Қазақстан Тәуелсіз ел болғаннан кейін, ондағы әскери шендердің бар



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі3,15 Mb.
#9886
1   2   3   4   5   6

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: 

– Біріншіден, мемлекет тарапынан 

«Қазақтың ұлттық тағамдары» деп ата-

латын арнайы бағдарлама қолға алынуы 

керек. Және ол муниципалдық деңгейде 

сол бағдарламаны жүзеге асыру жолдары 

көрсетілуі керек. Екіншіден, қазақтың 

ұлттық тағам академиясы керек, Т.Шар-

манов тың институты бар болғанымен, ол 

өзінің ұлттық функциясын жеткілікті дәре-

же де орындамай отыр. Мәселен, мен 

Ко реяда Корольдік ұлттық тағам ака-

демиясында болдым. Сонда барлық шет-

елден зерттеушілерді арнайы шақырып, 

бір неше күн бойы тек тамақтандырып 

қана қоймай, тамақтану мәдениетіне, 

мәселен, қарапайым ғана отырып-

тұрудан бастап, қос таяқ арқылы тамақ 

жеуге үйретті. Міне, басқа елдер қалай 

көн ді реді? Сондай институттар Малайзия, 

Жапо 

нияда да бар. Олар кәдім 

гідей 

мемлекеттен қаржыландыры лады. Бізге 

де ұлттық тағамға қаржы бөлу ке рек, бұл 

– бір. Содан соң қайраткер ле ріміз тек 

қазақша сөйлеп қана қоймай, міндетті 

түрде жылқы етін, қымызын, сол сияқты 

қазақтың төл тағамдарын жүрген жерінде 

насихаттауы керек. Тек мемлекет қана 

емес, не болса сонымен айналысып 

жүрген үкіметтік ұйымдар болып, қазақ 

ас паздығын дәуірлету керек. Өнерде Ха-

лық әртісі деген бар, сол сияқты атақтар 

жеткілікті, ал аспаздық өнерде осындай 

ең құрығанда бір марапат түрі бар ма? 

Тойларымызда тек әншілер ғана қашанғы 

жұлдыз бола береді, «бәлен деген аспаз-

дың тағамын ішіп-жеп отырсыздар» деген 

құрмет қашан қалыптасады? 

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы: 

– Қазір қарап тұрсақ, Қазақстан бүкіл 

әлем асханасының қанбазарына айнал-

ды. Құрт-құмырсқа жейтін халықтар да 

бар, бақа-шаян жейтіні де, біз соларды 

қа зір талғамай қылғыта беретін жағдайға 

ұшы радық. Бұрын «иттің етінен жек кө-

ремін» деген қазақтың сөзі бар еді, ал 

қазір қазақ ұялмай иттің етін де ашықтан-

ашық жей беретін болды. Осы бізде 

талғам бар ма? Өз тағамымызға ке ре-

наулық танытамыз. Мысалы, неме рем 

Шотландияда оқып жатыр. Аме ри када 

достары бар, солар өткенде осында 

қонақ болып кетті. Сонда «мынадай та-

мақ   тарың  тұрғанда  біздің  гамбургер, 

пиц ца ла рымызда  нелерің  бар?»  депті. 

Қазақ асханасы өзге ел былай тұрсын, өз 

елі мізде саусақпен санарлық. Ал мен 

Колум бияға бардым, әр аттаған сайын 

өзбек шайханасы. Мәскеуде де солай. 

Әлем өзбекті асханасы арқылы таниды. 

Міне – нағыз ұлттық идеология. Алма- 

Арасан мен Медеуде нағыз қазақтың 

ұлттық тағам 

дарының мейрамханасы 

тұрсын шы, жұрт барар еді. Бұл – бір, 

екіншіден, ұлттық тағамдарымызды 

шетел ге  шығару  керек! 

Қазақтың тағам 

саясаты қайда?

Әуе апатынан 100-ге 

жуық адам қаза тапты

АҚШ қырғыздарға – 50, ауғандарға 

30 миллион доллар сыйлады

ШАР


ТА

РА

П



Карачи қаласынан Исламабадқа 

ұшып келе жатқан әуе көлігінің бортында 

152 адам болған. Бұл – жергілікті по-

лицейлердің дерегі. Ал Reuters агенттігі 

ұшақта 159 жолаушы болғаны туралы 

ақпар таратты. Оның біреуі – Германия 

аза маты, қалғаны – жергілікті тұрғындар. 

Әзірге ұшақтың апатқа ұшырауына қо-

лай сыз ауа райы себеп болды деп түсін-

дірілуде. Алдын ала деректер бойынша 

қаза тапқан жолаушылар саны 90 адам-

нан асты. Оқиға орнында құтқару жұ-

мыс тары жүргізілуде. Пәкістан билігі бұл 

күн ді аза тұту күні деп жариялады. 

Сондай-ақ кеше АҚШ Конгресі Ау-

ғанстандағы тәртіпті қалпына келтіру ша-

раларына 33 миллион доллар бөлу жө-

нін дегі заң жобасын бірауыздан қол дады. 

Ауғанстанға қаржының осылай көп бө-

лінуінің себебі – 2011 жылы АҚШ-тың 

Ау ға нстандағы  әскерін  қайтаруға  алдын 

ала дайындық жұмыстары басталуда. 



Сәкен КӨКЕНОВ

Кеше пәкістандық Airblue әуекомпаниясының "Airbus 321" 

жолаушылар ұшағы ел астанасы Исламабад қаласына жақын 

маңда апатқа ұшырады. 

Бішкекте өткен әлемдік донорлар конференциясында 

АҚШ-тың Қырғызстан үкіметі мен халқына таяудағы бүлік 

салдарларын жою үшін 48,6 млн доллар бөлу міндетін мойнына 

алатыны белгілі болды. 

Басы 1-бетте

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№126 (352) 29.07.2010 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



Гүлнар АХМЕТОВА

ҚОҒАМ


ТҮЙТКІЛ

АЛАШ-АҚПАРАТ

 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

саласының сарапшы маманының мәлі-

метінше, ҚР Еңбек кодексінің 49-бабына 

сәйкес, жұмыс берушінің атауы, ведом-

стволық тиесілігі өзгерген, мүлкінің меншік 

иесі ауысқан немесе жұмыс беруші қайта 

құрылған жағдайларда қызметкерлермен 

еңбек қатынастары өзгеріссіз жалғаса 

береді. Қазақстан Республикасы еңбек және 

халықты әлеуметтік қорғау министрінің 

2007 жылғы 5 шілдедегі №149-ө бұйры-

ғымен бекітілген Еңбек кітапшаларын жүр-

гізу және сақтау ережесінің 12-тарауына 

сәйкес, егер қызметкер жұмыс істеп жүрген 

кезде заңды тұлғаның атауы өзгерсе, 3-ба-

ғанда жеке жолға тиісті жазба жазылады, ал 

4-бағанда атауды өзгерту негіздемесі 

(заңды тұлғаны тіркеу немесе қайта тіркеу 

туралы куәліктің күні мен нөмірі) көр-

сетіледі.

Біз жұмыс істеп жүрген мекеменің атауы өзгерді. Осыған орай біз жұмыс 

берушімен еңбек шартын қайта түзуіміз керек пе? Мекемедегілер «еңбек 

шартын қайта түзудің керегі жоқ» дейді. Егер де еңбек шартын қайта жасамасақ, 

ертеңгі күні қандай да бір проблема туындап жүрмей ме?

 Қайрат, Мұқан, Атырау облысы

Мекеменің атауы өзгерсе, еңбек шарты өзгере ме?

Қазақстан Республикасында 2008 жыл-

дың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін 

әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық 

кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру ен гізілді. 

Осыған орай, ҚР территориясының кез келген 

аумағында жұмыс істейтін әйелдерге, Қа-

зақстан Республикасының «Міндетті әлеу-

меттік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, 

жүктілігі мен босануы және бір жасқа дейінгі 

бала күтімі жағдайларына Мемлекеттік әлеу-

меттік сақтандыру қоры ның қаржысы есебі-

нен әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі. 

Жүктілігі және босануына байланысты 

әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті 

негізгі құжаттар болып медициналық ұйым 

арқылы жүктіліктің 30-аптасынан бастап 

берілетін жүктілік бойынша уақытша еңбекке 

жарамсыздық парағы және еңбекке жарам-



Алаш айнасы газетінің №118 (344) санындағы «Жүкті әйелдерге қамқорлық 

жасалуда» атты мақалада «жүктіліктің 12 аптасына дейін дәрігер тіркеуіне 

тұрып үлгергендер бір реттік жәрдемақыға қол жеткізе алады» делінген. 

Осыған орай, жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөліміне сұрау салсам, ондағылар «бұдан хабарымыз жоқ» дейді. Бұл жайлы 

қай заңда жазылған? 

 Айнаш ТӨРЕҒАЛИЕВА, Батыс Қазақстан облысы

Бір реттік жәрдемақы төлеу қай заңда қарастырылған?



Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

МӘСЕЛЕ


Некелік келісімшарт керек пе?

Коммуналдық жүйесі шатқаяқтаған 

ел бәсекеге қабілетті бола алмайды

сыздық пара ғын алған күннен бастап соңғы 

12 ай ішіндегі табысы туралы жұмыс орны-

нан анықтама қағазы саналады. Әрбір жүкті 

әйел жүктіліктің алғашқы мезгілінен бастап 

медициналық ұйымда есепке тұруы керек. 

Осыған орай, жүктіліктің 30-апта сынан 

бастап берілетін дәрігерлік парақты алып, 

оның артқы бетін жұмыс беруші толтыруы 

керек. Тек сосын ғана тұрғылықты жері 

бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі 

орталықтың бөлімшесіне тиісті құжаттармен 

барып, бір реттік әлеуметтік төлем алуға 

ұсыныс беруі керек. Әлеуметтік төлем 

көлемі еңбекке жарам сыздық парағын 

алған күнге дейінгі соңғы 12 ай ішіндегі 

Қорға төлен ген әлеу меттік аударымдары 

негізінде есептеледі.



Семейдің балаларға арналған 

биологиялық орталығы тағы бір 

жануармен толықты. Онда мекен 

етіп жатқан шотланд пониінің 

отбасында өмірге ұрпақ келді.

Негізінен, Дружок пен Майя био-

орталық қызметкерлерін жыл сайын қуан-

тып келеді. Ертеректе олар дүниеге тек «ер 

балалар» әкелсе, қазір зоологтерді аналық 

ұрпақтарымен шаттыққа бөлеу де. 

Зоологтердің айтуынша, жас төл қазір 

аяққа тік тұрған және ол өзін жақсы 

сезінеді. Шұбар түсті кішкентай пони 

қоршаған ортаға да тез бейімделіп 

кеткен. 

Дружок пен Майяның биологиялық 

орталықта өмір сүргендеріне – тура он 

жыл. Бұл – олардың өмірге әкелген бесінші 

төлдері. Айта кетсек, Семейдің биоло-

гиялық орталығынан бүгінде жануарлар 

мен құстардың 70-тен астам түрін кез-

дестіруге болады. Соның 16-сы Қазақ-

станның «Қызыл кітабына» еніп, айрықша 

қамқорлыққа алынған.



Әлем МӘДИ, 

Семей 

Пәниге пони 

келді

Тәуелсіз сарапшылар жүргізген сауал-

намаларға қарағанда, отбасылардың ба-

сым бөлігі жиған-тергендерін алдын ала 

бөліскілері келмейтінін жан жарымен 

болашақта ажыраспайтындықтарымен 

түсін діреді. Ол да дұрыс. Ал екінші жағынан 

алып қарағанда, «жаман айтпай, жақсы 

жоқ» екенін де естен шығармаған ләзім» 

дейді мамандар. Статистикалық мәлімет-

терге сүйенсек, заңды некеге тұрғандардың 

45 пайызға жуығы кейіннен ажырасатынын 

көрсетіп отыр. Белгілісі – неке келісім-

шартына қол қоюға келіскендердің көбі 

алдыңғы жарымен ажырасқандар екен. 

Аузы күйгеннен үрлеп ішуді үйренгендер 

алдын ала келісіп алғанды тиімді санайды. 

«Жақсыны айтып, жаманды жаныңа жақын 

қой» дегендей, ертеңгі күні отбасының 

іргесі сөгілген жағдайда неке келісім-

шартының көп көмегі тиері сөзсіз. Маңдай 

терін төгіп жиған мал-мүлікті теңдей бөлуді 

қаламайтындарға да оң болмақ. Мәселен, 

ажырасуға бел буған жағдайда кейбір 

пысықай отағасылар басындағы үйін, 

көлігін тез арада інісінің не болмаса басқа 

туған-туысқанының атына аударып, заңды 

түрде тіркетіп қоятыны жалған емес. 

Сөйтіп, сотта «дымым жоқ» деп аузын қу 

Батыстық «бақыт 

формуласы» саналатын 

неке келісімшартының 

өмірімізге дендей 

енгеніне де көп уақыт 

бола қойған жоқ. 

Оған көбіміздің тіксіне 

қарайтынымыз тағы да 

рас. Нотариалдық кеңсе 

қызметкерлері «некеге 

тұрушылардың арасында 

неке келісімшартын 

жасатсақ деп өтініш 

жасайтындары өте сирек 

кездеседі» дейді. Некеге 

тіркелгендердің арасында 

неке келісімшартына 

отырған ерлі-зайыптылар 

саны бір пайыздан аз 

деген болжам бар. 

шөппен сүртіп отыратындары да баршы-

лық. Ондайда отанасы қанша зыр жүгір-

генімен, заңды құжаты болмағандықтан, 

оны дәлелдей алмай әуре-сарсаңға түсіп 

жатады. Мұндай жалғандықты болдыр-

мауға аталмыш шарттың көмегі зор. «Неке 

келісімшартын жасату үшін кәсіби заңгерге 

жүгінген жөн» дейді мамандар. Ол 

тараптардың тілектерін құжат бетінде 

қалай дұрыс рәсімдеу керек екенін айта-

ды.


Айғаным БЕКОВА, заңгер: 

– ҚР «Неке және отбасы» туралы 

кодексіне сәйкес, отасқан жылдарда 

алынған мал-мүлік онсыз да жұбайлар 

арасында тең бөлінеді, ал келісімшартта 

егжей-тегжейлі жазған жөн. Мәселен, 

келісімшартта басындағы баспаналары 

әйелінің иелігіне, ал саяжай не көлік 

күйеуінің меншігіне өтеді деп атап 

жаздыруға болады. Мұндай жағдайда 

тұтастай мүлікті екіге бөлудің қажеті 

болмайды. 

Бұл келісімшарт екі тарапқа да үлкен 

міндет, аса жауапкершілік жүктейді. Сон-

дай-ақ келісімшартта ажырасу жұбай-

лардың бірінің ғана ұсынысымен жүзеге 

асса, ол жәбірленуші тарапқа бірнеше жыл 

немесе өмір бойы ай сайын ақша төлеп 

тұруға міндеттеледі. Бұл алимент сияқты 

немесе моральдық өтемақы іспеттес. 

Соңғы кезде жиі шаң беріп жүрген солақай 

жүрістілер туралы бап енгізуге болады. 

Жұбайының көзіне шөп салған 

дығы 

дәлелденсе, кінәлі болып қалған тарапты 



айыппұлмен жазалауға болады. Бұл неке 

келісімшартының ажырасу процесін 

қиындатып емес, жеңілдету үшін қарас-

тырылады. Ол үшін жәбірленуші тарапқа 

берілетін мал-мүліктің атын атап, түсін 

түстеп, бағасы мен мерзімін нақты жазу 

керек. 

Неке келісімшартына неке қимай тұрып 



немесе отау құрғаннан кейін кез келген 

уақытта отыруға болады. Неке қиылмай 

тұрып жасалған келісімшарт некені тір-

кеген күннен бастап күшіне енеді, ал ерлі-

зайыптылар отырған келісімшарт но-

тариал дық түрде куәландырған сәттен 

бастап күшінде болады. 

 

Гүлжан КӨШЕРОВА

ҚР «НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТУРАЛЫ 

КОДЕКСІНІҢ НЕКЕЛІК 

КЕЛІСІМШАРТ ТУРАЛЫ БӨЛІМІ:

Некелік шарт деп – некеге 

тұратын адамдардың, немесе 

ерлі-зайыптылардың некеде 

тұрғандағы немесе оны бұзған 

жағдайдағы мүліктік құқықтары 

мен міндеттерін айқындайтын 

келісімдері танылады. Некелік шарт 

міндетті түрде жазбаша жасалуы 

және нотариуспен куәландырылуы 

қажет.

Некелік шартты некеге 

отыратын адамдардың тікелей 

өздері, сондай -ақ адвокат не 

нотариус толтыруы мүмкін 

екендігін айрықша атап көрсету 

қажет. Некелік шартты нотариалды 

куәландыру үшін жекеменшік 

немесе мемлекеттік нотариусқа 

жүгіну керек.

Ерлі-зайыптылар, яғни АХАЖ 

органдарында тіркелмеген, бірақ 

бірге тұратын және бір-біріне 

қамқорлық көрсететін адамдар 

некелік шарт жасаса алмайды.

Некеге тұратын кәмелетке 

толмағандар (18 жасқа дейінгі 

адамдар) ата-аналарының немесе 

қамқоршыларының келісімімен 

ғана некелік шарт жасаса алады. 

Бұл – кәмелетке толмағандардың 

өз бетінше некелік шарт жасасуына 

тыйым салынады деген сөз.

Некелік шарт жасасу некені 

тіркеу үшін қажетті шарт болып 

табылмайтындығын атап өту керек. 

Некеге отыратын адамдардың 

немесе ерлі-зайыптылардың неке 

шартын жасасуы немесе оған қол 

қоюдан бас тартуы ерікті түрде 

шешіледі, өйткені бұл олардың 

міндеті емес, құқығы болып 

табылады. Бірақ сонымен бірге 

неке шартында ерлі-зайыпты-

лардың немесе некеге тұратын 

адамдардың ортақ еркі білдірілуі 

тиіс. 

Талдықорған қаласының 

Орталық алаңында – әр жұма 

сайын той. Облыста биыл бесінші 

жыл қатарынан жалғасып келе 

жатқан аудан, қалалардың 

мәдениет күндері 

талдықорғандықтар үшін 

тамаша тартуға айналды. 

Облыстың 19 ауданы мен қаласы көк-

тем  нен қара күзге дейін кезекпен Жетісудың 

кіндік қаласына үлкен делега циясымен 

келіп, бар өнерлерін паш етуде. Әр өңірде 

жасалған қолөнер туын дылары, қылқалам 

шеберлерінің шығар 

малары, әдебиет 

өкілдерінің кітаптары, ауданды мекендейтін 

әр ұлт өкілдерінің мәдениеті мен өнері 

насихатталатын шара ның басты мақсаты 

– қала мен даланы жа қын дату, өзара 

рухани байланыс орнату. Тіпті осы мәде-

ниет күндері кезінде жас таланттардың 

облыс сахнасында тұ сауы кесіліп, үлкен 

өнерге жолдама алып жат қандары қан-

шама. Ұлттық нақышта әзірленген қолөнер 

туындылары, зергерлік бұйымдар мен 

суретшілер шығармаларына талдықорған-

дықтардың қызығушылық танытып, сатып 

алып жатқанын да жиі көруге болады. 

Шара жыл соңында қорытындыланып, 

қазылар алқасының шешімімен жүлделер 

беріледі. Мәселен, өткен жылы Райымбек 

ауданы барлық шарттар бойынша өзге 

аудандардан озық көрініп, бас жүлдеге 

«Газель» автокөлігінің кілтін облыс әкімі 

Серік Үмбетовтің қолынан алған болатын. 

Енді, міне, биылғы аудан күндерінің шы-

мыл дығын да осы Райымбек ауданы ашып 

берді. Сонымен қатар қазірге дейін Қара-

сай, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Панфи лов, 

Көксу, Іле аудандары да талды қорған-

дықтарға өз өнерлерін ұсынып үлгерді. 



Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Алматы облысы 

Мәдени күндердің 

маңызы зор

Мектеп аумағында баскетбол, волей-

бол алаңдары, пинг-понг ойыны үшін 

асфальт төселген алаң, спорттық газон 

мен көрермендерге лайықталған орны 

бар футбол алаңы жасалды. Маңы жасыл 

желекпен көмкеріліп, қарағай, бозарша, 

қайың, терек, тал, жеміс ағаштары бой 

түзеген. 

Мұндағы дәрігерлік амбулаторияның 

жөндеу жұмыстарын «Рахат» АҚ қайы-

рымдылық көмек ретінде өз есебінен 

жүргізді. Қазір медициналық құрал-жаб-

дықтар әкелініп, сырқаттарды қабыл дау 

жүргізілуде. 

Бұрынғы мектеп-интернаттың 1-2-

қабатына орналастырылған 120 орындық 

балабақшаның бүгінгі кейпі, ауладағы 

балалардың ойын алаңы мен спорт 

ала ңы көз қуантады. Осы ғимараттың 

үшінші қабатындағы 12 пәтерлі комму-

налдық үйдің 8 бір бөлмелі, 2 екі 

бөлмелі  және 2 үш бөлмелі пәтерлері де 

қызылағаштықтардың игілігіне берілді. 

Ауылда жарық, телефон байланысы, 

ауызсу мәселесі толығымен шешілген. 

Елді  мекеннің ұзындығы 18,3 шақырымды 

құрайтын 12 көшесі мен 10 бұрылысы 

асфальтталып, осы мақсатқа 400 млн 

теңге жұмсалды. 

Қазіргі кезде Қызылағаш ауылы 

тұрғындарына көмек ретінде себілген 1900 

гектар астықты ору жұмыстары басталды. 

Бүгінгі күнге үш комбайн, үш «КамАЗ» 

автокөлігінің күшімен 130 гектар егістік 

орылып, бастырылды. Жиылған астықты 

Қызылағаш қырманына тасымалдап, 

қабылдап алу, халыққа тарату міндеті 

аудандағы «Әділ С» ЖШС-не жүктелген. 

Алдағы уақытта зардап шеккен 631 

отбасының әрқайсысына жалпы құны 230 

мың теңгені құрайтын бір сиыр, бір жылқы, 

10 қойдан беру жоспарланып отыр.

Серік ҮМБЕТОВ, облыс әкімі:

– Бүгінгі күн қызылағаш тықтар 

үшін ғана емес, баршамыз үшін 

ерекше. Себебі бір ауыл толықтай 

қайта жаңғырды, қайта жасалды, 

қалыпты тірлігіне кірісті. Біз елді 

мекендегі қалпына келтіру, құрылыс 

жұмыстарын белгіленген мерзімде 

аяқтадық. Жуырда әр шаңыраққа 

уәде еткен асар салтымен жиналған 

малды үлестіріп беру ісі жүзеге 

асырылады. 

Бекжамал НҰРМҰХАМБЕТОВА, 

ауыл тұрғыны:

– Төрт айда бір ауыл тұрғызу – 

оңай шаруа емес. Соған қарамастан 

апаттан кейін абдырап қалған 

жұртшылықтың еңсесін тіктеп, 

аяғынан тұрғызуға барын салған 

барлық азаматтарға – Елбасынан 

бастап құрылысшыларға дейін айтар 

алғысымыз шексіз. 

Қызылағаш ауылы республика 

бойынша ең көрікті, ең жайлы ауылға 

айналды. Енді қызылағаштықтар елді 

мекеннің осы көркем кейпін сақтап, 

одан әрі дамытуға барымызды сала-

мыз. 

Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Алматы облысы

ИГІ ІС


Қызылағаш 

төрт айда 

қайта түледі

Өткенде  агенттік басшысы 2020 жылға 

дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруа шылығын 

жаңғырту және жан-жақты дамыту бағдар-

ламасын ортаға салған еді. Мекеме басшысы су 

бұру жүйесінің жаңа желілері мен құрылғыларын 

респуб 

лика 


лық және жергілікті бюджеттің 

есебінен салуды ұсынды. Ал коммуналдық 

шаруа шылық меншігіндегі желілер мен құрыл-

ғылар кәсіпорындар мен бюджет қаржысы 

есебінен жөнделуі тиіс. Жекеменшік құзырындағы 

желі мен құрылғылар кәсіпорын есебінен болуы 

керек. Соның нәтижесінде, 2020 жылға қарай су 

бұру жүйесіндегі жөндеу және құрылыс 

жұмыстарын аяқтау жоспар ланған. 

Жылумен жабдықтау жүйесінде тұрғын 

үйлерде жылу жетілдіру жұмысын қаржы лан-

дырудың қайтарымды механизмі қолданысқа 

енгізіледі. Келесі жылы  әр аймақта 32 сынақ 

бағдарлама іске қосы лады. Бұл қадам сәтті 

болса, 2012 жылдан бастап жылына 300 тұрғын 

үйде жылу жетілдіру жұмыстары жүреді.  Бұл 

шараны 2020 жылға қарай жөндеу жұмыстарын 

аяқтап, тасымалдау кезіндегі жылу шығы нын 25 

пайыздан 15 пайызға азайту көзделген. 

Электр қуатымен жабдықтау саласында 

электр жүйелері мен құрылғылары құры лысына 

бұрын тұрғызылса да, электр ленбеген үйлер мен 

нысандар ғана бюджеттен қаржыландырылады. 

Қолда ныс тағы электр жүйесі мен құрал-жаб-

дықты жөндеу және қайта жөндеу, меншік түріне 

қарамастан, аймақтық энерге тикалық компания 

есебінен жүргізіледі. 2020 жылға қарай электр 

желілерінің апатты  жөндеу және қайта құру 

жұмыстары аяқталады. Тасымалдау шығыны 

20,5 пайыздан 12 пайызға дейін  кемиді. 

Газбен қамтамасыз ету саласында табиғи 

газбен қамту мүмкін болмайтын аймақтарда 

тұрғындарды сұйылтылған газбен қамтамасыз 

ету жоспарланған. Мұндай газ тек ас әзірлеу үшін 

ғана емес, үйді жылыту, су ысытуға пайда-

ланылады. Жеке тұрғын үйлерді сұйылтылған 

газбен жабдықтау жобасының негізіне топтық 

газгольдер құрылысы немесе әр үйге жеке газголь 

орнату көзделген.  Алдын ала есеп теулер көр-

сеткендей, сұйылтылған газды жеке тұрғын 

үйлерде пайдалану көмірге қарағанда эколо-

гиялық жағынан таза, ал сұйық отынға қарағанда 

арзанға түседі. Сұйылтылған газ әлеуетін 

пайдалану 2011-2012 жылдары сынақ түрінде 

Ақмола облысының 10 мың тұрғыны бар Жібек 

жолы кентінде іске асырылмақшы. Алғашқы 

жобаның қорытын дысына қарап, табиғи газға 

қол жеткізе алмайтын аймақ 

тарда қолға 

алынады. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы 

лығын 


кешенді дамыту мақсатында бағ 

дарламада 

саланың тиімділігін арттыру ға арналған шаралар 

қарастырылған. 200-ден астам нормативті-

техникалық құжат әзірленеді. Ғылыми және 

қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. 5000-нан 

астам адам мамандығын жетілдіріп, 540 бака-

лавр мен 40 магистр тартылады. Одан басқа, 

тариф белгілеу механизмдерін жетілдіру жұ-

мыстары жалғасады.

Бағдарлама екі кезеңде іске асады. Бірінші 

кезеңін (2011-2015 жж.) жүзеге асыруда жалпы 

шығын 580 млрд теңгені құрамақ. Оның көп 

бөлігі – 64 пайызы  кәсіпорындар есебінен 

жабы лады. 

Саланың мақсатқа жету шегі 2020 жыл деп 

жоспарланған. Сондықтан екінші кезеңінде 

(2016-2020 жж.)  мынадай міндеттер шешілмек: 

жылу, электр, газбен жабдықтауды жетілдіру 

және қуат пен қор үнемдеу техногияларын енгізу. 

Қай 

тарымды негіздегі коммуналдық сала 



кәсіпорындарын бюджет жағынан қаржы-

ландыру механизмдерін, басқару дың тиімді 

түрлері мен тәсілдерін енгізу. Бағдар ламаның 

екінші кезеңіне жұм салатын шығын  бірінші 

кезеңнің нәти жесіне қарай анықталмақ. 

Сөйтіп, ТКШ-ны дамыту жобасы ұзақ мерзімге 

арналған. Әйтеуір, сең қозғалды. Өйткені 

заманауи тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 

жоқ мемлекет бәсекеге қабілетті бола алмайды. 

Тұрғын үй қоры, жолдар мен көпірлер, су жүйесі 

мен кәріздер, абаттандыру мен көгалдандыру, 

қоқысты шығару және қайта өңдеу – осының 

бәрін жаңаша, сапалы дамыту кезек күттір-

мейді.  


Премьер-министр Кәрім Мәсімов бағдарламаны құптады. Қайта 

пысықтап, тез арада қабылдауға тапсырма берді.  «Бұл – тек 

тұрғын үй-коммуналдық емес, өте маңызды  әлеуметтік мәселе», 

– деп атап көрсетті Үкімет басшысы. Өйткені халықтың өмір сүру 

деңгейі тұрғын үй-коммуналдық саладағы ахуалмен анықталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет