А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата15.03.2017
өлшемі1,4 Mb.
#9448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бекіту сұрақтары: 
1.
 
Қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттіліктің тілді меңгер-
тудегі мәні. 
2.
 
Тілдік-лингвистикалық  құзыреттілікті  қалыптастырудың  ғы-
лыми негіздерін анықтаңыз. 
3.
 
Ақпараттық  құзыреттіліктердің  студенттің  білім  алуындағы 
маңызы. 
4.
 
Проблеманы шешу құзыреттілігінің студентті болашақ маман-
дығына дайындаудағы рөлі. 
5.
 
Мәдени-танымдық құзыреттіліктердің компоненттерін атаңыз. 
6.
 
Әлеуметтік-мәдени  құзыреттіліктер  аясындағы  студенттерден 
талап етілетін біліктерді саралаңыз. 
7.
 
Студенттің жалпы сөйлесім әрекетінің дұрыс жүзеге асуының 
талаптары. 
 
 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ 
ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ 
 
Жобалай оқыту технологиясы  бойынша істелетін жұмыс-
тарға қойылатын талаптар: 
1.
 
Оқытушы  кез  келген  проблемалық  жобаларды  қорғау 
немесе  олардың  ғылыми  шешімдерін,  өзіндік  дәлелдемелерін 
жалпыға түсіндіру үшін жобаның  сценарийін мынадай құрамда 
ұсынуы қажет: 
-
 
 тақырыптың аты;  
-
 
 қойылатын проблема; 
-
 
 тақырыпқа сай  нақты  ұстаным,  мысалы,  «қатардан  қал-
ма және дәлелде», т.б.; 
-
 
 жеке өзіндік көзқарас (пікір); 
-
 
 қорытындылар мен түйіндемелер. 
2.
 
Полемикалық  сипатта  шешен  сөйлетуге  бейімдейтін 
сұрақтар қамтылуы қажет. Олардың бұл мәселе қажет пе? оның 
қойылуы міндетті ме? деген сауалдарға жауап беретіндей өткір 
болуына көңіл бөлінеді. Мысалы: Қазақстанда гендерлік саясат-
тың өзектілігін айту қажет пе? 
3.
 
Аудиторияны  тартудың  тілдік  тәсілдерін қамту  керек. 
Мәселен,  риторикалық    сұрақтарды  пайдалануға  болады.  Оқу-
тәрбие  тақырыбына  қатысты  жоба  жұмысының  кіріспе  сөзін 
«Жастарды  қалай  тәрбиелеуіміз  керек?  Оқу  мен  тәрбиенің  бір-
лігін  қалай  жүзеге  асыруға  болады?  Осы  екі  ұғымды  бүкіл  оқу 
үдерісінде бірге қамтудың қандай мүмкіндіктері бар? Міне, осы 
мәселе  бойынша  ойлануымыз  керек»  деп  бастау  тыңдаушы-
лардың  назарын  аударуға  және  өз  сөзінің  басты  бағытын 
танытуға оң ықпал етеді. 
4.
 
Жоба  жұмысында  орындаушының  тілдік  дағдыларын 
дұрыс  қалыптастыруға  көңіл  аударылуы  тиіс.  Ол  үшін  арнайы 
клишелерді орынды пайдалану талап етіледі. Мысалы: 
-
 
мен өзімнің жобамды  ұсына отырып мынандай пробле-
малық сұрақтарға жауап іздегім келеді...; 
-
 
мәселенің шешімін таппай тұрып, _______ жөнінде айту 
әлі ертерек...;  
-
 
бұл  сіздерге  белгілі  (таныс)  тақырып.  Сіздерді  бұл  та-
қырып қызықтыратын болуы керек; 

-
 
мен мынадай пікірге келдім...; 
-
 
сіздер мені қолдайды деп сенемін;  
-
 
қысқаша айтсам,...;  
-
 
егер сөзімді, пікірім мен ойымды қорытындыласам, ...; 
-
 
мен  сіздерге  өзімнің  жеке  пікірімді  дәлелдеуге  тырыс-
тым;  
-
 
бұл  дәлелдемелер  мен  келтірілген  фактілер  бізді  кәміл 
сендіреді;  
-
 
сонымен, ең бастысы...;  
-
 
бұл  дәлелдер  ойымызды  толық  жеткізу  үшін  (сендіру 
үшін, еске салу үшін, алдын ала сақтандыру үшін) келтірілді;  
-
 
мен  сөзімді  мынадай  нақыл  сөзбен  түйіндегім  келеді: 
«______».  
Әрине, барлық сабақты  жобалай оқыту технологиясымен 
өткізу  мүмкін де  емес, қажет  те  емес.  Өйткені  үнемі  бір  әдіске 
жүгіне беру студенттердің қызығушылығын төмендетері сөзсіз. 
Сонымен қатар мұндай сабақтар студенттің көп уақытын алады. 
Сондықтан оқытушы пәннің мазмұнына қарай жобалау әдісімен 
негізінен  СӨЖ/СОӨЖ  жұмыстарын  ұйымдастыру  тиімді.  Онда 
студенттер қойылған проблеманың өте маңызды, кәсіби маман-
дығына пайдалы жақтарына көңіл бөледі. Осыған орай жобалай 
оқыту технологиясын қолдануда мынадай талаптар қойылады: 
1. Бірнеше пәннен іргелі білімді талап ететін проблемалар-
дың болуы. 
2. Тұжырым-нәтиженің теориялық, практикалық жағынан 
студент үшін танымдық маңызының жоғары болуы. 
3. Студенттердің дербес өз бетімен орындауына ыңғайлы 
болуы. 
4.  Жобаның  мазмұндық-құрылымдық    бөлігін    бірнеше 
кезеңге бөліп қарастыру. 
5.  Зерттеу  әдістерін  әрекет  деңгейіне  қарай  бірізді  қол-
дану. Атап айтқанда: 
- проблеманы  және одан шығатын дидактикалық міндет-
терді анықтау; 
- болжамдар және оны шешудің жолдарын ұсыну; 
- қажетті және тиімді әдістерге талдау жасау; 
-  нәтижені  көрсетудің  формаларын:  тұсаукесер,  рөлдік 
ойын, баяндама т.т. анықтау; 

 
РӨЛДІК 
ЖОБАЛАР 
 
ҚОЛДАНБАЛЫ -
ПРАКТИКАЛЫҚЖ
ОБАЛАР 
 
ПӘНАРАЛЫҚ 
ЖОБАЛАР 
 
МОНО- 
ЖОБАЛАР 
 
ОЙЫН 
ЖОБАЛАРЫ 
 
АҚПАРАТТЫҚ 
ЖОБАЛАР 
 
ШЫҒАРМАШЫ-
ЛЫҚ ЖОБАЛАР 
 
ЗЕРТТЕУ 
ЖОБАЛАРЫ 
 
ЖОБАНЫҢ 
ТИПТЕРІ 
-алынған нәтижеге талдау жасау, жүйелеу; 
-қорытынды жасау және оны безендіру; 
- жаңа проблемалар ұсыну. 
Жобалау технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды 
өз  деңгейінде дұрыс  ұйымдастыру  үшін  олардың типтерін  білу 
басты мәселе (11-сурет).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
11-сурет – Жобалай оқыту  жүйесі 
 
Ол үшін олардың мынадай белгілеріне мән беру қажет: 
1.Жобалау  технологиясындағы  басым  әрекет  түрі  -  зерт-
теушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы болатыны. 
2.Пәндік-мазмұндық сипаты бойынша: 
- моножоба; 
- пәнаралық жоба болып бөлінетіні. 
3.Жобалау әрекеті үрдісіндегі қарым-қатынас тәсілінің си-
патына қарай: 
- тікелей қарым-қатынас; 
-  коммуникациялық  технология  арқылы  деп  ажыратыла-
тыны. 

4.Жобаны үйлестіру  сипатына  қарай:  тікелей, елеусіз  деп 
жіктелетіні. 
5.Байланыстың сипатына қарай : 
- аймақтық жоба; 
- оқу орнының өзінде орындалатын жоба; 
- халықаралық жоба деп саланатыны. 
6.Жобаға  қатысатындардың  санына  қарай:  жекелік,  жұп-
тық, топтық деп бөлінетіні. 
7.Жобаның  ұзақтығына:  қысқа  мерзімдік,  орташа  мерзім-
дік, ұзақ мерзімдік деп іштей топтастырылатыны. 
Жобалай  оқыту  технологиясындағы  басым  әрекет  түрле-
ріне қарай жобаның мынадай типтері бөлінеді: 
1. зерттеу жобалары; 
2. шығармашылық жобалар; 
3. ойын жобалары;  
4. қолданбалы-практикалық жобалар; 
5. пәнаралық жобалар;  
6. моножобалар; 
7. ақпараттық жобалар; 
8. рөлдік жобалар, т.б. Бұл жобалар сипаты жағынан іштей 
екі үлкен топқа: ғылыми-ізденімдік және қолданбалы практика-
лық болып сараланады.  
 
 
 
 
ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕНІСТІК ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОНЫ 
ІСКЕ АСЫРУ АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ 
 
Ғылыми-ізденістік жобалардың түрлеріне зерттеу, шығар-
машылық, пәнаралық, т.б. жобалар жатады. Оларды аралас жоба 
типтеріне  жатқызуға  да  болады.  Өйткені  жобаның  бұл  түрле-
рінде жалпы жобаға тән барлық элементтер қатар қамтылатын-
дай мүмкіндік мол. Жобаның қандай типімен жұмыс істелсе де, 
онда  әр  түрлі  әдістер,  әсіресе,  зерттеушілік  әдіс  міндетті  түрде 
қолданылып, негізгі орынды иемденеді. Бұл әдіс тілді меңгерту 
үдерісінде  дербес  те,  жобалай  оқыту  технологиясының  құра-
мында да қолданылады. Өйткені зерттеушілік әдіс жалпы білім 

берудің басты міндеттерін орындауға қолайлы әдістің бірі  және 
ол жалпығылыми әдіснамалық тұрғыдан қарастырылады. Жоба-
лай  оқыту  технологиясының  ауқымында  алынатын  ғылыми-із-
деністік бағыттағы  басты мәселелердің мәні: 
-
 
студенттің  зерттеушілік  әрекетінің  мақсатын  айқындау-
дан; 
-
 
зерттелетін проблеманы ұсынудан; 
-
 
 проблеманы  шешудің  тиімді  жолдарын  көрсететін  бол-
жамдар жасаудан; 
-
 
ақпараттар  жинауда,  оларды  өңдеуде,  проблеманы  бө-
луде, талдауда толық қатысып, жан-жақтылықта қамтылудан кө-
рінеді. 
Ғылыми-ізденіс  жұмыстарында,  негізінен,  студенттердің 
танымдық әлеуетін көтеруге, олардың лингвоелтанымдық мәде-
ниетін  дамытуға  теориялық  тұжырымдар  мен  қағидаларды 
орынды  қолдана  алу  дағдыларын  дамытуға  басымдылық  бері-
леді.  
Енді осы топтағы жобалай оқытудың ішкі түрлеріне жеке-
жеке тоқталайық. 
Қазақ  тілін  меңгерту  үрдісінде  ұйымдастырылатын  зерт-
теу жобаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай жобаларды 
студенттерге ұсынар алдында оқытушы мына мәселелерді анық-
тап, өзара сабақтастыққа негізделген жүйесін белгілеп алады: 

 
 жобаның мақсатын

 
 зерттеу  тақырыбының  жеке  студент  үшін  немесе  оны 
орындауға қатысатын студент тобы үшін өзектілігін; 

 
 тақырыптың құрылымын; 

 
 тақырыптың әлеуметтік маңызын; 

 
 сәйкес әдістер мен тәсілдер жүйесін; 

 
 қол жеткен нәтижені өңдеу әдістерін. 
Зерттеу  жобалары  зерттеу  логикасына  толық  бағынады 
және оның шын ғылыми зерттеулермен толық сәйкес келетін құ-
рылымы  болады.  Мәселен,  онда  сол  тақырыптың  өзектілігі 
дәйектеледі,  зерттеу  проблемасы  анықталады,  зерттеу  міндет-
тері  қойылады,  зерттеу  әдістері  белгіленеді,  зерттеудің  қайнар 
көздері көрсетіледі, зерттеу болжамы ұсынылады, оны шешудің 
жолдары  қарастырылады,  алынған  қорытындылар  мен  нәтиже-

лер талқыланады және одан туындаған жаңа проблемалар анық-
талады.  
Шығармашылық  жобалардың  өзінің  ерекшеліктері  бар. 
Ғалым  Е.С.Полат  пен  М.Ю.Бухаркина  жобалардың  түрлерін 
саралай  келе,  «жалпы  жобаның  бәріне  де  шығармашылық  пен 
зерттеушіліктің тән екенін айтады [4]. Олар, дегенмен, осы жо-
баның ерекшелігі ретінде мыналарды атап көрсетеді: шығарма-
шылық  жобалардың  нәтижелері  ерекше  болады,  олардың  да-
ралығы  оны  орындаушылардың  ойлау  даралығынан,  бір-біріне 
ұқсамайтын  ерекшелігінен  туындайды.  Бұл  жобада  оны  орын-
даудың әр бөлігі алдын ала жоспарланбайды. Оның өрістеуі оны 
орындаушылардың  еркіне  көбірек  бағынады.  Мұнда  тек  түпкі 
нәтиже мен оның формалары (газет, шығарма, бейнефильм, дра-
малық  қойылым,  рөлдік  ойын,  т.б.)  белгіленеді.Бірақ  жобаның 
нәтижесін  рәсімдеу  сол  ойластырылған  жобаның  сценарийінде 
толық көрініс табуы тиіс.  
Сондықтан ол нәтижелердің рәсімделу үлгісі де шығарма-
шылық мазмұнда болады. Олар әр түрлі болып келеді, мысалы:  

 
бейнефильмнің сценарийін жазу; 

 
ойын-сабақ ұйымдастырудың барысы; 

 
«Наурыз» мейрамының сценарийі; 

 
қабырға газетінің құрылымы; 

 
шығарма мен мақала мазмұнының жоспары; 

 
экспедицияның ұйымдастырылу жоспары, т.б. 
Студенттерге қазақ тілін оқыту барысында «Шығармашы-
лық жобалардың» мынадай тақырыптарын ұсынуға болады: 

 
«Астана  –  Сарыарқа  төріндегі  қазақ  елінің  інжу-мар-
жаны»; 

 
«Наурыз мейрамының ұлттық мәні қандай?»; 

 
«Қазақстандағы  қарттарға  қамқорлық  жайы  туралы  мә-
селелер»; 

 
«Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,  
      Өз қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!» 

 
«Қазақ  басылымдарындағы  елдің  әлеуметтік  өсу  жайы-
ның қаралуы» т.б. 
Пәнаралық жобалар -қалай болғанда да дәрісханадағы са-
бақтан  тыс  уақытта  орындатылатын  жобалар.  Бұл  жоба  түрін 

орындауда  екі-үш  пәннің    түйісер  нүктесіндегі  тақырып  таңда-
лынады.  
Егер студенттің мүмкіндіктері оқытушы тарапынан дұрыс 
танылып,  бағаланса,  институт,  университет  аумағындағы  мәсе-
лені қамтитын тақырып алуға да болады.  
Бұл жоба түрін орындауда студенттер тобы іштей бірнеше 
шығармашыл кіші топтарға бөлінуі мүмкін.  
Оқытушы  тарапынан  жүргізілетін  басқарушы  және  нұс-
қаушы міндеттер ұйымдастыру шеберлігін аса қажет етеді. Зерт-
теу  жобасымен  де  ұқсас  келетін  мұндай  жоба  түрінің  нәтижесі 
де  аумақты  мәселені  қарастыратын  болғандықтан,  ауқымды 
және жан-жақты болып келуі заңды.  Соңғы қорытынды тұсау-
кесерге дейін аралық тұсаукесерлер өткізу тиімді. Ол тақырып-
тың толық ашылуына, пәндерге байланысты мазмұндық компо-
ненттерді «пісіре түсуге» көмегін тигізеді. 
Пәнаралық  жобаларға    мынадай  тақырыптар  ұсынуға  бо-
лады: 
-
 
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «достық» тақырыбы-
на байланысты фразеологизмдер; 
-
 
«Қараңғы  түнде  тау  қалғып»:  Абайдың,  Лермонтовтың, 
Гетенің  үндесуі; 
-
 
Л.Гумилевтың  «пассионарлық»  туралы  идеясы  және 
қазақ жыраулары мұрасындағы олардың көріністері т.б.  
Тарих  және  филология    мамандығына  оқып  жатқан  сту-
денттердің бірлесе орындайтын «жоба жұмысын» ұйымдастыру-
да  ерекше  бір  ұтымдылықтар  болады.  Осы  екі болашақ  маман-
дық иелерін біріктіретін ортақ  тақырыптар бойынша жоба жұ-
мыстарын  орындату  арқылы  ғылымдар    тоғысуы  (интеграция-
сын)  ғана  емес,  өмірдегі  біртұтастықтың  санқырлы  болмысын 
таныту  да  мүмкін  болады.  Мысалы,  «Хандық  дәуірдегі  қазақ 
әдебиетінің  көрнекті  өкілдері»  деген  тақырып  берілетін  болса, 
мұнда тарих пен орыс тілі мен әдебиеті мамандығын игеріп жат-
қан  студенттер  үшін  үлкен  елтанымдық  маңызы  бар  жоба  жұ-
мысы  орындалады.  Сонымен  бірге,  мұндай  жобалардың  орын-
далу  нәтижесінде  материалды,  нақты  көптеген  тарихи,  әдеби, 
елтанымдық нәтижелерге қол жеткізіп, студенттер қазақ тілінің 
рухани  байлық  сақтаушысы  екеніне,  сол  арқылы  жалпы  тілдің 
кумулятивтік қызметіне назар аударады. 

«Қазақ  тілін  жобалай  оқыту  технологиясының»  дәрісха-
нада  және  сабақтан  тыс  орындайтын  тақырыптар  жүйесі  іштей 
сараланып беріледі. Соның негізінде студенттер үздіксіз өзіндік 
ізденіс  үстінде  болады.  Бұған  кредиттік  оқу  жүйесі  де  мүмкін-
діктер бере алады. 
Барлық  педагогикалық  технологияларға  тән  маңызды  
ерекшеліктер  жобалай  оқыту  технологиясына  да  тән.  Ол  ерек-
шеліктерді тану мынадай үш тұрғыдан жүргізіледі: 

 
 қазақ  тілін  гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  жобалай 
оқыту технологиясы арқылы меңгертуді ғылыми таным  тұрғы-
сынан тану; 

 
 қазақ  тілін  гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  жобалай 
оқыту  технологиясы  арқылы  меңгертуді  процессуалдық-сипат-
тау тұрғысынан тану; 

 
 қазақ  тілін  гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  жобалай 
оқыту технологиясы арқылы меңгертуді  процессуалдық-әрекет-
шілдік тұрғысынан тану. 
Осы  тұрғыдан  келетін  болсақ,  қазақ  тілін  гуманитарлық 
бөлім  студенттеріне жобалай оқыту технологиясының ғылыми 
болмысы  анықталып,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  ғылымының 
құраушы бөлшегіне айнала алады деп ойлаймыз. 
Ғылыми таным  тұрғысынан келгенде қазақ тілін  гумани-
тарлық бөлім студенттеріне жобалай жүйесінің рационалды қол-
данысы, сапалы білім  берудегі осы жобалай оқыту технология-
сының алатын тиісті орны, осы оқыту жүйесін  басқару жолдары 
мен жүзеге асыру  механизмдері кең де  орнықты түрде  анық-
талады. 
Жобалай оқыту жүйесінің тиімділікпен қолданылуы үшін 
және  түпкі  нәтижесі  сапалы  болуы  үшін  осы  оқыту  жүйесіне 
қатысатын барлық құраушы бөлшектердің сипаты мен қызметін 
тану  және  бірізді  тәртіпке  келтіруі  маңызды  болады.  Соның 
өзінде    бір  ғана  оқыту  технологиясын  бірнеше  адам  қолдануы 
барысында  түрліше  нәтижелерге  қол  жеткізіп  жатады.  Бірақ  
әрбір оқытушының жеке қабілетін қоса есептейтін болсақ, бәрі-
бір, қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне жобалай оқы-
ту  арқылы  меңгерту  жүйесінің  белгілі  бір  орта  шамадағы  ин-
дексі  болуы  қажет,  яғни  бұл  технологияны  қолдануда  студент-

тердің дара қасиеті ескеріледі, бірақ бұл бір ғана басты ұстаным 
екен деп қабылдауға болмайды.  
Жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үдерісінде  ғылыми-із-
деніс  жобаларын  қолданудың  өзіндік  ерекшеліктері  мен  ішкі 
тәртіптері  болатыны  белгілі.  Солардың  кейбіріне  тоқталып 
өтеміз. 
Жалпы алғанда, қазақ тілін  гуманитарлық бөлім  студент-
теріне  жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  меңгертудегі  не-
гізгі  бағыт  – студенттің білімді  өз бетімен  ізденіп  игеру  болып 
табылады. Жобалай оқытудың  амал-тәсілдерін қолдана отырып 
оқу арқылы студент әрдайым сабақ тақырыбына байланысты ал-
дына  қойылған  мәселелердің    шешілу  жолдарын  өзіндік  жоба 
түрінде ұсынады, дәйекті түрде  дәлелдейді. Осы жобаны орын-
дау және оның шешімін көрнекілеу кезінде,  жобаны шешім тү-
рінде дәлелдеу барысында студент өз бетімен білім алу  әдістері 
мен амалдарын меңгереді. 
Қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне ғылыми-із-
деніс жобалар арқылы  оқытуда оқытушы орындауы тиіс  басты 
мәселелердің бірі – жобалау  жұмысының топтама  тақырыпта-
рын анықтау және бекіту. Бұл бағыттағы жобалай оқыту жұмы-
сының топтама тақырыптары теориялық мәселелерге арналады. 
Бірақ  пәніміздің  өзі  практикалық  болғандықтан  оның  тек  ғы-
лыми  тұжырымдармен  шектелуі  тиімсіз  саналады.  Онда  алын-
ған мәселенің теориясын студент өзі бағамдағанмен, оның қор-
ғалу үдерісі шынайы ғылыми жұмыс тәртібімен жүргізілгенмен, 
оның  практикалық  маңызы  да  есте  болады.  Сондай  жоба  түрін 
ұйымдастырудың  амал-тәсілдерін  толық  көрсету  үшін  нақты 
тәжірибеден мысал келтіреміз: 
Жобаның  тақырыбы:  Термин  сөздердің  қолданыстағы 
мәні (заң терминдері бойынша) 
Жобада қолданылатын әдістер: 

 
 ақпараттық 

 
 зерттеу 
Көрнекі құралдар: 
Заң терминдері жазылған кесте: 
 
1-кесте: Заң терминдерінің аударма сөздігі 
Құқық – право 

Нормативті – нормативный  
Талапкер – истец  
Құзырет – компетенция 
Қызмет – служба  
Тағайындау – назначить  
 
Заң – закон 
Өкіл – представитель   
Көші-қон – миграция  
Қол сұғушылық – посягательство   
Сот орындаушысы – судебный исполнитель  
Төраға – председатель  
Сот ісі – судопроизводство  
Тыйым салу – запретить  
Құқық бұзушы – правонарушитель  
Күшін жою – утратить силу  
Конституциялық – конституционный   
Лауазымды тұлға – должностное лицо  
Заңды бұзу – нарушение закона  
Талап – иск 
Шағым – жалоба 
Азамат – гражданин 
Азаматтық іс – гражданское дело  
Әкімшілік іс – административное дело  
Әкімшілік – администрация 
 
Сабақтың құрылымы: 
1)
 
білімді өзектендіру; 
2)
 
алған білімдерін нақты жағдайларда қолдануға мотива-
ция тудыру; 
3)
 
алған  білімдерін  заң  әдебиеттерін  оқу  барысында;  өз-
дерінің азаматтық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ба-
рысында қолдана білу; 
4)
 
білімнің игерілуін бақылау 
Сабақ жоспары: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.  
ІІ. Білімді өзектендіру: 

 
 термин сөздердің қолдану ерекшелігін қайталау; 

 
 термин сөздерінің түрлілігі туралы ақпаратты тыңдау; 


 
 заң терминдерінің ерекшелігі туралы ақпаратты тыңдау. 
ІІІ. Алған білімдерін нақты жағдайларда қолдануға моти-
вация

 
 заң  терминдерін  өздерінің  құқықтарын  қорғауда  қолда-
нуда туындайтын мәселелерді шешу. 
ІҮ. Білімді қолдану: 

 
 жобаны қорғауға ұсыну; 

 
 оппоненттердің сұрақтарына жауап беру. 
Ү. Шығармашылық тапсырма: 
1.Өздерінің  топтарыңда  жобаға  қатысты  мәселелерді  тал-
қылаңыз.  Жобаның  басты  мәселесі  не?  деген  сұраққа  жауап 
дайындаңыз. 
2.Өздеріңіздің  топтарыңызда  заң  терминдерінің  қолда-
нылуы  бойынша  жоба  жұмысының  құрылымын  дайындаңыз. 
Оның зерттеу әдістерін көрсетіңіз. 
3.Зерттеу мен жобаны қорғау нәтижелерін көрсету бойын-
ша жоспар әзірлеңіз. 
ҮІ.  Заң  терминдерінің  дұрыс  қолданылуын  бекіту  үшін 
түрлі жағдаяттар ұсынылады. Мысалы:  
-
 
жас жұбайлардың жағдайлары; 
-
 
банкіде өз құқықтарын қорғау жағдайы; 
-
 
заң  газеттерін  оқығаннан  кейін  оны  талқылау  барысы 
жағдайы; 
-
 
тұтынушы  ретінде    бір  зат  сатып  алу  барысындағы 
жағдай; 
-
 
көліктерде  жүру  барысындағы  өз  құқықтарын  қорғау 
жағдайы. 
ҮІІ. Алған білімдерін бақылау. 
Алған  білімдерінің  нәтижелерін  келесі  түрде  талқылау, 
көрсету: 
-
 
ауызша баяндама; 
-
 
пікірталас; 
-
 
дәйектеу; 
-
 
рөлдік ойындар. 
ҮІІІ.  Жасалған  қорытындылар  бойынша  жобаға  қа-
тысқан студенттердің жұмыстарына баға беру. 
«Қазақ  тілі»  пәнін  қызығушылықпен  оқып-үйренуі  үшін 
студенттің ғылыми жобалар орындауына үлкен мән берудің қа-

жеттігі  дәлелдеуді  керексінбейтіні  даусыз.    Әрине,  студенттің 
барлығы  болашақ  ғалым  болмасы  анық.  Бірақ  олар  –  ғылыми 
біліммен  қаруланған  тарих,  орыс  тілі  мен  әдебиеті  т.б.  пәннен 
сабақ беретін болашақ мұғалімдер. 
Мұғалімдердің қазіргі кезде көп ақсап жүрген тұсы – тео-
риялық білім  мен  практикалық  шеберліктің басын  біріктіре ал-
май, дағдарысқа түсуі.  Себебі мұғалімдер қандай  қиын  кезеңде 
де болашақ ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жолында еңбек етіп ке-
леді. 
Өкінішке орай, олардың басым бөлігі оқытудың  жаңа тех-
нологияларын  интуициялық  жолмен  меңгеріп  келеді,  азғантай 
уақытқа  ұйымдастырылған  курстар  ештеңе  бере  алмайды.  Ал 
мектеп басшыларының өздері көп жағдайда жаңа педагогикалық 
технологияға  «өтіп  кететін  маусымдық  сән»  сияқты    келмеске 
кететініне үміттеніп қарап жүргені де жасырын емес.  Оқытудың 
жаңа технологиясының әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі мен 
амал-тәсілдеріне мән бермегендіктен, бұл технологиялар толық-
қанды  өз  дәрежесінде  іске  аспай  келеді.  Оның  себебі  неде? 
Мұндай  келеңсіз  құбылыстың  мектептерде  орын  алу  себептері 
мынада: 
Біріншіден, қазіргі кезде білім беру саласында ғылымилы-
лық ұстаным алға  шығарылып отыр. Бірақ бұл оқу пәнінің ғы-
лымын  игерсе  болды  деген  сөз  емес.  Мұғалімнің  ғылыми  із-
денім жағынан қаруланған болуы тиіс дегенді танытады. Ал мұ-
ғалімдер  бұл  мәселеде  көп  нәрсеге  уақыт  жағынан  үлгірмей 
жатады немесе ізденіске мән берілмейді. 
Екіншіден,  ғылыми  білімнің  практикалық  өмірде  қызмет 
етуін талап ететін жаңа технологиялар туындап келеді. Мұғалім-
дердің оларды түсініп қабылдауы да кемшін. Олар дәстүрлі жұ-
мыстан өзгеше бір әдіс секілді ғана қабылданады.  
Үшіншіден,  мұғалімдерге  оқылатын  курстардың  оқу  са-
пасы  мен  білім  мазмұны  жаңа  технологиялардың  талабына  сай 
келмейді. Курс тақырыптары жаңа заман мәселелерін көтергені-
мен, ондағы дәрістердің дені дәстүрліліктен арыла алмай жүр. 
Төртіншіден,  мұғалімдердің  жүйелілік  ұстанымын  мүлде 
дерлік түсінбейтіні, оған назар салмайтыны байқалады. Көп жағ-
дайда,    мұғалімдер  әр  технологиядан  бір-бір  үзіп-жұлып,  тұтас 
сабақ    құраған  болып  жүр.  Егер  мұғалімдердің  барлығына  

«Аралас технология» сізге ұнай ма?» деген сұрақ қойылса, онда 
олардың 90 %-ы «ұнайды» деп жауап береді. Себебі  оларға әр 
технологиядан  бір  элемент  алу  —  бір    технологияны  жүйелі-
лікпен қолданудан жеңіл. 
Бесіншіден, оқулық пен оқу құралдарына деген сыни көз-
қарас  білдіруге мұғалімдер енжар қарайды. Ал  мұғалімдер тео-
риялық  біліммен  дұрыс  қаруланса  ғана,  ғылыми    таным    әдіс-
терін меңгерсе ғана кез келген  оқулыққа талдау жасай алар еді. 
Сонда ғана  «ең жақсы оқулық» деген мәселенің талаптарын тү-
сінер  еді.  Әрі  оқулықтарды  әділ  сын  негізінде  әрдайым  толық-
тыруға, дамытып отыруға қатысу   оның шәкірттері үшін қажет 
мәселе екенін түсінер еді. 
Сондықтан жоғары оқу орны қабырғасында қазақ тілін са-
палы  оқытудың  дидактикалық  мақсат-міндеттерін  дұрыс  орын-
дау үшін, студенттерге жоба әдісі арқылы қазақ тілінен өз беті-
мен білім алудың тиімді амал-тәсілдерін жете үйрету көзделеді. 
Жобалай  оқыту  технологиясы  студентке  өз  бетімен  білім  іздеу 
барысында  оқу-танымдық  амалдардың  жиынтығын  меңгеруіне 
оң ықпал етеді. 
Көзделген  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  студенттің  өз 
бетімен  білім  алуы  аса  қажет.  Өйткені  тірелген  тығырықтан 
сырттан  берген  ақыл  бір-ақ  рет  шығара  алады,  ал  өзінің  прак-
тикамен  тығыз  байланыста    танып-игерген  әдістері  өз  ойымен 
бірлікте  болып,  саналылықпен  күнделікті  дағды  болып  сіңі-
ріледі. 
Жоғары  білім  беру  саласы  модернизациялау,  жаңа  оқыту 
технологияларын қарқындылықпен практикаға енгізу үшін дәс-
түрлі  лекция  мен  семинар  сабақтарды,  практикалық  сабақтар-
дың болмысына жаңа леп енгізу керек. Егер дәстүрлі сабақтарда 
«білім, білік, дағды» ғана негізгі нысанға алынса, жаңа техноло-
гияларды  қолдануда  «студенттің  жеке  тұлғасы»      проблемасы 
алдыңғы орында тұрады.  
Қазақ  тілі  бойынша  студентке  берілген жоба  түрлері  мен 
тақырыптары  –  студенттің  білімдік  және  оның  толыққандылы-
ғын  қамтамасыз  ететін  жан-жақты  ақпаратты  өз  бетімен  іздеп 
табуына лайықталып іріктелінеді, жүйеленеді.  
Қазақ тілін ғылыми-ізденіс арқылы меңгертудегі амал-тә-
сілдердің бірі -  студентті ақпаратты жинау амалдарымен таныс-

тыру. Онда әдебиетпен жұмыстың жолдары түсіндіріледі. Мәсе-
лен,  бірінші  тәсіл  –  сөздік  минимумды  анықтау.  Жоғарыдағы 
заң терминдерін меңгеруде мынадай амалдар қолданылады: сту-
дент  алдымен  орысша-қазақша  сөздіктерден,  сосын  түсіндірме 
сөздіктермен жұмыс жасай отырып өзіне қажет сөздерді таңдап 
алады.  Келесі  тәсіл  –  өзі  жинаған  сөздерді  актив  және  пассив 
сөздерге  бөлу.  Сөздік  қордағы  сөздерді  актив  және  пассив  деп 
бөлу  тілді  үйрену  барысында  қандай  сөздерге  айрықша  көңіл 
бөлу керектігін және тапсырманы орындауда алдымен қай лек-
сикадан  бастау  керектігін,  сөздердің  жиілігі  мен  тіркесу  қабі-
летінде  қайсысы  негізгі  екендігін,  т.б.  анықтауға  мүмкіндік  бе-
реді.    Келесі  орындалатын  жұмыс  –    сөз  тіркестерін  құру.  Бұл 
заңдық  ұғымдарды  кең  түсінуге  көмектеседі.  Тілдік  жағынан 
тиісті  грамматикалық  норма  арқылы  бұл  тұлғалардың  айтар 
ойға  сәйкес  бір-бірімен  тіркесу,  байланысу  қабілеттерін  мең-
геру. Келесі тәсіл – мағыналық тіркестерден сөйлем құрау. Одан 
кейінгі  кезеңде  өздері  таңдаған  жағдаяттарға  сай  сол  сөйлем-
дерді пайдаланып мәтін құрау. Өз ойын жеткізуде фонетикалық 
нормаларды  сақтай  отырып,  қатысымдық  тұлғаларды  орынды 
пайдалануға  төселу  –  осы  жұмыстың  тілді  қолдану  тұрғысын-
дағы нәтижесі деп саналады. Ал жоғарыдағы амал-тәсілдер сөй-
лесімді жүзеге асырудың базалық негізін қалайды.  
Ал  жобалау  технологиясын  қолдануда  студенттер  өздері-
нің  алдына  қойылған  қазақ  тілі  бойынша  жобаларды  шешудің 
жолын,  әдісін  оқытушының  басшылығымен,  бірақ,  негізінен, 
практикалық  жолдан  өздері  орындап    «өтіп  шығуы»  қажет  бо-
лады.  Өйткені  жеке  бастың  тәжірибесі    адамның  өзінің  жолын 
талдауының,  салыстыруының,  ұтымды  тұстарын  жинақтай  бі-
луінің нәтижесінде жинақталатыны аян.  
Бұл жерде әрбір жеке студенттің өзін-өзі, яғни өзінің білім 
алу, дүниетану мүмкіншіліктерін танып-білуіне қажетті р е ф л е 
к с и я л ы қ  әдістерді игеру қажеттілігі де туындап тұрғанын 
айқын  көреміз.  Осы  жұмысты  жүзеге  асыруда  топтық,  жұптық 
жұмыстар ұйымдастырылады. Ол үшін білімді өзектендіру ама-
лы қолданылады. Өзектендіру – тақырыптың өз өмірлеріне бай-
ланысты  мүмкіндіктерді  танумен  байланысты  жүргізіледі.  Осы 
тұста  студенттің  тапсырманы  орындауға  және  білімді  саналы 
игеруіне  жол ашатын мотивациялық тәсілдерді қолдану тиімді 

болып  табылады.  Мысалы,  оны  берілген  тапсырмалардың  түр-
лендірілуі  арқылы,  топтар  мен  жұптарды  кездейсоқтық  амалы-
мен  құру  арқылы,  бір-бірімен  топтық  жарыстар  ұйымдастыру 
арқылы жүргізудің пайдасы мол.  
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың рефлексиялық 
қабілетін  дамыту  мәселесін  ескеру  оқу  нәтижесін  арттырары 
хақ.  Мысалы,  студенттің  таным  үдерісінде  де  рефлексияның 
алатын  орны  зор.  Қазіргі  таңда  оқушының  рефлексиялық  мүм-
кіншіліктерін  тану,  жекелеген  пәндерді  оқыту  арқылы  оны  да-
мыту  мәселесі  қарастырылып  жүр.  Атап  айтқанда,  жобаны 
орындау  барысындағы  студенттердің  тақырыпты  талқылауы 
мен  есеп  беруі    рефлексиялық  қабілеттің  дамуына,  қалыпта-
суына  тірек  болып  табылады.  Жобаны  студенттер  жеке  түрде 
немесе  топ  болып  орындайды.  Жобаны  орындаудың  кезеңдері 
анықталған соң, әр кезеңнің соңында: 
-
 
«не тындырдық?» 
-
 
«әлі қандай мәселе бар?» 
-
 
«қандай мүмкіндіктер бар?» 
-
 
«біздің мүмкіндігіміз қандай?» 
-
 
«менің мүмкіндігім қандай?» 
-  «жобаны  жақсы  орындап  шығудың  тиімді  жолдарын 
қалай  болжауға  болады?»  деген  сияқты  топтық  немесе  жеке 
рефлексиялық  сәттер  өткізіледі.  Бұл  тәсілдің  өзі  студент  үшін 
өмірлік құндылық  болып табылады. Өйткені Абайдың қара сө-
зінде  айтылғандай,  адам  өзіне  күн  сайын,  апта  сайын,  болмаса 
ай сайын есеп беріп үйренуі керек. 
Проблеманы  анықтай  білу,  оны  шешуге  кірісу,  қажетті 
әдістер мен тәсілдер жүйесін алдын ала жүйелей алу – студент-
тен талап етілетін міндеттер. Оқытушының айтуымен ғана емес, 
өзінің осыған дейінгі білімі мен өмірлік тәжірибесінің негізінде 
осындай кезеңді қалап алған соң, студент проблемалық жағдай-
дың «ішіне ене алатын болады». 
Ғылыми-ізденімдік жобаларды жүзеге асыру оқытушымен 
бірлесе отырып жасалған жұмыс жүйесінің нақты кезеңдері мен 
сол  кезеңдерге  сай  келетін  тапсырмалардың  алдын-ала  нақты 
берілуін  талап  етеді.  Онда  қолданылатын  әдістер  мен  амал-тә-
сілдер сондықтан қадам сайын белгілі болып отырады. Студент-
тердің қазақ  тілінен берілген  проблемалық  жағдайларға  құрыл-

ған  жоба жұмысының орындалу  сатыларындағы  сол  әдіс-тәсіл-
дерді төмендегі кестеден (3-кесте) анық көруге болады:  
 
                                                                                              3-кесте  
Ғылыми-ізденіс жобаларын ұйымдастырудың                                   
әдіс-тәсілдер  жүйесі  
№ 
Студенттерге ғылыми-ізденіс жобаларын орындауда 
қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар   жүйесі 
 



Қазақ  тілінің  фонетикасы  туралы  берілген  тірек  оқу  ма-
териалымен танысып шығыңыз 

Осы материал бойынша аннотация құрыңыз 

Осы материал негізінде реферат  жазыңыз 

Осы  оқу  материалында  берілген  лингвистикалық  ғылыми 
ұғымдар мен терминдерді  дәптерге көшіріп жазыңыз 

Мәтіннің негізгі мазмұнын конспектілеңіз 

Оқу мәтін бойынша жоспар құрыңыз 

Сіз үшін мәтіндегі тірек сөздер қайсы, теріп жазыңыз  

Оқу мәтінін оқи отырып оның мазмұны бойынша алдын ала 
берілген сұрақтарға жауап беріңіз 

Проблемалық  сұрақтарға  мәтінде  даяр  жауап  бар  ма, 
табыңыз 
10 
Берілген мәтінге тезис құрыңыз 
11 
Осы тезистің мәнін ашатын қағидалар оқу мәтінінен табыла 
ма, анықтаңыз 
12 
Оқу материалы мәтіні бойынша жоспар құрыңыз 
13 
Жазылған  тезистеріңіз    бойынша  оқу  мәтінінен  мысалдар 
мен үлгілер келтіріңіз 
14 
Оқу мәтіні бойынша  сұрақтар мен тапсырмалар құрыңыз 
15 
Берілген    дұрыс  емес    сөйлемдердің  дұрыс    мағыналарын 
анықтап, сөйлемді қайта құрыңыз 
16 
Оқу материалында берілген мазмұнға қатысты өзіңіздің көз-
қарасыңыз бен бұрынғы білімдеріңізді қосып, белгілі бір ой-
түрткі   шығарма  жазыңыз 
17 
Оқу  материалы  мен  жаттығулардағы  негізгі  ұғымдарды 
жүйелеп, сөздік талдау  жасаңыз 
18 
Оқу  материалы  мен  жаттығулардағы  негізгі  ұғымдарды 
жүйелеп, глоссарий  жасаңыз 
19 
Тапсырма бойынша жоспар – конспект құрыңыз 
20 
Қосымша кітаптар мен еңбектерден тақырыптың жоспарына 

жақын келетін материалдарды іріктеңіз 
21 
Оқытушының  тапсырмасына    байланысты  әдебиеттерді  
анықтаңыз 
22 
Тапсырма  бойынша  берілген  оқу  материалына  жақын 
келетін қосымша  материалдар оқыңыз 
23 
Оқу  материалы  мен  тапсырмаларға  жақын  келетін  бірнеше 
еңбектерді оқып шығып, солар бойынша  даярлайтын баян-
дамаңыздың   жоспарын  жасаңыз 
24 
Оқу  материалы  бойынша  қосымша  оқыған  еңбектеріңізден 
фрагменттер әзірлеңіз 
25 
Қойылған  проблема  бойынша  оқыған бірнеше еңбектер не-
гізінде түрлі   көзқарастар бар екенін дәлелдеңіз 
26 
Проблеманың  тақырыбын  топ  болып  талқылаңыз,  сұрақ-
тарды өзара бөлісіп алыңыз, жеке-жеке даярланып, соңынан 
тұтас жауап әзірлеңіз 
27 
Алға  қойылған  проблеманы  айқын  танытатын  иллюстра-
циялар  әзірлеңіз 
28 
Жасаған  жоспарларыңызды    қосымша  еңбектерге  сүйене 
отырып, кең түрде баяндаңыз 
29 
Алға  қойылған  проблемада  берілген  ұғымдар  мен  термин-
дердің   ғылыми  анықтамаларын анықтаңыз 
30 
Берілген  тапсырма  мен  оқу  материалын  коммуникативтік 
мақсатпен  (хабарлама  жасау,  әңгімелесу,  пікірталас  жасау 
үшін) бірнеше рет оқып шығыңыз 
31 
Берілген проблема бойынша  лингвистикалық есептер  шы-
ғарыңыз 
32 
Реферат орындаңыз 
33 
Алға қойылған проблеманы шешу мақсатымен оқытушыдан 
кеңес алыңыз 
34 
Алға  қойылған  проблеманы  шешу  мақсатымен    біреуге 
кеңес беріңіз 
35 
Берілген  жоба  материалын  рөлге,  іскери,  ситуациялық 
ойындарға айналдырып орындауға дайындалыңыз 
36 
Берілген жоба материалын   өзіңіздің мұғалімдік  кәсібіңізде 
қалай  қолданатыңызды  көрсетіңіз,  сол  мақсатқа  лайықтап 
жүйелеңіз 
37 
Негізгі  және  қосымша  оқу  материалына  аналитикалық  тұр-
ғыдан  іріктеу  жасап,  көпсатылы,  концентрлік  баяндама 
жасаңыз 
38 
Берілген жоба тақырыбына қажетті библиография жасаңыз 
39 
Берілген  жоба  тақырыбына  байланысты  сұрақтар  жүйесін 

жасаңыз 
40 
Берілген  жоба  тақырыбына  байланысты    жаттығулар  жи-
нағын жасаңыз 
41 
Берілген  жобаны  жақсы  нәтижелі  орындау  үшін  студент-
терге    оқытушы  қандай  «Әдістемелік  нұсқау»  жасау  керек 
деп санайсыз? Өзіңіз сондай нұсқау жасаңыз 
42 
Берілген  жобаны  сіздің  оқушыларыңыз  қалай  қабылдайды 
деп  ойлайсыз?  Қиялмен,  болжаммен  толықтырған  эссе  жа-
зыңыз 
 
Бұл әдістер жүйесі жобалай оқыту технологиясында  түрлі 
деңгейде, түрлі сабақтастықта қолданылады. Қалай болғанда да 
студент  жобаны  орындау  барысында  коммуникацияның  мақса-
тына байланысты түрлі позицияда жұмыс жасайды, бір-бірімен 
қазақша қарым-қатынас жасауда интеракцияның (студенттердің 
өзара қарым-қатынасы), өзара перцепцияның (студенттердің өз-
ара түсіністігі) дағдыларын меңгереді. 
Қазақ  тілін  жоба  әдісі  арқылы  оқыту  технологиясында 
коммуникативтік  бағдар  негізгі  орын  алатыны  белгілі.  Ал  бұл 
бағыттың студенттердің қазақша сөйлеуіне қажетті материалды 
жүйелеуге,  жоба  әдісін  модельдеуде  қандай  лексикалық  және 
грамматикалық тақырыптарды іріктеуде әдіснамалық орын ала-
тыны анық. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет