Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата15.03.2017
өлшемі3,06 Mb.
#9786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

МАҚАңНЫң ТУҒАН КүНІНЕ

    12 мамыр, 2012

Мақтай аға, туған күнің мымырда, 

Туған жерің Сәменбетте, ауылда.

Өмір жолың – өнегесі қазақтың, 

Қазағың ғой берекең де, бағың да.

Нар жігіті бола білдің  халқыңның, 

Жалынғада, жауынға да шарпылдың.

Жұмыс десе – байыз таппай жасыңнан,

Шартарапта шағаладай шарқ ұрдың.

Қызылжарың, Қостанайың, Торғайың,

Көкшетауда білген сені әр қайың.

Алматыда ашылып бар ажарың,

Астанада бақ қонғанын толғайын.

Адымыңды крандардай кең алдың,

Қанатыңды қырандардай қаға алдың.

Алатаудай абыз қарты қазақтың,

Мақтай аға – маршалы ең даламның.

Алматының өр биігін жайладың,

Адамдық пен ар биігін  ойладың.

Қанша шырқап биіктерге шықсаң да,

Қасиетті тұғырыңнан таймадың.

Жан-жүрегі кең жайлаудай жаз ағам,

Ой-ниеті тұнық бұлақ, таза жан.

Ауырмашы деп тілеймін Алладан,

Аман болсын менің асыл әз ағам.

Жылда-жылда сенің туған күніңде,

Әнге салып Алатаудың түбінде.

«Мақтай аға жасасын!» деп мақтанып,

Әрқашанда мәз болайық біз бірге!

Құрметпен, «Ұлттық тәрбие» 

журналының ұжымы


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

11

10



ҰЛТТЫҚ ТҰЛға

ТАБИҒАТ ТАМЫРШЫСЫ

м.а. Нуриев – 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Жаңартпа технологиялар және

 білім беру мазмұнын ҒЗИ-дың директоры, 

ҚР жоғары мектепке еңбегі сіңген 

қызметкер, профессор 

Қазақ  ұлтының  арғы-бергі  тарихында 

ерге серік, ұлтқа ұйтқы, ұрпаққа үлгі болған 

батыр, білімді аналарымыз көп болды, олар­

ды жұрт «Ел анасы» деп атап, айрықша құр-

мет  көрсетті.  Ал,  нақты  ғылымға  келгенде 

кімнің кім екенін анықтайтын арнаулы заң-

мен бекітілген анықтама болады.

«Атақтың бәрі – далбаса» деп қарайтындар 

біздің  бүгінгі  кейіпкердің  алдында  пікірін 

қай тарып  алуға  тура  келеді.  Себебі,  ол  кісі 

ғылымда  үлкен-үлкен  жетістіктерге  жетіп, 

ең  бе гінің  зейнетін  көріп,  елдің  алқауына, 

мем  лекеттің марапатына бөленіп, мықты ға -

лым екенін дәлелдеп, оны тасқа қашаған жан. 

Мақала  арқауы  қазақтың  маңдайына  біт кен 

бағы,  С.Қирабаевтай  академиктің  жары  – 

академик Әлия Сәрсенқызы Бейсенова!

Қазақ жұртына ашаршылық деген нәубет 

заманның қара бұлты үйіріліп тұрған шақта, 

қазіргі  Қарағанды  облысы,  Жаңарқа  ауда­

нынында  жарық  әлеммен  қауышқан  қазақ 

қызының сексеннің сеңгіріне шыққан бүгінгі 

өмірі,  артынан  ерген  сан  бұрымды  өнеге 

аларлық ғибратты ғұмыр. Қарапайым ауыл­

да, ел сыйлаған отбасыда өмірге келіп, нәзік 

жандылар  арасынан  көш  бастап,  қаза қы 

биік өремен экология, география ғылы мына 

тыңнан  түрен  салып,  жаһанның  назарын 

Қазақстан деген киелі мекенге аударған, ұр-

паққа экология, география саласы бойынша 

оқулық  жазып,  кей  аталарымыз  сексенге 

келіп  селкілдеп  үйде  отырғанда,  ақ  жаулы-

ғын желбіретіп аттан түспеген аяулы жанға 

қандай мақтау айтсақта жарасады.

Бүгінгі  күнге  дейін  қазақта  академик 

атанған  үш  отбасы  болды,  біріншісі,  био -

ло гия  ғылымдарының  докторлары  Ләйла 

Оразгүлқызы Базанова мен Фазыл Мұхамет-

қалив.  Екіншісі,  Мемлекеттің  құрылыс  пен 

құқық тану ғылымының асқан білгірі Салық 

Зиманов пен Химия ғылымдарының докто­

ры Шарбан Батталова. Үшіншісі, біз сөз ет­

пек болған филология ғылымдарының док-

торы Серік Қирабаев пен география ғылым-

дарының  докторы  Әлия  Бейсенова.  Биыл 

отағысы 85 жасқа, отанасы 80 жасқа толып 

отыр. 


Бір  сұхбатында  өзінің  балалық  шағын 

Әлия былай еске алады: «Халықтың қасіреті, 

қудалау, ашаршылық, жоқшылық, соғыс біз-

ді ерте есейтті. Еркін ойнап-күл ген, алаңсыз 

жүрген қызық ты балалық шақ бізде болған 

жоқ»,  1932  жылы  өмірге  келіп,  алмағайып 

заманға  тап  келген  балалық  шағының  шы­

найы бейнесі осындай болатын. Туған жер, 

туған  әкеден  ерте  айырылып,  тіршілікке 

ерте араласқандықпен қатар, текті ауылдың 

ұр пағы,  көрегенді  ананың  тәрбиесі,  бойға 

біткен алғырлық сияқты қасиеттің әсері бо­

лар,  адуын  мінезді  Әлия  Сәрсенқызы  биік-

терді бірінен кейін бірін бағындыра білді. 

Ғылым  мен  білім  жолында  өмір  бойы 

еңбектенді,  500-ге  жуық  ғылыми  еңбек 

жаз ды,  оның  ішінде  монография  мен  оқу-

лықтарының  өзі  20-дан  асады.  Бұл  ой-

толғамымда  «Ананы  отбасының  ұйтқысы» 

деп  таныған  қазақы  қағиданы  кесіп  өтпей, 

Әлияның ғылым жолы емес, кісілік келбетін, 

сүйікті жар, ардақты ана, асыл әже ретіндегі 

болымысы туралы сөз қозғамақпын. Шыны 

керек, күніне мыңдап жырақ дүниемен қауы-

шатын  адам  ұрпағының  барлығы  күн  үшін 

тірлігін  күйіттеп  кеткенде,  бір-екеуі  ғана 

елдік, ұлттық мүддені басты орынға қоятын 

сергек саналар болады. Әңгімеге ар қау бол-

ған  шаңырақтың  отағасы,  отанасынан  бас-

тап, бала-шағасына дейін сол бірді-екі лер дің 

қатарында.

Әлия  жас  кезінде  ғалым  боламын,  ман­

сап  керек  деп  жеке  өмірін  ұмытқан  жоқ, 

Абай атындағы педагогикалық институттың 

бірінші  курс  студенті  атанып,  18  жасқа  то­

лып уылжыған жас кезінде, өзімен бір топы-

рақтың  тумасы  Серік  Қирабаевтың  жары 

атанады.  Отбасының  ұйтқысы  бола  жүріп 

Серік ағамыздың әдебиеттің асқар шыңына 

шығуына  атсалысты,  өзі  табиғаттанудың 

көгінде  қалықтады.  Сүйікті  жар,  ардақты 

ана  бола  жүріп,  ғылыми  жетістікке  жетті. 

Бүгінгідей жұмысты, мансапты басты мақсат 

етіп,  отбасылық  өмірді  ұмыт  қалдырған, 

бала  табуға  «уақыт  таппайтын»  кейбір 

сіңілілеріне нақты үлгі бола білді.

Әйел  бақыты  –  ана  болу.  Өмірге  ұрпақ 

әкелу, тәрбиелеу, немере сүю мағыналы ғұ-

мыр дың,  сұлу  өмірдің  басты  белгісі.  Бұл 

отбасы  үш  ұл  тәрбиелеп  өсіріп  немерелер 

сүйді. Үлкен ұлы Нұр да ғылым жолын қуып, 

академиктердің  жолымен  академик  болды, 

бүгінде Москвадағы Халықтар достығы уни-

вер ситетінде проректор. Кіші ұлы Әлім биз­

нес  саласында  ел  экономикасында  жұмыс 

істесе,  ортаншы  балалары  Әділ  ішкі  істер 

саласында  қызмет  етіп  жүріп,  тағдырдың 

жазуымен жол апатының құрбаны болды. 

Ұстаздық – ұлы кәсіп! Білікті шәкірт тәр-

биелеу  үшін  біліммен  қатар  көркем  мінез, 

үлкен жүрек керек. Әлия Сәрсенқызы осын­

дай  жан,  бүгінге  дейін  жетекшілігімен  15 

кан дидат,  3  доктор  ғылыми  жұмыстарын 

қор ға ды,  өзі  50  жылдай  қызмет  істеген, 

қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қабыр-

ғасында  жүріп  тәрбиелеген  шәкірттері  бү-

гін де  егемен  елдің  түрлі  саласында  қыз мет 

етіп  жүр.  Білімі  терең  болғанмен,  кісілік 

мінез  жоқтықтан  ғылымның  кейде  кенже 

қалып жататын кездері бар. Соның кесірінен 

ұлтжандылық,  отансүйгіштік,  елге  құрмет, 

жерге  құрмет  т.б  әрбір  адамның  бойын­

да  болу  керек  ізгі  қасиеттер    кемшін  түсіп 

жататын  кездері  бар.  Ғылым  мен  біліммен 

қатар, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие 

жүргізілмеген жағдай ұрпақтың болашағына 

енжар қараған жауапсыздық болмақ. Ұстаз-

дықты тек жұмыс деп түсінбей, ұлттың бола-

шағы, ұрпақтың қамы деп бағалайтын, білім 

мен тәрбие сабақтас, ажырамас ұғымдар ре-

тінде қарастыратын академик Әлияның бас-

па сөз бетінде үзбей жарияланатын осы мәсе-

лелер  турасындағы  ойлары  таптырмас  тың 

дүниелер.

Білім  мен  ғылым  жолында  еңбектеніп 

келе  жатқан,  іргесі  берік  отбасымен  қазақ 

халқының  көптеген  қасқа  мен  жайсаңдары 

дәмдес,  тұздас  болды.  М.Әуезовтан  бастап 

Сәбит  Мұқанов,  І.Омаров,  Ж.Молдағалиев, 

Н.Ғабдулин,  Б.Соқбақпаев  т.б.  көптеген 

бүгінде  өмірде  жоқ  марғасқалардың  өмірі, 

мінезі Әлияның көкірегінде сақтаулы. Келе­

шек ұрпақ үшін сол ұлы адамдардың шынайы 

келбетін  жеткізуге,  сол  ғибратты  ғұмырдан 

өнеге алдыруға бұл үйде тың деректер бар.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың орден тапсырып тұрған кезі


13

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТҰЛға

12

«Жұмыста мінезім қатал, беделді болсам, 



үйге келгенде менен жуас, менен жұмсақ, ме­

нен кіші адам жоқ, өйткені, мен, үйде – ана­

мын.  Қатал  мінез  барлығы  далада  қалады. 

Бұл – отбасының бірлігін ұстау үшін қажет» 

деп бір сұхбатында ана өзінің отбасындағы 

рөлін қысқаша түйіндейді. Шындығына кел­

генде, сырттағы жұмыс пен отбасы мәселесін 

қабыстыра  алмай  шаңырағы  шайқалып, 

ажы  расып  кетіп  жатқан  жанұялар  қанша 

ма? Соның кесірінен жетім бала, жесір ана­

лар  көбейіп  қазақ  елінің  абыройына  дақ 

келіп отыр. Жоғарыда айтылған сөз әр қазақ 

қызының  жүрегінде  жүретін,  үлгі  алатын 

ұлағатты әңгіме.

Бүгінгі қазақ қоғамында ақсап тұрған бір 

жағдай бар, ол – тәрбие мәселесі. Бастан өт-

керген  тарихи  жағдайлардың  ықпалынан, 

ұлт  тық  дүниетанымымыз  өзгеріп,  ұлттық 

тәрбиенің  тамырынан  ажырап  қалдық,  сол 

жоғалтқан дүниемізді қайта оралуға, ұлттық 

болмыс  өзгерместей  қанына  сіңген  қазына 

қарт тарымыздың  тәрбиесі  керек.  Әлия 

осын дай  жандардың  қатарында,  ғылым-

білім  саласындағы  қыруар  жұмыстан  тыс, 

қо ғам  дағы  болып  жатқан  жағдайларға,  ұр-

пақ тәрбиесі, қыз тәрбиесі турасыдағы тың 

ой лар мен  баспасөз  бетінде  көпшілік  оқыр-

ман  мен  бөлісіп  отырады.  Мәселен,  қазір-

гі  босағада  отырып,  балалы  болған  аналар 

мәселесіне  үн  қосып,  бүгінгі  заман  көз-

қара сымен  былайша  ой  қозғайды:  «Жарық 

дүниеге  әкесіз  бала  әкелген  қыздарымызға 

түсіністікпен  қарайық,  қыз  баланы  табиғат 

ана  бол  деп  жаратқан,  тұрмысқа  шығудың 

сәті  келмесе,  қоғамда  қыздардан  ер  адам 

аз  болса,  бұған  ол  кінәлі  емес  қой?  Оның 

да ана болғысы келеді. Сондықтан дүниеге 

адам  әкелді.  Олай  болса,  үй  іші,  көрші-

көлем,  ауыл-аймақ  болып  қыздарымызды 

күстаналамайық,  жазғырмайық,  ел  болып 

өмір ден  бездірмейік»;  Ана  жанын  анадан 

артық ешкім сезінбесе керек, осыны, қоғам-

ның шынайы қалпын түсіне отырып, дуалы 

ауыздан  шыққан  пәтуалы  сөз.  Біз  көбінде 

тірелген тығырықтан жол табу емес, құр бай-

баламға  бой  алдырып  жатамыз.  Тауып  ай  -

тылған сөзге тоқтаған халық ретінде, көңіл-

ге тұшымды, ойға қонымды, осындай са ли -

халы пікірге құлақ ассақ жаман болмас пыз. 

Қазақ  елі  тәуелсіздік  алып,  болашаққа 

жол  алар  тұста  мемлекеттің  әрбір  азаматы­

на  сын  сағат  туды.  Елдің  тыныштығына, 

мем лекеттің  бірлігіне  өз  үлесін  қоса  ала­

тын әр адам өз мүмкіндігіне қарай атқа қон-

ды. Осындай сәтте айрықша кісілік келбеті 

бар,  білім-ғылыммен  қатар,  ұлттық  бол-

мысы  айқын  қалыптасқан,  қоғамдық  бел-

сенді,  іскер  адамдар,  ұлтына,  жынысына, 

жасына қарамастан ел дізгінін ұстаған тұл-

ға лардың  қасына  топталды.  Әлия  Сәрсен-

қызыда  сол  кісілердің  қатарында  Ел  Пре-

зиден ті  жанындағы  Әйелдер  және  отбасы 

ісі жөніндегі комиссиясының мүшесі болды. 

Жасының  келгеніне,  уақытының  тапшы лы-

ғына қарамастан, көргені көп ана ретінде сол 

жұмысқа атсалысып келеді. 

Әлия  бір  сұқбатында:  «Әйелдің  екін ші 

аты  –  Ана  ғой,  ал,  ана  деген  сөздің  өзін де 

үлкен мәдениет бар. Өз қамын ағана күйіт-

тейтін,  тек  өзі  үшін  өмір  сүретін  әйелдер 

болады, тағы бір әйелдер бар: олар өз басы, 

отбасы тірлігі ғана емес, ағайын-тума, ауыл-

аймақ,  ел  тірлігін  қоса  ойлайды,  аналық 

қасиет  дегеннің  өзі  де  осы,  бұрынғы  қазақ 

ауы лында бала тауып, қазан-ошақ ұстаумен 

шектеліп  қалмай,  рулы  елге  ана  атанған 

әйелдер аз болмаған, сонау ерте дүние тари­

хын,  әдебитіміздің  қазыналарына  үңілейік. 

Сонда анық көзіміз жететін нәрсе: қай уақыт-

та ел тағдыры әйелдердің араласуынсыз ше-

шіл меген.  Олай  болса,  мемлекетіміз  әйел 

тағ дырын, ал әйелдеріміз – мемлекет тағды-

рын ойлау керек», – дегені есімде. Міне, ана 

жүректің  даналығы,  ел  тағдырына  енжар 

қара май,  биіктен  жасалған  пайым,  әйелдің 

тарихи  орнын  танып,  мемлекет  алдындағы 

боры шын айқындау, мемлекеттің әйел заты­

на  назарын  аудартудағы  көзқарасының  те-

рең дігі.

Академик Әлия ғылыми ізденістен бөлек, 

іс тігеді, бұл деген ұлттық тарихи құн дылық-

тарын  сақтау,  төл  өнердің  насихатшысы 

болудың озық үлгісі. Кейде, тарихи кітаптарға 

ден  қояды,  архитектураның  қыр-сырына 

үңіледі, тарихи тұлғалар тур алы хабарларды 

тамашалайды. Асыл тас тан жасалған әшекей 

бұйымдарды жаны қалайды. Аздап ән айта­

тында өнері бар. «Сар жайлау», «Көкейкесті» 

күйлерін сүйіп тыңдайды. 

Әлияның тағы бір қыры, ол кісі өмір бойы 

қа зақтың біртуар ұлы Шоқан Уалихановтың 

еңбектерін,  өскен  ортасын,  ғылыми  мұра-

ларын зерттеумен айналысады. Өзі Ш.Уали-

ха  нов атындағы сыйлықтың иегері.

Қазақстан  географиясын  жеттік  білген 

ғалым 80 жылдардың ортасынан бастап, та-

би ғаттың тынысы саналатын экология мәсе-

лесіне ден қойып, соған ел назарын аударта 

бастады.  Экологияның  тазалығы  ұлттың 

ден  саулығының  кепілі.  Осы  мәселе  бойын­

ша қыруар еңбектер атқарды. Өзі бас болып 

эко логиядан  мамандар  даярлайтын  бөлім 

ашуға мұрындық болды. Ол сол кезде одақ 

көле мінде тұңғыш ашылған бөлім болды. 

Қазақ ғылымы өзінің дербес шаңырағын 

көтеру жолында сан тарау жолдан өтті. Кеңес 

үкіметі  кезінде,  тәуелсіздік  таңы  атқанда 

ты нымсыз  еңбек  еткен  Серік  пен  Әлияның 

том-том  еңбектері  ғасырдан  ғасырға,  ұрпақ 

бойына азық болатын құнды мұралар.

Бар  ғұмырын  табиғатты  зерттеуге  арнап 

жер-әлемді  жүрегіне  сыйдырған  ғалымның 

еңбек терін  алақандай  екі  параққа  сыйдыру 

мүмкін емес, біз тек, білгір ғамның өмірі нен 

өнеге,  еңбегінен  ғибырат  алам  деген  оқыр-

манға сілтеме жасадық. 

Сөз  соңында  ел  сыйлаған  көрегенді  ша-

ңы  рақтың  отбасына  береке,  шаңырағына 

шат   тық  тілеймін,  бала-шаға,  немерелерінің 

қы зы  ғын көрсін. Алдағы уақытта да ғылым-

білім  жолындағы  еңбектері  жемісті  болып, 

қазақ деген киелі халықтың кәдесіне жарар 

тың дүниелерін ұсына берсін.

Резюме

Статья  посвящена  жизни  и  деятельности  доктора  географических  наук,  академику 

Алие Бейсеновой.

Summary

The article is devoted to the life and work of Doctor of Geographical Sciences, Academician 

Alie Beisenova.

ӨНЕГЕМЕН ӨРЛЕГЕН ҒҰМЫР

м.а. Нуриев – 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Жаңартпа технологиялар және

 білім беру мазмұнын ҒЗИ-дың директоры, 

ҚР жоғары мектепке еңбегі сіңген 

қызметкер, профессор 

а.Е. Садыкова – 

ғылыми істер жөніндегі инспектор,

 педагогика ғылымдарының магистрі 

Заман мен қоғам ның, замандас бейнесінің 

түп сіз терең сырына зер салып, зер делі ой 

түйе  білу  азаматтық  парыз  саналса,  ал 

енді  осы  борышты  кестелі  оймен  кесек 

дүниеге айналдыру сирек тағдырларға ғана 

бұйырып жатады. Қаламгерлік тағдыр дың 

тау қыметі  таудай  дегенімізбен,  халыққа 

беретін  рухани  нәрі  мұнан  да  ұшан-теңіз 

болатынына  дәлел  іздесек,  кә сіби  қырынан 

өзге әріп тестеріне мүл де ұқсамайтын сын-

шы  ғалым  Серік  Смайлұлы  Қирабаевтың 

еңбектеріне  үңілген  абзал.  Білім  саласына, 

әдеби-мәдени  және  ғылыми  ортаға  таны­

мал Серік Смаилұлы Қирабаев - бүгінде ел 

ақсақалы,  әдебиеттану  абызы  дәрежесіне 

жеткен тұлға. Әдебиет, мәдениет және ғылым 

мен білім саласы мамандары үшін  «Акаде-

мик  Қирабаев»  атанған  абзал  азаматтың 

алпыс  бес  жылдан  асатын  шығармашылық 

дәуірі  ұлтымен  бірге  жасап,  халқының  ру­


15

14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛға

хани  тағдырымен  бірге  өріліп  келеді  десек 

қате айтпағанымыз.

Әрбір  адам  баласына  өлшеулі  ғұмыр 

беріледі.  Қамшының  сабындай  ғана  қысқа 

ғұмырлы  жалғанды  жұмыр  басты  пен-

де  қалай  өткізеді?  Оны  әрбір  адам  өзінің 

түсінгі бойынша өлшейді. Бұл – сана иесінің 

түйсігіне байланысты дүние. Әркімнің тал-

ғам  таразысына  тартқаны  өзіне  дұрыс. 

Атам қазақ «Жақсы жүрген жерде із қалады» 

дегендей өнегелі өмір өресі – биіктің өлшемі 

болмақ.  Оған  ешкімнің  дауы  жоқ.  Ізгі  іске 

құштар жанның қашаннан да ел-жұрттың 

алдында беделі биік, мерейі үстем. Немістің 

ойшыл  ақыны  Иоганн  Гете:  «Уақыттың 

босқа кеткеніне оны бағалайтын адам ғана 

қиналып,  қынжылады»,  –  деген  екен.  Ра-

сында да, өз ғұмырын мағыналы, ізгілік пен 

жақсылыққа  толы  етіп  өткізген  жанның 

өткенге еш өкініші жоқ. Осындай алдыңғы 

буынның  айрықша  бітіміне  лайық  рухы 

мықты, көзқарасы ұстамды, тұла бойынан 

тазалықтың  кәусар  лебі  есетін  жараты-

лысы бөлек тұлғалардың бірі де, бірегейі – 

бүгінде  сексеннің  сеңгірінен  сергек  аттап, 

сексен  бесті  толтырып,  тоқсан  дейтін 

торқалы жасқа беттеп бара жатқан Серік 

Смайлұлы  Қирабаев.  Ғылым  саласында 

қаді рі  мол  алып  тұлғаның  парқын  танып, 

нар қын білу, өнегемен өрілген өмір жолдары 

менен еңбек жолына үңілу адамның көңілін 

көкке  өрлетіп,  бойына  қуат  құяды.  Акада-

мик ағамыздың мол мұрасынан жұртшылық 

не  бір  сазды  сырларға  қанығып,  суреткер 

көк жие гінен  жас  санаға  молынан  төгіле 

берер  шексіз  шұғылаға  кенел ді.  Заман  лебі 

ұшы  қиыры  жоқ  зейнетінен  бейнеті  көп 

ғылым  атты  алыптың  қай  қиырына  сал-

са  да,  қиядан  көрін іп,  қай  бір  тереңінен 

бойлап  та,  ойлап  та  шыға  біл ген.  Халық  

көкейіндегі ойдың орайын тапты, қай істе 

де  қай рат керлік  пен  ерік-жігердің  үлгісін 

көрсетіп  отырды.  Қазақ  әдебиетінің  ғана 

емес,  қазақ  ұлттық  идеясының  жаңа  бе-

лес терін  қамтитын  сындарлы  зерттеу-

лер  мен  салдарлы  мақалалар  жазды,  қазақ 

әдебиетінің бүгіні мен ертеңі туралы көсіл-

ген ой, көсем сөз тудырды. Бұл сынды сезім 

мен  ниеттегі  академиктің  қаламынан  не 

туды деген сұраққа ғылыми шығармашылық 

өнерінде 40-тан астам монография мен сын 

зерттеу  кітаптарын,  17  оқулық  пен  оқу  құ-

рал дарын,  800-ден  аса  мақала  шығарғаны 

туралы  дәйекті  дәлел  ретінде  ұсына  ала­

мыз.  Бұл  дегеніміз  –  өте  ауқымды  еңбек. 

Сондай-ақ,  Серік  Смаилұлы  ға лым  ретінде 

әдебиет тарихына ғана емес, ізгі жан ретінде 

талай  адам ның  тағдырына  өз  қолтаң басын 

қалдырып  отырға н.  Оның  айғағы  ретінде 

әдебиеттану ғылымына келіп жатқан маман­

дар мен ізденушілерге жасаған қамқорлығын 

мысалға келтірсек болады. Бұл жөнінде се­

натор  Ғари фолла  Есім:  «Ол  кісінің  бойына 

екі қасиет ұйыған: кісілік пен парасат. Кісілік 

деген не? Бұл – жақсылықты, ырыс-береке ні 

тек өз басына ғана емес, еліне, халқына тілеу, 

соңынан  кісі  ерте  білу.  Ал  парасаттылық  – 

Жара тушы  берген  сана,  ақыл-ой,  сөзді  өзі-

нің дұрыс мәнінде, ізгілік арна сында пайда­

ланып, соған сай іс-харекет жасау. Баяғыда 

үнділер:  «Адам  екі-ақ  нәрседе  қателеседі: 

біреуі  –  сөйлемейтін  кезде  сарнау,  екін  шісі 

–  сөйлейтін  кезде  тосы лып  қалу»  депті. 

Серағаңның  ай та  тын  кезде  сөзі  бар.  Орын­

сыз  жер   де  үнсіз  қалатын  парасатты лық  та 

оған тән. 

...Адамның  кісілігі  мен  па расаттылығы 

оның кейінгі толқын жастарға деген көзқа-

расы  арқылы  анықталады.  Серік  Қирабаев 

өзі нен  кейінгі  жастардың  ешқай сысының 

кеудесінен  итермеді,  қайта  бауырына  тарт­

ты. Көп жас тарға жол ашты. Сөйтіп, талай 

сын шыларды, әдебиеттанушы ларды қалып-

тастырды. Соның бірі – менмін», – деп, мақ-

танышпен айтады.

Ал, академиктің өзінің: «...Әдебиет деген 

белгілі  бір  штамппен  дамымайтын,  әртүрлі 

ойлап, шындықты өзінше түсініп бейнелейтін 

кәсіптің  түрі  ғой.  Менің  түсінігіммен  жаз-

ған  мақалаларым,  сын  пікірлерім  де  сол 

түрліше  ұғым-түсініктің  бірі»,  –  деген 

сырлы  сөзінен  біз  ол  кісінің  «менмін»  деп 

кеудесін соқпайтын қарапайымдылығы мен 

қағидатшылдығын,  адалдығы  мен  арлы-

лығын байқаймыз. Әлі де қоғам мен қауымды 

толғандырған келелі мә се лелерде кең толғар 

пайым қажет болғанда, қаламына қай раткер 

сөз  ұштап,  шынайы  пікірі  мен  шырайлы 

бәтуа сын  жайып  салудан  еш  шаршаған  да, 

тосылған да емес. Жұртының мүддесі үшін 

жазары  таусылмаған  жазушы  болу  да  бір 

бақыт десек, ерен еңбек жолы – бір ғанибет. 

Әдеби  және  ғылыми  ортада  зор  бедел­

ге  ие,  академик  Серік  Смаилұлы  халқына, 

қазақ  әдебиеті  мен  мәдениетіне  тынбас-

тан аянбай еңбек етіп келеді. Өмірдегі тым 

қарапайымдылығы  оның  ірі  ғалым  екен -

дігінің  үлгісі  болса  керек.  Шын  мәнін де, 

академиктің  ғылыми  еңбектерінің  не гіз-

гі  арқауы  –  қазақ  әдебиетінің  тарихи  жолы 

мен даму тенденциялары, ұлттық дәстүр дің 

жаңғырып,  жаңа  сапалық  тұрғыда  қалып-

тасуы,  шығармашылық  шеберліктің  шың-

далуы болатын. Оған қазақ әдебиетінің бү-

гінгі даму үрдісі дәлел болмақ. 

Әзиз  әдебиетшінің  шығармашылығына 

тән ерекшеліктерінің бірі – оның үнемі дер-

лік  өз  саласында  алғашқы  болып  бетбұрыс 

жасаушылардың  қатарынан  көріне  білуі. 

Ол  қазақ  совет  әдебиетінің  көрнекті  өкілі 

Ғабиден  Мұстафиннің,  педагог-жазушы 

Спандияр  Көбеевтің  еңбектерін  алғаш  рет 

тұтастай  алып  қарастырып,  ғылыми  айна-

лымға  енгізсе,  Сәкен  Сейфуллиннің  артта 

қалған  мұрасына  байланысты  да  тұңғыш 

рет  нақ  осындай  кешенді  жұмыстар  жаса­

ды. Тарихымыздың ақтандақ беттері, арыс-

тарымыз  Ш.Құдайбердиев,  Ә.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов 

есімдерін ақтап, олардың ұзақ жылдар бойы 

жасырын болып келген мұраларын халқына 

қайта оралту жөнінде ғылыми негіздеме жа­

саушы  ғалымдарға  жетекші  болды.  Өзі нің 

тікелей  басшылығымен  Жүсіпбек  Аймауы-

товтың  шығармалар  жинағын  халыққа 

ұсынып, «Жүсіпбек Аймауытов» атты моно­

графиясын да алғаш жариялады. Сыншылық 

және  әдебиеттанушылық  еңбектерінің  ба-

сым  бөлігі  қазақ  совет  әдебиетін  зерттеу-

ге  арналды.  Бұл  дәуірде  өмірге  келген  ең 

сүбелі  деген  шығармаларды  жан-жақты 

талдай  отырып,  олардың  көркемдік  идея-

лық  жетістіктерін  нақты  ашып  көрсете 

білді.  Әдебиеттің  алыптары  М.Әуезовтің, 

С.Мұқановтың,  Ғ.Мұстафиннің,  Ғ.Мүсіре-

пов тің  айтулы  туындыларынан  бастап, 

олар дың  іздерін  ала  шыққан  талант  иелері 

Т.Жароков,  Қ.Аманжолов,  Ә.Тәжібаев, 

Қ.Бекхо жин, Ғ.Орманов, Ж.Саин және тағы 

басқа  қаламгерлердің  шығармашылығын 

зерт теді. Зерттеулерінің нәтижесінде жалпы 

қа зақ кеңес әдебиеті туралы көптің көкейіне 

қонар лық  ғылыми  пікір  қалыптастырды. 

Ал, тәуелсіздік жылдары С.Қирабаев еңбек-

Президент Н.Ә. Назарбаевтың орден тапсырып тұрған кезі


17

16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

тері  қазақ  әдебиеті  тарихында  осы  бір 

ұлт тық  идеяның  тууын,  өрістеуін,  оның 

қиын шылықпен  даму  жолдарын  тануға  кө-

мек тесті.  Ол  әдебиет  тарихын  бағалауда 

жаңа  көзқарас  қалыптастырды.  Және  де, 

60  жылға  жуық  уақыт  бойы  орта  мектепке 

арналған  (9-10-11-сыныптарға)  қазақ  әде-

биеті  оқулықтарын  жазуға  қатысып  келе ді. 

Қазақ мектебі тарихында бірінші рет факуль-

тативтік курс үшін қазақ әдебиеті оқулығын 

да  жазды  және  ол  бүгінгі  күнге  дейін  фа­

культатив оқу үшін жазылған жалғыз құрал 

болып  табылады.  Оқу  бағдарламаларына 

сәйкес  оқулықтарды жаңартып, жаңа талап-

қа  сай  еңбек  етуде.  Жас  ұрпақты  әдебиет 

арқылы  білім  мен  отаншылдыққа  баулу­

да  бұл  оқулықтардың  атқарар  қызметі  мен 

көте рер жүгі орасан зор.

Өмірдің  өзі  көрсетіп  отырғандай,  бәсе-

кеге  қабілетті  білім  беру  жүйесі  елдің  өмі-

рін де шешуші рөл атқарады. Білім мен ғы-

лым ның  дәуірі  болған  ХХІ  ғасырда  әрбір 

ұлт  өзін  әлемнің  алдыңғы  қатарынан  көруі 

үшін ұрпақ тәрбиесіне аса мән беретіні сөз-

сіз.  Кімнің  білімі  күшті,  әлем  соның  қо -

лын да  десек,  өзге  халықтар  соның  тілін де 

сөйлейді.  Мінеки,  қазіргі  кездің  шын дығы 

осы.  Әлемдегі  аса  ауқымды  құбылыс-

тардың  бірі  –  жаһандану  дәуірінің  білім 

жүйесіне зор ықпалын тигізіп жатқан кезе-

ңінде  –  адамзат  ұрпағының  тағдырына  де­

ген  алаңдаушылығы  мен  жауапкершілік 

се зім  дері  толастаған  емес.  Бұл  жаппай  жа-

һан дану  процесінің  құрбаны  болмау  үшін 

–  бабалары  мирас  етіп  қалдырған  ру ха-

ни-мәдени  қазыналарын  қастерлеп,  өске-

лең ұрпақ тәрбиесіне жаратып отыру қажет 

екені  айдан  анық.  Мұндай  тәрбиемен 

берілген  білімді  бойларына  сіңірген  әрбір 

жас ұрпақ мәдениетпен де, тәлім-тәрбиемен 

де  жан-жақты  қаруланған  интеллект  бо­

лып қалыптасып шығады. Нағыз интеллект 

тәрбиелеп  шығаруымыз  үшін,  әрине,  ең 

бірінші  жеті  жұрттың  тілін  біліп,  ана  тілін 

сон дайлық дәрежеге көтеріп, қадір-қасиетіне 

жетік болумен қатар, төл әдебиетімізді әлем 

әдебиеті төріне асқақтату жұмыстарын жүр-

гізуіміз  керек.  Өз  халқының  әдеби,  тіл дік 

мұрасын оқу арқылы өң бойларына ұлттық 

мақтаныш  сезімі  жайылып,  тамыры  терең 

жол тарту керек. Өркениеттер тарихына ой 

жіберсеңіз,  қай  халықтың  да  ұлттық  тағы-

лымы бар екеніне көз жеткізесіз. Белгілі бір 

халық тағылымы – сол халықтың ұлттық не-

гізі.  Халықтық  рухты  дамыту  мақсатында 

біраз жұмыстар жасалынып та жатыр. Оған 

баспасөз  беттері  де,  теледидар  ағымы  да 

өз  үлестерін  қосуда.  Білім  саласында  да 

біршама ұлт тәрбиесіне көңіл бөлінетін жұ-

мыс тар жасалынып жатқаны белгілі. Осын-

дай қарбалас шақта ұлтым деген әрбір аза­

мат бос қарап отыра алмайтыны айдан анық 

дейтін болсақ, академик ағамыздың да ұлт-



тық әдебиет тағдырын, тіл тағдырын, діл 

тағдырын,  дін  тағдырын  ұштастырған 

ұлағатты  пікірлері  мен  ұрымтал  ойлары 

жұртының  жүрегіне  жетіп  жатыр.    Бұл 

жө нінде ғалымның өзі де: «Әдебиет – ұлт-

тық мәдениеттің бір саласы. Оның дамуы 

ұлттың тілімен, ділімен, ұғым-түсінігімен, 

парасатымен,  дүниетанымымен  тікелей 

бай ланысты.  Осының  бәрі  көркем  туын-

ды  арқылы  көрініп,  халықтың  сана сына 

сіңген,  оның  рухани  өмірін  қалып тас-

тырған.  Әдебиет  туралы  ғылым  көркем 

әдебиеттің  осы  жолдағы  ізденісін,  ойлау 

мен  бейнелеудің  жолдарын  жинақтайды, 

қорытындылайды»,  –  дейді.  Сондай-ақ, 

ұстаз  ғалым  әлемдік  өркениеттің  ортақ 

қазынасына  олжа  салған  суреткер  десек  те 

қателеспегеніміз.  Себебі,  көркем  ойдың, 

көркем  әде биеттің  көсемсөзге  жол  берген 

тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске 

қол артып, уақыт мінберіне көтерілді. Ағы-

нан  жарылып,  адалынан  сөйледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет