Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды


иірімдер:  жорыққа  кеткен,  жолаушы



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

иірімдер:  жорыққа  кеткен,  жолаушы 
кеткен жанның жансерігі – аты шылбы-
рын сүйрете иесіз келуінің қандай бола-
рын қазақ жақсы түсінеді. Ыстық сезім 
туралы өлеңнің астарынан  қаңтардың 
ызғары ескендей...  
Бұл  шумақта  эмоциялық  эффект  ба-
сым. «Ту сыртымнан Көкжорға кісінеді» 
деген жол Қызды да Көкжорғаны да елес-
тетпес  бұрын  кісінеуден  «ШОШЫП» 
кеткен  белгісіз  бейненің  əлемтапырық 
жүзін  көз  алдыңызға  əкеледі.  Жорғаның 
лирикалық  кейіпкердің  «ту  сыртынан» 
келуі  сол  «қорқынышты»  тануға  жəне 
оны  оқырман  психикасына  көшіруге 
бастау  болады.  Көкжорға – сезім.  Ие 
мен  ер-тоқым – бүтіннің  бөлшектері 
деталь. Антоним болатын  өң мен түс-
сезімдердің  қайшыласуы.  Көкжорға – 
сезімнің шоқтығына жармасып объект 
келуі тиіс болатын. Жоқ. Белгісіздік. Сол 
белгісіздікті білдіретін тыныс белгісінің 
де  өлең  көркемдігін  арттыруға  өзіндік 
себі  мол.  Бастапқы  тармақтың  шумақ 
соңында қайталанып екі жағынан бірдей 
көп нүкте қойылуы, Көкжорға – сезімнің 
қамалуы,  лирикалық  кейіпкердің 
қайда барарын білмей аңырып-аңырап 
қалуын  көрсетеді.  Сезім  абстрактылы 
сипаттан  конкретті  көрініске  көшкен. 
Шығармашылық шеберлік сезімнің түзілу 
эволюциясын бая ғы да игерген, енді қалғаны 
сезімдегі – динамика.  Сезімді    қозғалыс 
арқылы образ дəрежесіне көтеру.  
Сор тіледі, қайсысы бақ тіледі,
Өзегімді ащы өксік қақ тіледі.
Еңіреген Ертісті артқа тастап,
Жағасынан Есілдің тапты мені.
Өлең  жолдарында  берілген  нақты 
геогра фиялық  атаулар – Ертіс  пен  Есіл, 
тақырыпты  тануға  негіз  болған  лири-
калық  кейіпкер  түйсінетін  қоғамдық-
əлеу меттік  процестер  тəрізді.  Жоғарыда 
біз  айтқан,  жанды  қозғалысты  көрсету 
үшін  арақашықтық  керек.  Ол  нақты 
географиялық атаулармен беріледі. Себебі, 
сезім де конкретті – Көкжорға. Сезімнің 
ағыны  Көкжорғаның  тайпалғаны 
тəрізді төгіліп кеткен. Бұл жердегі қақ 
тілінген  өзек,  еңіреген  Ертіс,  көз  ілген 
үміт,  дұшпан  жел,  озбыр  жел  сияқты 
образды  тіркестерді  жекелеп  айтудың 
қажеті жоқ, себебі, ол тіркестер тек қана 
лирикалық кейіпкердің жан əлеміндегі 
арпалысты  таныту  үшін  алын ған 
спецификалық  ойлар.  Өлеңнің  соңы-
на  қарай  сезім  тұлғаланған.  Есілге 
келіп мұң шаққан лирикалық кейіпкер 
объектіні  көретін  тəрізді.  Қоршаған 
ортаның тұспалы болып тұрған дұшпан 
желдің қылығы да жаныңды ауыртады.  
Лирикалық  кейіпкер  мен  образдың 
даралығы үшін қажет анимистік сипат-
тағы  жел  сəтті  алынған.  Өлең  компо-
зициясын  шұбалаңқылыққа  кетірмей 
сəтінде  қайыруға  негіз  болған  да  сол. 
Кенеттен басталып, ғайыпқа сіңеді. Бес 
шумақтың өне бойында шашау шыққан 
əріп те, дыбыс та жоқ. 
Ж.Əскербекқызының  шығармашылы-
ғында  анық  байқалатыны – метафора, 
меңзеу, тұспалдау тəсілінің басымдылығы. 
Ақын жариялылыққа бармайды. Дерексіз 
ұғымдарды заттандырып, жалқы ұғымдарды 
жалпыландырады. Өзі суреттеп һəм сомдап 
отырған  оқиға-образдан,  объектіден  тыс 
қалып, оған салқын қарамайды. Керісінше, 
өз  объектісінің  өзегіне  терең  бойлауға, 
жан əлемін тануға ұмтылады.  Бұл əрине 
ақынның  толық  шығармашылығына 
қатысты пікір.
Тоқтарбек ҚАМЗИН. «Ту сыртымнан көкжорға кісінеді...»

№2    2015    А И АТ
93
93
Белгілі  қаламгер,  көрнекті  прозашы  Əлібек  Асқаровтың  қаламынан  туған 
«Ерте түскен бозқырау», «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», «Мұнар тауды, мұзарт 
шыңды  аңсаймын», «Социализм  əңгімелері», «Алтайда  алтын  күз  еді»  секілді 
тамаша  туындыларын  қара  ормандай  оқырманы  жылы  қабылдап,  жоғары 
бағалағаны  белгілі.  Бүгін  оқырман  назарына  қаламы  қарымды  қаламгердің 
«Алтай. Алтын бесік, ата жұрт» атты туындысы туралы жазылған тың пікірді 
ұсынып отырмыз.
АЛТАЙДЫҢ АЙТАҒАЛЫ 
ЖЫРШЫСЫ
Асқаров айтқан ақиқат
Алтай  туралы  көп  айтылған,  көп  жа-
зылған. Қазақтың қара тасты иітетін қара 
сөзінің ғаламат шеберлері Қалихан Ысқақ, 
Оралхан  Бөкей  таңғы  сəресін  «Алтай» 
деп ашып, аһ ұрып, түсінде де Алтаймен 
арыздасып  жататындары  əмбеге  аян  еді. 
Аса сыршыл, көбелек қанатының суылын, 
тасының  əуенін,  жапырағының  жырын, 
балдырғанының  бал  тілін  қалт  еткізбей 
ұғатын үкілеген ақыны Ақтан Нұрбаев та 
Алтайын жырлап тауыса алмай, теңеулері 
мен эпитеттерін сарқып барып көз жұмған. 
Ақтан,  Қалихан,  Оралханның  қаламы 
бəрін  қамтып  суреттей  алмаған    абат  та 
жұмбақ  Алтайды  бабына  келтіріп  бал-
быратамын  деу  бос  əуре  шығар,  тырақы 
тыраштану,  көтерем  көк  бестіні  басқа-
көзге бекер қамшылап, зорықтыру шығар 
деп    мүлдем  жылы  жауып  қойғанбыз. 
Жо-жоқ, айтуға болады екен. Айтқанда 
да Əлібек Асқаров сияқты айту керек 
екен. Міне, сіздің алдыңызда оның «Ал-
тай. Алтын бесік, ата жұрт» атты қара 
сөзбен, көркем тілмен əдіптелген үлкен 
кітабы  жатыр  делік.  Əсілі,  оқырман 
қауымның  жазушы  не  журналистің 
қаламынан туған суреттеулерге «көркем 
шығарма»  немесе  «деректі  шығарма» 
деп  бөле  қарауы  заңды  құбылыс. 
Көркем шығармалардың басым бөлігін 
жазушы  фантазиясының  жемісі  деп 
қабылдап,  деректі  шығармалардан 
шұқшиып шындық іздейді. Табады да. 
Əрі имандай ұйып сенеді. Міне, Əлібек 
Асқаровтың  жоғарыдағы  атаумен 
шыққан көркем очерк дейміз бе, деректі 
əңгіме дейміз бе – тамаша  жинағынан 
ең алдымен сол ақиқатты таптық.
Кітап төрт бөлімнен тұрады: «Көккөл», 
«Шындығатай», «Мұзтау», «Шабан-
бай». Төртеуі де Алтайдан еншісін бөліп 
алмаған  ғаламат  жер  атаулары.  Басқаша 
айтар  болсақ,  Мұзтау – Алтайдың  тəжі, 
Көккөл –  көйлегі, Шындығатай – көксауыр 
етігі,  Шабанбай – ақшəйі  көрпесі.  Мен 
ойлаймын,  Əлібек  Асқаров  сынды  əрі 
жазушы, əрі қылқалам шебері, əрі қоғам 
қайраткерін  атағынан  ат  үркетін  Мұзтау 
мен  Көккөлге  сүйреген,  ынтықтырған 
екі  түрлі  жағдаят,  екі  түрлі  мұрат  болуы 
мүмкін  деп.  Біріншісі,  Қалағаң  мен 
Орекеңнің арманы болған асқақ шыңдарды 
өз көзімен көру, қолымен ұстау, солар үшін 
тəу  ету,  солардың  сəлемін  жеткізу,  тағы 
да... Хан Алтайға, күллі түркі жұртының 
ата мекені - Алтай тəңірге мұңы мен шерін 
ақтару. Екіншісі, туған жерінің тау-тасына 
Əдеби сын

№2    2015    А И АТ
94
94
деген жазушының алапат махаббаты мен 
сағынышы.  Осынау  очерктер  жинағын 
оқып шыққан соң Əлекеңнің қолтоқпақтай 
денесіне осыншама махаббат пен сағыныш 
қалайша  сыйып  жүргеніне  таңқалмасқа 
лажыңыз жоқ.
Көккөл – ғасыр трагедиясы
Əлібек  Асқаров  «Көккөл»  очеркі  ар-
қылы XX ғасырдағы кеңестік дəуір идео-
логиясы құрбандарына мəңгілік ескерткіш 
тұрғызыпты. Көккөл – XX ғасыр трагеди-
ясы. Соғыс алдында (1938 жылы) воль-
фрам,  молибден  шығарған,  Алтайдың 
аю  жортқан  қияндағы,  адам  баспас  
қойнауындағы иесіз мекен. Қазір əдірем 
қалған. Очерктен Көккөлдің дəл өзіндей 
қатыгездік пен қасірет, таусылмас мұң 
мен шер, Көккөлдің дəл өзіндей тырдай 
жалаңаш үскірік үреді. Тым-тым үрейлі. 
Көккөлдің  кешегі  шындығы – бүгінгі 
ұрпақ  үшін  аңыз.  Аңыз  болғанда  да 
жантүршігерлік оқиғалардың іріктелген 
түрі.  Бүгінгі  тоқкүлкі,  ішкен – мəз,  
жеген – тоқ  жастардың  сене  қоюы 
неғайбыл. Асқаров сынды əккі қаламгер 
бұл  мəселеде  де  аспайды,  таспайды, 
өтірікке  баспайды.  Қаны  сорғалаған 
шындық түйірлерін теру үшін сан түрлі 
тəсілдерге  барады:  Көккөлдің  қанды 
қасабынан  əупірімдеп  тірі  шыққан, 
бүгінде  қан  түкіріп,  тірлік  талқанын 
талмап  жүрген  бірен-саран  тірілеріне 
сауын  айтады,  үзік-үзік  кино  таспа-
лары  сынды  естеліктеріне  жүгінеді. 
Қулығы  қырық  есекке  жүк  боларлық 
əккі аңның ізіне түскен сыралғы аңшы 
болушы еді ғой. Əлекең, міне, дəл осын-
дай əрекетке көшкен.
Əне,  шілдеде  шыбынның  миын 
қайнатар  шіліңгір  аптапта  азынаған 
ақтүтек  боранымен,  ақшұнақ  аязымен 
тірлік иелерінің өн бойына  үрей заһарын 
шашып  Көккөлдің  жоғарғы  лагері  бой 
көрсетті.  Осыдан 50-60 жыл  бұрынғы 
социализмнің  трагикомедиясының  сах-
насы  бұл.  Əлекеңше  айтсақ, XX  ға-
сырдың үш мың метр биіктікте қайырлап 
қалған  «Титанигі»  осы.  Асқаровтың 
қаламынан  туған  мынадай  қасіретті 
шығарманы  оқып  отырған  сіздің  өн
бойыңыз тоқ соққандай қалшылдайды, 
адам баласының онсыз да қамшының 
сабындай  қысқа  ғұмырын,  талайлы 
тағдырын ту-талапайға түсіріп тəлкек 
еткен қоғамдық формацияға кəдуілгідей 
лағнет  кесегін  лақтырасыз,  бетіне 
түкірердей кектенесіз, аза тұтасыз. Енді 
бірде, өліп қалмайын деп көнтері хайуан 
екеш хайуанның тірлігіне бой ұсынған 
кешегі  ағалар  мен  апаларымыздың 
көмпістігіне налисыз.
Біздер күнделікті қу тірлікте сұм дүние 
деген  тіркесті  жиі  қолданатынымыз  бар. 
Алағай да бұлағай өмірге көңіліміз толмай, 
аласапыран күй кешкен сəтте аузымызға 
түседі. Ал, нағыз сұм дүниенің не екендігін 
парықтағыңыз  келсе,  қадірлі  оқырман,  
«Көккөл»трагедиясына  ден  қойғаныңыз 
жөн. Сонда ғана Сіздің Табиғат пен оның 
бір бөлшегі – Адамдар арасындағы қатал 
да  сұрқай  қарым-қатынасқа  жаныңыз 
шырқырай  егіледі.  Көккөлдің  төменгі 
лагеріндегі  сүйектері  шашылып  қалған 
қайран ағаларымыз бен апаларымыз оқыс 
тіріліп  кете  ме  деп  те  қорқасың.  Дəуір, 
оның жүйесінің шындығын Асқаровтай 
беруге əрекеттену керек екен!
Мəңгілік сағыныш
«Шындығатай» очеркінде «Көккөлді» 
оқып    отырғанда  шегіне  жеткізе  шірене 
тартылған    жүйке  пернеңіз  босап  сала 
береді. «Көккөлді»  оқып  отырғандағы 
төкпе күй əуені шертпе күйге ұласқандай  
мамыражай күй кешесіз. Автормен бірге 
дем  алғыңыз  келеді.  Алайда  ауыздығын 
қарш-қарш  шайнап,  жұла  тартқан 
сəйгүліктің үстіндегі Асқаров бұл  жерде 
де  өзіне  титімдей  рақымшылық  жасау-
дан аулақ. Тағы да төгіледі. Сағынышын 
шертеді. Жо-жоқ, Əлекең бұл жерде де: 
«Сағыныштан сал болдым. Жүзіңді бір 
көруге зармын!» деген секілді ұрандауға 
бармайды. Өмірден  ерте кеткен асыл-
дарын – ағалары  мен  замандаста-
рын,  тіпті  қазір  қасында  жүрген  көзі  
тірілерін  де  мекірене  іздейді.  Оралхан 
Бөкейдің  Асқаровтың  жазушы,  азамат 
болып қалыптасуына тигізген үлгі-əсерін  
Əлібек ҚАҢТАРБАЙ. Алтайдың айтағалы жыршысы

№2    2015    А И АТ
95
95
тізбелеп  қажеті  шамалы.  Əлекеңнің  əр 
шығармасынан,  əр  аттаған  қадамынан: 
«Мен  Оралханның  соңына  ергенмін. 
Оның сарқытын ішкенмін. Содан үлгі 
алғанмын.  Соның  ісін  алға  апарушы-
мын!» деген  саумал самал лекіте соғып 
тұратыны шындық.  Десек те, еске алудың 
да  сан  түрі  болады  екен.  Əлекең  соның 
соны бір үлгісін ұсыныпты.
Оралхан  туралы  айтады.  Сағындым 
демейді.  Əр  эпизодта  Орекеңнің  айтқан 
оқыс  ойларын,  бірге  жүргендегі  іс-
əрекеттерін  үзіп-жұлып  келтіре  отырып 
Оралхан Бөкей сынды қара сөздің сүлейін 
өз  биігіне  алып  шығады.  Оқырманға 
с ағындырт ады.  Оралханын  үздіге 
сағынған  автор  еркелегісі  кеп,  қасында 
жүрген Қалағаңның (Қалихан Ысқақтың) 
қолтығына басын тығып, сүйкеніп кетуді 
де  ұмытпайды.  Қасында  дастарқандас 
отырған адамды сағыну Орекеңде мол еді. 
Мүмкін  содан  жұқты  ма  екен,  əлде  түп  
тегінде бар қасиет пе? Əй, табиғи болмысы 
шығар! Орекеңнің: «Алматыда біз емес, 
Жанұзақ жүруі керек еді» дейтін Жанұзақ 
Бəйгереев бəріміздің ортақ досымыз еді. 
Оралханның  жасында  өтті  өмірден.  Сол 
Жанұзақтың, Баламер Сахариев, Ермұқан 
Əбдірахманов, Сақан Құрманов, Сайфолла 
Ауғанбаев сынды ағаларының орнын тол-
тыра алмай аласұрады. «Пай-пай, нағыз 
қыз табиғат Алтайда» деп тамсанғанда 
таңдайымызды  қақыратып  жібере 
жаздайтынымыз  бары  рас.  Десек  те, 
одан  əріге  көбіміздің  бара  алмайты-
нымыз – тағы шындық. Ал, автор мен 
табиғаттың  бір-бірін  жетекке  алып, 
«саяхатқа»  шығуының  ерен  үлгісін 
дəл  осы  эсседен  тауып,  айран-асыр 
боларыңызға бəс тігуге бармын. Əсіре, 
жұмбақ    Алтай  Асқаровтың  алдында 
шағи көрпесін, құпия сандығын ашып 
алғанын байқамай да қалады.
Əлекең  мен  оның  замандастарының 
балалық  бал  шағы,  жел  көкірек  жастық 
шағы  қалған  ауыл  қандай!  Елі  үдере 
көшпеген,  базары  тарқамаған  қайран 
ауылдың қазы қаңқылдап, сиыры мөңіреп, 
малы  жамырап  ию-қию.  Кешкі  ауылдың 
реңкі  неткен  əсем!  Əне,  ауылдың  қара 
шаңырағы – клубтан  бастау  алған  сазды 
əуен мұқым ауыл жастарын «жүр-жүрлеп» 
сонау  Бұқтырма  өзені  бойындағы  тал-
шілікті  тоғайға  жетелеп  барады.  Əсілі 
дəл осы шығармасын Əлекең көз жасына 
тұншығып отырып жазған-ақ шығар! Əй, 
басқаша болуы мүмкін емес!
Сағынуды,  соны  жеріне  жеткізе, 
майын  тамыза  жазуды  да  Асқаровтан 
үйренсе, артық болмас!
Мұзтауда жұмбақ көп
Ал, «Мұзтау» очеркі ше?
Мұзтау демекші, бұл тек қана көкпеңбек 
мұздан  тұратын  алып  тауды  көп  оқып, 
көнектің  түбін  тескендер  жердің  кіндігі 
атап  жүр.  Бұл  атауының  өзінен  атты 
қойып атан үркетін əрі асқақ, əрі тəкаппар 
заңғарға  Əлекеңді  тəнті  еткен  не  болды 
екен.  Өткен  күзде  Астанадағы  ол  маған 
телефон шалсын:
– Аттас көке-ау, елге барып қайтпаймыз 
ба?  Аудан  шақырып  отыр.  Менің  бір 
апталық  демалысым  қалған,  соны 
пайдаланбақпын.  Тауға  шығамыз,  балық 
аулаймыз, – дейді. Құдай-ау, тағы да тауы 
несі?  Таудан  жалықпайтын  неткен  жан 
бұл!
Амал жоқ осы жолы соңына ердім: 
тауға да бардық, тасқа да шықтық, аң 
да  аттық,  балық  та  ауладық.  Қоңыр 
күз. Алтай маужырап тұр. Күндіз көп-
көрім жарқырап тұрған күн кеш түсуі 
мұң – еріксіз күртке кигізеді. Алтайдың 
кіндігіне  дейін  аппақ  қар.  Иен  тау-
да  біраз  қосшыларымызбен  үш  күн 
жаттық. Сонда байқағаным, Əлекеңнің 
таусыз  тұра  алмайтындығы.  Ақыры 
шыдамадым: 
– Мұзтаудың əщадылығы жайлы бала 
кезден естіп те, көріп те келесің. Ол тау 
сауатсыз  адамды  қойып  сандаған  альпи-
нисті жұтқанын білесің. Сонда анау жылғы 
сендердікі  нендей  қожанасырлық? – деп 
қалдым. 
Əлекең  тек  қана  өзіне  тəн,  тек  өзіне 
ғана  жарасатын  сыпайы  жымиысымен 
маған сығырая қарап тұрып-тұрып:
– Əлеке, тауда туып, тауда өссек те 
тау  туралы  білетініміз  тым-тым  аз. 
Тау  туралы  жазбақ  боп  қолға  қалам 
Əдеби сын

№2    2015    А И АТ
96
96
Əлібек ҚАҢТАРБАЙ. Алтайдың айтағалы жыршысы
алсақ, желісі қатты аттың үстінде келе 
жатқандай  шоқырақтан  аспаймыз.
Тау  туралы  жазбас  бұрын  оның  тасы 
мен  қынасын  басып,  өн  бойыңмен 
сезінуің  керек  екен. «Мұзтау-Мұзтау» 
деп  қарақан  басын  тау  мен  тасқа 
соққан  Оралхан  да  құсалықпен  өтті, 
кетті. «Мұзтаудың əу бастағы атауы – 
«Тəңіртау» деп жүретін Қалихан ағамыз 
(сөйт кен ағамыз да өмірден өтті – ред.) 
болса – ол да біраз жасқа келіп қалды. 
Шынымды  айтсам,  басқа  өңірдің  аза-
маттарынан ұялып біттім. «Мұзтау» деп 
елеуірегенде көкіректеріңді қақыратып 
жібере  жаздайсыңдар.  Ал,  тау  туралы 
мандытып ештеңе айта алмайсыңдар» 
деп  бетімізден  отымызды  шығарады.  
Сондықтан  да,  осындай  тəуекелге 
баруға  тура  келді, – деп  ағынан  жа-
рылды.
  Өмірде  қарақан  басы  мен  шыбын-
дай  жанын  құрбан  етуге  сақадай-сай 
адамдардың шағын тобы болады емес пе. 
Міне,  Əлекең  солардан  екен.  Қасына  өзі 
сияқты  төрт-бес  жанкешті  дос-жаранын 
ерткен  ол  кəсіби  альпинистердің  кез 
келгені  тəуекел  ете  бермес,  қаһары  мен 
əща дылығы əлемге əйгілі Мұзтауға өрме-
лейді.  Айналдырған  үш-төрт  күнде  үш 
ғұмырға  татитын  қиыншылықтармен 
бетпе-бет  келеді.  Жеңеді.  Көп  дүние 
түйсінеді.  Ажалды  пендені  тəубесіне 
тү сіру  үшін  Мұзтау  керек  екендігін,  ал 
Мұзтаудың жұмбақтығы сондай, ғылыми 
прогрестің əлі оның оннан бірін де түсіне 
алмай жатқандығын шертеді.
Оралхан Бөкейдің Мұзтаудың балағында 
кіндігін  қиғызып,  Гималайда  соңғы  демі 
үзілгенінен  байланыс,  заңдылық  табуға 
əрекеттенеді. Мүмкін кездейсоқтық, мүм-
кін  жазмышқа  қатысты  ма  екен?  Міне, 
«Мұзтау» очеркі осылай туған. «Мұзтау» 
очеркін  оқып  біткен  соң  өзіңіз  Асқаров 
бастаған топпен Мұзтауға шығып, ажал-
мен  сан  рет  төс  қағыстырғандай  күй 
кешесіз.  Шілденің  шіліңгірінде  тісіңіз-
тісіңізге тимей сақылдап, дірдектей тоңып 
отырғаныңызды байқайсыз.
Міне,  жазушының  құдіреттілігі  де 
осында!
Шабанбай – жерұйық мекен
Шабанбай...  Бұл  очерк-эссе  ел  мен 
жер  қасіретінің  шырылдаған  шындығын 
із деген,  кешегі  Ресей  империясының  қа-
зақтың  ен  байлығын,  кен  байлығын  то-
нап  қана  қоймай,  оның  қаны  сорғалаған 
рухын  да  шайнамай  қылғытқандығының 
қағаз бетіне түскен көркем  анықтамасы. 
Əлекеңнің дəл осы очеркін оқыған пенде 
бүгінгі  күні  ресейлік  болып  кеткен  Ша-
банбай  сынды  жерұйық  өлкені    менің 
атамекенім, менің Отаным деп иемденетіні 
рас. 
Сандаған  ғасырлық  тарихты  шаң-
тозаң басқан көне шапанының  етегімен 
қымтап отырған Алтайдың мұңы мен 
шерін Əлібек Асқаров сынды оның бал 
татыған  зəмзəм  суын  ішкен,  кіндігін 
сол  таудың  беткейінде  бой  көрсетер 
торы тобылғысына кестірген сұңғыла 
жазушыдан  өзге  ешкім  де  жеріне 
жеткізе  шерте алмасына көзіңіз жетеді. 
Көркем əрі тарихты таразылаған очеркі 
арқылы  жазушы  кешегі  империяның 
тасқайнатар  қатыгездігіне  лағнет-
үкімін айтқан. Əсілі кез келген тарих-
шы не жазушының белгілі бір тарихи 
кезең  жайлы  қаламына  жүгінгенде 
мақсат етер ең басты мұраты біреу ғана 
болар, ол – Ел мен Жердің өткендегі ше-
жіресін  келер  ұрпаққа  аманаттау,  жат 
жұрт тарихшыларының қандауырымен 
қырқылып  кеткен  шындықты  табу. 
Міне,  Əлекең  «Шабанбай»  эссесінде, 
жалпы  «Алтай»  аталатын  ауқымды  кіта-
бының бас-аяғында мұрағаттардың қазақ 
үшін  суалып  қалған    қасаң  омырауынан 
сауып  алынған  түйнемдей-түйнемдей 
ақпараттарды  өте  ілкімді  пайдаланған. 
Жазушының бұл шығармаларды кестелі 
сөзбен өріп, көркем тілмен өрнектегені 
–  өз  алдына  жеке  əңгіме.  Қысқасы, 
Əлібек Асқаровтың бұл кітабы – қарт 
Алтайдың  көркем  антологиясы.  Ал, 
оны  оқып  шыққан  ажалды  пенденің 
түркілердің кіндік жұрты – Өр Алтайды 
көкірегі  қарс  айырыла  сағынатыны 
хақ. 
Жазушы бақыты, жазушының мұратына 
жетуі  дегеніміз тегі осы шығар!
Əлібек ҚАҢТАРБАЙ, 
жазушы

№2    2015    А И АТ
97
97
ОҢТҮСІКТЕГІ  ОҢДЫ  ІСТЕР
Рабат ЖƏНІБЕКҰЛЫ,
спорт журналисі
Орайы келген əңгіме
Еліміз тəуелсіздік алғалы жиырма үш жылға жуық уақыт өтті. Жиырма үш жыл 
дегеніңіз тарих биігінен қарасақ қысқа ғана кезең. Осы қысқа уақыт аралығында еліміз 
ғасырлар бойы атқарылатын жетіс тіктерге жетті. Қазақстан əлемдік қарқынды 
дамудың сара жолына түсті. Өмір дің барлық саласындағы Қазақстанның бүгінгі таңдағы 
табыстарына бүкіл əлем таңдана да, тамсана да қарауда. 
Қазақ деген ұлтты бүкіл əлемге танытуда спорттың алар орны ерекше. Қазақтың 
ұлттық намысын, ұлттық рухын əлемге паш етуде еліміздің атақты спортшыларының 
ерен жеңістерінің маңызы зор.Міне, тəуелсіз Қазақстанның спорт саласындағы қол жет-
кен табыстарына ерекше үлес қосып отырған аймақтардың бірі – Оңтүстік Қазақстан 
облысы.
Бұл облыс Қазақстан спортына талай-талай таланттарды берген өлке. Облыс 
спортының қол жеткен табыстары мен алға қойған межелі мақсаттары жайын да 
толығырақ мəлімет алу мақса ты мен Оңтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру 
жəне спорт басқар масының бастығы Əлібек Нұртаевқа жолығып, сұхбаттасқан едік.
Тілші: – Əлібек  Нұрбайұлы  облыс 
көлемінде спортты бүгінгі өмір талабына 
сай дамыту жолында қандай іргелі істер 
жүр  гізілуде. Атқарылған жұмыстар қандай 
деңгейде жүзеге асырылды. Əңгімені осы-
дан бастайық.
–  Ия,  бұл  орынды  сұрақ. 2014 жыл 
да  аяқталды.  Жылды  қорытындылауды 
алдағы күндердің үлесіне қалдыра тұралық. 
Өткен жылдың да біздер үшін жемісті жыл 
болғанына сенімдіміз. Алдымен, өткен 2013 
жыл  туралы  айтатын  болсақ, 2013 жыл 
шынында  облыс спорты үшін ерекше та-
бысты жыл болды деп толық сеніммен айта 
аламыз.  Біздің  облыстың  көптеген  спорт-
шылары олимпиада, əлем чемпионаттары, 
Азия біріншіліктерінде, сондай-ақ, көптеген 
халықаралық турнирлерде еліміздің ұлттық 
құрамасы сапында бақтарын сынап, өздерінің 
толағай табыстарымен ел мерейін үстем етті. 
Оған дəлел Ресейдің Қазан қаласында өткен 
Бүкілəлемдік универсиадада Қазақстан на-
мысын қорғаған құрама команда қатарында 
43 спортшы қатысып, 1 алтын, 2 күміс, 7 қола 
медальдарды жеңіп алды.
Алматы қаласында өткен жасөспірімдердің 
ІІІ-ші Еуразиялық ойындарында біздің облыс 
өкілдері 12 алтын, 5 күміс, 4 қола медальдарға 
қол жеткізді. Биылғы жылы Қытайдың Нага-
но қаласында облыстың еркін күрес шебері 
Қазақстан қоржынына алтын медальді салды. 
Азия  деңгейінде  өткен  чемпионаттарында 
ел намысын ту етіп ұстай білген спортшы-
ларымыз 34 алтын, 19 күміс, 29 қола  ме-
дальдарды өңірлеріне тақса, осы кезеңдерде 
өткен əлем біріншіліктерінде облыс өкілдері 
9 алтын, 7 күміс, 16 қола медальдарға қол 
жеткізді. Республика көлемінде өткен барлық 
жарыстардың барысында біздің спортшылар 
281 алтын, 270 күміс, 270 қола медальдарды 
еншіледі.  Міне,  осындай  еселі  табыстары 
ескеріліп, Қазақстан Республикасына еңбегі 
сіңген  спорт  шебері  атағы 4-спортшыға 
берілді. 29-халықаралық дəрежедегі спорт 
шебері, 130-Қазақстан  Республикасының 
спорт шебері дайындалды, 600-ге жуық адам 
спорт шеберлігіне үміткер атанды. Əрине, бұл 
табыстардың бəрі өздігінен келе салмағаны 
белгілі. Табыс жолында тынбай еңбек етіп, 
шүмектеп тер төгудің нəтижесінде келгені 
белгілі.

№2    2015    А И АТ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет