«Бүкіл Қазақстанда 2.229.310 қазақ бар
екен. Бүкіл Қазақстанның 47 процент
жарымы ғана қазақ екен. Сөйтіп, қазақ
емес ұлттар – көпшілік. Бұлар – орыс
пен ноғайға ұқсаған шаруасы мықты,
мəдениеті жоғары, жұртшылығы ор-
нықты, саясатқа қазақтан гөрі же-
тік халықтар» (Сұлтанбек Қожанов.
Шығармалары. Алматы, «Арыс», 2009,
62- бет). Енді не істеуіміз керек? «Аз
екенбіз» деп, басқа жақтан келген келім-
сектердің айтқанына көніп, айдауына жү-
ре береміз бе, не қыламыз? Сұлтанбекті
тың дайық: «Мемлекетіміздің аты Қа зақ-
стан болғандықтан, «сендер көп бол саң
да түк қылмай, біздің бетімізге қарап
отыр деуге болмайды. Қазақтың елден
шығып, орыстыққа шалдығып кеткен
аз ғана шолақ етектері өздері орыстан
кем болмаған соң, жалпы қазақ халқы
да орыспен теңдес деп санауға болмай-
ды. Сөйтіп, Қазақстанды ұлт мемлекеті
қылып жасау мəселесі əлі түгел шешіл-
меген. Қазақ ұлт мемлекетін жасау біт-
кен жоқ, алдымыздағы іс» (сонда, 63-бет).
Кезінде С. Қожановтар көтеріп, қолға ал ған
қазақтың ұлттық мемелекетін жасау мəселесі
күні бүгінге дейін күн тəртібінде тұр.
Қазақстан жеке мемлекет болып, Түр-
кіс таннан енші алып шыққанда, оның
мем лекеттік тілі қазақ тілі болады дегенді
алғаш көтерген де С. Қожанов болатын.
Ол Қазақстан жеке республика болып өмір
сүре бастаған алғашқы күндердің өзінде-ақ
«Мемлекет тілі Қазақстанда қазақ тілі
болмақ. Осы күнге дейін бұған кесір бо-
лып келген – Қазақстан халқының көбі
орыс болғандығы һəм үкімет басын дағы,
кеңсе қызметіндегі қазақ азаматтары
орыстыққа жаттығып, орыс болып кет-
кен адамдар болғандығы. Кө бісі қазақша
білмейді. Қазақшаны осы күні оры-
стармен бірге үйреніп жүрген дері екінің
бірінде көресің» («Ақ жол», 26.10.1924) –
деп, бұлтаққа салмай, турасын айтып беріпті.
Өкінішке орай, формасы өзгергенмен,
мазмұны өзгермеген Мəскеудің отаршылдық
саясаты осы бір заңды мəселенің жүзеге
асуына жол бермеді. Ең өкініштісі сол – осы-
дан бір ғасырдай бұрын бодан кездің өзінде-
ақ заңды түрде көтерілген тіл мəселесінің
бүгінгі еліміз тəуелсіздік алған уақытта да
жүзеге аспай келе жатқандығы. Сұлтанбектің
жан-жақты білімдар қайраткер болғандығы
оның орыс тілінде жазылған «Əдеби тіл мен
терминология хақында» (О литературном
языке и терминологии. «Правда Востока»,
06.06.1929) атты тіл тазалығына арнап жаз-
ған мақаласынан айқын көрінеді. Өзбек
тілінің шамадан тыс арабиланып кеткеніне
назар аударып, шеттен енген сөздерді термин
ретінде қабылдағанда, тіл заңдылықтарын
сақтауға шақырды.
С. Қожановтың «Қырғыз-қазақ арасында
халық ағарту жұмысы» («Шолпан», 1923,
№4-5) жайлы айтқан мына бір пікірлері оны
Ахаңдар (Ахмет Байтұрсынов) бастаған
ұлттың ұлы ұстаздары қатарына қояды.
Тағдыр
№2 2015 А И АТ
83
83
«Қырғыз-қазақ халқының бір заманда
қолы жетіп, бір жөнді мектептері бола
қалса, солардың барлығында оқыту тілі
– ана тілі болуы міндет. Əзірде қырғыз-
қазақ халқының ең болмағанда бастау-
ыш мектептері ана тілінде болуы ке-
рек һəм саны жеткілікті болуы керек.
Қырғыз-қазақ еңбекшілерінің балалары
тегіс əуелі ана тілі мектептерінде тəрбие
алуы тиіс. Мезгілсіз жат тілге байланып,
мың қате болып, сорлағаны дұрыс емес.
Білім – тілде емес, түсініктерде; тəрбие
– орысша шүлдірде емес, жақсылыққа
жаттығуда. Бұлар жас балаға ана ті-
лінде, ұлт мектебінде табылады. Бас қа
жерден табылмайды, табылса да қым бат
түседі. Жат тіл – тəрбие ісіне пай дасыз,
түсінуге ыңғайсыз, құр жол бөгеу. Осы
айтылғандардың барлығы қырғыз-қазақ
арасында халық ағарту жұмысының ең
бірінші кезектегісі, ең үлкені – бастау-
ыш ұлт мектебін жасау, жөндеп жасау,
жеткілікті қылып жасау һəм жас бала-
лар ұлт мектебінен аттап өтіп, жат тілге
түсіп, сарсаң болмайтын қылу дегенді
түсіндіруге жеткілікті болса керек...»
(Сұлтанбек Қожанов. Шығармалары.
Алматы, «Арыс», 2009, 123-125 бет тер).
Ұлттың болашағын оқу-білім нен, тəрбиеден
көрген Сұлтанбек осы негізгі ойын нығарлай
түсіп, мақаланың соңында: «...мəдениеттің
түп қазығы, жұртшылықтың тірегі,
бостандықтың шын құралы – бастауыш
мектеп; қыр ғыз-қазақтың ана тіліндегі
ұлт мектебі. Халық ағарту мəселесінің
негізі де - бастауыш мектеп мəселесінде.
Осыны ұмыт пау керек» (сонда) екендігін
тағы да қай талап ескерткен. Өткен ғасырдың
басында айтылған Сұлтанбек көтерген осы
бір мəселе бүгінге дейін күн тəртібінен
түспей, өзінің логикалық шешімін таппай
келе жатқандығы – бүгінгі күн ұрпақтарының
алдында тұрған үлкен бір сын.
Қазан төңкерісінен кейін əдебиет май-
данында пролеткультшылдар үстемдік
етті. Олардың ойынша, əр дəуірдің өзіне
сай əдебиеті болады; байлар заманын-
да байшыл əдебиет болса, енді проле-
тариат билігі кезінде пролетариаттық
əдебиет қана өмір сүреді; басқа əдебиетке
жол жоқ. Пролеткультшілдер ескі
əдебиеттің барлығын тарихтың та-
стандысы еткісі келіп, «ақ жағалы»
қаламгерлерді «байшыл» деп, қуғынға
ұшыратты. Ресми биліктің осындай
бағытты ұстануы салдарынан алашорда
маңына топтанған қазақтың ұлт-азаттық
бағыттағы қаламгерлерінің барлығы
қуғынға ұшырады. Қазақстаннан қашып,
бірсыпырасы Ташкенге барып паналады.
Мұндағы Н. Төреқұлов, С. Қожанов сын-
ды азаматтар бұларға қолынан келген
көмектерін жасап, қамқорлық көрсетті. С.
Қожановтың редакторлығымен осы жылдарда
Ташкенде шығып тұрған «Ақ жол» газеті
шын мəніндегі қазақтың шығармашылық
зиялылары топтасқан орталыққа айналды.
Мысалы, мұнда Мыржақып Дулатов, Мағжан
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Абдолла
Байтасов, Ілияс Жансүгіров, Білəл Сүлеев,
т. б. қаламгерлер жиі соғып, шығармаларын
жариялап тұрды. Нəзір мен Сұлтанбектің Ж.
Аймауытовтың Шымкенттегі педагогикалық
техникумға директор болып орналасуына
септігі тиді; қудаланған М. Əуезовке пана
болды; Мағжанды Мəскеу асырып, Əдебиет
институтына оқуға түсіруге ықпал жасады.
Ұлтжанды қоғам қайраткерлерінің туған
халқының тарихын, мəдениетін жақсы
білетіндігі, мұның өзі оларды ұлттық ауқымға
көтеретіндігі сияқты С. Қожанов та өз елінің
өткенін, мəдениетін, əдебиетін жетік біліп,
өмірін ұлтының болашағына қызмет етуге
арнаған. Ол замандастары Абай тура-
лы саяси тұрғыдан əртүрлі сөз айтып
жатқанда, оны өзіне рухани əке тұтты;
Ахмет Байтұрсыновты ұлы ақынның
дəстүрін, ісін жалғастырушы деп та-
нып, өзі де осы жолға түсті. Төңкерістен
кейінгі билік жүргізген шолақ саясаттың
салдарынан өткен заманның мəдени
мұраларының барлығына топырақ ша-
шылып жатқан кездің өзінде-ақ Сұлтанбек
Абайға, Ахметке ара түсіп, былай деп,
жазды: «Қазақтар арасындағы рево-
люция туралы мəселе қозғағанда, Абай
Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсыновты
айналып өтуге болмайды. Олар қазақтар
арасында революцияның дамуына көп
еңбек сіңіргеніне күмəн келтіруге болар
ма? Қазіргі революционерлердің барлығы
да Абай мен Ахметтің шəкірттері болып
табылады» («Ақ жол», 04.05.1923). Еліне,
халқына «Қазақ» газетінде жарияланған
өлеңдері арқылы кеңінен танымал болған
Мағжанның өлеңдерін Сұлтанбек Қожанов
алғысөз жазып, 1923 жылы Ташкентте бас-
тырып шығарды. Мағжанның өлеңдерін
бастырмақ түгілі ол туралы əңгіме козғаудың
өзі саяси тұрғыдан аса қауіпті болғандығын
ескерсек, Сұлтанбектің бұл ісін саналы түрде
істелінген асқан ерлік деп санауға болады.
Кітапқа жазған «Мағжан өлеңдері туралы
бір-екі ауыз сөз» тақырыпты алғысөзінде
С.Қожанұлы сол кездегі Мағжан дегенде
күйіп-жанып тұрған ресми саясатты ескерген
болу керек; ақынның өлеңдерін талдамайды,
идеялық жағын сөз қылмайды. Негізгі ойды
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ. Қазақ мемлекетінің іргесін қаласқан қазақ
№2 2015 А И АТ
84
84
сол кезде көтеріліп жатқан қазақ тіліне
мемлекеттік мəртебе беріп, оны қоғамдық
өмірдің барлық саласында қолдану көтеріліп
жатқандықтан, осылай қарай бұрған.
С.Қожановтың Мағжан туралы ойы ашық:
«М.Жұмабайұлының өлеңдері қазақ
əдебиетінде үлкен орын алған деп басып
отырмыз. Мағжан Жұмабайұлының
өлеңдері əдебиет тарихындағы соңғы
10-15 жылдағы ағымдарды тексеруге де
жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз...
М. Жұмабайұлы өлеңдерінің тіл жағынан,
əдебиет тану жағынан пайдасы көп бола-
ды деп сенеміз». Мағжанмен оқушылар
бұрыннан да таныс» деген негізгі ойын
білдіріп алған соң барып, қойшылар тілі
саналып келген қазақ тілінің бай, жатық,
өткір, əдемі тіл екенін Мағжан өлеңі көрсете
алатындығын ескертеді: «Əдебиеті жаңа
аяқтанып, əдебиет тілінде жасалып келе
жатқан жұртта Мағжандай ақындардың
қызметі зор екені анық. Осы күнге дейін
Түркістанда қойшылар тілі саналып
келген ресми қағаздар жазуға, кітаптар
жазуға жарамсыз делініп келген қазақ-
қырғыз тілі іске асуы былай тұрсын,
өнерге асатын бай, жатық, таза, өткір,
əдемі тіл екенін Мағжан өлеңдері көрсете
алады». Сұлтанбек «Мағжан өлеңдерінің
марксизм дүниетануына ұйқаспайтын
жерлерін оқушылар көре салып үрікпей,
көркемдік жағына, сыршылдық жағына
көбірек көз салуы керек, тарих мəнісіне
жете түсіну керек» – деп, пікірлерін саяси
жағынан негіздей отырып білдіреді. Автор
ақын өлеңдерінің идеялық жағына емес,
көркемдік сипатына, тіл кестесіне назар
аударғанын «Мағжан өлеңдерінің саяси
мəнінен гөрі, əдеби мəнісін көбірек көзде
тұттық» – деп, ескертеді. Мағжанды Абай-
дан кейінгі қазақ əдебиетіндегі өзіндік орны
бар ірі тұлға деп бағалайды.
Келесі 1924 жылы «Ақ жол» газетінде
жоғарыда біз тоқталып өткен Сұлтанбектің
М. Жұмабаевтың кітабына жазған алғы
сөзінде айтылған пікірлермен сарындас,
осы ойларды өрбіте түскен «Мағжан»
атты мақала жарық көрді. Мақаладан
«Абайдан соңғы шыққан ақындардың
тілдері аса дөкір болған жоқ. Бірақ соңғы
ақындардың ішінде өлеңге тəтті күй,
нəзік сезім, майда тіл тудыру жағынан
Мағжаннан артық қызмет істегені жоқ»
(«Ақ жол», 01.04.1924) – деген мазмұндағы
жолдарды оқимыз. Сұлтанбектанушы про-
фессор А. Шəріптің пайымдауынша, «бұл
мақала не Сұлтанбектің ұсынысымен
жазылған, не оның қаламынан туған»
(Сұлтанбек Қожанов. Шығармалары.
Алматы, «Арыс», 2009, 311-бет).
Ж. Аймауытов «Мағжанның ақындығы»
туралы көлемді мақала жазып, ұлы ақынның
поэзиясын жан-жақты талқылағанда да
Сұлтанбек жүрген жолмен жүргендігі
байқалады. Сөйтіп, осынау бір мың
құбылған аласапыран кездерде С. Қожанов
Мағжантанудың тура жолда дамуына
негіз салып, тарихи еңбек сіңірді. Өткен
ғасырдың жиырмасыншы жылдарының
алғашқы жартысында, С. Қожановтың
республика басшылығында істеген кезінде
қазақ əдебиетінің алдында шешімін күткен
сан алуан мəселе тұрды. Əсіресе, ұлттық
əдебиеттің даму жолдарын саралап,
алда тұрған міндеттерді айқындау, қазақ
əдебиетінің тарихы, бүгіні, болашағы сияқты
мəселелер баспасөз бетінде зəру көтерілді.
Қазақ əдебиетінің тарихын зерттеуге кіріскен
С.Сейфуллин «Қазақ əдебиетінің қысқаша
тарихы» («Еңбекші қазақ», 19.2.1924) атты
мақала жазып, əдебиет тарихын жасау
мəселесін көтеріп, осыған қатысты ойларын
ортаға салды. Осы мақалаға байланысты «Ақ
жол» газетінде бірнеше пікір шықты. Соның
бірі Темірбайдың «Қазақ əдебиетінің тарихы-
нан» («Ақ жол», 1924, №132) атты мақаласы
еді. Оңда Темірбай Сəкеннің пікірлеріне
қарсы бес түрлі дау айтты; жеке басына
тиіскен жерлері де бар. Темірбайдың осы
мақаласына орай Ғ.Мүсірепов «Қисық сынға
əділ төре» («Еңбекші қазақ», 24.ІІІ.1924) атты
ескертпе мақала жазды. Онда Темірбай айтқан
сындарды түгел келтіріп, осының дұрыс-
бұрыстығына өздерің төрелік етіңдерші
дегендей қылады. Ғабит: «Темірбайдың
жұмысы əдебиетті сынауда емес, Сəкенді
сынауда... бұл мақаладан Темірбайдың
Сəкенге дұшпандығын, аяғынан қа-
лай шалуды аңдып жүргендігін, оны
көре алмайтындығын ұқтым» – деп,
Темірбайдың дəлелсіз біреуге күйе
жаққанын, осындай мақаланы жариялаған
«Ақ жол» басшыларына қайран қалғанын
білдірген. Көп ұзамай-ақ осы тақырыпты
əрі қарай жалғастырған С. Қожанұлының
«Жақындық па, жалақорлық па?» («Ақ
жол», 3.IV.1924) деген мақаласы шығып,
тағы да Сəкеннің жоғарыдағы айтылған
мақаласы сынға алынды. Мұнда Сұлтанбек
сөз болып отырған мақаладағы əдебиеттің
тарихына қатысты айтылған пікірлеріне
қарсы 8 пунктпен нақтылы дау айтқан. Ал-
дымен, «Зарқұм», «Сал-сал», «Кербалаға»
ұқсаған қиссалар қазақтың ұлт əдебиетіне
һəм жазба əдебиетіне жатар ма? Қазақтың
ұлт əдебиетіне орыс тілі кіріп кетті қылып,
бір-екі қылжақпас тілмаштың өлеңін
Тағдыр
№2 2015 А И АТ
85
85
келтіріп, мұны əдебиеттің бір дəуірі деп,
санауға бола ма?» – деп, Сəкен мен Сəбиттің
əдебиеттің тарихына байланысты ойларына
күмəн келтіреді. 4-ші пунктпен «Қазақта
жазба əдебиеттің ағасы Абай болмаса,
Ахмет болмаса, кім болады? Басқа да аға
бар ма? Бар болса – кім?» – деп мəселені
төтесінен қойған. Сұлтанбек Сəкеннің
«Төңкеріске дейін жасап келген əдебиет
дəуірінде алға шығып бəйге алатын кісі
қазақта жоқ. Көптің күшімен атау алып,
отырғандарды əдебиет ағасы деп санауға
болмайды» дегеніне «Бұл пікірді Сəкен
айтты ма, жоқ тағы да Төңкерісұлының
жаласы ма? Бұл өзі оза алмағанға ыза
болғанның сөзі ме...? Ұлт əдебиетінің түп
қазығын мықтап қағуға еңбегімен себеп
болған, қазақ ұлт мəдениетінің бірінші
қай раткері Байтұрсынұлы Ахметін
Омар Қараши муфтиге неге қоңсы
қон дырмайды?» – деп, дауыс көтереді.
Мақа ланың соңы «Жоқты жазып, бар
əде биет маңайын былапыттап, басына
бір, аяғына бір Сəкен жолдастың атын
келтіріп, өзі жазушы болып қол қойған
Төңкерісұлының бұл қылығы Сəкенге
жақындық па, жоқ жалақорлық па?» Осы
сұрауларға не лекция оқыған Сəкен, не
көшіруші Төңкерісұлы, не мақаланы ба-
сып отырған «Еңбекші казақ» басқармасы
берген жауабына қарай əдебиет тарихы
һəм əдебиетшілердің жайынан білгенімізді
ортаға салмақпыз» – деген жолдармен
аяқталған. Сөйтіп, «Ақ жол» газетінің редак-
циясы алдағы уақыттарда қазақ əдебиетінің
тарихы, жалпы əдебиет мəселелері жайын-
да пікірталасулар ұйымдастырмақ ниетін
білдірді. Көп ұзамай-ақ басылым бетінде
көркем əдебиет дегеніміз не, қазақ əдебиеті
қандай бағытта дамуы керек, кімнен үлгі
аламыз деген сауалдар төңірегінде пікір
алысулар жүріп кетті.
Ж.Аймауытовтың «Əдебиет мəселесі»
(«Ақ жол», I.IV.1925) атты мақаласында
сол кез əдебиеті алдында тұрған бірсыпыра
өзекті мəселелерді қозғап, парасатты
пікірлер ұсынған. Өткендегі қазақ əдебиетін
«Төңкерістен бұрынғы қазақ əдебиетінің
бағыты – ұлт теңсіздігіне, мəдениетке
тал пыну, ішкі мазмұны – қазақтың халіне
қайғыру, патша үкіметінің отаршылдық
саясатына, қала берсе орыс атаулыға ереуіл
жа сау еді» – деп сипаттап, «Əдебиетіміздің
ен дігі беті төңкерісшілдік, бұқарашылдық
болуы керек. Бұрын оянған ұлт сезімін
тұншықтыру емес, тегістік, теңдік жолына
икемдеп, дұрыс жүйеге, қалыпқа түсіру
керек» – дей келіп, сол кезде бас көтеріп
келе жатқан тапшылдарға қарсы «тап өзіндік
ерекшеліктері ескерілуі тиіс» – деді. Автор
əдебиетті бағалауға таптық тұрғыдан келуге
қарсы екендігін ашық білдірген. «Ақ жол»
газеті осы пікір-талас барысында əдебиеттің
таптық өлшемін жоққа шығарған Сұлтанбекті
қолдаған осы сияқты бірнеше мақала жа-
риялады. С. Қожановтың əдебиет жайлы
жазған мақалаларынан оның қазақ əдебиетін
таптық тұрғыдан пролетарлық, байшылдық
бағыттағы деп, бөле-жара қарауға мүлдем
қарсы болғандығы көрінеді. Сондықтан да,
ол Қазақстандағы пролетарлық əдебиеттің
көшбасшылары саналған С. Сейфуллин мен
С. Мұқановпен аралары принципті түрде
күрделі болған. Əдебиет, саясат мəселелеріне
келгенде, екі жақ принцип ұстап, ымыраға
келмей айтысып өткен. Бұл пікірімізді
жуыр да табылған С. Қожановтың мына
бір мақаласы да дəлелдей түскендей. 1929
жылы «За партию» журналында жарық
көрген «Жылтырағанның барлығы алтын
емес» деген мақаласында С. Мұқановтың
өлеңмен жазылған «Сұлушаш» романын
қатал сынға алыпты. Мақаланың авторы
алдымен, шығарманың оқиға желісімен,
кейіпкерлерімен таныстыра келіп, романда
əлеуметтік мəселелер дұрыс көтерілмеген деп
табады. Орыс жазушысы И. С. Тургеновтің
«өмірдің мəні əйелге деген махаббат деп
түсінген азамат емес, еркек қана, керек
десеңіз адам да емес, хайуан» дегенін
алға тарта отырып, Сəбиттің бүкіл рома-
нында бір ғана Алтайдың Сұлушашқа
деген ғашықтығын тап күресінің жоғары
формасы түрінде суреттелуін сынға алады.
Сұлтанбектің романды сынауы төмендегідей
бағыттарда өрбіген: «В свете такой оценки
роман С. Муканова надо отнести к разряду
идеологически вредных произведений.
...это извращение понятия о классах и
классовой борьбе обязывает судить строже.
Круглое невежество автора и скудость его
творческой фантазии не могут быть возме-
щены не к месту пришитными заплатами
из текста азбуки политграмоты.
С. Муканов написал вне времени и
пространства, вне конкретных возможно-
стей, вне реальной жизни романтическую
дребедень в стиле фантастических сказок,
сохранив и даже увеличив характерные
для этих сказок суеверность сюжетов,
оценку женщины, как низшего существа
для забавы мужчины-героя, и скабрез-
ность стиля до нецензурности и т.д. Налицо
– полный животный подход к женщине; по
роману – в красоте и любви вся человече-
ская функция женщины.
(Жалғасы бар)
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ. Қазақ мемлекетінің іргесін қаласқан қазақ
№2 2015 А И АТ
86
86
Пікір
Бауыржан БЕРІКҰЛЫ,
сыншы
«АҚЫННЫҢ АҚЫНДЫҒЫ –
АРДА ҒАНА»
Жас ақындар арасында бір ыңғайсыз
əрі ұнамсыз үрдіс қалыптасып келеді. Ол
– тұңғыш кітапқа:
бір емес,
екі емес,
үш емес
одан да көп адамға алғысөз жаздыру де-
ген дерт жəне поэзиялық жинаққа:
бір емес,
екі емес,
үш емес
пəленбай мақалаларды поэзиямен парал-
лель беріп отыру деген екінші дерт...
Негізі, бір əдебиетшінің
пікірі,
алғысөзі,
батасы
бір кітапқа ешқашанда аздық етпейді.
Ал, алғашқы шығып отырған жинаққа
бір емес, бірнеше адамның алғысөзін
жариялау – өзіңнің талантты екеніне
сеніңкіремегенінің көрінісіндей əсер
қалдырады. Немесе бұл оқырман қауым-
ға қарата «міне, мен осындаймын» деп
оларды сендіруге тырысушылық сияқты
əрекет. Тек əйтеуір, ақындардың бұл
істері – «ата даңқымен қыз өтеді, мата
даңқымен бөз өтеді» дегендегідей болма-
са болды.
Əлде, бұл «жұлдыз ауруы» ма?
Алдыңғы
буын
ағаларға
қа-
райық шы, қай ақынның тұңғыш
кіта бында үш-төрт, бес-алты, жеті-
сегіз, он-онбес адамның алғысөзі
бірінен соң бірі беріліпті?! Қасиетті
əдебиет табалдырығын енді аттаған
таланттардың бесіктен белі шықпай
жатып, осындай мақтанқұмарлық
қасиеттерінің ерте гүлденуі оларды
одан əрмен менменшілдікке итерме-
леп, асқынған атаққұмарлыққа ғана
жетелейтінін жасырмауымыз керек.
Талантты тірісінде құрметтеу керек.
Бірақ, дəл жоғарыдай емес, ағайын.
Өкірте мақтау,
көпірте мақтау,
лепірте мақтау –
ақынды мақтамен бауыздау, батпаққа
батыру. Бір саптағы əскер сияқты бой
түзеген пəленбай атақты кісінің айтқан
алуан сырлы, сан қырлы сөздерін өлең
кітапқа сықап толтырмай, автор қажет
деп тапса, ол сөздерді бөлек кітапша
қылып шығарғаны жөн болады. Мəселен,
«Пəленше Түгеншеұлы деген жас ақын
туралы айтылған сөздердің бірінші
томы...» дегендей ат қойып.
Енді, нақты дəлелдерге көшейік.
Серік Ақсұңқарұлы бір-ақ ауыз
сөзбен «құбылыс» деп бағасын бер-
ген Азамат Тасқараның «Жусан қыз»
( Астана, «Фолиант», 2013 жыл) атты
тұңғыш кітабындағы осындай олқы-
лықтарға тоқталайық. Бірінші «Ата қа-
Достарыңызбен бөлісу: |