ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгер-
тудің ережесі мынадай:
1)
тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы
керек және ол студенттің қызығушылығын тудыруы қажет;
2)
оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдасты-
рушы әрі кеңесші болуы тиіс;
3)
жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу
әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Со-
нымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны
нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме,
диаграммалар пайдаланылады;
4)
талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы
қажет;
5)
жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және
топтық шеңберде орындалуы қажет.
Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығарма-
шылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзара ын-
тымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жобалай оқыту технологиясын қолданып, проблемалық
тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын
ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын
топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол. Атап
айтқанда:
1.
Жұп (диада) құрып, бір мезгілде бірлікте жұмыс істеу-
ге мүмкіндік береді.
2.
Үштік (триада) құрып, бір мезгілде бірлікте және жеке
даралық жұмыс істеуге бағыттайды.
3.
Шағын топ құрып, (мүмкін 4 не 6 адам) пікірталас ту-
дыратын қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктеріне ие болады.
Біздің тәжірибемізде үштік іс-әрекет ең өнімді жұмыс
тобы, ол жобаға қатысушылардың өзара ынтымақтастығы арқы-
лы белсенді әрекет иесі болуына әсер ететін жоба әдісі екендігі
байқалды. Себебі үшінші адамға жекелей тапсырма бермеуге де
болады, ол екі адамның әңгімесіне, пікірталасына, жобаны
дәйектеуіне сырттай бақылаушы ретінде қатысушы тұлға. Со-
нымен қатар шағын топ мүшелері «Біреу барлығы үшін, бар-
лығы біреуі үшін» ұстанымы бойынша жұмыс істегенде, оның
тиімділігі арта түсетіні көрінді.
Проблемалық тақырып бойынша коммуникативтік міндет-
ті шешуші топтар (жұптық, үштік және шағын топ) мына бағыт-
та жұмыс істеуге мүмкіндік алды:
1)
тілдік тұлға оқытушы тілдік тұлға;
2)
жұптық немесе үштік оқытушы;
3)
оқытушы шағын топ.
Жобалау әдісінің негізінде студенттердің танымдық дағ-
дыларын дамыту, ақпараттық кеңістікте дұрыс жол табу, сыни
және шығармашылық ой дамыту жатыр. Сонымен қатар жоба-
лау әдісін таным жолы мен таным процесін ұйымдастыру тәсілі
деп те танып, дидактикалық мақсатқа жетудегі практикалық нә-
тижені көздейтін тәсіл деп айтамыз.
Дидактик-ғалымдар, педагогтар осы технологияға өздері-
нің педагогикалық әдістерін шешу мақсатында аса назар аудара-
ды. Оның негізінде нақты прагматикалық бағытталған нәтижені
көздейтін идея бар.
Бұл «ерекше» оқыту нәтижесі, себебі осындай нәтижеге
жету үшін гуманитарлық бөлім студенттеріне құбылысты нақты
көруге, практикалық қызметте пайдалануға, өзіндік шешімдер
табуға, күтілетін нәтижелерді болжауға, себеп-салдарлық бай-
ланыстарды жасауды игеруге баулу қажет.
Жобалау әдісі – гуманитарлық бөлім студенттерінің нақты
белгіленген мерзімде қазақ тілі бойынша әрдайым өзіндік жұ-
мыс жасауына бағытталатын әдіс. Жобалау әдісі топпен жұмыс
жасау әдісімен де тығыз байланысты. Одан басқа, бұл әдіс әр-
дайым қойылған міндетті шешуді қажет етеді.
Ал мәселені шешу бір жағынан түрлі әдістердің жинақ-
талуын қажет етсе, екінші жақтан білімдерді интеграциялауды
керек етеді. Жобалау әдісінің құралы – жобалау жұмыстары.
Әдістемелік әдебиеттерде жобамен жұмыс жасау алдында оның
кезеңдерін анықтап алуды көрсетеді, яғни:
1)
жобаның тақырыбын анықтау;
2)
жобаның мақсатын анықтау;
3)
жобаның құрылымын талқылау, жұмыс жоспарын жа-
сау;
4)
қажетті тілдік материалды және қатысым алдында ар-
найы тілдік жаттығулар жасау;
5)
ақпараттарды жинау: бар білімді ескеру, ақпарат көз-
дерімен жұмыс жасау, ақпараттарды сақтаудың жеке жүйесін
құру;
6)
топпен жұмыс жасау;
7)
студенттерге деңгейаралық нәтижелерін талдайтын
кездесулер ұйымдастыру, оқытушы студенттермен жасалған жұ-
мыстарға түсінік береді, тілдік бірліктерді қолдануда жіберілген
кемшіліктерді түзейді, жаңа материалдарды таңдап алады;
8)
жинақталған ақпараттарды талдау, түрлі топтардың
әрекеттерін үйлестіру.
9)
жобаны тұсаукесерге дайындау – көрме, бейнефильм,
радиобағдарламалар, театралдық көріністер, мерекелер және т.б.
10)
жоба нәтижелерін көрсету (жобамен жұмыс жасаудың
кульминациялық шегі).
11)
жобаны бағалау, осы кезең тілдік материалдың иге-
рілуін бақылауды ғана қоспайды, сонымен қатар, сөйлеу және
қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттіліктің дамуын да қо-
сады.
Бұл кезеңдегі жұмыстар дәстүрлі нысанда тест түрінде
жүргізіледі.
Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындарының гуманитар-
лық бөлімдеріне қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы негі-
зінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол
ашса, екіншіден, студенттің жеке тұлғалық қабілеттерін за-
манауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу
үдерісінің студент үшін мәнін танытып, олардың оқу мотива-
цияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақса-
тын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың
шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен студент
мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады.
Бекіту сұрақтары:
1. Жобалай оқыту технологиясының өзектілігін анықтайтын
факторларды атаңыз.
2. Қазақ тілін жобалау технологиясы арқылы сапалы оқытудың
компоненттерін атаңыз.
3. Жобалай оқыту технологиясының ерекшеліктері неде?
4. Жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін оқыту жүйесінде
қолданудың маңызы.
5. Жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін оқыту үдерісінде
қолданудың тұжырымдық негіздерін атаңыз.
6. Қазіргі білім беру жүйесінде қолданылатын технологияларды
ұйымдастыруда қандай талаптар орындалуы қажет?
7. Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің
ережесі қандай?
8. Жобамен жұмыс жасау кезеңдерін атаңыз.
ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ГЕНДЕРЛІК ТАБИҒАТЫ
Жобалай оқыту технологиясын қолдануда студенттер
белгілі бір оқу – танымдық мақсатқа қол жеткізіп, белгілі бір
оқу міндеттерін шешеді. Жобалау барысы даралық жұмыс тү-
рінде немесе топтық түрде жүргізіледі. Бұл бағыттағы жоба әді-
сін қолданудың бір үлгісін келтірейік.
Жобаның тақырыбы:
Қазақ халық педагогикасындағы әйел затының тәрбиесі
және оның игі тұстарын жандандыру мәселелері.
Жобаның мақсаты:
Қазақ халық педагогикасындағы әйел заты тәрбиесінің
негіздерін анықтау
Әйел заты тәрбиесінің барлық адамзат қоғамы үшін
маңызын тану мақсатында өзге ұлттардағы әйел заты тәрбиесі-
мен салыстыру.
Қазіргі заманға сай әйел заты тәрбиесіндегі ерекшелік-
терді (артықшылықтар мен кемшіліктері) анықтау.
Жобаның белгілері:
Жобадағы негізгі қызмет түріне қарай танылатын доми-
нанттық белгілері бойынша – зерттеушілік қолданбалы жоба.
Пәндік мазмұндық аясы бойынша – пәнаралық жоба.
Жобаны координациялау сипаты бойынша – ашық.
Контакт жасау бағыты бойынша – Алматы қаласында.
Жобаның ұзақтығы бойынша – 1 ай.
Жобаның типі – лингвистикалық және мәдениеттану.
Жобаны сыртқы бағалау параметрлері:
тақырыптың өзектілігі мен мәнділігі жағынан оқылып
жатқан «Қазақ тілі» пәні мен жоба ретінде алынып отырған
«Қазақ халық педагогикасындағы әйел затының тәрбиесі және
оның игі тұстарын жандандыру мәселелері» тақырыбының өзара
бірімен бірінің байланыстылығы;
зерттеу әдістерін дұрыс таңдалғандығы мен алынған
нәтижелерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;
жобаға қатысушы топтың әрбір мүшесінің белсенділік
дәрежесі;
қабылданған шешімнің ұжымдық сипатта болуы;
жобаның эстетикалық көркемдігі деп белгіленді.
Қазақ халқы ұлды «шаңырақ иесі» деп, ал қызды «қонақ»
деп тәрбиелеген. Қыз баланы, сонымен бірге, ел ішін жақын-
дастыратын ерекше символ ретінде бағалаған. Студенттер қазақ
тілінің бай қорынан қазақ қыздарының тәрбиесімен байланысты
тарихта сақталған биік идеалды образдарды таба алады. Сон-
дықтан қазақ тіліндегі қазақ қыздары туралы лиро-эпостық жыр-
лардың тілін жоба тақырыбы етіп беруге болады.
Гендерлік тақырыпты жоба етіп ұсына отырып, студент-
терге қазақ тілінен тапсырмалар орындату міндеттеледі. Деген-
мен де, қазақ тілінен зерттеулер жасату барысында студенттерге
гендерлік талдау әдістері де және гендерлік әдістерді қолдану
жолдарынан білім беру де - аса қажетті талап болмақ. Гендер-
лік әдістердің мынадай түрлері таныстырылады:
КАРТАҒА ТҮСІРУ – Mapping (Картирование). Бұл әдіс
бойынша студенттер тобы өздері тұратын (не оқитын) қаланың
мөлтек аудандарын ірілеу етіп КАРТАҒА түсіреді. Ондағы қа-
зақша көше атауларын, жарнамаларды талдаудан өткізеді.
Оларға этимологиялық, лексика-грамматикалық сипаттамалар
жасайды. Көшеде тұрған халыққа қызмет көрсету орындарында
қанша ер адам, қанша әйел адам қызмет ететініне де талдау
жасауға болады. Түрлі көшелердің атауларын жазған карталарға
салыстырулар жасау негізінде тілдік және әлеуметтік мәселелер
туралы есеп түрінде мәтін құрайды.
ГАРВАРД ТАЛДАУ ӘДІСІ – (Harvard Analytical
Framework - (Гарвардский метод анализа) үш негізгі элементтен
тұрады: әрекет түрлеріне шолу жасау; қолжетімділік пен бақы-
лауға шолу жасау; адамдарға бағытталған жоспар жасау
.
Студенттерге гендерлік білім беру негізінде жобалау тех-
нологиясы одан әрі байып, білімнің адам үшін құндылық қыры
айқындала түсетініне дау жоқ. Өйткені гендерлік әдіс арқылы
студенттің:
−
гендерлік айырмашылықтарды тануға қажетті құрал-
дарды меңгеру және қазақ тіліндегі ер мен әйел тілдерінің ерек-
шеліктерінің қызметтегі қолданыс табиғатын тани білу дағдысы
қалыптасады.
−
гендерлік тақырыптарды жоба етіп беру арқылы қазақ
тіліндегі ер мен әйел тілі тұрғысындағы байлық, ұлттық дәстүр-
лерді тани алады.
Гендерлік әдістер мынадай ұстанымдарға негізделеді:
1) студенттер қазақ тілінің гендерлік ерекшеліктерін зерт-
теуге кірісерде, өздерінің де гендерлік ерекшеліктерін таниды;
2) студенттер қазақ тіліне гендерлік тұрғыдан талдау жа-
сау үшін гендерлік әдістен білімі болуы міндетті болып санала-
ды;
3) студенттер жоба тақырыбының гендерлік қырын анық-
тауда жобаны орындаудың ұзақ болуы дұрыс деп есептеледі.
Қазақ халқының ұлттық құндылықтар жүйесінде қыз бала
ерекше орын алады. Әйел-ана бейнесі, Ұмай-Ана, Томирис-
Тұмар, Зарина, Гүлбаршын, Құртқа, Қыз Жібек, Баян сұлу бей-
нелері – қазақ халқының мәдени мұрасында ерекше орны бар
тұлғалар. Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясында студент-
терге осы тұлғалар туралы ізденістер жасауды тапсыру арқылы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі мұ-
ражай материалдарымен танысу, талдау, қазақ тіліндегі көне
сөздер мен атауларды білгізу сияқты жоба жұмыстары студент-
тердің ерекше ынтасымен, ықыласымен орындалды.
Осымен бірге, қазақ тілінде ер адам мен әйел адамның
сөйлейтін сөздерінің лексикалық тұрғыдан айырмашылық бола-
тынын танытуда, студенттерді белгілі бір тақырыптарға жоба
жұмыстарын орындауға қызығушылығын
туғызған фактор болды.
Жалпы, ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында ерекше даму
қарқынына ие болған гендерлік зерттеулер қазақ тіл білімінде де
орын алып келеді. Ал қазақтың тәрбиелік мұрасында келіннің
келіп түскен жердегі адамдардың атын атамауы ұлттық ділдің
бір қыры екенін көрсетеді.
Алғашқы сабақта осындай бір мысалды үлгі ете отырып,
студенттерге қазақ ауыз әдебиетіндегі әйел лексикасын тапқызу
үшін арнайы ізденім жұмыстарын орындату да - қазақ тілін
оқыту әдістемесінің болашақтағы жаңа арнасын таныта алады.
Студенттерге мынадай тапсырма берілді: «Қазақ халқында
мынадай бір аңыз бар. Бір елге жас келін түсіпті. Бір күні ол
келін су алуға өзеннің жағасына келеді. Ол жерден жас келін бір
оқиғаны көріп қалып, үйіне жүгіріп келіп, бір нәрселерді алып,
тез кері қайтып барады. Біраз уақыттан соң екі білегі қанға
боялып қайтып келеді. Оның алдынан шошып шыққандарға жас
келін былай дейді:
Сарқыраманың ар жағында, Сылдыраманың бер жағында,
Маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен. Үйге кеп білемені жана-
маға жанып-жанып ап, Ұлыманы бауыздап сойып ап, Терісін
әкеле жатырмын».
1-
тапсырма. Берілген әңгімедегі атаулардың сипатына
қарай отырып, олардың шын аттарын қалпына келтіріңдер.
Ерекше бір ассоциациялық сөздік жасаңдар.
2-
тапсырма. Жас келін неліктен осылай сөйледі деп ой-
лайсыңдар.
3-
тапсырма.
Әйелдің арнаулы
лексикасы туралы гендер-
лік зерттеуші ғалымдардың пікірлерін іздестіріңдер. Өз ойла-
рыңды салыстырып, түйінді пікірлеріңді айтыңдар.
Осы тапсырма бойынша орындалған бір жұмыстың үлгі-
сінен кесінді өрнектер келтірелік.
ЖОБА ЖҰМЫСЫ
«ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ҚҰПИЯ ТАБИҒАТЫ немесе ТҮСІНШІ МЕНІ»
(Орындаған: Қаплиева Сәния. Тарих факультеті, 2-курс.)
ЖОБА ЖОСПАРЫ:
1.
«Әйел – ерекше жаратылыс.
2.
Қазақ әйелі - ерекше табиғат иесі.
3.
Бұрын осылай болған.
4.
Келіннің көрегендігі немесе осы елге қалай да сіңу
керек!!!
5.
Ерекше СӨЗДІК.
6.
Қазіргі қазақ қызы, қазақ келіні, қазақ әйелі: қиял мен
шындық».
Осы жоспардан көрінгендей, студенттердің қазақ тілін
меңгеруі барысында қызықтырған тақырыптарының ішкі маз-
мұн байлығына өздерінің интеллектуалдық даму деңгейіне сай
тереңдей беретіні байқалды. Тақырыптың өзін Сәния «Түсінші
мені» деп атап тұр. Мұның өзі ақылды әйелдің түсінгенін кез
келген ер адам да түсіне бермеуі мүмкін екенін көрсетеді.
Жоба жұмысын тұтастай бермей, соның ішіндегі маңызды
4-5 тұсын ғана алып отырмыз:
«4. Келіннің көрегендігі немесе осы елге қалай да сіңу
керек!!!
Біздің ата-бабаларымыздан қалған
ұзатылған қызға ай-
тылатын мынадай нақыл сөз бар: «Барған жеріңе судай сіңіп,
тастай бат!» Менің түсінігімше, қыз бала келін болған соң, ар-
тына қарайлай бермей, келген елімен бірігіп кетуі керек. Ал
қайын жұртының тура атын атамай, жанама атпен атауы –
келіннің қаншалықты ақылды, байқағыш, интеллектуалды еке-
нін білдіретін амал болуы мүмкін. Сондықтан мына аңыздағы
келін осы елге «судай сіңіп, тастай бату» үшін, ерекше бір
СӨЗДІК қолданғаны қызықтырады».
1.
ЕРЕКШЕ СӨЗДІК:
«Сарқырама» (не сарқырайды?) – ӨЗЕН. Келіннің бір
қайын туысының аты Өзенбай болған шығар.
«Сылдырама» (не сылдырайды?) –- ҚАМЫС. Келіннің
бір қайын туысының аты - Қамысбай.
«Маңырама» (не маңырайды?) –- ҚОЙ. Келіннің бір
туысының аты - Қойшыбай.
«Ұлыма» (не ұлиды?) – ҚАСҚЫР . Келіннің бір туысы-
ның аты -Қасқырбай.
«Жанама» (неге жаниды?) – ҚАЙРАҚ. Келіннің бір
туысының аты - Қайрақбай.
«Білеме» (нені білейді?) ПЫШАҚ, ҚАНЖАР. Келіннің
бір туысының аты
Қанжарбай немесе Пышақбай болуы мүмкін».
Қазақ тілін гендерлік аспектіде оқыту – болашақта қолға
алынатын ерекше әдістеме, бірақ жобалай оқыту технология-
сында бұл бағыт студенттерде ерекше бір серпін туғызған бо-
латын. Сондықтан жобалай оқыту технологиясының қамтитын
саласы да, бағыты да осылай молая береді деп санаймыз.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗГЕТІЛДІ ДӘРІСХАНАДА
ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Жобалай оқыту технологиясы арқылы мемлекеттік тілді
меңгертудің арнайы ұстанымдары ретінде:
- проблеманы қою және уәждеме тудыру (іздену белсен-
ділігі) ұстанымы;
- грамматиканы танымдық тұрғыда (алгоритмдер, кесте-
лер, диаграммалар арқылы) меңгерту ұстанымы;
- қайталау (түрлі жаттығу – тапсырмалар арқылы қайта-
лау) ұстанымы;
- субъектінің өз әрекетін жоспарлау (ойын түрлерінде тап-
сырманы орындау) ұстанымы;
- интеграциялау (басқа пәндер бойынша алған білімін пай-
даланып, өз бетінше жаңа білім жинақтау) ұстанымы белгіленді.
Осы айтылғандарға сабақтастыра отырып, зерттеу ныса-
нына алынған өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілін меңгерту
үдерісінде Қ.Қадашева айқындаған когнитивті, аффективті
және лингвистикалық ұстанымдар жүйесі де басшылыққа алын-
ды. Осыған орай мынадай қағидалар айқындалады:
когнитивтік ұстаным
контекске үйрету
қошеметтеу
стратегиялық қуаттылық
ішкі сезімдерге байланысты ұстаным
тілдік «мен» ұстанымы
өзіне-өзі сенімділік ұстанымы
мәдениет пен тілді байланыстырып оқыту ұстанымы
тіл аралығы ұстанымы
коммуникативтік құзырет.
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы арқылы сапалы
оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдарын жүйелей келе,
мынадай түрде модельдеп, әрбір танылған ұстанымның осы
технологияны қолдана оқыту үдерісінде қандай мақсат көзделуі
тиістілігі анықталды (1-кесте).
1-кесте
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгертудің
дидактикалық ұстанымдары
Қазақ тілін жобалай оқыту
технологиясы арқылы
сапалы меңгертудің
дидактикалық ұстанымдары
Дидактикалық ұстанымдардың жобалай
оқыту технологиясы арқылы тілді меңгерту
үдерісіндегі маңызы
1
2
Ғылымилылық ұстаным
Қазақ тілінен берілетін оқу материа-
лына сай жоба тақырыптарының қазіргі
заманғы ғылым дамуының деңгейіне
сәйкес іріктелінуі; ғылыми таным заң-
дылықтарын тіл үйренушінің өз беті-
мен ізденуі нәтижесінде толыққанды
игеруі.
Лингвистикалық
ұстаным
Тіл үйренушінің тілдік «менінің» қа-
лыптасуы, мәдениет пен тілді тығыз
байланыста танып-білуі, қазақ және
орыс тілдеріндегі тіларалық байланыс-
тарды танып-білуі, тұсаукесер дайын-
дау нәтижесінде студенттің коммуника-
тивтік құзыреті қалыптасуы
Жүйелілік ұстаным
Қазақ тілінің жүйелілік құрылымын
танып-білуі, тілдің ішкі құраушы бір-
ліктерінің өзара функционалдық қаты-
наста болатынын дәлелдеуі, тіл жүйесі
арқылы дүниедегі басқа жүйелерді
тану әдістерін игеруі, оқу материалда-
рының
сабақтастықпен
меңгерілуі,
соңында әрекеттер жүйесінің жоба
дайындауға бағындырылуы
Білім көлемін біртіндеп
ұлғайту ұстанымы
Қазақ тілінің фонетикалық, лексика-
грамматикалық заңдылықтарын мини-
мум түрінде меңгере отырып, өз беті-
мен іздену арқылы тіл теориясының
нақты практикадағы қолданысын анық
тани білуі, нақты деректерді іздестіру-
ден басталған студент әрекетінің түпкі
нәтижеде біртұтас жобаға ұласуы
Пәнаралық байланысты
тұрақты сақтау
ұстанымы
Жоба әзірлеуде жақын пәндердің (тіл,
философия, логика, әдебиет, тарих, мә-
дениеттану, психология т.б.) теория-
лары мен заңдарын, ұғымдарын келі-
сімділікпен,
жүйелі,
сабақтастыра
танып-білуі
Бірізділік тәртіпті сақтау
ұстанымы
Қазақ тілі бойынша студенттің ізденуге
берілген тақырыптарды, тақырыптық
топтамалардың мазмұндық-логикалық
байланыстарын өз бетімен тани білуі,
соның негізінде таным процесінде бір-
тұтастық көзқарастарға келе алуы,
нәтижесінде репродуктивтік білімнен
шығармашылыққа дейінгі аралықтағы
жұмыстардың бір мақсатқа жұмыл-
дырылуы
Нақтылық ұстанымы
Тіл үйренушіге зерттеу-ізденім тақы-
рыптарын ұсынуда тақырыптың көлемі
мен қиындығы және өмірдегі орнын
оқытушының алдын ала біліп, дидак-
тикалық талаптардан ауытқымауы,
жоба дайындау үдерісіндегі әр кезеңнің
өз талабына лайық нақты қадамдар жа-
сап отыруы
Саналылық ұстанымы
СӨЖ/СОӨЖ тапсырмаларын, жоба жұ-
мыстарын орындау үшін тіл үйрену-
шінің өз бетімен зерттеу-ізденім жұ-
мыстарын жүргізуі мен белгілі бір тео-
риялық және практикалық нәтижелерге
қол жеткізуінде ішкі оң мотивация-
сының болуы және тақырыптың өмірде
маңыздылығына әрдайым ден қойып
отыруы
Көрнекілік ұстанымы
Тіл үйренуші жобалай оқыту техно-
логиясын қолдана отырып, ізденім та-
қырыбындағы мәселелердің шешім-
дерін модельдеу түрінде, идеализация-
лау арқылы, ойтолғаулар түрінде көр-
некілей білуі
Теория мен практиканың
өмірмен тығыз
байланысы ұстанымы
Тіл үйренушінің жоба жұмысын орын-
дауда жеке басы қабілеті, қызығушы-
лығы, игеріп жатқан кәсібіне деген
ықылас ерекшеліктерін ескеру
Аффективтік ұстаным
Тіл үйренушінің жобалау жұмысын
жүргізудегі стратегиялық қуаттылығы
мен ішкі сезімдері байлығы мен бас-
қара алуы; зерттеу жұмысын жүргізуі
мен нәтижелерін тұжырымдау бары-
сындағы студенттің өзіне өзі сенімділік
танытуы
Когнитивтік ұстаным
Жоба жұмысын жүргізу барысын тіл
үйренушінің танымдық (когнитивтік)
үдерістегі қабылдау, ойлау, сөйлеу,
есінде сақтау ерекшеліктерін дамытуға
бағдарлау; тіл үйренушінің қазақша
мәнді де мәнерлі сөйлеуі оның өз бе-
тінше ізденім жұмыстарын жүргізу ба-
рысындағы ойлау үдерісінің нәтижесі
екендігін назарда әрдайым тұту, тіл үй-
ренушіні ізденім барысындағы, шығар-
машылық жеңіске жету жолындағы өз
бетімен зерттеу әдістерін, сенімін,
адалдығы мен оқытушыға, жолдаста-
рына деген ілтипатын, ізденім бары-
сында кездесетін басқа адамдармен
қарым-қатынастарын қошеметтеу
Студенттің болмысы
туралы білімдердің жан-
жақтылығы мен
толыққандылығы
ұстанымы
Тіл үйренушінің қазақ тілін жобалай
оқыту технологиясы арқылы меңгеруі
барысында танылатын өзінің болашақ
мамандығына, жеке басына деген көз-
қарасының өзгеретініне, өз бетімен бі-
лім іздеу әдісінің өмірлік әдіс екеніне
көзін жеткізу
Білім беруде студенттің
даму (жас және
психологиялық,
физиологиялық)
мүмкіншіліктерін ескеру
ұстанымы
Студенттің әрбір жобалау жұмысын
орындауының нәтижесінде жас жағы-
нан да, психологиялық жағынан да да-
муына назар салу, физиологиялық же-
тілуі ерекшеліктерінің ізденім жұмы-
сын орындауға тигізетін әсерін ескеру
Әдістеме жүйесінің
кешенділігі ұстанымы
Тіл үйренушінің қазақ тілінің теория-
сынан бастап білім минимумын мең-
геруі, практикада, әсіресе, өз бетімен
ғылыми ізденістер жүргізуде орындай-
тын жоба жұмыстарын кешенділікпен
бір жүйеге орталықтандыру
Бұл мәселелердің жаңа заман тұрғысынан сарапталуы ди-
дактикалық мәселелердің уақытпен бірге үнемі жетіліп, дамып
отыратынын танытады.
Дидактиканың басты мәселесі – Тіл үйренушіні нендей
нәрселерге үйрету керек? Нені білгізу керек? деген мәселелерге
жауап іздеуі. Яғни жоғарыда аталған ұстанымдарды оқу үде-
рісінде орайлы іске асыруға мүмкіндік беретін оқу құралдары-
ның, материалдарының мазмұнын анықтау болып табылады.
Қазақ тілінен тіл үйренушіге берілетін білім мазмұны де-
геніміз – студенттің қазақ тілін жетік меңгерген, сөйлеу және
жазу сауаттылығы грамматикалық норма негізінде қалыптас-
қан, лексикалық қоры жиі кездесетін тұрмыстық және кәсіби
қалыпты сөйлеу жағдаяттарына сәйкес дамытылған дара тұлға
дәрежесіне жетуге тірек болатын ғылыми негіз. Ол арнайы нор-
мативтік құжаттарда белгіленеді.
Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілінің білім мазмұны
мемлекеттік білім стандарты негізінде айқындалады. Стандарт
– білім беру жүйесінің нақты мүмкіндіктерінің негізінде жасал-
ған қоғамдық идеалды танытатын маңызды құжат. Мемлекеттік
білім беру стандартының құрамы базалық оқу жоспары, пәндік
стандарт, пәнді оқыту барысына қойылатын мемлекеттік талап-
тар деген компоненттерден тұрады. Тіл үйренушілердің қазақ
тілінен алатын білім мазмұны «Студенттерге тілді оқыту стан-
дартында» көрсетілгенімен, арнайы оқу-әдістемелік кешені және
оқытудың жаңа технологиялық жүйелері жасалмаған. Сондық-
тан да білім мазмұны туралы мәселеде қазақ тілін екінші тіл ре-
тінде оқытумен айналысатын әдіскер-ғалымдар арасында бір-
келкі пікір қалыптаспай келеді.
Қ.Қадашева қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бары-
сында қолданылатын оқыту құралдарын былайша жүйелейді:
1. Оқытушы үшін оқу құралдары:
- мемлекеттік білім беру стандарты;
- оқу бағдарламасы;
- оқытушыға арналған кітап;
- әдістемелік әдебиет.
2. Тіл үйренуші үшін оқу құралдары:
- оқулық;
- оқу кітабы;
- тіл дамытуға арналған оқу құралы;
- сөздік;
- жаттығулар жинағы.
3. Аудиовизуалды оқу құралдары:
- видео;
- аудио;
- компакт-дискіге жазылған электронды құрал [32].
Қазақ тілін сапалы оқып-меңгеруі үдерісін жобалай оқыту
технологиясы арқылы ұйымдастыратын әдістемелік жүйеде осы
бағыт ұсталынды.
Дидактикада «әдіс» және «амал», «тәсіл» деген ұғымдар
белгілі. Ғалымдар Ф.Оразбаева мен Қ.Қадашева осы ұғымдарды
айырып танып қана қоймайды, жаттығулар мен тапсырмалар
жүйесінде студенттердің орындайтын амал-тәсіл жолдарын да
айқын береді. Ф.Оразбаева осы ұғымдардың аражігін айқындап,
әрқайсысының орны мен рөлін ғылыми негіздеп берсе,
Қ.Қадашева ғылыми монографиясында 22 амал-тәсілдің түрін
көрсетіп, студенттің қазақ тілін сапалы меңгеруіне қажетті әдіс-
терді былайша топтастырады:
-
үйретудегі мотивацияны тудыру әдістері;
-
кешенді түрде оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі;
-
үйретудің тиімділігін арттыратын бақылау әдісі [32].
Негізінде, әдістердің қолданылуы жаңа әдістердің жаса-
луын емес, олардың өзара түрлі позицияларда орын ауыстыра
келуімен байланысты түрлі нәтижеге жетуге болатынын
Н.Құрманова да атап көрсетеді. Әдістердің комбинаторлық қол-
данысы деп атай отырып, Н.Құрманова «олардың барлығы, жи-
нақтала келе, теориялық таным әдістері деп аталады»,- дейді.
Оның қатарына:
-
анализ;
-
синтез;
-
индукция;
-
дедукция;
-
эксперимент;
-
модельдеу;
-
бақылау;
-
салыстыру;
-
жіктеу;
-
практикалық;
-
сауалнама жүргізу;
-
тестілеу әдістерін жатқызады [33].
Зерттеу барысында осылардың қатарына мынадай әдіс-
терді іріктеп қосып, соның негізінде қазақ тілін сапалы оқып-
меңгеруі үдерісін жобалау технологиясы арқылы ұйымдастыру-
ға оң ықпал еткен әдістер жүйесін саралауға ұмтылыс жасадық.
Атап айтқанда:
-
қазақ тілін сапалы меңгеру ұстанымы негізіндегі әдіс-
тер;
-
жазба сауаттылықты қалыптастыру әдістері;
-
студенттердің ғылыми ізденістерін ұйымдастырудағы
тарихи проблемалық әдіс;
-
әдістерді кешенді қолдану ұстанымы негізіндегі әдістер
комбинациясы;
-
компьютерді ішінара қолдану әдісі;
-
жеңіске жету жағдаятын қолдану әдісі;
-
эвристикалық әдіс.
Жобалай оқыту технологиясын қолдана отырып қазақ
тілін сапалы меңгерту жолының арнаулы әдістері бойынша
ұйымдастырылған жұмыс кезеңдері деп мыналарды атап көр-
сетуге болады:
-
студенттің алға қойылған зерттеу жұмысынан туындай-
тын проблеманы дұрыс айқындауы;
-
проблеманы шешуде аса маңызды болатын болжам
қоюы;
-
зерттеу әдістерін талқылауы;
-
зерттеу жүргізу логикасын тануы;
-
нәтижелерді көрнекілеуі;
-
алынған мәліметтерді талдауы;
-
қорытынды жасауы;
-
түзетулер жасауы;
-
тұжырымдар жасауы;
-
«ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» өткізуі;
-
нәтижелер бойынша статистикалық есептер жасауы;
-
түпкі нәтижені толығымен тексеріп, ортаға салуы.
Бір жағынан қарағанда, осы көрсетілген алгоритмдер іс-
әрекет жүйесіне сай келеді де, осы жүйемен жүрудің өзі сту-
денттердің осы әдістерді меңгеру нәтижесін танытады.
Дидактиканың ендігі бір басты мәселесі – қалай оқы-
тамыз? деген сауалдың жауабын іздестіру. Бұл орайда айтып ке-
тетін бір мәселе - жобалай оқыту технологиясының табиғаты
жаңа бола тұра дәстүрлі әдістер жүйесіндегі барлық әдістердің
үйлесімді әрекет етуін мүмкін етеді және соларды негізге алады.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы тілді меңгертуде:
-
түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістер;
-
программаланған жүйеде қолданылатын әдістер;
-
эвристикалық әдістер;
-
проблемалық әдістер;
-
модельдеу әдістері басымдылыққа ие болды.
Әдістің сызбасы Әдістің атауы Қысқаша атауы
түсіндірмелі-
иллюстрациялық ТИӘ
әдістер
программалық ПӘ
әдістер
эвристикалық ЭӘ
әдістер
проблемалық ПӘ
әдістер
модельдеу МӘ
әдісі
7-сурет – Жобалай оқыту технологиясының әдістер жүйесі
Күтілетін
нәтиже
Достарыңызбен бөлісу: |