План
Цели и задачи программы:
- Выявление и анализ проблемы в структуре личности подростков,
препятствующих их социальной адаптации в новых жизненных
условиях. - Дать подросткам представление о влиянии психического
состояния и особенностей психики человека на его жизнь, отношения
85
с
другими
людьми
и
возможностях
психологической
консультативной помощи в трудных жизненных ситуациях.
- Оказание психологической помощи в решении индивидуальных
конфликтах и конфликтных ситуациях, преодоление вредных
внутренних установок, поиск и активизация внутренних резервов с
целью полноценной социализации, самореализации и личностного
роста, помощь в приобретение знаний и профессии.
№
п/п
Программа действия и вид
работы
Сроки
Ответственные
1.
Разработка программы
"Социальной адаптации детей
сирот – студентов ТМК"
в течение года
Зам.дир. по ВР
психолог,
2.
Сбор информации об
учащихся для выявления детей
сирот
Сентябрь
Кураторы,
психолог
3.
Проведение рейда по месту
жительства:
2 раза в год
Психолог,
куратор.
4.
Индивидуальные
консультации студентов,
педагогов.
по мере обращения
в течение года
Психолог
5.
Диагностика детей сирот:
- Девиация
- Межличностные отношения
- Тест коммуникативных и
организаторских способностей
для подростков. (Для
привлечения подростков к
общественной работе
колледжа)
- Люшер
в течение года
по мере обращения
по запросу
педагогов
по результатам
анкетирования
Психолог
6.
Коррекционная работа:
- АРТ терапия
- Беседы
- Наблюдения
Комплекс упражнении и игр
в течение года
Психолог,
86
для
снятия эмоционального
напряжения, тревожности,
агрессии.
Рекомендаций и пути решения данной проблемы:
В нашей стране уже начата подготовка социальных работников
с медицинским профилем, бакалавры со специализацией ―социально
медицинские услуги населению‖. Бакалавры социальной медицины
будут оказывать социально медицинскую помощь, то есть являются
организаторами,
консультантами,
менеджерами,
социально
медицинской защиты сирот, инвалидов, многодетных семей тех, кто
попал в кризисную ситуацию. В системе образовательных
учреждений
в
штатное
расписание
нужно
ввести
должность ”социальный педагог” который будет оказывать социально
психологическое консультирование, психологическую диагностику,
обследование личности, будет проводить психологические тренинги,
обучать санитарно-гигиеническим навыкам, организация досуга и
анимационных услуг, экскурсии, посещения театра, выставок.
Практика развитых стран показывает, что предварительная
забота о несовершеннолетних сиротах дает более эффективные
результаты, чем борьба с последствиями не достаточного воспитания.
Дополнительными мерами по обеспечению комплексного подхода к
адаптации детей сирот к новым социальным условиям являются:
1.Создание патронажных малых групп внутри учебного
коллектива .
2.Индивидуальная работа психолога-консультанта.
3. Проведение акций милосердия среди молодежи.
4. Функционирование телефона доверия или горячей линии по
проблемным вопросам.
Все выше изложенные права и обязанности детей имеют
равноправный характер, независимо от происхождения, расовой и
национальной принадлежности, социального и имущественного
положения пола, языка, образования, отношения к религии, места
жительства, состояния здоровья и иных обстоятельств, касающихся
детей и его родителей.
В своем послании народу Казахстана 2010 года Президент
страны сказал, что мы вместе смогли сделать Казахстан
87
преуспевающим и вместе мы сможем сделать его процветающим,
поэтому государство возлагает большие надежды именно на
подрастающее поколение, которое будет способствовать этому.
Список использованных источников:
1.
Григорьева Т. Г., Линская Л. В., Усольцева Т. П. Основы
конструктивного общения. Методическое пособие для
преподавателей. Новосибирск; М., 1997.
2.
Владимирова Н. В., Спаньярд Х. Шаг за шагом.
Индивидуальное консультирование выпускников детских домов и
школ-интернатов. Москва; Г., 2007.
3. Фурманов И. А., Аладьин А. А., Фурманова Н. В.
Психологические особенности детей лишѐнных родительского
попечительства. Минск; М., 1998.
МҤМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҤЙДЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӚРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Каирбекова Гульжан Ерланкызы
kairbekova.gulzhan@yandex.ru
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Әлеуметтік жұмыс»
мамандығының 1 курс магистранты
Ғылым жетекшісі доктор PhD Есімова Динара Габиболлаевна
2005 жылы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы қабылданған заңға сәйкес
мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет кӛрсетіле
бастады. 2008 жылғы 29 желтоқсанда «Арнаулы әлеуметтік
қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды,
2009 жылы 11 сәуірде «Халықты әлеуметтік қорғау саласында
арнаулы әлеуметтік қызметтерді кӛрсету стандарттары» бекітілді.
Заң
тұрғысынан
үйде
қызмет
кӛрсету
жан-жақты
қарастырылғаныменен, осы саланың мәселелегі азаймақ емес. Қызмет
кӛрсетуде кӛптеген қиындықтар туып жатыр, атап айтқанда: кадр
жетіспеушілігі; жалықының тӛмен деңгейі; ата-аналардың қызмет
кӛрсету сапасы, саны, формасы мен уақытына қанағаттанбауы;
әлеуметтік жұмыскерлердің практикалық білімінің кемшіліктері;
88
әлеуметтік жұмыскерлерге жүктелген қызмет салаларының барлығын
бір адам үшін толық игеруге мүмкін еместігі; мүмкіндіктері шектеулі
балаларға үйде әлеуметтік қызмет кӛрсету тақырыбындағы нақты
әдебиеттер мен методикалық басшылық, ӛзге де шығармалардың
жоқтығы, қызмет кӛрсету орталықтарында балалардың диагноздары
бойынша әлеуметтік жұмыскерге қызмет кӛрсету бойынша кеңес
беретін невропатолог және трепевт дәрігерлерінің жұмыс
орындарының қарастырылмауы, т.б. Жоғарыда аталған кӛптеген
мәселелердің бірінің болса да, жауабы табылса, мүмкіндіктері
шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет кӛрсету сапасы біршама
жоғарыламақ.
Әлеуметтік жұмыскер бойынша мамандардың жалақысы
кӛтеріліп,
қосымша
әлеуметтік
сақтандыру
қоржындары
қарастырылса, осы салаға мектеп түлектерінің назары ауып, болашақ
мамандардың саны кӛбейеді. ЖОО және ӛзге де әлеуметтік
жұмыскерлерді оқытып, дайындайтын білім беру мекемелері мен
қайта оқыту курстарында тәжіриебелік оқыту әлі күнге дейін терең
қарастырылмаған. Мысалы: «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының
студенттері жыл сайын ӛтетін екі-бес апталық оқу-таныстыру
тәжіриебе мен 10 апта созылатын ӛңдірістік тәжіриебе ӛту кезінде
студент болашақ жұмыста қолданатын дағдылардың барлығын игере
алмайды, және оқу бағдарламасы біткеннен кейін жұмыс бағытын
таңдау үшін қажетті ақпаратқа ие болма алмайды. Егер де оқу
барысында студенттер теорияны нақты тәжіриебемен ұштастырып,
сабақтарын апта сайын мамандануы бойынша әр-түрлі мекемелерде
ӛткізсе, олардың білім сапасы еселеп артады.
Нақты қызмет кӛрсету саласын: церебралды сал ауруына
шалдыққан балаларға үйде әлеуметтік қызмет кӛрсетуді қарастырсақ,
қызмет кӛрсету бӛлімшесіне келген жаңа маман, қызмет кӛрсету
туралы ақпаратты тәжіриебелі мамандардан алады. Демек, жұмыс
орынына келгеннен кейін бар білімі жеткіліксіз кӛрініп, маман қайта
үйренуге
мәжбүр
болады.
Қайтадан
оқытуға
тәжіриебелі
жұмыскерлердің, жас маманның жеке уақыты, күші кетеді.
Бүкіл әлемде мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік
қызмет кӛрсету әрбір қызмет сияқты нарықтық механизм
элементтеріне ие. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік
қызмет кӛрсету ерекшеліктерін (қызмет ұсынушы мен тұтынушы
89
тараптарынан)
анықтау
арқылы
екі
тарап
арасындағы
түсініспеушіліктер шешіледі, қызмет кӛрсетудегі кемшіліктер мен
артықшылықтар
анықталады,
тұтынушылардың
күтілімдері
анықталады, қызмет кӛрсетушілердің профессионалдық дағдылары
мен білімдері анықталады, қызмет кӛрсету сапасы анықталып, қызмет
кӛрсету сапасын жоғарлату жолдары ұсынылады.
Аталған ерекшеліктерді анықтай отырып, мүмкіндіктері
шектеулі балаларға үйде кӛрсетілетін әлеуметтік қызметтердің
нәтижелілігін жоспарауға болады.
Жас маманның жұмыс орынына барған кезде профессионалдық
дайындығы жоғары болу үшін, әлеуметтік жұмыскерлерге арналған
әлеуметтік қызмет кӛрсетудің методологиялық іс-құралы болуы
қажет.
Жоғарыда аталған церебралдық сал ауруына шалдыққан
балаларға үйде әлеуметтік қызмет кӛрсету бойынша методологиялық
жетекшілік кӛмегімен:
қызмет сапасы артады
маманды тәжіриебелік оқытуға кететін уақыт үнемделеді
әрбір балаға денсаулығының жағдайына қарай жоғары
дәрежелі кӛмек кӛрсетіледі.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет
кӛрсетуді әрбір клиенттің денсаулық жағдайына қарай түрлендіру
мақсатында Ұлыбритания тәжіриебесін қолдану тиімділігі жоғары.
1.
Фостерлық күтім;
2.
Күтіммен бӛлісу (рус. разделение заботы);
3.
Күндізгі және тәулік бойындағы күтім;
4.
Сыртқы қолдау;
5.
Бала күтушісінің қызметтері;
6.
Достық қолдау қызметтері.
Әрбір қызмет кӛрсету саласына тоқталып ӛтсек, бірінші
фостерлық күтім болып тұр. Ол мүгедек баланың отбасындағы
психологиялық жағдайды реттеу амалы. Мүгедек баланың ата-
аналары мен аға-сіңілдері бала күтімімен күндіз түні, жылдар бойы
айналысады. Олар үшім бала күтімі демалыссыз еңбек етуге айналды.
Осының салдарынан отбасында кикілжіндер туындап, кӛптеген
отбасы айырылысуға дейін барады. Отбасылық дағдарыстың алдын
алу мақсатында, қиын жағдайда тұрған отбасыларға Ұлыбританияда
90
2 аптадан бір айға дейінгі уақыт демалыс қарастырылған. Осы
профилактикалық іс-шараны Қазақстанға да енгізу үшін барлық
жағдай бар. Уақытша болу станционарларға балаларды аз уақытқа
орналастырып, отбасыға демалыс беру арқылы баланың толық
отбасыда тәрбеленуін қамтамасыз етуге болады.
Келесі, күтіммен бӛлісу – мүмкіндіктері шектеулі баланың
отбасына кӛрсетілетін кӛмек түрі. Мысалы баланың ата-анасы
қонаққа барғанда, немесе үй жинағанда баланы бірнеше сағат
кӛлемінде қарау қызметі. Осы қазмет кӛрсету түрі жеке
кәсіпкерліктер мен коммерциялық емес ұйымдарға қызығушылығын
тудыруы мүмкін, және икемді жұмыс кестесі арқылы зейнеткерлер
мен уақытша жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Осы қызмет түрі мемлекет тарапынан қаржыландырылып,
мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалуы қажет.
Бала күтушісі қызметі жұмыспен айналысатын, ақылы бала
күтушілерінің қызметтері қолжетімсіз болған кезде немесе баланың
денсаулық жағдайына байланысты арнайы мамандандырылған күтім
қажет болған жағдайында қолданылуы тиіс.
Күндізгі немесе тәулік бойындағы күтім қазіргі уақытта күндізгі
стационар немесе стационар мекемелерінде жүзеге асырылады.
Ерекше назарды қажет ететін еріктілердің қызмет кӛрсетуі
болып табылады. Осы қызмет заңды тіркелген жағдайда, Еріктілер
каталогын құру арқылы кӛрсетілетін қызметтерді бірреттік емес,
жүйелі түрде ӛткізілуі қамтамасыз етулуі, әр түрлі балалардың мінезі
мен жеке қызығушылықтарына байланысты жастар арасында сәйкес
қызығушылықтары бар достар табу және тұрғылықты ауданы
бойынша қызмет кӛрсету ыңғайлылығы үшін достарды таңдау
мүмкін болар еді.
Жастардың адамгершілік істерге қатысуы олардың мәдениетті,
кішіпейіл, айналасындағы адамдардың қызығушылықтарын ескеретін
қоғамның пайда болуына да әсер етеді.
Қызмет кӛрсетудің осы түрінің артықшылықтары кӛп
болғанымен, ауылдық аймақтарда тұратын мүгедек балаларға
қолжетімсіз болып тұр. Ауылдық аудандарда жылдамдығы жоғары
интернет желісінің пайда болуымен, видеобайланыс, электронды
пошта арқылы хат аламасу мүмкін болады. Кейбір телефон
91
қосымшалары арқылы да дыбыс, видео, фото байланыс орнату
мүмкіндіктері бар.
Осы қызмет үлкен шығындарды талап етпейді. Түгел жүйені
әрбір қалада бір маманның бақылауы жеткілікті.
Қызмет түрлерін түрлендіру арқылы қазметтердің сапасы
жоғарылап, балаларды қоғамға кірістірудің жаңа жолдары ашылады.
Украинада мүмкiндiктерi шектеулi балаларға әлеуметтiк кӛмек
кӛрсеткенi үшiн ата-анасының бiрiне немесе баланы қарап отырған
тұлғаларға ай сайынғы жәрдемақы тӛленiп отырады. Негiзгi шарт
олар оқымауы, жұмыс iстемеуi, және әскери қызмет атқармауы керек,
баланың 3 жасқа толғанына дейiнгi бала күтiмiне байланысты
демалыста болмауы керек. Жалғызбасты аналар мен әкелерге жұмыс
немесе оқу орнына қарамастан мүгедек баланың күтiмiне байланысты
жәрдемақы тағайындалады.
Қазақстанда 18 жастан асқан 1 топтағы балалық шақтан
мүгедектің күтімімен айналысатын ата-аналарының бірін әлеуметтік
жұмыскер статусына иелендіріп, оған сәйкес минималды жалақы
деңгейін тӛлеуді Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары
Д. Назарбаева, И. Аронова, О.Киколенко, Г. Исканова 2014 жылдың
15 қаңтарында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.
Мәсімовке ұсынған. Бірақта, ата-аналардың жалақы мен қазіргі
уақытта балаларға әлеуметтік қызмет кӛрсетуге жұмсалатын
шығындарды салыстыра отырып, қарастырылған ұсыныс тиімсіз деп
табылды.
АҚШ пен Ұлыбританияда балалардың 100% туылғаннан кейiн
мiндеттi түрде генетикалық аурулардың мүмкiндiгiне тексерiледi.
Осыған орай баланы уақытылы емдеу мен бала дамуының артта
қалуынан құтылу мүмкiн болады, және балалық мүгедектiк деңгейi
тӛмендейдi.
Чехияда ерте бейімделу бойынша қызметтер бала дамуын
қаматамасыз ету мен отбасының қолдауына негізделген. Осындай
қызметтер басым түрде үйде кӛрсетіледі – мамандар клиенттердің
үйлеріне айына 1-3 рет барып, ата-аналармен бірігіп, мәселелерді
шешудің қолайлы жолдарын іздейді, сонымен қатар баланың
сақталған қасиеттерін максималды түрде қолдануға тырысады.
Мамандар ата-аналарға түрткі болушы орта құрастыруға, баланың
ӛзге қасиеттерін дамытуға үйретеді, материалдық кӛмек туралы
92
ақпараттандырады және әлеуметтік дотация сұрақтары бойынша
кеңес береді. Сонымен қатар, ата-аналар ойыншықтарды, әдебиеттер
немесе оқу құралдарын жалға ала алады. Ерте интервенциялау
орталықтары ата-аналарға кездесуге кӛмектеседі, тәжірибе алмасу,
ата-аналардың кезесуін, семинарлар, апталық курстар, қолдау
топтарын ұйымдастырады.
Чехия тәжіриебесінен Қазақстан үшін бейімдеуге болатын
шарттар: мүгедек балаға қажетті құралдар, ойыншықтар мен
әдебеттерді жалға беру, ата-аналар арасындағы тәжіриебе бӛлісу мен
ата-аналарды арнайы тренингтерден ӛткізуді заңдастыру болып
табылады. Ӛзге шарттар Қазақстанда қолданылып отыр: отбасыға
ерте интервенциялау мен отбасын қолдауға бағыттылық -
мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызметтер бала 1,5
жасқа толысымен жүзеге асырылады, отбасыға кеңес беру, отбасы
мәселелерін шешу (тұрғын үймен, кӛлікпен, қажетті құралдармен
қамту) приоритетті орын алып отыр.
Барлық аталған іс-шаралар мүмкіндіктері шектеулі балаларға
үйде әлеуметтік қызмет кӛрсету сапасын кӛтеруге бағытталған.
Қолданылған дереккӛздер тізімі:
1.
Хакимжанова Гульнур, к.м.н., Президент ОО АСРИВ,
Гульнур Хакимжанова о возможностях применения опыта
Великобритании по разделению заботы о детях инвалидах в
Казахстане, 24.08.2010 год, АМАНСАУЛЫҚ Общественный фонд
2.
Информационный бюллетень европейского отдела ICEVI,
Выпуск 34, том 13 номер 2, июнь 2007
3.
Н. Никулина, Приѐмные (фостерные) семьи: американский
опыт.
www.fosterparenting.com
. Опубликовано: 2007-08-28
4.
Закон Украины «О государственной социальной помощи
инвалидам с детства и детям-инвалидам»
5.
Ответ на депутатский запрос Премьер-Министра РК от 17
февраля 2014 года № 20-11/230
93
ЖҤРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙЫҚ
(Қазақстан Республикасы Тҧңғыш Президенті Музейінің
ерекше балалармен жҧмыс жҥргізу тәжірибесінен)
Қайыпова Б.М.,
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі,
Астана қ., Қазақстан
Оспанова Ә.Ә.,
Қазақстан Республикасы, Тұңғыш Президентінің Музейі,
Музей педагогикасы орталығы, Астана қ., Қазақстан
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар санының
кӛбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының
осы мәселеге кӛңіл бӛлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіндігі
шектеулі балаларға деген қоғамның кӛзқарасы ӛзгеріп, оларды
қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Мұндағы басты
мақсат – дамуында ауытқушылығы бар балалардың жан айқайын
қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бӛгеттердің
себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын
дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.
Бұл туралы Елбасымыз Н. Назарбаев ӛзінің «Қазақстан жолы –
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға кӛбірек кӛңіл бӛлу керек.
Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Біз оларды
белсенді ӛмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды,
сонымен бірге, ӛздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде
сезінетін болады»,-деп атап ӛтті.
Ендеше, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық пен қолдау
жасауда арнайы білім беретін мекемелермен қатар әлеуметтік
институттардың да атқарар рӛлі жоғары. Бұл ретте Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жүзеге асырылып
отырған шаралардың маңызы зор. Музей ӛзінің оқу-ағартушылық
қызметінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау мен олардың
шығармашылық дамуына ерекше кӛңіл бӛліп келеді. Мүмкіндіктері
шектеулі балалармен кӛп жылдық жұмыс тәжірибесі Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев
Қорының «Жан жылуын сыйлайық» әлеуметтік жобалар байқауында
94
таныстырылып,
нәтижесінде
жоба
авторлары
«Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Лауреаты»
атанып, диплом және тӛс белгісімен марапатталды.
Музей ғылыми-зерттеуші, білім беруші және мәдени орталық
ретінде ғылыми-зерттеу, экспозициялық-кӛрме, ақпараттық-баспа,
экскурсиялық қызмет және музей педагогикасының бағыттарын
жетілдіруді мақсат еткен. Ағартушылық қызметі барысында білім
беру саласының барлық мекемелері мен қоғамдық ұйымдарды тарта
отырып, түрлі әдістерге құрылған дәрістер, экскурсия-сабақтар,
шеберлік-сыныптары, балаларға арналған мерекелік сабақтар,
пікірсайыс клубы және т.б. сан-алуан шараларды ӛткізеді. Соның
ішінде, ағартушылық қызметіндегі басты бағыттардың бірі –
мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған шаралар болып
табылады. Жыл сайын Астана қаласындағы Еуропалық комиссияның
ӛкілдігімен, «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Баламай»
балаларды дамыту Орталығы», «Океан-арт» арт-терапия орталығы»
ҚБ және т.б. ұйымдармен бірлесе отырып, «ерекше» балаларға
арналған арт-терапиялық семинарлар, байқаулар мен жұмыс
кӛрмелерін ӛткізуді игі дәстүрге айналдырған.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде
мүгедек балалар «ерекше балалар» деген атауға ие. Олар әлеуметтік,
физиологиялық және психологиялық жағынан аз қорғалған ерекше
балалар. «Ерекше балаларды» бейнелеу ӛнеріне, белсенді кӛркем
шығармашылыққа баулу, музей кеңістігінің ерекшелігін қолдану
және арт-терапиялық жұмыстар ӛткізу арқылы олармен арадағы
шектеу мен тұйықтықты жоюға, ӛзіне сенімділігін арттыруға және
әлеуметтік бейімделуге септігін тигізеді. Сонымен бірге бұл
балалардың ӛте қатты уайымдауға, ӛздеріне деген қандай да бір
қатынасты байқауға, әсемдікті бақылауға деген қабілеттілігі
соншалықты, олардың кез-келген әрекетіне дайын тұру қажет.
Музейлік ортаның әсемдігі мен жайлылығы олардың ішкі
интеллектуалдық әлеуетін ашуға кӛмектесіп, елестету мен қабылдау
мүшелерін дамытады.
Мәдени-сауықтыру және білім беру-ағартушылық мекеме
ретінде Музей қызметін талдау нәтижесінде музейлік саламен тікелей
байланысты жұмыстың үш бағыты әзірленді:
-
Экспозициялық-кӛрмелік;
95
-
Экскурсиялық;
-
Білім беру-ағартушылық.
Музейдің экспозициялық-кӛрмелік бағытындағы жұмысында
балалардың денсаулығына, қабылдау деңгейіне қарай музейлік
артефактілерге деген қатыстыру әдістері қаралады. Әдетте
витриналарда тұратын экспонаттарды ӛз қолымен ұстап кӛру ӛзінің
оң
«терапиялық»
нәтижесін
беруде.
Мысалы,
«Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі қарулар жинағы»
тақырыптық экскурсиясында мүмкіндігі шектеулі балалар ӛз
қолдарына ескі қару-жарақты ұстап кӛруге аса құлшыныс танытады.
Бұл жерде Музей қызметкерлері балалардың қолдарына қаруды
ұстатып қоюмен ғана шектелмей, белгілі бір әрекеттерді орындауға
да жұмылдырады.
Ал экскурсиялық қызмет тек түсіндіріп қана қоймай, оламен
ӛзара диалогқа түсу арқылы, балалардың ӛзіндік ойлау қабілетін
арттыруға бағытталады. Мысалы, «Королевская игра» тақырыптық
экскурсиясы барысында еліміздің балалар үйінен келген жетім
балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар металл,
фарфор,
ағаш
пен
сүйектен
жасалған
бірыңғай
шахмат
коллекциясымен танысып қана қоймай, экскурсия соңында шахмат
ойнауға да мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің музей
педагогикасы орталығы жүзеге асыратын ағартушылық қызмет
мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалар және ата-анасының
қарауынсыз қалған балалармен жұмыстың ең тиімді әдістерінің бірі
болып табылады.
Ерекше балалар мен оларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды
әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін басты фактордың бірі
әлеуметтік-педагогикалық қолдау кӛрсету. Онда негізгі ынта-ықылас
бала мен ата-аналарға ӛзін-ӛзі жетілдіру мен дамытуға ықпал ететін
мақсаттар мен құндылықтардың жаңа жүйесін жасауға аударылады.
Ӛзара қарым-қатынас барысында жауапкершілік пен дербестіктің
болуы, топтың мүддесімен ӛз қызығушылығының сәйкес келуін
үйлестіру барысында мүмкіндігі шектеулі бала ӛз жақындары мен
қоғамға пайдалы әрекет жасай отырып, ӛзінің тұлғалық және
әлеуметтік бейімделуіне әсер етеді.
96
Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық қолдауды жүзеге асыруда
белгілі бір тәсілді қолдану олардың әлеуметтік-белсенді топқа
айналуына ықпалын тигізеді.
Музейде ӛтілетін шара барысында музей педагогы мен ата-
аналар келесі міндеттерді бірлесе шешуі тиіс:
1.
Ерекше балалардың арасынан белсенді, бастамашыл азамат
тәрбиелеу.
2.
Тұлғалық
қасиеттерін
қалыптастыру
(ӛз
халқының
құндылықтары мен мәдениетін меңгерту негізінде адамгершілік
сезім, жақсы кӛңіл-күй, денсаулық, қарым-қатынас, мінез-құлық,
еркін уақыт ӛткізу білу мәдениетін сіңіру).
3.
Олардың қоғамда ӛздерін басқалармен тең құқықты азамат
ретінде сезінуіне жағдай жасау.
Әлеуметтендіру үрдісінде, оның ішінде ерекше балаларды
әлеуметтік бейімдеуде әлеуметтік-педагогикалық қолдау оларға
қоғамда ӛмір сүруге қажетті қасиеттерді иемденуіне, әлеуметтік
қызметті, әлеуметтік қарым-қатынас пен мінез-құлықты меңгеруге,
тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын жүзеге асыруға кӛмектеседі. Олар
түрлі шаралар арқылы пассивті объекті емес, қоршаған ортаның
талабына сай, ӛзінің ішкі әлеуетінен ӛз тұлғасын қалыптастыра алған
белсенді субъектіге айналуы тиіс.
Мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясындағы баспасӛз
залында ӛткізілетін ойын сабақтары мүмкіндігі шектеулі балаларға
қайталанбас психологиялық кӛңіл күй сыйлайды. Түрлі жағдайдағы
бұл балалардың барлығының ӛздерін таңдаулы адамдай сезінуіне
музей қызметкерлері жан-жақты жағдай жасайды. Арбада отырған,
кӛзі нашар кӛретін, құлағы ауыр еститін, церебральды сал ауруына
шалдыққан балалар ӛздерін еркін ұстап, таңдаулы қонақ ретінде
сезінуге мүмкіндік алады. Бұл сәттерде музей қызметкерлері дертіне
қарамастан әр баланың жанынан табылып, кӛмектесуге дайын
тұрады.
Музей педагогикасының орталығы жыл сайын «Астана қ.
Мүгедек балалар орталығы» ҚБ арнайы есебінде тұрған церебральды
сал ауруына шалдыққан балалар үшін арт-терапиялық семинарлар
ұйымдастырып ӛткізеді. Ол үшін арт-терапиядан арнайы тренерлер
іздестіріп, шараның ӛткізу, қорытындылау сценарийін құрады, арт-
97
терапиялық сеанстардың нәтижесі бойынша кӛрме дайындап,
қатысушыларға сыйлықтар әзірлейді.
Мысалы, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы
«САД» орталығымен бірлесіп ӛткізілді. Акция еліміздегі АҚШ
Елшілігінің мәдениет бӛлімімен бірлескен шара болды. «Арт-класс»
жұмысына АҚШ суретші ұстаздары Роберт Садж бен Чау Нгуен
қатысты. Акцияның мақсаты мүгедек балаларға психологиялық
проблемаларды шеше білуге, кӛркем шығармашылығын дамытуға
бағытталды. «Арт-классқа» Аққӛл Балалар үйінің балалары мен 24
мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Бірлескен шара балалардың
ӛздерін сенімді болуына кӛмектесті.
Сонымен қатар, жыл сайын ӛткізілетін «Қасиетті тастар» арт-
терапиялық семинары «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамымен»
бірлескен шара болып табылады. «Астана қ. Мүгедек балалар
қоғамы» ҚБ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті
Музейінің кӛп жылғы серіктесі. Бірлестіктің миссиясы – дамуында
ерекшелігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, қарым-қатынас
дағдысын, тӛзімділік пен лидерлікті қалыптастыруға кӛмектесу
болып табылады. Бұл шараға қатысатын 4 жастан 25 жасқа дейінгі
балалар сиқырлы қаламның кӛмегімен ӛздерін қоршаған әлемнің
сырларына үңіліп, ӛздерін қоғамның біртұтас мүшесі ретінде сезінеді.
Халықаралық отбасы күнін мерекелеу барысында Еуропалық
комиссия мен «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ҚБ
серіктестігімен әлеуметтік гендерлік тақырып аясында балалардың
сурет кӛрмесінің ашылу салтанаты мен балалар мерекесі
ұйымдастырылды.
Мерекелік
іс-шараға
Еуропалық
Одақ
Ӛкілеттігінің басшысы Норбер Жустен жұбайымен, мүмкіндігі
шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 50 отбасы, жетім балалар, кӛп
балалы отбасынан шыққан балалар мен мектеп-гимназиялардың
оқушылары қатысты.
Ал екі күндік «Бақытты балалық шақ» шығармашылық
лабораториясының аясында «Күн сәулесі қолымызда» арт-
терапиялық сессиясы ӛткізілді. Шығармашылық кӛңіл-күй сыйлау
үшін психологиялық тренингтер мен қолды жаттықтыратын ойындар
ойнатылды. Ал шеберханада балалар алақандарының бейнесін
жасауды қызығушылықпен орындады.
98
Екінші күні арт-терапевтер балаларға алдыңғы күннің сезімдерін
еске түсіріп, алақан бейнесін бояуды ұсынды. Ата-аналар мен балалар
ӛнердің шипалық қуатын сезінуге мүмкіндік алды. Балалардың
шығармаларынан ашық бояудың басымдығын байқауға болады.
Гипстен дайындалған алақан бедерін күннің бейнесі салынған
баннерге орнатуда балалардың қуанышында шек болмады.
Ұйымдастырушылар бұл шараларды ӛткізу арқылы мүмкіндігі
шектеулі балаларды сауықтырудың баламалы бағдарламасын енгізу
формасы ретінде ұсынуда. Мысалы, «Еркіндік нышаны балалар
кӛзқарасымен» деп аталатын арт-терапиялық сессия барысында екі
командаға бӛлінген балалар жас суретшілер мен арт-терапевтердің
кӛмегімен еркіндік нышанын жасауға құлшына кірісті. Әр топ ӛз
суретін таныстырып қорғау барысында алған әсерлері, ойларымен
бӛлісе отырып, таңдаған сурет тақырыбын толықтай ашып берді.
Балалардың пікірінше, олар ең алдымен бояулар арқылы еркіндік
нышанына деген ӛз кӛзқарастары мен сезімдерін білдірген.
Сонымен қатар, шараға қатысушы ата-аналар мен әлеуметтік
қызметкерлер үшін оригами бойынша шеберлік сыныбы ӛткізілді.
Ересектер қағаздан «бақыт тырнасын» жасауды үйренді. Бұл ӛз
кезегінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қарап отырған ата-
аналардың да ӛзіндік дамуына ықпалын тигізетіні сӛзсіз.
Бұл жолғы шараға «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ,
«Балам - ай» балаларды дамыту орталығы», «Думан» СО жанындағы
«Океан-Арт» арт-терапия шығармашылық орталығы» ҚБ, «Астана қ.
Жас суретшілер бірлестігі» серіктестік негізде қатысты.
Шара барысында «Думан» СО жанындағы «Океан-Арт» арт-
терапия шығармашылық орталығы» ҚБ бас директоры С.Б. Татенова
«Музейде жыл сайын ӛтетін бұл шараның балаларға таусылмас кӛңіл-
күй мен қуаныш сезімін сыйлағанынан бӛлек, ата-аналарға дамуында
ерекшелігі
бар
балалардың
тағдыры
ешкімді
бейжай
қалдырмайтындығын сезінгендерін» атап ӛтті.
Әр жылғы арт-терапиялық сессиялар ӛзінің әдістемелік
шеберлегімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Атап айтар болсақ,
«Сиқырлы орман» және «Менің ішкі жан дүнием» сюжетін салу үшін
бояу, фломастерлерден бӛлек түрлі-түсті күріштер қолданылды.
Биылғы
жылы
«Ӛнердің
ғажайып
әлемі»
сессиясын
ұйымдастыруға «Таза жүрек – PURE HEART» ҚБ қолдан жасалған
99
эксклюзивті бұйымдарының кӛрмесін ұсынды. Сессия барысында
табиғи тастармен, моншақтармен түрлі композицияларды жасауға
үйрете отырып, балаларды эстетикалық бағытқа тәрбиелеуде кӛмегі
зор болды.
Мұндай шараларды ӛткізу арнайы кӛмекке мұқтаж балалардың
мәселелеріне қоғамның назарын аударудың бір жолы. Ӛткізілетін
сабақтар оларға ӛздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде
сезінуіне және дені сау адамдар қоғамында ӛзін еркін ұстауына
мүмкіндік береді. Балалар әрқашанда Музейге келіп, ӛнер әлеміне,
қуаныш пен мейірімділік атмосферасына бӛленуге асығып отырады.
Саппоро қаласының AMITIOUS (АМБИШИУЗ) жапондық
тәуелсіз ӛмір орталығының директоры, 1 топтағы мүгедек Осанай
Митиконың
айтуынша,
Қазақстан
Республикасы
Тұңғыш
Президентінің Музейі әзірлеген мақсатты бағдарлама мүмкіндігі
шектеулі адамдардың Музейді еркін аралауына жағдай жасалған,
сондай-ақ «ерекше» балалар мен ересектерге арналған жұмыс
формаларының жүзеге асырылуы ерекше назар аударарлық жайт.
Осанай Митико біздің Музейімізге «Астана қ. Мүгедек балалар
қоғамы»
бірлестігімен
кӛп
жылдық
серіктестік
негізінде
ұйымдастырылған кездесу барысында келді.
Осылайша, ҚР ТПМ әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге
асырылуы бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жетілдіруге
мүмкіндік беретін бірқатар әдіснамалық қорытындыларды жасауға
негіз болды:
-
Дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс пен сабақтағы
жетістік музей қызметкерінің жеке қабілетіне, адамгершілік сезіміне
байланысты анықталады;
-
Музейдегі жұмыс ӛзара сенімділік қатынасқа құрылуы қажет;
-
Балаларды музей әлеміне біртіндеп тарту қағидасын ұстанған
жӛн;
-
Жұмыс барысында міндетті түрде түрлі санаттағы
(қозғалысында, тілінде, естуінде және т.б. дамуында ерекшелігі бар)
балалардың даму ерекшелігі мен белгілерін зерттеу;
-
Әрдайым ойын элементтерін қолдану қағидасын ұстану
қажет: бейнелеу мен ойлау, елестетуді дамытуға арналған ойындар,
қозғалысты айқындауға арналған ойындар және т.б.
100
-
Ішкі кӛңіл-күйді бейнелеу формасы ретінде сурет салудың
үлкен әсері бар екенін ескеру;
-
Ата-аналар, қамқоршыларды бірлескен жұмысқа тарту.
Жоғарыда аталғандардан бӛлек, жобаны жүзеге асыруда
кӛрсетілген шараларды қоғамның назарын «ерекше» балаларға
аудару үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартуға да үлкен кӛңіл
бӛлген дұрыс.
Қазіргі заманғы қоғамда мүгедектікті адамзат ӛмірінің бір
құбылысы ретінде қарастырып, біз әрқашан мүмкіндігі шектеулі
балалардың құқықтары мен міндеттерінің барлық адамдар тарапынан
мойындалуына қол жеткізуіміз керек. Бұл жерде мәдениет саласының
мекемелері де маңызды рӛл атқарады.
Музей педагогтары мен арнайы мамандардың қызметінің
негізіне
жеке-тұлғалық
тәсіл,
тиімділік,
объективтілік,
коммуникативтілік және құрмет сезімі (балалар, олардың ата-
аналары, қамқоршыларына деген) бекітілген.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде
мүгедек балаларға қызмет етудің негізгі идеясы ерекше балаларға
ӛздерін барынша еркін, жайлы сезініп, осында ӛтетін барлық
шараларға қатыса алатындай жағдай жасау.
Нәтижесінде:
-
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде
ӛткен барлық кӛрмелер мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық
санаты үшін ашық;
-
Музей ӛзінің қызметіне тән емес, бірақ «ерекше» балалар
үшін ӛте маңызды арнайы арт-терапиялық бағдарламалар ұсынады;
-
Жыл сайын Музей ӛзінің кӛрмелік алаңын мүгедек
балалардың шығармашылық жұмыстары үшін ұсынып келеді.
Мұндай кӛрмелерді ӛткізудің міндеттерінің бірі адамдарға
шығармашыл адамның ӛміріндегі қайғы-мұңына қарамастан, әрбір
адамның сенімін кӛрсету. Әлемге деген мұндай оптимистік кӛзқарас
бір адамдарды жасампаздыққа жетелесе, екінші бір тобын
адамгершілік және кӛркемдік бағытта тәрбиелейді.
Жалпы алғанда, біз Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президентінің Музейінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ӛздерін әрі
қарай жайлы да сенімді сезінуіне бар еңбегімізді саламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |