Әсет мұҚашбеков


Ресейдің  даңқты  спортшысы  болған,    қоян-қолтық  шайқастан



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Ресейдің  даңқты  спортшысы  болған,    қоян-қолтық  шайқастан 
(рукопашный  бой),  ережесіз  айқастан  (бой  без  правила),  панкратионнан 
(гректердің ережесіз шайқасы) және соғыс самбосынан, осы аталып өткен 
шайқастардың  төртеуінен  де    халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері, 
бокстан  Ресей  Федерациясының  спорт  шебері,  Ресей  әскери  әуе  –  десант 
күштерінің бұрынғы офицері    Қасабаев Саяуыш Өндірханұлының толғауы. 
Құран  Кәримнің  ішіндегі  аяттардың  математикалық  заңдылықтарын  тауып 
оқып,  жағамды  ұстауым.  Спорттың  адамға  қандай  пайдасы  бар? 
Қиымылдамау  –  тат  басу  дегенді  қалай  түсінуге  болады?  Жаяу  серуендеудің 
адам  ағзасына  тигізер  пайдасы  бар  ма?  Арқаны,  омыртқаны  түзетуге  бола 
ма? 
 
 
Дене  жаттығуларымен  қалыпты  және  өз  уқытында  шұғылданып  отырған 
адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ибн – Сина 
 
Мен жігіт, он бес – отыз арасында, 
Бұл жаста көп: бересі – аласым да.. 
Жалыны бойға симай сырттан көрініп,   
 
 
Күн сайын тұрады артып қайрат күшім.   Сұлтанмахмұт Торайғыров 
 
 
Адам өмірінде дене қимылының алатын орны ерекше екенін жұрттың бәрі 
біледі,  ал  осы  қимыл  спортшыларда  ең  басты  орында.  Осы  жаттығудың  және 
салауатты өмір сүрудің нәтижесінде талай-талай асуларды бағындырған Ресейге 
танымал,  Қазақстанға  енді  ғана  өзін  танытып  келе  жатқан  Қасабаев  Саяуыш 
Өндірханұлымен кездесіп, салауатты өмір сүру мен дене жаттығулары жайында 
өзінің көзқарасын айтып беруді және өзінің өмірбаянына қысқаша шолу жасай 
кетуін өтіндім. 
 
Саяуыш сұңғақ  бойлы, шымыр денелі, қайратты қара шашы аққұба өңіне 
жарасып  тұрған  аса  келбетті  жігіт.  Күлімдеген  қой  көздерінен  парасаттылық 
пен тектіліктің ұшқыны жалындап тұрғандай. Бүкіл дене болмысынан өлшеусіз 
қуат, сарқылмас қайрат, мұқалмас жігер, сыңғырлаған денсаулық, жалындаған 
жастық оты лапылдап тұрғанын сезесіз. Қимылы шалт, сөзі салмақты, әр сөзін 
байыптап  ойланып  барып  айтады.  Жүрісінен,  киім  киісінен-ақ:  «а,  мына  жігіт 
кезінде әскери адам болған ғой деп бірден ойлайсыз». 
Сұрақ: – Саяуыш бауырым, өзің арнайы діни оқу орнын бітірмесең де, өз 
бетіңше  рухани  кітаптарды  көп  ізденіп  оқитыныңды  білемін.  Ана  күні  бір 
сөзіңде интернеттен керемет бір қызық дерек таптым деп едің, ол не дерек? 
 
Жауап:  –  Әсет  аға,  осы  жақында  интернеттен  өте  қызық  та,  Жаратушы 
түсірген  қасиетті  Құран  Кәримнің  ішіндегі  аяттардың  математикалық 
заңдылықтарын тауып оқып жағамды ұстадым! 

 
126 
 
– 
Осының қысқаша мазмұнын оқырмандарымыздың да біле жүргені жөн 
болар  деген  байламға  келдім.  Доктор  Тарик  Аль  Суаиди  қасиетті  Құран 
аяттарынан бір нәрсенің, екінші нәрсемен математикалық тең екенін байқапты. 
Ең таңқаларлығы Құранда «ер адам» деген сөз 24 рет қайталанса, «әйел» деген 
сөз де 24 рет қайталаныпты, немесе 24=24. Осыған таңырқаған ол аяттарды ары 
қарай талдаса осындай заңдылық Құран аяттарының бәрінде де тұнып тұр екен. 
Енді  араб  тілінде  жазылған  аяттардағы  тең  сөздердің  кейбіреуіне  шолу  жасап 
қарап көрелік: 
 
Дүние (фәни әлемнің бір атауы) деген сөз 115 қайталанса, Ақирет (бақи 
әлемнің бір атауы) 115 рет қайталанған.  
Өмір 145 рет қайталанса,  Өлім 145 рет қайталанған. 
Пайда 50 рет болса, Зиян 50 рет қайталанған. 
Адамдар 50 рет, Елшілер 50 қабат. 
Ібіліс 11 қабат қайталанса, Ібілістен қорған іздеңдер деген сөз 11 рет айтылған. 
Қарғыс деген сөз 75 рет, ал Алғыс деген сөз 75 рет қайталанады. 
Шығын 73 қабат кездессе, Кіріс 73 қабат кездеседі. 
Адамды азғырушылар деген сөз 17, Өлген адамдар деген сөз тіркесі 17. 
Мұсылман 41, Кәпір 41. 
Алтын 8, Жеңіл өмір 8. 
Сиқырлы 60, Адасқандар 60.  
Зекет 32, Береке 32. 
Пікір 49, Үндемеу 49. 
Тіл 25, Уағыз 25. 
Жайбарақаттық 8, Қауіптену 8. 
Ашық сөйлеу 18, Жариялау 18. 
Ауыртпалық 114, Шыдамдылық 114. 
Мұхаммед 4, Шариғат (Мұхаммед ілімін оқу) 4. 
Ер адам 24, Әйел адам 24. 
Тағы бір таңқаларлығы – төмендегі сөздер мұншама қабат қайталанады. 
Ай деген сөз 12, Күн (тәулік) деген сөз 365 қабат қайталанады. 
Теңіз 32, Жер 13 қабат қайталанады. 
Теңіз+Жер = 32+13 = 45 
Теңіз  = 32/45*% 100 = 71.11111111 
Жер = 13/45* 100 = 28.88888889% 
Теңіз+Жер = 100.00% 
 
Қазіргі  ғылым  жетістігі  жақында  ғана  жер  шарының  71.111  пайызын  су,  ал 
қалған  28.889  пайызын  құрлық  құрайтынын  дәлелдесе  осының  бәрін 
пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғс.)  кім  білдірді?  Жауап  біреу-ақ:  Құдіретті 
АЛЛА. Осыны қасиетті Құран Кәрим бізге хабарлайды. 
 

 
127 
 
– 
Саяуыш бауырым, енді оқырмандарға өзіңді қысқаша таныстыра кетсең, 
және осы денешынықтырудың адам ағзасына әсері, ерекшелігі неде? 

 
Жәрәйді Әсет аға, айтқаныңыз болсын, білгенімді айтайын.   
Мен,  Саяуыш  Өндірханұлы  Қасабаев  1975  жылы  24  желтоқсан  айында  
бұрынғы Семей облысы,Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келдім. 
 
1983....1991  жылдары  Науалыдағы  №2  орта  мектепте  оқыдым.  1984 
жылдан  бастап  самбо  күресімен  шұғылданып  14  жасымда  спорт  шеберлігіне  
кандидат нормасын орындадым.  
  
1991...1994  жылдар  аралығында  Алматы  қаласындағы  Кеңес  Одағының 
батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепте оқыдым.  Осы мектеп  
қабырғасында оқып жүргенде қазақша күрестен Алматы қаласының жеңімпазы 
(чемпион) болдым. 
1994....1999  жылдар  аралығында  Ресей  Федерациясының  Рязань 
қаласындағы  армия  генаралы  Маргелов  атындағы  әскери  әуе  –  десант 
академиясын ойдағыдай бітіріп, әскери әуе – десантының  офицер атағын алып 
шықтым. Осы  оқу орнында спорттың түр-түрлерімен шұғылдандым.  
1994  жылы  әкери  училищенің  ішіндегі  самбо  және  жекпе-жек  айқас 
(рукопашный  бой)  бойынша  жеңімпаз  болып,  әскери  әуе  –  десанттарының 
құрама командасына мүше болдым.  
1995 жылы көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша 
жекпе-жек айқастан (рукопашный бой) әскери әуе десант күштерінің жеңімпазы 
(чемпион) атағын жеңіп алып спорт шебері нормасын орындадым.  
1995  жылы  мамыр  айында  Ресей  Федерациясының  барлық  әскери 
күштерінің  арасындағы  жарысында  жекпе-жек  айқастан  күміс  жүлдегері 
болдым. 
1995  жылы  маусым  айында  Санкт-Петербург  қаласында  халықаралық 
жарыста панкратион (ережесіз айқас) бойынша күміс жүлдегер атандым. 
1995  жылы  қараша  айында  бүкіл  Ресейлік  турнирде  Омск      қаласында 
жекпе-жек  айқастан  алтын  медальға  ие  болып,  Ресей  Федерациясының 
жеңімпазы (чемпион) атағын жеңіп алдым. 
1996  жылы  наурыз  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы 
бойынша  жекпе-жек  айқастан  әскери  әуе  десант  күштерінің  жеңімпазы  болып 
алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1996  жылы  мамыр  айында  Иркутск  қаласында  Ресей  Федерациясының 
барлық  әскери  күштері  арасында  жекпе-жек  айқаста  алтын  жүлдені  жеңіп 
алдым. 
1996  жылы  маусым  айында  Вильнюс  қаласында  халықаралық  жарыста 
панкратион күресі бойынша алтын жүлдеге ие болдым. 
1996  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде 
жекпе-жек  айқаста  алтын  жүлдеге  ие  болып,  Ресейдің  «техникасы  ең  үздік 
спортшы» атағымен марапатталдым. 

 
128 
1997 жылы көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша 
жекпе-жек  айқастан  әскери  әуе  десант  күштерінің  арасында  алтын  жүлдені 
жеңіп алдым. 
1997 жылы мамыр айында Краснодар қаласында Ресей Федерациясының 
барлық  әскери  күштер  арасында  жекпе-жек  айқаста  алтын  жүлдені  жеңіп 
алдым. 
1997  жылы  қыркүйек  айында  Рязань  қаласында  облыстық  жарыста 
бокстан жеңімпаз атандым.  
1997 жылы қазақша күрестен Семей облысының «түйе палуаны» атағын 
жеңіп алғанмын. 
1997  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде 
жекпе-жек  айқастан  алтын  жүлдеге  ие  болып,  Ресей  бойынша  «техникасы  ең 
үздік спортшы» атағымен марапатталдым. 
1998 жылы ақпан айында Рязань қаласында бокстан облыстық  жеңімпаз 
атандым. 
1998  жылы  маусым  айында  Рязань  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде 
бокстан алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1998 жылы көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша 
жекпе-жек  айқастан  әскери  әуә  –  десант  күштерінің  арасында  алтын  жүлдені 
жеңіп алдым. 
1998 жылы мамыр айында Москва қаласында, жекпе-жек айқастан бүкіл 
Ресейлік барлық әскери күштері арасында алтын жүлдеге ие болдым. 
1998  жылы  шілде  айында  Москва  қаласында    Бүкіл  Ресейлік  жарыста 
«орыс  жекпе-жегінен»  түйе  палуандықтан  (абсолют)  күміс  жүлдегер  атандым, 
осы  финалдық  шайқасты  осы  жылдың  желтоқсан  айында  Ресейдің  орталық 
телеарнасы (РТР) барлық ТМД елдеріне көрсетті. 
1998  жылы  қыркүйек  айында  Рязань    қаласында  самбо  күресі  бойынша 
облыстық жеңімпаз атандым. 
1998  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде 
жекпе-жек  айқаста  алтын  жүлдені  жеңіп  алып  Ресей    бойынша  үшінші  қабат 
«техникасы ең үздік спортшы» атағымен марапатталдым. 
1998  жылы  желтоқсан  айында  Рязань  қаласында  өткен  халықаралық 
жарыста  жекпе-жек  айқастың  жеңімпазы  болып,  алтын  жүлдені  жеңіп  алдым. 
Осы жарыста «ең шапшаң спортшы» атағымен марапатталдым. 
1999 жылы Маусым айында «ережесіз шайқаста» (бой без правил) Санкт-
Петербург қаласында өткен жарыста жеңімпаз атағына ие болдым. 
2001  жылы  Москва  қаласында  «ережесіз  шайқастардың»  тұрақты  түрде 
жеңімпазы атағын жеңіп алып отырдым. 
200
3 жылы Рязань қаласында өткен «ережесіз шайқастардың» турнирінде 
жеңімпаздардың – жеңімпазы атағын жеңіп алдым (абсолют). 
2003  жылы  Бүкіл  Ресейлік  Харламов  атындағы  соғыс  самбосынын 
жеңімпаз атандым. 

 
129 
2004 жылы Иванов қаласында өткен бүкіл Ресейлік спорттық айқастардың 
барлық түрлерінен: (кедергіден өту, пышақ лақтыру, мылтық ату, қояма-қолтық 
шайқас) – (универсальный бой) жеңімпаз атағын жеңіп алдым. 
2004  жылы  наурыз  айында  Москва  облысы,  Чехов  қаласында 
(Олимпиский  комплексте)  өткен  айқастардың  барлық  түрлерінен:  (кедергіден 
өту, пышақ лақтыру, мылтық ату, қояма-қолтық шайқас) – (универсальный бой)  
Европа чемпионатында күміс жүлдегер атандым. 
1995  жылдан    жекпе-жек  айқастан  Ресей  құрама  командасының 
мүшесімін. 
2005  жылы  18...20  наурыз  аралығында  Астана  қаласында,  Қазақстан 
Республикасының  соғыс  самбодан  (боевое  самбо)  өткен  ашық  чемпионатында 
жеңімпаз  атанып,  алтын  жүлдені  жеңіп  алдым  және  соғыс  самбосынан 
Қазақстан спорт шебері дәрежесіне ие болдым. 
2005  жылы  май  айында  Алматы  қаласында  Қазақстан  Республикасының 
ережесіз жекпе-жек шайқасынан алтын жүлдегер болдым.  
2006 жылы наурыз айында Семей қаласында Қазақстан Республикасының 
ережесіз жекпе-жек шайқасынан жеңімпаз атанып, алтын жүлдеге ие болдым. 
2006  жылы  2  қыркүйек  пен  5  қазан  айларының  аралығында 
Қырғызстандағы  Бішкек  қаласында  өткен  Азия  біріншілігінде  соғыс 
самбосынан  жеңімпаз  атанып,  алтын  медаль  мен  кубокты  жеңіп  алып,  соғыс 
самбосынан – халықаралық  дәрежедегі спорт шебері атағын алдым. 
2006  жылы  29  қазан  мен  3  қараша  айларының  аралығында  Ташкент 
қаласында  өткен  әлемдік  біріншілікте:  соғыс  самбосынан  3  орын  алып,  қола 
жүлдегер атаным.  
Жекпе-жек  айқастың  төрт  түрінен  халықаралық  дәрежедегі  спорт 
шеберімін  (панкратион,  соғыс  самбосы,  ережесіз  және  қояма-қолтық  шайқас), 
бокстан, соғыс самбосынан Ресей Федерациясының спорт шеберімін. 
Менің осы спортпен шұғылданғаныма биыл тура 20 жыл болды, спортқа 
10  жасымда  келдім.  Алғаш  спорт  табалдырығын  өзіміздің  ауылда  аттадым,  ал 
алғашқы  ұстазым  қазақша  күрес  пен  самбодан  спорт  шебері  Қазбеков  Дәулет 
ағай  болды,  мен  ол  ұстазыма  әруақытта  қарыздармын  деп  есептеймін.  Кейін 
Мәскеу  қаласында  өзім  күресе  жүріп  жаттықтырушылық  жұмыспен  де 
айналыстым.  Мен  тәрбиелеген  жігіттер  қазір  әлем  деңгейінен  көрінуде. 
Шәкіртім  Сергей  Харитонов  ережесіз  айқастан  әлемнің  үш  дүркін  жеңімпазы 
(чемпионы),  қазір  бокстан  олимпиадаға  дайындық  жасауда.  Сондай-ақ 
шәкірттерім  Жанат  Сыздықов,  Қуаныш  Қошаев  екеуі  де  Ресейде  Рязань 
қаласындағы  армия  генаралы  Мергалов  атындағы  әскери  –  әуе  десант 
академиясының  түлектері.  Жанат  Сыздықов,  Қуаныш  Қошаев  екеуі  да  жекпе-
жек, қояма-қолтық айқастан халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Михаил 
Миненков  Ресейдің  халық  қаһарманы  т.б.  жігіттер  менің  мектебімнен  және 
дайындығымнан өтті. Жанат Сыздықов қазір Елбасымыздың күзет бөлімінде, ал 
Қуаныш Қошаеев Республикамыздың бас барлау басқармасында қызмет істейді. 

 
130 
Осы  жаттықтырушылық  жұмыс  барысында  адам  физиологиясын  терең 
білу  қажет  болды,  сондықтан  осы  дене  шынықтыру  саласын  жаттықтырушы 
ретінде басқа қырынан зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен және 
соғыс  тәжірибеммен  аз  да  болса    бөлісейін  деп,  осыдан  екі  жыл  бұрын  Ресей 
қарулы  күштері  қатарынан  өз  еркіммен  босап  Қазақстаныма  қайтып  келдім. 
Егер осының біреулерге септігі тиіп жатса, халқыма аз да болса пайдам тиді деп 
білемін.  Мен  айтар  едім,  бір  елдің  жеңімпазы  болған    адамға    кезінде  құрмет 
көрсетілуі керек деп. Осы реттен алғанда елінің, халқының, ұлтының намысын 
қорғап,  туын  желбіретіп,  ән  ұранын  шырқатқан  спортшылар  барынша 
бағаланатын, айрықша ардақталатын адам болуы керек. Бірақ, ақиқат – басқаша. 
 
 
 
Хан алдына барғанда 
 
 
 
Хан тыңдады тілімді. 
 
 
 
Би алдына барғанда 
 
 
 
Би тыңдады тілімді. 
 
 
 
Өз ауылыма келгенде 
 
 
 
Итке берсін күнімді, – 
деген екен Досбол шешен. Соның кері... 
Бірінші жаттықтырушым Қазбеков Дәулет Қасенұлы, әлі күнге дейін өзім туған 
ауылда балаларды жаттықтырады. 
Ресейдегі жаттықтырушыларым: 
1.
 
Васильев  Генадий  Арсентьевич  –  Ресейдің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы, 
жекпе-жек 
айқастан 
спорт 
шебері, 
тайквандодан 3-ші дан. 
2.
 
Логовский  Павел  Мистиславич  –  Ресейдің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы, самбодан спорт шебері, қояма-қолтық айқасты 
бірінші  енгізуші,  полковник,    Ресей  әуе  десант  әскерінің  спорт 
жетекшісі,  жекпе-жек шайқас ассосациясының президенті. 
3.
 
Большаков  Николай  Иванович:  СССР-дің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы, еңбегі сіңген спорт шебері. 
4.
 
Игнатов  Герман  Викторович  –  жаттықтырушы,  бокстан  спорт 
шебері. 
Ресей  қарулы  күштерінің  бірнеше  ордендері  және  медальдарымен 
марапатталғанмын. 
Әсет  аға,  бірінші  сұрағыңызға  жауап  бердім,  енді  екінші  сұрағыңызға 
жауап берейін.  
Алғаш  спорт  табалдырығын  өзіміздің  ауылда  аттадым,  ал  алғашқы 
ұстазым қазақша күрес пен самбодан спорт шебері Қазбеков Дәулет ағай болды, 
мен  ол  ұстазыма  әруақытта  қарыздармын  деп  есептеймін.  Кейін  Мәскеу 
қаласында  өзім  күресе  жүріп  жаттықтырушылық  жұмыспен  де  айналыстым. 
Мен  тәрбиелеген  жігіттер  қазір  әлем  деңгейінен  көрінуде.  Шәкіртім  Сергей 
Харитонов  ережесіз  айқастан  әлемнің  үш  дүркін  жеңімпазы  (чемпионы),  қазір 
бокстан  олимпиадаға  дайындық  жасауда.  Сондай-ақ  шәкірттерім  Жанат 

 
131 
Сыздықов,  Қуаныш  Қошаев  екеуі  де  Ресейде  Рязань  қаласындағы  армия 
генаралы  Мергалов  атындағы  әскери-әуе  десант  академиясының  түлектері. 
Жекпе-жек,  қояма-қолтық  айқастан  халықаралық  жарыстардың  жеңімпаздары. 
Михаил  Миненков  Ресейдің  халық  қаһарманы  т.б.  жігіттер  менің  мектебімнен 
және  дайындығымнан  өтті.  Жанат  Сыздықов  қазір  Елбасымыздың  күзет 
бөлімінде,  ал  Қуаныш  Қошаев  Республикамыздың  Бас  Барлау  басқармасында 
қызмет істейді. 
 
Осы  жаттықтырушылық  жұмыс  барысында  адам  физиологиясын  терең 
білу  қажет  болды,  сондықтан  осы  денешынықтыру  саласын  жаттықтырушы 
ретінде басқа қырынан зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен аз да 
болса  сізбен  бөлісейін,  егер  осының  біреулерге  септігі  тиіп  жатса,  халқыма  
пайдам тиді деп білемін. Сіз тыңдаушы болыңыз, мен айтушы болайын. 
Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады. 
Б.Шоу 
 
Сұрақ: – Қимылдамасақ не болады? 
Жауап:  –  Қимылдамау  –  тат  басу,  ал  таттану  дегеніміз  күш  қуатыңның 
кемуі.  Басқаша  айтқанда,  қимыл  өмір,  қимылдамау  –  өлім.  Егер  біз  бұлшық 
еттерімізді  пайдаланбасақ,  онда  біз  осыдан  айырыламыз.  Бұлшық  еттерімізді 
күшті және жас қалпында сақтағымыз келсе, біз оларды үнемі пайдалануымыз 
керек. 
        
Сұрақ: – Тынымсыздықты қалай түсінесің? 
Жауап:  –  Тынымсыздық  өмірдің  және  көтеріңкі  көңіл  күйді  сақтаудың 
заңы. Әр мүшенің күші мен жетілуі, қалай пайдаланғаныңызға байланысты. Біз 
денемізді жаттықтырған кезімізде, оны күшті қылып жаңартып өмір сүргіштігін 
арттырамыз.  Біз  бұлшық  еттерімізді  пайдаланбай  ерінгенімізде,  құлдырап 
барып  өлеміз.  Күнделікті  жаттығу,  біздің  қан  айналысымызды  тездетеді,  ал 
еріншектердің  қаны  еркін  айнала  алмайды,  сондықтан  онда  денсаулықты 
сақтауға  қажетті өзгерістер жүре алмайды. Үзбей дене шынықтыру жасамаған 
адамның  өмір  сүргіштігі  әлсіз.  Керісінше  тынымсыз  қозғалыс,  теріміздегі  96 
миллион  тесіктер  арқылы  денеміздегі  тері  бездерінің  еркін  жұмыс  жасауын 
қамтамасыз етеді. Тері ағзамыздағы қалдықтарды ең көп шығаратын мүше. Егер 
теріңізге майлы бояу жағып қойса, адам өмір сүре алмайды. 
         
Дене  жаттығулары  термен  бірге  ағзадан  улы  заттарды  шығарады.  Тері 
табиғи  тазалағыш.  Егер  біз  күнделікті  жаттығудан  бас  тартсақ,  онда  терінің 
тесіктері  атқаратын  жұмыстар,  басқа  мүшелерге  ауыр  салмақ  болып  ауады. 
Шапшаң  жасалатын  дене  жаттығулары  қан  қысымы  мен  жүрек  соғысын  да 
реттейді,  антикогулянт  болады,  яғни  қан  тамырларын  тромбоз  деп  аталатын 
бекітілуден сақтайды, тромбоз жиі-жиі жүректің қысылуына ұрындырады. 
   
   
Әрбір  тірі  жан  иесі,  мейлі  адам  не  хайуан  өздерінің  бұлшық  еттерінің 
қимылы арқылы ағзасын қалдықтардан тазалайды. 
     
 
Егер де сіздің бұлшық еттеріңіз қимылсыз болса, нәтижесі келеңсіздікке 
алып келеді. Бұлшық еттер босап, күші мен серіппелілігінен айрылып қоқысқа 

 
132 
толу  қаупі  төнеді.  Сізде  шығарылуға  тиіс  қоқыс  шоғырлана  береді,  өзін  өзі 
улануға  ұшырайсыз.  Қимылдың  жоқтығы  –  аурулардың  ең  кең  тараған 
себептерінің бірі. 
   
  
Ашығу  мен  табиғи  мәзір  –  ұзақ  ғұмыр,  денсаулық  пен  жастық 
ымдастықтың  тамаша  одақтасы.  Денеге  қимылдап  салмақ  салу,  тамақты 
молырақ ішуге сеп болады, себебі осы тамақ жаттығу жасағанда ысырап еткен 
қуатыңыздың орнын толтырады. 
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі
Т.Карлейль 
 
 
Сұрақ: –  Саяуыш, өзің ашығасың ба? 
 
Жауап: – Иә, мен 30 тәуліктен жылына екі қабат ашығып отырамын. Бұл 
кезде  сұйық қара шәйға лимон ғана қосып ішемін, күніне үш қабат, 0,5 литрдан. 
Түс  кезінде    250  гр,  кешке  250  гр  күнделікті  айран  ішемін.    Сондай-ақ 
күнднлікті  200  гр  тауық  сорпасын  ішемін.  Осы  аралықта  15-17  кг  салмақ 
жоғалтамын,  және    жарысқа  тыңғылықты  дайындаламын.  Осы  ереже  мені 
жеңістен-жеңіске жетелейді, осылай 12 жыл бойы үздіксіз ашығудамын. Қазір 
осылай ашығуды өмірімнің басты мақсаты қылып алдым. Осы ашығудан кейін 
денеме өлшеусіз күш пен, қуат құйылады, 
      
  
Сұрақ: – Саяуыш, жаяу серуендеудің пайдасы бар ма? 
Жауап:  –  Әрине,  барлық  дене  жаттығулары  пайдалы,  бірақта  жаяу 
серуендеу  –  бәріне  ортақ.  Ол  сізді  жалықтырмау  керек.  Аяғыңызды  нық, 
аршындап  баспаңыз,  ең  дұрысы  еркін  бос  жүріңіз.  Кеудеңізді  шалқақ, 
басыңызды жоғары, еңкіштенбей табиғи қалыпта адымдаңыз. 
      
 
Өз  алдыңызға  жақсы  желаяқ  болмасам  да,  қажымайтын  жүрдек  болам 
деген  мақсат  қойыңыз,  жылдың  қай  мезгілі  болмасын,  күнделікті  жаяу 
серуендеуді  әдетке  айландырыңыз.  Егерде  сізді  қоршаған  орта  қызықтырмаса, 
өз  жан  дүниеңізге  қараңыз.  Сіз  серуендеген  уақытта  күнделікті  күйбеңнен 
азатсыз, егер қаласаңыз сіз ақынжандылық пен философияға жақынсыз. Әркім 
өзі  біледі,  бірақ  мен  үшін  жаяу  серуендеу  де  жақсы  жаттығу.  Бірақ  нәтижесі 
біреу  –  бұлшық  еттердің  жақсы  жұмысы,  қанның  жылдам  айналуы,  осыларға 
қосымша жарасымдылық пен бақытты екеніңді сезіну. 
Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі сергек әрі жайдарман көңіл күй.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Х.Бостерм 
Сұрақ: – Адамдардың аяғы неге ісіп кетеді? 
Жауап:  –  Жаттығумен  шұғылданбаған  адамдардың  аяқтарын  ісік  жиі 
басып  кетеді,  себебі  қан  айналымының  нашарлығынан  жасаушылар 
қалдықтарды  уақтылы  шығара  алмайды.  Жаттығудан  бас  тартқандарға  ақталу 
жоқ. Адам тәндік жетілген бе, жоқ па дене жаттығуы бәріне бірдей әдет болып 
қалыптасуы  керек.  Бұл  аурудың,  мезгілсіз  қартаюдың  алдын  алады  және 
ағзаның шыдамдылығы мен қарсыласуын арттырады. 
Сұрақ: – Дене жаттығуларының қандай пайдасы бар? 

 
133 
Жауап:  –  Дене  жаттығулары  байсалды  қалыпты  және  тұнық  ақылды 
сақтауға жәрдемдеседі. Таза ауадағы күнделікті 8 шақырымға серуендеу барлық 
келеңсіздіктерді басады. Жаттығу еркіңді шыңдап, көтеріңкі көңіл күй әкеледі. 
Ашығу  бағдарламасы  мен  дене  жаттығуларының  көмегімен  өзіңізді  керемет 
жақсы сезінетін боласыз. 
Әрине,  ең  жақсы  жаттығулар  бүкіл  дененің  бұлшық  еттерін  дамытатын. 
Арқаңыздың,  беліңіздің,  кеудеңіздің,  ішіңіздің  еттерін  мықты  да  серіппелі 
болатындай дамытыңыз. Осы арқылы өкпеңіздің, бауырыңыздың, жүрегіңіздің, 
асқазаныңыздың  және  бүйрегіңіздің  неғұрлым  жақсы  жұмыс  істеуіне 
көмектесесіз. 
      
Кеуде  сүйегіңізді  кеңейте,  өкпеңіздің  еркін  қозғалуына  мүмкіншілік 
жасайсыз.  Серіппелі  диафрагма  жүрек  насосының  жұмысын  тіптен 
жандандырады.  Іш  еттері  қатайғанда  асқазанның  жұмысы  жақсарады. 
Бұлтылдаған  бұлшық  еттер  уақыт  тезіне  төтеп  бере  алатын  қуат  жинап,  ішкі 
мүшелердің саулығын арттырады. 
      
 
Сұрақ: – Ағзадан улар қай уақытта көп шығады? 
Жауап: – Неғұрлым көп ашықсаңыз, соғұрлым улы заттар мол мөлшерде 
ағзадан шығарылады. Сіздің ағзаңыз тұрақты түрде тазаланған сайын, бұлшық 
еттеріңіз  қуат  жинай  береді,  ашығып  болғаннан  кейін  еріншектіктің  орнына 
тынымсыздыққа  деген  зор  құлшыныс  пайда  болады.  Егер  ашығу  барысында 
жаттығумен  шұғылданғыңыз  келмесе  шұғылданбай-ақ  қойыңыз.  Ашығу  сізге 
демалыс береді, қимылдағыңыз келмесе, онда дем алыңыз. Сіздің ағзаңыз бүкіл 
қуатын, өмірлік күшін ішкі тазалауға шығындап жатыр. 7-10 тәуліктік ашығуда 
серуендегіңіз келсе, серуендеңіз, бірақ өзіңізді қинап зорламаңыз. 
Өмір  үшін  тамақ  қандай  қажет  болса,  денсаулық  үшін  еңбек  те  соншалық 
керек,  ал  дырдумен  күн  кешу  түбінде  адамға  ауру  болып  жабысады...  Еңбек 
өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет