Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор


Основными  направлениями  деятельности



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата15.03.2017
өлшемі3,07 Mb.
#9733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Основными  направлениями  деятельности 
по повышению квалификации являются: 
 

повышение  квалификации  руководите-
лей  органов  управления  образования,  органи-
заций  образования  всех  уровней;  повышение 
квалификации  педагогических  кадров  до-
школьного,  среднего  образования  и  дополни-
тельного образования; 
 

повышение  квалификации  педагогиче-
ских  работников  организаций  технического  и 
профессионального образования; 
 

повышение квалификации преподавате-
лей высших учебных заведений.
Разработанный  в  рамках  перехода  на 
12-летнее  обучение  новый  ГОСО  определил 
приоритеты  по  кардинальному  обновлению 
школьного  образования.  Обновление  содер-
жания  образования  предполагает  пересмотр 
модели  среднего  образования,  его  структуры, 
содержания, подходов и методов обучения, вос-
питания, внедрение новой системы оценивания 
учебных достижений учащихся. 
На  сегодня  контент  образовательных  про-
грамм  повышения  квалификации  включает 
актуальные  вопросы  модернизации  казахстан-
ского образования. Таким образом, система по-
вышения  квалификации  становится  центром 

9
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2,  2016 г. 
инновационного развития педагога.
С  2013  года  в  АО  «НЦПК  «Өрлеу»  впервые 
создана  единая  электронная  база  данных  всех 
категорий  слушателей,  прошедших  курсовую 
подготовку. 
Одним 
из 
важных 
направлений 
деятельности  АО  «НЦПК  «Өрлеу»  по 
профессиональному 
развитию 
педагогов 
является  интеграция  аудиторных  занятий  с 
межкурсовым мероприятиями. 
Новая  модель  повышения  квалификации 
построена  на  изучении  и  внедрении 
международного  опыта.  В  целях  обмена 
опытом  и  проведения  совместной  научно-
исследовательской  и  учебно-методической 
деятельности филиалы интенсивно развивают 
сотрудничество  с  вузами,  творческими 
коллективами  и  инновационными  школами 
ближнего и дальнего зарубежья.
Впервые  в  истории  системы  повышения 
квалификации  302  работника  АО  «НЦПК 
«Өрлеу»  прошли  обучение  в  Великобритании, 
Франции, Австралии, Южной Корее, Сингапуре 
и других странах.
С  целью  отслеживания  обучения  и  обе-
спечения  обратной  связи  со  слушателями 
внедрена система мониторинга качества кур-
совой подготовки и оценки уровня развития 
профессиональных компетентностей слуша-
телей. 
В  ходе  мониторинговых  исследований 
проводится входная и выходная диагностика в 
форме анкетирования и тестирования.
Результаты  системной  входной  диагно-
стики констатируют, что в АО «НЦПК «Өрлеу» 
создана устойчивая система повышения квали-
фикации, удовлетворяющая образовательным 
потребностям 
педагогических  работников, 
способствующая их профессиональному росту.
Использованная литература
1.  Послание  народу  Казахстана  «Стратегия  «Казахстан-2050»:  Новый  политический  курс 
состоявшегося государства». http://edu.gov.kz/ru/documents
2.  Назарбаев Н.А. «Современное государство  для  всех:  Пять  институциональных  реформ»// 
Выступление Президента Республики Казахстан, Председателя партии «Нур Отан» Н.Назарбаева 
на  XVI  съезде  партии  «Современное  государство  для  всех:  Пять  институциональных  реформ» 
(г.Астана, 11 марта 2015 года).
3.  Концептуальные  основы  воспитания  в  условиях  реализации  общенациональной  идеи 
«Мәңгілік ел» от 22 апреля 2015 года № 227 http://edu.gov.kz/ru/documents
4.  Программа  воспитания  в  условиях  реализации  общенациональной  идеи  «Мәңгілік  ел». 
http://edu.gov.kz/ru/documents
5.  Жилбаев Ж.О. Стратегия развития духовно-нравственного воспитания личности в Респу-
блике Казахстан в условиях обновления содержания образования //Материалы республиканской 
научно-практической  конференции  «Стратегия  развития  духовно-нравственного  воспитания 
личности в Республике Казахстан» 29.11. 2013 г. http://nao.kz/blogs/view/2/621
6.  Жилбаев  Ж.О.  Модернизация  казахстанской  системы  образования:  проблемы  и  приори-
теты//Материалы  международной  конференции  «Совершенствование  системы  образования  в 
условиях социальной модернизации» .6.12. 2013 г. http://nao.kz/blogs/view/2/621
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ 
КУРСТАРЫ
Саинова Л.А.
Түйіндеме. 
Мақалада ел азаматын, табысты тұлғаны қалыптастыру үшін «Мәңгілік Ел» Ұлттық 
идеясының  тәрбиелік  мүмкіндіктері  қарастырылған.  Біліктілікті  арттырудың  жаңа  жүйесі, 
оның  жұмыс  түрлері,  бағыттары  мен  мазмұнының  түбегейлі  жаңаруы  сипатталған.  Біліктілікті 
арттырудың жаңа жүйесі педагогтің «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу және тәрбие саласындағы 
кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Түйінді  сөздер: 
Қазақстандық  ұлтжандылықпен  азаматтылықты  тәрбиелеу,  «Мәңгілік  Ел» 
Ұлттық құндылықтары, білім беру мазмұнын жаңарту, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі.
NATIONAL IDEA «MANGILIK EL» AND UPDATING OF 
COURSE TRAINING OF TEACHERS

10
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2,  2016 г. 
Sainova L.A.
Abstract. 
The  paper  discusses  the  educational  opportunities  of  the  national  idea  “Mangilik  El”  for 
becoming a successful citizen of the country. Author describes a new system of training, in which was 
radical updating of the content, directions and forms of work. The new system of training allows teachers 
to increase the level of professionalism in the field of education and implementation of values “Mangilik El”.
Keywords: 
Education of Kazakhstan patriotism and citizenship, national values “Mangilik El”, updating 
the content of education, the new redundant system teacher training
ӘОЖ: 37:372.8
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІКТЕРІН 
АРТТЫРУДАҒЫ РЕФЛЕКСИВТІК ОҚЫТУДЫҢ РӨЛІ
Таңатова Ә.Ж.
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ, Алматы
Түйіндеме. 
Мақалада  Қазақстан  Республикасының  педагогтарының  біліктіліктерін  арттыру 
жүйесіне деңгейлік курстардың мезгілімен енгізілуі және өзектілігі қарастырылады. Жалпы білім 
беретін мектеп мұғалімдерінің рефлексивтік санасын дамыту бойынша деңгейлік бағдарламалар 
орталығыңың  жаттықтырушылары  жүргізетін  маңыздылығына  назар  аударылады.  Рефлексия, 
педагогикалық рефлексия, мұғалімнің кәсіби рефлексиясы сияқты ұғымдар беріледі. 
Түйінді сөздер: 
деңгейлік бағдарлама, біліктілікті арттыру курстары, рефлексия, педагогикалық 
рефлексия, мұғалімнің кәсіби рефлексиясы. 
 
Соңғы  5  жыл  аралығында  ҚР  білім  беру 
саласының  педагогикалық  қызметкерлерінің 
біліктіліктерін  арттыру  жүйесін  үлгілендіру 
жағдайында  оқушыларға  білім  беру  және 
оқыту  тәжірибесіне  мұғалімдердің  жаңалық 
енгізулерінде  белсенді  жаңашыл  өзгерістерді 
байқауға  болады.  Бүгін  біз  мұны  ретсіз, 
бұрыннан  белгілі,  «бір  күндік»  құбылыс 
еместігін,  керісінше  ХХІ  ғасыр  оқушыларына 
білім берудің саналы және жүйелі түрдегі көптен 
күткен өзгірісінің бастамасы, деп сенімділікпен 
айта аламыз. Міне бес жыл бойы «Өрлеу» БАҰО» 
АҚ  филиалы  ББЖ  БАРИ  деңгейлік  курстарда 
оқитын мұғалімдердің біліктіліктерін мақсатты 
түрде арттырып келеді. 
Білім  беру  реформасын  ойдағыдай  жүзеге 
асыруда мұғалім басты орынға ие болды. Демек, 
білім  беру  жүйесі  жұмысының  нәтижелілігі 
мұғалімнің  өзінің  құзыреттілігіне,  оның 
шеберлігіне  және  оқушының  жеке-тұлғалық, 
интеллектуалдық  әлеуетін  ашу,  дамыту  және 
жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай тудыратын, 
оның  тұлғаға  бағдарланған  қасиеттеріне 
байланысты болады. 
Айта  кететін  жайт,  бірнеше  онжылдықтар 
бойы  мұғалімдердің  біліктіліктерін  жүйелі 
арттырудың  біртұтас  механизмінің  тиісті 
түрде  жетілмегендігі  мен  педагогтардың 
шеберлік  деңгейіне  қоғамның  күшейтілген 
талаптарының арасында қарама-қайшылықтар 
орын алған. 
Әрине,  білім  беру  реформаларының 
көптеген  жылдар  бойы  дамуы  барысында 
оқушылардың 
ойдағыдай 
дамуы 
үшін 
қолданылатын  педагогикалық  тәсілдемелер 
мен оқытудың алуан түрлі технологияларының 
мол  арсеналы  жинақталған.  Педагогтарға 
шығармашылық  іс-әрекетті  дамыту  үшін 
ауқымды  мүмкіндіктер  берілген.  Алайда, 
мұғалімдер  көбінесе  оқытудың  бейімделген 
технологияларын  интуитивті  іздестіру  және 
өз  ойларын  аяқасты  білдіру  күйінде  болған. 
Көптеген  дарынды  мұғалімдер  оқытудың 
жаңа  әдістерін  қолдана  отырып  эксперимент 
жүргізген кездерінде, өздерінің педагогикалық 
ұжымы және басшылықтары тарапынан қолдау 
көрмегендіктен,  «таланттың  сөну»  тәуекеліне 
ұшыраған. Сондықтан барлық жаңашыл идеялар 
мен жаңартпа технологиялар бұқаралық мектеп 
тәжірибесіне толық енгізілмеген. 
 
«Қабілетті оқушыны тек қабілетті педагог 
қана  оқыта  алады»  деген  ой  мұғалімнің  жеке 
рефлективтік іс-әрекетін дамыту арқылы оның 
кәсіби шеберлігін жетілдірудің маңыздылығын 

11
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2,  2016 г. 
растайды. 
Соңғы  он  жылда  рефлексивтік  икемдерді 
дамыту, 
педагогикалық 
рефлексияны 
қалыптастыру  мәселелері  бүкіл  әлемде 
педагогтарды  даярлау  және  қайта  даярлау 
бағдарламаларының  көпшілік  мақұлдаған 
мақсаттарының бірі болып табылады [1, 108 б.]. 
Сондықтан  қазіргі  жағдайларда  өзінің 
жеке кәсіби икемділігін дамытуға дайын, білім 
беру,  оқыту  үрдісінің  өзіне  және  оның  соңғы 
нәтижесі  үшін  жауапкершілікке  бағдарланған 
жаңа формациядағы педагог қажет. 
Қазіргі  қалыптасқан  жағдайда  біліктілікті 
арттырудың  көпдеңгейлік  бағдарламасының 
дер  кезінде  енгізілгендігін  айта  кеткен 
жөн.  Ұйымдастырылып  жүргізіліп  жатқан 
курстардың  орындылығы  және  уақытымен 
болғандығы соншалықты, тіпті қазір біліктілікті 
арттыру жүйесінің лайықты жаңаруы жайында 
нақты айтуға болады. 
Деңгейлік бағдарлама қазіргі кездегі білімді 
жүйеге  келтіру  бойынша,  оқыту  жүйесіндегі 
жаңа  жолдарға  білімдерді  жеткізу  үрдісі  мен 
оқытуды 
салыстырудың 
педагогикалық 
атавизмінен алыстауға мүмкіндік бере отырып, 
Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  ауқымды 
түрде қамтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыт білім 
берудің мағыналық бөлігіне ғана емес, сонымен 
қатар  мұғалімдердің  тұлғалық  дамуына  да 
сапалы өзгерістер енгізді. 
Осыған негізделе келе, деңгейлік бағдарлама 
мұғалімдердің 
психология-педагогикалық 
құзыреттіліктеріне ерекше міндеттер жүктейді, 
себебі  оқытудың  нәтижелеріне  ғана  емес,  со-
нымен қатар білім алушылардың рефлексивтік 
дамуының нәтижелеріне де алғашқы рет талап 
қойыла бастаған. Өйткені тек рефлективтік іс-
әрекет арқылы ғана деңгейлік бағдарламаның 
негізгі  идеяларының  теориялық  түсінігін 
оның  тәжірибедегі  қолданысымен  біріктіруге 
болады.  Осыған  байланысты  іс  жүзінде 
мұғалімдерді оқыту барысында ББЖ БАРИ ДБО 
тренерлік  құрамы  күн  сайын  мұғалімдердің 
бойында  кешендік  ұғыну,  ойлау  икемдерін, 
білім беру және оқыту үрдісінде оқушылар мен 
педагогтардың  әрекеттерін  зерттеу  және  тал-
дау дағдыларын жетілдіреді. 
Мұғалімдерді оқыту барысында үш ай бойы 
оқу  кезінде  тыңдаушылардың  педагогикалық 
рефлексия  жасау  дағдыларын  дамыта-
тын  зерттеу  ортасы  құралады.  Сабақтарда 
мұғалімдер,  шағын  топтарда  жұмыс  жасай 
отырып,  синхрондық  педагогикалық  іс-
әрекет  субъектілері  ретінде  болады.  Соның 
нәтижесінде  ұжымдық  зерттеу  ортасын-
да  тренерлік  құраммен,  оқыту  және  білім 
беру  үрдісіне  жайлылық  аймағынан  шығып 
әр  түрлі  позициядан  қарауға  мүмкіндік 
беретін,  мұғалімдердің  өзін-өзі  рефлексиялау 
дағдыларын дамыту механизмдері жетіледі. Бұл 
педагогтың  метатанымдық  рефлексивтік  іс-
әрекетін дамыту жолында оқытудағы дәстүрлі 
таптаурындарды  алмастырудың  негізі  болып 
табылады. 
Рефлексия  кең  ауқымды  практикалық 
мағынада 
адамның 
өзін-өзі 
талдау, 
қоршаған  әлеммен  өзінің  заттық-әлеуметтік 
қатынастарын  ұғыну  және  ол  жайында  қайта 
ойлану  қабілеті  ретінде  қарастырылады  және 
дамыған интеллектінің қажетті құрамды бөлігі 
болып табылады [2, 18 б.]. 
Арнайы  әдебиеттерде  рефлексия  адамның 
жеке  іс-әрекеттерін  түсінуге  бағытталған 
теориялық,  метакогнитивтік  іс-әрекеттің 
өзіндік формасы ретінде көрсетіледі [3, 48 б.].
Рефлексия  адамның  өз  іс-әрекеттерін 
өздігінен  реттеуінің  психологиялық  негізі 
ретіндегі  көрінісін,  адам  өз-өзіне  басқару 
объектісі (Мен-орындаушы) ретінде және өзінің 
әрекеттерін  жоспарлайтын,  ұйымдастыратын, 
талдайтын басқару субъектісі (Мен-бақылаушы) 
ретінде де бола алатындығынан байқатады [2, 
21 б.]. 
Өкінішке  орай,  деңгейлік  бағдарлама  бой-
ынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенге 
дейін көп мұғалімдерде рефлексивтік ойлаудан 
гөрі  реактивтік  ойлау  басым  болады.  Ол  дәл 
осы сәттегі іс-әрекетке қалаулы нәтиже беретін 
«дұрыс  жауап»  іздеуге  негізделген  [2,  22  б.]. 
Осылайша, неліктен бұл жауап немесе іс-әрекет 
«дұрыс» болғандығы жайында терең ойлануға 
мұғалімдер  көбінесе  өздеріне  жауапкершілік 
алмайды.  Бәлкім  бұл,  педагогтардың  бірнеше 
жылдық  тәжірибесінде  оларға  болжамдар 
құруға,  жеке  жаңалықтарын  ашуға  үнемі 
мүмкіндік  бере  қоймайтын  әрекеттердің 
нақты  механизмдерін  немесе  алгоритмдерін 
жетілдіріп алғандарымен байланысты болар. 
Реактивтік ойлауға қарағанда рефлексивтік 
ойлауда  дайын  «дұрыс»  шешім  болмайды,  ол 
болжамдарды тұжырымдап, шығармашылыққа 
жақындатып,  жаңалықтар  ашуға  итермелейді. 
Реактивтік ойлаудан ерекшелігі ол көп уақытты, 
шыдамдылықты және еңбекті талап етеді [2, 23 
б.].
Адам  басқа  бір  адамның  ойларын, 
әрекеттерін  түсінгісі  келген  кезінде,  тек  өзге 
адамдармен  өзара  іс-әрекеттестіктің  негізінде 

12
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2,  2016 г. 
ғана ол өзін сол адамның көзқарасымен бағалай 
бастайды,  сондай  жағдайда  ғана  ол  өз-өзіне 
рефлексивтік  тұрғыдан  қарауға  қабілетті 
болады  [4].  Сондықтан  мұғалімдерді  оқыту 
барысында  сабақтарда,  диалогтық  оқытуға 
негізделген, зерттеу позицияларын талап ететін 
жағдайларды  тудыруға  мүмкіндік  беретін, 
жұмыстың топтық түрлері қолданылады. 
Адамда  рефлексия  терең  дамыған  сайын, 
оның  өз  өмірінің  субъектісі  болуға  қабілеті 
артады  және  ол  саналы  түрде  қойылған 
мақсаттарына бағдарлана отырып, өзінің және 
өзгелердің  алдында  үлкен  жауапкершілік 
сезінеді,  деген  А.А.Бизяеваның  пікірімен 
біз  келісеміз.  Бұл  айтылған  сөз  әсіресе 
педагогикалық  рефлексия  үшін  өзекті  болып 
табылады.  Осыған  байланысты  рефлексияның 
даму  деңгейі  өз  ісінің  шеберлік  деңгейінің 
көрінісі ретінде жүреді.
Мұғалімнің кәсіби рефлексиясы дегеніміз ол 
оның  оқушы  «ішкі  әлемінің  көрінісін»  көрсете 
алу қабілеті [5, 60 б.]. Мұғалімнің кәсіби рефлек-
сиясы  өзара  әрекеттестіктің  «оқушы-мұғалім-
оқушы» үш тағанында оқыту және білім берудің 
тиісті  жағдайларында  мәселелер  мен  перспек-
тиваларды  жете  түсінудің,  зерттеудің  жүйелі 
тәсілдемелерін құруға мүмкіндік береді. 
Рефлексивтік  мұғалім  –  ол  өз  тәжірибесі 
жайында  ойланатын,  оны  талдауға  салатын, 
зерттейтін  кәсіпқой.  Д.  Дьюи  айтқандай,  бұл 
өзін-өзі  дамытуға  және  өзін-өзі  жетілдіруге 
деген  жалықпас  қажеттілікті  сезінетін  «өз 
ісінің  мәңгілік  оқушысы»  [6].  Мұғалімнің 
рефлексивтік  іс-әрекеті  кәсіби  педагогикалық 
іс-әрекетте басты орынға ие. 
Сондықтан  тұжырымдамалық  түсініктер 
қалыптасатын 
кәсіби 
пәндік 
білімдер 
рефлексивтік  пысықтаусыз  қимылсыз  болып 
және санада «шашыраңқы» күйде орын алады. 
Бұл оларға әрекетке бастайтын тікелей жетекші 
болуға мүмкіндік бермейді [2, 65 б.]. 
Мұғалімдерде  кәсіби  іс-әрекеттің  өзіндік 
рефлексиясын  қалыптастыру  үшін  деңгейлік 
курстарда тренерлер танымдық іс-әрекет шегін 
кеңейте келе, сыни ойлау дағдыларын дамыта-
ды. 
Мұғалімдерді 
рефлексивтік 
талдауға 
тарту  кездейсоқ  және  стихиялы  түрде  бол-
майды,  ол  педагогтардың  аффективтік, 
әлеуметтік,  мотивациялық  және  когнитивтік 
қырларын  дамытуға  негізделген  сауатты 
түрде  ұйымдастырылған  оқытудың  нәтижесі 
болып  табылады.  Осы  мақсатпен  тренерлер 
сабақ  барысында  мұғалімдерді  мета-рефлек-
сия  деңгейіне  шығаруға  мүмкіндік  беретін 
интерактивтік тапсырмалар қолданады. Соның 
арқасында  әрбір  педагог  өзара  әрекеттестік 
кезінде  өзінің  рефлексивтік  ойлау  қабілетінің 
талдаушысы,  сарапшысы,  бақылаушысы  бола 
алады. 
Осылайша,  рефлексия  үрдісі  әрбір  адамға 
субъектінің,  зерттеушінің  позициясын  иелену-
ге  мүмкіндік  береді.  Мұғалімдердің  бойында 
өзіндік  сананы,  өзіндік  рефлексияны  дамыту 
үшін  тренерлік  құрам  мүшелерінің  өздеріне, 
ең  алдымен,  рефлексивтік  талдау  мәдениетін 
жетілдіру  қажет.  Осы  мақсатпен  әр  тренерге 
ұйымдастырылып өткізілген әрбір курс бойын-
ша оқытудың екінші (негізгі) деңгейіне байла-
нысты өзінің оқытушылық жеке педагогикалық 
тәжірибесі жөнінде жазбаша рефлексивтік есеп 
беру жұмысы жүктелген. Бұл бізге, тренерлер-
ге өзіміздің жеке кәсіби іс-әрекетімізге өзіндік 
талдау жасау мүмкіндіктерімізді тереңдетеді. 
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, деңгейлік 
курстарда  тренерлердің  де,  мұғалімдердің 
де  рефлексия  дағдыларын  дамыту  жетілудің 
синхрондық сипатына ие. 
Ескеретін 
жайт, 
біліктілікті 
арт-
тыру 
жүйесінің 
жаңаруына, 
деңгейлік 
бағдарламалардың  пайда  болуына  байла-
нысты 
республикамызда 
педагогикалық 
қызметкерлердің жаппай және өмірлік қажетті 
рефлексивтік  саналарын  дамытудың  пайда 
болуының  үдемелі  бастамасы  құрылған.  Бұл 
оқыту  үрдісі  жайында  мұғалімдердің  дәстүрлі 
пікірлерін қозғауға және оқушыларға білім бе-
руде  қалыптасқан  таптаурындарды  өзгертуге 
мүмкіндік берді. 
  Деңгейлік  курстардың  арқасында  әрбір 
қазақстандық мұғалімге қазір әлемдік деңгейде 
оқыту  және  білім  берудің  жаңа  интерактивтік 
әдістемелері  мен  технологиялары  қолжетімді 
болды. Осы жылдар бойы ББЖ БАРИ деңгейлік 
бағдарламалар Орталығының тренерлері екінші 
(негізгі)  деңгей  бойынша  5293  мұғалімнің 
біліктіліктерін арттырды. 
  Айта  кету  қажет,  деңгейлік  курстардың 
арқасында 
тренерлермен 
педагогикалық 
қауымдастықты  ғана  емес,  сонымен  қатар 
жалпы  қоғамды  мазалайтын  мәселелер  ашық 
көтеріліп,  жете  баяндалады.  Оқу  барысында 
білім  берудің  сапасын  арттыру,  мұғалімнің 
кәсіби  шеберлігін  дамыту  бойынша  мәселелер 
қарастырылып 
талданады, 
инклюзивтік 
білім  беруді  енгізу,  оқушылардың  бойындағы 
дарындылықты  дамыту,  қалай  оқу  керек 
екендігіне үйрету жолдары зерттеледі. 

13
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2,  2016 г. 
  Д.  Познер  бойынша,  кәсіби  шеберлікті 
дамытудың  кілті  келесідей  формулада: 
«тәжірибе + рефлексия = даму» [7, 19 б.]. Демек, 
Бағдарламаның  теориялық  идеяларының 
рефлексивтік интеграциясы және оның негізгі 
идеяларының  тәжірибеде  қолданылуы  ғана 
оқытуды дамудың айтарлықтай жаңа деңгейіне 
жеткізуге мүмкіндік береді. 
 Бүгін әрбір сертификатталған мұғалім өзінің 
оқыту  және  білім  беру  ісіндегі  қалыптасқан 
жүйесін,  оқушылардың  тұлғалық  қалыптасуы 
және  кәсіби  дамуына  байланысты  қайта  ой-
ластырып,  санаға  салатындығы  қуантады. 
Сондықтан  «қалай  оқу  керектігіне  үйретуді» 
білім  берудің  қазіргі  өзегі,  деп  анық  айтуға 
болады.  Қазір  сертификатталған  мұғалімдер 
оқыту және білім беру тәжірибесіне өзгерістер 
енгізудің  маңыздылығын  бұрынғыдан  ерек-
ше  анық  сезініп  түсінеді  және  олар  өзін-өзі 
жетілдіруге, өздерінің соңынан педагогикалық 
ұжымды  алып  жүруге  дайын,  рефлексивтік 
көшбасшы-мұғалім 
ретіндегі 
өздерінің 
зерттеушілік позицияларын нақты құра алады. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Аверина М.Н. Формирование и развитие рефлексивных умений в процессе повышения 
квалификации учителей // Ярославский педагогический вестник. – 2010. – № 1. – С. 108-111.
2.  Бизяева А.А. Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия. – Псков: ПГПИ 
им. С.М.Кирова, 2004. – 216 с.
3.  Барышева Т.Д. Рефлексивный подход к развитию профессионального сознания и 
самосознания будущих педагогов-психологов в условиях модернизации высшей школы // Вектор 
науки ТГУ. – 2011. – № 3(6). – С.47-50.
4.  Кулюткин Ю.Н., Сухобская Г.С. Личность: внутренний мир и самореализация. Идеи, 
концепции, взгляды. – С П.: Изд-во «Тускарора», 1996. – 175 с.
5.  Кулюткин Ю.Н., Сухобская Г.С. Мышление учителя: Личностные механизмы и понятийный 
аппарат. – М.: Педагогика, 1990. – 104 с.
6.  Дьюи Д. Психология и педагогика мышления. / Пер. с англ. Н.М. Никольской. – М.: 
Совершенство, 1997. – 208 с.
7.  Posner D. Field Experience: A Guide to Reflective Practice. – NY., 1985. – P. 19. 
РОЛЬ РЕФЛЕКСИВНОГО ОБУЧЕНИЯ В ПОВЫШЕНИИ КВАЛИФИКАЦИИ 
ПЕДАГОГОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
Танатова А.Д.
Аннотация. 
В статье рассматривается актуальность и своевременность внедрения уровневых 
курсов  в  систему  повышения  квалификации  педагогов  Республики  Казахстан.  Обращается 
внимание  на  значимость  проводимой  работы  тренерами  Центра  уровневых  программ  по 
развитию рефлексивного сознания учителей общеобразовательных школ. Представлены понятия 
«рефлексия», «педагогическая рефлексия», «профессиональная рефлексия учителя». 
Ключевые  слова: 
уровневая  программа,  курсы  повышения  квалификации,  рефлексия, 
педагогическая рефлексия, профессиональная рефлексия учителя.
THE ROLE OF LEVEL COURCES IN THE DEVELOPMENT OF REFLECIVE TEACHER’S CONSCIOUSNESS OF 
REPUCLIC OF KAZAKHSTAN 
Tanatova A.D.
Abstract.
 
In this article discusses the relevance and timeliness of the implementation of level 
courses  to  the  system  of  professional  teacher’s  development  of  the  Republic  of  Kazakhstan. 
Attention is drawn to the importance of the work carried out by the trainers of the Center of level 
programs for the development of reflective consciousness of secondary school teachers. There 
has been presented the concepts as “reflection”, “pedagogical reflection”, “professional reflection 
of the teacher.”
Keywords: level 
program, training development courses, reflection, pedagogical reflection, reflection 
professional of the teacher.

14
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2,  2016 г. 
УДК 37:001.12/.18

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет