Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата15.03.2017
өлшемі3,06 Mb.
#9786
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 15 тамыз, 2007 ж.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2010 ж.

3.  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты» // Егемен Қазақстан 28 қаңтар, 2012 ж.

4. Колеченко А.К. Психология и технологии воспитания. – СПБ.: КАРО, 2006.

5. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992.

6. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995.

7. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі. – Алматы: РБК, 1996.

8. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1994.

9. Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. – Алматы: Нұрлы әлем, 2000.

10. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алма­

ты: Нұрлы әлем, 2004.

11. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. – Алматы: 

Комплекс, 2000.

12. Төребаева К.Ж. Ұлттық тәрбие негіздері. – Ақтөбе, 2008.

13. Бөлеев Қ. Қазақ этнопедагогикасы – ұлттық тәрбие берудің негізі. – Алматы: Нұрлы әлем, 

2008.

14. Сейсенбаева Ж.А. Ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздері. – Алматы: ҚазҰПУ, 2011.



15.  Бөлеев  Қ.  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінде  жеке  тұлғаға  ұлттық  тәрбие 

берудің кешенді бағдарламасы. – Тараз: ТарМПИ, 2011.



Резюме

В данной статье рассматриваются основные ценности народного воспитания.

Summary

This article discusses the fundamental values   of public education.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

элективті курсының



БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрастырушылар:

Бөлеев Қ.

 Оспанбаева м.П.

 Керімбаева Р.Қ.

 Ережепбаева а.С.

Жаңарулар  заманындағы  басты  ерекше-

лік,  үдемелі  ақпараттық  даму  –  білім  маз-

мұнының  қолданбалылығын  барынша  арт­

тыруды  міндеттейді.  Қазақстандағы  білім 

беру реформаларының жалпы мақсаты білім 

жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ор-

та ға бейімдеу болып табылады.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының 

білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында» 

айқын көрсетілген. 

Бүгінгі таңда білімді әлемдік стандарттарға 

сай  жүргізіліп,  қазақ  халық    педагогикасы 

мате риалдарын үздіксіз білім беру жүйесінің 

барлық сатысына енгізуді талап етеді. Оның 

алғашқы буыны мектепке дейінгі оқыту мен 

тәрбиелеу болғандықтан, балабақша қа быр-

ғасынан бастап бүлдіршіндердің ұлттық дү-

ние танымын қалыптастырып, оларды отан-

сүйгіштік рухта тәрбиелеу заман тала бы  ның 

сұранысы. Сондықтанда жоғары оқу орын­

дарында  болашақ  тәрбиешілерді  ұлттық 

тәрбие беруге дайындау мақсатында «Мек­

тепке  дейінгі  мекемелерде  ұлттық  тәрбие 

беру»  курсын  жүргізу  қажеттілігі  туындап 

отыр. 

Заманауи өзгерістер ағымы балалар пси -



хо логиясының дамуына ықпал етуде, әсіресе 

бұл  құбылыс  барлық  адамтану  са ла сы ның,  

этнопедагогика,  этнопсихо логия  ғылым да-

ры ның  мамандарына  жаңа  міндет тер  жүк-

тейді.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

баба лар мұрасынан тыс қалдырмауға, әлеу-

меттік  ортаның  тыныс-тіршілігін  ұлттық 

болмыспен  қабылдауға  бейімдей  отырып, 

олардың  санасын  «ұлттық  құндылықтарды 

меңгерген  жаңа  дәуір  балалары»  моделіне 

бағыт тай білу қажет. Модель мазмұны жау-

ап кершілігі  жоғары,  жаңаша  ойлайтын,  зе­

рек  те  елгезек,  кеңістік  заңдылықтарымен 

қоса,  бабалар  аманатынан  хабардар,  салт-

дәстүр мен ауыз әдебиетінің озық үлгілерін 

меңгерген ұлтжанды, ана тілінің нәрімен ба­

рынша сусындаған, еркін, дені сау балалар­

ды сипаттайды. 

5В010100  –  «Мектепке  дейінгі  оқыту 

және тәрбиелеу» мамандығының мамандары 

мен  әдіскерлерінің  міндеті  этнопедагогика 

мен  инновациялық  білімдерді  интеграция­

лау, кіріктіру, байланыстыру, сабақтасатыру 

арқылы  тиімді  заманауи-ұлттық  тәрбие 

жүйесін жасау. 

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  бүлдір -

шіндерімізге ұлттық тәрбие беру мазмұнын 

ізгілік қағидасына сәйкес құру қажет. Мек­

теп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  және 

жеке дара ерекшеліктеріне, негізгі іс-әрекет 

түрлеріне байланысты, «Білім–беруші» қағи-

дасынан білімді тасымалдаушы, бала жаны­

на  жеткізе  білуші,  тәрбиелеуші  деңгейінде 

жүргізу.  Аталған  курсты  жетік  білу,  әдісте-

мені  шебер  меңгерумен  бірге,  тәрбиеші 

жұмысының нәтижелілігі бала жанын ұғыну, 

өзіне тарта білу, өмірге, білімге құлшынысын, 

танымдық  қызығушылығын  арттырумен 

қоса, әр балаға жеке-дара, дифференциалдық 

қатынас  жасаумен  сипатталады.  Мәселе  – 

тәрбие мазмұнына қоса, тәрбиешінің өз ісін 

қаншалықты  жауапкершілікпен,  нәтижелі 

атқара  алуында.  Тәрбие  мазмұнына  ұлттық 

жаңаша  сипат  беру  арқылы  балалардың 

рухани-адамгершілік дамуына, өзіндік жеті-

луіне,  дербестігіне,  сана-сезімінің  замана­

уи  үрдістерге  лайық  бейімделуіне,  ұлтжан-

дылығына,  имандылығына,  іс-әрекеті  мен 

көңіл-күйінде жағымды қатынастың басым-

дығына, қоғамдық мінез-құлықтың позитивті 

жақтарының артуына қол жеткізуге болады.

«Мектепке  дейінгі  мекемелерде  ұлт-

тық тәрбие беру» курсының негізгі мақ­


85

84

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



БағДаРЛама

саты  –  болашақ  тәрбиешілерді  жаңа  дәуір 

балаларын ұлттық рухта тәрбиелеуге даяр­

лау. 

Бағдарламаның міндеттері:

- Болашақ тәрбиешілерге қазақ халқының 

ұлттық  тәрбиесінің  теориялық-әдістемелік 

негіздерін меңгерту;

- Білімгерлердің ұлттық санасын, дүние-

танымын,  мінез-құлқын  ұлттық  құнды лық-

тар арқылы қалыптастыру; 

- Болашақ тәрбиешілердің мектепке дей-

ін гі  мекемелерде  ұлттық  тәрбие  беру  маз-

мұнының қолданбалы аспектілерін меңгеру, 

теориялық  білімдерін  тәжірибеде  қолдану 

іскерліктерін, дағдысы мен машығын жетіл-

діру.

Бағдарламаның мазмұны

Кіріспе.  «Мектепке  дейінгі  мекемелер­

де ұлттық тәрбие беру» курсының мақсаты, 

міндеттері мен құрылымы. 

1­тақырып.  Мектепке  дейінгі  оқыту 

мен тәрбиелеудің нормативтік­құқықтық 

құжат тарында  ұлттық  тәрбие  беру  мәсе­

лелері

Қазақстан Республикасының «Білім ту ра-

лы» заңы. Баланың құқығын қорғау конвен -

циясы.  Қазақстан  Республикасында  білім 

беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарлама-

сы.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқы ту-

дың  мемлекеттік  стандарты.  Мектепалды 

даярлық тұжырымдамасы. Мектепке дейінгі 

тәрбие бағдарламалары мен оқу-әдістемелік 

құралдары.  «Балбөбек»  бағдарламасының 

элементтерін  пайдалану.  «Алғашқы  қадам» 

(1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектеп­

ке  барамыз»  (5-6  жас)  бағдарламаларының 

ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері. Білім 

беруді  «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным», 

«Шығармашылық»,  «Әлеуметтік  орта»  са­

лалары  арқылы  ұйымдастыруда  халықтық 

педагогика материалдарын пайдалану.



2­тақырып.  Мектепке  дейінгі  мекеме-

лерде қазақ халқының денсаулық педаго-

гикасын қолдану ерекшелігі

Денсаулықты сақтау және нығайтуға бай-

ла нысты  салт-дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар 

жә не ауыз әдебиеті үлгілері. Ұлттық ойын­

дар  –  бүлдіршіндерді  сауықтыру,  шынық-

тыру құралы. Жан саулығы мен тән саулығы 

ұғымдарының интеграциясы. Денсаулық эт­

нопедагогикасын  мектепке  дейінгі  мекеме 

тәрбиеленушілерінің  жас  ерекшеліктеріне 

сәйкес жіктеу. Ерте жас, І-сәбилер, ІІ-сәбилер, 

естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топ-

тарында  қазақ халқының сауықтыру-шынық-

тыру  жаттығуларын,  табиғат  құралдарын 

пайдалану. «Денсаулық» білім беру саласын­

да  ұлттық  мазмұндағы  материалдар  үлгісін 

қолдану, балалардың денсаулық сақтау құзі-

рет тілігін қалыптастыру. 

3­тақырып.  Қазақ  халқының  қарым­

қатынас  ерекшелігімен  мектеп  жасына 

дейінгі балаларды таныстыру әдістемесі 

Өзара  қарым-қатынастар,  тұлғаның  өзі-

не-өзінің  қатынасы,  қарым-қатынастың 

мә  нер лі  белгілері,  қатынас  құралы  –  тіл 

ту  ра лы  қазақ  халқының  ұлттық  қоры.  Ұлт­

тық  коммуникацияны  жас  ерекшеліктеріне 

сәйкес  жіктеу.  Әр  жас  ерекшелігінде  ха-

лық ауыз әдебиетінің озық үлгілері арқылы 

балалардың  тілін  дамыту,  сөздік  қорын 

байы ту.  Қазақ  фольклорының  кіші  жанрла-

рын  логопедиялық  құрал  ретінде  пайдала-

ну.  «Қатынас»  білім  беру  саласында  ұлт-

тық  мазмұндағы  материалдар  үлгі сін  қол-

дану  негізінде  балалардың  тілдік-комму-

никативтік құзіреттілігін қалып тастыру. 

4­тақырып.  Көшпенділер  танымы  – 

мек тепке  дейінгі  мекеменің  оқу­тәрбие 

үрді сінде

Балалардың ой ұшқырлығын, тапқыр лы-

ғын,  танымдық  сергектігі  мен  елгезектігін 

дамы туда  ұлттық  педагогика  құралдарын 

пайдалану әдістемесі. Танымдық әрекеттер -

ді:  (қабылдау,  есте  сақтау,  түйсік,  қиял ды) 

ауыз  әдебиеті  үлгілері  арқылы  бала лар  дың 

жас  ерекшеліктеріне  қарай,  ұйымдас ты-

рылған оқу әрекетінде дамыту жолдары. Қ-А.

Иасауидің «рух еркіндігі» теория сы, «кемел 

адам»  концепциясы  және  Абай дың  «толық 

адам»  ілімі  негізінде  бала ның  өзін-өзі  та­

нып  білуін  дамыту.  Орта  ғасыр  ойшылда­

ры әл-Фараби, М.Х. Дулати, Ж.Баласағұни, 

А.Жүйнеки, Қайқаус, М.Қаш  қари мұралары 

арқылы мектеп жасы на дейінгі балалардың 

дүниетанымын қалып тастыру. Қазақ халқы-

ның табиғаттану, ай нала қоршаған ортаның 

заттары мен құбылыстарын, болмысты тану, 

табиғатты  болжау,  жорамалдау,  қорғау  дәс-

түрлерінің  ерекшелігі.  «Таным»  білім  беру 

саласында  ұлттық  мазмұндағы  материал­

дар  үлгісін  қолдану  арқылы  балалардың 

танымдық құзіреттілігін қалыптастыру. 



5­тақырып.  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  шығармашылығын  қалып­

тастырып, дамытуда халықтық педагоги-

каны қолдану әдістемесі

Ұлттық  қолөнер  туындылары,  музыка, 

халық  шығармашылығы,  айтыс,  жыр,  би 

өнерлерін  тиімді  пайдалану  арқылы  бала -

лардың  шығармашылық  қабілетін  диффе-

рен циациялау.  Шығармашылықтың  синер-

ге тикалық  мазмұны.  Мектепке  дейінгі  бала 

тұлғасын  кеңістік  заңдылықтарына  сәйкес, 

табиғатпен үйлесімді дамыту маңызы. Шы-

ғар машылық  пен  эмоцияның  өзара  бай ла-

нысы туралы халықтық идеялар. «Шығарма-

шылық»  білім  беру  саласында  ұлттық 

бейнелеу өнері, ән-күй, би өнері мазмұндағы 

материалдар үлгісін қолдану  арқылы бала-

лар дың  шығармашылық  құзіреттілігін  қа-

лып тастыру. 



тақырып.  Балабақша  бүлдіршін де­

ріне әлеуметтік орта нормаларын ұлттық 

құндылықтар арқылы меңгеру

Халықтық педагогиканың озық үлгілерін 

қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі бала-

ларға  адамгершілік  әліппесі,  мінез-құлық 

мәде ниеті  туралы  қарапайым  түсініктер 

беру.  Адам  табыстылығының,  саулығының, 

бақы тының  кепілі  ұстамдылық,  ал  оның 

негізі – сабыр екенін ұғындыру. Сабырлылық 

ту ралы ұлы ойшылдар қазынасымен таныс-

тыру.  Қазақ  халқының  үлкенді  силау,  құр-

меттеу,  адамгершілік-рухани  норма ларды, 

имандылық тәрбиесін меңгерту дәстүрлерін 

әр  жас  ерекшеліктерінде  қолдану.  Балалар-

дың  өзін  ұстауы,  өзін-өзі  тану,  әлеуметтік 

ортаға  бейімделуі,  төзімділік  пен  сабырды 

қалыптастыруда  этнопедагогика,  этнопси­

хология  үлгілерін  пайдалану.  «Әлеумет тік 

орта» білім беру саласында ұлттық мазмұн-

дағы  материалдар  үлгісін  қолдану  арқылы 

балалардың әлеуметтік құзіреттілігін қалып-

тастыру. 

7­тақырып.  Балабақшада  пәндік­да­

мы   тушы ортаны ұйымдастыруда ха лық ­

тық педагогика элементтерін пайдалану 

Пәндік-дамытушы ортаны ұйымдас тыру-

ға  қойылатын  жалпы  талаптар  шеңберінде 

ұлт тық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптың  зама -

науи үлгілерін қолдану. Заттық ортаны ұйым-

дастыруда  ұлттық  бұйымдар,  музы  калық 

аспаптар,  ыдыс-аяқ,  ұлттық  ойын шықтар, 

ою-өрнек,  әшекей  үлгілерін  пайдалану. 

Пәндік-дамытушы ортаны ұлттық мазмұнда 

құру дың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық 

мәні. Заттық-дамытушы ортада жеке, топтық, 

ұжым дық  жұмыстар  жүргізу,  балалардың 

ойын  әрекетін  ұйымдастыру,  танымдық 

қызы ғушылығын қалыптастыру.  



8­тақырып.  Мектепке  дейінгі  ұйым­

дарда педагогикалық үрдісті  ұлттық құн­

дылықтар негізінде ұйымдастыру

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  педагоги-

калық  үрдісті  ұйымдастыруда  ұлттық  құн-

дылықтарды  негізге  алу.  Бес  білім  беру 

сала сында  инновациялық  технологиялар 

мен  ұлттық  тәрбие  үлгілерін  кіріктіріп,  за­

манауи  талаптарына  сай  пайдалану.  Ойын 

тех но ло гиясын,  ұлттық-дидактикалық  ой-

ын  дар ды  оқу  іс-әрекетінде  пайдалану. 

Ұйым  дас тырылған  оқу  іс-әрекеттерінде 

және  сабақтан  тыс  тәрбие  іс-шараларында 

халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  пайдалану. 

Ертеңгіліктерде,  топ  серуенде,  ойын  үрді-

сін де,  балалардың  еркін  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыруда  аңыз  әңгіме,  ертегі,  мақал-

мәтелдер,  санамақ,  мадақтамақ,  бата-тілек 

тілеу, жаңылтпаштар т.б. арқылы балалардың 

ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Мек­

тепке  дейінгі  мекемелерде  ұлттық  тәрбие 

беру жұмысын «Отбасы-балабақша-мектеп» 

жүйесі  сабақтастығында  жүргізу.  Ұлт­

тық  құндылықтарды  меңгерген  балабақша 

түлегін қалыптастырудың ерекшеліктері.


87

86

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



БағДаРЛама

«Мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық тәрбие беру» 

элективті курсының тақырыптық үлгі жоспары

Кесте № 1

№ 

Тақырыбы

Сағат

лекция семинар, 

практ.

1. Кіріспе. Курстың мақсаты, міндеттері мен құрылымы

1

1

2. Мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  нормативтік-құқықтық 



құжаттарында ұлттық ұлттық тәрбие беру мәселелелері тәу мәселелелері.

1

1



3. Мектепке  дейінгі  мекемелерде  қазақ  халқының  денсаулық  педагогика­

сын қолдану ерекшелігі 

2

2

4. Қазақ  халқының  қарым-қатынас  ерекшелігімен  мектеп  жасына  дейінгі 



балаларды таныстыру әдістемесі

2

2



5. Көшпенділер танымы – мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісінде

2

2



6. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын қалыптастырып, 

дамытуда халықтық педагогиканы қолдану әдістемесі. 

2

2

7. Балабақша  бүлдіршіндеріне  әлеуметтік  орта  нормаларын  ұлттық 



құндылықтар арқылы меңгеру

2

2



8. Балабақшада пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыруда халықтық педа­

гогика элементтерін пайдалану 

2

1

9. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті ұлттық құндылықтар 



негізінде ұйымдастыру

2

1



Барлығы 30 сағат 

16

14

Білімгерлердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары 

1.  Әр  жас  топтарына  арналған  халық  педагогика  материалдарын  түрлі  іс-әрекеттерде 

(ойын, еңбек, оқу) пайдаланудың айлық жоспарын құру. 

2.  Сәбилер,  естиярлар,  ересектер,  мектепке  даярлық  топтарына  арналған  ауыз  әдебиеті 

үлгілерін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  пайдаланудың циклограммасын құру.

3. «Шығармашылық» білім беру саласында қазақ халықының ұлттық ою-өрнектерін бейнелеуге 

арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын құру (ІІ-сәбилер тобы).

4.  «Қатынас»  білім  беру  саласында    халық  ауыз  әдебиетінің  түрлі  жанрларының  элементтері 

қолданған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын құру (естиярлар тобы).

5.  «Таным» білім беру  саласында қазақ халқының  табиғат  қорғау  дәстүрлері, болжам, тыйым 

сөздері  үлгілері  қолданылған  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық  картасын  құру 

(естиярлар тобы).

6. «Денсаулық» білім беру саласында ұлттық қимыл-қозғалыс, спорттық ойындар элементтері 

пайдаланылған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын құру. (ересектер тобы)

7. «Денсаулық» білім беру саласында қазақ халқының табиғат (күн, ауа, су, тас, тұз, құм т.б. ) 

құралдары енгізілген шынықтыру-сауықтыру жаттығулары мен жалпы дамытушы жаттығуларының 

жоспарын құру  (мектепке даярлық тобы).

8. «Әлеуметтік орта» білім беру саласында  өсімдіктер, жануарлар туралы мысал, аңыз әңгіме 

үлгілері қолданылған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын құру (ІІ-сәбилер 

тобы).


9. Естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтарында ұлттық бұйымдар жасауға  арналған қол 

еңбегі  іс-әрекетінің  циклограммасын құру.

10. Әр жас топтарында ұлттық мазмұндағы тәрбие жұмыстары мен іс-шараларының  апталық 

жоспарын жасау.

11. Әр жас топтарында ұлттық ойын түрлерін қолдануға арналған дидактикалық материалдар, 

көрнекі кұралдар, ойыншықтар жасау.



Білімгерлердің оқытушымен орындайтын жұмыстарының тапсырмалары 

1. Қазақ халқының отбасы дәстүрлері арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу.

2. Ұлттық ойындар жіктемесі. 

3. Ұлттық-дидактикалық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалану.

4.  Ұлттық    қимыл-қозғалыс,  ұлттық-спорттық  ойындарды  «Денсаулық»  білім  беру  саласында 

пайдалану.

5. Ұлттық ойын-сауықтар, ұлттық-музыкалық ойындарды «Шығармашылық» білім беру сала­

сында пайдалану.

6. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлері туралы білім элементтерін «Таным» білім беру 

саласының қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде 

қолдану. 

7. Балаларды зиянды әдеттерден сақтандыруда халық тыйымдарын сабақтан тыс тәрбие жұмыс-

тарында пайдалану.

8.  Қазақ  халқының  үлкенді  сыйлау  ережесі,  өзара  көмектесу  дәстүрлері,  имандылық,  рухани 

тәрбиесі туралы ұғымдарды «Әлеуметтік орта» білім беру саласында  қолдану.

9. Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ертегілері мен әңгімелерін кейіптендіру, сахналауда 

ұлттық сана-сезімі, танымдық қызығушылығы  қалыптасуы.

10. Ұлттық-ойын ермек  жаттығуларды балаларды мектепалды даярлауда пайдалану.

11. Мектепке даярлық топ балаларымен ұлттық-танымдық сипаттағы: ғажайып ертегілер еліне 

саяхат, ойын-жарыс, логикалық-ойын жаттығулар, ұлттық-эстафеталық ойын, ұлттық-дидактикалық 

ойын, қуыршақ-театрлық ойын түрлерін жүргізудің маңызы.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан 2010 жыл.

2. Қазақстан Республикасында білім берудің 2010-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспа­

ры. Астана. 2010.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке 

дейінгі тәрбие мен оқыту.- Астана,2009.-30 б.

4. Мектепалды даярлық тұжырымдамасы. –Алматы, 2000.-25 б.

5. Программа предшкольной подготовки детей 5-7 лет в детском саду. –Астана-Алматы, 2000.-87 с.

6.«Балбөбек» бағдарламасы.- Алматы, 2000. -327 б.

7.  Ерте  жастағы  (1-3  жас)  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған  «Алғашқы  қадам» 

бағдарламасы. –Астана, 2010.-125 б.

8. Мектепке дейінгі кіші жастағы (3-5 жас) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек 

бала» бағдарламасы. –Астана, 2010.-136 б.

9. Мектепалды даярлық жастағы (5-6 жас) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мек­

тепке барамыз» бағдарламасы. –Астана,2010.-127 б.

10. Абайдың тәлімгерлік тағылымдары / Құраст. Ә.Дайырова, Г.Құрманбаева. – Алматы: Рауан, 

1996. – 136 б.

11. Ақпанбеков Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 56 б.

12. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – Алматы: Білім, 2003. – 120 б.

13. Арғынбаев X. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.

14. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1994. – 32 б.



89

88

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

15. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика оқулығы. – Алматы: КЭТУ, 1998. – 261 б.

16. Әленұлы Ш. Халықтық тәрбиенің тағылымдары. –Алматы: РБК, 1998.-112 б.

17. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994. – 144 б.

18. Байтұрсынов А. Тәні саудың – жаны сау. – Алматы: Жеті жарғы, 1996.-128 б.

19. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.

20. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алма­

ты: Нұрлы Әлем, 2004. – 304 б.

21. Бөлеев Қ. Қазақ этнопедагогикасы. – А: Нұрлы Әлем, 2001. – 96 б.

22. Бөлеев Қ., Ибраимова Л. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие. - Алматы: Нұрлы 

әлем, 2008. -156 б.

23.  Керімбаева  Р.Қ.Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дүниетанымын  қалыптастыру.-  Тараз, 

2010.-105 б.

24. Керімбаева Р.Қ. Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану. - Тараз, 2010. -107 б.

25. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995. – 210 б.

АДАМ ТӘРБИЕСІНІң ЖАңА ІЛІМІ

Совет­Хан ғаббасов – 

Жазушы-дәрігер, фантаст, драматург,

Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы,

КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,

Махамбет сыйлығының лауреаты,

профессор

адам – әлемнен де күрделі”

ҰЖДаН

Ана  құрсағындағы  тоғыз  ай  адам  ғұмы-

рының  ең  ұзақ  та  және  ең  күрделі  кезеңі 

болып  табылады.  Оның  ұзақтығын  түсіну 

үшін,  ұрықтың  жетіліп,  даму  мерзімін  де, 

жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын 

басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион 

жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың 

маңызы мен мәніне жету үшін, әуелі тіршілік 

құпияларына  тереңдеп  үңілмей  болмайды. 

Өйткені,  адам  ғұмырының  физиологиялық 

осы  кезеңі,  күллі  тіршілік  атаулының  тыл-

сымға  толы  түйіні,  тіпті  ақыл  түгіл,  көңіл 

көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған 

көмбесі тәрізді. Егер де, ғылыми дәлелдерге 

сүйенсек,  ана  құрсағында  өсіп  жатқан  жан 

иесі  өзіне  берілген  тоғыз  айдың  ішінде, 

табиғат шебердің құдіретімен “он сегіз мың 



ғаламның”  сипаттарын  түгелдей  қайталап 

шығатындығы  белгілі  боп  отыр.  Былайша 

айт қанда,  бір  клеткалық  тіршіліктен  бас-

тап  адамға  дейін  жетілген,  биологиялық 

түр  лерді  түгелдей  басып  өтеді  екен.  Әрине 

бұл,  күллі  табиғат  жаратылыстары  ішін-

дегі  күрмеуі  қиын,  аса  күрделі  құбылыс 

екені  даусыз!  Мұндай  сипат  тек  табиғат 

ше бердің құдіретімен ғана жасалмақ. Енде­

ше,  осынау  тіршіліктің  сапалық  дәрежеде 

жеті летін  жұмбақ  кезеңін  адам  тәрбиесіне 

кірістіре  алмай  келгенімізді  ойласақ,  бүкіл 

адамзаттың  рухани  дамуындағы  аса  ауыр 

кемшіліктер де, осы кезеңнің еленбей қалған 

ерсіліктері  екені  анықталып  отыр.  Себебі, 

бұл  мәселе  өткен-кеткен  педагогикалық 

және  психологиялық  білімдер  де,  ешқашан 

ғылыми  жүйеленіп  көрген  емес.  Адам 



тәрбиесі тәрізді өте күрделі құбылыстың 

бастауы болып саналатын, ұрық тазалығы 

мен  ана  құрсағындағы  жетілудің  сыры­

на терең үңілмей, ұрпақ тәрбиесінің іргелі 

мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес. Әсі-

ресе,  бүгінгі  малекулалық  биологиямен  ге­

нетика  ғылымдарының  қол  жеткен  табы­

стары осы ойымызды тапжылтпай дәлелдеп 

отыр.  Себебі,  адам  жаратылысындағы  тек 



түйістік ақыл мен ішкі бес сезімді былай 

қойғанда, онда тума қабілеттері мен мінез­



құлқы,  психикалық  жігері  мен  тектілік 

қасиеттерінің іштен туатындығы, ғылыми 

әбден дәлелденген құбылыстар екенін ескер­

ген жөн. Жалпы бұл мәселені тікелей адам 

тәрбиесі  қақында  болмаса  да,  адамзаттың 

не  бір  алып  ойшылдары  философиялық 

пәлсапа  түрінде  көп  талқыланған.  Әсіресе, 

адам  бойындағы  Жан  мен  Тәннің  өзара 

үндестіктерімен  қоса,  жүрек  күші  және 



ақыл күші тәрізді қадау-қадау құбылыстарды 

үнемі ой елегінен өткізіп отырған. Мәселен, 

адамзаттың  Екінші  ұстазы  атанған  да­

нышпан  бабамыз  Әбунасыр  әл-Фараби 

өзі нің  –  “Екі  философтың  –  қасиетті  Пла­

тон  мен  Аристотельдің  көзқарастарының 

ортақтығы”  –  деп  аталынатын  еңбегінде, 

екі  алыптың  қайшылықтарын  үндестіріп 

төрелік  айтады:  “Жан  және  интелект  жай­

ында,  “Тимей”  атты  кітабында  Платон  – 

Жанның  да,  интелектінің  де,  тек  өздеріне 

ғана  тән  ерекшеліктері  бар.  Бұл  екі  дүние 

бірімен бірі қабаттас, біреуі – Жоғары, біреуі 

–  Төмен  дейтін  мағынаға  ұқсас  ойлар  ай­

тады.  Біз  оның  айтқандарын  терең  талдап 

ұғынуымыз  керек.  Интелекті  дүниесін  де, 

Жан дүниесін де – ол тек әрекет сферасында 

ғана айтқан. Бірақ, бұлардың әрқайсысының 

өз орындары бар. Ол – жоғары және төмен 

дегенді жазықтық пен кеңістік ретінде емес, 

тек,  ізгілік  пен  қадірлілік  мағынасында 

түсінеді.  “Парасат  дүниесі”  –  “надандық 



дүниесі” – “білім дүниесі” – “о дүние” – де­

ген  сөздерді  біз  қандай  мағынада  айтатын 

болсақ,  ол  мұны  сол  мағынада  түсіну  ке­

рек деп есептейді. Сондай-ақ, ол – жанның 

жаратылысқа  эманациясы  туралы  және 

интелектінің – жанға эманациясы туралы да 

айтады.  Платон  философтың  мұндай  нәзік 

ұғымдарын,  оның  жолын  ұстаушылардың 

позициясынан  басқа  деп  түсінуге  болмай­

ды.  Өзінің  “Жан  туралы”  кітабында  Ари­

стотель  –  философ  интелектіні  –  жанның 

ең асыл актуальды бөлшегі деп түсіндірген. 

Осы  интелектінің  жәрдемімен  жұрт  –  Жа­

ратушыны  таниды  және  Метафизиканы 

біледі. Олай болса, интелекті – өзінің орны 

мен  жағдайы  жағынан  емес,  керісінше, 

әсемдігі  мен  шынайы  тазалығы  жағынан 

–  Жара тушыға  ең  жақын  тұрған  дүние 

ретін де  бағаланады.  Мұнан  кейін  жақын 

тұл ға  –  Жан  екені  айтылады.  Жан  өзінің 

табиғи сезімдері арқылы – Интелекті мен 

Жаратушыға дәнекер тәрізді. Сөйтіп, Жан 

бір  жағынан  –  Интелектімен  бірігеді, 

интелекті тарапынан – Жаратушымен бірі­

геді. Ал Жан екінші жағынан – Жаратылы­

спен  бірігеді.  Тұрған  орны  бойынша  емес, 

болмысы  бойынша  Жаратылыс  –  Жаннан 

кейін  тұрады.  Айтып  жеткізілуі  қиын  аса 

күрделі  –  Платонның  ой  қорытындыларын 

дұрыс  түсініп  –  осылайша  ұғыну  қажет 

болады.  Егер  де  осылай  түсінетін  болсақ, 

онда  Платон  мен  Аристотельдың  арасында 

ешқандай қайшылық та, алауыздық та жоқ” 

– деп уақытынан озған, телегей теңіз ғұла-

малығын танытады. Жалпы шығыс әле мінде 

Платон  мен  Аристотель,  көбіне  Фараби-

дің  түсіндірмесінен  кейін  ғана,  терең  ұғы-

на  алған  ойшылдар  көп.  Солардың  ішін де 

мәселенің бұл жағын ашық жазып қал дыр-

ған, ұлы ойшыл-ғұлама Әбу Әли ибн Сина 

екенін жақсы білеміз. Бұл деректі ол өз қолы-

мен жазған өмірбаянының ішінде айтады.

Тікелей  Жан  тәрбиесіне  байланысты 



Халық педагогикасы мен психологиясының 

2­ші  негізі,  немесе  адам  дамуының  физио-

логиялық екінші кезеңі, бүгінгі таңға дейін 

ұрпақ  тәрбиесінен  тыс  қалып  отыр.  Тіпті, 

жан тәрбиесі дегенді түсіне де алмай отыр. 

Ол  жайындағы  методологиялық  ізденістің 

жоқтығы,  адам  тәрбиесінің  қаншалықты 

ойсырап жатқандығын аңғартса керек. Сон-

дық тан да, жоғарыда аз-кем айтылған Жан-

ның – он екі мүшесі, яғни 12 – арнасының 

жабылуға  жақын  жағдайы  –  жыл  өткен 

сайын  адамдар  азып  барады  деген  тұжы-

рымды жиі айтқызып жүр. Оны айтып қана 

қоюмен  еш  мағына  шықпайды.  Өйткені, 

бұл  мәселенің  өзіне  тән  тәрбие  әдістерін 

жүргізбесе,  жан  дүниенің  арналары  сол 

жабылған  бойы  көресіңді  көрсете  бермек. 

Ендеше,  тоғыз  торқаның  ішінде  өсіп  келе 

жатқан  Жан  иесі  тек  биология  мен  физио­

логия заңдылықтарына бағынып қана дами­

тынын ескерсек, ананың түйсігі мен ішкі бес 

сезімдері арқылы тәрбиеленетін – Жанның 



91

90

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

мүшелеріне тиісті деңгейде көңіл аудара­

тын мезгіл жетті. 

Шынын айтсақ, соңғы жылдардағы ұрпа-

ғымыздың  маңдайына  тиіп  жүрген  күйелі 

көсеуде осы екенін несіне жасырамыз. Оның 

жауапкершілігі  –  тікелей  ата-ананың  мой­

нында  екенін  де  ашып  айтқан  жөн.  Олай 

болса, келер ұрпақтың бақыты мен саулығы 

тікелей  алдыңғы  буынның  ұрық  тазалығы 

мен  ана  құрсағындағы  тәрбиені  түсінуіне 

байланысты.  Қалай  десек  те,  бұл  мәселені 

ары қарай назардан тыс қалдыра беру бүкіл 

адамзат қауымын апатқа ұшыратуы да мүм-

кін.

Заманының  түзу  кезінде  дәстүрі  бұзыл-



маған Қазақ елінің “алып – анадан туады” 

– дейтін өсиетінің Үлгісі мен Халық педа­

гогикасы мен психологиясының 2­ші негізі, 

немесе  ана  құрсағындағы  физиологиялық 

кезеңінің үндесіп жатқанын байқау қиын 

емес  сияқты.  Өзінің  ұрпақ  тәрбиесінде 

бұл өсиетті инстинкті түрде пайдаланғанын 

көптеген тәлімдік ұғымдардан аңғаруға бо­

лады. Халқымыздың ата дәстүрі болып сана­

латын – “Жеті атаға дейін қыз алыспау” – 

салты да біраз нәрседен хабардар етеді. Бірақ, 

бодандықтың бұғауымен маталған соңғы үш 

ғасыр,  бұрынғы  ата-баба  даналықтарынан 

қол  үздіріп  кете  жаздады.  Тіпті,  қазір  – 

“алып­анадан  –  туадының”  –  мағынасы 

түгіл,  бұл  сөздің  мәніне  де  көңіл  аударып 

жүргендер  аз.  Сондықтан  да,  ол  –  алма-ке­

зек  ауысып  жатқан  ұрпақ  тәрбиесіне  әсер 

етуден қалғалы қашан?! Сонда, бұл тәріздес 

асыл  сөздердің  қадірі  өз  қалпына  келмесе, 

Дулат жырау айтатын; – “өнер алды–қызыл 

тілдің”  –  жағдайы  қалай  болмақ?  Мұндай 

қуаты мол тұжырымдар сұлу сөйленетін, сөз 

тәрізді қызмет етсе, сөз өнері арқылы жеті-

летін жас ұрпақтың зейіні мен зердесі нен­

дей күйге түспек?

Енді  осынау,  “алып  –  анадан  туады”– 

дейтін  өсиет  сөздің  мәні  неде  екен?  Ұрпақ 

тәрбиесіндегі  орны  қайсы?  Ол  нені  мең-

зеп  тұр?  Қысқаша  осы  сауалдардың  жау­

абын  іздеп  көрелік.  Ол  үшін  –  тіршілік 



құпияларына  –  үңілмей  болмайды.  Адам 

тәрбиесінің  ана  құрсағындағы  кезеңі  аса 

күрделі де, тылсым сырларының мол екендігі 

жайында жоғарыда азды-көпті айтылған еді. 

Оның  тоғыз  айдың  ішінде  “он  сегіз  мың 

ғаламның” жүріп өткен жолы мен даму са-

ты ларын  қайталайтындығы,  ғылымда  да 

дәлелденіп зерттелген мәселе?!

В.А.Мезенцевтің  “Ғажайып  энциклопе­

диясында”  қайталап  еске  түсірсек     “Адам 

ұрығы  өзінің  жетілу  сәтінің  18-20-шы  күн-

дері,  ол  балыққа  ұқсайтындығы  соншама, 

тіпті  желбезек  саңылаулары  мен  аяқ-қол-

дарының  орнында  –  жүзу  қанатшалары  да 

болады. Содан сәл уақыттан соң, ол – қос-

мекенді  бақаның  түріне  еніп,  біраздан 

кейін  бауырымен  жорғалайтын  кесірткеге 

ұқсайды.  Шамамен  бір  жарым  айда  –  ана-

ның құрсағындағы жан иесі – тұп-тура май­

мылдан  айнымайды.  Тек  ақырғы  айларда 

ғана адам бейнесіне енеді. Сөйтіп ол – жер 

бетіндегі  эволюциялық  даму  сатыларын 

түгел дей  басып  өтеді”,  –  деп  егжей-тегжей 

жазады /185-бет/.

Ата-бабамыз осы жағдайларды жоғарыда 

келтірілген  өсиет  сөздерімен  ұрпағына 

тек  тән  құрылысының  жетілуін  ғана  емес, 

“алып”  деген  сөзінің  астарында  тәннен  де 

күр делі,  жандүниесінің  де  ана  құрсағында 

қалып тасатынын  меңзеп  отыр.  Оны  – 

қалыптастыратын да және тәрбиелеп жетіл-

діретін де, тек ананың ғана парасаты екенін 

айтып  тұр.  Бұл  жайында  да  электроника 

ілімімен салыстыра отырып, адам жанының 

12-мүшесі, яки арналары ­ түйсік – ұят – 



сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі 

бес  сезімдері  –  бар  жан  дүниесі  де,  тәннің 

мүшелері  –  жүрек  –  ми  –  бауыр  ­  өкпе  – 



бүйрек  ­  тағы  басқалары  тәрізді,  тек  ана 

құрсағында  ғана  жетіліп    тәрбиеленетініне 

жете мән берілмей келді. 

Бүгінгі ғылым құдіреттерімен дәлелденіп 

отырған  күрделі  құбылыстардың  сырлары, 

қазақтың Халық педагогикасы мен психоло­



гиясында  да  үндестік  табатындығына  тұ-

шын ған  сайын,  ата-бабаларымыздың  қал -

дыр ған  рухани  мұраларына  шынайы  риза-

шылық сезімдер билейді. Ол көкі рек көзімен 

аңғара білген: ­ “Он сегіз мың ғаламды – бір 

тарының  қауызына  сыйдырған”  –  дейтін 

өсиет  сөзінде,  тіпті  тереңнен  маржан  теріп 

отырғанын  жоғарыда  келтірген  ғылыми 

дәлелден, барынша анық байқалып тұрғанын 

көрмеу  мүмкін  емес.  Шынында  да  осын­

шама  құдіреті  мол  күрделі  құбылыстарды 

жетілдіретін адам ұрығы – тарының қауызы-

нан да кіші болмаса, тіпті де үлкен емесіне 

таңданбасқа  болар  ма?!  Осыншама  күрделі 

құбылыстарды  сөз  өнеріне  сыйдыра  білген 

жұрт “алып – анадан туады” – дейтін өсиет 

сөзін де ұрпағына қалдыруға құқылы еді. 

Сөйтіп, Халық педагогикасы мен психо­

ло гиясының 2­ші негізгі кезеңінде – адам ның 

тән құрылыстары – дамудың қандай күрделі 

жолдарынан өтсе, жандүниесі де қарапайым 

түйсіктен – санаға дейін жетілетінімен, бұл 

кезеңнің  адам  тәрбиесіндегі  орнының  өл­

шеусіз  екенін  айқындап  тұр.  Олай  болса, 

адамның жаны мен тәнінің аса күрделі даму 

кезеңін де – тәрбие тәсілдерінің қажеті жоқ 

деп кім айта алар екен?! Тіпті, керек десеңіз 

жүрек тәрбиесінің жүйесіне енетін, жанның 

тума  қасиеттерін  ұштап  тәрбиелеуші  –  тек 

ана  ғана  екенін  түсінсек  екен.  Егер  адам 

тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін сала­

лай жіктеп ашып айтсақ: – Ұрық тазалығы 



– еркектің аталық парызы болған да, ана 

құрсағындағы тәрбие – әйелдің ана лық па­

расаты  екенін,  тіршіліктің  бұлжымай­

тын  заңындай  етіп  өмірге  енгізу  қажет. 

Сондықтан  да,  ананы  да,  атаны  да,  өзінің 

мінәжат  етер  қағбасына  бетін  түзеп,  бұл 

кезеңдегі тәрбие тәсілдерінің қыры мен сы­

рына  саналы  түрде  үйретудің  міндеті  мен 

қажеттілігі, ұлттық идеологиямыздың не­



гіз гі  арқауы  болуға  тиіс.  Ана  атаулы  жүкті 

кез дерінде,  жаратылыстың  өзі  бейімдеген 

қасиеттеріне ауысатындықтан, оның сыртқы 

бес сезімдері ғана емес, сондай-ақ ішкі бес 

сезімдері де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-

күйде  болатындықтары  белгілі.  Ана  атау­

лы  міне,  осы  күйлерін  сәтті  пайдаланып, 

құрсағындағы жан иесіне жеткізу тәсілдерін 

білмейтіндіктен,  осы  кезеңнің  -  өзіне  ғана 

тән  тәрбиелері  –  тас  қараңғы  қалпында 

қалып  отыр.  Соның  салдарындай,  қазіргі 

дү ниеге  келіп  жатқан  нәрестелер  түгелге 

жуық  жүрек  тәрбиелері  оянбай  былай­

ша  айтқанда,  жан  дүниелерінің  арналары 

ашылмаған  күйлері  өмірге  келіп  жатыр. 

Сон дықтан  да,  олардың  зердесі  таяз  – 

жігерлері құм – мінездері дөкір – ұяттан 

безген – ешкімді де сүймейді – қабілеті әлсіз 

– түйсігі жоқ – көкірек көздері оянбаған – 

денсаулықтарының да ақаулары мол адам­

дар  тобырын  көбейтіп  отыр.  Осының 

барлығы  да  бұған  дейін  ескерілмей  келген 

адам  тәрбиесіндегі  аса  ауыр  қателіктер  бо­

лып есептелінеді.

Бұл  мәселені  Ел  болып  мемлекеттік 

деңгейде түзетуге кіріскен жағдайда, Халық 



педагогикасы  мен  психологиясының  1­ші 

және  2­ші  негіздеріндегі  тәрбие  тәсілде­

рінің әсері – көп тостырмай–ақ жетістіктері 

бірден көрінетіндігінің айғағы, жоғарыда ай­

тылатын аз-кем тәжірибелердің нәтижелері, 

аса үлкен үміттерге жетелейді. Мұндай арман 

орындалған кезде, кешегі Ұлы Абай көксеген 

– “нұрлы ақыл мен толық адам” ­ мәселесі 

ойдағыдай шешілер еді. Әуелден-ақ, анасы­

нан жүректері оянып жан – дүниелері ашы­

лып  туған  жандар,  адамшылық  пен  арды 

да, тіпті болашақ ұрпақ қамына да, ерекше 

сергектікпен қарайтыны анық.

Жүрек  культі  ілімнің  негізін  салушы 

әл-Фараби  Түркі  халықтарының  тағылым-

дарынан  алып,  адам  тәрбиесі  жайында  үш 

түрлі ғылымның жүйелерін жасап, Біріншісі 

–  түйсік,  сыртқы  және  ішкі  бес  сезімді  – 

Хауас  ілімі,  Екіншісін  –  үш  сүюді  -  Има­

ни  гүл,  Үшіншісі  –  ақыл  әділет,  рахым­

ды  –  Жәуанмәртлік  ­  деп  атандырғаны 

белгілі.  Бірақ,  бұл  ілімдер  -  өз  топырағына 

түспеген  д  ә  н  тәрізді  –  араб  елдерінде 

өркендей  дамып  кете  алған  жоқ.  Әйтсе  де, 

Түркі  халықтарынан  шыққан  ғұламалар: 

­  Дауани,  Баласағұн,  Қарабағи,  Науаи 

  бұл  жайында  аса  құнды  еңбектер  қал-

дыр ды.  Мәселен,  Ж.Баласағұн  –  осы  үш 

ілімнің  негіздерінде  бүкіл  дүниежүзін  там-

сандырған, атақты “Құтты білігін” поэзия 

тілінде  өмірге  әкелді.  А.Науаидың  –  Бес 

хамсасы  да,  осы  идеяларды  дамыта  жыр­

лайды.  Ал  жоғарыда  айтылған  үш  ілімді 

ары  қарай  жетілдіріп,  ерекше  биіктікке 

көтерген  –  Ұлы  Абайдың  орны  жеке  дара 

бөлек.  Бұл  мәселе  әлі  зерттеушісін  күтіп 

тұр.  Абайдай  данышпанның:  –  “мен  бір 



жұмбақ  адаммын  оны  да  ойла”  –  деуінің 

мәні  де,  өз  еңбектерінің  осы  үш  іліммен 



93

92

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

сабақтасып  жатқанын  меңзесе  керек.  Егер 

адам  тәрбиесінің  2-ші  негізі  жайында  – 

Абайға жүгінсек:



– Ұйықтап жатқан жүректі – ән оятар,

– Үннің тәтті оралған – мәні оятар, – 

дей келіп,

– Жүрек тербеп, оятар – баста миды, – деп 

тұжырымдауында,  телегей  теңіз  ғұ ламалық 

жатыр  емес  пе?!  Ұлы  Абайдың  бұл  еңбек-

терін  барынша  ашып  бағдарлап  берген  – 

кемеңгер  жазушымыз  М.О.Әуезов  бол са, 

оның  шәкірттері  –  К.Бейсенбаев,  Қ.Өміра-

лиев,  М.Мырзахметовтер  хал-қадірлерінше 

жалғастырған  еді.  Абайдың  педагогикалық 

еңбектеріндегі құнары мол қасиеттерді иге­

ру мәселесі, тіпті әлі жүйелі түрде басталған 

да жоқ.

Резюме

В данной статье рассматривается новое учение воспитания человека.

Summary

In this article the new doctrine of education of the person is considered.

Шөмішбай Сариев



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет