілігі алғы шепте.
Азаматтардың сот төрелігіне
қолжетімділігін жеңілдету мақса
тында сот жүйесінің сатыларын оңтай
ландыруды қарастыратын бес сатылы
жүйеден үш деңгейлі сот төрелігіне
көшуге қатысты «Заң үстемдігін
қамта масыз ету» рефор масына ерек
ше көңіл бөлінді.
Қазіргі таңда, Реформаның 20қа
дамын орындауда сот отырыс тарын
дыбысбейнетіркеу жүйесін енгізу
бойынша шаралар белсенді түрде іске
асырылды. Осы ретте қазіргі уақытта
қолданы латын дыбысбейнетіркеу
жүйеле рінің деректерді сақтаудың
орталық тандырылған жүйесі бар,
сондайақ, сот органдарының «Бір
ыңғай автоматтандырылған ақпарат
т ы қ т а л д а у ж ү й е с і » ж ә н е « С о т
кабинеті» онлайнсервисімен бірік
тірілген.
Дыбысбейнетіркеу жүйесін интер
нетресурста орналастырылған істерді
қарау тізімімен интеграциялау қазірдің
өзінде сот отырысының нақты басталу
уақытын қадағалап отыруға мүмкіндік
береді. Сот отырыстарына дыбыс
бейнетіркеу жүйесін енгізу – бұл
баршаға айқын, қолжетімді және
заңның үстемдік етуіне негізделген,
уақыт талабына сай сот төрелігін құру
жолындағы қадам болып табылады.
Осылай, онлайн сервистерді
жаңғырту және сот ісін жүргізуді
жеңілдету мәселелері оң шешімін
тапты. Төрт жыл сайын өтетін судьялар
қауымдастығы съезінің маңызды
жаңашылдықтары арта түсті. Міне,
осындай айтулы жетістіктерге қол
жеткізгенімізді еліміздің жетінші съезі
қарсаңында айта кеткенді жөн деп
санадым.
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ
СОТТЫҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН
ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРДЫ
қарсаңында Қазақстан халқына
а р н а ғ а н « Б о л а ш а қ т ы ң і р г е с і н
бірге қалайық» атты Жолдауында
қылмыстық заңды ізгілендіру арқылы
еліміздің сот, құқық қорғау жүйесін
әлемдік стандарттар деңгейіне
к ө т е р у м і н д е т т е р і т ұ р ғ а н д ы ғ ы
а й т ы л ғ а н . І з г і л е н д і р у с а я с а т ы
негізінде ең алдымен шағын және
орта ауырлықтағы қылмысты бірінші
рет жасаған азаматтарды, халықтың
әлеуметтік әлсіз топтары өкілдеріне
қылмыстық жазаны тағайындауда
жеңілдету қарастырылды.
2011 жылдың 18 қаңтарында қабыл
данған «Қазақстан Республикасының
к е й б і р з а ң н а м а л ы қ а к т і л е р і н е
қылмыстық заңнаманы одан әрі
ізгілендіру және қылмыстық процестегі
заңдылықтың кепілдіктерін күшейту
Достарыңызбен бөлісу: