«Ұлттық тәрбие» кафедрасы ашылды. Бұл
кафедраның ашылуы болашақ педагог-ма
мандар үшін де, қоғам үшін де үлкен тарихи-
мәдени оқиға. Аталмыш кафедрада өз істерін
жетік меңгерген, білікті де тәжірибелі ма
мандар жұмыс атқаруда. «Ұлттық тәрбие»
сабағы енгізіліп, ол жеке пән ретінде барлық
мамандықтар бойынша оқытылуда. «Ұлттық
тәрбие» пәнінің мақсаты – ұлттық сана-сезімі
қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне
өз үлесін қоса алатын, ұлттық құндылықтар
мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ұш-
тас тыра алатын толық кемелді, ұлтжанды
тұл ғаны тәрбиелеу болып табылады. Соны
мен қатар, университет базасында «Ұлттық
тәрбие жөніндегі республикалық үйлестіру
кеңесі» құрылған.
2010-2011 оқу жылының басынан бас-
тап университет ректоры, профессор
С.Ж. Пірә лиев тің жетекшілігімен ұлттық
тәр биеге байланысты мәселелерді жан-
жақты қарастырып, талқылайтын, әртүрлі
пікір лерге қозғаушы болатын Дискуссиялық
клуб іске қосылды. Мұндағы мақсат – ұлт
тық тәрбие мәселесімен айналысып жүрген
еліміздің жетекші ғалымдары мен тәрбиеші-
мамандардың басын қосып, тәжірибе алма
су. Осындай тәжірибелер алмасу арқылы
ұлттық тәрбие құндылықтарын сұрыптап,
екшеп, оны ғалымдардың талқысына салып,
одан әрі жетілдіру, сөйтіп, ұлттық тәрбиенің
негізгі мақсаттарын айқындап, өскелең ұр-
пақ ты осы айқындалған іс-тәжірибе ар қылы
тәрбиелеу, олардың Отан алдында жауап
бере алатын қабілет-борышын жетілдіру,
қоғам алдындағы маңызды мәселелер жө-
нін де өзінің азаматтық көзқарастарын қа-
лып тастыра алатын шын мәніндегі патриот
тұлғаны тәрбиелеп шығару – біздің басты
міндетіміз. Қалай дегенде де мұндай іс-тәжі-
рибенің мәні мен берері мол болатыны анық.
Осы кезге дейін Дискуссиялық клубтың
бірнеше отырысы болып өтті. Оның жұмы-
сына Қазақстанның көрнекі ғалымдары
Жарық баев Қ., Қалиев С., Құсаинов А.,
Ғабба сов С., Мырзахметұлы М., Нуриев М.,
Нәрібаев К., тағы басқалар қатысып, ұлттық
тәрбиеге байланысты келелі ойларын айтып,
аталған мәселелерге өз пікірлерін білдірді.
Олардың ішінен Шымкент университеті «Пе
дагогика және психология» кафедрасының
меңгерушісі, профессор Әтемова Қ.,
ҚызМПУ-нің аға оқытушысы, педагогика
ғылым дарының кандидаты Қоңырбаева С.,
аталған университеттің психология-педаго
гика кафедрасының меңгерушісі, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Жиен
баева С., Алматы қаласы Білім беру жүйесі
мамандарының біліктілігін көтеру және қай-
та даярлау институтының бас маманы Еден
баева З. т.б. сияқты баяндамашыларды атап
өтуге болады.
31
30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
аБаЙТаНУ ТағЫЛЫмЫН, аБаЙ мҰ
Ра СЫНЫҢ ӘЛЕмДІК мӘДЕНИЕТТЕГІ
ОРНЫН ТҮСІНДІРУ:
Ұлы Абай мұраларын насихаттау, оның
адам гершілік-эстетикалық ұстанымдарын
оқы ту мақсатында «Абайтану» ғылыми-зерт -
теу орталығының ашылуы да кейінгі жыл -
дар дың жемісі. Барлық мамандықтар бой -
ынша «Абайтану» және «Әдептану» дәріс-
тері жүргізілуде. Аталған пәндерді оқыту
студенттердің тұлғалық және ұжымдық тәр-
бие сіне, оның ішінде өзара қарым-қатынас
мәдениеті мен мінез-құлық әдебіне, ұлттық
мінез қалыптастыруына, ел-жұртын ар дақ -
тауға тікелей әсерін тигізетіні сөзсіз. Соны-
мен қатар, «Абайтану» мұражай-каби неті
жасақталды, 2 жылда бір рет «Абай әлемі»
студент жастардың өнер фестивалі өткізі-
леді, «Абай мектебі» интеллектуалдық клу
бы іске қосылды. Жыл сайын ғұлама ғиб-
ратын кең көлемде насихаттайтын «Абай ай
тады...» акциясы жүргізіліп келеді. Соны мен
қатар, 2011 жылы М.Мырзахметұлы және
бір топ ғалымдар бірлесе даярлаған «Абай-
тану әліппесі» атты аудиооқу құралы және
М.Мырзахметұлының «Абайтану» ат ты үл-
кен екі томдығы жарық көрді.
2011 жыл – Қазақстан дамуы тарихында
ерекше мәртебеге толы жыл болды. Ол Пре-
зи дент Жарлығымен «Қазақстан Респуб-
ли касы Тәуел сіздігінің 20 жылдығы» деп
жария ланды. Осы орайда Тәуелсіздіктің 20
жылдығына орай университет ұжымының
ұсы ныстары ескерілген кешенді жоспар
жаса лып, іргелі шаралар өткізілді. Атап айт-
қанда:
2011 жылдың 26 қазанында «Ұлттық тәр-
бие және өзін-өзі тану кафедрасының» ұйым-
дастыруымен ұстаздар күніне арналған Ұлы
ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына
170 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы – Ыбы
рай» атты әдеби танымдық кеш өтті. Кеш
қонақтары ф.ғ.д., профессор М.М. Мырзах
метов, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гим
назия директоры, Қазақстанның Еңбек Ері -
А.Т.Миразова, ыбырайтанушы п.ғ.д., доцент
Г.Е. Рысбекова және Ыбырай Алтынсариннің
туысы Г.К.Шалтабаева қатысты.
2011 жылдың 2 қарашасында елдіктің, кө-
сем діктің, тапқырлықтың мектебіне айнал -
ған, айтыс өнерінің дамуына өзіндік үлес
қосқан дарын иесі, дүниеден өткен айтыс-
кер ақын Оразалы Досбосыновты еске алу
мақсатында, жоғары оқу орындарының
сту дент тері арасында алғашқы рет «Ақын
мын сөзі жетер сан ғасырға» атты ақындар
сайы сы болып өтті.
33
32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
2011 жылдың 29 қарашасында Тәуелсіз
Қа зақ стан Республикасының негізін қалау-
шы – Президент Н.Ә. Назарбаевтың тұлға-
лық бейнесін айшықтау мақсатында Прези-
дент тің мәдениет орталығының директоры,
көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері
Мырзатай Жолдасбековпен «Тәуелсіз Қа
зақ стан Республикасының негізін қалау
шы – Президент Н.Ә. Назарбаев» тақы
рыбында тарихи-танымдық дәріс өткізілді.
2011 жылдың 8-9 желтоқсан күндері ара -
лығында жас ұрпақты патриотизмге тәр-
биелеу, соңғы 20 жыл ішінде (1991-2011
ж.ж.) шығарылған Отандық авторлар дың
жаңа әндерін кеңінен насихаттау, олар ға
қолдау көрсету, қазақстандық ән туынды-
ла рының бәсекелестік әлеуетін арттыру, ән
өнерінің ең жақсы дәстүрлері мен жетіс-
тіктерін жаңғырту, жас таланттарды анықтау
мақсатында ЖОО, колледж сту дент тері мен
арнайы орта және жалпы білім беретін мек
теп оқушыларының арасында «Тәуелсіз
жылдар әндері» атты I Республикалық
«АРАЙ» конкурсы өткізілді. Конкурсқа
рес публикамыздың шығысы мен батысы,
оңтүс тігі мен солтүстігі арасындағы көп те-
ген аймақтың жоғары және орта арнау лы оқу
орындарынан 41 талантты әнші қатысып,
бақ сынасты. Екі күнге созылған конкурс
барысында сахнада жүзге тарта әндер орын-
далды. Атап өтерлігі: конкурсқа қаты сушы-
лардың бәрі де әнді өз дауыстарымен орын
дады. Байқау барысы әділ бағалануы үшін
тәуелсіз қазылар алқасы құрылды. Қазақстан
Республикасына еңбек сіңірген әртіс Ве
нера Қармысова жетекшілік еткен қазылар
алқасының құрамында болған Қазақстанның
еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясова, Қазақ-
станның еңбек сіңірген қайраткері, әнші
Сембек Жұмағалиев, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері, белгілі сазгер Бейбіт
Дәлден баев, Қазақ мемлекеттік қыздар пе-
да гогикалық университетінің профессоры,
халықаралық және республикалық конкурс -
тардың лауреаты Ағайша Исағұлова ән бай-
қауына әділ төрелік етті. Жас талант тардың
өнерін адал бағалауға үлкен үлес қосты.
Оқу мен тәрбие егіз дейтін болсақ, тәрбие
жұмысының білім беру процесімен қатар
да және одан тыс уақытта да жалғасатыны
бәрімізге белгілі. Осы тұрғыда 2008-2009
оқу жылынан бері университет рек торы
Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің текілей бас-
шылығымен студенттердің бойына адам-
гер шілік-рухани тұрғыдан жетілді ріл ген,
қазір гі заман бәсекелестігіне жауап бере
ала тын, «Тәрбие жетекшілігі» жүйесі
енгізілді. Аталған жүйенің басты ерек ше
лігі: жоғары оқу орнында қызмет ететін
про фессор-оқытушылар құрамы мен қыз-
мет кер лерді түгелдей жастар тәрбиесі ісіне
тарту, қоғамдық маңызды шаруаны бірі гіп
атқару болып табылады.
ТӘРБИЕ ЖЕТЕКШІЛІГІ ЖүЙЕСІ
Университет ректорының 2011 жылғы 10
қазанындағы «Тәрбие жетекшілерін тағайын-
дау туралы» бұйрығына сәйкес тәрбие же-
тек шілігіне факультеттер құрамындағы ка-
фед ралармен қатар ректорат, университет
жа нын дағы ғылыми-зерттеу институт тары
мен жалпыуниверситеттік пәндер орталы-
ғы, ғылыми кітапхана қызметкерлері де тар
тылды.
Жыл басынан бері тәрбие жетекшілігі жұ -
мы сын жандандыру бойынша «Тәрбие же-
тек шілігі» жүйесінің норма тивті құжаттар
жаңадан әзірленіп, қолданыс қа енгізілді,
атап айтқанда:
Тәрбие жетекшісі туралы Ереже; Тәр -
бие жетекшісінің журналы; Тәрбие жетек -
шісіне арналған нұсқаулық; Тәрбие жетек-
шілері Кеңесінің Ережесі; «Үздік тәрбие
жетекшісі» конкурсының ержесі, Абай
атын дағы ҚазҰПУ студенттері мен маги-
странттарына арналған Этикалық кодекс;
«Абай айтады...» танымдық-ақпараттық
35
34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
құрал; Жатақхана туралы Ереже; Абай
атындағы ҚазҰПУ-да құқық бұзушылықтың
алдын алу және болдырмау Кеңесі туралы
Ереже; Тәрбие сағаттарында пайдалануға
арналған түрлі ақпараттық-танымдық ма-
териалдар (брошюралар, кітапшалар, пла-
каттар, күнтізбеліктер, т.б.).
Тәрбие жетекшілеріне ғылыми-әдістеме-
лік көмек көрсету мақсатында Тәрбие бас-
қармасы бастамасымен 2011 жылдың 8
қаңтарынан бастап білікті ғалым-ұстаздар-
дың көмегімен семинар-тренингтер және
мастер-кластар ұйымдастыру қол ға алы
нып, биылға оқу жылында да өз жалғасын
тапты. 2012 жылдың 20 ақпаны мен 5 нау
рыз күндері аралығында Тәрбие жетек ші-
леріне арналған мастер-кластарды төмен де-
гі профессор-оқытушылар құрамы өткіз ді:
«ЖОО-ның оқу-тәрбие үрдісінде жастар дың
ұлттық келбетін қалыптастыру» тақыры -
бында п.ғ.к., доцент С.Ғ.Тәжібаева, «Абай -
дағы толық адам мәселесі» тақы ры бын-
да Абайтану ғылыми зерттеу орталығы-
ның ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент
М.Әліпхан, «Психологические проблемы об-
ра зования» тақырыбында Психология ҒЗИ
директоры, академик Ж.Ы. Намазбаева, «Тре-
нинг личностного роста» тақырыбында пси-
холог-жаттықтырушы А.Б.Садықова, «Пси -
хо физиологические особенности и фак торы
риска суицидального поведения в юно шес-
ком возрасте» тақырыбында Алдын-алу
суици дологияның ғылыми-техникалық зерт -
ха насының меңгерушісі профессор Р.Б. Кәрі-
мова, «Тәуелсіз Қазақстанда толе рант -
тылықтың қалыптасуы мен дамуы» тақы-
ры бында Толеранттық ғылыми білім беру
орталығының директоры т.ғ.к., доцент
Жұма хан Нұрманбетқызы, «Шәкәрімнің да
рынды ұрпақтары» тақырыбында Абайтану
ғылыми зерттеу орталығының жетекші ма
маны, ф.ғ.д., доцент С.Д. Ізтілеуова.
2012 жылдың 16-30 сәуірі аралығында
«Үздік тәрбие жетекшісі» конкурсын және
тәрбие жетекшілігі жұмысын жетілдру жә-
не аталмыш жүйе бойынша Алматы қала-
сындағы ЖОО-мен тәжірибе алмасу мақса-
тында 2012 жылдың 15 мамырын да «ҚР
қоғамдықәлеуметтік даму жағдайында
абай атындағы Қазақ ұлттық педагоги
калық университетіндегі тәрбие үдерісінің
жаңашылдығы» тақырыбында семинар
өткізілуді жоспарлап отырмыз.
Университетте Тәрбие жұмысы жүйелі
түрде ұйымдастырылып келеді. Жылдық
жос парда белгіленген тәрбиелік, мәдени
ша ра лар өз мерзімінде, ұйымдасқан түрде
жүзеге асырылады. Университет жастары
республикалық, облыстық, қалалық, аудан -
дық деңгейлерде ұйымдастырылып жүр ген
түрлі көлемдегі шараларға үлкен жауап-
кершілікпен қатысады. Жастар ісі жөніндегі
комитет Алматы қаласы бойынша «Жас
Отан» Жастар Қанаты, «Қазақстан Студент
тер Альянсы», «Ауыл жастары» одағы, «Жа
сыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары»
сияқты Жастар ұйымдарымен тығыз қарым-
қатынаста жұмыс жасайды.
Университетте студенттердің бос уақы-
тын тиімді пайдалану мақсатында факуль-
тет тер жанында түрлі бірлестіктер, клубтар,
үйірмелер мен спорттық секциялар жұ мыс
жасайды. Жыл сайын университет ректо-
рының кубогына арналған дебат тур нирі
өткі зіледі.
Университетте студенттік фестиваль, пән-
дік олимпиадалар, кең ауқымды спартакиа-
да, студенттік қатарға қабылдау, көңілді
тапқыштар клубының лигасы, нашақорлық
пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциялар,
т.б. шараларды өткізу дәстүрге айналған.
Студенттер мен магистранттарға әлеумет-
тік тұрғыдан жан-жақты қолдау көрсетіледі:
жатақханалардан орын беріліп, тұрмысы
ауыр, әлеуметтік қолдауға зәру студенттердің
оқу ақысын жеңілдетуге мүмкіндіктер жаса
лады.
Университет аумағы, оқу ғимараттары мен
жатақханаларда қоғамдық тәртіпті қадаға-
лау мақсатында 2011 жылдың қыркүйегінен
бастап «Студенттік мобильді жасақ» жұмы-
сын бастады. «Студенттік мобильді жасақ»
ережесі Медеу ауданының Ішкі істер бөлімі-
нің бастығымен келісіле отырып қайта әзір-
ле ніп, бекітілді. СМЖ құрамында қазіргі
таңда 25 сақшы жұмыс жасайды.
«Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс
жасақтары» бағдарламалары бойынша жаз
айларында университет қабырғасында 41
студент 45000 теңге көлемінде жалақы алып,
еңбек етеді. Жастардың көмегімен уни -
верситеттің барлық жатақханаларымен оқу
ғимараттарында жөндеу құрылыс жұ мыс -
тары жүргізілді. Осы орайда «Нұр Отан»
халықтық демократиялық партиясы ның
«ЖасОтан» жастар қанаты және универ-
ситетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитетінің
ұйымдастыруымен Қазақстан Республика
сы Парламент мәжіліс депутаты, «Парасат»
орденінің иегері Бекболат Тілеухановпен
студенттік құрылыс жасағының мүшелері
кездесіп, өзара пікір алмасты. Еңбек түбі
еленбей қалуы мүмкін емес. 2011 жылдың
жұмыс маусымы бойынша Абай атындағы
ҚазҰПУ «Ең үздік ЖОО» атына ие болды.
Ұрпақ саулығына қашанда жіті көңіл
бөлініп отырады. Себебі ел болашағы дені сау,
тәні ширақ, ойы жүйрік ұрпақпен ғана баян
ды. Осы орайда оқу орнында көпшілік спорт
түрлерін дамытуға, студенттер арасында са
лауатты өмір салтын насихаттауға баса на
зар аударылып, ұлттық ойындар біріншілігі,
жеңіл атлетикадан факультетаралық жары
стар өткізіліп отырады.
Университетте 14 спорттық секция жұмыс
істейді, оларға 3500-ден аса студенттер тар-
тылған. Материалдық-техникалық база: 400
шаршы метрді құрайтын бокс залы, 600
шар шы метрлік ойын залы және үлкен зал
бар. 5000 орындық стадион, жүгіру жолда
ры, футболға арналған ойын алаңы биылғы
жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдала
нуға берілді.
Университетте сыбайлас жемқорлыққа
жол бермеу және оның алдын алу мәселесі не
ерекше назар аударылады. Аталған келеңсіз-
дікпен күрес жұмыстарын ұйымдастыру
мақсатында университет ректорының 2011
ж. 1 ақпандағы №12.04/19-621 бұйрығына
сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комис
сия құрамы жаңартылып, қайта құрылды.
Оқу ғимараттарында, жатақханаларда жем-
қор лықтың алдын алу туралы плакаттар
ілініп, әр оқу ғимаратына Ректордың сенім
жәшігі мен Студенттердің жеке кодтары
арқылы жұмыс істейтін баға терминалда
ры қойылған. Бұл өз кезегінде сыбайлас
жем қорлықтың алдын алуға тікелей ықпалы
тиетін механизм болып табылады.
Осы орайда студенттермен жүргізілетін
кең көлемдегі ақпараттық-танымдық жұмыс-
тар, мамандармен кездесулер, әлеумет тік
зерт теулер, сауалнамалар, психологиялық
қол дау жұмысы өз нәтижесін беріп келеді.
Жастардың қоғамдық санасын көтеру,
аза мат тық позициясын қалыптастыру мақса-
тында студенттік өзін-өзі басқару құрылымы
жұмыс істейді. Оның қатарында Жастар ісі
жөніндегі комитет, студенттік деканаттар
бар. Аталған комитет түрлі және үкіметтік
емес ұйымдармен байланыс орнатқан.
Кейінгі жылдары «Халың қалай сту-
дент?» атты ашық микрофон сағаттарын өт-
кі зу дәстүрге енгізілді. Басқосуда студенттер
өздерін ойландырған мәселелер төңірегінде
құрылым басшыларына тікелей сұрақ қойып,
ашық сұхбат құруға мүмкіндік алады.
Университет студентері мен магистрант-
тарының әлеуметтік қорғалуына еркеше мән
берілуде. Арнайы құрылған комиссия ше-
шім дері негізінде әлеуметтік қолдауға зәру
студенттерге түрлі көлемде жеңілдіктер жа
салады.
Студенттердің тамақтануы мәселесіне де
айрықша көңіл бөлінген. Оқу ғимараттарында
5 асхана, 2 буфет, жұмыс істейді.
Жалпы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педа-
гогикалық университетіндегі тәрбие жұмы сы
бүгінгі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев тың
интелектуалды ұлт қалыптастыру туралы
нұсқауларына сәйкес жүргізілуде. Ал тәрбие
жұмыстарының нәтижесі студенттердің оқу
үлгеріміне айтарлықтай ықпалын тигізіп
отыр.
Резюме
В данной статье рассматривается приоритетные направления воспитательной работы
КазНПУ имени Абая
.
Summary
In this article observes priority direction of educational works of Kazakh national pedagogical
university named after Abai.
37
36
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ТҰңҒЫШ МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ
PhD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ
Г.Б. Нурлихина –
Магистиратура және PhD докторантура
институтының директоры,
экономика ғылымдарының докторы,
доцент
Магистратура және PhD докторантура
инсти туты Абай атындағы Қазақ ұлттық
педа гогикалық университеті Ғылыми кеңе-
сі нің шешімімен 2009-2010 оқу жылын
да ашылды. ҚазҰПУ ректоры, академик
С.Ж. Пірәлиевтің бастамасымен ашылған
Институт республикадағы тұңғыш жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орны
болып табылады.
Магистратура және PhD докторантура
институты ғылыми-педагогикалық ба ғыт -
та магистратураның 50 мамандығы бой ын -
ша және PhD докторантураның 28 маман-
дығы бойынша маман даярлайды. Институт
университеттің ең үздік дәстүр ле рін өзіне
сіңіріп қана қоймай, оларды әлемдік білім
беру кеңістігіндегі ең үздік инновациялық
үрдістермен біріктіре білді. Институт қа быр-
ғасында еліміздің біліктілігі жоғары ғылы-
ми-педагогикалық мамандары дәріс оқып,
шетелдік ғалымдар үнемі ша қыры лады. Ин
ститут инновациялық бі лім нің катализаторы
болып табылады. Біліктілік ті арттырудың
тұрақты семинарлары, тренинг тері мен кур
стары шын мәнінде, инсти тут тың магист-
ранттары мен докторанттары және оқы-
ту шылары арасында өзара құрмет пен
сенім нің қоңыржай атмосферасын қа лып-
тастырды. Қазіргі кезде институт ғылы ми
және ғылыми-педагогикалық мамандарды
дайындау бойынша тек Қазақстан Респуб-
ликасының аумағындағы ғана емес, сондай-
ақ ТМД көлеміндегі жетекші орталықтардың
біріне айналды.
Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жыл сай
ын университетке магистратура мен доктор
антурада оқыту үшін мемлекеттік гранттар
бөлінеді. Бүгінгі таңда институтта 65 PhD
докторант пен 687 магистрант білім алуда.
Магистратура және PhD докторантура
институтының материалдық-техни ка лық ба-
за сы жеке оқу ғимаратында орна лас қанды-
ғымен де ыңғайлы. Институт құра мын да
7 кафедра, өткен оқу жылында ашылған 5
ғылыми-зерттеу зертханасы (физика және
нанотехнология, биомониторинг, химия, ин
форматика және математикалық модельдерді
сараптау және сәйкестендіру лаборатория
сы), 2 компьютерлік класс, 7 оқу-әдістемелік
кабинет, кітапхана қызмет жасайды.
Отандық тарих ғылымы мен бейнелеу
өнерінің дамуына ерекше үлес қосып отыр-
ған Институт құрамындағы іргелі кафед-
ралардың бірі – «Қазақстан тарихы мен
мәдениеті» кафедрасы. Кафедрада отандық
тарих, әлемдік және отандық өнер теория -
лары, өнер педагогикасы сияқты ғы лы-
ми салалар бойынша зерттеулер жүргізі-
луде және білім берілуде. Кафедраны та рих
ғылымдарының докторы, профессор, бел-
гілі Алаштанушы, Халықаралық Сократ
сыйлығының иегері (Оксфорд, Ұлы брита-
ния), Халықаралық Вена қаласы универ-
ситетінің құрметті профессоры, Қазақ стан
тарихшылары қауымдастығының президенті
М.Қ. Қойгелдиевтің басқаруы – оның қар-
қынды жұмысына негіз болып отыр.
Кафедра құрамында ғылым докторла ры:
Х.А. Сутеева, Г.А. Сексембаева, Б.А. Аль му-
хамбетов, К.О. Жеделов, кан дидат-доценттер:
Б.О. Жангуттин, Ш.Т. Нұр ман, З.Б. Мыр
затаева, Ш.Б. Тілеу баев, М.Ч. Қалы бекова,
В.Ф. Власюк, М.Э. Сұлтанова, О.М. Коңы-
ратбаев, Е.Т.Калиева, Р.Р. Каирбекова,
А.И. Ибра гимов және т.б. қызмет етеді.
Химия, физика, биология, экология, гео -
гра фия және туризм салалары бойынша
білікті магистрлер мен докторант тар дай-
ындайтын «Жаратылыстану маман дық-
тары» кафедрасында Елімізге белгілі бедел-
ді ғалымдар шоғырланған. Олар: академик
Н.Ж. Такибаев, профессорлар: Ж.Б. Шіл-
дебаев, М.С. Молдабекова, Э.Г. Боос, К.М.
Мукашев, М.К. Құлбек және т.б. ғалымдар.
Кафедраны педагогика ғылымдарының
док торы, профессор Ж.Б.Шілдебаев басқа-
рады. Кафедраның ПОҚ құрамы 17 болса,
оның 10-ы ғылым докторы. Кафедра оқыту-
шылары Ресей, Турция, КХР, Германия,
Оңтүстік Корея (Сеул) және т.б. елдердің
ЖОО байланыс жасап екі жақты іс-тәжрибе
алмасады. Магистранттар 2 жыл ішінде 1-2
апта шетелге тағылымдамаға барса, доктор
антар 3 айға дейін шетелдік тағылымдамадан
өтеді. Білім алушыларға университет оқыту-
шылармен қатар алыс-жақын шетелдерден
шақырылған білікті мамандар дәріс береді.
Мәселен, соңғы жылдары ғана жаратылы
стану мамандықтары бойынша Ресейден
профессор В.А. Изумрудова, Германиядан
про фессор Мартин Хофрихтер, Х.Боос, Оң-
түс тік Кореядан Джи Кук Шим және Жапо
ния, Өзбекстан, Украинадан мамандар келіп
дәріс оқыды.
Институт құрамындағы «Саясаттану және
әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедра
сын Қазақстанға белгілі ғалым, философия
ғылымдарының докторы, профессор Раушан
бек Борамбайұлы Әбсаттаров басқарады. Ка
федрада көрнекті ғалымдар – республиканың
саясаттанушылары,
әлеуметтанушылары
мен философтары М.Сәбит, М.С.Садырова,
Ә.И.Шал тықов, Т.Қ.Әуелғазина, Д.В.Мен,
Ж.А.Қа бае ва, Ж.А.Әбішева, А.К.Кенжалин,
А.Ж.Мұқажанова, Л.Х.Матақбаева, Н.Б.Сей -
сенова және т.б. жұмыс істейді. Про фес сор
Р.Б. Әбсаттаровтың редакциялық басқаруы-
мен «Саясаттану және әлеуметтік ғылымдар»
сериясы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-
нің Хабаршысы жариялануда. Бұл журнал
да қазақстандық авторлардың да, сонымен
қатар шетелдік ғалымдардың ғылыми жұ-
мыс тары жарық көреді.
Кафедрада Франциядағы Француз Мем-
ле кеттік Лион-2 университетінің «саясатта-
ну және әлеуметтану» кафедрасы мен қа-
рым-қатынас орнатылған. Сонымен қатар,
Халықтар Достығы университетімен (Ре сей
Федерациясы), Лондон уни версите ті мен
(Ұлыбритания), Стамбул Универси тетімен
(Түркия Республикасы), Корея уни верси-
тетімен (Сеул қ.), Киев және Бе ло русь уни-
верситеттерімен бір лес кен ғылы ми жұ мыс-
тар жүргізілуде. Ғылыми ынтымақтас тық
туралы Тулуза универ си те тімен (Франция),
Этвеша Лоранд атындағы Будапешт уни-
верситетімен, Печ университетімен (Вен
грия), Гранада университетімен (Испания)
келісімдер жасалған.
Институт құрамындағы ең үлкен кафед-
раның бірі – Психологиялық-педаго гика -
лық мамандықтар кафедрасы. Кафедраны
ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру
ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғы-
лым дарының докторы, профессор Б.А.Тұр-
ғын баева басқарады. Кафедра құра мында
Елімізге белгілі педагог-ғалымдар мен психо
логтар дәріс оқиды. Сондай-ақ, «6D010000-
Білім» мамандығы бойынша PhD доктор
ларын қорғататын диссертациялық кеңес
жұмыс істейді.
Білім беру саласын ақпараттандыру мен
инновациялық оқу әдістерін ендіру бағытында
ерекше қызмет етіп, математика және механи
ка саласында ғылыми-педагогикалық кадрлар
дайындауды іске асыратын «Информатика
және механика-математика мамандықтары»
кафед расына педагогика ғылымдарының
док торы, профессор Бидайбеков Есен Ықы -
ласұлы жетекшілік жасайды. Кафед ра
құрамында атақты ғалымдар п.ғ.д., проф.
Е.Ө. Медеуов, т.ғ.д., проф. Г.У Уалиев,
«ЖОО-ң үздік оқытушы» Мемлекеттік
грантын иеленген ғылым докторлары
Е.Ы.Бидай беков (2008 ж.), К.Т.Искаков
(2010 ж.), А.Е.Сағымбаевалар (2010 ж.)
жұмыс істейді. Қазір кафедрада 16 ғылым
докторы, 16 ғылым кандидаты дәріс оқиды.
Кафедраның ғылыми бағыты келесі сала
ларды қамтиды: информатиканы оқытудың
теориясы мен әдістемесі және білімді ақпа-
рат тандыру; білім беру жүйесінде матема
тиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі;
39
38
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
дифференциалдық теңдеулер және қолдан-
балы математика бойынша зерттеудің жаңа
мәселелері; қолданбалы механиканың өзекті
мәселелері; жоғары кәсіптік білімнің теори
ясы мен практикасы. Кафедрада магистра
тура және PhD докторантура институтының
порталын құру және жүзеге асыру бойын
ша, Интранет-жүйесін енгізу және реттеу
бойынша, кафедраның пәндері бойынша
ақпа раттық білім беру ресурстарына ар нал-
ған платформаны құру және оқытуға ендіру
жұмыстары жүргізілуде.
Институттың филология мамандықтар ка-
фед расы педагогика ғылымдарының док торы,
профессор Р.А.Шаханованың бас шылы ғы-
мен 2011-2012 оқу жылында құрылды. Фи
лология мамандықтары кафедрасының қазақ
бөлімінде мамандарды даярлау ісі педагоги
ка ғылымдарының докторы Р.А.Шаханова,
филология ғылымдарының докторлары
Б.Х.Ха санов, Г.С.Қосымова, А.К.Жұбанов,
С.М.Мақпыров,
К.С.Бұзаубағарова,
Ж.К.Бал та баева, К.С.Қалыбаева; РһD докто
ры Б.Ш.Батырхан; педагогика ғы лым да ры -
ның кандидаты, доценттер Б.Т.Қаба тай; орыс
бөлімінде профессорлар Л.Т.Жана лина,
Л.Т.Килевая, М.Ш.Мұсатаева, А.К.Жұмабе-
ко ва, В.В.Савельева, Л.В.Сафронова, пе да-
гогика ғылымдарының докторлары, профес -
сорлар М.Р.Қондыбаева, А.А.Шыңғы сова;
филология ғылымдарының кандида ты,
доцент Г.Г.Лұқпанова және педагогика
ғылымда рының
кандидаты,
доцент
А.Е.Акбем бетова басшылықтарымен жүзеге
асы рылуда.
Кафедра өз ішінде бірнеше секцияларға
бө лі неді, олардың жетекшілері төмендегі ға-
лымдар болып табылады:
Қазақ тілі мен әдебиеті – профессор
Қосымова Г.С.;
Орыс тілі мен әдебиеті – профессор
Мұсатаева М.Ш.;
Шетелдіктер үшін орыс тілі – профессор
Шыңғысова А.А.;
Аударма ісі – профессор Жұмабекова А.К.;
Екі шет тілі – РһD докторы Батырхан Б.Ш.
Магистранттар мен Phd докторлардың
ғылыми жұмыстарының нәтижелері халық-
ара лық және республика ішінде кафед-
ра ғалым-филологтарының шет елдің жә-
не отандық әріптестерімен байланыста
болуы, халықаралық, республикалық ғы лы-
ми орталықтар, халықаралық және рес пуб-
ликалық ғылыми жобарларға қатысушы лар,
шет елдердегі белгілі ғылыми басылым -
дардағы публикация, жақын және алыс шет
елдерде дәріс оқу, шет елдерден атақ ты
ғалымдарды дәріс оқуға шақыру, мастер-
класс өткізуге, сонымен қатар оқы ту шы-
лардың шет елдерде ғылыми тәжі ри беден
өтуі үшін Ресей, АҚШ (Лос-Анжелестің
Колифорниялық университеті, Оңтүстік
Коли форниялық университет), Польша,
Испания, Чехия, Венгрия, Германия,
Түркия, Индістан, Греция, Болгария, Кипр-
де халықарлық ғылыми конгреске, симпо-
зиумға, конференцияларға белсенді қатысу
арқылы жүзеге асады. Кафедра профессор
лары Л.Т.Килевая, Л. В.Сафронова магист-
ранттардың екі дипломдық білім алуы мен
ғылыми тәжірибеден өтуін (Венгрия, Поль
шада) ұйымдастырды.
Кафедрада білім және ғылым сала-
сындағы жетістігі мемлекет пен үкімет та
рапынан лайықты бағаланған оқытушы-про-
фессорлар қызмет жасайды. Атап айтқанда
профессор Л.Қ.Жаналина «ҚР ғылымын
дамытудағы жетістігі үшін», «Қазақстан
халық ағарту үздігі», «ҚР білім саласы
үздігі», «ҚР білім саласы үздігі» медальда
рымен және «ЖОО жетекші ғалымы мен
оқытушысы» атағымен, сондай-ақ про
фессор Г.Қосымова «ҚР Білім беру ісінің
құрметті қызметкері», «ҚР Білім беру ісінің
үздігі» және «ҚР Жоғары оқу орындарының
үздігі» атақтарына ие. Кафедра профес
сорлары М.Ш. Мұсатаева, Л.В.Сафронова,
Л.Т.Килевая, А.А. Шыңғысова «ҚР ЖОО
үздік оқытушысы» атағын алды.
Сонымен қатар, осы оқу жылында құ-
рыл ған жас кафедралардың бірі – «Құқық-
тану және экономика» кафедрасын белгілі
қо ғам және мемлекет қайраткері, заң
ғы лым дарының
докторы,
профессор
Т.Қ. Айт мұ ха мбетов басқарады. Кафедра
құра мында экономика ғылымдарының док-
торы, профессор Қ.Қ.Құрманалиев, про
фессор Б.А.Тайторина, экономика ғылым-
да рының докторы А.Т.Ускеленова, до
цент Б.Б.Болсанбек, ғылым кандидаттары
Н.Б.Қалқаева, О.Қ.Қазиев, Р.Б.Азбергенова,
С.Ж.Пірәлиева, Б.Ж.Ақпанбетова, С.К.Бары-
ше валар жұмыс істейді. Кафедра еліміз ге
қажетті білікті заңгерлер мен экономис-
тер даярлау ісіне зор үлес қосуымен бірге,
инсти тутың беделін күшейтуге де атсалы
сып келеді.
Институт теориялық білімді сенімді
тәжі рибелік базада бекіте түсу қажет деген
ұстанымды алға қояды. Білімнің қыр-сырын
меңгерген және осы білімді қолдана біле тін
маман ғана қазіргі еңбек нарығында сұра-
нысқа ие болмақ. Институттың «Магистра
тура және PhD докторантура институтының
еңбектері» деп аталатын ғылыми басылымы
белгілі ғылыми орталардың арасында өзіне
лайық беделге ие. Журналда қарастырылатын
ғылыми мәселелердің көлемі мен ауқымы
өте кең.
Магистратура және PhD докторантура ин
ституты әлемнің 25 еліндегі 90 университет
пен белсенді іскерлік қарым-қатынаста. Мы
салы, ынтымақтастық туралы келісім-шарт-
тардың арқасында 2008-2011 оқу жылдары
университеттің 200-ден астам магистрант
тары төмендегідей жоғары оқу орындары
мен ғылыми орталықтарында он күндік
ғылыми-зерттеу тағылымдамаларынан өтті:
Мәскеу мемлекеттік педагогикалық универ-
ситеті (РФ), М.Ромерис атындағы универ-
ситет (Литва, Вильнюс қаласы), Вильнюс
педагогикалық
университеті
(Литва),
А.С.Пуш кин атындағы мемлекеттік орыс тілі
инсти туты (РФ, Мәскеу қаласы), РҒА-ның
микро электроника технологияларының және
ерекше таза материалдарының мәселелері
институты (РФ, Черноголовка қаласы), «Ге
ометрия және физикадағы гиперкешенді
жүйелер» ғылыми-зерттеу институты (РФ,
Мәскеу қаласы), М.П.Драгомонов атындағы
Ұлттық педагогикалық университеті (Украи-
на, Киев қаласы), А.С.Пушкин атындағы
Брест мемлекеттік университеті (Беларусь
Республикасы), РАО жанындағы Психоло
гия институты (РФ, Мәскеу қаласы), Шауляй
уни верситеті (Литва).
Жыл сайын PhD докторанттарына шетелдік
зерттеу тағылымдамалары қарастырылады.
Магистрлік диссертацияларға Абай атын-
дағы ҚазҰПУ-нің профессорлары мен
доцент тері, ал докторлық диссертацияларға
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің және серіктес
жоға ры оқу орындарының профессорла
рынан тұратын кеңес беру комиссиялары
ғылыми жетекшілік жасайды.
Дәрістер оқуға Жапонияның, Ұлыбри та-
нияның, Түркияның, Германияның, Ресейдің,
Латвияның, Литваның және т.б. елдердің
профессорлары шақырылады, қазақстандық
жетекші ғалымдармен және кәсіби маман
дармен мастер-кластар ұйымдастырылады.
Оқу сабақтары инновациялық технология
лар мен оқытудың интербелсенді әдістерін
қолдану арқылы өткізіледі.
Магистрлік және докторлық бағдарлама-
ларды сапалы жүзеге асыру барысында
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистрату
ра және PhD докторантура институтының
алдында тұрған негізгі міндет – қоғамды,
ғылымды, экономика мен жаңа технология
лар әзірлеуді жетілдіру мәселелерін шешуге
қабілетті жаңа кезеңнің ғылыми, ғылыми-
педагогикалық мамандарын дайындаудың
жоғары оқу орнынан кейінгі тиімді жүйесін
қалыптастыру болып табылады.
Магистратура және PhD докторантура
бағ дарламалары бойынша сапалы маман
даяр лау арқылы әлемдік білім кеңістігінде
біздің еліміздің мойындалуын қамтамасыз
етеміз. Біздің мамандардың Қазақстанда
және шетелдерде бәсекеге қабілетті әрі
сұра нысқа ие болуы да осы мәселенің тиімді
шеші луіне тікелей тәуелді.
Резюме
Статья посвящена деятельности первого Института Магистратуры и докторанту-
ры PhD при КазНПУ им. Абая. В институте действует 7 кафедр, 5 научноисследователь-
ские лабаратории, 2 комп. класса.
Summary
Article is devoted activity of the first Institute of the Magistracy and doctoral studies PhD at
KazNPU by it. Abai. At institute 7 chairs, 5 research laboratories, 2 computer operate.
41
40
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |